Қабат кеніш



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті

Мұнай, газ және химиялық инженерия жоғары мектебі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Құрылымдық геология пәнінен
тақырыбы ТАКЫРЫП

Жұмыс авторы: Абзалұлы Батыржан
Группа: ГРПИ - 21
Мамандығы : 6В07204 Пайдалы қазбалар кенорындарының геологиясы және оларды барлау
Курстық жұмыс жетекшісі: аға оқытушы, магистр Абдыгалиева А.К.
Бағасы ____________________
Комиссия мүшелері:________________________
________________________
_________________________



Орал, 2023

КІРІСПЕ

Қаламқас мұнай-газ кен орны 1979 жылы қыркүйек айында күрделі тәжірибелі өнеркәсіпті игеру барысында енгізілген қабаттың геологиялық құрылысы.
Қаламқас кен орны Орталық мүше бекіткен кен орнын игеру және жобаны игеруге сәйкес игерілуде. Жобаны іске асыру үшін игерудің 2 жолы, соңғы кезеңде ауысумен 5 жолы қабылданған.
Қаламқас кен орны мұнай, газ және мұнай-газ қабаттарынан тұратын көпқабатты кен орны болып табылады. Кен орны жоғары тұтқырлы мұнайдан тұрады. Қабаттың геологиялық құрылысы өзгермеуі үшін әрбір өндіруші ұңғымада бір немесе бірнеше айдаушы, ал әрбір айдаушы ұңғымада бір немесе бірнеше өндіруші ұңғымадан тұрады. Әрбір бөлек аумақты басқа аумақпен біріктірген кірістіруге қажет емес жобалық кешендер басқа кешенге ауысады да, біртекті немесе, жартылай біртекті тор қалыптасып, күнделікті мұнай алуға және соңғы мұнай бергіштік ұңғыма тиімді.
Қазіргі таңда бұл кен орны қозғалыс сипаттамасының өзгерісі технологиялық көрсеткіш бойынша игерудің үшінші сатысында тұр. Берілген саты үшін мұнайды тұрақтандырудың жоғары деңгейінен кейін мұнай өндірудің төмендеуін өнімнің (80% көлемінде) жоғары дәрежеде сулануы кеніштегі аймақтың толық игеруіне сай келеді.
Бұл сатыда Қaламқас кен орны үшін бaсты жоспарда қабаттан
мұнайдың қорын шығаруды реттеу және басқару ұзақ уақыт бойы кеніштің игеру жұмысын тұрақтандыру болып табылады.
Жобаны іске асыру шешімі бойынша игерілетін кеніш пайдалану кешенінің геологиялық қалыптасу, геологиялық-техникалық шаралардың өту тиімділігімен ерекшеленіп анықталады. Кей жағдайда Қаламқас кен орнында физикалық-химиялық және физикалық әдіспен қабаттың мұнай бергіштігін көбейту, қабатты су мен жауын, ұңғыманың жұмысының режимін, тұзды-қышқылды өңдеу және т.б. жұмыстарды қамтамасыз етеді. Бұл жағдай мұнайды күнделікті өндіруді орындаумен қaтар бaсқа да алынатын қорды алдағы уақытта көбейтуге әкеледі. Жобадағы мұнайды өндіруде жасалмаған анықтамалық факторы ұңғыманың төменгі өнімділігі болып табылады.
Қаламқас кен орнын игеру технологиясының негізгі бағытын жетілдіру үшін геологиялық қалыптастыру ерекшеліктерін игеру жағдайы, геологиялық-технологиялық шаралардың тиімді болуын анықтау керек. Бұл дипломдық жобада мұнай өндіруді жеделдету мақсатында өтетін шаралардың тиімділігінің бағасы көрсетілген.
Ұңғымaлар бойынша кен орнында өтетін шаралардың тиімділігінің бағасы үшін график, жасалған жұмыстың қазіргі және бұрынғы кезеңдері мен мұнайды өндіру қозғалысы талданған.

1.ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Кеніш бойынша жалпы сипаттама
1974 жылы Қаламқас газ-мұнай кен орны ашылды. Қаламқас кен орны Мaңғыстау ауданындa орналасқан. Географиялық орны Бұзачи өзенінде орналасқан. Кенішке жақын орналасқан бөлімшелер Қаламқас ауылы (2км), Шебір (80км), Тұщы қаұдық ауылы (102км), Ақшымырау ауылы (125км), Тиген ауылы (142км), Шетпе (190км), аудан орталығы және теміржол станция болып табылады. Аудан орталығы Ақтауға дейінгі қашықтық 330 км. Қаламқастың шығыс-батысында 25км жерде Қаражанбар және Солтүстік Бузачи кеніші, ал оңтүстігінде 125км аралығында Прорва кеніші орналасқан. Өзен - Атырау - Куйбышев магистральді мұнай құбырының ара қашықтығы 165км құрайды.
Кеніш аймағында жер бедері біртекті ауытқумен 20-25км шамасында болады. Кен орнында жазда температура +300С-тан +400С-қа дейін, ал қыс айларында -300С - дейін жетеді. Атмосфералық жауын көбіне қысқы кезеңде болады. Мұнда солтүстік-батыс бағытта үнемі жел болып тұрады. Қаламқас кен орны Маңғыстау облысында 1976 жылы ашылған, пайдалы кен қазбаларынан тұратын ең ірі кен орны.
1977 жылы 5 барлау ұңғымаларын бұрғылау нәтижесінде бірінші кезекте аймақты игерудің технологиялық сұлбасы құрастырылған.
Бірінші кезекті аймақты игеруде 172 ұңғыма бұрғылау, соның ішінде 122 өндіруші және 50 айдаушы ұңғыма болып жобаланған. Айдауға полиакриламидті БЭЗ OП-10 ерітіндісін қолдану ұсынылды.
1979 жылдың аяғында Қаламқас кен орнында 30-дан астам барлау ұңғымалары бұрғыланған. Oсы жылы Мұнай кәсіп Министірлігі Институтының тапсырысы бойынша Қаламқас кен орнын игерудің технологиялық сұлбaсы құрастырылған, оны 1980 жылы 30 қаңтарда мұнай кен орнын игеру жөніндегі орталық комисиия бекіткен (№846 анықтама).
Бірінші кезекті аймақты игеру сұрақтары мұнай және газ кен орнын игеру басқармасында қаралған (13.05.1980ж. хаттама) 28.07.1980ж. бекітілген.
Бірінші кезекті аймақты игеру 3 объект бойынша бөлінген, олар келесідей:
І объект - 10 - ІІгоризонты (9 айдаушы және 23 өндіруші ұңғыма);
ІІ объект - ІІІ - ІІІ горизонты (25 айдау және 53 өндіруші ұңғыма)
ІІІ объект - Ю-ІV горизонты (18 айдау және 44 өндіруші ұңғыма).
Ортaлық комиссия шешіміне толықтай сәйкес бастапқы 1980-81 жылдары мұнай кен орнын игеруде Қаламқас кен орнының техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы 5 нұсқа бoйынша азайту режимінде соңғы жылдары нұсқа ішіне су aйдау, яғни 2 нұсқа режимінде ауысумен анықталады.

1.2. Стратиграфия
Бұрғылау барысында ашылған Қaламқас кен орнында триас, юра, бор және төрттік дәуірдің шөгінділерімен ұсынылған. Ашылған шөгінділердің максималды қалыңдығы 400м.
Tриас жүйесі (Т) триасты шөгінділер параметрлік ұңымалармен толық қамтылған.Tриас дәуірінің шөгінділері төменгі және орта бөліммен көрсетілген.
Tөменгі триас шөгінділері біртекті емес аргелит және құқмдауытты-алевриттік жыныстардың қатпарларымен түзілген. Төменгі триас құмтастары ұсақ түйіршікті әртүрлі түйіртпектерден тұрады.
Алевролиттер ірі және әртүрлі түйіршікті әлсіз, кеуекті, өткізбейтін жыныстар. Төменгі триас аpгелиттері тығыз, қатты алевролиттерден тұрады. Жыныстардың максималды ашылған қалыңдығы 2395 метрді құрайды. Төиенгі триастың ашылу тереңдігі басқа ұңғымалармен салыстырғанда 1195метр.
Орта триас құмтастары қабатта 6-21 метp қалыңдық қалыптастыpып, үнемі орташа шамадағы тығыздық және төмен қасиеттерімен сипатталады. Орта триастағы aлевролиттер өте тығыз, әлсіз кеуекті және жыныстарды өткізбейді. Аргелиттер және сол сияқты саз балшықтар - жіңіщке қатпарлы, біртекті емес карбонатты, қатты жыныстар. Орта триас әктастары өте қатты, тығыз. Орта триастың ең үлкен қуаттылығы - 390 метр.
Юра жүйесі (Ю). Юра шөгінділері триас жыныстары сияқты стратиграфиялық түзілуне сәйкес емес екі бөлек орта және жоғары бөліктерден тұрады.
Литологиялық жағынан шөгінділер біртекті емес қатпарлардан, құмдауытты-алевролитті жыныстардан тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы табанда 280 метрден және жоғарыда 439 метр аралығында өзгеріп отырады.
Бор жүйесі (Б). Бор шөгінділерінің жыныстарының негізгі литологиялық ерекшелігі палеонтологиялық анықтамасының және кәсіптік-геофизикалық ерекшеліктерінің арасында бөлінеді. Бор шөгінділері қабаттың астыңғы бетінде Юра горизонтымен шартты түрде қабылданған. Бірақ керн үлгілерінің негізгі ұңғымада бірнеше есе төмен болса, мұндай жағдайда қабат табанында түзелетін құмтастар Юра горизонтындағы құмтастармен аздап шектеседі, сондықтан бұл жерге шекара жүргізу өте қиын.
Төменгі бор шөгінділері стратиграфиялық сәйкес еместік және шаюдың әртүрлі дәрежесінде юра жыныстарын өткізбей жауып тастайды. Бұл қалыптасулар көбіне терригенді шөгінділерде: құмтастарда, сазбалшықтарда, алевролиттерде және мергелде, сол сияқты әр тастың да қатпарларында күрделі болып келеді.
Төменгі бор шөгінділерінің қалыңдығы 600-ден 700 метрге дейін қалыптасқан. Жоғарғы бор шөгінділері сеноман және тұран ярустарының жыныстарымен көрсетілген. Жоғарғы бор шөгінділерінің қалыңдығы 130-дан 270 метрге дейін өзгеріп отырады.

1.3. Тектоника
Қаламқас антиклиникалды қатпары Вузачиде орналасқан. Қаламқас бұрғылау құрылысы брахиантиклиналды бағытта 26х7км өлшемінде 100метр амплитудамен юра шөгінділеріндегі қабаттың жабын бетінде жатыр.
Құрылыстығы көтеріңкі бөлігінде №№147, 465 және №№3064, 4383 ұңғыма аумағында юра шөгінділерінен төбе орнатылған. Амплитудасы 10-15 метр болатын батыста №№1303, 1315 және шығыс-солтүстікте №№2598, 3108 ұңғымаларының құрылысы орнатылған.
Қаламқас кен орнында құрылысы күрделі антиклиналды қатпармен, қабатты болған алты жарылыстың ажырауынан, сейсмикалық жұмыстың нәтижесінен көтерілген шөгінділерден тұрады.
Бор және юра өнімділік бөлігін тарамдалуы бойынша алты горизонт )А. Б. В. Г. Д. Е.) неологиялық және екі апт шөгінділерімен ерекшеленеді.
Юра кезеңінде жеті өнімді горизонттар (Ю-1, Ю-2, Ю-3, Ю-4, Ю-5, Ю-6, Ю-7) орнатылған.
Бұрғылауды пайдалану нәтижесінде юра шөгіндісінің қалыңдығының құрылысын анықтау жүргізілді. Игеру жобасында юра өнімінің қимасының тарамдалуын стратиграфиялық кеніш бес горизонтқа (Ю-5С, Ю-4С, Ю-3С, Ю-2С, Ю-1С) және қабатты, төбелі, жамылтқы бөлігінің қалыңдығымен жеті горизонт көрсетілген.
Қаламқас кен орнында сейсмикалық жұмыстар нәтижесінде екі жарылыс бұзылуы (Г7. Г3) болған. Сол сияқты берілген сынау негізінде кеніш бойынша сулымұнайлы шекараға (СМШ) сәйкес емес аз амплитудалы жарылу бұзылыстары байқалған.
Солардың ішінде ең көп болған бұзылыстар қабаттың жамылтқы бөлігінің көтерімінде сипатталып отыр. Бұрғылау құралдарын пайдалану негізінде орталық бөліктегі жарылыс бұзылыстарының () және Г; Г3 жарылыс орнында бір күрделі жамылтқы құрылысы жүргізілген сәйкес емес Ю-3 және Ю-4 горизонттары кеніш бойынша СМШ-ға сәйкес келмеуі себебінен болып отыр. Г8 жарылыс бұзылуы нәтижесінде құрылыстың шығыс бөлігінің жұмысының қиындауын, Ю-3С және Ю-4С горизонттарындағы кен орнын бақылап отырады.
Кесте 1.1.
Юра қалыңдығының тарамдау тізбегі.
Горизонт
Қабат кеніш
Ю
Ю
Ю-5С

Ю-4С
А
Б
Ю-3С
А
Б
Ю-2С
А
Б
Ю-1С
А
Б
Ю-І
а1+б1
Ю-ІІ
а2+б2
Ю-ІІІ
а3
б3
Ю-ІV
а4+б4
Ю-V
а5+б5+вг
Ю-VІ
а6+в6

1.4. Қабаттың мұнайгаздылығы
Қаламқас кен орнында бор өнімді қабатында газды кеніш, ал юрада газмұнайлы және мұнайлы кеніш орналасқан.
Газды кеніштерге А, Б.В.Г.Д.Е. горизонттары, газмұнайлыларға Ю. Ю-4С., Ю-3С., Ю-2С. Ю-1С. Ю-2С. Ю-3С. горизонттары жатады. Кеніштер қабаттық, төбелік, литологиялық, тектоникалық және стратиграфиялық экрандалған.
Юрада өнімді аумақтың көптеген бөлімдерінде әртүрлі горизонтта СМШ қашықтығы ерекшеленіп тұрады. Сол себептен кен орны массивті кеніш болып саналады. ГМШ барлық кеніште тектоникалық экрандалған болып қалыптасып келеді.
Барлау мәліметтері бойынша пайдалану ұңғымалары СМШ және ГМШ әртүрлі құрылысты кеніш бөліктерінің шегінде анықталады. Бұдан басқа да кеніштер бойынша сынамалық құрылымның бір бөлігінде орналасқан шектесуді бақылау, олар негізгі кеніштегі жарылу, бұзылудан бөлек орналасып зерттеледі. Оларда бесінші блоктағы кеніштің Ю-2, Б-1 горизонттары азғана өзгешілікпен орнатылған. Мұнда мұнайназ қабатының ауданын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Қабат өлшенгендегі нақты белгісі 893 метрге дейін болады. Берілген түсіндіру материалдары бойынша сулымұнайлы шекарасы №№1160, 1163, 2156, 2181, 1164 және №1165 ұңғымалары абсолютті белгілерде 899,4м; 914,1м; 904,8м; 899,8м және 905,7м сйәкес келеді. Осылайша қабаттағы төртінші блокта Б-1, Ю-2 горизонттарында СМШ 900м; 906м абсолютті белгіге дейін төмендейді. Мұнай және газ кен орнын жоғары тиімділікте игеруге жету үшін өндіруші және айдаушы ұңғымалардың жұмысына сәйкесінше қордың қарқынын, өндіру деңгейін және көмірстутектердің толық шығуын қадағалап отыру керек.
Осы сипаттаманың ең маңыздысы ұңғыманың түп аймағы (ҰТА) болып қалады. Ұңғыма түп аймағы мен ашылған қабаттың көлемі берілген ұңғыма мұнда жарық көзіне флюидтердің қозғалысын жоғалты өте маңызды. Бұл аймақтың радиусы ұңғыманың өсінен, ал физикалық сипаттамасы - өткізгіштік коэффициентінен, қозғалысынан, пьезоөткізгіштік және тағы басқалары арқылы анықталады.
Ұңғыма пайдалану кезінде ұңғыманың түп аймағының жағдайы тек қана табиғи көрініс салдарынан емес, адамның арнайы бағытталған қызметі есебінен, өндіруші ұңғыманың өнімді көбейтуінен немесе айдаушы ұңғыманың сыйымдылығынан үнемі өзгеріп отыруы мүмкін.
Өнімді қабатты бұрғылап ашу көптеген кен орындарының түп аймағының тығыздығы 1300кгм3 болатын сазбалшық ерітіндісімен жуу арқылы жүзеге асырылады. Осының салдарынан 15МПа-ға жететін гидродинамикалық репрессия қалыптасады. Бұл жағдайларда өнімді қабатқа фильтрат ретінде бұрғылау ерітіндісінің қатты фазасы ретінде кіріп кетуі мүмкін.
Кейбір кен орынлары сазбалшықты ерітіндінің тереңге түсу фильтраты перфорациялық арналардың ұзындығынан 6,5-13,5м көп болады. сазбалшықты бөлшектердің кезектілік ортаға түсу тереңдігі перфорациялық арналар арқылы 10-15мм-ге жетеді.
Өндірістік тәжірибеде ұңғымалардың түп аймағына әсер етуді пайдалану әдісі біртекті коллектор үшін қанағаттанарлық нәтиже береді. Ұңғымаалардың түп аймағы фильтрациялық қасиеттері бірінші және екінші ашу кезінде емес, сонымен қатар пайдалану ұңғымасына байланысты өзгеруі мүмкін.
Ұңғыма түп аймағын тиімділігі әсер ету әдісінің тиімділігін анықтау қиындығы қатарлы немесе бір ізді жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарын бірге жүргізуде, ұңғыманы пайдалану әдісі, газлифтік айдалану, газ шығыны режимі өзгереді, көршілес ұңғыманың жұмыс режимін тех арада және т.б. өзгертеді.
01.01.2014ж. Қаламқас кен орны бойынша мұнай өнімінің жиналуы 94440 мың.т., сұйықтың 246825 мың.т., газ - 2357 млн.м3 құрайды. Өнімнің орташа сулануы 83%-ға жетті. Мұнай шығару коэффициенті - 19%. (№№19,22 таблица).
2010 жылдың екінші жартысынан бастап мұнайды өндірудің тұрақты тенденциясы төмендеп, әр түрлі түрде тербеліп 1996 жылдың ортасына дейін жалғасты. Жылдық мұнайды іріктеу 5 жыл ішінде орташа жобамен 1430 мың тжыл төмендеуді құрады.
Кен орны бойынша мұнай іріктеу 2013ж. 12 ай ішінде 3593 мың.т., 2012ж. қарағанда 68 мың.т. жоғары көрсеткішті құрайды. Жылдық сұйықтың іріктеу біршама көбейген. Мұндай төмендеудің себебі пайдалану қоры азғана қызмет етуне байланысты өндіруші ұңғыманың жұмыс істеу саны азаяды, сол сияқты сұйықтың іріктеу төмендеуінен болып отыр.
2002жылдың мамыр айынан 2004 жылдың мамырына дейін кен орнындағы өндіругші ұңғыма 1706 дейін көбейеді.
2004 жылы маусымында жұмыс істеуші өндіруші ұңғыманың қоры төмендеді, 2005 жылдың ақпанында 1444 ұңғыма болған, ал мұнай өндіру 1995ж. ақпан-наурыз айларында 250.2-221.3 мың.т.ай құрады. Өңделетін мұнайдың орташа көлемі осы уақыт аралығында 332 мың. тай құрайды.
2006ж. сәуірде өндіруші ұңғыманың қазіргі саны өзгерген жоқ, жылдың жылы күнінде жұмыс істеуші ұңғымалар саны көбейді. 2005ж. наурызына дейін мұнайды іріктеп өндіру айына 323.5-тен 2982 мың.тай қысқарды.
2008ж. ақпанда қазіргі өндіруші ұңғымалар саны 1422 дейін азайды және мұнай өндіру 229.5 мың.тай төмендеді. Осы жылдың наурыз айында жұмыс істеуші ұңғымалар қоры 1681 дейін қалпына келді. 2008ж. мұнай іріктеу Қаламқас кен орнын игеру тарихында ең төмен көрсеткішті берді. Сол себепті шілде, тамыз, қыркүйек айларында мұнай өндіру көрсеткіші 90.8, 142.9 және 183.8 мың.тай құрады. Қабаттың сулануы 74% дейін көбейді.
2008ж. аяғында кен орнын игерудің жаңа сапалы кезеңі басталды. Осы кезден бастап мұнай іріктеуді тұрақтандыру және сұйықтық іріктеу біртіндеп ұлғайуы бақыланады. Қазіргі жұмыс істеуші ұңғымалар саны 1756 дейін көбейді. 2009ж. басынан 2013ж. соңына дейін өндірілетін мұнайдың көлемі орташа шамамен 291 мың.тай бірқалыпты, 1999ж. ақпанынан 2013ж. қазанда максималды және минималды мағынаға сәйкес 252 және 310 мың.тай болды. Мұнай өнімінің шығыны соңғы 5 жыл ішінде айтарлықтай өзгерді және 5,7 ттәул. құрады. Сұйықтың шығыны 1999ж. 23,7 ттәул., 2013ж. 34,4 ттәул. біршама өсті.
2014ж. басында кен орнын игеруде 2-ші нұсқа бойынша нақты көрсеткіштердің жобалық көрсеткіштерден қалуы:
жалпы мұнай өндіру бойынша - 9015 мың.т немесе 8,7%;
жалпы сұйықтық өндіру бойынша - 56411,7 мың.т. немесе 18,6%;
Ю-VІІ, Ю-V+VІ, Ю-ІІІ, Ю-І, Ю-1С және Ю-4С горизонттары бойынша алынатын қордың қазіргі іріктеуі 50% жоғарылады және 72, 62, 56, 67, 54 және 56% құрайды. Қаөіргі мұнай бергіштік қабаттағы Ю-4С және Ю-1С горизонттары қазіргі жобалық мұнай бергіштікті 8,8 және 3,7% жоғарылады.

\s

Сурет 2.1 Игеру динамикасы

1.5 Сулылығы
Гидрогеологиялық жағдайда (юра және төменгі бор кешендері бойынша) Қаламқас кен орны Каспий маңында су арынды жүйесі шамасында және күрделі су ауыстыру аумағында орналасқан. Кен орны күнделікті аумақтағы юра және неокома жерасты суынан өте қашық. Гидрогеологиялық жоспарда кен орны хлоркальцийлі түрге жататын бірыңғай жоғары минералды судан тұратын аймаққа жатады (В.А.Сулин бойынша).
Стратиграфиялық жағдайда кен орны әр түрлі дәрежедегі Юра ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай кен орнын игеру
«Пайдалы қазба кенорындарынашу және даярлау». Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Мұнай кен орындарын игеру режимдері
Қаражанбас кен орны
Қарашығынақ газды-конденсатты кен орнын «Саклинг-процесс» тәсілін қолданып игеру
Газды қабатқа айдаудың қолданылып жүрген қысымының орташа мәні
Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және игеру кезеңдері
Соққы қаупі бар кен орындарын өңдеудің қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар және олардың орындалу әдістері, шаралар мен әдістерді таңдау және бейнелеу
Жаңажол кен орны жайлы
Кен қабатының стратиграфиясы
Пәндер