Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті
Гуманитарлық факультет
Тарих және география кафедрасы.
Курс жұмысы
Пәні : Тарихты оқыту әдістемесі
Тақырып: Тарих курсындағы инновациялық әдістер.
Студент: Нұрсейітова Ж.О. топ : Г-425
Шифр: 5В011400 тарих мамандығы
Жетекші:__________ Байғапанова А.Б.
(қолы)
Семей - 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І. Инновациялық әдіс туралы түсінік және оның ерекшелігі
1. Инновациялық әдіс туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-10
1.2. Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .1 0-17
ІІ. Тарих пәнінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отыра сабақ өткізу.
2. Тарихты оқытудағы инновациялық әдістеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-20
3. Қазақстан тарих сабағында инновациялық әдістеме қолдану жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-24
4. Дүние жүзі тарих сабағында инновациялық әдістеме қолдану жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27-28
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Көрнекіліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30-32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында ең басты мақсат ретінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Инновациялық қызмет сөзіне елдегі жинақталған білімді, технологияларды, құрал-жабдықтарды түрлі келісім-шарттық жолдармен табыстар табу бағытына шоғырландыру деген анықтама берілген.Тарих пәнінде инновациялық қызмет дегеніміз елдегі жинақталған білім, оқыту әдістемелері, тәсілдері, оқыту технологиялары, оқытудың түрлі техникалық құралдарын оңтайлы, ұтымды, мақсатты ойластыра, орынды, мерзімінде пайдалану, оқу процесін тиімді қайталау, пысықтау, басқаруды жетілдіру болыпесептеледі.
Инновациялық жүйе ұстаздардың білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен әдістемесін, оқу орнының материалдық - техникалық базасын, шәкірттердің білімдерін, талаптарын, жалынды бастамаларын, асқақ армандарын жетілдіріп пайдалану, әріптестердің ынтымақтастығы, ата аналардың қолдау-қуаттарын және басқа да көптеген мәселелерді қамтитын тұтасқан бір дүние.
Бұл жүйелік басты қозғаушы күші ғылым жаңалықтары, тарих пәнінің үздік ойлары, елдің әлеуметтік, экономикалық саяси жедел жаңару жолындағы табыстары, оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарындағы, ғылыми-әдістемелік зерттеулердегі, озық тәжірибелер нәтижелері мен ұсыныстарды, сапалы еңбек табыстарды, бірыңғай ұлттық тестілеудегі жетістіктер болып табылады[1].
Тарихнамасы. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді.Бұл бүгінгі мектептегі білім беру мазмұнына қатысты іс-шараларды жақсартуды, оқыту үдерісінде инновациялықоқыту технологияларын пайдалануды, әрі оқушыға берілетін білімді,іскерлікті және дағдыны жаңаша түрде меңгертуді қажет етеді. Осы арқылы еліміздегі білім беру жүйесі егжей - тегжейлі зерделеніп жатса да, әлі де болса шешімін таппаған мәселелер жетерлік екендігі байқалады. Осыған сәйкес зерттеу жұмысымызда білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы дамыту мақсатындағы ғылыми еңбектер басшылыққа алынды. Мәселен, инновациялық технологиялар туралы жазған Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық технология еңбегінде[2] инновациялық технология жайлы анықтамалар, қолдану технологиясы жайлы баяндалған, ал Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике[3] еңбегінде инновациялық әдістердің әлем елдерінде қалай қолданатыны, қалай пайда болғаны жайлы сөз етеді, білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың сипатын, ерекшеліктерін, түрлерін, тәжірибесін - Бөрібекова Ф.Б. мен Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар еңбегінде қарастырған[4].
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәрінс тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Хутвс педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде.
Курстық жұмыстың дерекнамасы: Қазақстан тарихы; әдістемелік журнал №12; 2015 санында Инновациялық технология жазбасында әдістері қолдану технологиясы жайлы жазылған[5]. Г.Тұрымтаева Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жолдары, Қазақстан тарихы №10;2011[6] Б. Әбдіғұлова Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін қолдану жолдары. Қазақстан тарихы. №6; 2009 [7]
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқытудың инновациялық әдістерін оқу бағдарламасында қолдану ерекшеліктерін зерттеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
5. Инновациялық оқытудың теориялық аспектілерін зерттеу;
6. Инновациялық оқыту түсінігін ашу;
7. Инновациялық оқытудың негізгі ілімдерін зерттеу;
8. Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдануды талдау;
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс екі тараудан, кіріспеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден, қосымшадан және көрнекіліктерден тұрады.
І. Инновациялық әдіс туралы түсінік және оның ерекшелігі.
1.1 Инновациялық әдіс туралы түсінік
Білім беру саласының қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтіуіне ықпалын тигізуде.
Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: Инновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея. Майлс: Инновация-арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз-дейді. Ендеше инновация ұғымы - педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде жаңа, жаңалық енгізу деп көрсетілсе, кейбіреулер оны өзгеріс деген терминмен анықтайды.
Инновация терминi латын тілінен алынған, ол - жаңару, өзгеру дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. XX ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Инновация - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату [8; 19-21].
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. "Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея[9;56-59].
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С.Ожегов сөздігінде сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде бұл термин кең тараған. Ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда инновация ұғымна көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады.
Н.Нұрахметов "Инновация" білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .
Инновация сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз жаңа, жаңаша деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да жаңаша өзгерудің мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігің арттыру алға шығады.
Оқу тәрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің 4 кезеңін бөліп көрсетуге болады:
1 кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
2 кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу - тәрбие үдерісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.
3 кезең: Жаңалықтарыд енгізу. Оқу- тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
4 кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу тәрбие үдеріснде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбенбағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
9. Оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
10. Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңабуын оқуылықтарының мазмұнын зерттепбілу пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді меммлекеттік стандарт деңгейінде қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет. Инновация білім деңгейінің көтеріліуіне жағдай туғызады.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты-оқу орындарындағы білім беру үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижені пайдалана білу- әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
11. Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
12. Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
13. Оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет; бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
14. Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде бала - субъект, бала-объект тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады.
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады .
Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтарың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
::мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
::инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
::бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
::әлеуметтік-экономикалық жағдай;
::инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады. Мұндай оқыту оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестендіре отырып жүзеге асыруға негізделеді.
Білім беру сапасының дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен педагогкалық технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына, құзіреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана себебін тигізеді.
Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.
Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі.
Біріншіден:инновациялық әдістерді қабылдау оқушыға оңай соқпайды, өйткені ол үнемі белсенділік танытуы керек.
Екіншіден:компьютерлік сауаттылық қажет, компьютер, проектор, теле-видео апаратурамен жұмыс барысында тәжірибелік үрдіс негізгі фактор болу керек, ондай бағытта жұмыс істеу әзірге өкінішке орай мүмкін болмай отыр.
Үшіншіден:калейдоскопиялық жағы - оқушының жаңа әдіспен ұйымдастырылған сабақтың түрлеріне белсене қатысамын деп, сабақ барысында ашылатын ең негізгі проблеманың мәнін түсінбеуіде мүмкін. Сол себепті инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау қажет.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми - педагогикалық және психологиялық зерттеулеріне сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Қазіргі таңда компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірбиелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналды.
Оқушылар теориялық білімін өздерін -- өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады. Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.
Оқушылар World, Power Point, Excel, Актив студио т.б программалардың көмегімен жаңа тақырыптарды және мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу жұмыстарын үйренеді. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Интербелсенді технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада пайдалана білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп ойлаймын[10; 23-26].
1.2 Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшіліктері.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады[11; 25].
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімге ұмтылушы адам ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі - аудио құралдар, радио мен теледидар хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады:
*біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді;
*екіншіден оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді;
* үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді.
Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оққушының тілін дамытады. Тіл дамытудағы тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Бейне сабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады.
Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:
-есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әр түрлі жолдарында оқушының түсінігіне жан-жақты мүмкіндік беру;
-оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру бейнесабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;
-оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық және эмоционалдық сипаттарды тудыру.
Тек бейне көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер:
-бейне көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек;
-бейне көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:
15. енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;
16. жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;
17. жаңалықты енгізу жолдарымен.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.
Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.
18. Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.
19. Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.
20. Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп - мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік - оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу.
Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттың прогрестік ерекшелігіне, қоғамдық тарихи, саяси әлеуметтік экономикалық жағдайына сай негізделеді. Қоғам алға қарай дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары, білімге, тілді үйренуге деген құлшыныстары арта түсуде. Білім беруде ақпараттандыру, пәндерді технологиялық ғылыми теориялық негізде оқыту мақсаты алға қойылуда. Кез келген мемлекеттің дамуы ақпараттық мәдениеттің деңгейіне байланысты.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта және дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді.
Интернет желісі мен электронды поштаның өсіп, оның күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.
Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіндіктері өте кең: Электронды оқулықтардың көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар, интернет желісі арқылы сабақ өткізу. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни оқытуда компьютердің екі бағыты болады:
1.Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру.
2.Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.
Білім беру үрдісінде белгілі бір қатып қалған әдіс тәсілдермен жұмыс істеу мүмкін емес, білім беру жүйесі үздіксіз жаңаруларды қажет етеді. Тек соңғы жылдары ғылым саласында білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. Мамандығым тарихшы болғандықтан, педагогикалық инновацияны тарих сабағында жүзеге асыруда көптеген әдіс тәсілдерді қолдауды алдыма мақсат етіп қойдым.
1.Интернет желісін пайдаланып (флипчарт сабақ).
Оқыту әдісі: түсіндірмелі иллюстративті, интерактивті.
Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, актив студионы пайдалану. Мұндай сабақта тірек сызбаны, деректі фильмдерден, кинолардан үзінділерді пайдалануға болады, жекелеген адамдардың, заттардың (паравоз, тігін машинасы т.б.) дыбыстары алынады. Ол ғаламтор арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: 8-сыныпта Англия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz