Мелекеттік билік органдарға жататындар
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министірлігі
Тұран-Астана Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Мемлекеттік органдардың түсінігі және түрлері
Орындаған: ЮП 22-1 тобының студенті
Мылтықбай Қуаныш Талғатұлы
Қабылдаған аға оқытушы: Марат Нұржан Маратұлы
Астана, 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мемлекеттік органдардың түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Мемлекеттік органдардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Заң шығарушы орган ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3. Атқарушы орган ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
4. Сот билігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
5. ҚР Мемлекеттік органдарын реформалау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттің көп қырлы қызметі мемлекет органдары арқылы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Бірақ олардың әр түрлілігіне қарамастан ортақ белгілері бар. Олардың әрқайсысы мемлекеттік апараттың құрамдас бөлігі, мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді. Сөйтіп, мемлекет органы дегеніміз -белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар үжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзыреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекедеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік өкілеттілігі берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген. Бүлар бір жүйеге біріктірілген, бірақ олардың әрқайсысының функциясы бөлек, бір-бірінен өздеріне тән белгілерімен оңай ажыратылады. Сондықтан да болар мемлекеттік органдардың түрлерінің көптігі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекет қызметін іске асыру нысаны бойынша -- өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай -- орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша -- тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады); құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша -- алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша -- құқық шығарушы, қүқық қолданушы және құқық қорғаушы, қызметінің сипатына қарай -- жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру. Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен
байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді
жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді.
Курстық жұмыстың құрлымы - көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады: мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі,принциптерін талдап беру.
1. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері.
Мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған органдардан тұрады.
Мемлекеттік орган дегеніміз - бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.
Мемлекеттік билік органдарының жүйесі - бұл өздеріне тән ұйымдық-құқықтық формаларда біртұтас мемлекеттік билік функцияларын атқаратын заң шығару, атқару және сот билігінің жоғарғы және жергілікті органдарының жиынтығы.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
-- мемлекеттік билік органдары;
-- мемлекеттік атқару органдары;
-- сот билігі.
Мемлекеттік органдар атқаратын қызметінің сипатына сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді. Айталық мемлекеттік органдар өкіліттігінің шеңберіне сай үш түрге бөлінеді: атқару органдары, өкілетті органдар және сот, құқық қорғау органдары. Осы органдар ішінде Қазақстан Республикасының Президентінің рөлі мен маңызы өте зор деп айтыға толық негіз бар.Президент билігі жалпы жоғарыда аталған билік көзінің ешбіріне де жатқызылмайды, себебі Президент қызметінің ең басты қызметі -- ол мемлекеттік биліктің бір біріне қайшы келмей үйлесімді қызмет жасауын қадағалау және қажет жағдайда оны реттеп отыру болып табылады. Президент -- ол мемлекеттің басшысы және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындауға құзреті бар бірден-бір жоғарғы мемлекеттік ең лауазымды адам болып табылады. Менің өз пікірім бойынша жалпы бізде мемлекетіміздің, яғни Қазақстанның Президентік басқару нысаннында болғанын орынды деп бағалаймын себебі, егеменді ел болып, енді ғана өз мемелекетіміздің іргесін қалап, оны қалыптастырып және нығайту кезінде мемлекеттік басқарудың орны айрықша маңызды әрі біздің жас мемлекет үшін стратегиялық мәні айтып жеткізгендей.
1.Мелекеттік билік органдарға жататындар: Парламент, Президент және жергілікті әкімшілік-құқықтық бөліністердегі мәслихаттар.
2.Мемлекеттік атқару органдары: үкімет және оған қарасты минстірліктер мен ведомостволар, жергілікті басқару органдары, әр түрлі деңгейдегі әкімдер жатады.
З.Сот және құқық қорғау органдары да мемлекеттік аппарат болып табылады. Сот билігінің органдары азаматтық, қылмыстық және өзге де заң нормаларын жүзеге асыруға арналған.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мемлекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық жəне басқа да бақылаушы-қадағалаушы органдар болып бөлінеді.
2. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша - заң шығарушы, атқарушы жəне сот органдары.
3. Қызметінің құқықтық нысандары бойынша - құқықшығарушы, құқыққолданушы жəне құқыққорғаушы органдар.
4. Бағыныстылық деңгейіне байланысты - республикалық жəне жергілікті органдар.
5. Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты - тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) жəне уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады).
6. Құзіретінің сипатына қарай - жалпы (мысалы, Үкімет) жəне арнайы (мысалы, министрлік) құзіретті органдар. [1, 27б.].
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды солай ұғымды топтастыру үшін жіктеу негізін табу керек.Бірінші жіктеу негізі-мемлекеттік органдардың құрылу тәртібімен алдына қойылған мақсаттары. Бұл бірінші белгімен мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: Өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Атқарушы билік органдарының еңбек тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, сонымен қатар олардың тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы мен сала ауқымы соңғы 10 жыл ішінде ел ішінде жүргізіліп жатқан реформалардың басты тақырыбына айналды. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігінің мемлекеттік аппараттың лайықты деңгейде қызмет етуіндегі рөлі маңызды екені сөзсіз. Мемлекеттік органдардың тиімсіз қызметі жағдайы елдің барлық салаларындағы төмен нәтижелілікке әкеліп, экономикалық жаңғырулар, стратегиялық бағдарламалар орындалмай қалу қауіпі туындайды. [1, 154б.].
Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республикалық Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды, Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.
Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министірлікке жүктелген өзге де міндеттер.
Агенттік -- Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.
Ведомство -- өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.
Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны -- министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар -- әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.
3. Заң шығарушы орган
Заң шығарушы билік - мемлекет уәкілеттік берген жергілікті билік органы, оған конституция елдегі заң шығару билігін жүзеге асырудың негізгі міндетін жүктейді немесе парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.
Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және тармақтарға бөлінуі Қазақстан Республикасының конституциялық мемлекет ретінде қызмет етуінің негізгі принципі болып табылады. Конституция мен заңдарға негізделген заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Биліктің бөлінуі мемлекеттің заң шығару, олардың орындалуын қамтамасыз ету және төрелік ету қабілетіне негізделген. мінез-құлық (адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, дауларды, жанжалдарды және заңды қолдануға байланысты басқа да өзекті мәселелерді шешу, осы ережені бұзушыларды жазалау). Сондықтан билікте болуы заңдылық. Бірақ мұның басқа да аспектілері бар екенін ұмытпауымыз керек, мысалы, саяси жағы.
Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы өрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады [5, 3б.].
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары
Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілдің органы.
Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдыйды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды,
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды [6, 24б.].
Сенат
ҚР Парламентінің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделеріне өкілдікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере, он бес депутатын ҚР Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Парламенттің Жоғары палата депутаттарының жалпы саны - 47 адам.
Мәжіліс
Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпылай, теңдік және тікелей және құпия сайлау құқығы негізінде жүргізіледі. Мәжілістің депутаттық корпусы пропорционалды және можаритарлы жүйемен сайланған депутаттармен жасақталады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың құрылымына мыналар жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары. [1, 22б.].
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді [2, 51б.].
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төреғалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандида тураларды Палатаның депутаттары ұсынады [5, 4б.].
Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді [6, 27-28б.].
Заң шығарушы органның құқық қорғау қызметіндегі рөлі
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондыктан олар міндеттері, қызметтері, қызметінің түрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикадан олардың кызметіне қатысты болатын ІМ, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы заңдар мен баска зандар және олар жұмыс істейді.
Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықатырн басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу. [31- 181]
Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аппаратының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оларға полициялык органдары, прокутартураның. Ұлттық қауіпсіздік-комитеті, Әділет минситрлігі, кеден органдары, қаржы полициясы әскери полиция, мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, т.б.) жатады.
Әділет министрлігі және оның органдары республиканың заңнамасын жетілдіру жөнінде үлкен жұмыс жүргізеді, сотталғандар жазасын өтейтін орындар мен түрмелердің қызметіне бақылау жасайды.
Барлық құқық қорғау органдарының ортақ міндеті-бүкіл мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың олардың лауазымды адамдарының, азаматтардың ҚР заңдарының талаптарын бұлжытпай сақтауын қамтамасыз ету. Бұл міндетті полиция, прокуратура ҰҚК-нің органдары оларды міндеттері мен құқықтарын белгілейтін арнаулы заңдар негізінде жүзеге асырады.
Заң шығарушы билігін қоғамдағы маңызды қатынастарды реттеуге бағытталған зандарды қабылдайтын парламент жүзеге асырады.
Құқық қорғау органдары негізінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында жұмыс істейді.
Полиция органдарының қызметі. Полиция ішкі істер министрлігінің құқық қорғау жүйесінің жетекшілері болып табылады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, ашу және қылмыстың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полиция органдары құрылады. Олар: 1) қылмыстардың алдын алу және ашумен айналысатын криминалдық полиция; 2) патрульдік полиция - көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 3) жол полициясы - жол қозғалысы ережелерінің сақталуын және олардың қауіпсіздігін қадағалайды; 4) міндеті әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылатын әкімшілік полиция; 5) полицияның арнайы жасақтары - олардың мақсаты күзетілетін маңызды объектілерде қоғамдық тәртіпті сақтау және т.б.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Қоғамдық тәртіпті қорғауда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарда жұмыс істейді.
ҰҚК жүйесіне барлау бөлімдері (Барлау қызметі) кіреді: агенттік және басқа құрылымдар мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік құпияларды сақтауға бағытталған байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс істейді.
ҰҚК органдары тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағынады. ҰҚК органдарының негізгі міндеті Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төндіретін шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен жеке тұлғаларының барлау және дұшпандық әрекеттерімен күресу болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес қоғамдық және қоғамдық емес құралдар мен әдістер арқылы жүргізіледі.
2 Атқарушы орган
Атқарушы билік органдары -- қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік-мәдени, шаруашылық және қызметтің салааралық аяларындағы міндеттерді шешу мақсатында атқарушы және әкімдік қызметті жүзеге асыратын біртұтас құрылымдық жағынан қалыптасқан дербес әлеуметтік құрылым.
1. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Бұл, біріншіден, мынаны білдіреді, мемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен мекемелерінен айырмашылығы сол, олар тікелей мемлекекеттің атынан қызмет атқарады , шаруашылық, әлеуметтік - мәдениет және әкімшілік - саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын іске асырады және, екіншіден, мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік биліктік өкілеттіктер ауқымын береді, кәсіпорындар мен мекемелерде ондайлар болмайды.
2. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік -- биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады:
а) мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан. Олар не тікелей ведомстволық қарасты кәсіпорындар мен мекемелер үшін, не төменгі тұрған атқарушы органдар үшін, не ведомствалық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін, не қоғамдық (мемлекеттік емес) ұйымдар үшін, не ең соңында, тұлғалардың үлкен тобы, оның ішінде азаматтар үшін де міндетті (мысалы, жалпы міндетті болатын жол жүру ережелері, санитарлық - гигиеналық, өрт қауіпсіздігі және өзге де ережелер);
ә) құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау (қадағалау) жасауды жүзеге асыру құқығынан;
б) заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу, т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайда - мемлекеттік (әкімшілік) мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады.
3. Мемлекеттік - биліктік өкілеттіктер барлық мемлекеттік билік органдарына берілетін болғандыұтан, атқарушы билік органдарының оларды пайдалануының шегін белгілеудің үлкен маңызы бар. Атқарушы билік органдары өздерінің мемлекеттік - биліктік өкілеттіктерін тек қана мемлекеттік - басқарушылық қызметтің мақсаты үшін пайдаланады.
Бұл органдар шаруашылық, әлеуметтік - мәдениет және әкімшілік - саяси құрылысқа басшылық жасау процесінде заңдардың жіне заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің (оның ішінде осы органдардың өздерінің актілерін де) орындауды қамтамасыз ету үшін құрылады. Сондықтан, олардың биліктік өкілеттіктері атқарушы - өкім етушілік немесе мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыратын қоғамдық өмірдің аясымен шектеледі. Бұл мемлекеттік басқару аясы. Нақ осында шаруашылық кәсіпорындар мен әлеуметтік - мәдениет мекемелерінің жұмыстарын тікелей ұйымдастыру, меншіктің әр түрлі нысандары объектілерінің арасындағы байланыстарды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ету іске асырылады. Заң шығарушы орган аталған аяда заңмен реттеу арқылы жалпы басшылықты жүзеге асырады. Сот билігі органдары бұл аяда басшылық жасау қызметімен жалпы айналыспайды. Сонымен, атқарушы билік органдарының функционалдық міндеті - атқарушылық - олардың мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктерді пайдалануының шегін айқындайды.
4. Атқарушы билік органдары өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Мұның мәні мынада, заң - мемлекеттік - басқарушылық қызметтің негізгі базасы, оның субъектілері осы аталған мемлекеттік органдар. Олардың ерекшеліктерінің қатарына сондай - ақ мынаны да жатқызған жөн, өзінің қызметін заңның негізінде және оны орындау үшін жүзеге асыра отырып, олар тек заңның нақты талаптарын тікелей орындауды ғана ұйымдастырып қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік басқару аясында заңға тәуелді мінез - құлық ережелерін дербес белгілейді.
5. Республикалық та, сондай - ақ аймақтық та деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды. Бұл жүйенің шегінде оның әрбір буынының, яғни атқарушы биліктің нақты органының қажетті жеделдік дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі және тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасы, оның құзыретінен табады (міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі). Бұл органдардың құзыретінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарда және басқа заңнамалық актілерде бекітіледі.
6. Кәсіпорындар мен мекемелер сияқты, атқарушы билік органдары адамдардың әкімшілік - басқарушылық қызметкерлердің немесе мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір ұжымы болып табылады. Бірақ, біріншіден, бұл сияқты ұжымның мақсаты кәсіпорындар мен мекемелер ұжымдарының мақсаттарынан елеулі түрде өзгешеленеді, ол атқарушы билік органдарының ерекше мақсат міндетімен алдын - ала айқындалады. Нақты атқарушы билік органын құрайтын ұжымның шегінде белгілі бір ұйымдық - құқықтық байланыстар құрылады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай - ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік - қызметтік қатынастар, өйткені атқарушы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
7. Атқарушы билік органдарының біріне - бірі бағынышты құрылымдық бөлімшелерін құруды болжайтын (мысалы, министрліктердің департаменттері) ұйымдық құрылымы, яғни ішкі құрылысы болады. Олардың қызметі нақты атқарушы билік органының өзінің қызметін өзінен тысқары, яғни тікелей мемлекеттік басқару аясында тиімділікпен орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың (өзін -- өзі ұйымдастырудың ) көрінісі болып табылады.
Атқарушы билік органдарының ұйымдық құрылымының бастапқы ячейкасы(ұясы) Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша осы органның өкілеттіктерін нақты орындау және қамтамасыз ету үшін құрылатын мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымы болып табылады.
8. Атқарушы биліктің әрбір органының белгілі бір аумақтық немесе мемлекеттік - басқарушылық қызмет мәселесінің көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не республиканың бүкіл аумағында, не белгілі бір әкімшілік аумақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі жалпы басқарушылық функцияларды не арнайы сипаты бар белгілі бір басқарушылық функцияларды белгіленген қызметтің аясында жүзеге асыруды болжайды. Олардың ішінде реттеушілік, рұқсат беру, бақылау және өкім ету функциялары. Бірақ олар да әр түрлі аумақ көлемінде жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz