Инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдердің экономикалық мәні


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Капар А. К.
Қазақстандағы инвестициялар: мүмкіндіктер мен тәуекелдер; инвестициялық банкинг
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
6В04106 - «Қаржы» мамандығы бойынша
Алматы, 2023
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
"Қорғауға жіберілді"
"ҚжЕ" кафедрасының меңгерушісі
Нурмагамбетова А. З.
«Қазақстандағы инвестициялар: мүмкіндіктер мен тәуекелдер; инвестициялық банкинг» тақырыбына
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
6В04106 - «Қаржы»
Орындаған: Капар А. К.
Ғылыми жетекші: Супугалиева Г. И.
аға оқытушы
Норма бақылаушы: Турмаханбетова А. А.
Алматы, 2023
ТҮЙІНДЕМЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбы «Қазақстандағы инвестициялар: мүмкіндіктер мен тәуекелдер; инвестициялық банкинг» көлемі 64 беттен тұратын: 4 сурет, 14 кесте, 36 атаудағы пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты: «Қазақстандағы инвестициялар:мүмкіндіктер мен тәуекелдер; инвестициялық банкинг» тақырыбын теориялық жағынан зерттей отырып, тәжірибеде проблемаларын айқындап, даму болашағын зерделеу. Бірінші тарауда инвестиция ұғымы, инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдерінің экономикалық мәнін, инвестициялық банкингтің жұмыс істеу тәртібін зеррттеу. Екінші тарауда «Ордабасы Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау. Үшінші тарау Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін жетілдіру мен тәуекелдерін төмендету жолдарын анықтау. Түйін сөздер:инвестиция, инвестициялық мүмкіндіктер, тәуекелдер.
РЕФЕРАТ
Тема дипломной работы «Инвестиции в Казахстане: возможности и риски; инвестиционный банкинг» объемом из 64 страниц содержит 4 рисунков, 14 таблиц, список использованных источников из 36 наименовании.
Целью работы является:теоретическое изучение темы «Инвестиции в Казахстане:возможности и риски; инвестиционный банкинг», выявление проблем на практике и изучение перспектив развития.
В первой главе рассматривается понятие инвестиций, экономическая сущность инвестиционных возможностей и рисков, порядок функционирования инвестиционного банкинга. Во второй главе анализ и оценка финансового состояния ТОО «Ордабасы Групп». Глава третья определение путей совершенствования инвестиционных возможностей и снижения рисков Казахстана. Ключевые слова: инвестиции, инвестиции возможности, риски.
REPORT
The thesis "Investments in Kazakhstan: opportunities and risks; investment banking" volume of 64 pages contains 4 figures, 14 tables, a list of sources used from 36 titles.
The purpose of the work is:theoretical study of the topic «Investments in Kazakhstan:opportunities and risks; investment banking», identification of problems in practice and study of development prospects.
The first chapter discusses the concept of investment, the economic essence of investment opportunities and risks, the order of functioning of investment banking. The second chapter, the analyzes and assesses the financial condition of «Ordabasy Group» LLP. The third chapter is devoted to finding ways to improve investment opportunities and reduce risks in Kazakhstan. Keywords: investments, investment opportunities, risks.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАНКИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдердің экономикалық мәні
1. 2 Инвестициялық банкингтің жұмыс істеу тәртібі
1. 3 Шет ел тәжірибесіндегі инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдің және инвестициялық банкингтің ерекшеліктері
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАНКИНГТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ
2. 1. ЖШС “Ордабасы Групп” инвестициялық мүмкіндіктерін саралау
2. 2. ЖШС “Ордабасы Групп” қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасау
2. 3. Инвестициялық банкинг ерекшеліктерін зерттеу
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында «Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын. Медицина - инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет. Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет» деген [1] .
Диплом жұмысының өзектілігі.
Қазіргі таңда "Қазақстандағы инвестициялар: мүмкіндіктер мен тәуекелдер; инвестициялық банкинг" тақырыбы еліміздегі қазіргі экономикалық ахуалы үшін өте өзекті болып табылады. Себебі, Қазақстан белсенді даму сатысында, ел экономикасын жаңғырту және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Инвестициялар экономикалық дамудың қозғаушы күші болып табылады, жаңа жұмыс орындарын құруға, өнімділікті арттыруға, инновацияларды дамытуға және капиталды тартуға ықпал етеді. Олар өсуді ынталандыруда және экономиканың әртүрлі салаларының дамуына ықпал етуде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мұнай-газ, металлургия, энергетика, көлік және басқа да салаларға инвестициялар белсенді тартылуда. Ал инвесторлар мен инвестициялар бұл салалардың дамуын жеделдетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Қазақстанда инвестицияларды тарту және инвестициялық ортаны жетілдіру бойынша жұмыстар да белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік бастамалар, реформалар, даму бағдарламалары және арнайы экономикалық аймақтарды құру елге инвестицияларды тарту және қолдау жөніндегі күш-жігердің бір бөлігі болып табылады.
Осылайша, "Қазақстандағы инвестициялар: мүмкіндіктер мен тәуекелдер; инвестициялық банкинг" тақырыбы Қазақстан экономикасының белсенді дамуы жағынан ғана емес, шетелдік инвестицияларды тарту қажеттілігі тұрғысынан да өзекті болып саналады. Ал, инвестициялық банктер капитал нарығындағы негізгі ойыншылар болып табылады және экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады. Олардың міндеті-клиенттерге әртүрлі жобаларды қаржыландыру үшін инвестиция тартуға көмектесу, сондай-ақ ақшаны басқару қызметтерін ұсыну, клиенттерге қаржылық жоспарлау және инвестициялау бойынша кеңес беру. Инвестициялық банктер сонымен қатар фьючерстер, опциондар және басқа да туынды құралдар нарығындағы негізгі ойыншылар болып табылады.
Сонымен, Қазақстанда инвестициялық банкингтің де маңызы зор екен, өйткені ел белсенді дамып қана қоймай, көптеген инвесторларды тартады. Қазақстанда үлкен табиғи ресурстар бар, бұл инвестициялар үшін көптеген мүмкіндіктер ашады. Алайда, кез келген басқа елдегідей, Қазақстандағы инвестициялық банкинг белгілі бір тәуекелдермен байланысты және зерттеушілердің, экономистер мен инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Инвестициялар тақырыбының өзектілігі әлемдік және аймақтық деңгейлердегі үнемі өзгеріп отыратын экономикалық және саяси жағдаймен байланысты. Экономикалық трендтер, геосаяси өзгерістер, заңнамадағы және сауда қатынастарындағы өзгерістер Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдерге айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сондықтан өзекті оқиғаларды қадағалау, экономикалық жағдайды талдау және Қазақстандағы инвестициялардың жай-күйі мен болашағы туралы жаңа және нақты ақпарат алу үшін сенімді ақпарат көздеріне жүгіну маңызды.
Диплом жұмысының мақсаты - «Қазақстандағы инвестициялар:мүмкіндіктер мен тәуекелдер; инвестициялық банкинг» тақырыбын теориялық жағынан зерттей отырып, тәжірибеде проблемаларын айқындап, даму болашағын зерделеу.
Зерттеудің міндеттері келесідей:
- Тақырыпқа теориялық түрде сипаттама беру;
- ҚР инвестициялық мүмкіндіктерін айқындау;
- ҚР инвестициялық тәуекелдерін зерттеу;
- ҚР инвестициялық банкингке тоқталу, тақырыпты ашу;
- Дүниежүзілік инвестициялық банкингқа тоқталу.
Зерттеу объектісі “Ордабасы Групп” ЖШС болып табылады.
Зерттеу пәні “ Ордабасы Групп” ЖШС бухгалтерлік құжаттамасы болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық негізі ғылыми журналдар, мақалалар мен ҚР заңнамасы, компаниялардың жарғысы және басқа да қаржылық материалдар болды.
Диплом жұмысының әдіснамалық негізі статистикалық әдістер, жалпы ғылыми таным әдістері: талдау және синтез, салыстыру және сипаттау, жүйелеу, сондай-ақ ақпаратты экономикалық-статистикалық жинау және өңдеу әдістері сияқты әдістер болып табылады.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады:
Бірінші тарауда инвестициялық тартымдылықтың теориялық және әдіснамалық мәселелері зерттелген: инвестициялық тартымдылық ұғымының ерекшеліктері, оған әсер ететін негізгі факторлар және кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау мен өлшеудің қолданыстағы тәсілдері.
Екінші тарауда "Ордабасы Групп" ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы жүргізілді, оның қаржылық жағдайы мен банкроттыққа ұшырау мүмкіндігіне баға берілді. "Ордабасы Групп" ЖШС-нің инвестициялық банкингына талдау жүргізілді.
Үшінші тарауда Қазақстандағы инвестициялар:мүмкіндіктер мен тәуекелдер; инвестициялық банкингті жетілдіру жолдары қарастырылған.
Жұмыс баспа мәтінінің 64 бетінде көрсетілген. Есептеулер кестелер түрінде жасалды, олардың жалпы саны 14 болды, жұмыста 4 суреттер мен диаграммалар ұсынылды.
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАНКИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдердің экономикалық мәні
Қазіргі таңда еліміздің экономикасын дамыту үшін инвестицияларды тарту, оларды дұрыс бағытта жұмсау мәселесі ерекше өзекті болып табылады.
Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс [2] .
Бүгінгі таңда экономикалық әдебиеттерде инвестиция жайлы отандық және шетелдік авторларының көптеген еңбектері бар, бірақ экономистер бұл ұғымға бір емес, бірнеше анықтама берген болатын.
1-кестеде инвестиция ұғымының негізгі түсіндірмелерін қарастырамыз.
1-кесте - "Инвестиция" ұғымы
Б. А. Райзберг, Л. Ш. Лозовский,
Е. Б. Стародубцева
Инвестиция - табыс алу және әлеуметтік тенділікке қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік объектісіне және басқада құндылықтар түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар, акциялар және өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар, және интелектуалдық құндылықтар
[4] .
кәсіпорындар құру, жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды кеңейту, кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар мен активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары, мүліктік және интелектуалдық құндылықтар[5] .
1-Кестеден "инвестиция" ұғымын түсіндіру өте алуан түрлі екенін көруге болады. Алайда, бұл анықтамалардың әр қайсысы әр түрлі болғанымен, бірін дұрыс екіншісін бұрыс дей алмаймыз. Ал менің ойымша, инвестиция деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік . Сонымен қатар, инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Іс-жүзінде инвестициялардың мынадай түрлері белгілі:
- Мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік бюджет есебінен және басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар;
- Жеке инвестициялар, корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті және тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге асатын инвестициялар;
- Шет елдік инвестициялар, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінің ндірістік инвестициялар, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа құрлысқа капитал жұсмаумен байланысты инвестицялар.
- Интелектуалдық инвестициялар, интелектуалдық және рухани өнімдерді жасауға жұмсалатын инвестициялар.
- Бақыланатын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.
- Бақыланбайтын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан төмен бөлігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.
Инвестицияның төмендегідей типтері болады:
- Портфелъдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципалдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары.
- Нақты капитал (капитал жасайтын) өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
- Материалдық емес активтерге салынган , жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар.
Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады. Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:
- Макродеңгейде атқаратын қызметтері, оған мыналар жатады:
- ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
- ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету;
- отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бәсекелестікқабілетін арттыру;
- экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасызету;
- әлеуметтік аяны, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім саласын дамыту;
- жұмыссыздық мәселесін шешу;
- инфляция қарқынын тежеу;
- қоршаған ортаны қорғау;
- әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау;
- мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.
- Макродеңгейдегі атқаратын қызметтері мыналар:
- өндірісті кеңейту және дамыту;
- негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық және заттай тозуын болдырмау;
- өндіріс деңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;
- нақты кәсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
- табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;
- бағалы қағаздар сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау.
Барлық инвестицияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:
- Инвестицияны жұмсау объектісіне қарай:
- нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;
- портфельдік инвестициялар;
- қаржылық емес инвестициялар. Инвестициялау мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін) инвестициялар;
- орта мерзімді (1-ден 3-5 жылға дейін) инвестициялар;
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) . Инвестицияға қатысу нысанына қарай:
- тікелей инвестициялар;
- жанама инвестициялар.
4. Меншік нысанына қарай:
- аралас (бірлескен) инвестициялар;
- шет елдік инвестициялар;
- мемлекеттік инвестициялар;
- жеке меншік инвестициялар.
5. Аумақтық белгісіне қарай:
- шет елде инвестициялау;
- елдің ішінде инвестициялау;
6. Пайдалану бағытына қарай:
- өндірістік бағыттағы иневстициялар;
- өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.
Инвестициялық мүмкіндіктер-бұл инвестордың кәсіби қызметін дамытудың негізгі әлеуетті бағыттары. Басқаша айтқанда, оларды талдау кезінде инвестициялар нарығында бар барлық активтер деп түсіну керек.
Инвестициялық мүмкіндіктерді анықтау, зерттеу және талдау өз капиталын бір немесе басқа активке салуды жоспарлап отырған кез келген инвестордың негізгі міндеті болып табылады.
Инвестициялық мүмкіндіктер мен кепілдіктер кез келген елдің, оның ішінде Қазақстанның да экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Қазақстан инвестициялар тарту үшін зор әлеуетке ие Орталық Азиядағы ең ірі экономикалық ортаның бірі болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан жоғары инвестициялық әлеуетті көрсетуде және оның бірнеше себептері бар:
- Стратегиялық орналасуы
- Бизнеске қолайлы орта
- Инвесторлардың құқықтарын қорғау
- Инвестициялық ынталандырулар
- Саяси тұрақтылық
- Шикізат мол қоры
- Адам капиталы
- Табиғи ресурстардың молдығы
Қазақстанның негізгі инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқтала кетсем:
- Қолайлы стратегиялық орналасуы
Қазақстан аумағы арқылы бұрын Ұлы Жібек жолы өткен, себебі Қазақстан Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан, сол арқылы «құрлық көпірімен» қамтамасыз етті. «Төрттік» БРИК құрамындағы үш мемлекет: Ресей, Қытай және Үндістан Қазақстанға жақын орналасқан. Қазақстан - Еуропа мен Азияның тоғысқан жеріндегі жаңа стратегиялық орын. Бұған 500 млн-нан асатын тұтынушысы бар аймақтық нарық және 180 млн-нан астам тұтынушысы бар Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы нарығына преференциялық қолжетімділік бар, уақыты тиімді жүк тасымалы кіреді. Мысалы: Еуропа-Қытай-Санкт-Петербург - 10 күн; Гамбургке - 16 күн; Лондонға - 18 күн. Ақтау және Құрық теңіз порттары - Қазақстан Республикасының басқа елдерде де теңіз порттарының инфрақұрылымы бар: Батуми (Грузия) және логистикалық Ляньюньган (Қытай) . «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» бағыты арқылы өтетін трансконтиненталдық тасжолы Қытай мен Еуропа арасындағы жүктерді 10 күнде жеткізуге мүмкіндік береді.
- Қолайлы инвестициялық климат:
Қазақстанда инвесторлар үшін бизнес-климаттың қолайлы аспектілеріне көп көңіл бөлінеді: әкімшілік кедергілерді азайту және процедураларды жеңілдету, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру.
- Тиімді салық режимі:
Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша жалпы мөлшерлеме. Қазақстан IMD рейтингінде салық саясаты бойынша 5-ші орында тұр.
- Бизнес ашуда жеңілдетілген процедуралар:
- 1 күнде заңды тұлғаны тіркеу
- 3 күнде мүлікті тіркеу
- 100 күнде құрылысқа рұқсат алу
- Мемлекеттік қолдау шаралары:
13 арнайы экономикалық аймақ (0% - корпоративтік табыс салығы, жер салығы, кедендік баждар және арнайы экономикалық аймақтарға тауарлар импорты бойынша ҚҚС, мүлік салығы)
24 индустриалдық аймақ (дайын инфрақұрылымның болуы, ұзақ мерзімді жалға беру шарттары мен жер құнына негізделген өтеу кестесі, салалық шектеулердің болмауы, инвестициялық келісімшарт жасасу мүмкіндігі) .
- Инвестициялар туралы келісім:
Ірі инвестициялық жобаларға арналған жаңа құрал-инвестициялар туралы келісім
- Салық міндеттемелерін 20% - ға дейін азайту;
- Заңнаманың тұрақтылығы (25 жылға дейін)
- Құрылыс - монтаж жұмыстары мен жабдықтарды сатып алу құнының 20% - на дейін өтеу
Үкіметпен келісім бойынша ҚР заңнамасында көзделген қосымша преференциялар беру.
- Инвесторлардың құқықтарын қорғау:
Шетелдік инвестицияларды тарту және оларды тиімді пайдалану Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі
- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі төрағалық ететін Үйлестіру кеңесі
- Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
- «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты және халықаралық арбитраж орталығы - ағылшын құқығы қағидатына негізделген сот жүйесі
- Жоғарғы Соттың және Астана қалалық сотының инвестициялық дауларды шешу жөніндегі мамандандырылған сот алқасы
- Инвестициялық омбудсмен - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
- Адам капиталы:
- «Human Capital Index-2018» дүниежүзілік банктің рейтінгісі бойынша 31- орында.
- Халықтың сауаттылық деңгейі - 100%
- ЭЫДҰ құрамындағы барлық елді қоса алғанда, әлемнің 65-тен астам елінің азаматтары үшін визасыз режим
- 128 жоғары оқу орны, оның 8-і 2018 жылы «QS Stars Development Road map» рейтингісімен әлемнің үздік университеттері тізіміне енді.
- «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің үздік 100 университетінде 10 мыңнан астам маман дайындалды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz