Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

Меллишева Асем Серикказыевна

Денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстық құқықбұзушылығының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми жетекшісі:
Каражанов М.Д.___________
Студент:
Меллишева А.С._____________

Қорғауға жіберілді:
____________2023 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________Сабитов С.М.

Семей, 2023 ж

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жеке азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру.
Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Қылмыстық құқықтық ғылымда денсаулыққа орташа дәрежеде зиян келтіруге байланысты қылмыстардың түрлі аспектілеріне көп көңіл бөлінген. Осы мәселелерді шешуге үлес қосқандар: Рахметов С.М., Алауханов Е.О., Борчашвили И.Ш., Данилин И.Н., Ефимов М.А., Ағыбаев А.Н., Гаухман Л.Д., Абельцев С.Н., Абсатаров Х.Х., Абдрашит А.А., Иванов В.Д., Алексеев М.А., Авдеев Ю.И., Матышевский П.С., Горшенков Г.Н.
Осы мәселеге ғалымдардың ойларының көпжақтылығы және ғылымда жеткілікті дәрежеде жетілмегендіктен құқық қолдану тәжірибеде қиындық туғызады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі бойынша денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру қылмысын зерттеу және оның мазмұнын ашу, оған криминологиялық сипаттама беру.
Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып орналасуынан және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда ауырлығынан көруге болады [1].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 104 - бабымен көзделген денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру кең таралған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың бірі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 104 - бабында денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің негізгі (жай) құрамы (ҚР ҚК 104 - бабының 1 - бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 104 - бабының 2 - бөлігі), ерекше сараланған құрамы берілген. Аталған қылмыстық заңда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің саралаушы белгі ретінде Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа қылмыстық құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тәнін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3 - ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір негізі болып табылады. Осы себептерге байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық жауаптылық негізіне жатқызады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы, олардың түрлері және топтау және де жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипатын ашу. Адам мен азаматтардың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығын анықтау.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек[2,124б.]
Осы дипломдық жұмысты орындау барысында, жұмыстың мақсатына сай мынандай қорытынды жасауға болады:
Осы дипломдық жұмыста алдымызға қойған басты мақсат - ол денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық - құқықтық сипатын ашу. Сондықтан да жоғарыда айтып кеткеніміздей, денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Денсаулық - адам өміріндегі негізгі байлығы болып есептеледі, яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясының Адам мен Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар[1].
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының Контитуциясынан, Ағыбаев А.Н., Алауханов Е.О., Сапарғалиев Ғ., Төлеубеков Б.К., Смитенко В.Н. тағы басқа да атақты ғалымдарымыздың еңбектерінен және кітаптарынан жазылды.
Қазіргі зерттеу әмбебап диалектикалық әдіске негізделеді. Сонымен қатар осы жұмыста формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, тарихи-құқықтық әдістері қолданған.
Осы дипломдық жұмыстың негізгі бөлімдеріндегі адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығына тоқталсақ:
Адамның денсаулығын сақтау құқығы - бұл мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілген тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады. Осы құндылық заңмен қорғалаған. Соған мысал ретінде адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделуін қарастыруға болады.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау кезінде, оларға:
1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру;
2. Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру;
3. Денсаулыққа қарсы жеңіл зиян келтіру;
4. Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру;
5. Науқасқа көмек көрсету тағы басқа түрлері жатады.
Осы дипломдық жұмыста адам денсаулығына қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері мен оларды топтаған кезде жеке-жеке тоқталдық және де ерекше мән беріле жазылды.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері туралы
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзіндік белгілерін ашып көрсету
Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар
Жеке адамның денсаулығына қарсы қылмыстардың түсінігі және жіктелуі
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Денсаулыққа қарсы қылмыстар
Денсаулыққа қасақана қарсы қылмыстар
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Өмірге қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер