Координаталар бойында нүкте салу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

Негізгі бөлім

1 Қарапайым геометриялық ұғымдардың ұлттық құндылықтарда көрініс табуы
Координаталық жазықтықтағы ұлттық нақыштар
Ою-өрнектердегі геометриялық фигуралар туралы оқушылардың зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру
Ұлттық құндылықтарды геометриялық кескіндеуде арнайы бағдарламаларды қолдану

2. Геометрия мен сәулет өнерінің арасындағы байланыс(Астана мысалында)
2.1 Бәйтерек монументі. Аквариум көлемін табу ... ... ... ... ...
2.2 Ханшатыр ойын-сауық-сауда орта Павильон ауданын табу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Бейбітшілік және Келісім сарайының алтын қима қағидасының сақтау арқылы салынғанын дәлелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Геометрия сабақтарында оқушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудегі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..

Кіріспе

Көптеген адамдарға өнер дәл ғылыммен еркін өмір сүре алады деп сену қиын. Алайда, бұрынғы дәуірдің шеберлері математикамен үйлесімділікті тексеруге ұмтылып, олардың жұмысында бір де бір қадам геометрияға тіреусіз айналып өтпеді. Мен геометрия, өнер, архитектура жалпы математикалық модельдеу үшін АКТ-мен өзара қалай байланысты деген сұраққа жауап іздедім.
Осы тақырып бойынша ғылыми-көпшілік әдебиеттерді зерделеп, геометрияның ұлттық құндылықтармен, архитектуралық ғимараттардағы қазақи нақыштармен өзара байланысын тереңірек анықтау барысында ізденіс жұмыстарын бастадым, құрылыстың ерекше сәулет сипаттамасына, оған қатысты ұлттық стилінің ерекшеліктеріне байланысты ақпаратты іздедім, ғылыми әдебиеттерді, бейнематериалдарды, интернет ақпаратын қарап зерттеу тақырыбы аясында көптеген қызықты мәліметтер жинақтадым. Осы ізденіс жұмыстың нәтижесі қорғауға ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбын Геометрия сабақтарында компьютерлік техникалар көмегімен оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу деп мақсатты трде алуға алып келді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында білімнің түрлі салаларында қабылданған ұғымдар мен табиғи ортада өтетін үрдістер арасындағы өзара байланысты қарастыру; табиғат дамуының математикалық заңдары мен қасиеттері мен заңдылықтары арасындағы байланысты анықтау мүмкіндігі болды.
Күнделікті практикада адамдар дұрыс геометриялық пішіндерді - квадрат, шеңбер, үшбұрыш, пирамида және т.б. қолданады. Симметриялы емес фигуралардан гөрі адамдар симметриялы фигураларды қолданғанды жөн көреді. Адам тəртіптің орнына тәртіпсіздікті, қарапайымдылықтың орнына күрделілікті, айқындылықтың орнына белгісіздікті қалайды.
Архитектураның геометриямен байланысы жойылмаған , оған төмендегідей көптеген мысалдар келтіруге болады:
Ежелгі заманнан бері адамдар өз үйлерін тұрғызып, бірінші кезекте олардың беріктігі туралы ойлады. Беріктігі ұзақ уақытқа байланысты. Ғимарат тұрғызуға адамдар үлкен күш жұмсады, демек, олардың мүмкіндігінше ұзағырақ тұруына мүдделі болды. Осының арқасында біздің күнге дейін ежелгі грек Парфеноны мен ежелгі Рим Колизі жетті. Құрылыстың беріктігі ол жасалған материалмен ғана емес, оны жобалау мен салу кезінде негіз ретінде пайдаланылатын конструкциямен де қамтамасыз етіледі. Құрылыстың беріктігі оның геометриялық формасымен тікелей байланысты.
Өте алыс өткенге, архитектураның бастауына жүгінер болсақ, әлемнің жеті кереметінің арасында Мысыр пирамидалары үнемі бірінші орынды иеленді. Тіпті, араб мақалы да бар: "бәрі әлемде уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидадан қорқады". Пирамиданы сəулетшілер "қатып қалған геометрия" деп те атайды. Осы Мысырдағы пирамидаларға ұқсас Қазақстанда "Бейбітшілік жəне келісім сарайы" тұрғызылған.
Қазақ сұлулығы. Қазақ руханилығы. Біз бұл сөздерді естігенде, көз алдымызда қазақ жерінің керемет ескерткіштері мен ғимараттары пайда болады. Осы ғимараттардың көпшілігі геометриялық фигуралар арқылы салынған.
Мені қалай кеңістіктік геометриялық фигуралар ғимараттың жалпы немесе оның жекелеген бөліктерінің негізі ретінде қызмет ететіндігі қызықтырды. Күмбез формасы қалай өзгерді? Өйткені, оларды салу үшін білім, оның ішінде геометрия да қажет болды және олар геометрия тұрғысынан зерттеу объектісі ретінде қызмет ете алады.
Мұндай ғимараттардың эскизін қалай салу керек?
Әртүрлі ескерткіштердің сызбалары бірдей ме?
Ғимаратты салу барысында өлшемдерін қалай табады ?
Олардың есептері қалай болады?
Осы сұрақтар оқушыларды да қызықтырары сөзсіз, оларда жауап іздей отырып ұлттық құндылықтарды меңгеретіні айқындалды..
Жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздеу жұмысымыздың басты міндеттерін айқындап, мақсат қоюға алып келді. Нақтырақ айтқанда, өз елімізде тұрғызылған ғимараттарды таңдап алып, зерттеу пәні мен обьектісін айқындадық.
Зерттеу пәні: мектеп геометрия курсы
Зерттеу нысаны: ұлттық нақыштар мен рухани құндылықтар
Зерттеу әдістері:
Зерттеу міндеттері:
-геометриялық ұғымдарды ұлттық құндылықтар көмегімен түсіндіру
-ұлттық құндылықтардағы математикалық модельдеудің маңызын көрсету
-геометриялық кескіндерді салуды акт арқылы жүзеге асыру
-геометрия сабақтарында рухани құндылықтарды насихаттау үшін арнайы бағдарламалар мүмкіндіктерін қолдану
-

Қарапайым геометриялық ұғымдардың ұлттық құндылықтарда көрініс табуы

1.1Координаталық жазықтықтағы ұлттық нақыштар

Қазіргі нарықты экономикалы Қазақстан үшін математикалық терең білім қажет деп білемін. Рас, математика ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы қазба байлықты ашпайды, машина жүргізбейді. Бірақ математиканың құнды пікірлері мен әдістері арқылы аурудың алдын алу, құнды дүниелерімізді әлемге көрсету, жер қойнауындағы қазба байлықтың орнын анықтау математикалық білімнің құдіреттілігі емес пе? Математика тек математиктерге ғана қажет деген пікірден арылу керек деп ойлаймын. Математика арқылы құндылықтарымызбен тарихи дүниелерімізді ұрпағымызға, әлемге танытып мақтан етуіміз керек. Сонымен қатар, математика - ғылымның бастауының негізі, ғылымның қан тамыры екенін ескеріп, қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының туындысы - киіз үй координаталық жазықтықта кескіндеуге келеді. Енді осы үйге математикалық тұрғыдан қарасақ оның күрделі геометриялық беттерден тұратынын көреміз. Мысалы, керегенің жоғарғы және төменгі жақтары гиперболаның параболасы болады. Үйді айнала таратын белдеу - шеңбер. Сол сияқты шаңырақ та шеңбер. Сонымен қатар аталарымыз уықтар арқылы уақытты да біліп отырған. Күн сәулесі екі уық арасын 20 минутта жүріп отырған. Сондай-ақ, біз математикада есеп шығартып ғана қоймай салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды оқушыларға үйрете аламыз деп ойлаймыз.
Біз не істесек те, барлығы математика мен сабақтасады. Математика грек тілінен қазақшаға аударсақ, білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Математика бізге ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Біз математика дегенде тек сандар ғана емес мұнда басқа да керемет нәрселер аз емес. Бұрынғы кезден-ақ математиканың көмегімен көптеген небір кереметтер жасаған: дұрыс жолды тапқан және күнді, ай мен жұлдыздарды бақылау арқылы жыл мезгілдердің ауысатын уақытын болжаған. Сонымен қатар Галилейдің Әлем математика тілімен бейнеленген деген сөздерінен математиканың құдіреттілігін көруге болады. Математиканың әр түрлі қыр-сырларымен таныса отырып, мен координаталық жазықтық тақырыбына тоқталып отырмын. Координаталар бойында нүкте салу арқылы сурет шығару оқушылардың қызығушылықтарын тудырады. Бұл тақырыпты алып отырған бірден-бір себеп, координаталар бойында өзіміздің ұлттық нақыштағы қазақ халқының баспанасы киіз үйді және ою өрнектерін кескіндеу. Екіншіден біз тек математика пәнінде есеп шығарып қана қоймай халқымыздың салт-дәстүрін әдеп ғұрпын үйрету. Сонымен қатар, математика сабағында ұлттық салт-дәстүрге, нақышқа келтірілген педагогика - психологиялық тұрғыда жазылған есептерді қолдануымызға болады.
Координаталық жазықтық бойында ұлттық нақыштағы киіз үй мен ою өрнектерді бейнелеу. Координаталық жазықтық бойында сурет шығаруда АКТ-ны тиімді қолдану.
Координаталық жазықтық Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды. Сонда координаталар жүйесі - санақ басы ортақ, өзара перпендикуляр екі координаталық түзу. Сондықтан мұны тік бұрышты координаталар деп атайды. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық деп аталады. Координаталар сөзі латынның coordinatus- қазақша реттелген деген сөзінен алынған.

Координаталық түзулер координаталық осьтер деп аталады.

Горизонталь сызылған координаталық абциссалар (Ох) осі деп аталады да, солдан оңға қарай бағытталады. Вертикаль сызылған координаталық түзу координаталар (Оу) осі деп аталады да, төменнен жоғары қарай бағытталады.
Абциссалар осі мен координаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды. Координаталар басы О әрпімен белгіленеді. Бұл латынша origa-басталу сөзінің бірінші әрпінен алынған. Берілген нүктенің абциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады. Координаталар осътер жазықтық төрт бөлікке бөледі. Олар ширектер деп аталады. Ал осы координаталар жүйесін алғаш ойлап тапқан француз философы және математигі Рене Декарт.

Декарт Рене (1596-1650) француз ғалымы, математик, физик және физиолог. Рене Декарт француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Координаталар жүйесін былай тапқан: кереуетінде жатып шыбынның ұшқанын бақылаған Рене Декарт былай пайымдаған: Кез келген уақыт мезетінде шыбынның орналасқан орнын қалай түсіндіруге болады?. Ол кеңістіктері әр шамасы үшін (ілгері)кейін, жоғары (төмен), оңға (солға), үш координатаны (х,у және z) пайдалануға болатынын ашты.

10

Декарт сондай-ақ алгебрадағы шамаларды белгілеу үшін алфавиттің соңынан бастап әріптерді пайдаланған бірінші ғалым болған.
Ерекшеліктері:
Саясат мәселелеріне қызықпаған Декарт алгебра, аналитикалық, геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогенияны, және әрине философияны талдады. Белгілі еңбектері: бірінші философия туралы пайымдаулар, Философияның алғашқы бастаулары, Метод туралы ойлар. Декартадамның ақыл-ойына көбірек жүгінді. Бэконжекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математиканың ойлау тәсілінен көрінеді. Өзінің математикалық ізденістерін негізінде Рене Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізі себеп адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдары емес, болжамды көбірек қолданылады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану қажет.

Координаталар бойында нүкте салу

Біз осындай суреттерді координаталар бойында салуды білеміз. Ал неге біз өзіміздің ұлттық нақыштағы дүниелерімізді суреттемейміз. Киіз үй, ою-өрнек, домбыра, кебеже, осыларды суреттеуді қарастырайық.
Киіз туырлықты қазақпыз

Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде киіз үй, кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен-кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкендері болған. Киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан-сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, жаба салма, көтерме туырлықты, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған.Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.
Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді "үйші" дейді.
Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта "туырлық" деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны "ақ үй", қоңыр жүннен басылған киізден жасалса "қоңыр үй" деп атайды.
Шаңырақ Шаңырақ - киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес олықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.

Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

Шаңырақ
1 - тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 - күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 - беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 - шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.

Киіз үй керегесі

Керегені құрайтын әрбір ағашты желі дейді. Желінің ең ұзынын керегенің ерісі (3) деп, одан қысқалауын балашық (2), ең кішісін сағанақ (1) деп атайды.
Кереге
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды көз деп атайды. Ал оны көлеміне қарай желкөз, торкөз деп екі түрге бөледі.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын доғалай (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.

1.2 Ою-өрнектердегі геометриялық фигуралар туралы оқушылардың зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру
Ою-өрнек дегеніміз - дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін ағаш уықты, киіз туырлықты киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол - адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

Қазақ халқының қолөнер түрлерінің талай ғасырлық тарихы бар. Күнкөріс тіршілігіне қажетті үй - жай салуды, киім - кешек тігуді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланып, әсем бұйымдар жасап пайдаланып келеді. Халық шеберлері матаны өз қажетіне жаратып, ал қалған мата қиындыларын шеберлер геометрияны оқымаса да, әр түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты сәндеп, құрай білген.
Қазақтар, әсіресе, Сыр елінің халқы алаша, киіз үстіне көрпе төсеп отырады. Оны кез-келген үйден көруге болады. Көрпелерге зер салып қарасам, оларды 2-ге бөлуге болады екен. 1. Ендей матадан тігілген көрпелер.
2. Мата қалдықтарын біріктіре тіккен құрақ көрпелер.
Оқушыларды қызықтырған орындықтың бетіне лайықтап тігілген құрақ көрпешелер, олардың бетіне салынған геометриялық фигуралар болды. Бұл фигуралардың матаның түсіне қарай сәнмен орналасуы менің зерттеу жұмысын жүргізуіме себеп болды.Құрақ құрау кезінде әжелер матаны әдейілеп қиып, геометриялық фигуралар шығарған.

Өзіме сұрақ қойдым. Неге көрпелерді ендей матадан тіге бермей, құрап тігеді? Тігіншілер киім пішкенде қиындылар көп қалады. Соларды іске асыру мақсатында құрақ құрайды екен. Кедейшілік өмір кешетін халқымыздың бөлігі ескі киімдерді сөгіп, жуып бүтін жерін пайдаға асыру үшін әжелер құрақ көрпелер тіккен.Бүгінгі күні ендей матадан әдейілеп қиып, сәндік бұйымдар жасап пайдаланады. Мысалы: сыйлықтар, панно, ойыншықтар, сүлгілер, әдемі сөмкелер, әмиян, перделер.
Өрнектердегі геометриялық фигуралар
Оқушылардың бастауыш сыныптардан білетін геометриялық фигуралары - үшбұрыш, төртбұрыш және параллелепипед пен куб.
Геометрия оқулықтарынан оқушылар басқада фигуралармен танысады және тұрмыстағы іздеген фигураларымызды тауып және олардың ғылыми, яғни көріністеріне толық көз жеткізуге трысамыз .Олар төртбұрыштың түрлері:
-параллелограмдар,
трапециялар,
-ромб және т.б.
9- сынып оқулығынан: дұрыс көп бұрыштар тақырыбын өткенде оның барлық түрлерімен танысады. Олар:
-Дұрыс үшбұрыштар,
-Шаршылар(квадраттар),
-Дұрыс бесбұрыштар,
-Дұрыс алтыбұрыштар.
Осы көпбұрышты (алтыбұрышты) қайдан көрдіңдер деген сұраққа әртүрлі жауаптарын аламыз.
Жауап: Аралардың ұясына ұқсайды екен. Бұл деген табиғаттағы көпбұрыштар (алтыбұрыштар) емес пе!
Тағыда осы көп бұрыштарды құрастырсам не болар екен деп ойлануға жетелейміз.
Оқушыларға түрлі ойлар келеді екен. Мысалы, бірдей көпбұрыштарды құрастырғаннан не пайда? Әлде оларды боясам ба екен?
Кемпірқосақтың түсі қандай әдемі. Міне енді түсіндім, фигураларды құрастырып, бояймыз, сонда одан кемпірқосақтың түсіндей әсем өрнектер пайда болады.
Оқушылармен бірге өзімде жаңалық ашқан сияқтымын. Геометриялық фигураларды құрастырып бояймын, яғни түрлі түсті фигуралардан өрнектер құрастырамын. Сонда бұл неге қажет?
Енді айналама зерттей қарадым. Иә, ата-бабаларымыз ер-тұрман жиектеріне түрлі геометриялық фигуралардан өрнектер салса, аналарымыз көрпе бетіне геометриялық фигуралардан құрастырып әдемі өрнектер салыпты. Осы аналарымыздың өнерін жалғастырып зерттей келе, олар геометриялық фигураларды қалай білген? деген сұрақ туындайды. Оқушылардың көздерін жеткізу үшін тігіншілер мен көрпе тігетін мамандармен кездесу ұйымдастырдық. Осы кездесу барысында ою-өрнектер арнайы бағдарламалар көмегімен сызылып, қиылатындығына куә болдық. Олар ромб, параллелограмм, дұрыс бесбұрыш деп сөйлемейді екен. Сонымен геометриялық фигуралардың қазақша аттарын үйрету мақсатында ғылыми атауын, қазақша атауын және сызбасын жүйелеп кестеге түсірдік.(кесте-1)

Ұлттық ою-өрнектердегі геометриялық фигуралар Кесте-1

Осы геометриялық фигураларды құрастырып, шыққан өрнектерге де аналарымыз ат қойыпты.
Әр көрпе бетіндегі өрнектерге мынадай атаулар тағайындалған;
1. Қызғалдақ құрақ 5 бесбұрыш және 6 үшбұрыштан құралады...
2. Ши құрақ. Барлығы шаршыдан тұрады.
3. Шатыр құрақ. 6 немесе 8 ромбы қиындысының біріктіруінен пайда болады.
4. Тырна құрақ. Қызыл матаны 5 см жалпақтықта қиып алып, көк түсті матаны 5х5 см өлшеммен шаршылар қиып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазықтықтағы нүктенің координаталары
Зерттеу бөлімі Координаталық жазықтық
Суретті сақтау сұхбаттық терезесі
7-8-9 сыныптардан геометриядан таңдау курстарын оқыту
Сызықтық құрылыстарды трассалау кезінде тік және көлденең қисықтарды бөлшектеп бөлу
Оқушылардың кеңістіктегі елестету қабілеттерін дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Нүкте жылдамдығы мен үдеуін анықтау
Жазық механизмдердің кинематикалық зерттеуі
Теодолитті түсіріс жүргізу
Координаталар әдісі
Пәндер