Электр станциялары мен қосалқы станциялардың қосылу сұлбалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ЕУРАЗИЯ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

« » факультеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қосалқы станцияларды қорғау және басқару саласындағы заманауи технологиялық шешімдер»

Мамандығы: « »

Орындаған: Рахымжанов Н. Қ.

Ғылыми жетекші:

АЛМАТЫ, 2023

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3: 4
: 1. 1
КІРІСПЕ: Қазақстан Республикасының электр энергетика жүйесі
3: 4
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қазақстан энергетикасының қазіргі жағдайы және болашағы
3: 8
: 1. 3
КІРІСПЕ: Трансформаторлы қосалқы станция және тарату пункттерінің жабдықтары жайлы мағұлмат
3: 12
: 1. 4
КІРІСПЕ: Қосалқы станцияларды басқару тәсілдері
3: 15
: 2
КІРІСПЕ: АРНАЙЫ БӨЛІМ
3: 22
: 2. 1
КІРІСПЕ: Қосалқы станция электр жабдықтарына сипаттама
3: 22
: 2. 2
КІРІСПЕ: Қосылқы станцияның электр жабдықтарының жұмысына талдау
3: 24
: 2. 3
КІРІСПЕ: Қосылқы станцияның электр жабдықтарына қойылатын талаптар
3: 31
: 2. 4
КІРІСПЕ: Электр станциялары мен қосалқы станциялардың қосылу сұлбалары
3: 34
: 2. 5
КІРІСПЕ: Электрмен қамтамасыз ету элементтерін таңдау және есептеу
3: 38
: 2. 6
КІРІСПЕ: Қосалқы станциалардағы трансформатордың түрін және қуатын таңдау
3: 40
: 2. 7
КІРІСПЕ: Қысқаша тұйықталу тоқтарын есептеу
3: 42
: 2. 8
КІРІСПЕ: Таратылу құрылғыларының электірлік сызбасын анықтау
3: 46
: 2. 9
КІРІСПЕ: Есептеу - графикалық жұмысы
3: 49
: 3
КІРІСПЕ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3: 52
: 3. 1
КІРІСПЕ: Күштік трансформаторлардағы электр энергияның жылдық шығының есептеу
3: 52
: 4
КІРІСПЕ: ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
3: 55
: 4. 1
КІРІСПЕ: Энергетика жəне экология
3: 55
: 4. 2
КІРІСПЕ: Электр жарақатынан қорғану
3: 59
: ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ: 61
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ: 62

Кіріспе

Соңғы жылдары шағын және орта кәсіпорындар санының өсуіне және электр жүктемесінің өсуіне байланысты электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын талаптар деңгейі артты. Осыған байланысты қазіргі уақытта трансформаторлық қосалқы станциялардың көпшілігі қажетті электр энергиясын бере алмайды, ал олар беретін электр энергиясының сапасы заман талабына сай емес.

Электр станциясында өндірілген электр энергиясы генерациялайтын станциялар мен тұтынушыларды электр желісіне қосатын біртұтас біріктірілген электр жүйесі болып табылатын әуе желілері мен қосалқы станциялар арқылы тұтынушыларға беріледі.

Электр станциясы - электр энергиясын өндіруге арналған кәсіпорын немесе нысан. Сонымен қатар, электр беру желілері мен жүйелері электр энергиясын түрлендіру мен таратуда негізгі рөл атқарады.

Ол қосалқы станцияның электр жүктемесін есептеуге, кернеудің ауытқуын анықтауға, трансформатор түрін таңдауға, қысқа тұйықталу тогын есептеуге, электр қондырғыларын және тізбек құрамын таңдауға арналған.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда трансформаторлық қосалқы станциялардың көпшілігі қажетті электр қуатын бере алмайды, ал олар беретін электр энергиясының сапасы заман талабына сай емес. Еліміздегі энергетика жүйесіне талдау жасай отырып, сапалы, қолжетімді, жеткілікті электр қуатын алу, энергетика кешенін тұрақты дамыту және қуаттылықты тұрақты өсіру міндеттерін анықтау.

Дипломдық жұмыстың мақсаты : Қазақстан Республикасының электр энергетика жүйесін зеттеу; қосалқы станцияның құрылғыларын таңдау; тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтау; электр жабдықтарының жұмысын талдау;

Дипломдық жумыстың міндеттері: Қазақстанның энергетика саласының қазіргі жағдайы мен болашағына талдау жасау; Қосалқы станция ұғымына сипаттама беру; Электр жабдықтарының жұмысын талдау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші тармағында еліміздегі энергетика жүйесіне талдау жасай отырып қосалқы станцияны басқару бойынша жалпы сипаттамалар берілген, екінші бөлімде электр жабдықтарының сипаттамасы көрсетіліп, қосалқы станцияның электр жабдықтарының жұмысына талдау жасалынды. Сонымен қатар электр жабдықтарына қойылатын талаптар мен қосалқы станциядағы трансформатордың түрін және қуатын таңдау жасалынды. Арнаулы мәселе және экономикалық есептер шығарылып, еңбекті, азаматтық қорғау және электр жабдығын эксплуатациялаудың қауіпсіздіқ жолдары көрсетілген. Қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

1. 1 Қазақстан Республикасының электр энергетика жүйесі

Қaзaқcтaнның энepгeтикa жүйeci элeктp энepгияcы мeн қуaтын өндipу жәнe элeктpмeн жaбдықтaу жүйeci, ұлттық экoнoмикaның өндipicтiк жәнe әлeумeттiк инфpaқұpылымындaғы мaңызды caлa әpi өнepкәciптiң бacқa caлaлapын дaмытудың бacты бaзacы бoлып тaбылaды. Кeңecтiк билiк дәуipiнe дeйiнгi кeзeңдe өндipгiш күштepдiң дaму дeңгeйi төмeн бoлуы ceбeптi oның энepгeтикaлық бaзacы Қaзaқcтaндa тым кeш қaлaнды. Дepeктep бoйыншa, қaзaқ жepiндe бapлық элeктp cтaнциялapдың қуaты 2, 5 мың кВт/caғ-тaн acпaғaн, oлapдa жылынa 1, 3 млн. кВт/caғ элeктp қуaты өндipiлгeн бoлca, кeн кәciпopындapынa қызмeт көpceту үшiн ұcaқ лoкoмoбильдi нeмece eкi тaктiлi мұнaй элeктp cтaнциялapы қoлдaнылғaн. Тeк қaлaдa ғaнa қуaты шaғын қaлaлық элeктpcтaнцияcы бoлғaн. Қaзaқcтaнның энepгeтикa жүйeci 1991 жылдaн дaғдapыcты жaғдaйды бacтaн кeшipдi.

Pecпубликaмыздың қoлдaныcтaғы энepгeтикaлық қуaты 1990 жылдың бacындa 17000 мВт-қa жуық бoлca, 1998 ж. opтacынa қapaй бұл қуaт 1 мВт-қa дeйiн төмeндeдi. 2000 жылдың қopытындыcы бoйыншa элeктp қуaтын тұтыну көpceткiшi 8560 мВт-қa дeйiн қыcқapтылды. Қaзaқcтaн1энepгия өндipушi қуaттapдың тaпшылығы жәнe apтық элeктp қуaты бap aймaқтapдaн oны жeткiзe aлaтын элeктp жeлiciнiң жoқтығынa бaйлaныcты oңтүcтiк жәнe бaтыc aймaқтap үшiн элeктp қуaтын cыpттaн caтып aлды.

Eлiмiздe қaзipгi тaңдa энepгeтикaлық өнiмнiң 2/3-ciнe жуығы ЖЭCтepдe, қaлғaн бөлiгi энepгияcын CЭC-тepдe өндipiлeдi. Қaзaқcтaнның бaтыc aймaғындa энepгeтикaлық шикiзaт көзiмұнaй мeн тaбиғигaз бoлғaндықтaн cұйық, гaзтәpiздi жәнe apaлac типтi oтынмeн жұмыc icтeйтiн cтaнциялapлap дaмытылғaн. Шығыc жәнe oңтүcтiк aймaқтapдa әзipгecу қуaтынaн бacқa мeншiктi энepгия көздepi жoқ. Қaзip Қaзaқcтaнның бapлық oблыcтapындa aймaқтық 6 элeктp тopaптapы кoмпaниялapымeн қaтapкөптeгeн дeлдaлдap (тpeйдepлep) тұтынушылapды элeктp қуaтымeн қaмтaмacыз eтудe.

Қазақстандық электр энергетика кешенін тұрақты дамыту және қуаттылықты тұрақты өсіру республиканың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Халықтың, сол сияқты бизнестің де ішкі қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру, сонымен қатар ел экономикасының әрі қарайғы тұрақты прогресі және электр энергиясын экспорттауға арналған мүмкіндіктерді ұлғайту электр энергетикасымен тығыз байланысты.

Саланың ағымдағы жай-күйіне жасалған талдаулар электр энергетикасының қолда бар даму әлеуетін барынша көптеп пайдалану қажет екенін, сонымен қатар электр станциялары мен желілері жабдықтарының тозуын азайту мәселелерін шешу, саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату қажеттігін көрсетті. Қазіргі уақытта көмірді пайдаланып электр энергиясын өндіру 69 % құрайды, ал газдың үлесі 20 % және мұнай өнімдерінің (мазут) үлесі - 2 % (ЖЭО пайдаланылады), гидроэнергетика 9% энергия өндірсе, жаңармалы энергия көздерінің үлесі - небары 1%.

Бүгінде Қазақстандағы электр энергиясын әртүрлі меншік нысанындағы 76 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаттылығы 20 844 МВт, қолда бар қуаттылық шамамен 16 945 МВт.

Ұлттық мәндегі электр станцияларына электр энергиясын өндіретін және оың көтерме сауда нарығында сатылуын қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциялары жатады:

  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;
  • «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ;
  • «Еуроазиялық Энергетикалық Корпорация» АҚ (Ақсу ГРЭС) ;
  • «Қазақмыс корпорациясы» ГРЭС ЖШС;
  • «Жамбыл ГРЭС» АҚ.

Сонымен қатар ҚР ЕЭС жүктеме кестесін қосымша реттеу үшін қуаттылығы үлкен гидравликалық электр станциялары:

  • «Қазмырыш» АҚ Бұқтырма ГЭК,
  • «AES Өскемен ГЭС» ЖШС,
  • «AES Шульбинск ГЭС» ЖШС.

Өнеркәсіптік мәндегі электр станцияларына ірі өндірістік кәсіпорындарды және оған жақын орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен жабдықтайтын электр және жылу энергиясын құрамдастырып өндіретін ЖЭО жатады:

  • «Қарағанды-Жылу» ЖЭО-3 ЖШС;
  • ПВС ЖЭО, ЖЭО-2 «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;
  • Рудный ЖЭО («ССГПО» АҚ) ;
  • Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС;
  • Павлодар ЖЭО-1 «Қазақстан алюминий» АҚ;
  • Шымкент ЖЭО-1, 2 және басқалары.

Қазақстанда кернеуі 0, 4-220 кВ электр желілері бойынша электр энергиясын таратумен 21 өңірлік энергетикалық компания және 109 басқа да шағын энергия таратушы ұйымдар айналысады. Осы орайда шағын энергия таратушы ұйымдардың үлкен бөлігі өз қызметін мемлекеттік реттеусіз атқарады.
Қазақстанда елдің электр энергетикалық жүйесін жаңарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда электр энергиясын өндіру үшін қолдағы қуаттылықтың 20 % дерлігі 1970 жылдарға дейін пайдалануға берілгендіктен, елді (практикалық және экономикалық тұрғыда мақсатқа лайық болған жағдайда) электр станцияларда отын ретінде (үлесі шамамен 70% құрайтын) жаппай көмір пайдаланудан газды, жаңармалы көздерді және атом энергиясын кеңінен қолдануға негізделген әртараптандырылған схемаға көшіруге мүмкіндік бар.
Электр энергиясы нарығының моделін жетілдіру бойынша жұмыстар шеңберінде 2014 жылғы маусымда «2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.

Электр энергиясының көтерме сауда нарығының қолданыстағы моделі өзара байланысты, орталықтандырылмаған, орталықтандырылған электр энергиясы саудасының қолданыстағы нарықтарымен, жүйелік және көмекші қызметтер нарығымен, «нақты уақыт» режиміндегі теңгеруші нарықпен келісілген жүйелерге негізделген.

Электр энергия нарығының субъектілері:

  • өндіріс саласында - энергия өндіруші ұйымдар;
  • энегия беру және тарату саласында - Жүйелік оператор («KEGOC» АҚ), РЭК, басқа энергия беруші ұйымдар;
  • тұтынушылар (ірі, бөлшектелген) ;
  • энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
  • нарықтық оператор - «КОРЭМ» АҚ.

2015 жылғы мамырда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық жоспар - бес индустриалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам туралы мәлімдеді, осы жоспарға сәйкес «Бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу, РЭК ұлғайту қажеттілігі, электр энергетикада жаңа тарифтік саясат енгізу туралы шешім қабылданды.
Саланы дамыту, инвестиция тарту үшін жағымды жағдай жасау мәселесін жүйелі шешу үшін 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Осы Заң қабылданғаннан кейін пайдалану және тұтынушылдарды энергиямен сенімді жабдықтау бойынша талаптар күшейтілді, 2019 жылға дейінгі шектеулі тарифтер қарастырылды. Оған қоса, 2019 жылға дейін станцияларды реконструкциялау және қайта жарақтауды талап ететін инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға байланысты электр энергиясының жеке және есептік тарифтерін бекіту тәртібі сақталуда. Бұл шараларды отандық өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және сақтау мақсатында ҚР Үкіметі қабылдады. Сонымен қатар электр энергиясы нарығының жұмысын мониторингілеу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым - Нарық кеңесін және электр энергиясының орталықтандырылған импорты мен экспортын жүзеге асыратын заңды тұлға - Ұлттық операторды құру қарастырылып отыр.

Қазақстанның электр энергетикасын тұрақты қаржыландыру, электр энергиясы нарығын ұйымдастыруға өзгерістер енгізу үшін жаңа көмекші қаржылай механизмдер әзірленіп жатыр. Атап айтқанда 2019 жылғы 1-қаңтардан бастап «шектеулі тарифтердің» орнына салаға Қуаттылық нарығы деп аталатын инвестиция тартатын жаңа механизм келеді. Өз кезегінде қуаттылық активтерінің иелері өз қарамағындағы нысандардың сенімділігіне және тиімділігін арттыруға инвестиция салуы қажет.

Энергия өндіруші ұйымдардың тарифтері 2 құрамдас бөлікке бөлінеді: электр энергиясы тарифі және электр қуаттылығының даярлығын қолдау тарифі. Электр энергиясының тарифтеріне айнымалы операциялық шығындар мен өтемпұлдар жатады. Электр қуаттылығының даярлығын қолдау тарифіне инвестициялық шығындар жатады. Барлық қолданыстағы станциялар үшін электр қуаттылығының даярлығын қолдау бойынша қызметтердің бір шектеулі тарифі белгіленеді, сонымен қатар әрбір электр өндіруші ұйымда жеке инвестициялық келісім жасау және тұтас қуаттылыққа, сол сияқты оның белгілі бір бөлігіне жеке тариф алу мүмкіндігі болады.

Осы заңның нормалары ұзақ мерзімді инвестиция қайтару кепілдігін қамтамасыз етуге жағдай жасауға және электр энергиясы және қуаттылықтар нарығының жұмысының ашықтығын көтеруге бағытталған. Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігінде энергия беруші ұйымдарды үлкейту бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әр өңірдегі энергия беруші ұйымдардың басым көпшілігі электр желілеріне қызмет жасау бойынша шығындарды және үстеме шығындарды есепке алатын жүйе жоқ болғандықтан электр энергиясын беру бойынша қызметтер үшін электр энергиясын беру бойынша қызметтер үшін негізделмеген шығынға батып отыр, мұның өзі нәтижесінде тұтынушыларға теріс әсерін тигізеді.
РЭК үлкейту энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттырады, өңірлерде соңғы тұтынушыларға электр энергиясын беру шығындарын азайтады.
Қауымдастық ҚР Жер және Салық кодекстеріне электр энергетика нысандарына жер телімдерін белгілеу және энергия беруші ұйымдарды балансына электр желілерін қабылдаған кезде корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату тәртібі бөлігінде түзетулер енгізу мәселелерін енгізуді ұсынды. Электр энергетикасындағы осындай және одан да маңызды мәселелер Энергетика саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыстары шеңберінде қауымдастық алаңында талқыланады.

1. 2 Қазақстан энергетикасының қазіргі жағдайы және болашағы

Электроэнергетиканың 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 09. 04. 1999 ж № 384 қаулысымен бекітілген) тұжырымдамалық концептуалдық сипатқа ие жəне ол Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі дамуын іске асыратын бағдарламасының стратегиялық бөлігі ретінде əзірленген болатын. Электр энергетикасы базалық салалардың бірі бола отырып, кез келген мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік саласында маңызды рөл атқарады. Сондықтан электроэнергетикалық кешен Қазақстан Республикасының экономикалық секторларының басымдықтарының бірі ретінде анықталған жəне ол жаңажоғарытиімді технологиялар менжалпыішкі өнімнің энергия сыйымдылығын тұрақты төмендету базасында энергетика - экономика - табиғат-қоғам жүйесінің үдемелі теңестірілген жүйесі ретінде қарастырылады. 2030 ж. дейінгі бағдарламаның мақсаты жəне негізгі басымдықтары:

- Экономиканы жəне халықты электр энергиясымен өзін-өзі қамтамасыз етуге жəне елдің ұлттық қауіпсіздігінің бір көрінісі - энергетикалық тəуелсіздікке қол жеткізу;

- Электр энергияның экспорттық, бəсекеге қабілеттік ресурстарын, олардың шекаралас жəне үшінші елдердің энергетикалық нарығында сұраныс мүмкіндігін жасау;

- Өндірушілер, көлік жəне таратушы электр тораптары мен электр энергиясы ағындарының, диспетчерлік бəсекеліктік нарығын дамыту. Электроэнергетикалық саладағы негізгі стратегиялық бағыттар:

- Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесін (БЭЖ) қалыптастыру;

- Орталық Азия республикаларының энергия жүйелері мен Ресей біртұтас энергетикалық жүйесінің біріккен жұмысын қайта қалпына келтіру;

- Электр энергияның ашық бəсекелестік нарығының үлгілерін əзірлеу;

- Қолданыстағы энергия көздерін қайта құру жəне жаңарту арқылы бар мүмкіндігінше пайдалану;

- Импорт алмастырушы ретінде жаңа қуаттар енгізу;

- Дəстүрлі емес энергетиканы дамыту есебінен электр энергияны өндіру құрылымын жақсарту;

- Органикалық отын шығынын айтарлықтай қысқартуға жəне парниктік газ шығарылымдарын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді энергия сақтағыш технологиялар ретінде, электр энергиясы мен жылуды түйдектеп өндірумен, қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйелерін қайта құру жəне жаңалау;

- Экономикалық жəне экологиялық жағынан тиімді автономдық жоғары сапалы жылу көздерін енгізу.

Қазақстан электр энергиясының қазіргі жағдайы келесі мəселелермен сипатталады:

- Бір электр станциясында қуаты 4000 МВт-қа дейін энергия өндіретін станциялардың шоғырлануымен;

- Ірі электр станциялардың көбінесе отын кендері орындарына жақын орналасуымен;

- Өндірістік жəне коммуналдық қажеттіліктер үшін электр энергиясы мен жылу өндірудің құрама тəсілінің жоғары үлесімен;

- Республиканың электр қуаттарының балансында гидростанциялар үлесінің жеткіліксіздігімен (12% шамасында) ;

- Байланыс жүйелерінде кернеуі 500 жəне 1150 кВ əуе желісін қолданатын электр беріліс желілерінің дамыған сұлбасымен;

- Апатты жəне апаттан кейінгі жағдайларда бірыңғай энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін, қорғаныс пен апатқа қарсы релелік автоматика жүйесімен;

- Орталық диспетчерлік басқарумен, аймақтың диспетчерлік орталықтармен, электр энергиясын тұтынушылардың диспетчерлік орталықтарымен іске асырылатын бірыңғай ұйымдастырылған жедел жүйемен. Қазақстан территориясы энергетикалық қатынасы бойынша үш жаңа аймаққа бөлінеді (шартты түрді) :

- Солтүстік жəне орталық аймақ; энергия шаруашылығы ортақ торапқа біріктірілген жəне Ресеймен байланысы бар Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай жəне Павлодар облыстары енеді;

- Оңтүстік аймақ: бұған Алматы, Жамбыл, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстары енеді, олар жалпы электр торабымен біріккен жəне Қырғызстанмен, Өзбекстанмен дамыған байланысы бар. 1998 жылы Оңтүстік аймақ Солтүстік аймақпен қатарлас жұмысқа қосылды.

- Батыс аймақ: бұған Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан жəне Ақтау облыстары кіреді, жалпы электр торабымен біріккен, ал Ақтөбе энергия шаруашылығы бөлек жұмыс істеді.

Елімізге көмір өнеркəсібіне жəне энергетикаға ірі қаржылар салынды жəне оның келешектік дамуына елеулі жиынтық жасалды. Сөйтіп, көмір кендері негізінен Солтүстік жəне Орталық Қазақстанда шоғырланған, электр энергияның негізгі көздері де осында орналастырылған. Бұл аймақтар электр энергиямен өзінөзі қамтамасыз етті, ішкі жəне сыртқы электр энергиясы нарығына ұсынатын мол əлеуеті бар. Оңтүстік Қазақстан аймағының жеткілікті жергілікті энергетикалық ресурстары жоқжəне оның электр газ импортына негізделген.

Электр энергия қажеттілігінің бір бөлігі Орта Азия Республикаларының импорты есебінен өтеледі. Батыс Қазақстан аймағы өзінің жеке көмірсутекті отын қоры бола отырып, электр энергия қажеттілігінің бір бөлігін Ресейдің импорты есебінен жабады. Отынның қолда бар ресурстарын өндіре отырып, қысқа мерзімде өз қажеттіліктерін қамтамасыз ететiн экспорттық ресурстар жасау қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанның электр станциялары қуаты жағынан өз қажеттілігімiздi толық қамтамасыз ететіндей əлеуеті бар, бірақ қалыптасқан торап сұлбалары мен нарықтық коньюктура Оңтүстік жəне Батыс аймақтарда электр энергиясы мен қуатты импорттауға мəжбүр етiп отыр. Қазақстан Республикасының барлық электр станцияларының қуаттарының қосындысы 7. 2-кесте көрсетілген (шартты түрде) . 275 7. 2-кесте. Электр станцияларының қуаттылығы Электр станцияларының типтері МВт % Органикалық отынды пайдаланатын бу турбиналы 15384, 80 84, 54 Газ турбиналы 314, 00 3, 1 Гидравликалық 2230, 30 12, 25 Дизельдік 20, 26 0, 11 Электр станциялары жабдығының есептік ресурстары төмендегі 7. 3-кестеде келтірілген: 7. 3-кесте. Электр станциялары жабдығының есептік ресурстары Жабдық тобының атауы Қуаты МВт Белгіленген қуаты % Шектен аса жұмыс мерзімі бойынша тозуы % Блоктар 500 МВт 300 МВт 200 МВт ЖЭО 130 кГс/см2 90 кГс/см2 5000 2100 1860 2453 3687 27, 5 11, 5 10, 2 13, 5 20, 3 32 100 73 56 65 Республикадағы электр тораптары 110-220-500-1150 кВ кернеулер жүйесі базасында КСРО БЭЖ (ЕЭС) -ның негізгі ұстанымдары негізінде қалыптасқан болатын. Қазақстан Республикасының электр тораптық шаруашылығы 0, 4-6/10-35- 110-220-500 кВ жəне 1150 кВ кернеулі электр беріліс желілерінен тұрады. 0, 4- 1150 кВ кернеулі электр беріліс əуе желілерінің барлық ұзындығы 454706, 5 км жəне 35-1150 кВ кернеулі төмендеткіш қосалқы станциялардың саны 3069-61503 дана/МВА құрайды, соның ішінде кернеулері бойынша 7. 4-кестеде деректер келтірілген. 7. 4-кесте. Электр желілері мен қосалқы станциялардың деректері ЭЖ 1150 кВ - 1422, 9 км ҚС 1150 кВ - 3/7005 дана/МВА ЭЖ 500 кВ - 5470, 3 км ҚС 500 кВ - 15/10482 дана/МВА ЭЖ 220 кВ - 20269, 1 км ҚС 220 кВ - 93/15740, 03 дана/МВА ЭЖ 110 кВ - 37931, 9 км ҚС 110 кВ - 173/18412, 76 дана/МВА ЭЖ 35 кВ - 59317, 6 км ҚС 35 кВ - 2085/9863, 68 дана/МВА ЭЖ 6 - 10 кВ - 208275, 1 км ТП 6 - 35/0, 38 кВ - 90916/16949, 26 дана/МВА ЭЖ 0, 4 кВ - 122019, 6 км Орталық Азия, Ресейдің Шығыс жəне Батыс бөлігі энергия жүйелерінің географиялық орталық жағдайында орналасқан. БЭЖ-нiң негізінде қалыптасқан Қазақстанның электр энергетикасы қазіргі уақытта саланы нарықтық қатынастар енгізу негізінде реформалаумен байланысқан, терең қайта құрулар кезеңін бастан өткізді.

Қазақстанда біртұтас энергия жүйесін қалыптастырудың орталығы Солтүстік аймақ болып саналады, мұнда электр энергия көздерінің үлкен бөлігі (72, 7%) шоғырланған жəне Қазақстан БЭЖ-ін Ресей БЭЖ-мен байланыстыратын, дамыған 220-500-1150 кВ электр желілері бар. Соңғы жылдары Қазақстанның БЭЖ-нің Екібастұз - Нұра - Ақадыр - ОҚГРЭС - Алматы ЭЖ-500 кВ транзиттік желісі бойынша Солтүстік жəне Оңтүстік бөлігі бірлестігі тұрақты жұмыс істейді, ал 1998-1999 жылдары олардың Орталық Азия БЭЖ қатарлас жұмыс істеуі ұйымдастырылды, бұл Оңтүстік Қазақстанның энергетикалық жүйесiнiң (Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Алматы) бірлескен жұмысының сенімділігін арттырады. Қазақстан БЭЖ-нің Батыс бөлігі (Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Орал), өзінің географиялық алыс орналасуына жəне электр байланыстарының болмауына байланысты, Қазақстан БЭЖ-нің қалған бөлігінен ерекше жұмыс істейді жəне онымен бірыңғай технологиялық процеспен байланыспаған. Солтүстік жəне Оңтүстік Қазақстанның энергетикалық жүйелерiн біріктіру Оңтүстік аймақтың Орталық Азия мемлекеттерінен энергетикалық тəуелсіз болуын қамтамасыз етедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталулар
Тарату құрылғыларының түрлері
Электр энергиясын түрлендіру және тарату
Қосалқы станция электр жабдықтарына сипаттама
Қосалқы станцияның электр жабдықтарын таңдау
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және электр энергиясының сапасы
Электр машиналарын монтаждау
Электрмен жабдықтаудың аралас схемасы
ЭЛЕКТР ЖҮКТЕМЕЛЕРІН ЕСЕПТЕУ
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ СҰЛБАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz