Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары
Қазақстан Республикасы жаңа жүйеге өту арқылы өзінің экономикалық даму жолында бірқатар жақсы жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік алды. Яғни, бұрынғы қалыптасқан жоспарлы экономикадан шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне ауысу шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз бетінше, дербес қызмет етуіне жағдай туғызды. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің де қызмет етуі кәсіпорындарға жаңа талаптар қойды. Сонымен қатар, жеке меншіктің үлесінің жылдан.жылға артуы бәсекелік ортаның күшеюіне, өнім өндіру мен өткізу, сапаны басқару мәселелеріне ерекше мән беру қажеттігін көрсетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігі кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуы, әсіресе, шағын және орта бизнестің жоғары мәнге ие болатындығын айқын көрсете алды. Сондықтан еліміздің заңнамаларына сәйкес кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандарын айқындау өте маңызды. Кәсіпкерліктің кез.келген нысанының дамуы елдегі ішкі экономикалық жағдайға және көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін өз құқықтарын пайдалана білетін нақты кәсіпкердің қабілеттілігіне де байланысты болады. Әрине , бұл факторлар көбінесе шағын бизнестің дамуына әсер етеді. Шағын бизнес кәсіпкерлік қызметке қатысушылардың өздерінің арасында және мемлекетпен өзара экономикалық қарым.қатынасын заңды негізде ұйымдастыруды қажет етеді.
Үстіміздегі жылдың (2006жыл) 31.қаңтарында Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының қабылдануына байланысты «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заң өз күшін жойды. Алайда, шағын кәсіпкерліктің негізгі критерийлері мен субъектілері жөніндегі келесі мәліметтер өзгеріссіз қалды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері :

1. Нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпорындар қызметінің теориялық
негіздері
1. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары
Қазақстан Республикасы жаңа жүйеге өту арқылы өзінің экономикалық
даму жолында бірқатар жақсы жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік алды.
Яғни, бұрынғы қалыптасқан жоспарлы экономикадан шаруашылық жүргізудің
нарықтық жүйесіне ауысу шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз бетінше,
дербес қызмет етуіне жағдай туғызды. Нарықтық экономика жағдайында
мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің де қызмет етуі кәсіпорындарға
жаңа талаптар қойды. Сонымен қатар, жеке меншіктің үлесінің жылдан-жылға
артуы бәсекелік ортаның күшеюіне, өнім өндіру мен өткізу, сапаны басқару
мәселелеріне ерекше мән беру қажеттігін көрсетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігі
кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуы, әсіресе, шағын және орта бизнестің
жоғары мәнге ие болатындығын айқын көрсете алды. Сондықтан еліміздің
заңнамаларына сәйкес кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандарын айқындау
өте маңызды. Кәсіпкерліктің кез-келген нысанының дамуы елдегі ішкі
экономикалық жағдайға және көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін өз
құқықтарын пайдалана білетін нақты кәсіпкердің қабілеттілігіне де
байланысты болады. Әрине , бұл факторлар көбінесе шағын бизнестің дамуына
әсер етеді. Шағын бизнес кәсіпкерлік қызметке қатысушылардың өздерінің
арасында және мемлекетпен өзара экономикалық қарым-қатынасын заңды негізде
ұйымдастыруды қажет етеді.
Үстіміздегі жылдың (2006жыл) 31-қаңтарында Қазақстан Республикасының
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңының қабылдануына байланысты Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заң өз күшін жойды. Алайда, шағын
кәсіпкерліктің негізгі критерийлері мен субъектілері жөніндегі келесі
мәліметтер өзгеріссіз қалды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері :
1. Заңды тұлға құрмаған, қызметкерлерінің жылдық орташа саны
елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жылдық орташа саны
елу адамнан, активтерінің орташа жылдық құны алпыс мың
еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар
шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады .
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің кез
келген түрін жүзеге асырады.
3. Заңды тұлға құрмайтын дара кәсіпкерлік, сондай-ақ мынадай
ұйымдық-құықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
- өндірістік кооператив
- шаруашылық серіктестіктер
шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін.
4. Шағын кәсіпкерлік субьектілері қызметкерлерінің орташа жылдық
саны барлық қызметкерлерді, оның ішінде келісім шарт және
мердігерлік шарттар бойынша, жұмысты қоса атқару бойынша жұмыс
істейтіндерін, осы субъект филиалдарының, өкілдіктерінің және
басқа оқшауланған бөлімшелерінің қызметкерлерін ескере отырып
анықталады.
5. Қызметтің бірнеше түрін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік
субьектілері ондайларға жылдық айналым көлемінде үлесі ең көп
қызмет түрінің өлшемдері бойынша жатқызылады.
6. Егер бір немесе бірнеше заңды тұлға шағын кәсіпкерлік
субъектісінің өлшеміне сай келетін шаруашылық серіктестігін
құрған жағдайда құрылатын субъектінің жарғылық қорындағы
олардың үлесі 25%- дан аспауға тиіс.
7. Қызметін ойын бизнесі мен шоу бизнес саласында жүзеге асыратын
коммерциялық ұйымдар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып
танылуға тиіс емес.
8. Шағын кәсіпкерлік субьектілері жоғарыда белгіленген
ережелерден асып кеткен жағдайда бұл заңды тұлға Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген
жеңілдіктерден айырылады.
Сонымен елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, әсіресе шағын
кәсіпкерлікке ерекше мән беріп отыр. Шағын кәсіпорындар құру кезінде
мемлекеттік меншікті, жеке меншікті немесе аралас меншікті таңдауға
еліміздің заңнамаларымен құқық берілген. Бірақ, қалыптасқан тәжірибе
бойынша шағын кәсіпорындар көбінесе жеке меншік немесе аралас меншік
нысандарында (шетелдің қатысуымен құрылған бірлескен кәсіпорындар) қызметін
жүзеге асырып отыр. Егер жоғарыда атап көрсетілген талаптар сақталған
жағдайда өзге меншік нысандарында да құрылып қызмет ете алады . Дегенмен,
шағын кәсіпорындар шаруашылық серіктестіктер мен өндірістік кооператив
нысанында құрылады, сондай-ақ, заңды тұлға құрмастан дара кәсіпкерлікпен
айналысқан жағдайда да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылатындығын
ескеру қажет. Сондықтан осы нысандардың әрқайсысына қысқаша тоқтала кеткен
дұрыс.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ең қарапайым нысандарының бірі
дара кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлік - заңды тұлға құрмастан
жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және
мүліктік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған
бастамашылық қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік
түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне
тиесілі мүлік негізінде , сол мүлікті пайдалану және оған билік ету
құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар
(дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде , мүлікті
бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы мүмкін:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге
асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе
жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде
жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын
жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу келіп тіркелу сипатында болады және оның
тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында дара кәсіпкер ретінде
есепке алынады. Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін
пайдаланатын немесе жеке кәсіпкерлік қызметтен жеке тұлғалар үшін
белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын
табысы бар дара кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың көп бөлігі
шаруашылық серіктестіктер мен өндірістік кооперативтер ретінде қызмет етіп
отыр. Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(қатысушылардың) үлесіне бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодесіне сәйкес (58 бап, 2 тармақ) шаруашылық
серіктестіктер толық серіктестік, сенім (командиттік) серіктестігі,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік нысандарында құрыла алады. Шаруашылық серіктестікті жеке және
заңды тұлғалар құра алады, ал бір адам құрған жағдайда, ол оның бірден-бір
қатысушысы болып табылады. Құрылтайшылар (қатысушылар) серіктестіктің
жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік
құқық және өзге де мүлікті енгізе алады.
Құрылтайшылардың заттай нысанда немесе мүліктік құқық түрінде
салынған салымдарын ақшалай бағалау құрылтайшылардың өзара келісімі бойынша
жүзеге асырылады. Шаруашылық серіктестіктердің акция шығаруға құқығы жоқ.
Ал, олардың мүшелері серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға,
серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және оның басқа да
құжаттамаларымен танысуға, таза табысты бөлісуге қатысуға, шаруашылық
серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айрысқаннан кейін
қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін
немесе оның құнын алуға құқығы бар. Сондай-ақ, олардың құрылтай
құжаттарында көзделген өзге де құқықтары болуы мүмкін. Шаруашылық
серіктестікте қатысушылар салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген
тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер бойынша салып отыруға, коммерциялық
құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Шаруашылық
серіктестіктер құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша өндірістік
кооператив немесе акционерлік қоғам түрінде қайта құрыла алады.
Шаруашылық серіктестіктердің жоғарыда аталған нысандарының
әрқайсысына тоқталсақ, толық серіктестіктер негізгі нысандардың бірі болып
табылады. Толық серіктестік шаруашылық серіктестіктердің негізгі
нысандарының бірі болып табылады. Толық серіктестік деп мүлкі жеткіліксіз
болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне
тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестікті
айтамыз. Толық серіктестіктің қатысушысы - серіктестіктің борышы бойынша
оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан
жауап береді.Толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір
бөлігін) оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық
қатысушылардың келісімімен ғана беруге болады. Толық серіктестік қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы мәліметерді жариялауға міндетті емес.
Толық серіктестіктің қатысушысы оның өзге де қатысушыларына алты ай
бұрын ескерте отырып, кез-келген уақытта шыға алады. Егер қатысушы ұжымнан
шығып кеткен уақытта толық серіктестік сақталып қалса, оның шығып кеткен
күніндегі балансқа сәйкес серіктестік мүлкіндегі үлесінің салған салымына
тең құны төленеді және серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған
тиесілі бір бөлігі де төленеді. (АК.67 бап ). Егер серіктестікте жалғыз
қатысушы қалып ол алты ай ішінде серіктестікті қайта құрмаса немесе жаңа
қатысушылар қабылдамаған жағдайда таратылуы немесе басқа нысанда қайта
құрылуы тиіс. Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның
құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі
мөлшерден яғни, салымдарды енгізу сәтінде 25 айлық есептік көрсеткіштен,
бірақ бір жылдан кейін 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек .
Серіктестіктің тағы бір нысаны - сенім (командиттік) серіктестігі.
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық
серіктестерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп
қатысушыларымен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған
салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
қатыспайтын қатысушыларды (командиттер) да енгізетін серіктестік сенім
серіктестігі деп аталады. (АК. 72 бап).
Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады.
Ал салымшылардың басқаруға қатысуға,сондай-ақ сенімхат болмаса оның атынан
әрекет жасауға құқығы жоқ. Толық серіктестер серіктестікке жеке еңбегімен
қатысуға міндетті, сондықтан азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің
толық серіктесі бола алады. Ол толық серіктестіктің қатысушысы бола
алмайды. Сенім серіктестігі оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен
жағдайда тоқтатылады. Толық серіктестер сенім серіктестігін таратудың
орнына оны толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы. Егер оны тарату
кезінде ең болмағанда бір толық серіктес және бір қатысушы – салымшы
қалса, онда сенім серіктестігі сақталып қалады. Сенім серіктестігінің
жарғылық капиталы оның қатысушылары – толық серіктестер мен салымшылар
салатын салымнан құралады және қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын
енгізу сәтінде 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Сондықтан
жарғылық капиталдағы салымшылардың үлестерінің жиынтық мөлшері 50%-дан
аспайды. Ал, жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 100 айлық есептік
көрсеткіш болып белгіленген.
Серіктестіктердің ішінде ең кеңінен тараған және едәуір қолайлы
нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жауапкершілігі
шектеулі серіктестік деп – бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық
капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген
серіктестікті айтамыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар
оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне
байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдарды толық қоспаған
қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым салмаған
бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа
шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің қатысушысы серіктестіктен басқа қатысушылардың келісімінсіз
өтініш негізінде шыға алады және оған оның жарғылық капиталдағы үлесіне
пропорционалды мөлшерде мүлік құны төленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылардың қабылдаған шешімі
бойынша өз еркімен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Сондай-ақ,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзге де шаруашылық серіктестік,
акционерлік қоғам немесе өндірістік кооператив болып қайта құрыла алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы
құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады
және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжатта табыс етілген күнгі 100-
айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар серіктестікті
тіркеген кезге дейін жарғылық каптиалдың жалпы сомасының кемінде ең төменгі
мөлшерін енгізуге міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлесін немесе оның бір
бөлігін өз қалауынша осы серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына
сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп – қатысушылары
серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің
салымдарымен, ал, бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген
салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап
беретін серіктестікті айтамыз. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері
жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның
серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар
арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар
серіктестікке де жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ережелер
қолданылады. Яғни, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғылық
капиталының ең төменгі мөлшері де салымдар енгізу күніндегі 100 айлық
есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.
Кәсіпорындардың тағы бір ұйымдық нысаны өндірістік кооперативтер.
Өндірістік кооператив дегеніміз азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі
үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік
кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті
бірлестігі. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы тиіс. Өндірістік
кооператив заңды тұлға статусын иеленеді және міндеттемелері бойынша
қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндірістік кооперативтер мүшелікке
кіру мен шығудың еркіндігі, мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндеттілігі,
басқарудың демократиялылығы, өзара көмек және оның мүшелелері үшін
экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету, өндірістік кооперативтің қызметі
туралы ақпаратқа қол жетушілік сияқты қағидалар негізінде жұмыс істейді.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары бастапқы капиталды
қалыптастырады және кооператив қызметін құру мен ұйымдастыруға, сондай-ақ,
шығындарды жабуға арналады. Өндірістік кооперативтердің жарғылық қоры мен
резервтік қорының мөлшері жарғыда белгіленеді. Егер өндірістік
кооперативтің жарғылық қоры оның мүліктік жарналары негізінде қалыптасса,
резервтік қоры жыл сайынғы табыстан аударымдар жасау арқылы құрылады.
Сонымен бірге, өзінің өндірістік – шаруашылық қызметі мен әлеуметтік
дамуына өзге де ақшалай және материалдық қорлар құра алады. Өндірістік
кооперативтің ерекше қасиеттерінің бірі оның мүшелерінің жеке еңбектік
қатысуы болғандықтан – таза табысы да кооператив мүшелері арасында еңбекке
қатысуына сәйкес бөлінеді. Өндірістік кооператив таратылса немесе
кооператив мүшесі одан шығатын болса өз пайын бөліп ала алады. Өндірістік
кооператив өз мүшелерінің шешімі бойынша шаруашылық серіктестік болып қайта
құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту және кәсіпкерлік
қызметті жеке тұлға нысанында да, заңды тұлға нысанында да ұйымдастыру үшін
заңнамалық база құрылған. Қазақстан заңдарымен рұқсат етілген ұйымдық-
құқықтық нысандар шеңберінде және экономикалық конъюнктура мен қолда бар
материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына байланысты кәсіпкерлік
қызметті дара кәсіпкерлік ( өзіндік немесе бірлескен) және ұжымдық (
шаруашылық серіктестіктер мен өндірістік кооперативтер) кәсіпкерлік
нысандарында жүзеге асыруға болады. Ал, кәсіпкерлер шаруашылық қызметті
жақсы басқару мен айтарлықтай жоғары табыс әкелуді қамтамасыз ететін
нысанды артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып таңдау жасайды.
Шағын кәсіпорындар өзінің шаруашылық және экономикалық қызметін бір немесе
бірнеше қызмет түрлерін орындай отырыпэкономиканың барлық сфералары мен
салаларында жүзеге асыра алады. Алайда қызметтің жекелеген түрлеріне және
өнім түрлерін өндіруге мемлекеттің арнайы рұқсаты лицензия немесе патент
қажет.
Есірткі заттарының, психотроптық заттардың айналымымен байланысты ,
акцизделетін өнімді өндіру және көтерме сатуды, астық қабылдау пункттерінде
астық сақтау, лотереялар өткізу, ойын және шоу-бизнес, сертификаттау,
метрология және сапаны басқару, мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және
жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату, радиоактивті материалдардың
айналымы, банк қызметін және сақтандыру нарығындағы қызметті, аудиторлық
қызметті, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.
2. Шағын кәсіпорындар қызметінің экономикадағы рөлі
Қазақстанның нарықтық экономикаға өте отырып экономиканы жедел
дамытуда, жоғары экономикалық өсімге қол жеткізуде кәсіпкерлік қызметті
ұйымдастыру мен кәсіпкерлікті қолдау экономиканы құрылымдық қайта құруды
жандандыруға, таңдау еркіндігі мен қосымша жұмыс орындарын ұсынуға,
шығындардың тез қайтымдылығын қамтамасыз етуге, тұтынушылық сұраныстың
өзгерістеріне жедел бейімделуге мүмкіндік беретін шағын кәсіпорындар
торабын құруды тездетуді талап етеді. Ел экономикасын дамытуда шағын
кәсіпорындардың маңыздылығы өте жоғары. Ал, осы шағын кәсіпорындар іс
бастау үшін ірі көлемде инвестицияларды талап етпейді және ресурстар
айналымының жоғары жылдамдығына кепілдік береді. Сол арқылы экономиканы
қайта құрылымдау проблемаларын ұтымды шешуді, нарықты тұтыну тауарларымен
толықтыруды, бәсекелік ортаны күшейту арқылы өндірілетін өнімдер мен
көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құра отырып
жұмыссыздық мәселесін шешуге қол жеткізуге болады.
Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі, өзіндік ерекшеліктері,
артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде көптеген ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған. А.А. Шулустың пікірінше, шағын кәсіпорынның келесідей
ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
- кәсіпорынды тікелей басқару және меншік құқығының бірлігі;
- кәсіпорынның көз жетерлік болуы: оның масштабының шектеулілігі
кәсіпорын иесі мен жұмыскердің арасындағы қарым-қатынастың ерекше,
жеке сипатын көрсетеді. Ол қызметкер жұмысын мотивациялау мен оның
еңбекке қанағаттануының жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді.
- ресурстар мен өткізу нарықтарының салыстырмалы түрде үлкен
еместігі;
- кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму перспективасында кәсіпорын
басшысының ролі. Яғни, ол шаруашылық қызмет нәтижелеріне толық
жауапкершілікте болады.
Шағын кәсіпорындар тиімділігінің басты факторы – олардың өнім
өндіру облысында, сондай-ақ, қолданылатын еңбек құралдары бойынша тар
мамандануы. Шағын кәсіпорындар шектеулі номенклатурада (1-2 ден 5-7 дейін)
өнімдер өндіреді және бірмезгілде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін
тармамандандырылған құрал-жабдықтарды қолданады. Ол қысқа мерзімде өндіріс
технологиясын және өндірістік үрдісті интенсификациялауға ғана емес, сондай-
ақ, негізгі құралдардың ұдайы өндіріс үрдісін өзгертуге мүмкіндік береді.
Шағын кәсіпорындар инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды
қажет етпейді, яғни, көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу
шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ. Өндіріс
көлемінің шағын болуы материалды-техникалық жабдықтауды, сондай-ақ, өнімнің
дайындығына байланысты өткізуді жүзеге асыруды жылдамдатуға мүмкіндік
береді. Шағын кәсіпорындар еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда да ерекше
мәнге ие болады. әсіресе, олар қосымша жұмыс орындарын құруға, адамдарға
маман ретінде өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін жүзеге асыруға
жағдай туғызады.
Сонымен жалпы экономикалық көзқарас тұрғысынан шағын
кәсіпорындардың дамуы өндірісті мамандандыру өсімін, ғылыми-техникалық
прогрессті жеделдетуді, өнім өндіру мерзімін қысқартуды, шикізаттар мен
дайын өнімдерді жеткізудің көлік шығындарын, жоғалтуларды азайту, еңбек
және материал ресурстарын едәуір толық пайдалануды қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономикаға өту және өзгерістерге бейімделу кезеңінде
шағын кәсіпорындар ғылыми-техникалық прогрестің бірқатар маңызды бағыттары
бойынша тың серпілісті жүзеге асырады. Мұның барлығы шағын кәсіпорындарды
елдегі және аймақтағы экономикалық реформалардың құрамдас бөлігі және
елеулі факторы ретінде көрсетеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында шағын кәсіпорындардың теория-
әдістемелік аспектілерін және ел экономикасындағы ролін қарастырған кезде
жаңашылдық немесе жаңашылдықты енгізу мәселесін назардан тыс қалдыруға
болмайды. Нарық өзіндік өзгешеліктері мен ерекшеліктеріне байланысты
тұтынушыларға бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы өнімдер жеткізу
мақсатында өндірісті жаңартуды талап етеді. Сондықтан кәсіпкерлер немесе
кәсіпорын басшылары оларды шешу жолдарын іздеуі қажет. Оның үстіне нарықтық
экономикасы дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей шағын кәсіпорындар
жаңашылдық облысында ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтарға ие болады. Ол шағын кәсіпорындардың нарыққа тез бейімделу,
басқару икемділігі және ішкі коммуникациялар тиімділігі және басқа да
осындай сапалы қасиеттерімен байланысты.
Шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет ету мүмкіндігі ірі өндіріспен
салыстырғанда келесідей бірқатар артықшылықтарымен түсіндіріледі.
1) Артықшылықтардың алғашқысы өнім өткізудің жергілікті нарықтарына
жақындығы және тұтынушылар сұраныстарына тез бейімделумен, ірі
кәсіпорындар үшін тиімсіз болған жағдайда аз партиямен өнімдер
өндіру, кәсіпорынды басқарудың тиімділігі мен қарапайымдылығы және
басқаларымен сипатталады.
2) Шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет етуі бүкіл экономиканы
жақсарту үшін қолайлы жағдай туғызады. Демек, бәсекелік орта
күшейеді, көптеген қосымша жұмыс орындары құрылады, тұтынушылық
сектор кеңейеді, өндірістегі, саладағы және ел экономикасындағы
құрылымдық қайта құру белсенді және тиімді түрде жүргізіледі,
жергілікті ресурстар жақсы қолданылады, нарықты тауарлар мен қызмет
көрсетулермен толықтыру тезірек болады, ел экономикасының экспорттық
әлеуеті артады.
3) Шағын кәсіпорын құра отырып қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер
немесе шағын кәсіпкерлік кәсіпкерлікті ұйымдастырудың әдістері мен
нысандарын, білімдерін меңгерудің өзіндік мектебі болып табылады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, еркін
өндірістік қорларды пайдаланудың тиімді тәсілі ретінде қарастырылады.
Шағын кәсіпорындар тұтыну сферасында ғана емес, сондай-ақ, соңғы
өнімді шығару үшін қажетті жекелеген түйіндер, бөлшектер, жартылай
фабрикаттар, шағын механизмдер мен басқа да еңбек заттарын
өндірушілер ретінде де тиімді. Ал, оларды ірі кәсіпорындардың өздері
өндіруі тиімсіз болып табылады. Сондықтан оларды өндіруді келісім-
шарт бойынша шағын кәсіпорындарға тапсырады.
4) Шағын кәсіпорындар қоғамдық өндіріс үрдісінде қосымша еңбекті
енгізеді, ал ол жаңа құндылықтар құрады, ұлттық байлық пен ұлттық
табысты көбейтеді.
Нарықтағы бәсекелік ортаға әсер ету көзқарасы тұрғысынан оны қалыптастыруға
мүмкіндік беретін немесе кедергі келтіретін факторлардың негізгі үш тобын
бөліп көрсетуге болады. Оларға келесілер жатқызылады:
- өнеркәсіптік құлдырау немесе онымен қатар жүретін өндірістегі
дағдарыстық құбылыс;
- инфляция және қаржылық тұрақсыздық;
- халық шаруашылық салаларындағы институционалдық қайта құру.
Шағын кәсіпкерлік субектілерін зерттеу нәтижесінде нарықтық
қатынастар жағдайында олардың дамуын шектейтін келесі факторлар анықталды:
- қаржылық (бюджеттік шектеу, коммерциялық несие пайызы, салық саясаты);
- инфрақұрылымдық (көліктік тарифтер, қойма шаруашылығының болуы,
шикізат сатып алу үшін айналым қаражаттары);
- технологиялық (ассортимент құрылымы, жұмыс күшінің біліктілігі, құрал-
жабдықтарды жиі жөндеу);
- сатып алушылық (төлемсіздік, сату шарттары және тағы басқалары).
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпорындардың
тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі артықшылықтарын қарастыра келіп,
олардың ең маңызды дегендерін келесі түрде бөліп көрсете аламыз:
- икемділігі және нарық конъюнктурасындағы өзгерістерге тез әсер
ету қабілеті, өндірілетін өнімдердің тұтынушылар талғамына сай
тез бейімделу мүмкіндігі;
- ірі кәсіпорындармен салыстырғанда олардың ғылым мен техниканың
соңғы жетістіктерін тиімді және жедел енгізе отырып жоғары
нәтиже алуға ұмтылуы;
- жергілікті ресурстарды пайдалану мен жергілікті нарықта қызмет
етуі;
- кәсіпорынды басқарудың қарапайымдылығы, ірі бюрократиялық
құрылымның болмауы;
- жұмыскерлердің және кәсіпорын басшысының жоғары нәтижеге жетуге
деген ортақ мүдденің болуы; мотивацияның жоғарылығы;
- ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу мүмкіндігі, яғни, ірі
кәсіпорындармен қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер
және жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бастапқы
капиталдың және жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз
болуы;
- өндірісті жаңарту, жаңашылдықты енгізу, жаңа идеяларды жүзеге
асыруға икемділігі.
Мұның барлығы шағын кәсіпорындардың басымдылығы мен артықшылығын
көрсетсе, оның бірқатар кемшіліктері де бар екендігін айта кету қажет.
Олардың ішінен ең негізгілері ретінде келесілерді атауға болады:
- тәуекел деңгейінің жоғары болуы;
- техникалық артта қалушылық, жоғары ресурс және энергия
сиымдылықтылық;
- ресурстық, қаржылық және материалдық-техникалық базаның
жеткіліксіздігі;
- өткізу нарықтарының тарлығы және әлемдік стандарттарға сай өнім
өндіру мүмкіндігінің төмендігі;
- қызметкерлер біліктілігінің айтарлықтай жоғары деңгейде болмауы
және бір адамның бірнеше қызметті қатар атқару мүмкіндігі;
- қосымша қаражаттар тарту және несие алу мүмкіндігінің төиендігі.
Шағын кәсіпорындардың ел экономикасындағы ролінің жоғары болуы оның
өзіндік ерекшеліктерімен де байланысты. Ең алдымен шағын және ірі
кәсіпорындардың қызмет сферасы әр түрлі болады. Ірі кәсіпорындар
бұйымдардың тұрақты номенклатурасы және жаппай өндіріс жағдайында қызмет
ете отырып, көтерме сатып алушылармен жұмыс жасайды. Ал, шағын кәсіпорындар
аз партияда өнімдер шығаруға, нарықтың белгілі бір сегментінде сатып
алушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруға, екінші ретті шикізаттарды,
өндіріс қалдықтарынпайдалануға, жеке клиенттермен жұмыс жасауға
бағытталады. Өзіндік өзгеше функцияларды орындай отырып шағын және орта
кәсіпорындар бір-бірін толықтырып отырады.Сондықтан шағын және ірі
кәсіпорындар арасында тікелей бәсеке бар деп айту дұрыс емес. Шағын бизнес
ірі бизнеске қарағанда нарықтың айтарлықтай тиімді қызмет ететіндей
сфераларында өз орнын табады. Мұндай сфераларға бірінші кезекте сауда,
сервистік қызмет көрсету, материалмен жабдықтау және тағы басқаларын
жатқызуға болады. Мәселен, машина (автомобиль) өндіру сөзсіз ірі кәсіпорын
сферасына жатқызылса, автомобильге техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеуді шағын кәсіпорындар аитарлықтай тиімді орындайды.
Жалпы алғанда шағын және ірі кәсіпорындардың негізгі
айырмашылықтарын келесі кесте (1-кесте) түрінде көрсетуге болады. Кестеде
шағын және ірі кәсіпорындардың негізгі айырмашылық белгілері және олардың
әрқайсысы үшін өзгешеліктері қарастырылған. Осы мәліметтер негізінде
шағын кәсіпорындардың өзіндік өзгешеліктерін айқын ажыратуға болады деп
айта аламыз.
1-кесте - Шағын және ірі кәсіпорындардың айырмашылықтары
№ Айырмашылық Ірі кәсіпорын Шағын кәсіпорын
белгілері
1 Өндіріс және Ірі өнеркәсіп салалары, Өндіріс, сауда және қызмет
қызмет көрсету жылу-энергетикалық және көрсету
саласы мұнай-газ кешендері
2 Стратегияны 3-5 жыл 6 айдан 1-жылға дейін
өзгерту
3 Қызмет сферасы Ірі қалалар мен Ірі және шағын қалалар
өнеркәсіптік кешендер
4 Нарықтық ортаны Нарықтың белгілі бір Шағын кәсіпорындар саны көп
қалыптастыру бөлігін жаулап алғандықтан болғандықтан бәсекелік орта
бәсеке шектеулі болады күшті болады
5 Кәсіпорынды құруЕдәуір қаржылық шығындар Бастапқы шығындардың аз болуы
және тіркеу және тіркеу тәртібінің және тіркеудің оңайлығы
ұзақтығы
6 Жаңа жұмыс Жаңа жұмыс орнын құру Жаңа жұмыс орындары едәуір
орындарын құру қарқыны едәуір төмен жоғары қарқынмен құрылады
7 Басқару құрылымыКүрделі Қарапайым
8 Шешім қабылдау Ұзақ уақытты қажет етеді Аз уақытта және ұтымды шешім
қабылдау мүмкіндігі
9 Басқару Құрылтайшылар мен Басқарушы және құрылтайшы бір
жүйесіндегі басқарушылар мүдделері адам болуы мүмкін, басқару
мүдделердің нің арасында қайшылықтың жүйесіндегі мүдде қайшылығының
үйлесуі туындау мүмкіндігі жоқтығы
Бірінші кестеден байқағанымыздай ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын
кәсіпорындардың негізгі айырмашылықтары барлық жағынан басымдыққа ие болып
отыр. Өйткені қазіргі қатаң бәсеке жағдайында кәсіпорынды басқару, оның
даму стратегияларын жақсарту, дұрыс шешім қабылдау және басқару жүйесінде
мүдделердің қайшылықсыз үйлесім табуының маңыздылығы жоғары.
Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролін қарастырғанда біз олардың
жоғарыда аталған артықшылықтары мен басымдылықтарынан негізге ала отырып
анықтауымыз қажет. Шағын кәсіпорындар нарықтың өзгермелі қажеттіліктеріне
тез бейімделетіндіктен, құрылымдық өзгерістердің салдарларын
азайтатындықтан, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз
ететіндіктен, сондай-ақ, техникалық және ұйымдастырушылық жаңашылдықтарды
пайдаланатындықтан, айсақтық дамуға елеулі үлес қосатындықтан маңызды
әлеуметтік-экономикалық мәнге ие болады.
Шағын кәсіпорындардың ел экономикасындағы ролін келесі факторлармен
де анықтауға болады:
1) дара кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындардың нарықтық экономика
субъектілерінің жалпы санындағы үлесі;
2) өнім өндіруде (жұмыс орындау, қызмет көрсетуде) , жалпы ішкі өнімді
құрудағы шағын кәсіпорындардың қосқан үлестерімен;
3) республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыруда шағын бизнес
субъектілерінің салған салымдарымен;
4) еңбекке жарамды халықтың шағын кәсіпорындарда жұмыспен
қамтылғандарының санының өсуімен, жұмыссыздар санын қысқартуға қосқан
үлестерімен;
5) нарықтың тұтыну тауарларымен (жұмыстармен, қызмет көрсетулермен)
толығуымен, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды жақсартумен;
6) кәсіпорынды басқару тәжірибесін жинақтаумен, өзінің жеке ісін бастауды
жүзеге асырумен және тағы басқаларымен.
3. Шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету проблемалары
Қазақстан Республикасы қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті
ұйымдастыру, кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуы мен тиімді қызмет етуіне ерекше көңіл бөліп отыр. Кез-келген елдің
экономикасы қанағаттанарлық деңгейде дамып отырса да шағын кәсіпорындардың
дамуына баса назар аударатыны белгілі. Қазақстан Республикасының
Президенті кәсіпкерлер конгресінде мемлекеттік меншікті сатылап
жекешелендіру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке
секторда өндірілетіндігін, елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта
бизнестің үлесі шамамен 25 пайызды құрайтындығын, экономиканың жеке
секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек
ететіндігін айтып өтті.(3) Бірақ бұл мәліметтер дамыған елдермен
салыстырғанда әлдеқайда аз шаманы құрайтындығы белгілі. Сондықтан алдағы
уақытта шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету мәселесіне мән
беріліп, бұл мәселелер бойынша негізгі проблемалар анықталып, оң шешімін
табуы тиіс.
Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпорындар саны мен онда қамтылған
жұмыскерлер санының өсу динамикасы тұрақсыздықпен сипатталады. Аймақтық
және салалық құрылым рационалды емес. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен
дамуынбасқару көбінесе эпизодтық немесе ғылыми емес сипатта болады.
Кәсіпкер мен оның меншігін ақшалай қорғау жүйесі дұрыс әзірленбеген. Мұның
себептері нарықтық инфрақұрылымның әлсіз дамуы, кәсіпкерлік қызметті
қолдауға бөлінетін қаржылық қаражаттардың шектеулілігінде ғана емес, сондай-
ақ, кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясы дер кезінде
әзірленбегендігімен де байланысты. Салалық, аймақтық басымдықтар
анықталмады. Шағын кәсіпорындардың дамуы интенсивті өсім полюсі ретінде
танылмады және олар ел экономикасын көтеруге айтарлықтай әсер ете
алатындығы да ұмыт қалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік құрылыммен кері
байланысы да нашар дамыды.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың дамуына әсер ететін
келесі негізгі проблемаларды бөліп көрсетуге болады:
1) Салық саясатының жетілмегендігі немесе шағын кәсіпорындар үшін
салықтық ауыртпалықтардың жоғары болуы. Мұндай жағдай шағын
кәсіпорындардың заңды бұзуға жол беруіне және көлеңкелі секторға
өтуіне мәжбүрлейді. Негізінен салық саясаты шағын бизнесті дамытудың
ынталандырушы факторы бола отырып, оның өміршеңдігі мен табысты
қызмет етуін қамтамасыз етуі қажет. Осы мақсатта әлемде шағын
кәсіпорындардың өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік беретін шаралар
кешені қолданылады, яғни, кәсіпорындардың мөлшеріне қарай салықтардың
шекті ставкаларын кезең-кезеңімен азайтудан бастап, салықтық
жеңілдіктер аясын кеңейтуге дейінгі көптеген іс-шараларды қамтиды.
2) Өзінің жеке ісін бастаған кәсіпкерлер және шағын кәсіпорындар
басшыларының бастапқы капиталды қалыптастыру, қаржылық қолдау
көздерінің болмауы немесе қаржылық проблемалар. Банк секторының
беретін несиелері көбінесе жоғары пайыздық ставкалар мен қысқа
мерзімде қайтару қажеттігіне байланысты шағын бизнес субъектілерінің
барлығы бірдей қол жеткізе алмайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде
тәуекелдің жоғары болуына және кепілдіктің болмауына байланысты
шағын бизнесті қаржыландыруға ынталылық танытпайды.
3) Шағын кәсіпорындарды құру кезінде және қызметін жүзеге асыруда
шамадан тыс реттеудің, тіркеу-лицензиялық тәртіптің жүйесіздігі.
Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда, әсіресе,
бастапқы кезеңінде әртүрлі әкімшілік кедергілердің артуы байқалады.
Сондықтан бұл мәселеге мемлекет тарапынан реттеу мен қолдаудың нақты
жолдарын қарастырудың маңыздылығы жоғары. Сарапшылардың бағалауы
бойынша бірінші жылы құрылған барлық шағын және орта кәсіпорындардың
40 пайызға жуығы жабылса, қызметінің үшінші жылында 60 пайызға жуығы
дағдарыс жағдайында тұрады екен. Демек, барлық кәсіпорындардың 15-20
пайызы ғана қалады .(49)
4) Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамымауы.
Халықтың шағын бизнесті қолдау бойынша жүргізіліп отырған шаралар,
заңнамалардағы өзгерістер туралы аз хабардар болуы. Шағын бизнесті
қолдау орталықтары мен инфрақұрылымдардың қызметтерін кәсіпкерлердің
барлығы бірдей толық көлемде қолдана бермеуі, сондай-ақ, бизнес-
инкубаторлар, технологиялық бизнес-инкубаторлар, технопарктер мен
технополистер қызметінің жоғары деңгейде оң нәтижесін бермей
отырғандығы да шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет ету
жолындағы кедергілердің бірі деп айтуға болады.
Елдегі қалыптасқан жағдайды талдай отырып жоғарыда аталған
проблемалардан басқа да көптеген факторлар әсер ететіндігін айтып өту
қажет. Шағын кәсіпорындардың дамуы мен қызмет тиімділігіне келесі
жағдайлардың да ықпалы мол.
Біріншіден, күрделі қаржылық және экономикалық жағдай:
салыстырмалы жоғары инфляция, жаңа шаруашылық байланыстардың баяу реттелуі,
пайыздық ставкалардың жоғары деңгейі, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуының
әлсіздігі;
Екіншіден, кәсіпкерлердің ұйымдастырушылық-экономикалық және
құқықтық білімдерінің төмен деңгейде болуы, мемлекеттік секторда да, бизнес
секторында да кәсіпкерлік мәдениет пен іскерлік этиканың қажетті деңгейде
болмауы.
Үшіншіден, аймақтық деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамытуды
реттеудің ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерінің жеткілікті деңгейде
өңделмеуі.
Төртіншіден, шағын кәсіпкерлікті қолдау механизмі қызметінің
әлсіздігі.
Шағын кәсіпорындар басшыларына жүргізілген сұраулар нәтижесі
көрсеткендей, шағын кәсіпорындардағы өндіріс өсімін шектейтін факторлардың
ішінде бірінші орынға салық салу деңгейінің жоғарылығы шықса, екінші орында
тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі болса, содан кейін ғана
нарықтағы отандық кәсіпорындар арасындағы жоғары бәсеке, өндірілген өнімге
(орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке) сұраныстың жеткілікті деңгейде
болмауы жатқызылған. Шағын кәсіпорындардың дамуына айтарлықтай кері әсер
ететін факторлардың қатарына шағын кәсіпорындардың зиянмен жұмыс
істейтіндерінің үлесінің жоғары болуы, дебиторлық және кредиторлық
берешектердің өсуі, шағын кәсіпорындардың табыстылығының төмендігі жатады.
Шағын кәсіпорындар табыстылығының төмен деңгейіне шикізаттар, материалдар,
құрал-жабдықтарға бағаның, сондай-ақ, электр энергиясына, көліктік
қызметтерге тарифтердің жоғарылығы әсер еткен.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жанындағы
Экономика институты кәсіпкерліктің даму проблемаларын жүйелеп, оларды шешу
және мемлекеттік қолдауды жетілдіру механизмі ұсынылған. Оны келесі кесте
түрінде көрсетуге болады. (2-кесте)
2-кесте - Шағын кәсіпорындардың даму және тиімді қызмет ету проблемалары
№ Шағын кәсіпорындардың даму Қиындықтар мен кедергілерді жою тәсілдері
жолындағы қиындықтар мен
кедергілер
1 Қаржылық: негізгі капиталдыңИнвентаризациялау нәтижесінде анықталған
(қызметтік және өндірістік пайдаланылмай тұрған жекешелендірілген
үй-жайлар, машиналар мен үй-жайларды, аяқталмаған құрылыс
құрал-жабдықтар, жер және объектілерін, жер учаскелерін тендерлік
т.б. ) қажетті шамада негізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
болмауы, айналым сату.
құралдарының жеткіліксіздігіҚазақстанда лизингті дамыту үшін
немесе жоқтығы. институционалдық негіздерін әзірлеу,
Қазақстанда лизингті дамытудың ұлттық
Бағдарламасын жасау және оны жүзеге асыру;
Кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыру үшін
халықаралық қоғамдық және қайырымдылық
ұйымдардың гранттарын, қаржылық,
экономикалық, жеке қорлардың заемдарын
тарту;
Шағын бизнес субъектілерін несиелеуде
екінші деңгейлі банктерді ынталандыру
бойынша шаралар әзірлеу;
Шағын кәсіпкерлік дамыту қорынан басым
бағыттар бойынша мақсатты несиелеу.
2-кестенің жалғасы
2 Институционалдық: дамымаған Қазақстанда кәсіпкерлік институтын енгізу
нарықтық инфрақұрылым, және кәсіпкерлер кодексін әзірлеу;
кәсіпкерлік институтының Заңгерлік, кеңес берушілік, аудиторлық
жоқтығы немесе жеткілікті фирмалар торабын кеңейту үшін жағдай жасау;
деңгейде дамымауы Бинеске арналған несиелер мен қарыздар
беруге мамандандырылған коммерциялық
банктерді дамытуды қолдау;
Сауда үйлері мен биржалар жүйелерін дамыту
және қолдау;
Бизнес-орталықтар, бизнес-инкубаторлар,
ақпараттық-талдау орталықтары,
ғылыми-зерттеу және кеңес беру орталықтары
торабын ұйымдастыру және қолдау.
3 Білім берушілік: нарық Бизнес негіздерін оқытудың жаңа
жағдайында бинесті бағдарламаларын әзірлеу және енгізу,
ұйымдастыру мен басқару мамандарды қайта даярлау бағдарламаларын
тәжірибелері мен жетілдіру;
дағдыларының, жүйелі Алынған білімдерді тарату бойынша
білімдердің жеткіліксіздігі.міндеттемелер мен келісім-шарттық жүйенің
техникалық көмектерін пайдалану тиімділігін
арттыру;
Инновациялық кластерлер, бизнесті
ұйымдастыру мен басқару тәжірибелері мен
білімдерін инкубациялау орталықтарын
дамыту.
4 Мемлекеттік: бюрократизм, Мемлекеттік қызмет реформаларын әрі қарай
жемқорлық, күштеп алушылық тереңдету;
т.б. Кәсіпкерлік субъектілеріне арналған
бухгалтерлік есеп, лицензиялау, сақтандыру
мен тіркеудің оңайлатылған жүйесін енгізу;
Шағын және орта бизнес сферасында әрекет
ететін барлық мемлекеттік органдар
жұмыстарының мөлдірлігіне қол жеткізу;
Сәйкес мемлекеттік органдарда, банктер,
сақтандыру, нотариалдық, заңгерлік
фирмаларда кәсіпкерлік субъектілеріне
қызмет көрсету жүйесін оңайлату;
Меншікті және бизнесті құру жөніндегі
құрылым құру.
5 Ақпараттық: қоғам мен Кәсіпкерлікті дамытуды БАҚ және электрондық
кәсіпкерлердің экономикалық,ақпарат құралдарында насихаттауды күшейту;
құқықтық және салықтық Кәсіпкерлік қызметке қатысты өзгерістер мен
мәдениет бойынша аз хабардаржаңалықтарды және мемлекеттік қолдау
болуы, кәсіпкерлік шараларын кәсіпкерлерге дер езінде жеткізіп
проблемаларын көрсету отыру;
деңгейінің әлсіздігі. Кәсіпкерлерге өз қызметіне қатысты құнды
мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік
беретін арнайы орталық құру және т.б.
Елімізде шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет етуіне әсер
ететін факторлар немесе проблемаларды қарастыру негізінде байқағанымыздай
салықтық ауыртпалықтар, қаржылық проблемалар, инфрақұрылымның нашар дамуы
мен қызмет тиімділігінің төмен болуы, әкімшілік кедергілер , тексеру
органдарының көптігі және заңнамалық негіздерінің әлсіздігі сияқты
мәселелерді ең негізгілері ретінде белгілеуге болады. Әкімшілік кедергілер
жеткілікті кездесетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тыныс-тіршілігін үш
кезеңге бөлуге болады:
тіркеу және қайта тіркеу;
әрекет етуі және дамуы;
тарату.
Жоғарыда аталған әрбір кезеңде шағын кәсіпорындардың икемділігіне,
белсенділігіне және ұтқырлығына әсер ететін көптеген проблемалар кездеседі,
нәтижесінде олардың дамуын тежейді.
Тіркеу, қайта тіркеу және тарату кезеңдерінде. 216 заңнамалық
кесімдерді қамтитын рұқсат ету жүйесінің қолданыстағы заңнамалық базасын
ерекше айта кету керек және бизнес жүргізу жөніндегі жоғары шегерімдердің
негізгі себебі болып табылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеу және
қайта тіркеу рәсімдері әр жерде орналасқан, түрлі ұйымдар беретін көптеген
құжаттарды қажет етеді. Нарық конъюнктурасына байланысты шағын кәсіпорындар
қызмет түрлерін үнемі өзгертіп отырады. Бұл құрылтай құжаттарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізуді және тіркеуші органға хабарлауды, сондай-ақ,
рұқсаттардың көптеген түрлерін алуды қажет етеді.
Көптеген елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін бір
терезе қағидаты бойынша тіркеу мен қайта тіркеуге жағдай жасалған. Мысалы,
2,4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар Францияда тіркеу үрдісі 24
сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар бір терезе қағидаты бойынша 10
күн ішінде тіркеледі. Бүгінде Қазақстанда бинес-қоғамдастық құптаған
осындай жүйе енгізілді.
Әрекет ету және даму кезеңінде.
Кәсіпкерлердің қызметінде көпшілік жағдайларда негізінен әкімшілік
тәртіп бұзушылықтар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие
мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулердің нәтижесінде анықталады.
Мұнда:
- тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін құқықтық
нормалар әртүрлі нормативтік-құқықтық кесімдерде және бұл мәселе
бойынша бірыңғай заңнамалық кесім жоқ;
- заңнамалық кесімдерде ( салық, әкімшілік кодекстерде, кейбір
мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын заңдарда және т.б.)
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге ерекше
ұстанымдар көзделмеген және сондықтан да мемлекеттік органдардың
кәсіпкерлерге қатынасы олардың қызметінің ауқымына қарамастан
бірдей;
- тексеру, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша рәсімдердің
нақты бірыңғай сипаты мен бірыңғай глоссарилері жоқ. Әртүрлі
мемлекеттік органдар тексерулердің түрлі сыныптамасын (рейдтік,
кешенді, қарама-қарсы, жоспарлы, жоспардан тыс, хронометражды,
ағымдағы т.б.) қолданады;
- бақылау-қадағалау органдары жұмысының тиімділігін бағалаудың
қазіргі тәжірибесі анықталған заң бұзушылықтар мен салынған
айыппұлдардың санына байланысты;
- кәсіпкерлік субъектілердің қызметінде төтенше жағдай туындағанда
(ғимараттың құлауы, жаппай улану, кісі өлімі т.б.) аталған
объектіге тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бір
мезетте қаралмайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
кодекстің жекелеген ережелері шағын кәсіпорындардың дамуына кедергі
келтіреді. Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкімшілік құқық
бұзушылықтар үшін айыппұлдарды қоспағанда, әкімшілік айыппұлдардың
еселенген мөлшері шағын кәсіпорындар үшін де ірі кәсіпорындар үшін де
бірдей белгіленген.
Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен
2000 айлық есептік көрсеткішке дейін) белгіленген айыппұлдардың сомасын өз
қөалауы бойынша таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың
туындауына әкеліп соғады. Сонымен қатар, айыппұлдардың жоғары ставкасы
кәсіпкерлердің өзін заңға сәйкес айыппұл төлеу не аз пара беріп құтылуды
таңдауға итермелейді.
Лицензиялауға, аккредиттеуге, стандарттауға, сертификаттауға
жататын жұмыстардың, тауарлар мен қызмет түрлерінің қазіргі кең көлемді
тізбесі іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерлік бастаманың өсуіне кедергі
келтіреді. Бұдан басқа, лицензияны беру ретінде және одан әрі лицензиялық
қызметті негіздейтін қосымша рұқсат беру жүйесі (рұқсат беру, қорытындылау,
келісу) бар. Бұл іс жүзінде елде кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта
кәсіпкерліктің дамуын тежейді. Осылайша әкімшілік кедергілердің ауыртпалығы
негізгі кемшілік болып табылады. Олардың ішінен негізгілері ретінде
келесілерді атап өтуге болады:
- тікелей әрекет етпейтін кесімдер, көптеген кіші заңи кесімдер
бар;
- мәні бойынша мемлекеттік функциялар берілген, мемлекеттік
органдар уәкілеттік еткен көптеген мемлекеттік кәсіпорындар,
акционерлік қоғамдар қызмет етеді;
- шектен тыс статистикалық және салықтық есептілік бар;
- жекелеген мемлекеттік органдар өздерінің бақылау-қадағалау,
рұқсат беру және келісу функциялары мен өкілеттіліктерін
қысқартуға дайын емес.
Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді)
жеткізіп беруде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ашықтығын және олардың
барынша көп қатысуын қамтамасыз етуі тиіс Мемлекеттік сатып алу туралы
Қазақстан Республикасы Заңының аясында мемлекет пен шағын кәсіпкерліктің
өзара қатынасын жеке атап өту керек. Алайда, тәжірибеде мемлекеттік
тапсырыс берушілер шағын кәсіпкерлік үшін заңда көзделген жеңілдіктерді
мүлдем дерлік қолданбайды.
Шағын кәсіпорындардың дамуына кері әсерін тигізіп отырған басты
проблемалардың бірі кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының қажетті деңгейде
нәтижелі жұмыс жасай алмауы болып табылады. Шағын кәсіпорындардың қаржылық
проблемаларын шешуде қаржы институттарының қызметін жетілдіру маңызды.
Бірақ, олардың қызметін жүзеге асыру кезінде де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz