Ғажап елімнің теңдесіз тарихы мен табиғаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жобаның бірлескен авторлары:
Қазали Айгерім Канатқызы 9 А сынып оқушысы
Бексеитова Айғаным Шабановна 9 А сынып оқушысы

Тақырыбы: Ғажап елімнің теңдесіз тарихы мен табиғаты

ІV бағыт Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар

Секция: әдебиет

Жоба жетекшісі: Казалиева Зульфия Абаевна

Жақсы, 2023 жыл
Мазмұны:
1. Эссе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
2.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
3. Зерттеу жұмысының мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4. Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
5. ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ КЕСЕНЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
6. ШАРЫН ШАТҚАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
7. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШВЕЙЦАРИЯСЫАТАНҒАН ЖЕР ... ... ...9
8. ӘНШІ БАРХАН ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
9. ҮЛКЕН АЛМАТЫ КӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
10. БАЛХАШ КӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
11. МАҢҒЫСТАУ ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...13
12. БАЙҚОҢЫР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
13. ТАМҒАЛЫ ПЕТРОГЛИФТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 14
14. АЛАКӨЛ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.
15. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.
16 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..18

ЭССЕ

Қазіргі заманның өзекті проблемаларының біріне еліміздің туризм саласының шегеріліп қалуын жатқызғымыз келеді. Жерлестеріміз шет елдерге баруға асығып, Қазақстанның теңдесіз табиғатын білмейтіндігі өтірік емес. Сол себепті жобамызға "Ғажап елімнің теңдесіз табиғаты мен тарихы" деген тақырыпты таңдауды жөн санап отырмыз. Осы жоба арқылы Қазақстанымыздың тарихы мен табиғатын таныстыруды мақсат еттік. Жалпы алғанда бұл зерттеу жұмысынан алған жетістігіміз өте көп. Бірақ ол туралы сөз қозғамас бұрын сөзімізді еліміздің туризм саласымен жалғастырғымыз келеді.Туризмды дамыту-экономиканың өсуінің басты себебі екені барлығымызға белгілі. Біздің Қазақстан табиғатымен ерекшеленеді. Мысалға алсақ, еліміз кең-байтақ даласымен,әсем табиғатымен ерекше. Біз үшін патриотизм -туған өлкенің қастерлі мұраларын танып қана қоймай,оны жас ұрпаққа дәріптеу. Еліміздің табиғатының әсемдігін сөзбен сипаттап беру мүмкін емес. Сондықтан, бұл ғажайыпты көзбен көріп, жүрекпен сезінген жөн. Әрбір адам баласына кіндік қаны тамған жерінің әр тасы ыстық болғандықтан елімізден жырақта жүрсек күндеріміз туған жерді аңсаумен өтеді.Ал енді осы зерттеу жұмысынан алған жетістіктерімізге тоқталатын болсақ, біріншіден, біз еліміздің көздің жауын алатын көркем жерлерімен таныстық. Бұл тек қана көркем табиғаттың көрінісі ғана емес, әрбір тау-тасының қымбат екенін сезіндік десек те болады. Екіншіден,осы жерлер туралы ақпараттарды білдік және өңдедік. Енді осыны жас ұрпаққа дәріптеуді мақсат етіп отырмыз.Өйткені, әрбір жерлестеріміз еліміздің кереметтерін білсе екен дейміз...

І. Кіріспе
Н.Ә. Назарбаев: Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай- талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстыкта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Шіркін еліміздің табиғаты өзгелерден ерекше.Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт - берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені,адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр. Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланыста өтіп жатыр. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді. Табиғаттың қатаң жағдайына ,түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп,өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақан,жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді.Осыған орай халқымыздың да мінез-құлқы бірте-бірте қалыптасып,ондай қасиеттер атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.
Біздің ғылыми жобамызда Қазақстанның туризм саласының қазіргі жағдайы туралы айтылады. Оның арасында жаңа жетістіктерімен қатар мәселелері де ескерілген. Туризм - мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен, Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес, жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкінішке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі - туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмінің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық. Қазақстанның болашағы оның - экономикасында. Ал экономиканың ең ұтымды саласы - туризм. Ол кірістің үш есе артуына мүмкіндік жасайды. Жалпы айтқанда, туризм қарқыны төмендемейтін экономиканың саласы. Бұл ғылыми жобаны жазған себебіміз - Қазақстанның болашағын гүлдендіруге ат салысып, еліміздің көкейкесті мәселелерін шешіп, дамыған елдердің қатарында болуға кішкене болса да үлесімізді қосқымыз келеді.
Аннотация

Шоқан Уәлиханов бір сөзінде: Қазақ даласында не көп -- бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ деген екен.Шынымен де,олар сол заманнан мол мәлімет беріп қана қоймай,біз ғана емес шет елдік туристер де ағылып келетін көненің көздері ғой.Осындай ескерткіштерімізді сақтау - біздің борышымыз деп білеміз. Ескерткіштер - қай халықтың болмасын өшпес қазынасы. Ата-бабамыз кең даламыздағы көне ескерткіштерді көздерінің қарашығындай сақтасын деп мұра ретінде бізге,жас ұрпаққа,аманат етті. Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал соның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді.Біз үшін бұл үлкен мақтаныш.
Туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық, қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды. Сонымен қатар бұл өз кезегінде көліктік, инфрақұрылымдық, сауда орындары, денсаулық сақтау қызметтерін жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі деп жариялады.
Аннотация
В одном из выступлений Шокан Уалиханов отметил: "В казахской степи много кладбищ, курганов и холмов. Эти негласные памятники быта казахов стоят дороже, чем исторические". Действительно,они являются источниками старины, куда стекаются не только мы, но и иностранные туристы. Мы знаем, что сохранение таких памятников - наш долг. Памятники-бессмертная сокровищница любого народа. Наши предки сохранили древние памятники нашей необъятной степи как наследие нам, молодому поколению. Сейчас в Казахстане насчитывается около 25 тысяч исторических памятников. Все они находятся под защитой государства. Мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи был внесен в список всемирного наследия ЮНЕСКО в 2003 году. Для нас это большая гордость.
Сфера туризма считается одним из источников развития экономики.
Для развития туризма в Республике Казахстан достаточно всех необходимых культурных, исторических, географических и климатических условий. После обретения независимости были созданы предпосылки для развития этой сферы, направленной на обновление культурных и исторических ценностей. Это, в свою очередь, требует совершенствования транспортных, инфраструктурных, торговых точек, услуг здравоохранения. В этой связи Правительство Республики Казахстан в своей долгосрочной программе развития объявило туризм одной из важнейших отраслей экономики.
Annotation
Shokan Ualikhanov said: "there are many cemeteries, mounds and hills in the Kazakh steppe, one of which is ancient and one of which is new. It is worth noting that these non-linguistic monuments of Kazakh life are more expensive from a geographical point of view than from a historical point of view."Indeed,they are the sources of antiquity, which not only gives a lot of information from that time, but also flows not only to us, but also to foreign tourists.We know that it is our duty to preserve such monuments. Monuments are an indelible treasure of any people. Our ancestors entrusted us,the younger generation,as a legacy, so that they would preserve the ancient monuments of our vast steppes like the apple of their eyes. Currently, there are about 25 thousand historical monuments in Kazakhstan. All of them are under the protection of the state. In particular, the mausoleum of Khoja Ahmed Yasawi was registered as a UNESCO World Heritage Site in 2003.For us, this is a great pride.
The tourism sector is considered one of the sources of economic development.
All necessary cultural, historical, geographical and climatic conditions for the development of tourism in the Republic of Kazakhstan are sufficient. After gaining independence, the prerequisites for the development of this area were created, aimed at updating cultural and historical values. At the same time, this, in turn, requires the improvement of transport, infrastructure, retail space, and health services. In this regard, the Government of the Republic of Kazakhstan has declared tourism one of the most important sectors of the economy in its long-term development prog
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Ғажап елімнің теңдесіз тарихы мен табиғаты туралы түсінік бере отырып, Қазақстанның ішкі туризмінің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастыру, оның маңыздылығы мен байланысын анықтау, келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету.

Зерттеу бөлімі
1. ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ КЕСЕНЕСІ
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі Орта Азия мен Қазақстандағы теңдессіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат . Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Яссауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған. Мәдинада - Мұхаммед,Түркістанда - Қожа Ахмет, ... деп Әзірет Сұлтанды ұлықтаған халқымыздың даналық сөзі Хак Расулдың сүннетін бекем тұтып, Ислам ақиқатын паш еткен, хақ ілімі мен хикмет дәстүрін орнықтырған Яссауи бабамыздың Пайғамбарымызбен рухани жалғастығын, бүкіл мұсылман әлемінің өркендеуіне тың серпіліс берген діни, рухани ықпалын айғақтайды. Хикмет дәстүріндегі Пайғамбарға сүйіспеншілікпен құрметтен бастау алып, ұласатын осы үрдіс даламыздағы мұсылмандық дәстүрдің мызғымас негізі болды. Қожа Ахмет Яссауи - шамамен 1040 жылы (кей деректе 1103 немесе 1093,1095) Сайрам (кейбір деректер бойынша Ясы) қаласында дүниеге келіп, жүз жиырма бес жыл жасаған, Түркі әлеміндегі мұсылмандык, дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі-Ибраһим,анасы Қарашаш ана. Яссауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда. Деректерде К.А. Яссауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады. К.А. Яссауи ұрпақтары осы қызынан тарайды. Кашифи Рашахат-ул айн-ил хайататты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабаның шәкірті болғандығы, одан зahиp және батин ілімдерінің сырын үйренгендігі туралы мәлімет береді. К.А. Яссауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы Диуани хикмет, Мират-ул Кулуб, Пақырнама сияқты бізгежеткен мұраларынан көрінеді. Яссауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатын халыктың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды. Олар хикмет дәстүрін таратуда зікір практикасының үш түрін: алқа зікірі, арра зікірі, құпия зікірі формаларын қатар алып жүрді.
2. ШАРЫН ШАТҚАЛЫ
Шарын шатқалы, Шарын каньоны - Шарын өзенін 154 шақырым бойлай жатқан табиғи нысан. Шатқал Алматы қаласынан 195 км-дей шығысқа қарай орналасқан. Шарын өзенінің барлық нысандары 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының құрамына кіреді. Шарын - қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді. Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат, мұнараларға қатты ұқсайды. Егер алып тастардың қасынан ілгері өтіп, жолмен тіке қарай алға беттей берсе, Жер Ананың шеткі нүктесіне аялдап қалған секілді күй кешуге болады. Шарын шатқалының Австралия Ұлттық саябағы мен Аризон толқынына ұқсайтын белгілері бар. Шарын шатқалының төменгі аралығында үнділік бөріқарақат (барбарис) тораңғы терегі жайлап өскен. Күз айларында бұл аңғар қып-қызыл жидектерге толады. Шарын өзенінің сағасында шағын орманы тамырын тереңге жайған. Шарын ұлттық табиғи саябағының экологиялық туризмді дамытуға, экологиялық білім мен тәрбие беруге қосар үлесі зор. Шарын - табиғаттың адамзатқа берген ғажап сыйы.
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШВЕЙЦАРИЯСЫАТАНҒАН ЖЕР
Барлық әлем карталарында, бүкіл жер бетінде Бурабай өзіне тән табиғатымен ерекшеленеді. Оның Қазақстанның Швейцариясы немесе Қазақстанның асылы деп аталуы бекер емес арлымдардың пайымдауынша, бұл өлке осыдан миллиондаған жылдар бұрын мұздықтардың еруінен пайда болған екен. Ал біздің қазақ ата-бабаларымыз болса, бұл жердің жаратылысы жайлы өзіндік аңыздарын қалдырған.
Бурабай ұлттық паркінің жалпы аумағы 83510 гектарды құрайды. Оның 47400 гектары орманды алқап. Ұлттық парк - республикалық деңгейдегі ерекше жүйе бойынша қорғалатын табиғи орындардың қатарына жататын мемлекеттік мекеме болып табылады және ҚР Президентінің іс басқармасы қарауында. Бұл жерде өсімдіктің 757 түрі бар, оның 12-сі қызыл кітапқа еңгізілген. Жалпы, табиғаттың осындай бірегей түрленуінің бар құпиясы осы өңірдің топырақ құрамымен тығыз байланысты. Бурабай қалашығындағы курорттық аймақта тастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың әншілік дәстүрі Алматы АРЫС
Пайғамбарымыздың өмірбаяны
Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі
Астананың көркеюі
Қазақстанның бас қаласы - Астана
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер
Жамбыл облысындағы дін
СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
Қазақстаның дамуы мен көркеюіне менің үлесім
Маньеризм өнері
Пәндер