Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы: «Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу»
Мамандық: 7М01802 - «Әлеуметтік педагогика және өзін‑өзі тану»
Орындаған: Сәкенова А. С
Ғылыми жетекші: п. ғ. к., доцент Молдасан Қ. Ш
Қорғауға жіберілді:
Хаттама № ___, «»2023 ж.
Кафедра меңгерушісі Алгожаева Н. С
Нормобақылау
Алматы, 2023 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің ғылыми әдебиеттерде зерттелуі . . . 7
1. 2 «Патриоттық тәрбие» ұғымының мазмұны мен ерекшелігі . . . 18
1. 3 Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі . . . 27
2 ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ
2. 1 Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі әдістер . . . 39
2. 2 Тәжірибелік‑эксперименттік жұмыстың мазмұны . . . 51
2. 3 Тәжірибелік‑эксперименттің жұмыстың нәтижелері . . . 72
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 85
ҚОСЫМША . . . 88
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Ƃұл диссертациялық жұмыста келесі ᴛерминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.
Патриоттық тәрбие - қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс.
Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі, «жырау» атауы «жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген.
Жыршы - жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған. Олардың орындаушылық ерекшеліктерінде ұқсастықтармен қатар айырмашылықтар да бар.
Жыраулық поэзия - ғасырллар бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнеріміздің асыл мұрасы, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік белгісі.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы - қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Қазіргі кезде халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.
Ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға аян. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, қазақ халқындығы небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазылардың атадан балаға мирас болған тәлімін көреміз. Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән өзіне тән ерекшеліктері болатыны секілді, қазақ халқында да, сан ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдақ пен әділеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеген шешені мен жыршылары, ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-жыраулары болғаны баршаға мәлім.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (11-бап, 3- тармақ) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаттарының бірі ретінде былай делінген: « . . . азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халық дәстүрлерін құрметтеу, адамның еркін тұлға ретінде дамуы үшін өскелең ұрпақтың санасында құндылық бағдарын қалыптастыруды басымдықтар ретінде қамтитыны, жастардың жаһанданған әлемге, ашық ақпараттық қоғамдастыққа кіруін жан-жақты қолдауды талап ететіні кездейсоқ емес. Оқушыларға өз Отанына, өз халқына, ана тіліне, ұлттық мәдениетке, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдетғұрыптарға сүйіспеншілікпен және құрметпен қарауды тәрбиелеу маңызды. Бұл өте өзекті мәселе болып табылады, оны соңғы жылдардағы ғылыми жұмыстар дәлелдеп отыр [2] .
Бірыңғай бағыт шеңберінде «Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» азаматтардың бойында жоғары патриоттық сана-сезімді, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбиелеу жүйесін мақсатты дамыту арқылы Отан мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға әзірлікке тәрбиелеу қажеттігі атап көрсетіледі. Балаларды, жастарды, халықты патриотизм, халықтар достығы, діни төзімділік рухында тәрбиелеу бойынша мемлекеттің әлеуметтік тапсырысын орындауға негізгі кедергі соңғы жылдары болған өзгерістерді ескере отырып әзірленген ғылыми теорияның болмауы болып табылады, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және басқалары қабылданды, өйткені қазіргі жағдайда «Қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру мәселесі Қазақстанның егемен мемлекет ретінде дамудың үш он жылдығын артқа тастаса да, бұрынғысынша барынша өзекті мәселе болып қала береді.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі өкілдері бәсекеге қабілетті білімі, креативті ойлау қабілеті ғана емес, сондай-ақ жоғары азаматтық және адамгершілік қағидаттары, патриоттық сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі бар зияткерлік ұлтты қалыптастыру болып табылады [3] .
Осыған байланысты, Қазақстанда бүгінде еліміздегі қоғамдық келісімді сақтау және нығайту мақсатында біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі болып табылатын жаңа қазақстандық патриотизмге бағытталатын патриоттық тәрбие жүйесін құру туралы мәселе тұр.
Біздің зерттеуіміздің мақсатына сүйене отырып, оқушыларға патриотизмді жыраулар поэзиясы арқылы танытып, «патриоттық тәрбие» ұғымдарының мәнін егжей-тегжейлі талдауға көңіл аударамыз, олардың негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетеміз.
Кемеңгер ойшыл бабаларымыз Қорқыт ата, Әл-Фараби, Шалкиіз жырау, Қадырғали Жалайри, Доспамбет жырау, Дулати, Бұхар жырау т. б ғұлама-ғалымдар өздерінің шығармаларында ел мен жер, Отанды сүю, ар-ождан, намысты қорғау, ғылым, білімді халақ игілігіне жұмсау секілді ұлттық рухтың өзекті мәселелеріне ерекше мән беріп келсе, XV-XVIII ғ. ғ. өмір сүрген Асан қайғы, Жиенбет, Шалкиіз, Бұқар, Дулат сияқты жыраулар өздерінің өлең-жыр, толғауларымен елдік пен ерлікті, әділдік пен адалдықты, сақтық пен серілікті жалықпай насихаттаған. Ал Доспамбет, Ақтамберді, Махамбет сынды әрі батыр, ақын-жыраулар «ел намысы - ер намысы» деп қарап, дұшпанға өткір тілді өлеңін де, алмас қылышын да жұмсай білді. Патриотизм туралы кең толғамды идеаяларды қазақ даласының ойшылдары Асан Қайғы, Доспамбет жырау Аймауытұлы, Шалкиіз жырау Тіленшіұлы, Бұхар жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқауетті.
Патриоттық тәрбие беру мәселелерін қазақстандық ғалымдар да зерделеуде. Қазақстандық ғалымдар К. Ж. Қожахметова, С. Т. Иманбаева, Ш. Т. Таубаева, К. С. Менлибаев, Г. К. Белгібаева, С. С. Тауланов, С. К. Нурмукашева және т. б. еңбектерінде ұлттық мәдениеттің және халық педагогикасы тәжірибесінде ұсынылған білімнің өскелең ұрпақты азаматтықпатриоттық тәрбиелеудегі маңызы нақтыланса, ғалымдар Г. Қ. Нұрғалиева, Б. К. Құдышева, М. И. Кикина, К. Найманбаева тұлғаның әлеуметтік даму құндылықтарын айқындау және патриоттық тәрбиесін қалыптастыру мәселелерін қарастырған. С. С. Тілеуова, Д. А. Нұрғалиева, К. А. Исмаилова еңбектерінде патриоттық тәрбие қалыптастырудың педагогикалық негіздері мен тиімді жолдары анықталған.
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары - Ш. Уәлиханов, ЬІ. Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады.
С. Т. Иманбаева «патриотизм» - жеке тұлғаның «табиғат-адам-қоғам» жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық қасиеті, сондықтан да патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының дәйекті әсер ететін детерминант болып табылады. Осыған орай патриотизмнің мәні мен патриоттық тәрбиенің мазмұны «мәдениет - тарих - білім» деп аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы дамиды деп, елдің мемлекеттік идеологиясына негізделген қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді [7] .
Абай шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлық пен туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне озық дәстүрлері мен ұлттық мінездерінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен керініс тапты. Ұлттық сезім, Отанға, елге деген сүйісіпеншілік негізінде Алаш орда қайраткерлері нақтылы іс атқарып, тарихтың жарқын 'беттерін жаза білді.
Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек. Қазақ халқы өз ұрпағын ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы тәрбиені одан әрі жалғастыру үшін әрбір отансүйгіш азаматтардың өткен күнгі тарихты, батырларымыздың ерлік рухын білуі керек. Қазақ жастарының бойына ұлттық рухты сіңіру жақсы тәрбие беру деген сөз. Бұл жағдайда әлемнің екінші ұстазы, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» -деген. Яғни барлық уақытта тәрбие бірінші орында тұратыны жайлы айтқан екен. Сондықтан да осы Әл-Фараби бабамыздың жолын ұстана отырып, біздер, яғни жас ұрпақ тәрбиелеушілер тәрбиені қалай қолға алсақ, патриоттық сезімді де дәл осындай дәрежеде, биік ұстауымыз қажет.
Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілікті, оны қорғауға деген ұмтылысты білдіреді. Әр балаға өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін, оның бай тарихына, байлығына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасауымыз қажет. Патриотизмді оқушылардың жүрегіне ұялатып, санасына сіңірудің бір жолы «Жыраулық поэзия» арқылы.
Сонымен бірге, мектеп оқушылары өз еліне деген мақтаныш сезімін, тарихтың әртүрлі кезеңдерінде өз елін барлық жағынан қорғаған жыраулардың еңбегі үшін құрмет сезімін сіңіреді. Мектептегі білім әрдайым барлық реформаларға ұшырайды, оның ішінде оның патриоттық компоненті де бар. Ол Қазақстандық білім беру саясатының басты бағытына айналуда.
Жыраулар қазақ халқының ертеңгі болашағы, балалардын да татулыкпен, бірлікпен калыптасып өсуін жырлайды. Жастайынан ауызбіршілікпен, достыкпен қалыптасып ескен жас ұрпақтың халқын баянды бақытқа жеткізгені тарихта дәлелденген ақиқат.
«Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен» - деп өз жанын да аямаған бабаларымыздың ерліктерін ұмытпай, адам бойына патриоттық сезімді қалыптастыру үшін тәрбиені отбасы мен балабақшадан бастау керектігі айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту - ата-ананының парызы. Ендеше, бабаларымыздың ерліктерін ары қарай жас ұрпақ есте сақтап, ананың жасы, батырдың қаны төгілген бұл даланы көзінің қарашығындай қорғап жүру жас ұрпақтың патриоттық құралы болып табылады.
Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді, оқу‑әдістемелік құралдарды жан‑жақты талдау жыраулар поэзиясы негізінде оқушыларға жыраулар поэзиясы арқылы патриоттық тәрбие беру мәселесі жете зерттелмегендігін көрсетті.
Демек, жыраулар поэзиясы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің қажеттілігі мен оның теориялық тұрғыдан жүйелі зерттелмеуі арасында; жыраулар шығармаларының патриоттық тәрбиедегі мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз пайдалану арасында; оларды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми‑әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама‑қайшылық байқалды. Осы міндеттердің тиімді жолдарын іздестіру біздің зерттеу жұмысымызды айқындауға және тақырыпты «Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуді теориялық және практикалық негіздеу және тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны: Жалпы білім беретін мектептегі оқу‑тәрбие үдерісі.
Зерттеу жұмысының пәні: Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері айқындалса, жыраулар поэзиясының патриоттық идеялары және олардың білім беру ұйымы оқушыларына патриоттық тәрбие берудің моделі және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу‑тәрбие үдерісіне жүйелі, бірізділікпен ендірілсе, онда оқушыларға патриоттық тәрбие беруге мүмкіндіктер туындайды, өйткені, бұның бәрі, біріншіден, оқушылардың патриоттық мазмұндағы шығармаларға аялы көзқарасы мен қызығушылығын арттырады, екіншіден ұлттық сана‑сезімін, адами қасиеттерін қалыптастырады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің мәнін ашу;
- Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу жұмысының моделін ұсыну;
- Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуді тәжірибелік‑эксперименттік тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің жетекші идеясы: Жыраулар поэзиясы - ұлттық патриотизмді, ұлттық сана‑сезімді қалыптастырудың жетекші құралы.
Зерттеудің ǝдістері: зерттеу жобасы бойынша ғылыми әдебиеттерге (тарихи, философиялық, әлеуметтану, психологиялық, педагогикалық), оқутәрбие үдерісі құжаттарына талдау жасау, бақылау, әңгімелеу, сауалнамалар жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді математикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
Ғылыми жаңалық мыналардан тұрады:
- оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізі айқындалды.
- жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды.
- жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің моделі, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық шарттары айқындалды.
- оқушыларға патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие процесінде жыраулар поэзиясын пайдаланудың әдістері құрылды, оның тиімділігі тәжірибеде дәлелденіп, нұсқау берілді.
Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін оқушыларды патриоттық тәрбиелеу саласындағы білім беру мекемелері мұғалімдерінің тікелей тәжірибесінде қолдануға болатындығында көрінеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мектеп мұғалімдері қолдана алатын оқушыларға патриоттық тәрбие берудің авторлық бағдарламасын жасау болып табылады.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы, №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары.
Жұмыстың құрылымы Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне байланысты. Кіріспе таңдалған тақырыптың өзектілігін ашады, таңдалған тақырыптың мақсаты мен міндеттерін, объектісі мен тақырыбын анықтайды. Бірінші тарау патриоттық тәрбиенің сабақтан тыс жұмыстарының теориялық аспектілеріне арналған. Екінші тарауда Патриотизмді тәрбиелеудің формалары мен әдістері сипатталады. Үшінші тарауда патриотизмге тәрбиелеу нәтижелері келтірілген. Қорытындыда тарихты жазу барысында қол жеткізілген негізгі тұжырымдар келтірілген.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тараудан және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудіңғылыми әдебиеттерде зерттелуі
Қазақ әдебиетінің тарихындағы аса бір айтулы мұра, тот баспас асыл, ағынды да арналы сала - жыраулар поэзиясы. Жырау поэзиясы әдебиеттану ғылымымызда, әдебиет тарихында көркемдік негіздері жөнінен де, әлеуметтік тарихи мәні жөнінен де жан-жақты қарастырылып, жүйеге түскен сөз өнері.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: орта білім беру міндеттерінің бірі азаматтықа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу [1] деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге кабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін Жолдауында: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді [2] .
Жыраулар поэзиясының негізгі сарындағы туған жер, ұлт‑азаттық күрес, сонымен қатар насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп кездестіреміз. Және осыған орай жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы да - туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі болды. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да Қайран менің Еділім! деп еңіреп өткен, Еділдің бойы ел жайлап, шалғынына бие біз байлап деп Доспамбет жырау армандаған, Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. ( «Ұлттық тәрбие» журналы, 2013, №4, 31-35 бет. ) Қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының төлбасыларының бірі Қазтуған жырау Сүйінішұлы шамамен ХV ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында дүниеге келген. Қазтуған толғауларының да негізгі тақырыбы - туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. «Салп-салпыншақ анау үш өзен» толғауында жырау туған жеріндегі Еділ, Жайық, Ойыл өзендерін тебірене жырлайды. «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауында жырау:
Атамыз біздің бұл Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, -деп туған жері мен ата-анасын байланыстыра сөйлейді. [5]
Аталмыш кезеңдегі жыраулар шығармаларының тақырыптары да әр алуан. Олардың қамтыған аумағы - саяси мәселелерден бастап (елшілік жіберу, әскери жорықтарға шығу, бейбіт келісімдер жасау, көршілермен дипломатиялық қатынас жасау, т. с. с. ) күнделікті тұрмыста тәлім-тәрбиелік мәні бар мәселелерге дейін өз шығармаларына арқау етті. Сол сияқты жыраулар шығармаларының жанры өзіндік ерекшеліктерімен де көзге түседі - бұл негізінен толғау түрінде болды. Толғаудың басқа фольклорлық жанрлардан ерекшелігі - онда әртүрлі мәселелерге ой жүгіртіп, талдаумен қатар, үлгі көрсету, өсиет айту орын алды.
Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т. б. бейнелеу тәсіліне насихаттық, өсиеттік сарын, мәселені жан-жақты терең толғап айтатын ойшылдық әсіресе тән болған. Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік, халықтың елжандылық сезіміндегі тақырыптар, азаматтық әуендер кеңінен орын алады. Әрбір даму кезеңінде толғау мазмұны жағынан да, бейнелеу тәсілі жағынан да бірталай өзгеріп, жаңаша сипат алды.
Халықтың жадында көптеген толғаулар сақталып қалған. XVІІІ ғасырда шығармашылығы кеңінен танылған жыраулар қатарынан Бұқар, Тәтіқара, Үмбетей жырауларды көреміз. Бұл үш жырау да Абылай ханның қасында болып, кеңесшілік қызмет атқарған. Олардың толғауларының басым бөлігінің мазмұны «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі елді біріктіру саясатымен тығыз байланысты. Жорыққа шығар алдында олар өз толғаулары арқылы халықтың патриоттық сезімін оятып, өз ұрпағы, елі, жері үшін жауапкершіліктерін естеріне салу арқылы шабыттандырып, рухын көтеріп отырды.
Өзінің толғауларында патриоттық сезімнің жоғары деңгейін көрсете отырып Бұқар жырау патриоттық тәрбие туралы құнды ойлар айтады. Бұқар жыраудың шығармаларын талдау арқылы олардағы патриоттық ойлардың негізгі өзегі - халықты рухтандыру, олардың тәуелсіз ел екенін есте ұстай отырып, патриоттық сезімін кеңейту болып табылатыны көрінеді.
Ақтамберді жырау шығармалары -патриоттық тәрбиенің қайнар көзі деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, оның поэзиясы, ұлттық рухты көтеруге, халқын азаттық өмір жолында өздерін жігерлендіруге арналған. Өз шығармалары арқылы өзі өмір сүріп отырған заманының өз шындығын көрсетіп, елінің патриоттық сезімін көрсетуі және оған ұмтылуы Ақтамберді поэзиясының құндылығын толықтырады.
XVIII ғасырда өмір сүріп, өзінің артына үлкен поэтикалық мұра қалдырған ақын Тәтіқараның шығармаларының қазақ педагогикалық ойлар тарихындағы алатын орны ерекше. Өзінің өлеңдерінде ақын салыстырулар арқылы түрлі теңеулер көрсетіп, олардың мәніне үңілген. Жалпы алғанда Тәтіқара ақынның шығармаларында патриоттық-отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиеге қатысты ойлар бір-бірімен астасып, тұтас тәлім-тәрбиелік идеялар жүйесіне айналған.
Сөз болып отырған кезеңдегі жырдан дауыл тудырған саңлақ жыраудың тағы бірі - Үмбетей жырау. Үмбетейдің жыр-толғауларында патриоттық ойлар өзі өмір сүріп отырған заманның тұрмыстық келбетінен туындап, сол кездің құндылықтарын сипаттау арқылы көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz