Демократия - мемлекет бастауы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Философия және психология факультеті

Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Демократия және оның тарихи түрлері

Мамандық 6В03103 - Саясаттану

Орындаған: П-11-22 тобының студенті Шәкей Фариза Мұханбедияқызы

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Искаков Елмурат Рымбаевич

Қарағанды 2023

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Демократия түсінігін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері ... ... .4
1.1 Саясаттанудағы демократия ұғымы және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2Демократияның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. Демократияның тарихи түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.1. Демократия үдерісін қалыптастыру және оның теориялары ... ... ... ... ..8
2.2 Демократияның тарихи түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3 Қазақстан Республикасындағы демократиялық үрдістердің қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе

Тaқырыптың өзектілігі: Демократия - caясаттанудағы негізгi тeрминдердің бipi. Оның себебі, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың кілті саяси билік болатын болса, ал қоғамдағы саяси биліктің сапасы, әсіресе қазіргі кезеңде, демократияның деңгейімен тікелей байланысты. Осы жағдай қазір дүние жүзіндегі көптеген елдердің саяси өмірінен байқалып отыр. Мысалы, қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі қолданылатын сөздің бірі - "демократия". Мұның себебі неде деп ойлайсыз? Себебі демократия туралы мәселенің өте маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден, қазіргі таңда демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың рухани құндылығы болып саналады. Ол халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтың дамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі саяси биліктің сапасы қоғамдағы демократияның деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен болашағы, мемлекетіміздің бір бөлшегі болып табылады. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциясының ең бірінші бабы: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады" - деп жазылған. Әсіресе осы соңғы себепке байланысты әрбір қазақстандық тұлға, келешек ұрпақ, болашақтағы білікті мамандар елдің демократияландыру жолдарын жақсы танып білуі тиіс, бұл процеске өзінің үлесін қосуға да міндетті.
Қазақстан демократиялық мемлекет болғандықтан, біздің мемлекетімізде бұл мәселенің өзектілігі өте жоғары. Жалпы демократия ұғымы - халық пен биліктің тығыз байланысын көрсетеді. Ал Қазақстан Республикасында бұл байланыс қазіргі уақытқа дейін көрініс табуда. Мемлекеттің бастауы - халық. Сондықтан билікте болып жатқан әрбір өзгеріс халық таңдауы арқылы, сайлау және тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асырылып отырады.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Қазақстан республикасының басты принципі - саяси тұрақтылық пен қоғамдық татулық.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Демократия ұғымының нақты тоқталған бір анықтамасы жоқ. Себебі, тарихшылар, ойшыл ғалымдар, саясатшылар ғасырлар бойы зерттеген. Сондықтан бұл ұғымды әр дәуірдегі ойшылдар әртүрлі түсінген. Сонымен қатар әр елдерде олардың ұлттық, тарихи ерекшеліктеріне қарай демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Сондықтан демократия ұғымының теориялық, әдіснамалық анықтамасының көптігі зерттеу жұмысын кең ауқымда қарастыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстың зерттелу нысаны - Демократия ұғымы және оның тарихи түрлері болып табылады.

Зерттеу пәні - Демократияның қалыптасу үдерісі, Демократияның тарихи түрлерін анықтау.
Зерттеудің теориялық әдіснамалық негізін Демократия түсініг және оның түрлері, принциптері, белгілері бойынша зерттеу жүргізген тарихшылар, саясаттанушылар, ойшыл-ғалымдардың зерттеулері мен ғылыми жұмвстары құрайды.
Осы жұмысты дайындау барысында зерттелініп отырған тақырыптың пәнаралық сипатын ескере отырып, жан-жақты жүйелі зерттеу мақсатында автор жүйелі талдау әдісін пайдаланды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, 4 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Демократия түсінігін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Саясаттанудағы демократия ұғымы және оның мәні
Демократия ұғымы ғасырлар бойы зерттеліп келе жатқан, өте ертеде пайда болған ұғым. Ол - басқарудың ерекше формасы. Себебі, саясаттың бұл түрінің ең басты тиімділігі- халықтың басты рөлде болуы. Демократия, ең алдымен, халықтың құқығының сақталуымен, заңға бағынуымен, жеке адамның мүддесі мен бостандығы сақталуымен сипатталады.
Демократияның көпшілік таныған біртұтас анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшыл-ғалымдар оны әр түрлі түсінген. Сонымен қатар әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне қарай демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Демократиялық мемлекетте халық заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып саналады, мемлекет - ұйымдастырушы, ал халық дауыс беру арқылы жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отыруға мүмкіндіктері бар.
Демократия сөзі гректің "demos" - халық және "kratos" - билік деген сөздерінен шыққан. Яғни, халық билігідеген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл ұғымды ертедегі гректер өздерінің қоғам, мемлекет құрылыстарымен байланыстырған. Себебі ежелгі гректердің және римдіктердің мемлекеті негізінде бір қала көлемінде ғана болды.
Осыған байланысты демократиялық мемлекеттің толық құқықты азаматтары шешім қабылдау үшін бір алаңға жиналып шешім қабылдауына мүмкіншілігі болды.
Жалпы демократияның өзіндік белгілері мен принциптері бар.
Демократияның белгілеріне тоқтала кетсек: Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы, бөлшегі болып саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді.
::Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек, ол жағдай тендік болған жерде ғана болады. Теңдік барлық салада - халық жиынында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда және басқа салаларда да болуға тиіс.
::Адамдарды тендестіру үшін заң, құқық алдындағы теңдік болу керек. Заң мен құқық - жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы.
::Демократияның кепілі - әділеттілік. Әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпаты мен айқындалады.
::Бостандық пен еркіндік - демократияның бесінші белгісі болып табылады.
Енді принциптерін қарастырайық:
1. Демократия ұжымдық шешімді талап етеді.
2. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп беруге міндетті.
3. Мемлекеттік билік орындарына тек ең таңдаулылары, ең мүмкіндігі жоғары азаматтар сайланады.
4. Әрбір азаматтың сайлауға қатысуына, өзін-өзі ұсынуына мүмкіндігі бар.
Демократия - мемлекет бастауы. Сондықтан демократияда белгілер мен прициптерімен қатар мемлекет пен қоғам арасын байланыстыратын демократиялық институттармен, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, сайлау комиссияларымен қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақыттағы демократияның ұстанатын басты мақсаты ол - билікті қалыптастырудың көзі халық болуында. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольндің пікірінше: "Демократия: халық үшін сайланған халық билігі".
Қазір ежелгі антикалық уақытпен салыстырғанда демократия түсінігінің ауқымы да, мазмұны да біраз кеңейген. Демократия қазір тек қана сайлау мәселесімен шектеліп қана қоймайды. Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси құбылыстар, саяси қарым-қатынастар демократиялық ұстаным негізінде сипатталады. Мысалы, мемлекеттің сипаты (типі, режимі) демократиялық бағамен белгіленеді. Қоғамдық құрылымның мақсаты, идеалы, яғни қоғамның даму бағыты - ол да демократия ұғымымен бағаланады. Қоғамда азаматтардың теңдігі, құқығы, еркіндігі бар ма әлде жоқ па? Бұл да демократиямен сипатталады.
Ал енді осы белгілердің барлығын: азаматтардың теңдігін, құқығын, әділеттілікті, еркіндікті, әр адамның өзі қабілетін іске асыру мүмкіншілігін, яғни, демократиялық ұстанымдарды қоғамда қалай орнықтыруы қажет, ол үшін қандай жолдарды пайдалану керек? Бұның басты жолы - мемлекет билігін демократиялық жолмен қалыптастыру.
Бұл жоғарыда аталған құндылықтарды ұйымдастыруға қабілеті бар билік жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Яғни, халыққа қажетті тәртіптілікті билік арқылы орнықтыру. Егер халықта сондай мүмкіншілік болса, бұл - демократияның бірінші белгісі.
Қазіргі кезеңдегі демократия дегеніміз не? - деген сұраққа жоғарыда келтірілген пікірлердің барлығын қорытып айтатын болсақ, қоғамдық билікті халық сайлайтын, теңдік, құқықтық, әділеттік, еркіндік ұстанымдарына негізделген мемлекеттік жүйе, - деп жауап беруге болады.
Демократияға байланысты тағы да бір түсінікті анықтап алғанымыз жөн. Ол демократия мен бостандықтың ара қатынасы туралы мәселе. Мысалы, көпшілік "демократия" деген не? - деген сұраққа көп жағдайда "демократия - ол еркіндік" деп жауап береді. Осы дұрыс па? Демократия - тек қана еркіндік пе? Егер олай болатын болса, демократия әркімді күнделікті міндетінен, тәртіптен, жауапкершіліктен босатып жіберуші еді. Демократия ондай еркіндікке қарсы. Сонда, демократия қандай еркіндікті жақтайды? Бұл мәселені анықтап алу үшін, біріншіден, демократияның шешім қабылдау тәсілі есте болуы керек. Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірімен санасып, дауыс беру арқылы шешім қабылдау.
Бұл ұстаным арқылы демократияның қолдайтын бостандығы, әр азаматқа беретін құқығы санаулы ғана. Олар:
1) Ұжымдық шешім қабылдауға қатысу.
2) Шешім қабылдау үшін өз пікірін, ұсыныстарын білдіру.
Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Халық дауыс берген уақытта қарсы болса да, көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң. Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік бере алады. Ал кейбір азаматтардан өз міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның қызметі емес. Бейберекетсіздік пен анархиялық бостандық - ол демократияның ұстанымына жатпайды.
Сонымен, демократияның мақсаты - қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіпті орнату. Демократия - ол бостандықтың өзі емес, демократия - бостандықты орнатудың жолы.

Демократияның даму тарихы
Демократия туралы ой-пікірлер ерте замандарда ежелгі шығыс елдерінде: Мысырда, Вавилонда, Үндістанда, Парсыда және Қытайда пайда болды. Бұл елдерде демократиялық идеялардың шарықтап дамып, сонымен қатар, құлдырап төмендеген кезеңдері де болды.
Мысалы, ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің б.з. дейінгі VI-V ғасырларда "Ардақты, киелі билік ол біреудің тәуелдігі немесе біреудің тәуелсіздігі емес, шынайы билік - ол өкімет пен жеке адам арасындағы өзара тәуелділік" - деген пікірі демократияның қазіргі ұстанымына сәйкес келеді.
Ежелгі Шығыс елдерімен бірге Қазақ даласында да демократияның көптеген белгілері орын алды. Мысалы, сақтар қауымында патшалар болды, бірақ монархиялық жүйе болған жоқ.
Егер бұл жағдайға ғылыми көзқараспен қарайтын болсақ - бұл меритократия деп аталады. Меритократия дегеніміз - жоғары әрі маңызды лауазымдарда ең ақылды, қабілетті әрі білікті адамдар отыратын, олардың шыққан тегі, жері мен әлеуметтік статусы маңызды емес жүйе.

Меритократия - шығыстағы демократия ұстанымының ең алғашқы түрі болып саналады. Қазақ даласында осы демократиялық ұстаным ғасырлар бойы жалғасып келді.
Кейінгі уақыттары қазақ дәстүрінде әрбір жаңа хан өзінің тумысымен емес, болмысымен билікке жеткен, яғни, ел басқарушы мұрагерлікпен емес, халықтың ұлы ретінде танылған ел ағаларының бірі, елге еңбегі сіңген азамат көпшіліктің қалауы бойынша хан болып сайланған.
Қазақ жерінің мемлекеттік құрылымындағы мұндай ерекшелікті өткен ғасырлардағы орыс демократтары мен шенеуніктері де байқапты. Мысалы, XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Ресей мен Қазақстан арасында қызмет еткен елші А.И.Тевкелев: "Қырғыз-қайсақта... мұрагерлік жолмен хан болмайды, сайлау арқылы ғана хан болады", - деп өз ойын білдірген.
Сол сияқты Орынбор губернаторы И.Неплюев 1748 ж. 26 тамызда Ресей сыртқы істер коллегиясына жолдаған ресми хабарламасында: "Бұл қырғыз- қайсақта қалыптасқан салт бойынша ежелгі хан-сұлтан әулетінің өкілдері мұрагерлік жолымен емес, халықтың сайлауы бойынша ғана хандыққа жете алады", - дейді.
Қазақ тарихында Жәнібек-Керей хандардан Абылай ханға дейінгі аралықта бізге аттары белгілі көптеген хандар өтті. Солардың барлығы да ашық сайлау жолымен, халықтың қалауы бойынша ақ киізге көтеріп хан сайланған.
Қазақ жеріндегі меритократиялық демократияның көптеген ұстанымдары қазақ даласында кейінде де кең өріс алған. Бұл жөнінде көптеген мәліметтер Әбіш Кекілбаевтың "Үркер" атты романында кеңінен баяндалған. Онда билер бір аймақтың халқымен бірге жиналып, шиеленісті мәселелерді көпшіліктің пікірін есепке ала отырып шешкен.
Бұл процестің маңыздылығы - халықтың пікірімен санасушылық болғандығында.
Шығыс елдерімен, соның ішінде ежелгі Қазақ елімен қатар демократия Еуропа елдерінде де кеңінен тарады. Демократияның әртүрлі құрамдары, жүйелері, сайланған орындары, жалпы мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде пайда болып, дами бастады. Демократия көптеген жақсы жақтарымен ерекшеленді. Бірақ осал тұстары да болды. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ. Қоғам адамдардың ішкі өміріне араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, деспотияға айналуына мүмкіндік тудырды. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес, зорлықпен шексіз үстемдік құратын зұлым патша сияқты болып, ал қоғамдық құрылыс көбіне тирания сияқты болып көрінді. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын демагогтарға қолайлы болды. Сондықтан Аристотель демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап, ұстамды, дұрыс шешім қабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады. Демократия барлық адамдарды теңдестіреді, стихиялы шешім қабылдатады,
қызмет адамдарын қабілетіне, біліміне қарай емес жеребемен
қойдырады деп Платон да демократия ұғымын құптамады. Сондықтан ол демократияға жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі деп баға берді. Дегенмен, антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, ғалымдар ғасырлар бойы зерттеп, оған сүйеніп, жүгініп келді. Ежелгі грек, рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа енді. Мысалы, қазіргі әлемде ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси жүйенің принциптері жаңа деңгейде қайталанғандай: президенттік билік - патшалық билікті, сенат - аристократия- ны, өкілдер палатасы - халық трибунатын бейнелеп тұрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтардың теңдігі, саяси құқықтардың тендігі және т.б. сияқты антикалық дәуірде бастау алып қалыптасқан ұғымдар қазіргі демократиялық режимнің ажырамас бөлігі.

Демократияның тарихи түрлерi
Демократия үдерісін қалыптастыру және оның теориялары
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгеше- лігі, ең алдымен, барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "қоғамдық келісім" деген еңбегінде Руссо жан-жақты қарастырды. Оның пікірінше, саяси процесске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басты принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат
негізінде қалыптасады. Осылайша, жалпы жұрттың ойын тыңдап, көзқарастарын жинап, топтастырып, ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды.
Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классикалық философияның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді. Бірақ Руссо да демократияның классикалық теориясының негізін салушылар да адамның рационалды жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан жүргізілетін айла-шарғыларына оңай сеніп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайлы қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австрия әлеуметтанушысы Иозеф Шумпетер (1883-1950 жж.) болды. Ол өз есімімен аталған демократияның шумпетерлік теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес.
Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан, демократиялық тәсіл -Шумпетердің
ойынша, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелестік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне қарай топтар құрылады және солардың арасында күрес жүреді. Осылайша, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия қағидалары қалыптасады.
Либералдық қағидада халықтың, көпшіліктің орнына жеке адам алға тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процессте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалық саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайда болады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейін ол акционерлік қоғамдар, корпорациялар, концерндер және т.б. түріне айналды. Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін келе әр түрлі топтардың жалпы мақсатқа жету үшін жасаған бірліктерінің түрінде жүргізілетін болды.
Алуан түрліліктің плюрализмнің элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж.Локк пен Ш.Л. Монтескье көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
АҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж.Мэдисон (1751-1836 жж.) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әртүрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да, сонымен бірге басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалық полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты.
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процесске барлық азаматтар-
дың тікелей қатысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болған. Енді оның тек дауыс беруге ғана мүмкіндігі бар. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады, яғни, азамат саяси процесстің негізгі тұлғасы болудан қалады. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процесстің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдық және ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай.
Қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. көптеген мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады. Қандай адам болмасын, осындай белгілі бір топтың (отбасылық, этникалық, мамандық, діни, аймақтық және т.с.с.) өкілі болып табылады және сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті - қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.
Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксшілдік теориясы бар. Ол Руссоның ұжымдық теориясына ұқсас. Бірақ, марксшілдік демократияның таптық мәніне баса көңіл бөледі. Соңғы кезде демократияның экономикалық, теориясы алға тартылып жүр. Ол саясаттың билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Мысалы,
Американың экс-президенті Б.Клинтон қазіргі Батыс демократиясына нарықтық демократия деген атау берді.
Демократияны тура, плебисцитарлык, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді.
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың пікірін білдіруі кіреді. Ол парламент, үкімет басшысы немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе баска шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте төмен. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары - еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал тұсы - сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.
Американдық саясаттанушы Роберт Далдың пікірінше, демократия от, сурет, жазу сияқты бірнеше рет және бірнеше жерде ойлап табылған. Дегенмен, ұжымдық шешімдердің жүйелі түрде қабылдануына негізделген алғашқы басқару жүйелерінің құжаттық дәлелдемелерінің ең көп мөлшері қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси ұйымының ежелгі грек саясаты сияқты формасына қатысты. Олардың арасында жетекші рөлді Афина атқарды, онда шын мәнінде демократия терминінің өзі пайда болды. Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афина республикасы алғашқы болып кірді. Ол б.з.д. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы
шақырылып тұратын халық кенесінің қолында еді. Демократия мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешіп отырды. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бакылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың әрекеттерін айыптау немесе акгау және т.б. жұмыстар кірді. Халық кенесіне 20 жасқа жеткен афиналық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа араласу демократияға бірден-бір лайықты іс болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афинаға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бас бостандықтары болғанымен халық кеңесіне, сотка қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жетіп жүрді. Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару киынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді. Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан құралған) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен айналысты. Сонымен қатар ол халық кеңесінде
қаралатын істерді дайындады.
Афина мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды демократиялык органын он бөлімнен тұратын халык соты құрды. Істің қандай бөлімде қаралатындығы сот болатын күні жеребе арқылы шешіліп отырды. Бұл пара алушылықтың алдын алды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізіліп тұрды, Ол да сотты әділ жүргізудің кепілі болды. Заңдар халык жиналысында қабылданады. Афинаның азаматтары өздерін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға бағынды. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт кезде болсын мемлекетке қызмет етті.
Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты болды. Қауымның тіршілік негізінде жерге қоғамдық меншік жатты. Әрбір толық құқықты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын. Өзіне тиісті үлесін қожасы мұра етіп қалдыра алатын, сатқысы келсе сататын мүмкіндік болды. Бірақ ол жер өңделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алатын.
Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің кұқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын басқа біреуге беру деген ойға да келмеді. Он­дай жағдайда азамат толық құқығынан айырылғандай болып көрінетін.
Антикалық демократия тура демократияға жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге катысуға құқықты және міндетті бо­латын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ.
Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490 -- 429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Шынында да, ас­қан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халық көсемі болып есептелді және тиранияға қарсы тұрды. Оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады.
Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық теңдік біртіндеп бұзылып, жойыла бастады. Азаматтардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдет-ғұрып бүлініп, көпшілік тарапынан азшылыққа бассыздық, зорлық-зомбылық көбейді. Осының бәрі демократиялық принциптерді әлсіретіп, төмендетті.
Б.з.б. 322 жылы афинылық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афиныда демократиялык баскару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен айрылды.

Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда демократия одан әрі дамыды. Институционалдық және әлеуметтік билік екіге бөлінді. Басы бос, бірақ саяси құқығы жоқ төменгі топтың адамдары мен аксүйектер арасындағы дау-жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келді. Бірақ Ежелгі Грекиядағы, Ежелгі Римдегі демократияға қазіргі көзқараспен қарайтын болсақ, бұл елдердегі демократия ешқашан толық болған жоқ. Себебі сайлауға дауыс беруге, шешім қабылдауға қатысатын адамдар тек толық құқықты азаматтар ғана болды. Ал мыңдаған құлдар, кедейлер, тіпті, қолөнершілер, әйелдер - толық азаматтар санатына қосылған жоқ, себебі олар толық құқылы азаматтар қатарына кірмеді. Кейін саяси ғылымда демократияның бұл түрі аристократия деп аталатын болды. (aristo - таңдаулы, kratos - билік).
Аристократия дегеніміз - билік ақсүйектер өкілдерінің қолында болатын мемлекеттік басқару жүйесі. Аристократиялық және меритократиялық басқарудың шынайы демократияның негізін қалауына тарихи мүмкіндік болған еді. Бірақ тарихта билік басқаша жолмен орныға бастады. Құл иеленуші құрылыс ыдырағаннан кейін, (әсіресе Еуропа мемлекеттерінде) меншіктік қатынастар шиеленісе бастады, әлеуметтік топтар мен таптардың өзара қайшылығы күшейді, мемлекет билеушілер әулеті қалыптасты. Саяси билік құрып, мемлекет басқарып, оның өздері, әулеті үшін пайдалылығын, ұтымдылығын байқаған патшалар билікті мұра ретінде өз ұрпақтарына бере бастайды. Мысалы, Ежелгі Грекияда Іскендір Македон империясы пайда болды, Ежелгі Рим империясы орнықты.
Бұл мемлекет басқару түрін саясаттану ғылымында монархия деп атайды. Монархия - алғашқы тарихи басқару түрі, мемлекеттің жоғарғы өкімет билігінің жеке дара билеушінің қолында болып, мұра ретінде кейінгі ұрпақтарына қалатын билік түрі. Бүкіл дүние жүзінде ғасырлар бойы осы монархиялық жүйе жүргізіліп келді.
Осылайша, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мәселелері қиындай түсті. Әрине, бұған қарсы күресте көптеген ғалымдар мен әр елдің жаңашыл әлеуметтік топтары өз үлесін қосып келді.
1265 жылы ғана демократиялық ұстаным енгізу жолында адамзат тарихында үлкен қадам жасалған болатын. Осы жылы Англияның королі Генрих ІІІ ағылшын серілерінің (рыцарьларының) қысымы бойынша корольдің билігін шектейтін мемлекеттік орган - парламент құрылды. Парламент ол өкілетті орган. Ел азаматтарының әрқайсысы өздерінің топтарынан осы органға уәкілдер, яғни, елші жіберетін болды. Нәтижесінде корольдің, яғни монархтың билігі шектеліп, король өз билігін халық өкілдерімен бөлісуге мәжбүр болды.
Парламент деген сөздің негізі ағылшынша parlament - "кеңесу" деген, французша -- parler "сөйлеу' деген мағынаны білдіреді.. Парламент жоғарғы сайланбалы өкілдік және заң шығаратын мемлекеттік билік органы болып саналды. Сонымен, тарихта корольдің бұрынғыдай жеке өзі шешім қабылдай алмайтын, парламенттің пікірімен санасуға тиіс болатын кезең туды.
Парламенттің пайда болуының демократияның даму тарихында басты екі маңызы болды. Біріншіден, осыған дейін дүние жүзіндегі барлық елдерде
мемлекет басқарудың тек бір ғана түрі - монархия болған болса, енді екінші түрі пайда болды - ол конституциялық монархия.
Конституциялық монархия - Король Мемлекет басшысы болып табылатын, бірақ оның билігі абсолютті емес, бірақ бірқатар құқықтарды қамтитын конституциямен шектелетін саяси жүйе. Мемлекет басқарудың бұл түрі Англияда осы күнге дейін сақталып кейін басқа мемлекеттерге де тарады. Мысалы, Швеция, Дания, Испания, Жапония және т.б.
Парламенттің пайда болуының екінші маңызы, ол демократия туралы идеяны іске асырудың құралының, тәсілінің шығуы. Идеяны іске асыратын әдіс болмаса, ол идея күйінде қала беруі де мүмкін. Парламент дегеніміз - тек жоғарғы саяси биліктің түрі ғана емес, ол жалпы сайланбалы органдар жүйесі. Мысалы, жергілікті сайлау органдары, мәслихат та парламенттік жүйе.
Демократияның дамуындағы келесі үлкен қадам 527 жылдан кейін жасалып, 1792 жылы Францияда республика қалыптасты.
Республика дегеніміз - саяси биліктің негізгі жоғары органдары сайлау арқылы ұйымдастырылатын мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы
Саяси режим
Саяси режимдердің типологиясы
Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
Демократияның заманауи теориялары
Демократия туралы жалпы түсінік
Билік органдарын сайлау
Қазақстан Республикасында тікелей демократия нысандарының дамуы
Демократиялық саяси режим белгілері
Пәндер