Аллаға сенбейтіндердің өмірі ашшы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
КЕМЕРБАЕВ ДАНИЯР
"ДАРУРАТ", "ХАЖИЯТ", "ТАХСИНИЯТ" МӘСЕЛЕСІНДЕГІ
ШАРИҒАТТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
«6М021500 - Исламтану» мамандығы бойынша
гуманитарлық ғылымдарының
магистрі академиялық дәрежесін алу үшін жазылған диссертация
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2023
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
Исламтану
кафедрасының меңгерушісі
PhD докторы Н. С. Анарбаев
«___» 2023 ж.
Магистрлік диссертация
"ДАРУРАТ", "ХАЖИЯТ", "ТАХСИНИЯТ" МӘСЕЛЕСІНДЕГІ
ШАРИҒАТТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Мамандық: «6М021500 - Исламтану»
Магистрант Кемербаев Д.
Ғылыми жетекші PhD Самет О.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2023
МАЗМҰНЫКіріспе3
Ⅰ ТАРАУ14
ДАРУРАТ14
Бірінші бөлім20
Дінді сақтау20
Екінші бөлім28
Отанды қорғау28
Үшінші бөлім35
Адам жанын сақтау35
Төртінші бөлім43
Мал - мүлікті (Дүниені) сақтау43
Бесінші бөлім48
Ақыл есті сақтау48
Алтыншы бөлім55
Нәсілді (ұлтты), текті және абыройды сақтау55
Ⅱ ТАРАУ61
ХАЖИЯТ61
Ⅲ ТАРАУ61
ТАХСИНИЯТ61
ҚОРЫТЫНДЫ62
Зерттеу жұмысына жалпы сипаттама. Диссертациялық жұмыста ислам шариғатының негізгі қағидалары зәрулік, қажеттілік және көркемділік тұрғысынан жан-жақты талданып, хадисті түсіндіруде қолданған әдіс-тәсілдері сараланады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз ел болып, төл мәдениетіміз бен дініміз қайта жаңғырып, ислам дінін ондаған ғасырдан бері ұстанып келе жатқан қазақ халқы өз дінімен қайта қауышып, ислам ғылымдарында докторлық және магистрлік зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жарыққа шығару шаралары қолға алынуда. Осы қолған алынған іс-шараларға өз үлесімізді қосу үшін «ислам шариғатындағы зәрулік, қажеттілік және көркемділік әдіс-тәсілдері» атты зерттеу жұмысы арнайы таңдалып алынды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты - ислам өркениеті мен ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан, ханафи мәзһабының ғалымы, ислам ғылымдарының көптеген салалары бойынша құнды еңбектер қалдырған Мулла Али әл-Қаридің «Мирқат әл-Мафатих» (әдеп тақырыбы негізінде) еңбегінде қолданған әдіс-тәсілдерді зерттеп, анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
- Мулла Али әл-Қаридің өмірі мен шығармашылығына қатысты араб тіліндегі тарихи-биографиялық, зерттеу жұмыстары мен мақалаларды талдап, ғалымның ғылыми мұрасы мен ғылымдағы орнын айқындау;
- Мулла Али әл-Қаридің өмір сүрген кезеңдегі ислам әлемнің саяси-әлеуметтік, діни және ғылыми жағдайына тарихи шолу жасап, ислам ғылымдарының даму жағдайын бағамдау;
- Мулла Али әл-Қаридің хадис іліміне қатысты жазған еңбектерінің мәні мен ерекшеліктерін баяндау;
- Мулла Али әл-Қаридің «Мирқат әл-Мафатих» еңбегінің жазылу себептеріне тоқталып, негізгі сүйенген дереккөздерін анықтау;
- Мулла Али әл-Қаридің «Мирқат әл-Мафатих» түсіндірмесіндегі қолданған әдіс-тәсілдерін анықтау;
- «Мирқат әл-Мафатих» еңбегі мен өзге түсіндірмелерге комапарастивистикалық талдау жасап, түсіндірмелер арасындағы көлемдік, құрылымдық және методологиялық ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диссертациялық жұмыстың мазмұны негізгі екі тақырыпты қамтиды. Бірінші - Мулла Али әл-Қаридің өмірі мен шығармашылығы болса, екінші - ғұламаның хадис түсіндірмесіне байланысты «Мирқат әл-мафатих» атты еңбекте қолданған әдіс-тәсілдері. Бірінші тақырып бойынша тарихи-биографиялық еңбектер және ғалымның белгілі бір еңбегі бойынша жазылған зерттеулер жарық көрді.
- Нажмуддин Мұхаммед ибн Мұхаммед (қ. б. ж. 1061) «әл-Лутф әс-самр уә қатф әс-сәмәр мин таражим ағиян әл-қарн әл-хади ашар».
- Хажжи Халифа (қ. б. ж. 1067) «әл-Кәшф аз-занун ан әсәми әл*кутуб уә әл-фунун».
- Мұхаммед ибн Әбу Бакр әш-Шибли (қ. б. ж. 1093) «Жауаһир әд-дурур фи ахбар әл-қарн әл-хади ашар».
- Абдулмалик ибн Хусейін әл-Исами (қ. б. ж. ) «Сәмт ән-нужум уә әл-ауали фи әнба әл-әуәил уә әт-тәуәли».
- әд-Диһләуи Қутубуддин Уәлиулла ибн Абдуррахим (қ. б. ж. 1176) «әл-Интәбиһ фи сәләсил әулие Алла уә әсәнид уәриси расул Алла».
- Мұхаммед ибн Али әш-Шәукәни (қ. б. ж. 1250) «әл-Бадр ат-талиғ би махасин мин бағд әл-қарн әс-сәбиғ».
- ибн Абидин (қ. б. ж. 1250) «ғуқуд әл-ләәли фи әл-әсәнид әл-ауали».
- Ахмад әл-Қаттан «Тәнзил ар-рахмат ала мән мәтә».
- Мұхаммед ибн Абид әс-Сәнәди «әл-Мәуәһиб әл-ләтифа ала муснад әл-имам Әбу Ханифа».
- Мұхаммед ибн Абдулхай әл-Ләкнауи (қ. б. ж. 1304) «әл-Фауаид әл-баһия мин таражим әл-ханафия маға әт-тағлиқат әс-сунния», «әт-Тағлиқ әл-мумажид ала Муатта имам Мұхаммед».
- Мұхаммед ибн Хасан әс-Синбили (қ. б. ж. 1305) «Тансиқ ән-низам фи муснад әл-имам».
- Абдуррахман ибн Мұхаммед әл-Кузбари (қ. б. ж. 1221) «Сәбәт әл-Кузбари әл-кабир».
- Мұхаммед Ясин ибн Мұхаммед Иса әл-Фадани (қ. б. ж. 1411) «Сәбәт әл-Кузбари ас-сағир».
- Сыддық Хасан әл-Қиннужи (қ. б. ж. 1307) «Итхаф ән-нубәлә әл-муттақин», «әт-Таж әл-мукаллал мин жауаһир тараз әл-ахир уә әл-әууәл».
- Мұхаммед ибн Жағфар әл-Каттани (қ. б. ж. 1345) «ар-Рисала әл-мустатрафа ли баян мәшһур кутуб әс-суннә әл-мушаррафа».
- Хусейін ибн Мұхаммед ибн Сағид «Иршад әс-сари илә манасик Мулла Али әл-Қари».
- Исмаил Баша әл-Бағдади (қ. б. ж. 1339) «Идах әл-макнун фи әз-зайл ала кашф аз-занун», «Һадия әл-арифин».
- Абдулла ибн Мардад (қ. б. ж. 1343) «Мухтасар нашр ән-нур фи таражим афадил Макка мин әл-қарн әл-ашир илә әл-қарн ар-рабиғ ашар».
- Абдуссаттар ибн Абдулуаһһаб әд-Диһләуи «Майда әл-фадл уә әл-кирам әл-жамиға ли таражим әһл әл-харам әл-макки», «Әзһар әл-бустан фи табақат әл-ағиян».
- Мұхаммед Таһир ибн Абдулқадир әл-Курди «Тарих әл-хатт әл-араби уә әдәбуһ».
- Мұхаммед Абдулхаққ әд-Диһләуи (қ. б. ж 1333) «Зад әл-муттақин».
- Карл Брокелман «Тарих әл-әдәб әл-араби».
- Хайруддин әз-Зиркили (қ. б. ж. 1396) «әл-Ағлам».
- Омар Рида Каххала (қ. б. ж. 1407) «Муғжам әл-муаллифин».
Мулла Алидің белгілі бір еңбектеріне ақидалық көзқарастарына қатысты мақалалар мен магистрлік және докторлық диссертациялар қорғалды. Мусағид ибн Мажуюл ибн Салих 2002 жылы Мекке қаласында Умму әл-қура университетінде, Мулла Алидің өмірі мен иләһият тақырыбына байланысты көзқарастарына зерттеу жасап, магистрлік диссертация қорғады. 2017 жылы Ташкент Ислам университетінің докторанты А. Аллокулов Мулла Алидің «Фараид әл-қалаид ала ахадис шарх әл-ақаид» еңбегіне талдау жасап, мақала жазған. 2019 жылы Алишер Сайдазимов араб тілінде Мулла Алидің иман мәселесіне қатысты ақидалық көзқарастарына талдау жасап, кең көлемді мақала жазған. 2020 жылы Караши қаласындағы университетте, Шейх Зияд ислам орталығының ғылыми журналында, Мұхаммед Хасан және Хумайын Аббас Мулла Алидің «әл-Жамалайн хашия ала әл-Жалалайн» еңбегіне салыстырмалы талдау жасап, еңбекте қолданған әдіс-тәсілдерін көрсеткен. 2022 жылы Умму әл-қура университетінде Дін негіздері факултетінің докторы Абдулла Муса Мулла Алидің өмірі мен еңбектеріне қатысты зерттеу жүргізіп, бұл мақаласы «Әдәб әл-фараһиди» атты ғылыми журналда жарық көрген. 2022 жылы Герат университетнің оқытушысы Абдулла Мұхаммед пен профессоры Сайд Ахмад Садаттың «Мулла Алидің тәпсірін бағалау» атты мақалсы «Хабиби Исламикус» ғылыми журналында жарқы көрді. 2022 жылы Өзбекстан халықаралық ислам академиясының магистранты Қасымов Сиражуддин Мулла Али әл-Қаридің өмірі мен ғылыми қызметі жайлы мақала жазған. 2015 жылы Ирандағы Қум университетінің профессоры Сайид Риза Моабад пен Шахид Мадани атындағы Әзірбайжан университетінің доценті Мулла Алидің «әл-Асрар әл-марфуға фи ахбар әл-маудуға» еңбегіне сыни талдау жасаған. 2022 жылы Түркиядағы Сакария университетінде Растку Хамид Абдулла «Фатх баб әл-иная еңбегндегі Мулла Али қолданған усули қағидалар» атты магистрлік диссертациясын қорғады. 2020 жылы Иордания астанасы Оманда Дүниежүзілік Ислам ғылымдары университеті, Ханафи фиқһы факултетінің деканы Салах Мұхаммед Әбу әл-Хажж «ән-Нур әс-сәри фи ахбар Мулла Али әл-Қари» атты ғылыми жұмыс жазған.
Екінші тақырып бойынша, 1985 жылы Мекке қаласындағы Умму әл-қура университетінде Халил Ибраһим Қутылай «Мулла Али әл-Қари және оның хадис ілімндегі орны» атты магистрлік диссертациясында, «Мирқат әл-Мафатих» еңбегінің жазылу ерекшеліктер мен мәніне тоқталып өткен. Доктор Абдулхалим ән-Нуғмани әл-Жишти «әл-Бидаға әл-музжа лиман юталиғ әл-мирқат фи шарх әл-мишкат» атты еңбек жазып, Мулла Али әл-Қаридің хадис түсіндірмесіне жасаған қызметі жайлы қысқаша баяндап өтеді.
Зерттеудің нысаны мен пәні. Зерттеу нысаны - Мулла Али әл-Қаридің «Мирқат әл-Мафатих» еңбегіндегі хадис әдіс-тәсілдері. Зерттеу пәні - Мулла Али әл-Қаридің өмірі мен ғылыми мұрасын, «Мирқат әл-Мафатих» еңбегінің жазылу әдіс-тәсілдерін анықтап, ғылыми айналымға енгізу.
Зерттеудің дереккөздері - Мулла Али әл-Қаридің «Мирқат әл-Мафатих» атты түсіндірмесі.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі. Ғылыми зерттеу барысында жұмыстың теориялық негізі ретінде классикалық араб дереккөздері талданып, аударылды. Сонымен бірге, ғалымның өмірі мен шығармашылығына қатысты жазылған диссертациялар мен мақалалар басшылыққа алынды.
Зертеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысы барысында тарихи-хроногиялық, тарихи-салыстырмалық, компарастивистикалық әдіс, талдау, саралау, баяндау сынды ғылыми әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысы нәтижесінде алынған теориялық қорытындылар мен тұжырымдар Мулла Али әл-Қаридің діни дүниетанымы мен хадисті түсіндіру барысында қолданған әдіс-тәсілдерін пайымдап, айқындауға көмектеседі. Диссертация жұмысының тұжырымдары мен ғылыми нәтижелерін исламтанушы, дінтанушы және тарихшы мамандарға ізденістерін жетілдіруге негіз болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- Мулла Али әл-Қаридің өмірі мен ғылыми мұрасына қатысты классикалық араб дереккөздері талданып, ғалымның өз заманындағы ислам ғылымдарының бірегей ғалымы екендігі дәлелденді;
- Мулла Али әл-Қаридің хадис ілімдеріне қатысты басқада еңбектері зерттеліп, ғалымның аталған ислам саласын дамытуға қосқан үлесі айқындалды;
- Мулла Али әл-Қари өзінен алдыңғы түсіндірмелерді сараптай отырып, әһл әс-суннә уә жамаға сенім негіздеріне сай хадистерді түсіндіріп, ханафи мәзһабының көзқарастарына басымдық бергендігі анықталды;
- Мулла Али әл-Қари хадистерге түсіндірме жасау барысында құран аяттары мен хадистер арасындағы тығыз байланысты көрсете отырып түсіндіргендігі, хадисті өзге хадистер арқылы және хадиске амал еткен ізгі жандардың өнегелі ғұмыры арқылы ашықтағандығы дәлелденді;
- Мулла Али әл-Қаридің «Мирқат әл-Мафатих» түсіндірмесінде қолданған әдіс-тәсілдерін өзге түсіндірме жасаушы ғалымдардың еңбегімен құрылымдық және методологиялық салыстыра зерттеудің нәтижесінде еңбектің ерекшеліктері мен артықшылықтары тұжырымдалды;
Зерттеу жұмысының жариялануы мен сыннан өтуі.
1. Жамашев А., Әбділлә М. «Мулла Али әл-Қари - көрнекті дін және ғылым қайраткері» // Ясауи университетінің хабаршысы, философия, дінтану сериясы. - Түркістан: «Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті», 2023. № 1(127) . - 530-539 бб.
2. Жамашев А., Әбідллә М. «XV-XVI ғасырлардағы ислам әлемінің саяси және діни, ғылыми жағдайы» // Торайғыров университетінің хабаршысы, гуманитарлық сериясы. - Павлодар: «Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті», 2022. № 2. - 56-68 бб.
Зерттеу жұмысының жалпы құрылымы. Зерттеу жұмысының құрылымы диссертациялық жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сай кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, 6 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі 70 бет.
Аса Мейірімді де, Рақымды Аллахтың атымен бастаймын
Кіріспе
Барлық мақтау мадақ Аллаһқа тән. Аллаһтың Елшісі және соңғы Пайғамбарымызға Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және Пайғамбардың жолына қияметке дейін ерушілерге де Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын.
Жаңа жоба аясында - Әр затты өз орнына қою керектігі туралы, тұрақты және өзгеріске ұшыраған мәселлер бойынша, адамдар және адамдардың ұлықталған пікірлерінен сол киелілік пен ұлылықты алып тастау керектігі туралы. Ұлылықты және киелілікті тек Аллаһтан және оның кітабы Құраннан және Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде ғана табуымыз керек. Заманауи кейінгілердің кітаптарын оқи отырып, біз кезіндегі жаттау, бір-біріне ауызша жеткізу және оларға еру секілді мәселелерден түсіну, ақылға салу, ойлану секілді мәселелер кеңістігіне кіреміз және қазіргі болып жатқан жағдайға ат салыса ұмтыламыз. Ол туралы әңгіме, яғни «Қажетті жалпы мақсаттар» оны біз Куллият (негізгі қағидалар) немесе Ал-Мақосид Аль-Куллия ( маңызды негізгі қағидалар) бабында айтатын боламыз.
Расында бұл кітапты анық ашық жазудағы мақсатым ол- өзімнің Отанымның және оның заңдық құрылымдарына қатты жаным ашығандықтан болды. Шектен шығып адасқан жамағаттар өзінің Отанының жақсылығын және артықщылығын жоққа шығарады. Ол адасқан жамағаттар адамдарды Дін немесе Отан (мемлекет) деп бөлгісі келгендер болды. Демек сен дінді таңдап олармен боласың немесе мемлекетпен бірге боласың деп бөлетін, Дін мен Отан (мемлекет) екеуі бір біріне қарама қайшы келетіндей. Расында дін ол өз-өзін құрмайды, қорғамайды, бәлкім дінге Мемлекет (ел) керек, оны қорғайтын, оның дәрежесін асыратын және оның туын көтеретін. Фақих Ғалымдар: Егер мұсылман еліне басқа мұсылман елі шабуыл жасаса, онда ол джихад болып есептеледі, яғни олар шабуылдаушы мұсылмандар болса да, оларға өз елдерін, жерлерін қорғау барлығына парыз, яғни еркектері, әйелдері, үлкені, кішісі, қаруланғаны, қарусызы барлығы өз шамасы жеткенше қорғаулары тиіс, тіпті барлығы құрып қайтыс болса да. Егер Шариғатта өз елін, отанын қорғау мақсатты парыз болмаса, онда олар елдерін тастап, өздері аман қалулары болатын еді ғой, бірақ оларға елдерін қорғау маңызды екені белгілі.
Осы жазылған кітаптағы қағидаларға олардың саны мен тәртібіне назар сала отырып, оны, ол Құран немесе Сүннет деп атйпаймыз, алайда ол қағидалар ой пікірлер мен иджтихадтар және олар Ғалымдар мен Муджтахид ғалымдардың пікірлеріне сәйке және оның маңыздылығы себепті барынша бағалауымыз керек.
Отанды қорғау және оны құруға ат салысудың маңыздылығы басқа да қағидаларда келген және ол оның ешқандай да маңыздылығын азайтпайды. Расында кез келген ақылды адам немесе өзін сыйлайтын елдің азаматы өзінің елі үшін жаны мен малы мен де күресетіні анық. Сондықтан да біз Отанды қорғаудың қажеттілігінің маңыздылығы үшін оны негізгі қағидалалардың ішіне қостық. Әсіресе қазіргі заманға, уақытқа байланысты оны айту маңызды, себебі қазіргі заманда елімізді бөлгісі келетіндердің іс әрекетін алдын алу мақсатында. Сондықтан да біз зор сеніммен негізгі қағидалардың саны алтау болуы тиістігін айтамыз, ол: дін, отан, адам (нәфс), ақыл, дүние (мал мүлік) және нәсілі, тегі, ар-намысы.
Бұл кітапта негізгі мақсаттарға жалпылама пікір және негізгі қағидаларға кіруі керек мәселелерді келтірдім. Отанды қорғау діннің негізі және шариғаттың мақсаты, бұл жалпылама айтқанда, ал ашып толық айтатын болсақ, кей кезде адамның жанын сақтау үшін, кейбір қосымша мәселелердің алдына маңызды мәселелер шығады. Мысалы адамның жанын сақтау мақсатында арам болған өліксені жеу керек болуы мүмкін, дәл солай өз еліні азаматы, дін ұстанушы еліне жаны мен де малымен де қызмет етуі керек болады. Ол өзінің отанының шақыруына дін жағынан және сол елдің азаматы болуы жағынан да жауап беруі керек. Кей кезде еркін сыйлы адам өзінің өмірін де, малын да сарп етуі керек болады, немесе өзінің малы үшін, өзін сарп етуі мүмкін. Пайғамбарымыздан (Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) келген хадисте айтады: «Өзінің малын қорғап өлген шахид болады, өзінің жанын қорғап өлген шахид болады, өзінің дінін қорғап өлген шахид болады, өзінің жанұясын қорғап өлген шахид болады»1.
Кей кезде үлкен қиыншылықтың алдын алу үшін кішкене қиыншылықты шыдай білу керек. Адам өзінің жанын сақтау үшін барлық малын немесе малының бір бөлігінің жоғалуына көнеді. Кей-кезде адам өзінің жанын сақтау үшін өзінің ішіндегісін сыртқа шығармай жасыруына мәжбүр болады. Мысалы бір адамды күпірлікке мәжбүрлейді, бірақ оның жүрегі иманда нық. Сондықтан да Фақих және Усул ғалымдары кей кезде үлкен жақсылық кішкене жамандықты басып тұрады деп есептеген. Кішкене жамандықтан бас тартамыз деп, үлкен жақсылықтан айырылуға болмайды деп есептейді. Сол себепті мен өзімнің сөзімде негізгі маңызды қағидаларға аса көп назар аударамын және қосымша мәселелердің үкімі туралы айтпаймын және олардың қаыслары маңыздырақ екендігіне де тоқталмаймын, себебі олар саол заман мен уақытқы байланысты әрбір мәселе бөлек айтылатындықтан. Қазіргі жағдай және алдағы уақытта болатын мәселеге назар аудармастан, себебі біздің зерттеуіміз бөліктік және қосымша қағидалар туралы айтылмайды. Біздің негізгі мақсатымыз ол жалпы көзқарас және негізгі маңызды қағидаларға жарық беру (түсіндіру) . Ашық алаң және ой, иджтихад пен ойланудан кеңірек. Заманның талабын ескеру қазіргі кезде анық болған көзқарас және оны сақтайтындай, ол тұрақты және ұлықталған мәселе емес. Сондықтан да ауысып тұратын (тұрақты емес) және ұлықталған киелі емес мәселелерді иджтихад жасауға және қайтадан назар аударып ойлануға болады. Алладан өзімнің шын мақсатымда болған мәселемен сәйкес болуын сұраймын.
Аллаһ біздің мақсатымыздың артында не бар екенін біледі және Ол біздер үшін жеткілікті, Ол неткен керемет Уәкіл.
Ⅰ ТАРАУ ДАРУРАТДАРУРАТ, ХАЖИЯТ ЖӘНЕ ТАХСИНИЯТ
Алдыңғы өткен бөлімде ислам заңнамасының жеке тұлғаның пайдасынана гөрі көпшіліктің паййдасына мән беруді іргетас ретінде қарастыратынын атап кеткен болатынбыз. Енді бұл бөлімде ислам заңнамасының шынайы әрі негізгі мақсатын баянаймыз, ол адамдардың дүниелік дәне ақыреттік пайдасын жүзеге асыру.
Құлдарың дүниелік және ақыреттік пайдалары екі жолмен жүзеге асады. Олар:
1 - адамдарға пайда келтіру.
2 - адамдардан зиянды кетіру.
Шариғат үкімдерін зерттеу арқылы құран мен сүннетте келген барлық үкімдер осы екі мақсатқа бағытталғаны белгілі болады. Ислам заңнамасы қандай да бір істе пайда болса оны жасауға рұқсат етеді немесе бұйыраы, ал егер қандай да бір істе зиян болса оны жасаудан тияды.
Бірақ та бұйырылған істер мен тыйым салынған істердің жүзеге асуы барысында тең дәрежеде болмайды. Олардың ішінде адам өмірін пайдасыз өткізуден сақтайтын қажетті игіліктер және маңызды игіліктер бар, бірақ оның пайдасы біріншісінен төмендеу және адам өмірін кемел түрде өткізуге бағытталған игіліктер бар.
Ғұламалар адамдардың пайдалары мен қажеттіліктері біз айтып өткен үш істің ішіне болады. Олар зәрулік, қажеттілік, көркемдік істер. Ислам заңнамасының басты мақсаты осы үш мүддені сақтап, қорғау арқылы немесе жүзеге асыру арқылы қорғау. Осы тұста ғұламалар заңнаманың мақсаттарын 3 топқа бөлді:
- Зәрулік мақсаттар
- Қажетті мақсаттар
- Көркемдік мақсаттар
1 - Зәрулік мақсаттар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz