Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру


Махмутова К. И., Куатова Ж. Ж.
Педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Шымкент, 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Махмутова К. И., Куатова Ж. Ж.
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ ББ ТОПТАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
Шымкент - 2022 ж.
Құрастырғандар: Махмутова К. И., Куатова Ж. Ж.
Дәрістер жинағы ББ топтарының «Педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасына сай құрастырылған және пәнді меңгеруге қажетті мағлұматтарды қамтиды.
Дәрістер жинағында «Педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша студенттердің мамандық бойынша теориялық білімдерін қалыптастыруға негіз болатын материалдар беріледі.
11- дәріс. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары.
.
1 дәріс.
1-дәріс. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері.
Лекцияның мақсаты:
Педагогика ғылымының негiзгi ұғымдарын меңгеру. Педагогиканың басты ерекшелiгiн, мiндеттерiн ашып көрсету, әдіснамалық негiзiн анықтау арқылы, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын айқындау.
Лекцияның мiндеттерi:
а) педагогика және оның категориялық аппараты туралы түсінік беру;
ә) педагогикалық пәндердiң мазмұнын ашып көрсету;
б) педагогиканын басқа ғылымдармен байланысын көрсету;
в) педагогиканың және педагогикалық пәндердiң әдiстемесiнiң мәнiн ашып көрсету.
Лекцияның жоспары:
- Педагогика пәнi және оның мiндеттерi мен негiзгi ұғымдары.
- Педагогиканың әдіснамалық негiзi және оның ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерi.
- Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Негiзгi ұғымдар: Педагогика, жеке адамның дамуы, тәрбиелеу, бiлiм алу, оқыту, педагогикадағы пәнаралық байланыс, педагогиканың методологиялық негiздерi, ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерi.
Пәнаралық байланыс: Тарих, этнопедагогика, жалпы психология т. б.
Лекцияда пайдаланылатын көрнекi құралдар: Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысын көрсететiн кесте.
1. Педагогика пәні және оның мiндеттерi
Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердiң күрделiлiгi бiздiң қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды.
Қоғамның экономика мен саяси жүйесiндегi жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетiлдiру мәселелерi үздiксiз бiлiм берудiң бiрыңғай жүйесiнiң ғылыми негiзiн анықтаумен байланысты шешiледi.
- Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердiң бiрi үздiксiз бiлiм берудiң бiрыңғай жүйесiн жасау.
- Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар білім беру жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.
- Қоғам өмiрiндегi тәрбиенiң рөлi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi.
- Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.
5. Сондай-ақ, маңызды мiндеттердiң қатарына қоғамдағы мұғалiмнiң әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың рөлi мен маңызын көрсету және елiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудiң мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.
6. Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, рөлiн көрсету және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын айқындау.
1. "Педагогика" терминi гректiң екi сөзiнен: "пайс" - бала және "егейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
Адам бүкiл өзiнiң өмiрi бойында тәрбиеленедi және қайта тәрбиеленедi.
Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерiнде, анықтамалықтар мен энциклопедиялық сөздiктерiнде педагогика ғылымына берiлген әр түрлi анықтамаларды кездестiремiз. Ең көп кездесетiнi: педагогика тәрбие туралы ғылым; педагогика жас ұрпақтар туралы ғылым; педагогика адам тәрбиесi туралы ғылым деген анықтамалар.
Ал педагогика пәнiне берiлген анықтамалар да әр түрлi. Педагогика пәнi - адамды адам тәрбиелеу, педагогика пәнi - тәрбиелiк iс-әрекет, педагогика пәнi арнайы ұйымдастырылған әлеуметтiк сала.
Ең негiзгiсi педагогика тәрбие туралы ғылым.
Әрбiр ғылымның өзiне тән зерттейтiн саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда "болмыс", "материя", "қозғалыс", саяси экономияда - "қоғамның өндiргiш күштерi мен өндiрiстiк қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту", ұғымдары жатады.
Педагогикалық ұғымдардың бiрi - т ә р б и е.
Тәрбие дегенiмiз - адамдарды қоғамдық өмiрге және өнiмдi еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжiрибенi беру процесi болып табылады.
Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейiнгi мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.
Тәрбие - белгiлi жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың рухани дене күштерiн дамыту; ә) ғылыми-материалистiк дүниетануды қалыптастыру; б) қоғам өмiрiне, қоғамдық өндiрiстiң белгiлi саласына қатысуға дайындығы болу мiндетiн қамтиды.
Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжiрибенi беру процесi.
Бiлiм беру - бұл ғылымдар жұйесiнен бiлiм алу және танымдық, iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру, оның негiзiнде жеке бастың көз қарасын, адамгершiлiк тағы басқа қасиеттердi қалыптастыру, адамның шығармашылық күшi мен қабiлетiн дамыту.
Оқыту - бұл оқушы мен мұғалiмнiң мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесi. Бұл процестiң барысынды бiлiм беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның бiлiм алуы жүзеге асырылады.
Бiлiм беру - оқыту мен тәрбие жұмысын бiрiктiретiн және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Педагогиканың анықтамасының құрамына: "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту" ұғымдарымен қатар "өздiгiнен бiлiм алу" ұғымын да аламыз.
¤здiгiнен бiлiм алу - бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы мiндет көздеген жұмысы, өздiгiнен бiлiм алу адамның өзi қызығатын мәселеге байланысты iзденiп, қажеттi бiлiмдi меңгеруi, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы бiлiмiн жетiлдiру болып табылады.
Сонымен бiрге адамның "жетiлуi", "дамуы", "өзiн-өзi тәрбиелеу" ұғымдарымен бүгiнгi педагогика өзiнiң зерттейтiн проблемаларының шеңберiн толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл iшкi және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетiлу процесi. Жеке адамның дамуына, жетiлуiне мақсатты түрде жүргiзiлетiн тәрбие мен оқыту шешушi роль атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзiн-өзi тәрбиелеудiң маңызы зор. ¤зiн-өзi тәрбиелеу - адамның сапалы түрде белгiлi бiр мақсат көздеп өзiнiң бойына қалыптастыратын қасиет, мiнез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Педагогикада бұл негiзгi ұғымдардан басқа көптеген түсiнiктер мен тұжырымдар бар. Мәселен, бiлiм, iсркелiк, дағды, әдiс, тәсiл, құралдар, жұмыс формалары, қағида т. б.
Тәрбие педагогикалық кең мағынада - бұл мақсат көзделiнген процесс, қоғамның арнайы бөлiнген адамдары - мұғалiм, педагог, тәрбиешiлердiң басқаруы мен жүргiзiлетiн процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешендi факторларды пайдалана отырып ерекше әдiс-тәсiлдердi қолданады.
"Тәрбие" терминi тар мағынада жеке тәрбиелiк мiндеттi шешуге, жеке адамның белгiлi бiр қасиетiн қалыптастыруға, мәселен адам тiршiлiгiн немесе эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
- Кең мағынада деген ұғымда бүкiл сыртқы әсерлердiң адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтiк ортаның - қоршаудың сонымен бiрге тәрбиешiлердiң арнайы бағытталған iс-әрекеттерiнiң ықпалымен адамды қалыптастыруды айтамыз.
- Тәрбие қоғамдық құбылыс. Тәрбие - адамды қоғам өмiрiне сай қоғамдық еңбекке дайындауды әлеуметтiк қажеттiлiктен туған объективтi процесс. Сондықтан да тәрбие ежелгi заманнан бастап қоғамдық еңбек сипатында болып келедi. Қоғамның дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгеруi тәрбиеге өз әсерiн тигiзiп отырады.
Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өттi. Алғашқы педагогикалық ой-пiкiрлер ертедегi шығыс елдерiнiң (Египет, Вавилония, ‡ндi, Қытай) философиялық жүйесiнде дамыды, Кейiн бiртiндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгi дүние философиясы ертедегi шығыс елдерiнiң қорытып жинақтаған бiлiм мұрасын iлгерi дамытқан едi. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесiнiң мақсаттары мен мазмұны және ерекшелiгi сияқты педагогикалық проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит) . Феодалдық қоғам тұсында (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгердi. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерiнiң қатар дамуы көзқарастарының орнына “о дұниелiк өмiрге дайындауды ұсынған пiкiрлер қалыптасты. (Монастрлық, мұсылман мектебi) .
ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасы саналады. Адамның жеке басының тәрбиесi, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, сондықтан бұл кездегi мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталады. (Ф. Ром, Т. Мор) . Гуманистер жаңа дәуiр үшiн жаңа адам қажет дедi.
Феодализмнен капитализмге өту дәуiрiнде дiн шырмауындағы ғалымдар дамып жеке бөлiнiп шыға бастады. Чех халқының ұлы педагогы Я. А. Коменский, швейцарияның педагог демократы И. Песталоцци т. б. олар ХVI ғасырдағы прогрессивтік позицияларды ұстады. Я. А. Коменский (1592-1670), Д. Локк (1632-1704), Д. Дидро (1713-1784), Ж. Руссо (1712-1778), И. Песталоцци (1746-1827)
Россияда революцияшыл-демократиялық ойдың негiзiн салушылар А. Н. Радищев, В. Г. Белинский, А. Н. Герцен, XIX ғасырдың 60-ы жылдарында Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, XIX ғасырдың екiншi жартысында демократиялық тәрбиенiң идеяларын ұсынушылар Н. И. Пирогов, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой т. б. болды.
Н. К. Крупская (1869-1939) советтiк педагогика ғылымын дамытуда зор үлес қосқан марксист-педагог.
Н. К. Крупская айырықша көңiл бөлген мәселелерiнiң бiрi - оқыту теориясы. Сонымен бiрге, оқушылардың өзiн-өзi басқарудағы мақсаты мен мiндеттерiн белгiледi.
Көрнектi педагог А. С. Макаренко (1888-1939) советтiк педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Жоспарлы қайта тәрбиелеудегi өзiнiң бай тәжiрибесiне сүйенiп, оқу-тәрбие жұмысын жүргiзудiң жүйелi теориясы мен методикасын құрды.
Көрнектi педагог В. А. Сухомлинский (1918-1970) педагогика ғылымының дамуына зор үлес қосты. В. А. Сухомлинский өзiнiң педагогикалық жүйесiнде әрбiр оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшелiктерiнiң, қабiлетiнiң, бейiмдiлiгiнiң, қызығушылыгының тағы басқа қабiлеттерiнiң жетiлуiне бағытталған оқу тәрбие процесiн ұйымдастырады. Сонымен, педагогика тарихында жинақталған мол қазынасын құрудың негiзiнде қоғамды демократияландыру, гуманитарландырудың бағыттарымен туындайтын принциптерiмен ұштастыру бүгiнгi күнде педагогика ғылымының күрделi мiндеттерi болып саналады.
2. Педагогиканың әдiснамалық негiзi және ғылыми
педагогикалық зерттеу әдiстерi
Әдіснама грек тілінен аударғанда методос әдіс туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Яғни, бір нәрсені тану туралы әдіс. Мұнда әдіснама - зерттеу процесі туралы ғылым ретінде түсіндіріледі. Ғылыми әдіснаманың негізін бірінші болып Гегель салды. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады.
Педагогика нағыз ғылыми көзқарас болып есептелiнетiн және объективтi дүние танудың, бiлудiң және ғылыми бiлiмнiң дамуының бiрден бiр әдiсi болып саналатын философия негiзiнде дамиды. Мысалы, диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы ойлауы дамуының заңдылықтарын зерттейдi. Диалектикалық материализм қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогикалық оқиғаларды жалпылама "көшiре" салмай, ол тәрбиенiң заңдылықтарын ашады, тәрбиедегi себептi, нәтижелi байланыстарды анықтайды, тәрбиенiң болашағын көрсетедi, қоғам өмiрiнде басқа да оқиғалармен органикалық байланыста қарастырады.
Педагогиканың әдіснамалық мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі-педагогикалық білімдер жүйесін (Ф. Ф. Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған.
Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснамалық қызметін атқаратын әдіснамалық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. Әдіснамалық білімдер жүйесіне: педагогика пәні (біртұтас педагогикалық процесс), категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі рөлі, басқа ғылымдармен байланысы, пед. ғылымының жүйесі т. б
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстері арқылы тәрбие процесiнiң мақсаты, ерекшелiктерi негiзi сатылары, басқа құбылыстармен өзара байланысы қарастырылады, олардың заңдылықтары анықталады.
Педагогиканың методологиялық негiзi диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдiс педагогикалық құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмiрдiң басқа құбылыстармен байланыста және өзара әрекетестiкте алып қарастыруды талап етедi.
Педагогика үнемi дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесi тәрбие мен бiлiм берудiң барлық салаларын ғылыми болжам жасау мақсатында және негiзгi проблемаларды ғылыми-теориялық, практикалық жағынаң терең талдау үшiн педагогика ғылымында мынандай зерттеу әдiстерiнiң жүйесi қолданылады:
1. Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерде қолданылып жүрген ең көп тараған әдiс. Байқау, ең алдымен, тәжiрибе деректерiн жинау мақсатын көздейдi, байқалатын объектiлердi бөлiп алып, әдетте фактiлер мен белгiлердi тiркеп отыратын күнi бұрын жасалған жоспар бойынша жүргiзiледi.
2. Әңгiмелесу әдiсi. Педагогикалық зерттеу әдiсi ретiнде өз алдына тәрбие қолданылады және байқау әдiсi мен толықтырылып отырады, әңгiме әдiсi бұрын белгiленген жоспар бойынша анықталуға тиiстi зерттеу мақсаттарына сай жүргiзiледi. Әңгiмелердiң барысы, мазмұны толық баяндалады, пропорционалды, қорытындысы жасалады.
3. Интервью алу әдiсi. Бұл әдiс педагогикалық әңгiмелесу әдiсiнiң бiр тұрi. Айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгiленген сұрақтар бойынша әңгiмелесушiсiнiң жауаптары жазып алынады.
4. Сұрақ-сауал әдiсiн қолдануда зерттелiп отырған проблемаға байланысты көпшiлiк пiкiрiн бiлу және осы ұжымдағы әр түрлi әрекеттердiң көңiл-күйлердiң т. б. мәселелердiң объективтi деректерi, субъективтi салыстыру арқылы анықталады.
5. Мектеп құжаттарын зерттеу әдiсi. Бұл әдiс оқушының жеке iс қағаздарын, медициналық карталарын, сынып журналдарын, оқушы күнделiктерiн, жиналыстар мен мәжiлiстердiң хаттамаларын оқып үйрену, талдау жинақтау мақсатында қолданылады.
6. Педагогикалық экспермент әдiсi. Зерттеу әдiсiнiң педагогикалық тиiмдiлiгiн анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдiстерi мен жолдарын зерттеу үшiн арнаулы ұйымдастырлатын әдiс. Педагогикалық эксперименттiң мынадай түрлерi бар: табиғи эксперимент, лабораториялық эксперимент, iздеу мақсатын көздейтiн эксперимент.
7. Педагогикалық процестердi модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдiстердi пайдаланумен байланысты, олар негiзiнен алғанда қарапайым деңгейде, яғни, озат тәжiрибенi қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға және оны алғаш рет өңдеп, жүйеге келтiруге педагогикалық зерттеу дәрежесiн көтеруге көмектеседi.
8. Зерттеулердiң нәтижесiн тәжiрибеге енгiзу жолдары педагогикалық зерттеулердiң ең басты қорытындысы болып есептеледi. Зерттеулердiң нәтижесiн тәжiрибеге енгiзу-бұл тұтас комплекетi шаралар жиынтығы. ‡здiксiз, бiрiздi мақсатты түрде жүргiзiлетiн зерттеу жұмысының нәтижесiнде айқындалған заңдылықтар, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми баяндамалар арқылы әдiстемелiк құралдар, оқулықтар жасау арқылы, арнайы әдiстемелiк нұсқаулар және ұсыныстар арқылы мектептiн озат тәжiрибесiмен дәлелденiп, тиiмдiлiгi жан-жақты айқындалған зерттеулердiң кепiлi болуы керек.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерiн бiлу әрбiр шығармашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмге қажет. Педагогикалык жаңалықтарды, озат тәжiрибенi, ғылыми теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттiк жұмыстар арқылы байқаудан өткiзiп, тексерiп, оның нәтижелерiн шығару тиiмдiлiгiн керсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру-қазiргi мектептiң, педагогика ғылымының, әрiбiр мұғалiмнiң борышы.
3. Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Қоғамның қазiргi даму кезеңiнде ғылыми зерттеулердiң көлемi ғылым бiлiм салаларының қарқынмен өсуiне ғылымдардың өз алдына жеке даралану және мамандықтарға байланысты жүктелу тенденциясы айқын көрiнiп отыр. Жалпы ғылымдағы бұл жағдай соңғы кезде педагогика ғылымдыққа да ерекше бiлiнiп келедi.
Педагогика ғылымы көптеген жеке салаларға бөлiнедi. Мәселен, мектепке дейiнгі педагогика, ересектер педагогикасы, кәсiптiк-техникалық бiлiм беру педагогикасы , өзiнiң арнайы зерттейтiн, қарастыратын, шешетiн әр түрлi педагогикалық проблемалары күн тәртiбiнде айқын қойыла бостандықтан дербес педагогика ғылымының саласы болып бөлiнедi.
Педагогика өзiнiң нақты проблемаларын шешу үшiн бiрнеше қоғамдық-әлеуметтiк ғылымдар және арнайы ғылымдар салаларымен байланысты.
Қоғамның аса маңызды функцияларының бiрi саналатын тәрбие туралы ғылым-педагогика ең алдымен педагогиканың методологиялық негізі болып саналатьш философия ғылымымен байланысты.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейдi.
Педагогика ғылымы педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қарап олардың қоғамдық мәнiн ашу, осы заманғы педагогикалық теорияларды дамыту үшiн озат прогрестiк педагогикалық идеяларды зерттеу және халықтар арасында ұлтаралық қатынас мәдениетiн орнату мақсатында педагогика тарих саласымен байланыста болады.
Оқыту мен тәрбиелеудiң объектiсi - адам болып есептеледi. Сондықтан да, қалай оқыту керектiгi және оқушыларды қалай тәрбиелеуге болатындығы туралы мәселелердi шешкенде педагогика адамның дене күшi және психологиялық дамуының табиғаты мен заңдылықтарын зерттейтiн ғылымдармен - физиология, психология қалтықсыз бiрiгiп отырады . Себебi қоғамдық сана сферасына жататын құбылыстар жиынтығы , яғни сезiм, көңiл-күй, талғам, пiкiр, баға беру, наным, әдет-ғұрыптар , салттар, мiнез-құлық сипаттары және түрлi әлеуметтiк жағдайларда тұрған адамдар тобының психологиялық қалыптасу ерекшелiктерi болып табылады.
Соңғы уақытта педагогиканың халықтық педагогикамен де байланысы зор болып отыр. Мысалы, халық ауыз әдебиетi мұраларын және салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, этнографиямен және халықтардың ғасырлар бойы жинақталған педагогикалық ойлары мен көзқарастары, тәжiрибесi көрсетiлген этнопедагогика ғылымымен тығыз байланысты.
№1- кесте.
Педагогика ғылымының салалары және оның
басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымы
Философия ғылымы-педагогиканың методологиялық негiзi
Педагогика ғылымыны” салалары
Педагогиканың” басқа ғылымдармен байланысы
педагогика
Бақылау сұрақтары:
- Педагогка қандай мәселелердi қарастырады?
- "Педагогика", "Педагогика пәнi", "Тәрбие", "Бiлiм беру"; "Оқыту" ұғымдарына берiлген анықтамаларға талдау жасаңыз.
- Педагогика ғылымының тарихи даму жолын көрсетiңiз?
- Педагогка ғылымының жеке салаларының шығуы және даму зандылықтарын дәлелдеңiз.
- Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз
- Педагогиканың ғылыми зерттеу әдiстерi және олардың мұғалiм үшiн қажеттiлiгi.
- Педагогика курсының басты мiндетi не және ол болашақта мұғалiмдерге қандай практикалық көмек көрсете алады?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz