Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі



Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай отырып, олардың тиімділігін бағалау.
Өзімізге мәлім болғандай әрбір кәсіпорын өз қызметі барысында міндетті түрде пайдасын максималдағысы келеді. Осыған орай максималдаудың әртүрлі жолдарын іздейді. Сондай жолдардың бірі инвестицияларды құю болып табылады.
Кәсіпорын қандай да бір инвестициялық жобаны бағалау немесе таңдау кезінде, оны зең қойып талдауы керек. Өйткені қаншалықты оны нақты бағалап, нәтиже шығарса, онда ол соншалықты тиімдірек болады. Қаржылық менеджерлер инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлі әдістерін қолданады. Жалпы олардың негізгілері болып келесілер табылады: таза келтірілген құн, таза терминалдық құн, инвестицияның қайту деңгейі, инвестицияның тиімділік коэффициенті, инвестицияның қайту мерзімі. Бұл көрсеткіштер одан әрі жалғасулары мүмкін, алайда жалпы әдебиеттерде бұларды жиірек қолданады.
Кәсіпорын үшін инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты болмайды, ол сонымен қатар кәсіпорынның нарықты жаулап алу саясатына да байланысты болуы мүмкін. Қаржы менеджері өз қызметі барысында кәсіпорынның инвестициялық саясатын даярлайды, сонымен қатар жобаның осы саясатқа сәйкестігін анықтауы тиіс. Яғни қандай да бір компания өзінің инвестициялық саясатын жүргізуі үшін екі жобаны талқылайды.
Инвестициялар тек компанияға үлесін қоспайды, олар тағы да мемлекетке де, халыққа да өз әсерін тигізеді. Яғни одан түсетін пайда зор. Қандай да болмасын жоба, ол әрдайым тәуекелмен байланысты болады. Қаржы менеджері бұл жағдайды да ескеруі керек. Әрине, ол тек инвестициялық тәуекелді ғана емес, оған қоса жалпы тәуекелдерді қарастырып талқылауы тиіс.
Сонымен бірге, ол нарыққа қатысушылар туралы ақпараты болуы керек, мемлекеттің реттеу жүйесін, заңдарды, қор биржаларын, брокерлік фирмалардьң жұмыс істеу механизмін жақсы білуі тиіс. Одан басқа қаржы менеджері құнды қағаз шығарушы кәсіпорын . эмитент туралы толық ақпаратты білуі керек. Сонымен қатар, қаржы менеджері республикадағы құнды қағаздар нарығының даму ағымын байқап тұрғаны жөн.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу сатысында, сондықтан отандық компанияларға сыртқы нарыққа шығу жолдарын іздеу керек. Мұндай жолдардың бірі болып шетел мемлекеттеріне инвестиция құю болып табылады. Кейбір кәсіпорындар нақтылы жобаларды іске асырмай, тек қана қор биржаларында жанама түрде өздерінің бос ақша қаражаттарын жұмсаулары мүмкін. Бұл да инвестициялаудың бір жолы болып табылады. Ал, біздің елімізде күнделікті инвестициялар құйылуда, бұл жағдайдың да өзінше жағымды және жағымсыз әсері бар.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай
отырып, олардың тиімділігін бағалау.
Өзімізге мәлім болғандай әрбір кәсіпорын өз қызметі барысында міндетті
түрде пайдасын максималдағысы келеді. Осыған орай максималдаудың әртүрлі
жолдарын іздейді. Сондай жолдардың бірі инвестицияларды құю болып табылады.
Кәсіпорын қандай да бір инвестициялық жобаны бағалау немесе таңдау
кезінде, оны зең қойып талдауы керек. Өйткені қаншалықты оны нақты бағалап,
нәтиже шығарса, онда ол соншалықты тиімдірек болады. Қаржылық менеджерлер
инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлі әдістерін қолданады. Жалпы
олардың негізгілері болып келесілер табылады: таза келтірілген құн, таза
терминалдық құн, инвестицияның қайту деңгейі, инвестицияның тиімділік
коэффициенті, инвестицияның қайту мерзімі. Бұл көрсеткіштер одан әрі
жалғасулары мүмкін, алайда жалпы әдебиеттерде бұларды жиірек қолданады.
Кәсіпорын үшін инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты
болмайды, ол сонымен қатар кәсіпорынның нарықты жаулап алу саясатына да
байланысты болуы мүмкін. Қаржы менеджері өз қызметі барысында кәсіпорынның
инвестициялық саясатын даярлайды, сонымен қатар жобаның осы саясатқа
сәйкестігін анықтауы тиіс. Яғни қандай да бір компания өзінің инвестициялық
саясатын жүргізуі үшін екі жобаны талқылайды.
Инвестициялар тек компанияға үлесін қоспайды, олар тағы да мемлекетке
де, халыққа да өз әсерін тигізеді. Яғни одан түсетін пайда зор. Қандай да
болмасын жоба, ол әрдайым тәуекелмен байланысты болады. Қаржы менеджері бұл
жағдайды да ескеруі керек. Әрине, ол тек инвестициялық тәуекелді ғана емес,
оған қоса жалпы тәуекелдерді қарастырып талқылауы тиіс.
Сонымен бірге, ол нарыққа қатысушылар туралы ақпараты болуы керек,
мемлекеттің реттеу жүйесін, заңдарды, қор биржаларын, брокерлік фирмалардьң
жұмыс істеу механизмін жақсы білуі тиіс. Одан басқа қаржы менеджері құнды
қағаз шығарушы кәсіпорын - эмитент туралы толық ақпаратты білуі керек.
Сонымен қатар, қаржы менеджері республикадағы құнды қағаздар нарығының даму
ағымын байқап тұрғаны жөн.
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу сатысында, сондықтан
отандық компанияларға сыртқы нарыққа шығу жолдарын іздеу керек. Мұндай
жолдардың бірі болып шетел мемлекеттеріне инвестиция құю болып табылады.
Кейбір кәсіпорындар нақтылы жобаларды іске асырмай, тек қана қор
биржаларында жанама түрде өздерінің бос ақша қаражаттарын жұмсаулары
мүмкін. Бұл да инвестициялаудың бір жолы болып табылады. Ал, біздің
елімізде күнделікті инвестициялар құйылуда, бұл жағдайдың да өзінше жағымды
және жағымсыз әсері бар.

1-тарау. Қаржылық инвестицияның маңызы, жіктелуі және оларды бағалау
әдістері.

1.1. Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі.

Кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар әрекетінің маңызды
өрісінің бірі — инвестициялық әрекет болып есептеледі.
Кәсіпорындардың қаржы ресурстары — ағымдағы шығындарды қаржылаңдыруға
жөне инвестициялауға бағытталады.
Инвестиция — бұл ақша қаражаты, бағалы қағаздар, басқадай мүліктер,
оның ішінде мүлікке иелік ету және тағы да басқа белгілі бір пайда табу
мақсатымен кәсіпкерлік объектіге салу.
Инвестиция фирмалардың серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі
мақсатты орындауға жағдай жасайды, олар:
• қаржы және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен меншік
көсіпкерлік әрекетті ксңейтеді;
• жаңа косіпорынды сатып алады;
• бизнестің жаңа түрлерін игеруге байланысты әрскеттерін
әртараптандырады.
Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде
іске асырады, өйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлсрі бар.
Нақтылы инвестиция ол тауар өндірісін және кызмет көрсетуге байланысты
нақтылы активке ақша каражатын салу. Бұл салым кәсіпорынның негізгі
қорларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция нсгізінен жаңадан
негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта тсхникалық жағынан қарулануына
немесе жүмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайтадан құру үшін қолданылады.
Қаржы инвестициясы пайда табу мақсатымен — құнды қағаздар түріндегі
активтерді алу. Бұл салымдар құнды қағаздар портфелін қалыптастыруға
бағытталады.
Венчурлық инвестиция — жаңа технологияға шағын фирмалардың
жаңартпашылықтарын қаржыландыруға қажетті тәуекел капиталды салуын айтады.
Аннуитет — инвесторға белгілі бір уақытта тұрақты табыс әкелуші
инвестиция. Бұлар негізінен сақтандыру және зейнетақылық қорға каржы салу.
Қысқа мерзімді инвестициялар — ақша қаражаттарын бір жылға дейінгі
мерзімге салу. Әлбетте фирмалардың, кәсіпорындардың қаржы инвестициясы
қысқа мерзімді болып есептслінеді.

1-сызба. Инвестициялық әрекеттің объектілері

Инвестициялық әрекеттің субъектілері.

Инвестициялық әрекеттің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс
берушілер, жүмыс орындаушылар, инвестициялық объектілерді пайдаланушылар,
жабдықтаушылар, әртүрлі кәсіпкерлікпен айналысушы — банктер, сақтандыру
және ортақолдық ұйымдар есептелінеді. Инвестициялық әрскеттің субъектілері
болып жеке түлғалар және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет және
халықаралық ұйымдар есептелінеді.
Инвестициялық әрекеттің негізгі субъектісі - инвестор. Ол меншік, қарыз
және қатыстырылатын қаражаттарды инвестиция түрінде жұмсауды іскі асырады.
Негізгі шаруашылық әрекетінің бағытына қарай инвесторларды жеке және
институционадық инвесторларға бөледі. Жеке инвестор — негізгі ондірістік
шаруашылық әрекеттің дамуына инвестиция түрінде салым салушы жеке және
заңды тұлға. Институционалды инвестор — жеке инвесторлардың қаражатын
жинақтап, инвестициялық әрекет жасаушы қаржы ортақолдықтар. Институционалды
инвесторларға әлбетте құнды қағаздар операцияларына мамандандырылған
инвестициялық компанияларды, инвестициялық қорларды жатқызуға болады.
Барлық инвесторлар:
➢ кез келген түрдегі инвестициялық әрекет жасауға;
➢ инвестицияланатын объектіні иемденуіне пайдалануға, өнім жасауға;
➢ инвестицияның көлемін және бағытын өз еркімен анықтауға;
➢ инвестициялық әрекетке келісім бойынша басқа субъектілерді
қатыстыруға;
➢ инвестициялық қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жасауға жоне
т.б. тең құқықты.

2-сызба. Негізгі белгілері бойынша инвестицияны жіктеу

Инвестициялық әрекеттің келесі субъектісі - тапсырыс беруші. Тапсырыс
берушілерге инвестициялық жобаларды іске асырушы, бірақта кәсіпкерлік
әрекетіне араласпайтын инвестормен уәкіл етілген жеке және заңды тұлғалар
жатады.
Мердігерлер болып тапсырыс берушімен келісіммен жұмыс атқарушы жеке
және занды түлғалар есептелсді. Мердігерлердің әртүрлі әрекетте жұмыс
істеуінс қажетті лицензиясы болуы керек. Инвсстициялық әрекеттің
объектілерін пайдаланушыларға кіретіндер:
• инвесторлар;
• жеке және занды тұлғалар;
• мемлекеттік ұйымдар;
• жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы;
• халықаралық бірлестіктер және ұйымдар.
Инвестициялық әрекеттің субъектілері практика жүзінде қаржы салымдарын
іске асыруды орындаушы инвестициялық салада жұмыс істейді.
Инвестициялық салаға жататындар: өндірістік және өндіріске жатпайтын
негізгі құралдарға инвестиция салынатын, күрделі қүрылыс саласы;
Жаңартпашылық салаға - ғылыми-техникалық өнімдерді және парасатты
әлуетті іске асыруда жатқызады.
Қаржы капиталының айналым саласына: ақша, қарыз және әртүрлі түрдегі
қаржы міндеттемелері жатады.
Субъектілердің инвестициялық әрекеттері ҚР Азаматтық кодексімен, "Құнды
қағаздар нарқы туралы" және "ҚР инвестициялық әрекеті" туралы заңдармен
рсттеледі. ҚР зандарына сәйкес мемлекет меншік түріне қарамай инвестицияны
қорғауға кепілдік береді.

Инвестицияны басқару

Инвестицияны басқаруга қатысатындар:
▪ инвестициялық әрекетті мемлекеттік деңгейде басқару, сол арқьлы
инвестициялық әрекетті реттеу, бақылау, ынталандыру;
▪ жекелеген инвестициялық жобаларды басқару. Ол озіне жоспарлауды,
ұйымдастыруды, бақылауды қоса отырып, инвестициялық жобаның қазіргі
жүйе әдістерін жоне техникаларды, басқаруды қарайды;
▪ жекелеген шаруашылық етуші субъекті — кәсіпкерлік етуші фирманың
инвестициялық әрекетін басқару — инвестициялық объектіні тандауды,
инвестициялық процестің жайын бақылауды басқарады.

3-сызба. Инвестициялық процесті басқару

І-кезең. Кәсіпорын денгейінде инвестицияны басқару елдегі
(мемлекеттегі) инвестициялық климатқа талдау жасау. Ол өзіне келесі
болжауларды зерттейді:
Ішкі жалпы өнімдер серпіні, ұлттық табыс және өнеркәсіп өнімдері
өндірісінің көлемі;
Ұлттық табысты тарату серпіні жекешелендіру процесінің дамуы;
Инвестициялық әрекетті мемлекеттік заң арқылы реттеу;
Жекелеген инвестициялық нарықтардың дамуы, ақша және қор қарқынының
ерекшелігі.
ІІ-кезең. Фирмалардың экономикалык және қаржылық дамуының стратегиясына
байланысты нақтылы инвестициялық бағытты тандау. Бұл кезеңде фирма өзінің
салалық бағытының инвестициялық әрекетін анықтайды. Бұл үшін жекелеген
салалардың ипвестициялық тартымдылығы - олардың конъюнктурасы, серпіні және
осы салардың өнімдеріне сұраныстың болашағы зерттелінеді.
Салалар экономикасының инвестициялық тартымдылығы үш бөлімнен тұратын
индустриалдық талдау барысына қарай бағаланады:
• саланың өмірлік кезеңін анықтау;
• саланы іскерлік кезеңіне қарай анықтау;
• сапалы талдау және саланың болашақ дамуына болжау жасау.
Саланың даму кезеңдері:
1) Пионерлік саты, өнімдерді сату көлемінің өсуімен және пайданың
өсуімен, тәуекелдік және бәсекелестік дсңгейінің жоғарғы деңгейімен
сипатталады.
2) Кеңею сатысы, оның негізгі сипаты — сату көлемінің өсуі бір
деңгейде, бағаның өсуі тоқтайды, нсмесе аздап кемиді, инвестицияны
қатыстыру қарқындайды, машина, жабдықтарды салу шығыны жоғары, төленетін
дивидентің өсуімен сипатталады.
3) Тұрақтану сатысы — сату және пайда табу қарқыны азайады, өнімдерді
жаңғырту аяқталады, ассортимент тұрақталынады, күрделі шығындардың өсуі
тоқталады және олардың кемуі байқалады.
4) Өшу сатысы, саладағы компаниялардың санының азаюымен сипатталынады,
соған байланысты пайда, сату және күрделі қаржы мөлшері кемиді.
Инвесторларға ең дұрысы капитады салалардың даму сатысындағы
объектілеріне салған тиімді.
Көрсетілген материалдар негізінде көрсетілген саланың кәсіпорнына
болашақ қаржы салу түралы шешім қабылданады.
Саланың инвестициялық тартымдылығын бағалаудың негізгі көрсеткіші
пайдаланған активтердің пайдасының деңгейі, ол екі вариантта есептелінеді:
- активтердің жалпы суммасына есептеген өнімдсрді сатудан түскен пайда;
- баланстық пайда.
Саланың инвестициялық тартымдылығы бағалаудан басқа, инвестицияны
басқару процесіндегі аймақтардың да инвестициялық тартымдылығын бағалайды,
өйткені бір саланың кәсіпорындары әртүрлі аймақтарда орналасуы мүмкін.
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы төмендегі факторлармен қалыптасады:
▪ орналасу орны;
▪ көлік желісінің дамуы;
▪ әлеуметтік жағдайдың сипаты;
▪ кәсіпкерлік инфрақұрылымның дамуы;
▪ табиғат-климаттың жағдайы;
▪ ресурстардың жеткіліктігі және т.б.
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығын бағалау әртүрлі маңызды
факторларды орташа аймақ көрсеткіштерін орташа республикалық
көрсеткіштермен салыстыру арқылы анықтайды.
Алынған нәтижелер негізінде кәсіпкерлікпен айналысатын фирма нақтылы
инвестицияны тандауға шешім қабылдайды.
ІІІ-кезең. Инвестициялайтын объектіні таңдау, ол инвестициялық
нарықтағы ұсыныстарды талдаудан бастайды, фирманың стратегиялық бағытына
және инвестициялық әрекетінің негізгі бағытына сай келетін нақтылы
жекелеген инвестициялық жобаны және қаржы құралдарын таңдап алынады.
Талдау нәтижесіне сәйкес олардың тиімділігі қаралып, олардың ішінен ең
тиімді инвестициялық жобасы іріктеліп алынады.
VІ-кезең. - инвестицияның өтімділігін анықтау. Инвестициялық әрекетті
орындау процесінде кәсіпкерлік етуші фирманың - жекелеген инвестиция
объектісінің инвестиция климатының өзгеруі нәтижесінің күткен табысқа
әсерін есепке алу керек. Сондықтан, болатын құбылыстарды мұқият байқай
отырып, өз уақытында жекелеген инвестициялық бағдарламадан шығу туралы
шешім қабылдаған жөн. Осындай болатын жағдайды есепке ала отырып, әрбір
инвестицияланатын объект бойынша инвестицияның өтімділік деңгейін бағалау
ксрек, оның ішінде алдыменен барынша өтімділігі жоғары бағдарламаға жол
беріледі.
Инвестицияны басқарудың маңызды кезеңі - инвестициялық ресурстардың
қажетті көлемін анықтау және оларды қалыптастыру көзін іздеу. Осы кезеңде
кәсіпкерлік етуші фирма жоспарланған бағыт бойынша инвестициялық әрекетті
орындауға қажетті инвестициялық ресурстарды болжамдайды. Қажетті
инвестициялық ресурстарға сай оны қалыптастыру көздері анықталады. Меншік
қаржы қаражаттары жетіспеген жағдайда қарыз қаражаттарын қатыстыруға шешім
қабылданады.
Жоғарыда айтылған шараларды орындау нәтижесінде инвестициялық портфель
қалыптастырылады.
Инвестицияны басқарудың қортынды кезеңі — инвестициялық тәуекелдікті
басқару. Бұл кезеңде алдыменен фирманың барлық инвестицияланған объектілері
бойынша кездесетін тәуекелдікті анықтайды, соңынан инвестициялық
тәуекелдікті азайту үшін шаралар жасалынады.

Инвестициялық әрекетті орындау көздері.
Фирмалардың инвестициялық әрекеттерін орындау көздері болып
есептелетіндер:
▪ инвестордың меншік қаржы ресурстары және ішкі шаруашылық резервтері,
шаруашылық ету әрекетінен түскен пайда, амортизациялық төлем,
сақтандыру компаниясына төленген қаражат және т.б.;
▪ инвестордың қарызға алған қаржы қаражаттары,оларға жататындар: банк
несиесі, бюджет несиесі және т.б.;
▪ инвестордың қатыстырған қаржы қаражаттары: акциялар сатудан, пай-
жарнасы, фирма қызметкерлерінің басқадай жарналар - төлемдері;
▪ мемлекет бюджетінен инвестициялық қаржы бөлу (аймақтың, салалық
мақсатты бағдарламаларға);
▪ шет ел инвесторларының қаражаттары - бірлескен кәсіпорындардың жарғы
капиталына қатысуға және т.б.
Шет ел инвесторларын қатыстыру халықаралық экономикалық байланысты
дамытады және ғылыми - техникалық жетістіктерді өндріске енгізуге әсер
етеді.
Фирма өз инвестициялық әрекетін қаржыландыруына байланысты, үш негізгі
инвестицияны қаржыландыру түріне бөледі:
➢ өзін өзі қаржыландыру;
➢ несиелік қаржыландыру;
➢ үлестік немесе аралас қаржыландыру.
Өзін өзі қаржыландыру — фирманың инвестициялық әрекетті толығымен
меншік қаржы ресурстары арқылы қаржыландыруын айтады, ол ресурстар фирманың
ішкі көздері арқылы қалыптасады. Мұндай қаржыландыру түрі әлбетте қысқа
мерзімді инвестициялық жобаларды орындауда қолданылады, оның рентабельдік
мөлшері онша жоғары болмайды.
Несиелік қаржыландыру - әлбеттс қысқа мерзімді инвестициялық жобаларды
орындауда қолданылады, инвестицияның рентабельдік мөлшері өте жоғары
болады. Бұл қарыз капиталының ерекшелігі, алдын ала келісілген жағдайға
байланысты, несиені қатыстыру керек.
Үлестік қаржыландыру - қаржыландырудың бірнеше көздерінің
құрамдастыруын қарайды Инвестициялық әрекетте бұл ең көп тараған түрі.
Нақты инвестицияның маңызы нақтылы инвестициялау процесі бірнеше
кезсңдері және сатылар арқылы орындалады. Халықаралық практикада бұл
процесс үш негізгі кезең арқылы орындалады:
• инвестициялауға дейінгі кезең - бұл жайда нақтылы инвестициялық жоба
таңдалынады және оны бағалайды;
• инвестициялау кезеңі - нақтылы инвестициялықжобаны іске асырумен
байланысты;
• постинвестициялық кезең – инвестицияланған объектіні пайдалану кезеңі.
Инвсстициялауға дейінгі кезең, нақтылы инвестициялау процесінің негізін
құрайды, осы кезеңде альтернативті инвестициялық шешімдер жасалынады,
инвестициялық жоба дайындалады. Өз кезегінде бұл ксзең төрт сатыдан тұрады:
1) инвестициялық идеяны (концепцияны) іздеу сатысы;
2) инвестициялық жобаны алдынала дайындау сатысы;
3) инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық және қаржылық
тартымдылығын бағалау сатысы;
4) инвестициялық жобаны қабылдауға ақырғы шешім қабылдау.
Нақтысында, нақтылы инвсстициялау процесін орындау үшін алдыменен
инвестициялайтын объектіні анықтау қажет. Соңынан инвестициялық идеяны
орындаудың барлық аспектісін қарау қажет және инвестициялық жобаны жасау
қажет. Ол әлбетте бизнес-жоспар түрінде орындалады.
Нақтылы инвестициялауды орындау процессі инвестициялық идеяны іздеуден
және таңдаудан басталады. Алдыменен кәсіпқой фирма өзінің даму мақсатына
байланысты инвестициялық идеяны іздеудің шекарасын белгілейді. Нақтылы
инвестицияның орындалуы туралы шешім фирманың келесі мақсатын белгілеу
негізінде шешіледі:
• өндіретін тауар үшін немесе қызмет көрсету үшін нарықтағы үлесті
сақтау немесе өсіру;
• жаңа тауарларды шығарудың қажеттігі;
• фирманың жақсы атағын қалыптастыру және ұстап тұру;
• фирманың ресурстарын барынша пайдалануға жету.
Бұл аталғандардан басқа кәсіпкерлік фирма инвестициялық идеяны
анықтауда нақты инвестиция саласында жинақталған тәжірибені, өз әрекетінің
салалық бағытын, фирма қызметкерлерінің біліктілігін, инвестициялауға
қажетті қаржы ресурстарының барлығы және басқадай факторларды есепке алады.
Инвестициялық идеяны таңдау халықаралық практикада қолданылған
сынаптамаларға негізделуіне болады. Бұл сынаптамалар өзіне келесі
мүмкіншіліктерді қосады:
- қайта өңдеуге және ондіріске пайдалануға жарайтын пайдалы жер асты
байлықтары және табиғи ресурстардың барлығы;
- демографиялық немесе әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен
нарықта жаңа тұрпатты тауарларға сұраныстың өзгсруі;
- импорттың көлемі және құрылымының импорттың орнын басушы өндірісті
жасауға бағытталған проектілерді жасауға әсер етуі;
- басқа елдердегі өндіріс құрылымының даму беталысы және тәжірибесі;
- тұтынушы-салаларда өндірісті ұлғайту жоспары жөнінде немесе
дүниежүзілік нарықта өндірілген өнімдерге сұраныстың өсуі жөніндегі
ақпарат;
- өндірісті әртараптандыру мүмкіншілігі;
- жалпылама өнімдерді шығаруда өзіндік құнды азайту үшін, өндіріс
көлемін үлғайтудың қажеттігі;
- жалпы экономикалық жағдай.
Әрине, аталған мүмкіншіліктер негізінде кәсіпкер фирма өте іріленген
инвестициялық проектінің идеясын құрауы мүмкін, яғни нақтылы инвестицияны
орындау бағытын таңдайды. Егерде таңдалған тұжырымдама фирманың алдына
қойған мақсатына сәйкес келсе, оны фирманың басшылары қабылдаса,
тұжырымдама толық жасалынады, оған қажетті қосымша ақпараттар жиналады және
талдаулар жасалынады.

Инвестициялық жобаны жасау.
Инвестициялық жоба күрделі қаржы салымдарының көлемін, және мерзімін
анықтауға жасалатын экономикалық негіздеме, оның ішінде қажетті жобалық-
сметалық құжаттар, сондай-ақ инвестициялық жобаның орындалуы жөніндегі
практикалық әрекеттің мазмұны (бизнес-жоспар).
Нақтылы инвестициялаудың белгілі түріне байланысты фирма жасалынатын
инвестициялық жобаға қойылатын талаптарды қалыптастырады.
Инвестициялаудың бұндай түрі үшін, жабдықтарды ауыстыру немесе түрлерін
алу, яғни ірі қаржы салымын талап етпейтін инвестициялау түрі фирманың өз
қаражаты есебінен қаржыландырылады, бұл жайда инвестициялық жоба ішкі құжат
болып есептелінеді. Мұндай жоба, әлбетте, қысқартылған бөлімдерден және
көрсеткіштерден құрастырылады, бірақта міндетті түрде инвестициялық
проектінің мақсаты, оның негізгі параметрлері, қажетті қаржы ресурстарының
көлемі, сондай ақ инвестициялық жобаның тиімділігі және оның орындалуының
календарлық мерзімі қаралады.
Инвестициялық жоба белгілі бөлімдерден құралады,олар төмендегіше.
Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:
1. Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы.
2. Жобаның негізгі идеясы.
3. Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы.
4. Инвестициялық жобаны орындау процесіне қажетті материалдық
ресурстардың көлемін негіздеу.
5. Жобаның орындаулының техникалық негізіне сипаттама.
6. Жобаның тұрған жері.
7. Басқаруды ұйымдастыру.
8. Қажетті еңбек ресурстары.
9. Жобаның орындалу кестесі.
10. Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін
бағалау.
Кез келген инвестициялық жоба алдымен оған қысқаша сипаттау берумен
басталады, өйткені бұл бөлім қортындылаушы бөлім және ол барлық қалған
бөлімдер дайындалғаннан кейін жасалынады. Жобаның сипаттамасы барлық
ресурстардың тізімін, оның ішінде жобаны орындауға қажетті қаржылық
ресурстарды, жобаның орындалу мерзімі және салынған қаражаттың қайтуы,
сонымен қатар жобаның экономикалық және қаржылық тиімділігін және
әлеуметтік қажеттілігін бағалауды қамтиды.
Инвестициялық жобаның келесі бөлімі – Жобаның негізгі идеясы. Бұл
бөлімде талданатын жобаның ең маңызды параметрі қаралады.
Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы арналған бөлімде, нарық
потенциалын талдаудың нәтижесі, сондай-ақ маркетингтік зерттеудің нәтижесі
қаралады, оған жататындар: сұраныс және ұсыныс, нарықтағы баға, нарықты
сегменттеу, негізгі бәсекелестер және т.б. Инвестициялық жобаны орындауда
қолданылатын маркетингтік тұжырымдама қаралады.
Инвестициялық жобаны іске асыру процесінде қажетті материалдық
ресурстар көлемін негіздеуде қолданылатын шикі заттар және материалдардың
жіктелуі, инвестициялық жобаны орындаудың барлық сатысында олардың қажетті
көлемі қаралады. Жоба орындалатын аймақтағы негізгі шикі заттар қоры
талданады. Шикізаттар және материалдарды жеткізу бағдарламасы жасалынып,
оған кететін шығындар бағаланады.
Жобаның іске асырудың техникалық негізін сипаттаушы бөлімде
өндірістік бағдарлама және кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын талдау
қаралады.Осы бөлімде болашақ технология негізделеді, сондай-ақ жобаны
орындауға қажетті жабдықтар паркі қаралады.
Жобаның орындалатын жері туралы бөлімде жобаны іске асыратын нақтылы
аймақты таңдау негізделеді, өндірістік және коммерциялық инфрақұрылымға,
нарықтық және ресурстар ортасына талдау жасалынады; аймақтағы әлеуметтік-
экономикалық жағдай және инвестициялық климат қаралады. Бұл жерде қоршаған
ортаға сипаттама беріледі және инвестициялық жобаны орындауда пайда болатын
мүмкінді экологиялық проблемалар бағаланады.
Басқаруды ұйымдастыру бөлімінде фирманың ұйымдық құрылымына сипаттама
беріліп, оның нақтылы түрі және қазіргі басқару жүйесі негізделеді. Бұл
бөлімде ондірістік және басқару қызметкерлерінің еңбек әрекетін
ұйымдастыру, олардың еңбек ақысы, сондай-ақ қосалқы шығындар құрылымы және
мөлшері қаралады.
Қажетті еңбек ресурстары бөлімінде фирманың нсгізгі қызметкерлеріне
қойылатын талаптар келтіріледі, қызметкерлеріне қалыптастыру жүйесі және
аймақтағы өндіріске маңызды мамандарды іздеу мүмкіншілігі қарастырылады.
Жобаның орындалу кестесі маңызды бөлімдердің бірі болып есептелінеді,
өйткені бұл бөлімде инвестициялық жобаның орындалуының жекелеген сатысы
негізделеді және әрбір саты бойынша қаржы, материалдық және еңбек
ресурстарына қажеттілік қаралады.
Қорытынды бөлімде жобаны қаржымен қамтамасыз ету сипатталады және оның
тиімділігі бағаланады. Бұл бөлімде қажетті инвестиция сомасы, мүмкінді
өндіріс шығыны қаралады, инвестициялық ресурстарды алу әдістері негізделеді
және инвестицияның тиімділігінің есебі жасалынады.

1.2. Инвестициялык, жобаларды бағалау әдістері

Инвестициялық жобаларды бағалаудың ең қарапайым әдісі өтемділік кезеңін
тексеру. Өтімділік кезеңі салынған капитал соммасын жылдық үнеммен
салыстыру арқылы анықталады. Қаржы менеджері барлық салынған соманы жылдық
үнемделгсн сомаға бөледі, сол арқылы өтемділік кезеңін табады немесе
салынған қаражатты қалпына келтіреді. Мысалы, егер жылдық үнем 5 млн.тг
болса, ал салым - 10 млн.тг. онда өтемділік кезең екі жылға тең.
Бірақта өтемділік кезеңін тексеру салым сапасының нақты толық
көрсеткіші бола алмайды, егерде кәсіпорын салынған капиталды негізгі
құралдарға салып қоймай, сонымен қатар басқа бағытқа инвестициялайтын
болса.
Инвестицияның тиімділігін анықтаудың еңбір қолайлы әдісі жүйелік
ағымдағы шығынды дисконттауі (есептеу). Болашақ табыс мөлшерін инвестиция
көлемімен салыстыру арқылы анықтау ең бір қолайль әдіс ретінде қолданылады.
Бұл әдісті қолдану үшін қаржы менсджерінің төмендегі мәліметтері болуы
тиіс:
- жалпы инвестиция соммасы және олардың мерзімі бойынша таратылуы;
- жылдық шығындағы үнемділік (жылдық табыс);
- жабдықтарды іске жарату мерзімі;
- мүмкінді амортизациялық төлем;
- пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.
Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражаты ағымын ағымдағы кезге тарату
үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады.
Дисконттау коэффициентін таңдау, бағалау әдісін таңдау сияқты, маңызды.
Дисконттау коэффициенті — бұл таңдалынған дисконт мөлшерлемесінің деңгейі,
және ол инвестордың тілегіне қарай өзгерісте болуы керек. Дисконттау
коэффициенті әлбетте, тәуекел шығынын жабуды қамтамасыз ету үшін өзгерісте
болады. Өте жоғарғы дисконттау коэффициенті аз дисконттау коэффициентімен
салыстырғанда болжамды ақша қаражаты ағымын тез азайтады. Осыған байланысты
инвесторлар инвестициялық жобаның тәуекелдігін, өте жоғарғы дисконттау
коэффициентін қолдана отырып өтейді. Мұндай әдіс тәуекелді жобаларға
капитал салымына жоғарғы табысты қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындардың қолданған дисконтау коэффициенті тосқауыл коэффициенті
деп аталады. Ең жиі қолданылатын тосқауыл коэффициенті сол кәсіпорынның
операциялық тәуекелдігіне мөлшермен тсң болады.
Тәуекелдік деңгейін бағалау және онымен кездесудегі сақтық - қаржы
менеджерінің алдында тұрған ең бір күрделі проблема және тосқауыл
коэффициентін таңдау - әдістердің тек біреуі ғана, соның көмегімен
менеджерлер тәуекелдікпен күреседі.
Қаржы менеджерлерінің алдында тұрған маңызды тапсырмалардың бірі —
жобаны орындауға қажетті болашақ ақша ағымдарын есептеу. Кәсіпорындар ақша
қаражаттарын инвестициялағанда, болашақта онан да көп пайда алу үшін әрекет
етеді, өйткені сол арқылы қайта инвестицияланады немесе акционерлерге
дивиденд түрінде төленеді.
Әрбір жекелеген инвестициялық ұсыныстарға қаржы менсджері салық төлемі
және инфляцияны есепке ала отырып күткен ақша қаражаттары ағымы туралы
ақпаратпен жабдықталуы керек. Дұрыс шешім қабылдаудың кілті — жаңа
инвестициялық жобаларды есепке ала отырып, талдау жасауда.
Келесі жағдайларды қаралық.
Кәсіпорын жаңа өнім шығару мүмкіншілігін қарастыруда. Жабдықтарды алу
және орнатуға кеткен шығын көлемі 15000 мың.тг. Есеп көрсеткендей, тауардың
өмірлік кезеңі алты жыл және жаңа жабдықтарды өндіріске енгізу арқылы
сатудан түскен түсім ұлғайады, мың.тг.
1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 4 жыл, 5 жыл, 6 жыл
60000 120000 160000 180000 110000 50000
Осы кезеңдерде кәсіпорынның шығындарыда өсті: еңбек ақы, пайдалану
шығындары, шикізат және материалдар шығыны және басқадай жаңа өнімді
дайындаумен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық әрекеттің объектілері
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Мұнай- газ өндіру кәсіпорындарының инвестициялық қызметі
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Инвестицияның жіктелуі жайлы ақпарат
Инвестицияның бағалануы
Инвестициялардың анықталуы мен жіктелуі
Жергілікті инвестиция есебі
Қаржылық инвестициялар есебі
Инвестициялар есебі туралы мәлімет
Пәндер