Кеңістік локалдылығының негізгі сипаттамалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚCТАН РЕCПУБЛИКАCЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛІГІ

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Бекбаева Жазира Айбековна

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Кеңістіктің мәдени-семантикалық бейнесі (көркем шығармалар мысалында) »

Мамандық «6В01720 Шет тілі:екі шет тілі (неміс тілі) »

Астана 2023

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Филология факультеті

"Шетел филологиясы" кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

___ 20___ж.

Шетел филологиясы

кафедрасының меңгерушісі

т. ғ. к. профессор

Бижкенова А. Е.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Кеңістіктің мәдени-семантикалық бейнесі (көркем шығармалар мысалында) »

Мамандық «6В01720 Шет тілі: екі шет тілі (неміс тілі) »

Орындаған:
Бекбаева Ж. А
Орындаған::
Бекбаева Ж. А:
Орындаған:: Ғылыми жетекші:
Бекбаева Ж. А: Бейсембаева Г. З.
Орындаған::
Бекбаева Ж. А:
Орындаған::
Бекбаева Ж. А:

Астана 2023

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I бөлім. Кеңістік категориясының теоретикалық негіздері . . . 6

  1. Лингвистикадағы локалдылық ұғымы . . . 7
  2. Кеңістік локалдылығының негізгі сипаттамалары . . . 10
  3. Кеңістік локалдылығы көрсеткіштерінің жіктемесі . . . 12
  4. Орта ғасырлық кезеңдегі «кеңістік» концептісінің ерекшеліктері . . . 14

II бөлім. Неміс тіліндегі кеңістік қатынастарының категориялары . . . 17

2. 1 Уақыт қатынастарының категориясы кеңістік қатынастарының құрамдас бөлігі ретінде . . . 17

2. 2 Кеңістік қатынастарын білдірудің тәсілдері . . . 19

2. 3 Абсолюттік локалдылық . . . 20

2. 3. 1 Жалқы есімдер . . . 20

2. 4 Салыстырмалы локалдылық . . . 29

2. 4. 1 Мекен бағыныңқы сөйлемдері салыстырмалы локалдылықтың көрінісі ретінде . . . 34

2. 5 Кеңістік қатынастарды білдіру тәсілдері . . . 35

Қорытынды . . . 38

Пайдаланылған әбедиеттер . . . 41

КІРІСПЕ

Кеңістік категориясын адам санасы қалай қабылдайтыны туралы мәселе көптеген уақыттан бері ғалымдардың зерттеуіндегі басты тақырыптардың бірі болып келеді. Біздің жұмысымыздағы ерекше мән берілетін мәселе осы категорияның тілдегі көрінісін көркем әдеби туындыға талдау жасай отырып, түсіндіруге тырысу.

Кеңістіктің мәдени-семантикалық бейнесі әлемді қабылдау мен қатар адам өмірінің барлық тіршілік әрекетінің де маңызды категориясы болып табылады. «Кеңістік» ұғымы екі тұрғыдан қарастырылады, біріншіден ол философиялық тұрғыдан материя болмысының негізгі нысаны ретінде болмыстың негізгі категориясына жатқызылады. Кеңістіктің абстрактілі ұғымын зерделеуге көптеген ғалымдар атсалысып, солардың ішінде неміс классикалық философиясының өкілдері И. Кант, Г. Гегель. Л. Фейербах, Ф. Шеллинг, А. Шопенгауэр осы ұғымды негіздеуге зор үлесін қосқан. Бұл жұмыстарда «кеңістік» мінсіз жаратылыс (absoluter Raum), болмыс (Raum des Seins), кеңістік пен уақыт пайымдау формасы ретінде (Raum und Zeit sind Formen des Anschauens) қарастырылады.

Екінші тұрғыдан алғанда, лингвистер «кеңістік» ұғымын әмбебап концептілер санатына жатқызады. Әмбебап концептілердің анықтамасы нақты берілмегенімен, лингвистердің пайымдауынша концепт «адам санасындағы мәдениеттің жиынтығы», яғни ол қандай да бір ұлттық-мәдени қауымдастықтың мәдениетімен шартталады. Осыдан туындайтыны концептінің мәдени шартталуы оны зерделеу үшін көркем әдебиет шығармаларындағы мәдениеттің кеңінен сипатталған мәнмәтінін қарастыруды көздейді. Біздің ғылыми зерттеуіміз тек лингвистикалық шеңберде болғандықтан, біз «кеңістік» ұғымын осы тұрғыдан қарастырамыз және оның қырын жан-жақты талдаймыз.

ХХ-ғасырға дейін көркем шығарманың кеңістік тұрғыдан ұйымдастырылуы әдебиеттану саласының мәселесі ретінде қарастырылмай келіп, өткен ғасырдың басында орыстың көрнекті ғалымы М. М. Бахтин алғаш рет осы мәселені көтеріп, айтарлықтай ізденістердің авторы болды. Бұл мәселені зерттеуді одан әрі жалғастырған алыс және жақын шетелдік ғалымдар: О. Шпенглер, М. Хайдеггер, Ю. М. Лотман, Н. Н. Болдырев, Е. А. Воробьева кеңістікті лингвомәдени категория ретінде қарастырып, кеңістік лексикасын және кеңістіктің суперкатегориясын қалыптастыратын оның жекелеген концептерін зерделеген. Отандық ғалымдарға келер болсақ, кеңістік мәселесіне қатысты ғылыми ізденістерді Б. Момынованың, Г. Смагулованың, Қ. Жұбановтың, Ә. Қабдолқайырұлының еңбектерінен көреміз. Аталған ғалымдардың еңбектері дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу және негіздеу үшін теориялық-әдістемелік еңбектер ретінде басшылыққа алынды.

Осы бағытта отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне жасалған шолу «кеңістік» мәселесіне қатысты ғылыми негізделген еңбектердің барын

көрсеткенімен, кеңістік концептісінің жіті қаралмағанын байқатады, және бұл кеңістіктің мәдени-семантикалық бейнесін көркем шығармалар мысалында зерделеуге бағытталған біздің дипломдық жұмысымыздың өзектілігін айқындайды.

Осы жұмыстың объектісін «кеңістік» ұғымы құрайды, ал оның пәні локалдылық көрінісін беру құралдары болып табылады.

«Кеңістіктің мәдени-семантикалық бейнесін көркем шығармалар мысалында зерделеу» тақырыбындағы дипломдық жұмысымыздың мақсаты кеңістік ұғымын негіздеу және тілдік құралдарын көрсету болып табылады.

Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттердің шешімін табу көзделген:

  • Лингвистикадағы локалдылық ұғымын сипаттау;
  • Кеңістікті категория ретінде негіздеу;
  • Локалдылық көрінісін берудің тілдік құралдарын айқындау;
  • Айқындалған құралдарды жіктеу және талдау.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы кеңістік локалдылығының неміс және қазақ тілдеріне тән ерекшеліктерін айқындауға деген алғаш рет талпыныс жасалуында болып табылады.

Жұмыстың теоретикалық маңыздылығы :

  • «Кеңістіктің мәдени-семантикалық бейнесін көркем шығармалар мысалында зерделеу» тақырыбындағы ғылыми ізденістерден алынған нәтижелерді, яғни осы тақырыптың теориялық-ғылыми тұрғыдан негізделуін шетел филологиясы, шетел тілі мамандығының студенттері ғылыми жұмыспен айналысу кезінде пайдалана алады.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы :

  • Кеңістіктің мәдени-семантикалық бейнесінің неміс және қазақ тілдеріне тән ерекшеліктерін айқындау мақсатында жасалған талдау үшін пайдаланылған әдістер мен тәсілдерді студенттеркөркем мәтінмен жұмыс жасау кезіндепрактикалық жұмыстарында, сондай ақ болашақта мұғалім ретінде оқушыларменшетел тілі пәнінен оқу процесін ұйымдастыру барысындапайдалана алады.

Дипломдық жұмыста пайдаланылған әдістер мен тәсілдер :

1. Сипаттамалы

2. Тарихи-салыстырмалы

3. Жинақтау

4. Топтау

5. Талдау жасау

Зерттеу жұмысының 1-бөлімінде зерттеу тақырыбына байланысты тіл білімі теориясындағы еңбектерге, кеңістіктің локалдылық категориясын ашу үшін кеңістік, кеңістік локалдылығының көрсеткіштеріне қатысты жарық көрген еңбектерге шолу жасалынды. Көркем шығармалардағы кеңістіктің категориясының ашылуы нақты тілдік деректермен негізделді.

Зерттеу жұмысының 2-бөлімінде локалдылығының сипаттамалары неміс және қазақ тілдеріндегі өзіндік ерекшеліктері нақты мысалдарға негізделе отырып талданды және түсіндірілді.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2-бөлімнен және қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-бөлім. Кеңістік категориясының теоретикалық негіздері

Тілдегі кеңістік қатынастарды білдіру шетелдік германистика саласында жеке ғылыми зерттеудің өз алдына жеке саласына айналған «кеңістік лингвистикасының» басты мәсеесі болып табылады. Бұл жағдай осы дипломдық жұмысымыздың өзектілігін айқандай түседі және бұл заманауи лингвистикадағы зерттеушілердің кеңістік категориясына деген қызығушылығымен, сондай ақ кеңістік ұғымдары мен қатынастары туралы жүйелі де түбегейлі зерделенген жұмыстардың болмауымен шартталады. Жеке тұлғаның өзін қоршаған кеңістік әлемімен өзара қарым-қатынасы «кеңістік» концептісін тілдік тұрғыдан безендіруге үлкен ықпал етеді және іргелі ұғымдардың қатарына жатады, сәйкесінше әлемнің кеңістік бейнесінің ұғымына жатады [5] .

Заманауи лингвистикадағы «кеңістік» ұғымының өзектілігі «әлемдік коммуникациялық кеңістік», «мәдениетаралық кеңістік», «когнитивтік кеңістік», «ақпараттық кеңістік», «әлеуметтік кеңістік», «білім беру кеңістігі» және т. б. секілді көптеген атрибутивтік расталады. «Кеңістік» сөзінің этимлологиясына үңілетін болсақ, кеңістік категориямына қатысты анағұрлым толық та, анық көріністі алуға болады. Өзінің зерттеу жұмысында орыс ғалымы Ю. В. Гринкевич «кеңістік» ұғымына жан-жақты тоқталып, бірнеше тілдердегі «кеңістік» сөзінің шығу тегіне тоқталады, зерттеушінің пікрінше егер орыс тілінде «пространство» «страна, сторона» сөздерінен туындаған, латын тілінде «spatium», француз тілінде «espace» және ағылшын тілінде «space», ал неміс тілінде «raum» - «бос», «таза», «ығыстыру», «босату» дегендерді білдіреді [9] . Айта кетерлік жәйт, барлық аталмыш тілдердегі «кеңістік» сөзі генетикалық тұрғыдан алғанда өзара байланысты, ал лексикографиялық анықтамалық әдебиет көздеріне жүгінер болсақ, лингвистикадағы осы категорияның негізгі атауын білдіру үшін «кеңістік», «локалдылық», «орын», «локативтілік» және т. б. терминдер қолданыста бар екені мәлім.

Кеңістік категориясын білдірудің тілдік құралдарына арналған ғылыми зерттеулердің жеткілікті саны көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған, атап айтар болсақ: Ю. Д. Апресян, Т. В. Булыгина және А. Д. Шмелев, М. И. Всеволодова және Е. Ю. Владимирский, В. Г. Гак, Е. С. Кубрякова, Е. С. Яковлева, Н. Д. Арутюнова, И. М. Кобозева, Д. А. Салимова және т. б. кеңістіктік қатынастарға қатысты тың ойларға бағыт берген [5, 6, 7, 8, 10, 11] .

Кеңістіктің мәтіндік категориясының теориялық негіздері М. М. Бахтин, И. Р. Галперин, Ю. М. Лотман, В. Н. Топоров, Б. А. Успенский, Л. Г. Бабенко, Д. С. Лихачевтің ғылыми зерттеулерінде баяндалған және олар кеңістік категориясының жіктемелерін әртараптан зерделеген [ 10, 11, 12, 5, 6] .

Кеңістік категориясы сондай ақ Н. А. Николина, Н. С. Болотнова және басқалардың диссертациялық жұмыстарының негізін құраған. В. Н. Топоров, л. Г. Панова, д. А. Салимова және т. б. кеңістікті мәтіннің категориясы ретінде зерделеп, осы категорияның ерекшеліктерін айқындауда өзіндік содельдерін ұсынған[5, 6, 7, 8, 14, 15] .

«Кеңістік» категориясының категория ретінде ұсыну, лингвистикадағы өзге де категориялардың ішінен «кеңістік» категориясының орнын анықтау, «кеңістік» категриясының сипаттамасын беру мәселелері келесі ішкі бөлімдерде жіті зерделенеді.

  1. Лингвистикадағы локалдылық ұғымы

Кеңістік ұғымы тілдің нақты қызмет етуін білдіретін құбылыс ретінде лингвист-ғалымдардың назарын аудартып, коммуникативтік әрекетте әмбебап ұйымдастырушылық бастауға ие, себебі кез-келген ойдың айтылуы шындықтың кеңістік сипатын білдіреді. Осы бағыттағы зерттеумен айналысқан ғалымдардың еңбектеріне жасаған шолу оның көп қырлы сипаттамаларының бар екендігін көрсетеді [5, 9, 7, 10, 11, 13] . Аталмыш еңбектерге жасалған талдаудың нәтижесінде өз тұрғысынан алғанда күрделі болып келетін «кеңістік» ұғымы әлі күнге дейін түбегейлі зерттелмегенін және де толық сипаттамысының берілмегенін аңғаруға болады. Отандық лингвистика саласында қазіргі кезде осы категорияның тиісті тілдік құрылым анықталып, қалыптасты деп айту қиын. Отандық зерттеушілердің еңбектеріне жасалған шолу барысында біздің тақырыбымызбен үндес келетін бағыт көбіне Орхон хазба ескерткіштеріндегі «кеңістік» концептісін қарастыру біздің қызығушылығымызды танытты. Бұлеңбектерде кеңістік концептісі түркі халықтарының мәденитеін, дүниетанымын, әлем бейнесін түсіндіруге негізделген, Енисей жазба ескерткіштерінде де кездесетін мысалдар зерделеніп, түркі халқының барлығына ортақ «әлем бейнесінің» болғандығы тұжырымдалған [1, 2, 3, 4] .

Лингвистикадағы локалдылық ұғымы тілдік құрылымдағы элементтердің жақындығына жатады. Локалдылық шектеуі ережелердің нақты бір құрылымға қолданылуы мүмкін екендігін көрсететін аралықты шектейді. «Локалдылық» ұғымының мәнін анықтамалық әдебиеттен қарайтын болсақ, ол «жергілікті, белгілі бір шектен шықпайтын » дегенді білдіреді [16, 17] .

Локалдылық индивидтердің өзара әрекет процесіндегі тұрақтылықты қолдау үшін қажетті шарт болып табылады. Әлеуметтік тәртіптің мүмкін болуының өзі адамдардың, оның кеңістіктегі құрылымдануы-уақыттың өзара әрекет локалдылығының нәтижесі. Локалдылықтың ұйымдастырылуы индивидтер арасындағы қашықтық пен олардың әлеуметтік кеңістіктегі болу нысанының жүйесі ретінде нақтылануы мүмкін. Негізінен бастапқыда философиялық ұғым ретінде қарастырылған локалдылық әлеуметтік-мәдени феномен ретінде де қарастылылған, сондай ақ лингвистика саласында локалдылық категориясы көркем кеңістікпен байланысты қарастырылады.

Мәтін кеңістіктік болып келеді, яғни оның элементтері белгілі бір кеңістік конфиурациясына ие, мәтіннің кеңістік тұрғысынан ұйымдастырылуын зерделеу оның көлемін, конфигурациясын, қайталаулар мен салғастыруды және т. б. қарастыруды көздейді. Осылайша, кеңістіктің тар және кең ұғымдары қарастырылады, кең ұғымда ол белгілі бір кеңістік ұйымдастырылуына меңзей отырып, мәтіннің кеңістік сипаттамасын қамтыса, тар ұғымда шектеулі ішкі құрылымды білдіреді. Бұл орайда олар бір-бірін өзара толықтыра отырып, бірі «кеңістік архитектоникасын» білдірсе, екіншісі «көркем кеңістікті» білдіреді [16, 5, 7] .

Локалдылықтың лексикалық өрісі көп қырлы, ауқымды болып келеді және де оны реттелген сыныптар, алуан түрлі типтегі парадигмалар, тігінен және көлденеңінен құрылымдаушы семантикалық өріс құрайды. Локалдылық категориясын білдіретін құралдарға ең алдымен орынды білдіретін зат есімдер, географиялық-әкімшілік аумақтық атаулар, газет беттеріндегі айдарлар және т. б. жатқызылады.

Заманауи зерттеулердегі локалдылық ұғымының сипаттамасына тоқталар болсақ, ғалымдардың барлығы дерлік «кеңістік» анықтамасын бірауыздан қолдайды деп айтуға болады. Бұл сипаттамадағы басты нәрсе локаладанатын объект және локалдандыру орын алатын координаттар жүйесі болып табылады. Объектінің орналасқан жерін көлденең, тік және бүйірлік үш білдектің біріне нұсқай отырып белгілеуге болады. Бұлай нұқсау өзегі алдында, артында, жанында, астында, үстінде, оң жағында, сол жағында секілді лексемалармен көрініс табатын лексикалық-семантикалық өріспен берілген құралдар арқылы жүзеге асырылады. Мұнымен қоса, абсолюттік және салыстырмалы деп аталатын түрлі қатынастар жүйесін де атап өткен жөн. Бұған нақтырақ тоқталып өтетін болсақ, онда жалпы қалыптасқан әлемнің төрт бұрышы, мемлекеттік шекаралар, географиялық объектілер және т. б. секілді абсолюттік жүйені ажыратамыз. Ал, салыстырмалы жүйеде басты назарда баяндаушы тұрып, оның кеңістіктегі тұрғылануы маңызды орында болады. Сәйкесінше, басқа объектілердің тұрғылануы баяндаушының позициясына байланысты болып келеді, яғни кеңістік категориясын зерделеу барысындағы антропоцентрлік тәсілдің мәні де осында.

Кеңістіктегі объектінің тұрғылануын статикалық немесе динамикалық ретінде қарастыруға болады, мысалы статикалық объектіні ол тұрған кеңістік тегі нүкте туралы ақпаратты берумен локалдандыруға болады. Бұл үшін демеуліктерінің мен тиісті сематикасымен зат есімдер, сондай ақ тұру, жату, отыру, ілініп тұру және т. б. етістіктер пайдаланылады. Қозғалыстағы объектінің тұрғылануы бару пунктін және қозғалыс нысанын көрсетумен беріледі, яғни қою, отырғызу, ілу, салу және т. б. секілді етістіктерді пайдаланып беруге болады. Ал, кейбір кездері объект жүріп өтетін орындарды тізбелей отырып та қозғалыс туралы хабарлауға болады. Неіс тілінде статикалық объектілер мен динамикалық объектілер арасындағы айырмашылық септіктер арқылы да берілуі мүмкін, мысалы Dativ-статикалық қозғалыс үшін, ал Akkusativ-динамикалық қозғалысты білдіру үшін. Әдетте объектінің тұрғылануын дұрыс түсіндіру үшін басқа да сілтеуіштер, мысалы үстеулер де септігін тигізеді, әрине мәнмәтін бәрінің ішінде маңызды орынға ие.

Қорыта келгенде, локалдылық ұғымының басты мағынасы тіл біліміне тасымалданатын объективті әлемнің адам санасымен қайшылықтарға толы өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Адамның тіршілік әрекетіндегі бар кеңістік факторларын тілде жүйелі түрде көрсету локалдылықты функционалдық-семантикалық категория деп санауға мүмкіндік береді. Локалдылықтың лингвомәдени және аксиологиялық негіздері бар, ол лигвомәдениеттің когнитивтік, метафорикалық, эталондық, символдық деңгейлерінде айқындалып, мәтіндерде эмотивті-вербалдық және рационалды-вербалдық бағалалу түрлерімен ұштасады. Локалдылықтың категориясы өрістік қағида бойынша ұйымдастырылған әр деңгейлі құралдар кешені болып табылады, ол тілдегі локалданудың белгілі бір нұсқаларын көрсетеді, мысалы оқиғалық-ситуативтік, оқиғалық-динамикалық, пәндік-салыстырмалы, субъектілік-бағдарлы және параметрлік нұсқаларын көрсетеді.

Локалдылық категориясы семалық ұйымдастырылуға ие, локалдылық өрісіне лексикалық бірліктердің енуі «орын, кеңістік» архисемаларына негізделген. Тілде локативтік мәндердің градациясы байқаады, кеңістік семасы бар өзек (орын), локалдылық семасы бар жақын периферия (кеңістік статикасы), директивтік семасы (кеңістік динамикасы), параметрлік семасы бар алыс перифериясы (пішін, көлем, ауқым, ұзақтық, қашықтық) . Локалдылықтың тілдік репрезентациясында кеңістік белгілеулері мен кеңістік қатынастары өзгешеленеді және өзара әрекеттеседі.

Көптеген локалдылық атаулары туынды емес көне сөздер немесе ішкі пішіні жоқ және берілген сфераға оқиға болып жатқан орынды білдіретін функционалдық қағида бойынша енетін кірме сөздер болып келеді. Деривациялық процестер (аффиксация, сөз құру, конверсия) номинативтік сфераларды ерекшелеу және локативтік мағынаны тасымалдаушы ретінде ішкі таңбалау қызметін атқарады. Локалдылықтың функционалдық-семантикалық өрісі объективті және субъективті бағдардың, кеңістікте қозғалудың, әлемді параметрлеудің шағын өрісін қамтиды және көп өзекті құрылымды құрайды. Локалдылықты білдірудің түрлі тәсілдерінің жиынтығы өрістің парадигматикасы мен синтагматикасын анықтайды, бұл семантиканы репрезентациялауда кеңістікті немесе ондағы орналасуды лексикалық тұрғыдан білдіретін ядролық құралдар бола отырып, зат есімдер, есімдіктер мен етістіктер басты рөлді атқарады. Локалдылық мәндер мен айтылған ойлардың белсендірілуімен сипатталады, олар коммуникативтік ұстанымға байланысты ядролық, перифериялық түрлі мәндерге ие болады.

Осылайша локалдылық жетекші функционалдық-семантикалық категория бола отырып, тілдің көлемді сипаты көрініс қағидасын іске асырады. Локалдылық дегенмісіз сонымен тілдегі тұрғыланудың түрлі нұсқаларын көрсететін түрлі деңгейлердегі құралдар кешені болып табылады.

  1. Кеңістік локалдылығының негізгі сипаттамалары

Кеңістік локалдылығын әдетте бір тіршілік иесінің немесе бір заттың орналасқан жерімен байланыстырады, яғни белгілі бір аумақ, қашықтық, аралық және т. б. Лингвистикадағы кеңістік локалдылығы көркем локалдылық ұғымымен тығыз байланыста қарастырылады. Тілдік көріністе локалдылық шынайы, перцептуалды, концептуалды, физикалық, геометриялық, географиялық, астрономиялық, абсолюттік, салыстырмалы, бос, абстрактілі, антропоцентрлік, әлеуметтік, көркем және т. б. түрлермен ерекшеленеді.

Осы тұрғыдан алғанда Ю. Ф. Лотманның: « Әлемнің кеңістік бейнесі көп қабатты, ол мифологиялық универсумды, ғылыми модельдеуді және тұрмыстық ақылғы қонымды сананы қамтиды. Бұл ретте қатардағы адамның санасында бұл қабаттар гетерогенді қоспаны құрап, біртұтатас нәрсе ретінде жұмыс істейді » деген тұжырымы кеңістік локалдылығының негізгі сипаттамасын анық береді деуге болады [18] . Лингвистикалық жүйеде кеңістік локалдылығы шағын және үйлесімді құбылыс ретінде кеңістік құрылымдарымен айқындалады.

Кеңістік туралы дәстүрлі тұрмыстық ұғымды басшылыққа ала отырып, И. М. Кобозева осы концептінің келесідей сипаттамаларын бөліп көрсетеді:

-Заттармен тығыз байланыс орнатылған. Кеңістіктің әдеттегі сипаттамасы бір заттың екіншісіне қатынасын көрсете отырып, ондағы қозғалып жатқан заттарды береді, бұл кеңістік заттармен ұйымдастырылады, заттармен нақтыланады.

-Кеңістік дискреттік болып табылады, құрамдас, жекелеген фрагменттерге бөлшектенеді, кеңістіктің біртұтастығы оны ғылыми тұрғыдан түсіну үшін маңызды және кәдуілгі түйсікте көрініс таппайды.

-Кеңістіктің әдеттегі ұғымы басымдықты объектілердің метрикалық қасиеттерінен гөрі топологиялық сипаттарына береді. Кеңістіктің тұрмыстық сипаттамасында мөлшердің нақты сандық сипаттамалары, объектілер арасындағы қашықтық және т. б. болмайды. Тілдегі басты кеңістік қатынастарды білдіретін тіл элементтері объектілердің кеңістік сипаттарын мінсіз етіп, олардың арасындағы қатынасты реттейді [18] .

Кеңістік локалдылығы мәтіндерде жанрлық тиесілілігіне қатысты әртүрлі сипатқа ме болып келеді. Мысалы, ғылыми мәтін үшін объективті кеңістік басты маңыздылыққа ие болса, көркем мәтінге қатысты түрлі сипатқа ие көркем кеңістік маңызды болып табылады. Кеңістік локалдылығын білдіретін тіл бірліктерінің белсенді қолданылуы оның түріне байланысты болып, локалдылықтың сипатын айқындайды. Мысалы, етістік лексикасын қолдану, немесе атауларды қолдану және т. б. Кеңістік локалдылығының сипаты объектілердің бір-бірінен тыс орналасуында (жанында, астында, үстінде, артында және т. б. ) және бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасуында. Осы объектілердің қатар өмір сүруі және алуан түрлілігі кеңістік локалдылығының құрылымын құрайды. Кеңістік локалдылығының тіл тұрғысынан сипаттамасын талдай отырып, лингвистер адам санасы мен тілдегі кеңістік қатынастарды қабылдаудың арнайы сипаттамасы мен кодталуына тоқталып өтеді. Кеңістік локалдылығы туралы ұғым әрбір тілде көрініс табатын әлемнің ғылыми және тұрмыстық қабылдануын береді. Осы ұғымның тілдік репрезентациясы оның адам санасындағы күрделі көрінісіне негізделіп, ғылыми қағидалар, ұғымдар мен бірліктер секілді сипаттарын бейнелейді.

Сонымен қатар, тілдік тұрғыдан қабылдауда кеңістік локалдылығының шынайы, перцептуалды, концептуалды, абстарктілі және т. б. жоғарыда аталып кеткен түрлі типтері араласып жатады. Бұл орайда, кеңістік локалдылығын әлемдегі тілдік көріністі ұлттық арнайы ерекшеліктерімен байланыстырып қарастыру тіл семантикасындағы өзіндік тұстарын айқындауға мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.

Заттардың кеңістік сипаттамасына тоқталар болсақ, олардың түрлі тәсілдермен берілетін ішкі бағыты немесе сыртқы бағыты болуы мүмкін, мысал ретінде көлік құралының шамдарын, бағдарын алуға болады. Тағы бір назар аударатын нәрсе адамның онымен жұмыс істеу барысында объектіге бағдарлануы, мысал ретінде тақта, теледидар және т. б. келтіруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Экологиялық және экологиялы - географиялық картографиялау
Жиілікті электр жетекті сорғы станциялары
Математикалық модельдеудің кезеңдері
Фазалық траектория
Графтардағы Гамильтон циклы мен жолы
Популяциялар экологиясы (демэкология) туралы ақпарат
Құрастырылатын үймереттердің сипаттамалары
Жарық күші
ӘЛЕМНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ СУРЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz