Мектепке дейінгі баланың жоспары


Балалар қарапайым математика ұғымын қалыптастыруда бөбекжай мен мектеп жұмысының сабақтастығы
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ3
1 Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математика элементтерін оқыту әдістемесі7
1. 1 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің пәні мақсаты мен міндеттері және басқа ғылым салалары7
1. 2 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің тарихы мен мәселелері14
2 Балалар қарапайым математика ұғымын қалыптастыруда бөбекжай мен мектеп жұмысының сабақтастығы19
2. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде қарапайым математиканы оқытуды ұйымдастыру19
2. 2 Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарындағы бөбекжай мен отбасы арасындағы байланысы22
Қорытынды28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР30
КІРІСПЕКурстық жұмыстың өзектілігі: Біздің елімізде тәрбие беру ісі рухани кемелділігі, моральдық тазалығы және күш-куатының жетілуі жарасымды үйлесе біткен жаңа адамды қалыптастыруды көздейді.
Жан-жақты тәрбие беру адам өмірінің ең балғын шағынан басталуға тиіс және бұл ретте халыққа білім беру жүйесінің бастапқы буыны-мектеп жасына дейінгі мекемелер жетекші роль атқарады.
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында халыққа білім берудің біздің елімізде құрылған бірыңғай жүйесі үздіксіз жетіле түсіп отырғаны атап көрсетілген. Жеткіншек ұрпаққа коммунистік тәрбие беруді қамтамасыз ету, оны еңбекке және қоғамдық қызметке даярлау - оның борышы.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде. Өйткені, мектепке дейінгі кезеңде шаралардың басты міндеттері ең алдымен баланың танымдық қызығушылығын арртыру, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу болып табылады. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бағытындағы шаралар да осы міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Қоғамыздағы өзгерістер де қарапайым математикалық ұғымдарды ұғымдарды қалыптастыру әдітемесін мазмұндық жағынан өзгертуге ықпал етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде бастапқы қарапайым математикалық ұғымдарға баулу сабақ барысында жүзеге асырылады. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балаларға жалпы қарапайым математикалық түсініктер туралы мағлұмататрды балаларға қарапайым әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бала бойын сіңдіруге болады., балалардың қарапайым дағдыларды қалыптастыру және алған дағдыларын жаңа жағдайларды пайдалана білуге үйретуге мәселелері оқу мен тәрбиелеудің арнаулы мақсаттары ретінде қарастырылып, үнемі оны жетілдіру жолдарын іздестіру қажет. Балалар элементар математикалық білім саласында мәнді нәрсені байқауға және ажырата білуге, жинақтаған білімдерін жалпылай және жүйелей білуге, оларды өзінің тұрмыстық және ойын әрекеттеріне пайдалана білуге, қарапайым ұғымдарды игеруге даяр болуы тиіс.
Балабақша бағдарламасы ең алдымен онға дейінгі сандарды игеруден және қарапайым геометриялық фигуралармен танысудан басталады. Геометриялық фигуралар негізі эталаон болып табылады, бұларды пайдаланып нәрсенің формасын анықтайды. Форма бір нарсенің кеңістіктегі екінші нарседен бөліп тұрады. Нәрселердің формасы геометриялық фигураларда жалпыланған бейнеге ие болады
Екі өлшемді кеңістікте бағдарлауға үйрету әдістемесі. Кеңістікті бағдарлауды дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар. Балаларға уақытты бағдарлауды үйретудің міндеттері. Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда балабақша, мектеп және отбасы жұмысының сабақтастығы. Математиканы оқытуға қойылатын жаңа талаптар. Балабақша мен мектептің математика пәні бағдарламасының сабақтастығы. Тәрбиешінің шеберлігі мен білім деңгейін көтерудің формалары (әңгімелесу, кеңес, сабақтарға қатысу, педагогикалық кеңестегі хабарламалар) .
Жаңа қоғамның құрылысшысы болғанға дейін бала дене және психикалық дамудың күрделі жолынан өтеді.
Мектеп жасына дейінгі бала дегеніміздің өзі қандай бала?
Бала өмірінің алғашқы жеті жылы-денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Мектепке дейінгі шақ-қоршаған дүниені белсенді түрде танитын кез. Бөбек аяғына қаз тұрысымен оның дүниеге көзі ашыла бастанды. Ол бөлмедегі, үйдегі, балалар бақшасындағы, көшедегі заттармен танысады. Бөбек әр түрлі заттармен әрекет жасап, оларды анықтап көріп, олардан шығатын үндерді тыңдай отырып, олардың қасиеттері мен сипаттарын таниды; оның көру-сезіну әсері және көру-бейнелеу ойы қалыптасады.
Айшықты, таңсық нәрсенің бәрі бөбектердің назарын аударады, сондықтан да балалардың ойлау белсенділігін қоздыратын ойыншыктар мен ойын тәсілдері тәрбие беру процесінде кеңінен пайдаланылады.
Кішкентай балалардың қоршаған дүниені эмоциялық қабылдауы педагогтарға сергек те зейінді болуды, тәрбие беруде балалардың сезімдеріне сүйенуді, балалар бақшасы әр бала үшін жайлы орын, жайдары орта болуы үшін жағдай жасауды міндеттейді.
Мектеп жасына толмаған балаларға еліктеушілік тән. Ересектер бұл ерекшелікті пайдаланып, өз өнегесімен, сондай-ақ көркем образдарды келтіре отырып, бөбектерді өэара тату болуға, үлкендерді сыйлауға, өсімдіктер мен жануарларға, адам еңбегінің нәтижелеріне ұқыпты қарауға үйретеді.
Мектепке дейінгі шақ дамудың бір-бірінен әжептәуір өзгеше кезеңдерін қамтиды: бірінші кластағы мектеп оқушылары мен орта мектепті бітірушілер арасындағы дене және психика ерекшеліктеріне қарағанда, бір жастағы балалардың мұндай ерекшеліктері жеті жастағы балалардың ерекшеліктерінен анағұрлым өзгеше. Мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңі психофизиологиялық дамудың өзіне тән ерекшеліктерімен, ал әрбір бала-даралық ерекшеліктерімен сипатталады. Жас шамасы мен даралық ерекшеліктерді білу, балалармен жұмыс істеу методикасын игеру тәрбиешінің балаларды топтан топқа ойдағыдай апаруына, оларды даму мен тәрбие беруде бір сатыдан екінші сатыға жоғарылатып отыруына көмектеседі.
Уақыт-өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт туралы алғашқы ұғымдар баланың өзінің дене мүшелерімен (он қол, аяқ, сол аяқ) - қол байланыстырады. Кеңістіктің басқа бағыттарын да (алда, ортада) бала өзіне тиісті етіп алады. Заттардың кеңістікте орналасуын оларды анықтау іс-әрекеттердің арқасында көрінеді. Ал бұның өзі заттардың кеңістіктегі қарым-қатынастарды көрсетеді. Аталып өткен тілдік белгілеу балаға кеңістіктегі заттардың бір-бірінен «алдында, артында, астында, үстінде» тұрғанын анықтауға көмектеседі. Мектеп жасына жеткен бала кеңістктегі заттардың орнын шамалаудан қиынырақ түседі. 3-4 жасар бала да минут, тәулік сияқты ұғымдарды түсіне белмейді. Ересектердің көмегінсіз 5-6 жасар бала да минут, тәулік түсіне бермейді. Балаларда ерекше қиындық тудыратын ұғымдар: «кеше, бүгін, ертең».
Курс жұмысының мақсаты-математикалық түсініктер арқылы, мектепке дейінгі жастағы балаларда уақыт туралы түсініктерді теориялық тұрғыдан қалыптастыру.
Курс жұмысының міндеттері:
-Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жолдарына түсінің беру;
-Балаларда математикалық және уақыт түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздеріне сипаттама жасау;
-Тәулік ұғымы. Тәулік бөліктерін ажырату, олардың кезектесуін анықтау ерекшеліктерін анықтау;
- Уақыт кезеңдерінің алмасу кезектігін түсіну және кеше, бүгін, ертең сөздерінің мағынасын түсінуі. Уақытты сезінуін дамыту жолдарын қалыптастыру;
Курс жұмысының нысаны: Мектепке дейінгі білім беру.
Курс жұмысның пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математика сабағында уақыт сезімдерін қалыптастырудың мүмкіндіктерін ашу.
Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша педагогтар мен психологтардың еңбектері; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық-нормативтік құжаттары;
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, білім стандартына, оқу бағдарламаларға теориялық талдау, мұрағат құжаттарын зерделеу, талдау жинақтау, қорыту және жүйелеу, мектеп тәжірибесінен жинақталған материалдарға салыстырмалы талдау жасау, іріктеу, тұжырымдау, сауалнама жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу, бақылау, әңгіме, анкета, т. б. әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1 Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математика элементтерін оқыту әдістемесі 1. 1 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің пәні мақсаты мен міндеттері және басқа ғылым салаларыМектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой-өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын балалар ғылыми білімдерге негіздеу барысында меңгереді. Демек, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой қызметінің дамуы, логикалық ойлаудың дамуы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында жүзеге асырылады.
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады.
Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет.
Біріншіден, дамытушы орта қажет, ол үшін мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтай отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы шарт. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі болып саналады. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары деп есептеледі. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Екіншіден, соңғы жылдары бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық мәселесі жиі айтылып жүр. Бастауыш сыныпта математиканы оқытудағы қазіргі психологиялық зерттеулер балалар бақшасында да, метепалды даярлықта да математикалық дайындықтың мазмұнын қайта қарауды талап етіп отыр. Бұған дейін көбінесе баланың психологиялық даму мүмкіншілігін ескермегендіктен, қолданылып жүрген көптеген әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы аз екені байқалап отыр. Бір ғана заттарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы қарапайым қосу мен азайтуды меңгерумен шектелсе, онда баланы алғашқы математикалық түсінігі кеңімейтіндігі дәлелденген. Олай болса, бұл жерде де біздің зерттеуімізде қарастырылып отырған оқытудың дамытушылық қызметі ескерілмеген деуге болады.
Үшіншіден, қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - білім беру, тәрбиелеу, дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Олай болса, мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру барысында баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу, өмірге дайындау мақсатында білім берудің дамытушылық қызметі жүзеге асырылуы қажет. Бағдарлама әр түрлі ұйымдастырылған оқу қызметінің қарым-қатынасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін: құрастыру, музыкалық тәрбие, бейнелеу өнері, дене шынықтыру. Негізгі міндет дамытушы ойындарды қолдана отырып, балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ыңғайлы жағдай жасау. Бұл бағдарламада Б. Н. Никитинің, В. В. Воскобовичтің, Овид Декорлидің, Золтон Дьенештің дамытушы ойындарын қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жоспары берілген, бұл балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көп септігін тигізеді.
Мақсаты :
Дамытушы ойындарды пайдаланып балалардың қарапайым математикалық ұғымдар туралы түсініктерін және балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері:
Математикалық ойлауды және шапшаңдықты дамыту;
Жұмбақтарды шешу арқылы бақылау қасиетін дамыту;
Көзбен бақылауды дамыту;
Сызу негіздерімен таныстыру;
Баланың шығармашылық зияткерлігін дамыту.
Мектепке дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру жұмысын ұйымдасытру толыққанды математикалық дамуды қамтамасыз етуде ұйымдастырылған мақсаты іс - әрекет, соның ішінде педагог баланың алдына танымдық тапсырма беріп оны шешуге көмектеседі. Ол ұйымдастырылған оқу іс -әрекетте және күнделікті өмірдегі іс - әрекетте жүзеге асуы тиіс.
(Бағдарламалық мазмұнның баланың даму деңгейіне сәйкес әр түрлі материалдарды ойластыру қажет. Баланың ұйымдастырылған іс - әрекеттегі формасын ойластыру. ( жұппен немесе жартылай топпен)
Математикалық білім балаларға қатаң түрде белгілі бір жүйеде сонымен қоса жаңа материал балаға қол жетімді болуы тиіс. Әрбір бағдарламалық тапсырма әрбір кіші бөліктерге бөлінеді және тапсырманың шешімі жалғасып бірнеше сабақта ұзаруы мүмкін. Бір тапсырмадан келесі тапсырмаға өткен сайын алдыңғы өткен тақырыпты оралған маңызды. Осы арқылы материалдың дұрыс сіңуін қамтамасыз етуге болады.
Сабақтың түрін айыру
Дидактикалық ойын формасындағы сабақ
Дидактикалық жаттау формасындағы сабақ
Дидактикалық ойын және жаттығу формасындағы сабақ
Осы түрлердің шартына байланысты педагогі сабақ жүргізуді айқындап алады. Дидактикалар және іс - әрекет байланысты болу керек.
Дидактикалық ойын түріндегі сабақ кіші жаста өткізіледі. Міндетті түрде тосын сый, ертегі кейіпкерді шақыра отырып, дидактикалық ойындардың арасында байланыс болуына мән беруі керек.
Сабақтың түрі бағдарламалық тапсырмаға байланысты.
Сабақ толығымен жаңа материалды игеруге арналады.
Сабақ толығымен қайталауға арналады.
Аралас түрдегі сабақ (жиі қолданылады)
Қорытынды қайталау сабақ ( жаңа материалдар берілмейді)
ҚМҰҚ - сабақтарында бағдарламалық тапсырмалар қатары шешіледі. Қандай? Бұл тапсырманы шешіп көрейік.
Білімділік баланы неге үйретеміз? (оқуға, бекітуге, жасауға)
Дамытушылық нені үйретіп бекітеміз? Тыңдау қабілетін дамыту, қорытындылауға, ең бастысы дамуын қабылдау байқампаздығын дұрыс түсіну. Логикалық түсінігін жалғастыру әдісін қалыптастыру ( салыстыру, қорытынды, синтез) .
Тәрбиелік балалардың несін тәрбиелеу? ( қабылдауын, адамзатты тыңдай білуге, ұқыптылыққа, өзімен -өзі жұмыс жасауға, еңбекқор, сәттілік сезімін, ойлаған ойына жетуге, өте жақсы нәтиже көрсетуге. )
Тілдік - жұмыс ширақ және ұяң математика жоспарында әсіресе жұмыс атқару. Бұндай жағдайда сәтті сабақ тәрбиешінің сабаққа деген дайындығы. ҚМҰҚ сабағында қолданатын әдіс- тәсәлдер: ойындық, көрнекілік сөздік, тәжірбиелік
Ойындық: Бүкіл сабақ ойын жүзінде құралады. Дидактикалық жаттығуларды қолдану арқылы.
Сөздік әдіс: қолданылатын маттериалдарда өте көп орын алмайды көбінесе сұрақ қоюмен қорытындылайды.
Сұрақ қою құрылымында баланың жас ерекшелігін ескере отырып нақты тапсырма, сұрақтар қойылады.
Кіші топта: нақты тікелей сұрақтар (қанша? Қалай?)
Ересек топта: негізгі ізденісті қалай жасауға болады? Сен неге олай ойлайсың? Неге? Не үшін? Неліктен?
Сонымен қатар
Түсіндірме ( қалай тапсырманы орындау)
Тәрбиешінің нұсқауымен ( әсіресе балалармен)
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Тәжірибелік әдіс: жаттығу, ойын жүзіндегі тапсырма, дидактикалық (ойын) жатады, көбірек қолдану арқылы өткізу. Балалар тек қана тыңдап қана қоймай емес қабылдау арқылы берілген тапсырманы толығымен орындау арқылы қатысу керек. Көбірек дидактикалық ойынды ойнаса сол құрлым ҚМҰ сол құрлым түсінігі төмендейді.
Көрнекілік әдіс: Тақтада қолданатын көрнекі құралдар: ол үлкен пішінде, түрлі - түсті шық болуы керек. Әр балаға таратылатын үлестірмелі құралдар болуы керек. Сонымен қатар тиімді тәсілдерді қолдана отырып.
Көрнекі оқыту әдісіне қайта оралайық
ҚМҰҚ сабағы тек қана көрнекілікке құрылады.
Сондықтан да демонстрационный және таратпалы материалдар жақсы көркем безенірілуі керек. Эстетикалық талаптарға сай болу керек.
Оқытуда - тартымдылықтың үлкен маңызы бар. Әдемі көрнекілікпен балалар қызығып отырып жасайды. Неғұрлым ашық, айқын болған сайын соғұрлым балалар эмоциясы тередей түседі және логикалық ойындары толыға түседі. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті қызықты өтеді және балалар сәтті қабылдау арқылы білімдері дамытады.
Әр балаға керекті құралдар жеткілікті және артығымен тұру керек.
Құралдар әр сабақта әр түрлі болу керек. Құралдар балаларға түсінікті болу керек. ( қоян- қоян сияқты болу керек, сәбіз -сәбіз сияқты) .
Құралдарды бір- біріне ұқсастырып алуы керек. (тиын - жаңғақ, қоян - сәбіз, гүл - көбелек сияқты) көрнекі құралдардың және таратылмалы құралдарды үлгісін көрсету. Сонымен көрнекі құралдар мен үлестірмелі құралдардың дұрыс таңдалуы қажет.
Педагог өзі математикалық сөзді дұрыс меңгеру керек. ( нақты сөз, іріктеу түсініктемелерін жеткізу) грамматикалық тұрғыда тіл - нақы толығымен түсініп, сауатты жеткізу. (Математика сөздігін бағдарламадан алуға болады. ) Математика пәні көп сөзді қажет етпейтін сабақ.
Тәрбиешінің тілдік үлгісі - негізгі әдісі Тәрбиеші балалар мен мәнерлі тілде сөйлеу. Тәрбиешінің сөзін балалар қайталайды. Педагогтың тілі нақты болуы керек. Қысқа және нұсқа. Сонымен қатар сабақ тез және қызықты өтеді. Тәрбиеші балаларды әрекет жасауға үйретеді. Үйретер алдында іс - әрекетті түсіндіреді. Балалар нені қалай жасағанын айту керек
2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру іс -әрекетіндегі педагогтың құзыреттілігі
Мақсаты:
Балалардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарының қалыптасуына көмектесу.
Міндеттері:
«Көп», «Біреу», «Бір-бірден», «Ешбір» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дағдыларды қалыптастыру:
-біртектес заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;
-топтық бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;
-заттарды салыстыру;
-заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен біріктіру және қосу;
-заттардың бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру;
-ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;
-заттардың көлемін салыстыру түсініктерін қалыптастыру.
Геометриялық пішіндер:
-геометриялық пішіндерді тану жәнеатау дағдыларын қалыптастыру;
-өзіне тікелей жақындықтағы (оң жақта-сол жақта, алда-артта) кеңістіктік бағыттарды анықтау, оң қолымен сол жақтан оң жаққа қарай заттарды орналастыру дағдыларын қалыптастыру.
-өз денесінің бөліктерін атау және олардың қызметін бағдарлау;
-тәулік бөліктерін-таңертеңгілік, күндіз, кеш, түнді атау және тану дағдыларын қалыптастыру.
Көлем:
-Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша біріктіру және үстемелеу жолымен салыстыру, заттарды шамасы бойынша салыстыру, беттестіру және қондыру дағдыларын бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
-заттарды сол жақтан оң жаққа қарай оң қолмен орналастырады;
-екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, шамасы бойынша салыстырады, салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;
-дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді таниды;
-заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастырады;
-қоршаған маңайдағы бір немесе бірдей бірнеше заттарды табады;
-«таңертең», «кеш», « күн», «түн» сөздерінің мәнін түсінеді;
-заттарды салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;
-дөңгелекті, төртбұрышты, үшбұрышты, бұрыштары мен ірі пішіні бар заттарды ажыратады, мына белгілердің мәнін ұғынады:жоғарыға-төменге, алға-артқа, сол жақтан-оң жақтан, үстінде, астында, жоғары-төменгі;
-тәулік бөліктерін дұрыс атайды.
Жиын. «Бір, аз, көп»
ұғымдарымен таныстыру.
Мақсаты: Балаларды топтардан жеке заттарды ажыратып алуға, «біреу», «көп», «аз» ұғымдары арасындағы қарым-қатынасты орнату.
«Көп», « біреу», «аз», «бір-бірден» сөздерін сабақта қолдану.
Көрнекі құралдар: Ойыншық құстар топтамасы (ойыншық бала санына қарай), салфетка, 4 карточка, карточканың біреуінде 1 жалау, екіншісінде 3-жалау, үшіншісінде 8- жалау, төртіншісінде ешетеңе бейнеленбеген.
Жиын. Бір-көп.
Заттарды ортақ қасиетіне қарай біріктіру.
Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыруға үйрету. . Заттар арасында бір-біріне ұқсайтын жерлерін көрсету.
Көп, біреу, бір бірден ұғымдарын сабақ барысында қолдану.
Көрнекі құралдар: Ойыншықтар (шыршалар, қояндар мен машиналар бала санына байланысты.
Жиын.
«Көп, біреу және бір-бірден»
Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыру жұмыстарын бекіту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz