Мұнай және газ өндіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Курстық жұмыс
Мамандық бойынша 6B05202 - География
ТАҚЫРЫБЫ: МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Орындаған 2 курс студенті: Сіләмхан Ә.
Ғылыми жетекшісі: Мылқайдаров Ә. Т

Алматы, 2023

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы ... ... ... ..4
Маңғыстау облысының шаруашылығының негізгі көрсеткіштері ... ... ...8
Облыстың әлеуметтік-экологиялық факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..11
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Маңғыстау облысының демографиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ..13
Облыс халқының табиғи қозғалыс көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...17
Облыс халқының көші-қон үрдістерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .20
МАҢҒЫСТАУ ОБЫЛСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .21
3.2 Маңғыстау облысы халқының өмір сүру деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда елімізде экономикасы өркендеп, халқының әл-ауқаты артып келе жатқан облыстың бірі - Маңғыстау облысы болып табылады. Елбасымыз да халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс-тіршілігіне баса назар аударып, арнайы бағдарламалар қабылдауға бастамашы болып келеді. Осындай халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартатын бағдарламалар Маңғыстау облысында да жүзеге асып келеді.
Облыстың географиялық-территориялық тұрғыдан ыңғайлы жерде орналасуы, сонымен бірге экономикасының тұрақты түрде дамуы ондағы халық санының жыл сайынғы табиғи өсуіне жағдай жасап отыр . Облыстың демографиялық жағдайына табиғи үрдістермен қатар механикалық үрдістер де әсерін тигізіп отыр. Маңғыстау облысында көші-қон үрдістері белсенді түрде жүріп жатыр, әсіресе реэмиграция үрдісі басым.Көші-қон ағымы негізінен Түрікменстан, Өзбекстан сияқты жақын республикалар арасында өтеді. Көші-қонның негізгі себебі ұлттық-мемлекттік қалыптасу бойынша орналасуы, облыста өндіріс ошақтарының дамуы нәтижесінде жаңа жұмыс орындарының ашылуы болып отыр. Көбіне ТМД елдерінен қазақтар көшіп келуде. Облысқа көшіп келгендердің 84,8 % - қазақтар, 9,1 % - оыстар, 1,2 % - әзірбайжандар. Қазақстан Республикасында шетелде тұратын оралман-қазақтарды тарихи отандарына қайтару саясатының жүргізілуіне байланысты алыс-жақын шетелдерден оралмандар көшіп келуде. Халық негізінен темір жол бойы және облыстың батысындағы Ақтау, Қаратау таулары етегінде қоныстанған. Соңғы жылдары мұнай кен орындарының игерілуіне байланысты көптеген өндіріс ошақтары ашылуда, осыған баланысты халық осы өндіріс орындарына жақын жерлерге шоғырлана бастады.

1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы

Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында, Каспий теңізінің шығысында, Еуропа мен Азияның түйіскен өңірінде орналасқан. Маңғыстау облысы 1973 жылы жеке әкімшілік облысқа айналып, 1990 жылы толығымен қалыптасты. Маңғыстау облысы үш жағынан дерлік теңізбен қоршалып, қалған бөлігінде табиғаты қатаң, елсіз немесе сирек қоныстанған шөлді аймақ шектеп жатыр. Маңғыстау - Қазақстан Республикасының негізгі теңіздік аймағы. Каспий арқылы іргелес Әзірбайжан, Иран, Түрікменстан елдерімен, сондай-ақ Еділ-Дон каналы арқылы Дүние жүзі елдерімен байланыса алады
Маңғыстау облысы теңіз деңгейінен едәуір төмен жатқан жазықта орналасқан. Облыстың орталық бөлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа жазықтар мен Маңғыстау тауының жотасы созылып жатыр. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында теңіз деңгейінен төмен Қарақия (-132 м) ойысы , Маңғыстау тауының оңтүстік - шығысында Маңғыстау үстірті орналасқан.
Маңғыстау облысының климаты арктикалық, ирандық және турандық ауа массаларының басым әсері есебінен қалыптасады. Жылдың салқын кезеңінде мұнда сібір антициклонының батыс белдеуінен келген ауа массасы басым, жылы кезеңде олар Орталық Азия мен Ираннның шөл даласынан келген тропикалық жылы ауа массасымен ауысып отырады. Осы ауа массаларының әсерінен климаттың қатал континенталды құрғақ түрі қалыптасады. Каспий теңізі мен Арал теңізінің әсері өте шектеулі. Ол жағалаудағы тар белдеуде білінеді және ауаның ылғалдылығының сәл артуымен, қысқы кезеңде ауа температурасының артуымен, жазғы айларда ауа температурасының төмендеуімен, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасының төмендеуімен білінеді.
Қаңтардағы орташа температура - солтүстікте -5° және -8°С, аумақтың оңтүстігінде - 1° және - 4°С. Тұтас алғанда қысы өте жылы, қысқа, облыстың оңтүстігінде жылылық жиі байқалып отырады. Алайда, кейбір салқын қыста суықтық -38°С - қа дейін жетеді (абсолюттік максимум) .
Облыстың көп бөлігінде жаз айлары ыстық және созылмалы. Шілдедегі орташа температура 24°С-тан жоғары. Кейбір жылдарда ауаның температурасы 42-47°С-қа дейін көтеріледі ( абсолюттік максимум).
Қар мен жаңбыр өте аз жауады. Олардың орташа жылдық саны 130-180 мм. аспайды. Қар мен жаңбырдың ең көп түсуі жылдың жылы кезеңіне келеді.
Маңғыстау облысы желдің ең үлкен энергетикалық қорына ие. Бұл аумаққа қатты жел мен боран тән. Аумақтың үлкен бөлігінде желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына 4-5 м құрайды. Каспий теңізінің жағалауында желдің жылдамдығы өте үлкен, онда орташа жылдық жылдамдық секундына 6-7 м құрайды. Аумақтың көп бөлігінде шығыс және оңтүстік-шығыс желдері басым. Облыста тұрақты өзен тармағы жоқ.
Жерінің жалпы көлемі 165,6 мың шаршы км (Қазақстан республикасының жалпы жер көлемінің 6,1 %-ын құрайды, 16 өңірдің ішінде 7-ші орынды алады).
Халқының саны 2023 жылғы мәлімет бойынша 766,956мың адам. Халқының тығыздығы 1 шаршы километрге 3,2 адамнан келеді.Аудандар бойынша халықтың таралуы төменде көрсетілген (Сурет 1).

Сурет- 1 - Маңғыстау облысының халық санының құрылымы (2023 ж.)
Маңғыстау облысы әкімшілік жағынан 5 аудан және 2 шағын қала (Ақтаудан басқа), 41 селолық және ауылдық округқа бөлінеді. Олар: 1. Ақтау қаласы. 2. Жаңаөзен қаласы. 3.Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылған. 4. Қарақия ауданы1973 жылы құрылған. 5. Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. 6. Түпқараған ауданы 1992 жылы құрылған. 7.Мұнайлы ауданы 2007 жылы құрылған. Аудан орталығы - Маңғыстау селосы.
Облыс орталығы - Ақтау қаласы (халқы - 182,4мың адам). Облыстың ең ірі ауданы - Қарақия ауданы - 64,8 мың шаршы км.Облыс орталығы 1963 жылы құрылған және Каспий теңізінің айлағы болып табылатын Ақтау қаласында орналасқан.
Маңғыстау облысы - еліміздегі мұнай мен газ өндіретін ең ірі аудан. Мұнай кәсіпшілігінің негізгі орталықтары - Өзен және Жетібай. Облыстың өндіріс құрылымында жетекші орынды мұнай өндіру, мұнай мен газ өңдеу алады. Жаңаөзен қаласындағы қуаты 2 млрд. м3 Қазақгазөңдеу өндірісінің өнімі Ақтау қаласындағы пластмасса зауыты үшін шикізат болып табылады. Облыс жартылай шөлейтті шөл аймақта орналасқан. Бұл ауылшаруашылығын өркендетуді қиындатады. Ауылшаруашылығының жетекші саласы - мал өсіру, оның ішінде қой және түйе шаруашылығы. Облыс аумағында балық өнеркәсібі жақсы дамыған. Балық шаруашылығының ең ірі орталықтары - Баутино (балық-консерві комбинаты) және Ералиев балық зауыттары. Тамақ өнеркәсібінің басқа саласынан елеулі орынды ет комбинаты мен Ақтау қаласындағы сүт зауыты алады. Ақтауда сонымен қатар химия зауыты, құрылысқа керекті қабыршық тас өндіретін карьер, темір-бетон конструкцияларын өндіретін зауыт, жылу және атом электр станциясы орналасқан. Ераливе қала типтес елді мекенінде тоқыма фабрикасы жұмыс істейді. Облыста ет-жүн бағытындағы қой, түйе, жылқы өсіріледі. Мал қысы-жазы жайылымда бағылады. Облыста егін шаруашылығы нашар дамыған. Қаратау мен Ақтау бөктерінде жемшөптік дақылдар егіледі. Бұлақ бойларында және Ақтау, Жанаөзен қалалары төңірегінде суармалы егін шаруашылықтары кездеседі. Облыстың аумағы арқылы екі халықаралық көлік дәліздері өтеді, олар ТРАСЕКА (Шығыс Еуропа елдерін Орта Азиямен байланыстырушы) және Солтүстік-оңтүстік (Солтүстік Еуропа мемлекеттерін Парсы шығанағы елдерімен байланыстырушы). Сонымен қатар облыстың географиялық орнының туризм мен көліктік логистикаға тиімділігі, облыста жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен бірге облыс экономикасын айтарлықтай дамытуға мүмкіндік туғызады. Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, табиғи қорларымен бай.

Маңғыстау облысының шаруашылығының негізгі көрсеткіштері

Климаттың қолайсыздығы, ауыз судың жетімсіздігі мен халық санының аздығы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Осыларға қарамастан, Маңғыстаудың ортада орналасуы, табиғи байлығының молдығы - темір жолдар мен автомобиль магистралі, теңіз-әуе тасымалы әлемдік деңгейге көтерілген жағдайда зор мүмкіндігі бар, потнециалы орасан зор аймақ ретінде қарастыруға жол ашады. Маңғыстау облысы өнеркәсібінің тұңғышы Қарабұғаздан мирабилит-глаубер тұзын өндіру болды. Маңғыстау облысы - индустриалы-аграрлы аймақ болып есептелінеді, яғни ұлттық табыстың басым бөлігін өнеркәсіп өнімдері құрайды. Облыс өнеркәсібін мына салаларға бөлуге болады:
Энергетика және су тұщыландыру; Мұнай және газ өндіру; Мұнай-газ-химия;
Химия-металлургия; Құрылыс материалдарын өндіру; Жеңіл өнеркәсіп; Тамақ және балық өңдеу;
Облыстағы энергетика көзінің негізін Маңғыстау энергетикалық комбинаты (МАЭК) құрайды. Ол 350 мың киловаттық шапшаң нейтронды атом реакторының қуатымен жылына орта есеппен 2,0-2,5 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіреді. МАЭК - Қазақстандағы тұңғыш және қазірге жалғыз атом электр станциясы, 1973 жылы 16 шілдеде іске қосылды. Аталмыш комбинатта электр энергиясымен қатар теңіз суы тұщыландырылады.
Мұнай өндіру - облыс экономикасының жетекші саласы. 1963 жылы құрылған АҚ Маңғыстаумұнайгаз құрамында Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Жетібай, ірі мұнай өндіру компаниялары жұмыс істейді.
Газ өндіру жылына 3-4 млрд. м3 деңгейінде сақталуда. Мұнай өңдеу облыста іс жүзінде жоқ. Өндірілген өнім құбыр арқылы және теңіз арқылы Ресей мен Әзірбайжан мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі. Ал Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын салу әзірге жоспар күйінде қалып отыр.
Газ өңдеу Жаңаөзен қаласындағы Қазақ газ өңдеу зауытында жүзеге асады. Ол жылына орта есеппен1,5-2,5 млрд. м3 газ өңдер, газ бензині мен сұйытылған газ алады. Сондай-ақ осыннан алынған этан Ақтау пластмасса зауытына жіберіледі.
Маңғыстау облысы - МАЭК-Қазатомөнеркәсіп ЖШС автономды өндіретіп отырған барлық энергия түрлерімен және сумен қамтамасыз ететін Қазақстандағыбірден-бір өндiрiстiк кешен. Өнеркәсiптiк өнiмдi өндiрудіңкөлемінің индексi 2019 жылы 149%-ға жетті. Төменде Маңғыстау облысының шаруашылық секкторлары бойынша бөлінісі көрсетілген.

Сурет 2 - Маңғыстау облысының жалпы өнімдік құрылымы (2019 ж.)

Уран рудасын өндіру, өңдеу және пайдаланудыкөптеген жылдар бойына Каспий тау-кен металлургиялық комбинаты (АҚ Каскор), Каскор концерні МАЭК-пен бірге ҚАЗақстан атом энергетикасы жөніндегі акционерлік компаниясына кіреді. Каскордың өндірістік негізі - химия-металлургия зауыты.
Облыс экономикасының тағы бір алыбы - Ақтау пластмасса зауыты. Оның шығаратын негізгі өнімі - полистирол мен стирол. Бұл өнімге қажетті өнеркәсіптік этанды Өзен газ өңдеу зауыты қамтамасыз етсе, мұнай бензолын шетелдерден алады.
Құрылыс материалдары өлкедегі ұлутас қорына негізделген. Қазіргі Түпқараған, Жетібай, Қызылтұран, Ауыртас, Бейнеу тас карьерлерінде тілінген Маңғыстау ұлутасы облыс құрылыс неркәсібінің негізгі материалы. Ұлутас Қазақстанның басқа облыстарына жөнелтіліп тұрады, сонымен қатар битум, құм, гравий, кірпіштік, саз өндіру,қолға алына бастады. Цементтік материалдың мол қоры болғанымен, осы сала жетерліктей дамытылмаған. Жолға қажетті құрылыс материалы - асфальтпен Маңғыстау кентіндегі зауыт қамтамасыз етеді.
Жеңіл өнеркәсіп саласына көңіл бөлу соңғы жылдарда ғана қолға алына бастады. Осы саланың алғашқы ірі италия-қазақ бірлескен кәсіпорны - Ақбөбек аяқкиім фабрикасы.
Тамақ және балық өнеркәсібі үлкен мүмкіншіліктеріне қарамастан өте нашар дамыған. Бұл өнеркәсіптік бағытта Форт - Шевченкодағы балық (майшабақ) консервілеу, Ақтаудағы ет жіне сүт зауыттарын, сыра , ликер, т.б. өндіретін шағын цехтарды ғана атап өтуге болады.
Балық аулау Каспий теңізінде құлдырап кеткені белгілі. Қазақстанның каспийлік балығының денін Атырау облысы аулайтынын ескерсек, салыстыра кете Маңғыстау облысының балық аулау шаруашылығының мөлшері жоқтың қасы деуге болады.
Ауылшаруашылық кәсіп - мал бағу. Төрт түлікті өсіру түгел дамығанымен, саланың негізін қой шаруашылығы құрайды. Маңғыстау облысының 16,5 млн га жерінің 12 млн гектары жайылымға пайдаланылады. Осындай үлкен алқапта бағылатын қой саны 0,4-0,5 млн. бас, жылқы 20-30 мың бас, түйе 12-14 мың бас. Қой шаруашылығы Маңғыстауда дәстүрлі қазақы қой қаракөлмен ауыстырлды. Қымбат бағалы елтірісі үшін өсірілген бұл тұқым жергілікті климаттық жағдайға бейімделе алмауы үлкен мәселе болып отыр. Кейбір жылдары мал шығыны отар сайын орта есеппен 35-40%-ға жеткен. Қой шаруашылығының өнімдерінің сапасының төмен болуы, өткізу-сату қиыншылықтары облыстың мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратып отыр. Жылқы мен түйе еті, сүті жеке қожалықтарда ғана пайдаланылады. Түйе бағуға т.пқарағандық Қызылөзен мамандандырылса, қалғандарында осы екі түлік тек қосалқы шаруа есебінде дамытылған. Түйе сүтімен Тұщыбектегі өкпе ауруларын емдейтін санаторий қамтамасыз етіліп отырады.
Маңғыстаудың экономикалық, әлеуметтік өмірінде темір жол тасымалы маңызды рөл атқарады. Облыс теміржолының тұңғышы 1940-50 жылдары жұмыс істеген, ұзындығы 25км. болып келетін - Таушық- Сарытас тар табанды темір жолы. Ол соғыс кезінде Таушық көмірін тасымалдау үшін пайдаланылған. Ал қазіргі темір жолдың алғашқысы 1961-64 жылдары Мақаттан (Атырау облысы) Ақтауға дейінгі ұзындығы 704 км. Ал кейін Маңғыстау станциясынан Өзенге дейін ұзартылды, 1970 жылы Бейнеу-Қоңырат теміржолы пайдалануға берілді.Темір жол арқылы мұнай өнімдері тасымалданса, қазір олардан басқа жергілікті өнімдер шығарылып, Маңғыстауға қажетті материалдар тасымалданады. Өнеркәсіптің дамуы қатқыл табанды жолға деген сұранысты туғызды. 1966 жылы Ақтау- Жаңаөзен асфальт жолы салынды. Қазір облыста төсеніші бар жолдармен қатар Ақтау-Құрық, Ақтау-Қаражамбас-Қаламқас, Ақтау-Форт-Шевченко, Шетпе-Таушық, Шетпе-Жетібай және т.б. шағын шақырымдық асфальт жолдары салынған. Облыстың ірі елді мекендері өзара жақсы автомобиль жолдарымен байланысқан. Маңғыстау автожолдарының басты ерекшелігі - басқа облыстарға және көрші елдерге шыға алатын асфальт жолдың болмауы. Қазірдің өзңнде әлі салынып бітпеген Бегдаш-Жаңаөзен жолы Түрікменстан және Оңтүстік Кавказ елдерінің (Грузия, Әзірбайжан) өнімдерін Қазақстанға, әрі қарай Ресейге тасымалдау жолына айналып отыр.
Маңғыстауда мемлекеттік деңгейде екі әуежай бар. Бірі - орта ұшақтарды қабылдай алатын Жаңаөзен, екіншісі - үлкен ұшақтар қонатын Ақтау әуежайы. Соңғысының экономикалық мәні артып келеді.
Облыста екі теңіз айлағы Ақтау мен Баутин (Форт-Шевченко). Халықаралық айлақ мәртебесіне ие болған Ақтау теңіз айлағы дәстүрлі Астрахань, Баку рейстерімен қатар 1993 жылдан бастап Иранмен теңіз қатынасын орната бастады.

Облыстың әлеуметтік-экологиялық факторлары

Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұның соңы табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады.
Осы орайда зерттеліп отырған Маңғыстау облысының да экологиясы ауыр аймақтардың қатарына жататындығын айтуға болады. Мұнда ауа бассейні табиғи және антропогендік жолдармен ластанады.Қазіргі кезде облыстағы экологиялық жағдай шиеленісіп, халықтың өмір сүруі мен денсаулығына кері әсер етуде.
Жалпы ел бойынша экологиялық нашар аймақтардың бірі болып табылатын Маңғыстау облысы болып табылады. Мұндағы негізгі мәселелер өндіріс кәсіпорындарының жүргізіп отырған іс-әрекеттерімен түсіндіріледі.
Ал облыстың экологиялық мәселелерінің ошағы Қошқар-Ата қалдықтар қоймасы болып табылады. Оны қайта өңдеу жобасы жасалып қойылған. Қазіргі уақытта қойманың екі аса қауіпті деп саналған аумақтары қайта жөндеу жұмыстарынан өткізілген. Ақтау қаласына жақын орналасқан радиациямен уланған өзендер 80 шаршы километрден асады.
Маңғыстау жері биоклимат жағдайына қарай шөлді ландшафтқа жатады. Аймақтың топырағы негізінен өсетін өсімдігіне және топырағының түсі мен беткі қабатына қарай екі аймаққа бөлінеді. Оның біріншісі - қоңыр топырақты, ерте қурап өшіп кететін раң тәріздес өсімдік және ащылы шөп бұта тектілер өсетін орталық шөлді аймақ. Қоңыр топырақты аймақ облыстың солтүстік жағын алып жатыр.
Табиғи климаттық жағдайы бойынша толығымен Маңғыстау экологиялық тұрғыда жайсыз күннің радиациясы аса қатты қыздыруы, қатты жел, температураның көп ауытқуы жауын-шашынның аз мөлшері.Шаңды борандар мен тұз түйіршіктерінің ауаны ластауымен қоса Каспий теңізінің экологиялық мәселелері де облыстың экологиясының нашарлап бара жатқандығының көрінісі. Тек Қазақстан мен бүкіл Орта Азияның ғана емес, дүниежүзінің проблемасына айналған Арал теңізі секілді Каспийдің мәселесі де бүгінде теңіз жағалауында орналасқан бес мемлекеттің үлкен мәселеіне айналып отыр.
Қазіргі кезде Маңғыстау облысында қоршаған орта жағдайына әсер ететін мынадай факторларды атауға болады: климаттың құрғауы және судың аздығы; ауыз судың жетімсіздігі және химиялық құрамының санитарлық көрсеткішке сәйкес келмеуі; жердің беткі қабатының тұздануы және түрлі жіктелмеген токсинді заттармен улануы; табиғи ортаның өндірістен бөлінетін ауылшаруашылықтық, тұрмыстық-шаруашылықтық қалдықтармен және түрлі химиялық тастандылармен ластануы; өндіріс қалдықтары; өндірістің улы зиянды газдарының әсері;
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын нысандардың саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басым көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп нысандары Ақтау, Жаңаөзен қалаларының кәсіпорындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар.
Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ластағыш заттардың 16 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Маңғыстау облысының экологиялық мәселелерінің көшбасында тұрғаны Каспий теңізі болып табылады. Каспий мәселесі бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиялық проблемаға айналды.
Каспий теңізі Еуропа ман Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты құрайды. Теңіздегі балықтар саны азайған, себебі, Каспий бойында қоныстанған елдер теңіз астын да, жағасын да пайдаға жаратып, кәсіпкерліктің көзіне айналдырған. Жалпы Каспийлік кәсіпшілікте итбалық аулау да елеулі орын алады. 1905-1910 жылдары Каспий теңізінде шамамен 1 млн 100 мың итбалық болған екен. Бір итбалықтың күніне 3 келі балық жейтінін ескерсек, сол кезде теңіз астын 3 млн 300 мың балық мекендеген. Ал, 2018-2019 жылдары жасалған есеп бойынша, 110 мың итбалық бары анықталды. Ендеше, балықтар санының қаншалықты азайғанын байқауға болады.
Жайсыз табиғи және антропогендік факторлар Каспий теңізі деңгейінің бірде көтеріліп, бірде төмендеуіне әкелді, оның айдыны улы қалдықтармен ластануда.Өте ауқымды мәселе Каспий жағалауындағы жаңа және бұрынғы кәсіпорындар, сонымен бірге теңіз мұнай игеру кезінде теңізді мұнаймен немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнының жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Мұнай мен газ өндіру саласында
Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
Республикада мұнай және газды өндірудің қазіргі және болжамдық көлемі
Мұнай мен газдың қазіргі жағдайы
Көрсеткіштер өндіру жылдары
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Пәндер