Қазақ жеріндегі алғашқы конституциялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және Құқық факултеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:ҚР Конституциялық құқығы
Тақырыбы:Шет елдер мен ҚР конституциялық құқығының айырмашылықтры.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1

1.Коснтитуцияның түсінігі және шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .2
1.1.Қазақ жеріндегі алғашқы конституциялар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі конституция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Кіріспе
Менің бұл курстық жұмысымның мақсаты

1.Конституцияның түснігі және шығу тарихы.
Конституция сөзі латын тілінен аударғанда constitio-белгілеу,орналыстыру деген мағынаны білдіреді.Ал қазіргі түсінік бойынша Конститция мемлекеттің ең негізгі заңы болып табылады. Конституция материалдық мағынада - ең бірінші, елдегі адамның, азаматтың жеке құқықтары мен бостандығын жариялайды, оған кепілдік береді, елдегі әлеуметтік құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысандарын, жергілікті, орталық билік органдарының негіздерін, құзіреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттің рәміздерін, астанасын айқындайды, осылардың бәрі жөніндегі өкімдік акт, актілердің немесе конституциялық рәсімдердің жиынтығы болып саналады. Конституция нысандық мағынада - барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңи күшке ие заң немесе заңдар тобы болып есептеледі. Яғни, Конституция - елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жүзінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол - конституциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік - құқықтық реттеу негіздері ресми түр де баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан, осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісіҚәзіргі кезде көптеген мемлекеттердің Конституциясы сол елдердің негізгі саяси-құқықтық құжаты әрі нормативтік құқықтық ережелерінің өзар қабысқан жиынтығы саналып ең жоғарғы заң күшіне ие болады.Сондай-ақ,бұл заңдар қоғамдық қарым-қатынастарды,саяси жүйелер мен саяси режимдерді негізге ала отырып, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының институттандыру принциптерін көздейді.Сайып келгенде, Конституция былайша тұжырымдалады. Конституция-мемлекеттің негізгі заңы, ол басымдылық ететін қоғамдық күштердің еркін білдіре отырып, сол елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын,құрылымын, сонымен қатар әр түрлі қоғамдық органдардың қызметін көресетеді.Конституция ең алғашында АҚШ-та 1787жылы қабылданған болатын сондай-ақ киінірек Франция 1791 жылы қабылдаған осы екі мемлекет ең алғаш рет өздерінң мемлекеттік негізгі заңдары конституцияны қабалдаған болып саналады.Кейінірек Норвегия 1814 жылы,Белгия 1831 жылы,Аргентина 1853 жылы,Люксембург 1868жылы ,Швейцария 1874жылы осы мемлекеттерде конституцияны қабылдаған болатын.Ал екінші дүние жүзілік соғыс алдында конституцияны қабылдаған елдер қатарында осы мемлекеттер бар:Австралия,Мексика,ЛиванИрландия және т.б .Ал енді Азия,Африка,Латын Америка елдеріне келсек олардың басым көршілігі дүние жүзілік колониальдық жүйенің күйреуінен кейін қабылдаған болатын.

1.1.Қазақ жеріндегі алғашқы конституциялар
Қазақ жерінде алғашқы конституция 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін автономия алу кезінде Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен реадакция қабылданған болатын .Бұл конституция негізгі заң ретінде басқару нысанын,мемлекеттің билік органдарының құрылымын,саяси режимді,мемлекеттік құрылысты,бюджеттік құқықтың бастауларын ,атқарушы өкім беруші органдарды айқын көрсетіп бекітті.Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан КСРО құрамындағы толық құқықтық республика болып танылды.
Қазақ жерінде қабылданған екінші Конституция 1937жылы 26-шы наурызда Кеңестердің жалпы қазақ төтенше 10 сьезінде қабылданған Қазақ КСР Коонституциясы .Бұл Конституция 11 бөлім 125 баптан тұрды. Ол жерде КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап).
Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар).
1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.
Қазақ жеріндегі келесі конституция 1978жылы 20 сәуірде 9шақырылған республика Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс сессиясында Қазақ КСР Конституциясы қабылданған.Бұл Конституция кіріспеден 10бөлім ,19 тарау,173 баптан тұрады.Конституцияға сәйкес бүкіл үкімет билігі жұмысшы топтардың және интелегенция таптарына жататын халықтың қолында болады.
1.2.Тәуелсіз Қазақстан кезінде қабылданған Конституция
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.Бұл Конституцияның ерекшелігі елде мемлекет басшысы президент болып саналғанмен басты басқарушы күш парламенттік болып саналды. 1993 жылғы Конституцияны қабылдау себептерінің бірі - сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау үшін жаңа Конституциялық негіз қалау керек еді. Конституцияның жобасын әзірлеу үшін Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің 1990 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына Жоғары Кеңес Президумының мүшелері, Жоғары Кеңестің барлық комитеттерінің төрағалары, Министрлер Кабинетінің кейбір басшылары кірді. Комиссия мүшелерінің қатарында С.С.Сартаев, В.А.Ким, Е.К.Нұрпейісов, А.И.Худяков, және т.б қайраткерлер болды. Сөйтіп, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің 9-сессиясының 12-ші отырысында дүниеге жаңа Конституция келді.
Оның басты желісі - жалпы адамгершілік қағидаттарды дамыту негізінде Қазақстан Республикасын демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет ретінде дүние жүзіне мәлімдеу.
Алғашқы рет жаңа Ата заңының ең жоғары заңдық күші бар және оның тұжырымдары тікелей қолданылады, - делінген. Сонымен қатар мемлекеттік тіл - қазақ тілі, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Конституция теориясы
Конституциялық құқық саласы ретінде
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы
Шет ел мемлекеттерінің конституциялық құқығы
Құқықтың пайда болу негіздері
Конституциялық құқықтық интернационализациялау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Пәндер