Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
облысы
ауданы
жалпы орта мектебі

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлттық таным

Орындаған:

Сыныбы:

Жетекшісі

2022-2023

Күнделік

Қараша айының 2-7 күндері аралығында ғылыми жетекшіммен бірлесе отырып зерттеу жұмысын жүргізу тақырыбын таңдап алдым.

Қараша айының 10-17 күндері аралығында Мәшһүр Жүсіп шығармаларына қатысты мәліметтер жинақтау үшін мектеп кітапханасында ізденіс жұмыстарын жүргіздім. Бес ғасыр жырлайды, Көпейұлы Мәшһүр Жүсіптің Көп томдық шығармалар жинағы туралы кітаптарды оқып, қағаз бетіне түсірдім.

Қараша айының 19-30 аралығында мен Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлттық таным тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын қариялармен пікірлесіп шықтым. Ол кісілердің айтқан әңгімелерін қағаз бетіне түсірдім.

Желтоқсан айының 2-15 күндері аралығында ғаламтор желісі арқылы іздеп тапқан материалдарымды жинақтадым.

Желтоқсан айының 08-21 күндері аралығында газет-журналдардан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына қатысты материалдармен танысып шықтым.

Желтоқсан айының 24-30-ы күндері аралығында Машһүр Жүсіп Көпейұлының Қазақ шежіресі кітабымен танысып шықтым.

Қаңтар айының 3 жұлдызынан бастап барлық мәліметтер мен зерттеулерімнен түсінгендерімді ой елегінен өткізіп, апаймен әр ғалымның мәліметтерін жеке-жеке талқылап шығып, түйген ойымды жазуды бастап, Қаңтар айының 15-і күні аяқтадым. 16-18 күндері слайд жасап, жұмысымды жүйелеп жаздым.

Ақпан айының 2-8 күндері дайындық жасап, 10-ы күні соңғы нүктесін қойдық.

облысы ауданы
мектебінің
-сынып оқушысы
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлттық таным тақырыбындағы ғылыми
жоба жұмысы туралы

ПІКІР

Қазақ әдебиеті тарихында алар орны ерекше Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары тақырыптары ар алуан. Сонымен қатар, оның шығармалары өміршең, бүгінгі күнде де өз маңызын жоймаған асыл мұралар. Өйткені, Мәшһүр шығармалары жас ұрпаққа рухани азық сыйлап елжанды, Отансүйгіш, өз елінің мәдени мұрасын қадірлей білуге үйретеді. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлттық таным тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысында -сынып оқушысы ақын шығармаларының мазмұндық-тақырыптық құрылымына жан-жақты тоқталып, терең талдау жасай білген.

Жетекшісі:

облысы ауданы
жалпы орта мектебінің
-сынып оқушысы
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлттық таным тақырыбындағы ғылыми
жоба жұмысы туралы

ПІКІР

жалпы орта мектебінің -сынып оқушысы Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлттық таным тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысы ақын шығармаларын мазмұндық-тақырыптық құрылымы туралы зерттеуімен құнды. Оқушы ақынның әр шығармасына терең тоқталып, мазмұны жағынан жіктеп сырын ашады. Сырын ашып қана қоймай жан-жақты талқылап талдау жасайды.
Ақын шығармаларындағы ұлттық мәселелерге, елдік пен ерлік, жан мен қоғам қайшылығы, өз менінің биіктігі туралы шынайы пікір білдіре білген.
Ғылыми жұмыстың тілі жеңіл, сауатты жазылған. Өткен тарихымыздағы мәдени мұраларға өз пікірін қосу әрбір азаматтың адамдық парызы деп білемін.

Пікір беруші:

Аннотация

Бұл ғылыми жобада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасы туралы баяндалған. Сонымен қатар ақын шығармаларын тақырыптық жағынан жіктеліп, оның жас ұрпаққа берер өнегесі талданған.

Аннотация

В этом научном проекте рассказывается о литературном наследии Машхура Жусупа Копеевича. Также были тематически классифицированы произведения поэта, проанализированы его нравы, переданные молодому поколению.

Annotation

This scientific project tells about the literary heritage of Mashkhur Zhusup Kopeyevich. The works of the poet were also thematically classified, his morals, passed on to the younger generation, were analy

Мазмұны

1. Абстракт

2. Зерттеу жұмысы туралы

3. Кіріспе

4. Негізгі бөлім

4.1. Атымды адам қойған соң...

4.2. Ақын шығармаларындағы ұлттық таным

4.3. Абай мен Мәшһүр арасындағы рухани байланыс

5. Қорытынды

6. Әдебиеттер тізімі

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным

Абстракт (аннотация):

Бұл зерттеу жоба жұмысы қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларының сырын білуге, Елбасымыздың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында туған халқымыздың төл әдебиетіне, оның заңғар тұлғаларының шығармаларына деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Сонымен қатар, өз шығармаларымен қазақ әдебиетінің тарихына мол үлес қосқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларын талдап, саралауға және ерекшелігі мен өміршеңдігін дәлелдеуге бағытталған.
Мен кіріспе бөлімде зерттеу жұмысымның өзектілігін, мақсат-міндеттерін, зерттеу жұмысының дереккөздерін, әдіс-тәсілдерін, зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәнін және құрылымын айқындап жаздым. Сондай-ақ, қазақ даласындағы мәдени мұралар-тарихи ескерткіштерге, Мәшһүр Жүсіп кесенесі, оның әулиелігін дәлелдейтін тұжырымдар келтіріп өттім.
Негізгі бөлімде ақын шығармаларын тақырыпшаларға бөліп қарастырып, әрбір тақырыпшаға қатысты өлең үзінділерін мысалға келтіріп, ол шығармалардағы айтылған ойларға зерделеу жұмысын жүргіздім. Ақын шығармаларын Атымды адам қойған соң..., Мәшһүр шығармаларындағы ұлттық таным, Абай мен Мәшһүр арасындағы рухани байланыс... деп, үш топқа бөліп жеке-жеке талдау жасадым. Ол шығармаларында айтылған ойлардың сол кезеңдегі қазақ қалпын көрсететіндігін, ақынның ішкі мұңын, күйін, лирикалық толғанысын өлеңдерінен алынған жолдар арқылы ашып көрсеттім.
Қорытынды бөлімде Мәшһүр Жүсіп шығармаларының ерекшелігі мен өміршеңдігіне тоқталып, сол кезеңде өмір сүрген орыс ғалымы Белослюдовтың сөзін мысалға келтірдім. Сонымен қатар көтерілген тақырыптағы мәселенің түйінін жасап, өз ұсынысымды білдірдім.

-2-

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар Мәшһүр Жүсіп шығармаларының мәңгілік мұра екендігін, оны насихаттаудың қажеттілігін жас ұрпақтың түсінуімен, ғибрат алуымен маңызды.

Зерттеудің мақсаты:

Елбасымыздың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы ұлттық танымды анықтау, оның бүгінгі күн тұрғысынан алғанда қаншалықты өміршең екендігін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының дереккөздері:

Ғылыми зерттеу еңбектері, ақын шығармаларының жинағы, ғаламтордағы дерек көздері

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері:

Сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау;
2. Ақын шығармаларын мазмұндық-тақырыптық жағынан ашып көрсету;
3. Ақын шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау және бүгінгі күн тұрғысынан алғанда өзектілігін дәлелдеу.

Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні:

Ақын шығармаларын тақырыптық-мазмұндық ерекшелігі жағынан талдау және оның өміршеңдігін дәлелдеу

Зерттеу нысаны:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары

-3-
Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық ескі үлгілерді
жазып алып, біздің дәуірімізге
жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін
және де естен шығармау керек.
М.О.Әуезов

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858-1931 жылдар аралығында өмір сүрген ақын. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Туылғанда азан шақырып қойған есімі -- Адам Жүсіп болған. 1861 жылы Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, "ақ-сирақ" болғандығынан, әкесі "Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас",-деп, ұлын ғылым жолына түсіреді. Ерекше әулие, фольклортанушы, публицист, ағартушы, этногроф тіпті дінтанушы атанып кеткен-Мәшһүр Жүсіп шағатай тілдерін жетік меңгерген. Жиі-жиі ел аралап, әдебиет үлгілерін, этнографиялық материалдар жинаған.
Жүсіп Көпейұлы сонау ескі заманның естен кетпес тұсы, аштық дәуірінде дүние салған. Ол өз өлімінің келерін ерекше әулиелік қасиеті арқылы біліп, өзіне көр қаздырып, жаназасын көзі тірісінде жасатады.
Қазақтың біpегей ұлы, тарихи тұлғaсы-Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жеке өмірбaяны әp қилы сырларға тoлы. Ақын өз ғұмырында ел аузындағы аңыз-дастандарды, ертегілерді, қиссаларды жинап одан баcқa өзінің шығармашылығынан тyындаған жазбаларын жазып қалдырған. Өлең жазумен қатар ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастыруменде айналысты. Шежіре мен айтыс, көптеген тарихи жырды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Ғұламаның басты мақсаты әрі өмірінің негізіне айналған ой -- қазақ халқын сауаттандыру болды. Сондай-ақ жастарға оқу-білімнің маңызын түсіндіріп, оларды білім алуға шақырады.
Ақын өзі өлең шығарып қана қоймай, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтайды. Қазақ әдебиетінің дамуына, әсіресе әдебиеттану, фольклортану ғылымдарының өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан, кешегі кеңестік сұрқия саясатқа толы кер заманда атын атауға тыйым салған арыстарымыздың бірі де бірегейі ол Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығын зерттеу ісі-бүгінгі күні қызу қолға алынып отыр және осы мақсатта біршама жұмыстар атқарылғандығы да анық. М. Ж. Көпеев шығармашылығында сөз болатын мәселелердің барлығы да қазақ әдебиеті тарихы, қазақ тарихы үшін маңызды болып табылады. Мәшһүр шығармашылығының сан қырларын танытуға мақсат етілгендігімен өзекті болмақ. Қазақ әдебиеті тарихына Бұқар жырау қатарлы ондаған ірілі-кішілі тұлғаларды қайтадан оралтуға септігін тигізген ғұлама зерттеуші, өзі де жанынан жыр жазған, шежіре тербеген, сәуегейлік танытқан қасиетті тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығының сан қырлары барын білеміз.

-4-

Негізгі бөлім

2.1. Атымды адам қойған соң...

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауылдағы Қызылтаудың Найзатас деген жерінде ережеп айында, жұма күні бесін кезінде Көпей шаңырағында дүниеге келген. Мұның өзі ақынның әулие екендігінің бір дәлелі секілді.
Мәшһүр Жүсіп те басқа сол кезеңдегі қазақ балалары секілді ауыл молдасынан хат таныған. Тарихи деректерге сүйенсек, бес жасында Баянауылдағы Байжан Смағұлұлының медресесінде Нәжімалдин хазіреттен, кейін 8 жасында Қамариддин хазіреттен оқи бастайды.[1.18]
Болашақ ақынның кішкентай кезінде жұт болып, бар малынна айырылып, бір ат, бір сиырмен ғана қалған әкесі Көпей баласын оқыту үшін Баянауылға көшіп келеді. Бұл туралы Мәшһүр Жүсіп:
Жылым қой, тауық жылы мен үш жаста,
Ғаріптік бұл жалғанда біздің баста.
Айырылып ел-жұртынан көшіп әкем,
Қыстаған Қызылағаш, Бұзаутасқа,-
дейді. Сол кезде аға сұлтан болған Мұса Шорманов Баянауылға медресе салдырып, онда сабақ беруге Омбы қаласында тұратын, Бұқара қаласында білім алған Қамариддин хазіретті көшіріп әкеледі.
Молда бір дін сабағын ғана емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытқан. Кітаптың тек қарасын танытып қана қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Арабтың, парсының тілін үйретеді. Осы Қамариддин хазіреттен білім алған Жүсіп өзінің алғырлығымен, білімге деген құштарлығымен бірден ұстазының назарына ілінеді. Ол өте зерек болып, бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өскен.[1.17]
1865 жылы Мәшһүр Жүсіптің 7 жасар кезінен халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтай бастағанын анықтарлық дерек жанұялық мұрағатта сақталған екен. Мәшһүр Жүсіптің жырлауындағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Алтынбас-Күмісаяқ жырларының нұсқалары сақталған екен. Сонымен бірге, Қамбар батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Сайын батыр, Нәрік ұлы Шора батыр да ақынның сүйікті жырлары болған. Әдебиеттанушы Әлкей Марғұлан жазбасында Сүйіндік Олжабай батыр ертегісінде Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы деген мәлімет бар. Ақынның қазақтың мол мұрасын жинап, қолжазбаға түсірді. Ақын ғана емес ғалымдық та қызмет атқарды. Сонымен қатар қазақтың ұлы адамдарының еңбектері туралы мақала жазды.

-5-
Сондай-ақ, ақын мұрасын жинаушы Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасында сабақ беруші Қамар хазіреттің бұл өңірге белгісіз төрт түрлі өлең-қисса әкелгендігі, оларды сегіз жасар шәкір Жүсіптің қолжазбадан көшіріп алып, жаттап, ел-жұртқа таратқандығы әңгімеленген екен.
Мәшһүр-ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Азан шақырып қойған аты-Адам Жүсіп. Бұл туралы ақын:
Жасымда қойылған ат Адам Жүсіп,
Жұрт еткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп.
Қолыма қағаз, қалам алған шақта,
Кетемін қара сөзге желдей есіп[2.504],-
деп баяндаған. Бұл атқа ие болуының да қызық оқиғасы бар екен.
Сегізден тоғызға аяқ басқан шағында қалың топтың алдында бірде-бір рет мүдірместен мақамына келтіре отырып, Төрт жігіттің өлеңі, Ер Тарғын, Қозы Көрпеш-Баян сұлу лиро-эпос дастандарын жатқа толғайды. Жиылған қауым қатты риза болып, баланың аты-Мәшһүр болсын, тіл-көзден аулақ болуы үшін үкі тағып қойыңдар дейді.
Ал тағы бір аңызда бұл атты қойған Мұса Шорманов дейді. Себебі, зерек баланың өнеріне риза болған Мұса Шорманов: Өз заманында халқына мәшһүр болатын бала екен,-деп сүйсінеді. Содан кейін баланың Жүсіп деген атына Мәшһүр деген ат қосылып айтыла бастайды. Ақынның:
Бес жаста біссіміллә айтып жаздым хатты,
Бұл дүние жастай маған тиді қатты.
Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса еді қосақтаған Мәшһүр атты[2.504],-
деп жырланатын Өмірбаян деген жырын қарастыра отырып, екінші оқиғаның шындыққа жанасатындығын байқаймыз.
Тiрлiк пен денсаулықта - баста бағым,
Онан соңғы дәулетім - тiл мен жағым.
Құдай берген он екi мүшелерім ,
Өз өнерім өзіме - алтын тағым[3.430],-
деп, Мәшһүрдің өзін таныстыруы өлеңінде ақын денсаулықты жоғары бағалайды. Бұл халықтың бірінші байлық-денсаулық деген қанатты сөзімен үндеседі.
Осы өлеңнің
Айдабол мен Күліктен шыққан затым,
Мәшһүр деген - бiр лақап, Жүсiп- атым.
Орта бойлы, қой көздi, пiтiр(пiти) мұртты,
Аққұба, бидай өңдi қиапатым[1.17],-
деген жолдарында ақын өз портретін өлең өрнектерімен суреттейді.

-6-

Бұдан біз ақынның портрет жасау шеберлігін байқаймыз.
Ал мына өлеңдегі:
Жылым- қой, тоғыз беске келiп жасым,
Жарастықты, көрнектi сақал, шашым,
Жел қайықтай жел сөзге есушi едім ,
Тұрған күнде: "домалап өрге тасым!"[2.504],-
деген жолдардан ақынның эпитет пен аллитерацияны шебер қолданғанын байқаймыз.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жоғарыда берілген өлеңі арқылы оның өмір жолы мен ата-бабаларының есімімен таныс боламыз. Мәселен, ақынның текті әулеттен шыққанын, ата-бабасының бала оқыту ісіне оң көзқараспен қарағандығын, дінге бет бұрғанын мына бір жыр жолдарынан анық аңғара аламыз:
Әкем Көпей- жетпiс үш жасында өткен,
Дiн жолына жас күнде бiздi үйреткен.
Өзi жастай тариқат жолын iздеп,
Әбiлқасым ишанға қызмет еткен.
Бабамыздың аты екен- Шермұхаммед,
Құдайға - құл, нәуиге(нәбиге) болған үмбет.
Балаларын оқуға сүйрейдi екен,
Екi қолдап жетелеп, қылып һүммет[2.504].
Сонымен қатар бұл өлеңнен ақын өмірінің ғибратқа толы екендігін де байқаймыз. Оның әрбір шығармасынан рухани құндылық есіп тұратындығына көз жеткіземіз.
Жүсіп Көпейұлының жазба қорындағы жинақтарын оқысаң көзің қуанады. Өшпестей сиямен көшірілген қолжазбалары қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан. Сол қолжазбаларының бірі "Мес" атты жинағы. Бұл жинағы жоғарыда айтып кеткен фольклорлық саты мен тарихи сатыға қатар жатқызуға болады. Қазақ халқының тарихын жан-жақты зерттеп, ауыл аралап,жер аралап нәтижесінде 30 томдық Мес атты жинағын жазады. Сондай-ақ бұл туындысында халқымыздың тұрмыс-салт жырлары, аңыздар, ақын-жыраулар туралы дәйек-деректер, айтыстар, ертегілер, батырлар жырының үлгілері енген. Бұл жинаққа кірген материалдардың қайсысын алсақ та өзімізге таныс, көптен білетін нәрселеріміз сияқты. Ал оқи келе не бір сөз маржандарына кезігеміз.
Мәшһүр Жүсіп -- қазақ мәдениетінде тарихшы ретінде де өз орны бар шежіреші. Ол 1781-1847 жылдар аралығында еліміздің тарихы туралы да деректер қалдырған. 1907 жылы Қазан қаласында, Хұсайыновтар баспасында 3 кітабы жарық көреді. Соның бірі Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы жазылған. Бұл шығармасында бостандықтың биік табалдырығын батыл аттауға таяу қалып, көңіліне кірбің түскен сәті болатын. Тілі жоқ мылқаулар тыныш жатыр, Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға, деп айтқысы келгені

-7-
де осы болар деп ой түйемін. Сондағысы азатшылдық сарыны үшін, Сарыарқа қазақтардың жері екентігін, өз кітабында басып айтқандығы жоғарғы саясат өкілдеріне ұнамай, 3 кітабы да заңға ілігіп, таратылмай, оны басып шығарған Хұсайыновтар баспасына да 12 мың сом айып пұл салынады. Ақынның қамалушылар тізіміне ұшырап, ел ішінде бұғып жүруі осыдан. Бұл мәселе тек мұнымен шектелмей, отбасы мүшелеріне де, тума-туысына,өз тегі берілген ұрпақтарына да үлкен залалын тигізеді. Үрім-бұтағына дейін жоюды, барлық жерден қысымға алуды көздеп, сол жоспарды жүзеге асырады. Бұл жылдары қазақ ұлты орыстың отаршылдық саясатына бой ұсынуға тиіс болған еді.

2.2. Ақын шығармаларындағы ұлттық таным

Сөз бен өнер қадірін білетін отбасында туған Жүсіптің арғы аталары шешен, өнерлі адамдар болған екен. Осындай атадан-балаға жеткен қасиет арқасында Мәшһүр де сөз өнерінен тыс қылмаған. Ол он бес жасынан бастап өлең шығара бастаған. Бұл туралы ақын былай деген екен:
Жабысты маған өлең он бес жаста,
Жұрт айтты: Не қыласың деді баста.
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң.
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.
Шүкірлік, бергеніңе Құдай патша.
Он бесте шабыттандым жүйрік атша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезігілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша.
Қисса мен өлең болды жаттағаным,
Қалтаға қағаз алып қаттағаным[2.504].

Әлеуметтік мәселелер кез-келген заман дәуірінде болғандығы айтпаса да түсінікті дүние. Жүсіп Көпейұлының да шығармаларының арасында жоғарыда айтып өткендей әлеуметтік мәселелерді қозғайтын өлеңі баршылық. Соның бірі-Ғибратнама атты өлеңі. Бұл ұзақ өлең жолдарын мысал түрінде жазып, айтар ойын тұспалдап жеткізеді:
Айналдым бұлт болып биік тауға,
Іліндім болып шортан, жібек ауға.
Тілі жоқ мылқаулар тыныш жатыр,
Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға.
Халықтың тұрмыстық-жай күйін суреттейтін өлеңдері қатарына ақынның алғашқы жылдары шығарған өлеңдерін жатқыза аламыз. Бұл ақын үшін шәкірттік үйрену кезеңі еді. Ол өзі араласып жүрген айт пен той, әр түрлі адам мінезі, жүріс-тұрыс ерекшелігі, көшу, қону, жаз бен қыс,

-8-
ас, қыз ұзату секілді нәрселер еді. Ақын бұл өлеңдерінде кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесіне терең бойлап, талдау жасамаған. Ақын халқымыздың салт-дәстүрлері арқылы ұлттық танымға талдау жасайды.
Ақынның дүниетанымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп, нені жек көретінін, кімнен үйреніп, кімнен жиіркенетінін көруге болатын туындыларынан сол кезеңде өмір сүрген адамдардаң өмірге деген көзқарасын, ішкі жан-дүниесін, тұрмысын жан-жақты танығандай боламыз. Сонымен қатар ақын өмір сүрген кезеңнің де болмысын тани аламыз. Оның адамдар бойынан жақсылық іздеген рухани жан-дүниесін түсінеміз.
Ақын өлеңінен алынған:
Аманыңда елжіреп мақтайтын ағайын,
Алыстамай айналып жақтайтын да ағайын.
Ауырыңды жеңіл ғып жоқтайтын да ағайын
Еркелетіп бетіңнен қақпайтын да ағайын[4.376],-
деген өлең жолдары күнделікті өзіміз көріп, өзіміз қоян-қолтық араласып жүрген ел тірлігін танытады. Ағайынның тағы бір мінезіне ашынып: Туысқан бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды,-деп толғанатын халық сөзіне ақын былай дейді:
Әуел баста аңдамай тартып жүрме сазайын,
Толып жатыр түрлі сөз қайсыбірін айтайын.
Түсінсе түйткіл сөзімді улы тілмен шағайын,
Өскен ордам жамандап жақсыны қайдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психологиялық таным үлгісі
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен өскен ортасы
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы, ұлы гуманист тұлға
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Пәндер