Қабілеттің түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті.

Факультеті:Теология

Тобы: Дінтану

БӨЖ

Тақырыбы: Қабілеттің түрлері.

Қабылдаған: филос. ғ. к., доцент

Орындаған: Орынбеков Д.

Түркістан -2023

Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

1. Қабілет туралы түсініктер, оның түрлері.

III. Қорытынды

Кіріспе

Әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатыны байқалады. Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мысалы, бір қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екендігі көрініп тұр.

Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді. Бұл мағынада алғанда адамдардың тең емес екендігі түсінікті. Қабілет жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырғыштық, мұғалімдік болып бірнеше түрге бөлінеді. Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар нәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл тіршілік иесі онда бұл күштер нышан мен қабілет түрінде өмір сүреді, - дейді К. Маркс. Нышан жүйке жүйесінің адамға туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгі. Қабілетті дамудағы ең негізгі басты фактор-еңбек. Адам неғұрлым еңбек сүйгіш болса, ойлаған ісін ешбір ерінбей, жалықпай орындайтын болса, оның қабілеті соғұрлым жақсы дамитын болады. Қабілет те, нышанда іс-әрекет үстінде байқалады.

Негізгі бөлім.

Қабілет дегеніміз іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз мынау оқушы қабілетті оқушы екен дейміз не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты мынау оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз. Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мысалы, оның алғашқы деңгейін репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Қабілеттіктің өлшемі-белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі, тағы басқа) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет депе атайды. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі терең деп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының (тіпті ол жақсы оқитын оқушы болсада) үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды, Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса бұданда гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың қажырлы әрекетке бойын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғандығын айтып отыр. Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшырату мүмкін. Бұны дәлелдейтін мысалдар өте көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінген мен де, сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай, үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге құқық алады. Бұл жәйт академиядағылардың Суриков жөніндегі пікірлері жансақ болғандығын аңғартады. Бұл мысал адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді. Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы материалды еске тез қалдыра алу, зейінділікпен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық, тағы басқа. Осы секілді ақылой әрекетінде көрінетін өзгешіліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-әрекеттің жеке салаларында көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Оған суретшінің, музыканттың, актердың, спортшының, математик-ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Оған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызуға болады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлінеді. Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына оның әлеуметтік сипатына ғылыми техникалық прогрес байланысты болып отырады. Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан-алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Сол кездері жан-жақты қабілетті аса дарынды адамдар көп болды: Ф. Энгельс, Леонардо да Винчи, Альберхт Дюрер, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белең алған еді. Осы кездегі аренаға жан-жақты қабілетті адамдар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхаммедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқай, М. Жұмабаев тағы басқа шыққаны белгілі. Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді. Әрине бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан-алуан түрлерінің ұштасуы, адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекетінің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дұрыс ұштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиетпен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мағынада мүмкіндіктер жамалады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабілеттің жіктелуі
Мектеп оқушыларының қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту жолдарын теориялық негіздеу және оны іс жүзінде қарастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Қабілеттің сандық және сапалық сипаттамалары
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі
Қабілет туралы түсініктер, оның түрлері
Адам қабілеті
Қабілет және нышан
Темперамент және қабілет туралы түсініктер
Адам бойында кездесетін қабілет ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz