Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
:

І

КІРІСПЕ: ТІЛ ҰСТАРТУ, ТІЛ ДАМЫТУ ҰҒЫМДАРЫНА ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІК БЕРУ
3:
: 1. 1.
КІРІСПЕ: Тіл дамыту мен тіл ұстарту түсініктемесі, олардың сипаттамасы мен мәні.
3: 5
: 1. 2 .
КІРІСПЕ: Әдебиет сабағындағы тіл ұстарту, тіл дамыту жұмыстарының маңызы.
3: 9
: 1. 3.
КІРІСПЕ: Халық ауыз әдебиетінің баланың тілін дамытудағы рөлі.
3: 15
: ІІ
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТІЛ ҰСТАРТУ МЕН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ.
3: 20
: 2. 1
КІРІСПЕ: Тіл ұстарту және тіл дамыту жұмыстары арқылы оқыту жолдары. Практикалық жұмыстар.
3: 20
: 2. 2
КІРІСПЕ: Сабақтан тыс «Тіл дамыту» курстық бағдарламасы
3: 29
: 2. 3
КІРІСПЕ: Зертханалық жұмыc
3: 30
:
КІРІСПЕ: Қорытынды
3: 32
:
КІРІСПЕ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 33

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда тіл мәселесі - өте өзекті тақырыптардың бірі. Қаншалықты ауыр естілгенімен, туған тіліміздің халі жылдан жылға нығаюдың орнына, кері құбылыс көрсетуде. Тарихи факторлар, ұзақ жылдарға кері шегінген тарих - бұның барлығы әлі күнге дейін өз үлкен аспектісін көрсетуде. Сол себептен біз қазақ әдебиеті пәнінде оқушылардың бойындағы патриоттық сензімінің ұлғаюына жағдай жасап, көркем шығарма оқу арқылы еліне деген сүйспеншілігін арттырып, өз жерінің тарихына үңілдіруіміз қажет. Балаларды қазақ тілінде сауатты әрі сапалы сөйлеуіне жағдай жасау - пәніміздің басты міндеті болуы тиіс деген ойдамыз. Сол себептен, әдебиет сабақтарында тіл ұстарту, тіл дамыту жұмыстарына үлкен назар салыну тиіс. Арнайы жұмыстар оқушыларды тіл заңдылықтарын қолдана білуге, ауызекі және жазбаша сөйлеу біліктіліктерін тиімді меңгеруге үйретеді. Сөздің құдіретін, сөйлеудегі керемет сезім тіршілігін сезініп, ана тілінің жұмбақ сырларын біліп, сөйлеу өнерін игеруге талпындырады, оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейтіп, басқалармен қарым-қатынас кезінде өздерін еркін ұстауға үйретеді. Оқушыны жан-жақты жетілген, өз бетімен әрекет ете алатын, шығармашыл, ізденімпаз тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайды.

«Тіл дамыту» жұмыстарының негізінде оқушылар ұғымдарды, мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді өмірде өзі үшін пайдалануды үйренеді. Тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу арқылы баланың өзін қоршаған ортасы, басынан өтіп жатқан оқиғалар, өз бетімен бақылау арқылы жинаған білімін оқу материалымен ұштастыруға, тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына, ойлау үрдісін дамуына да септігін тигізеді.

Зерттеу объектісі : тіл ұстарту, тіл дамыту

Зерттеу пәні : қазақ әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі

Зерттеудің мақсаты: қазақ әдебиеті сабағы арқылы баланың тілін дамыту жолдарын анықтап, нақты практикалық жұмыстар ұсыну.

Зерттеу міндеттері:

  • Оқушының оқу дағдысын қалыптастыратын және жетілдіретін жұмыстар ұсыну.
  • Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын ояту.
  • Ауызекі және жазбаша тілді байланыстыра отырып, сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мағыналы, түсінікті жаза білу) дамыту.
  • Шығармашылық белсенділік пен суреткерлік қиялын жетілдіру. Ұлттық ерекшелігін, дәстүрін зерделей білетін оқушыларды тәрбиелеу. Оқушының бойына өз халқының игілігін дарыту.

Зерттеу әдістері: баяндау, талдау, эксперимант, салыстыру, жинақтау әдістері.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Бұл еңбекті жоғары және

арнаулы кәсіби білім беру педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне қолдануға болады. Оның негізгі практикалық маңыздылығы әдебиет сабағы арқылы баланың тілін дамытып, көркем шығарма, ертегі, мақал-мәтел, жаңылпаш, аңыз-әңгімелердің біздің өмірімізде қаншалықты маңызды екенін ұғындыруда жатыр.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.


І. Тіл ұстарту, тіл дамыту ұғымдарына ғылыми-теориялық түсінік беру

  1. Тіл дамыту мен тіл ұстарту түсініктемесі, олардың

сипаттамасы мен мәні.

«Тіл дамыту» сөзі термин ретінде қазақ тіліне 1930 жылдары жазылған әдістемелік еңбектерден бастап ене бастайды. Алайда ертеректе шыққан оқулдықтар мен әдістемелік құралдарда «тіл дамыту», «тіл ширату», «тіл жетілдіру», «сөз байлығын арттыру» деп, әркім өзінше қолданды. [1]

Тіл ұстарту - баланың ойлау процесімен байланысты. Тіл ұстарту оқушы тілін дамытудың, сауатты жазудың негізі болып саналады. Байланыстырып сөйлеуді дамыту - оқушы тілін дамытуды, мәнерлеп сөйлеуге дағдыландыруды, сауатты жазуға баулуды, қысылмай еркін сөйлей білуге, мәтінді дұрыс оқып, мазмұнын жүйелі түсіне білуді үйретуді қамтиды. Мұндай жұмыстардың түрлері оқушының ой-өрісін, тілін дамытудағы басты мәселелер болып табылады. Мәтінмен жұмыс істеудің тіл ұстартуда алатын орны үлкен. Мәтінмен жұмыс оқушылардың санасын, сезімдерін байытуға, әдеби сөйлеуге, дұрыс оқуға, ортасын тануға үйретеді.

Тілді дамыту бөлімі мынадай бағыттардан тұрады:

- тілдің дыбыстық мәдениеті;

- тілдің грамматикалық құрылысы;

- тілдің лексикалық жағы;

- байланысты сөз.

Тіл дамыту әдістемесі - педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.

Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі, оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті, мазмұны бар.

Әдістеменің басты міндеті - балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс - тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

Тұжырымда бекітілгендей мектеп алды даярлықта білім алу тіл дамыту ана тіліндегі ауызша сөздің дағдыларын, сөздік этикетін бойына сіңіру. Бағдарлама бойынша 2 тілді оқу міндетті.

Тіл дамыту әдістемесі барлық әдістемелер сияқты мына негізгі сұрақтарға жауап береді:

- Немен оқытамыз?

- Қалай оқытамыз?

- Неліктен тура осылай оқыту керек?

Е. И. Тихеева көрсеткендей, бұл ана тілі оның кедергісіз, жан - жақты дамуы тәрбиенің негізі болып табылады.

Тіл дамыту әдістемесі барлық педагогикалық ғылым сияқты жалпы ғылымға енеді.

Оның методологиялық негізі тіл және ойлауға үйрену болып табылады.

Тіл - басты қарым - қатынас құралы болып табылады. Ойлау - тіл сияқты қалыптасып дамиды. Адамдардың еңбек әрекеті барысында дамиды, қоршаған адамдар мен тұрмысының көрінісі болып табылады. [2]

Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі - фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис) : психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.

Әдістеменің басты тараулары:

- байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру

- сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу

-балалардың ауызекі сөзінде сөз қорының және грамматикалық дағдыларының дамуы

- балаларды сауатты оқуға дайындау

- балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.

Тіл дамыту әдістемесі барлық мазмұны іс - жүзінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге арналған.

Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу - осы аймақта жаңа теория және іс - тәжірибе енгізу. [3]

Зерттеу:

1) Тарихи жайлар. Өткеннің қорытындыларын осы кезеңде тексеру және бағалау.

2) Тәжірибелік - балабақшада педагогикалық тәжірибе жүргізу.

3) Тәрбиешінің озық тәжірибесін талдап қорыту.

4) Тәрбиешілермен балалармен әңгіме.

5) Құжаттармен танысу.

1. Ана тілінде оқыту, белсенді тіл қызметін талап ету.

2. Бала мен үлкен арасындағы байланыс. Тіл дамыту қызметіне басшылық жасау.

3. Көркем әдеби шығармалармен танысу. Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану.

4. Балалардың тілін дамытуда ұстаздың сөйлеу мәнері тиімді құрал болып табылады.

Сөйлеу мәнерін қарастыруда - оқыту басты әдіс болып табылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымда - сабақ ең негізгі форма болып қолданылады.

Дидактикалық мақсаты бар мынадай сабақ түрлерін атап көрсетуге болады.

1. Жаңа материалдарды оқыту сабағы.

2. Білім, дағды, іскерліктерін бекіту.

3. Қорытындылау, тұжырымдау.

4. Білімдердің қорытындысын бақылау.

5. Аралас сабақ.

3 . Педагогикалық ғылым ретінде әдістеменің психологиялық-педагогикалық зарттеу әдістері бар. Зерттеу әдістерін теориялық және эмпирикалық (практикалық) деп бөлуге болады. [4]

Теориялық әдістерге: зерттеу мәселесі бойынша теориялық әдебиеттерді талдау және оқу, эксперимент, әңгімелесу, бақылау барысында алынған материалды қорытындылау, талдау, модельдеу жатады.

Эмпирикалық әдістерге: бақылау, әңгімелесу, рейтинг, тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін игеру, тәжірибелі-педагогикалық жұмыс, педагогикалық эксперимент жатады.

Әрбір әдіске қысқаша тоқталар болсақ:

Сөйлеуді қалыптастыру мәселесі бойынша кез-келген зерттеуге психологиялық, психолингвистикалық, лингвистикалық, дидактикалық, әдістемелік жақын келу тән. Осыған байланысты тіл дамытудың әдістемелік, психологиялық, лингвистикалық негізі ашылатын әдебиеттер оқылады. Зерттеушіні қызықтыратын теориядағы сұрақтардың жағдайы, оқығандығының дәрежесі анықталатын педагогикалық әдебиеттерді талдау және оқудың маңызы зор (отандық, шетел, қазіргі және бұрыннан, ежелден қалған әдебиеттер) .

Модельдеу әдісі - бұл әдістің негізінде аналогия принципі жатыр. Оны жұмыстық болжамды өңдегенде, оқу-тәрбие процесін және оның фрагменттерін жобалауда қолданылады. «Модельдер» көмегімен оқу-тәрбие процестерінің элементтерінің арасында байланыс ашылады.

Қорытындылау және талдау әдісі - зерттеудің әр түрлі кезеңдерінде және әр қайсысының нәтижесі және тұтас жұмыс бойынша қорытынды шығаруда қолданылады.

Бақылау - балалардың сөйлеуіне, тіліне, тәрбиешінің әрекетіне жүргізіледі. Ол қарым-қатынастың әр түрлі ситуацияларында балалардың тілінің ерекшеліктерін, сөйлеу іскерлігі мен дағдысын игеру дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық құжаттарды талдау және оқу - ата-аналармен тәрбиешілерді анкеталау арқылы қызықтыратын мәселесі бойынша жұмыс жағдайын анықтауға көмектеседі. [5]

Әңгімелесу - (балалармен, ата-аналармен, педагогтармен) зерттеу барысында мәселені талдау, анықтау үшін қолданылады. Әңгімелесуге анкеталау және интервью әдістері де қатыстырылады.

Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс - оқу және тәрбие процесіне өзгертулер енгізу әдісі. Бұл әдіс эксперименттің бір бөлігі болып табылады.

Осымен қатар, әдістеме дидактикада өңделген әдістерді қолданады. Әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді: көрнекілік, сөздік және практикалық. Бұл әдістер бір-бірімен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сөздік арқылы түсіндіріледі, ал сөздікте көрнекілік тәсілдер қолданылады.

Көрнекілік әдістер - балабақшада жиі қолданылады. Тікелей және жанама әдістер ретінде қолданыс табады. Тікелей көрнекілік әдісі және оның түрлеріне: саяхат, натуралды заттарды қарау, мекемені бқылау жатады.

Жанама әдістер бейнелік құралдарды қолдануға негізделген. Бұл ойыншықтарды, картиналарды, фотосуреттерді қарау, ойыншық және картинаны суреттеу, әңгімелеу жатады. Ол білімді, сөздік қорды бекіту үшін, байланыстырып сөйлеуге оқытуға, сөздің жалпы функциясын дамытуға көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар тікелей танысуға келмейтін құбылыстар мен объектілермен танысу үшін де қолданылады.

Сөздік әдістер - бұл көркем шығармаларды әңгімелеу, оқу, жаттау, мазмұндау, көрнекілік материалға сүйенбей әңгімелеу. Барлық сөздік әдісте көрнекілік тәсілдер қолданылады: заттарды, ойыншықтарды, картиналарды көрсету, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты иллюстрацияларды қарау.

Практикалық әдістер - сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін қолдануға бағытталған. Бұған әр түрлі дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, көріністер, дидактикалық жаттығулар, хороводтық ойындар жатады. Олар барлық сөйлеу міндеттерін шешу үшін қолданылады. [6]

Балалардың сөйлеу қызметінің сипатына байланысты репродуктивтік және продуктивтік әдістерді бөлуге болады.

Репродуктивтік әдістер - дайын үлгілерді, сөйлеу материалын қайталауға, қайта өңдеуге негізделген. Балабақшада олар сөздік жұмыста, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу бойынша жұмыстарда қолданылады. Репродуктивтік әдіске көрнекілік әдісін және оның түрлерін, суреттерді қарауды, көркем шығармаларды оқу, мазмұндау, жаттау, әдеби шығармалар мазмұны бойынша драматизациялық, дидактикалық ойындарды яғни балалар сөзді, оларды байланыстыру заңдарын, кейбір грамматикалық құбылыстарды игеретін барлық әдістерді жатқызуға болады.

Продуктивтік әдістер - балалардың өздерінің байланыстырып сөйлеуіне негізделген. Осыдан сөйлеу қызметінің шығармашылық сипатын аңғаруға болады, яғни бұл әдіс байланыстырып сөйлеуде қолданылады. Оған әңгімелесуді, мазмұндауды, байланыстырып сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындарды, шығармашылық тапсырмаларды, модельдеу әдісін жатқызуға болады.

Тіл дамытудың әдістемелік тәсілдері дәстүрлі түрде үш негізгі топқа бөлінеді: сөздік, көрнекілік, ойындық.

Сөздік тәсілге - сөйлеу үлгісі, қайталап айту, түсіндіру, нұсқау беру, балалар сөйлеуін бағалау және сұрақ жатады.

Сөйлеу үлгісі - балалар еліктеу үшін, алдын-ала дұрыс ойластырылған педагогтың сөйлеу әрекеті. Үлгі мазмұны және формасы бойынша түсінікті болу керек. Оны нық, қатты және асықпай айту керек. Үлгі еліктеу үшін берілетін болғандықтан ол балалардың сөйлеу әрекетіне дейін ұсынылады. Бірақ кейде ересек топтарда үлгіні балалардың сөйлеуінен кейін қолдануға болады, бірақ бұл кезде ол еліктеу үшін емес, салыстыру және түзету үшін қызмет етеді.

Қайталап айту - есте сақтау мақсатымен бір сөз элементін бірнеше рет қайталау. Практикада қайталаудың көптеген нұсқалары қолданылады: педагогтың артынан, басқа балалардан кейін, тәрбиеші мен балалардың бірігіп қайталауы, хормен.

Түсіндіру - кейбір құбылыстар мен әрекет амалдарының мәнін ашу. Дидактикалық ойындардағы әрекеттерді және ережелерді түсініру үшін, сөздің мәнін ашу үшін сонымен қатар затты зерттеу және бақылау процесінде кең түрде қолданады.

Нұсқау беру - арнайы нәтижеге жету үшін балаларға әрекет амалдарын түсіндіру. Оқытуға, ұйымдастыруға және тәртіпке арналған нұсқау беру түрлері бар.

Балалар сөйлеуін бағалау - сөйлеу әрекетінің сапалы орындалуын сипаттайтын баланың сөйлеуін талқылау. Баға қалыптастыру сипатында ғана емес, оқыту сипатында болу керек. Бағалауда сөйлеудің барлық жағымды жақтары ескеріледі, ал кейбір қателіктер үлгі және басқа да әдістемелік амалдардың көмегімен түзетіледі.

  1. Әдебиет сабағындағы тіл ұстарту, тіл дамыту жұмыстарының маңызы.

Қазақ әдебиетіндегі тіл дамыту жұмыстарын нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіру - бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Заманымыздың тілек-талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі - оқушы тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді (оқу тапсырмалары, үйретілген ережелер) саналы түрде ұғынып, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан да оқыту процесі нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде де ерекше ұғындыруымыз қажет. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде тіл ұстарту мәселесі нақтылы да жүйелі жүргізілмей, тіл ұстарту мәселесінің өзі де әлі де нақтыланбай, оны жүзеге асырудың бағыттары, жолдары анық белгіленбей, белгілі бір жүйеде қолданылмай жүргендіктен, оқушылардың шығармашылық жазу жұмыстарының т. б. сапасы төмен дәрежеде екендігі соңғы уақытта баспасөз беттерінде жарияланып жүрген мақалаларда айтылып та жүр. Бұл фактілер, біріншіден, оқушылардың тілін дамытуға байланысты олқылықтардың орын алуымен айқындалса, екіншіден, тіл дамыту әдістемесіндегі нақтылықты қажет етумен айғақ болады. Тіл ұстарту сабақтарының табысты болуы көбінесе оқыту әдістемесімен айқындалады. Сонымен бірге тіл ұстарту сабақтары білім алушылардың шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызып, төмендегідей дағдыларды қалыптастырады:

- өз пікірін, көзқарасын анық жеткізе білу;

- байқампаздығын дамыту;

- кез-келген құбылыс, жағдайды шынайы бағалай білу;

- дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту;

- ізденгіштікке ұмтылуы;

- толық фантазиялық еркіндігі;

- орфографиялық сауаттылықты нығайту.

Шығарманың анықтамасын беріп, оның көркем шығармадан айырмашылығын ашып көрсеткен белгілі әдіскер - С. Жиенбаев. «Шығарма деп - өз жанынан шығарып жазғанды айтамыз. Мектепте сабақ ретінде жазылатын шығарма мен кәдімгі көркем шығарма жазудың айырмашылығы бар, оқушыға шығарма жаздырғанда, белгілі бір тақырып беріледі. Сол тақырыпты ол өзі (өз бетімен) мазмұндап береді, онда айтылған мәселелерді қалай түсінетінін көрсетеді. Оқушыларға жазуға берілетін тақырыптар негізінде сабақта тексеріліп, әңгімеленген мәселелердің көлемінен алыс кетпеуге тиіс. Олар сабақта айтылған түсініктерді, талдауларды дұрыс қайталап айтып бере алса, сол жарайды. Олай болса, мектепте сабақ ретінде жүргізілетін шығармалар толық мағынасында ойдан шығарылып жазатын еңбек емес. Ал оның шығарма деп аталатын себебі: мұнда бала, бір жағынан, мектепте оқыған сабақтарына сүйене тұрса да, сонымен қатар материалдарды өзінше жоспарлап, өз білгенінше мазмұндайды», - дейді ол [7] .

Шығарма жазу әдістемесін алғаш рет көрсеткен әдіскер - Ғ. Бегалиев. Ғ. Бегалиевтың еңбектерінде шығармалардың нақты көлемі мен жүйесі көрсетілмегенімен, оны жаздыру қажеттігі жөнінде мәселе көтереді. Ғ. Бегалиев шығарма мен мазмұндама жұмыстарына өзінен бұрынғы әдістемелік әдебиеттерде берілген анықтамаларды басшылыққа алып отырмағандықтан, бұл екі жұмыстың межесін ажыратпай, шығарманы мазмұндама және мазмұндаманы шығарма деп араластыра көрсеткенімен (мысалы, оқып шыққан мәнін үлгісімен оқушылардың ойларынан шығарып жазатын жұмыстарын мазмұндамаға жатқызады), шығарманы түрлендіре жүргізудің кішкене балалардың тілін ұстартудағы маңызын айтқан бірден-бір әдіскер болды.

Шығарма жаздыру әдістемесін зерттеуші Е. Дайрабаев шығарма мен мазмұндаманың айырмашылығын айқын ашып көрсетті: «Шығарма дегеніміз - белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Шығарма жазушы өзі туралы, өнер жөнінде, оқыған немесе талдаған әдеби туынды жайындағы ойларын баяндайды, тиісті тақырып бойынша мәтінді өзінше құрап, өзінше жазады» [8] .

Шығармашылық жазба жұмыстардың мақсаты - логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу. Көркем әдебиеттің мақсаты - қоғам мен адам, халық пен жеке адам арасындағы жанды әлеуметтік, психологиялық байланыстарды табиғи суреттеу, ал шәкірт шығармадағы кейіпкердің жан дүниесін түсінбесе, олар туралы жақсы сипаттама, шығарма, ойтолғау олардан шықпас еді. Сондықтан тәжірибелі ұстаз туынды кейіпкерінің ішкі әлемін сипаттайтын мәтінге, штрих, детальге терең назар аударуды оқушыға міндеттейді. Осы арада Ж. Аймауытовтың «Ақбілегіндегі» Ақбілек монологы, Б. Майлиннің «Айранбайындағы» «Көкек» әнін салуы, «Шұғаның белгісіндегі» «Ой, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау» деген бір ғана сөйлем, «Абай жолындағы» Құнанбай портреті шығарма тақырыбы мен идеясын терең түсінуге бағыттайтын, кейіпкердің ішкі әлемін ұғуға жетелейтін жады детальдер. Жүрек сырын шерте білетін шығарма жаздыру үшін үлкен туындыдағы негізгі нәрсені - көп ойдың кішкене түйінін аңғартатын осындай портреттік сипаттаманы, монолог-диалог, штрихтарды - психологиялық жәйттерді көріп білуге, одан ой түйінін жасатуға, үйретуге жол салмақ. Осы арада Л. Толстойдың «Көркем шығармадағы басты нәрсе - автордың жан дүниесі» деген сөзі де еске түседі.

Жазба жұмысына бейімдеудің бір тәсілі ретінде ойдан сюжет құрау әдісін жатқызуға болады. Кейде әдебиет сабағын сырласу кезеңіне айналдыруға болады. Бұл жердегі мақсат: шәкірт іштегі ойын сыртқа шығарса, сезімін, ой-қиялын ұстазбен бөліссе, өзіндік жақсы пікірлер қалыпса еді. Ойтолғау тақырыптары «Хат жаздым қалам алып . . . », «Оңаша сыр айтамын, өзіңізге», «Тек сізге арналады», т. б. мазмұнда болып келеді. Қазақ тілі сабақтарында шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әркімнің өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері жан-жақты дамуға септігін тигізеді.

Тіл ұстарту сабақтарында диалогты қатынас қалыптастырудың маңызы зор. Диалог грек тілінде сөйлесу, әңгіме - пікір мен репликалардың ұдайы қарым- қатынасынан тұратын ауызша сөйлеудің қалпы болып табылады. Мұнда тілдік құрамға сөйлеушілердің сөйлеуді қабылдау жағдайы да әсер етеді. Диалогтың негізгі бірлігі - алдыңғысы кейінгісімен байланыста - өзара пікір алмасуды білдіретін бірнеше репликаның біртұтас мағыналық (тақырыптық) топтасуы болып табылады [9] . Қолданылу мақсаттары, қатынас жағдаяттары, сөйлеуші адамдардың рөліне қарай диалогтарды: тұрмыстық диалог, іскери әңгіме, сұқбат деген топтарға бөлуге болады [2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні ғылым және оқу пәні ретінд
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz