Оқу тәжірибеның міндеттері


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Практикалық есеп

Такырыбы:ҚР Парламенттін жоғарғы мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны және ролі

Мазмұны

Кіріспе . . . ………. 3

1. Мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу. Болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу . . . 4

2. Криминалистикалық бір саласы «дактилоскопия»-мен танысу 5

3. Болшақ кәсіптік қызметтің объектісі болып табылатын ұйымдармен танысу экскурсияларын өткізу(Полиция департаменті, Тергеу органы, Анықтау органы, Сот, криминалистикалық орталық, Адвокаттар алқасы, Жедел іздестіру қызметі) . . . 6

4. Жеке тапсырма: ҚР Президент әкімшілігінің оның өкілеттіктерін жүзеге асырудың ролі . . . 8

5. Қорытындылау есебі . . . 14

6. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 15

Кіріспе

Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында.

Мен, 05. 06-09. 06. 2023 ж. ж аралығында 1-курстағы іс-тәжірибемді Шымкент қ. Аль-Фараби аудандық полиция департаментінде өткіздім.

Әрбір адам мектеп бітіргеннен кейін өзінің болашағын қамтамасыз ету үшін ЖОО-на түсуді мақсат етеді, яғни белгілі маман иесі болуды мақсат етеді. Сол оқу орнынан теориялық зерттеу арқылы алған білімін, міндетті түрде тәжірибеде қолдана алуы керек.

Жалпы тәжірибе дегеніміз не?

Тәжірибе латын тілінен аударғанда (experimenum) түбірі «мен бастан өткердім» деген мағынаны білдіреді. Тәжірибе жалпы айтқанда өмірдегі кез-келген нәрсені қайталап алға талпыну. Неғұрлым сіз бір нәрсені көп қолданған сайын соғұрлым көп білесіз, тіпті теория арқылы ала алмаған біліміңізді тәжірибе арқылы ала аласыз. Тәжірибенің өзі бірнеше түрге бөлінеді:діни тәжірибе, рухани тәжірибе, жұмыс тәжірибесі, кәсіби тәжірибе, философиядағы тәжірибе, өмірлік тәжірибе. Олардың өздерінің атқаратын қызметтері бар.

Осы себепттермен біз 1 апта аралығында кәсіптік қызметтің объектісі болып табылатын ұйымдарға экскурсия жасап, білікті мамандармен тәжірибе алмастық және өзімізді қызықтырған сұрақтарға жауаптар алдық. Кәсіптік практика бойынша бізге жетекшілеріміз практикалық жұмыстың қалай өтетіндігі туралы ақпараттар беріп, біздің болашағымызға септігін тигізетін үлкен мүмкіндік берді. Тәжірибе барысында біз студенттердің жеке бас қауіпсіздік ережелерімен сонымен қатар студенттердің атқаратын міндеттерімен таныстық. Тәжірибе студенттер үшін, олардың болашақ кәсібіне септігін тигізу үшін өткізіледі және осының бәрін қадағалайтын ЖОО. Осыған сәйкес студенттерге белгіленген тәртіптер мен міндеттер бар. Олар:

1) белгіленген жерге барғанда этиканы сақтап, ұқыпты киініп бару;

2) белгіленген жерге уақытылы кешікпей келу;

3) өзіне міндеттелген жұмыс тәртібін сақтау;

4) өзіне жүктелген тапсырмаларды уақытылы орындау;

Тәжірибе өткен жер:Шымкент қ. Аль-Фараби аудандық полиция департаменті.

Ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сот.


1. Мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу. Болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу.

Оқу жоспарға сәйкес оқу тәжірибені 05. 06. 2023ж-09. 06. 2023ж аралығында «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» өттім.

Жасалған орны мен уақытына, сондай-ақ хабарланатын мәліметтердің толықтығына және ұсыну нысанына қарамастан, кез келген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмысқа келіп түскен арыздар, шағымдар және өзге де ақпарат кез келген полиция бөлімінде қабылданады. Кезекші бөлімдері бар орган, өтініштерді қабылдауды тәулік бойы жүзеге асырады.

"Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7293 тіркелген, "Заң газетінің" 2011 жылғы 22 қарашадағы №171 (1987), 2011 жылғы 23 қарашадағы №172 (1988) жарияланған) .

Мен өндірістік практика өту барысында, қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, есепке алу және тіркеуді қалай жүзеге асыруды үйрендім.

Полиция бөлімшесіне тікелей жүгінген өтініш берушіге, оның ішінде учаскелік инспекторға олар бірегей нөмірі бар талон - хабарлама береді.

Кезекші бөлімнің қызметкері немесе белгіленген тәртіппен қылмыстармен арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу жөніндегі міндеттер жүктелген лауазымды адам бірегей нөмірі бар талон - хабарламаның қағаз нысанын толтырады, үзбелі бөлігін өтініш берушіге береді және ЗС-1 карточкасының қағаз нысанын толтырады және оны 24 сағат ішінде электрондық түрде карточканы қалыптастыратын қызметкерге береді түрінде. ЗС - 1 нысанындағы карточканың деректемелері ҚР БП № 27 бұйрығымен белгіленген тәртіппен толтырылады. ЗС-1 нысанындағы карточканың мәліметтері негізінде электрондық шанақта жазба автоматты түрде қалыптастырылады.

Қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдайды. Кезкеші бөлімдер қабылдауды тәулік бойы жүзеге асырады.

Практикадан өту барысында мен АПБ бөлімшесінің, кезекші бөлімінің, штаб және кеңсе бөлімшесінің, тергеу бөлімшелерінің, криминалдық полиция бөлімшесінің, әкімшілік қызмет және жергілікті мекен бойынша қоғамдық қауіпсіздік қызметтерінің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстым.

Тәжірибе өтудегі басты мақсат - Қылмыстық процесстің өтілуі, криминалистиканың бір саласы «дактилоскопия»-ның қызметі, орындалу барысымен танысу жәнеде осыған байланысты тәжірибе жинау.

Оқу тәжірибеның міндеттері:

1) базалық мекемеде практиканы сапалы және толық көлемде өту;

2) практикадан өту орнындағы ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібін қатаң сақтау;

3) практика жетекшісінің нұсқауларын үлкен ұқыптылықпен атқарып, практика бағдарламасын толық және сапалы орындау;

4) практика күнделігін барлық жоспарланған және орындалған жұмыстарды көрсетіп, тұрақты түрде толтырып отыру;

5) практиканың аяғында жазбаша есеп дайындап, оған күнделікті, бағдарламаны, жолдаманы және практика уақытында дайындалған құжаттарды қосу;

6) жазбаша есепті практикадан кейінгі бір апта ішінде практика жетекшісіне тапсыру керек;

Мамандығыма сәйкес біз оқу тәжірибеде оқып-үйрену керекпіз:

1) мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;

2) теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;

3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгеру.

4) практика өту барысында мәліметтер мен материалдарды жинақтау, талдау және тұжырымдау.

5) командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің дағдыларын игеру;

2. Криминалистикалық бір саласы «дактилоскопия»

Тәжірибенің екінші күнінде біз Аль-Фараби аудандық полиция департаментіне бардық.

Бізді ол жерде бірінші «дактилоскопия» яғни саусақ іздерін анықтау барысымен таныстырды. Жалпы дактилоскопия дегеніміз қылмыскерді саусақ іздері арқылы іздестіру мақсатында жүргізілетін криминалистиканың бір бөлімі.

Дактилоскопия - саусақ іздері арқылы адамның тегін анықтайтын ғылым түрі. Оның шығу тарихы да қызық. Дактилоскопия пайда болғалы алаяқтар мен қылмыскерлерді анықтап, жазасын қолдану жеңілдеді.

Адам қолының тері қабатын криминалистік зергтеуге трасологиянын, «дактилоскопия» деген тарауы арналған. Алайда оқиға болған жерде табылған алақан іздері де дактилоскопиялық зерттеуде қолданылуы мүмкін. Адам өкшесінің ішкі бетінің тері суреті білектін терісінің ішкі бетінің тері суретімен бірдей екені белгілі. Сонымен бірге папиллярлы өрнектері жок тері учаскелерінің де адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілері бар.

Соған карамастан, қылмыстық істе дәлелдеу процесі барысында теріні зерттеу мәселелерінің барлығын белгіліп «дактилоскопия» термині қолданылды.

Криминалистік дактилоскопияның қарапайым ғылыми негізінле келесі ережелер жатады.

Адам терісі екі негізгі қабаттан тұрады: үстіңгі - эпидермис, және дермалар - терінін өзі.

Дерманын екі қабаты бар: бұрмалы бұдырлы, торлы бұдырлы.

Жоғарғы бұдырлы қабатта пирамидалы екі кұрылым орналасқан. Папиллярлы сызықтар белгілі бір тәртіппен орналасқан. Папиллярлы үш ағымнын. жақындасуы үш бұрышты кұрайды, ол дельта деп аталады.

Әр өрнекті бөлшектік құрыдымы болады, оған сызықтың басы мен аяғы, олардын қосылуы мен тарамдануы жатады, сонымен бірге көпірше. көзшік, папиллярлы сызықтардың үзілуі және т. б. кіреді.

Тері бездері өзінін тесіктері арқылы тері бетіне тер бөліп шығады. Терінін құрамынла хлорлы натрий, мочевина, сірке және пропион қышқылдары холестирин және суда еріген басқа да заттар болады. Алам қолын майлы сүйықпен жабылған бетіне, мойнына, шашына тигізеді. Бұл май қол білегінің алақандық бетіне жұғады. және термен араласып тер-май затына айналады.

Терлі-майлы зат құрамына өлген терінін күстері кіреді.

Төменде көрсетілген папиллярлы өрнектердің де криминалистік мәні бар.

Қол саусақтары мен аяқ башпайының, саусақ сүйектерінің жастықшаларындағы терінін папиллярлы әрнектері, сондай-ақ алақан мен табан бетіндегі өрнектер жеке дара болады, яғни қайталанбайды. Бұл келесі кешенді топтын болуымен анықталады: папиллярлы сызықтар ағымы, өрнек дельтасы, папиллярлы өрнекті күрылымдык бөлшегі.

Аталған белгілер тобынын әрқайсысы сәйкес белгілердің санымен, формасымен. өзара орналасуымен ерекшеленеді. Аталған белгілер тобы барлық өрнектерде болады, сонымен бірге идентификациялық күнды болып табылатын төртінші белгі өрнек кемшіліктері де болуы мүмкін. Бұл негізінен, түрлі жарақаттар ізі, сүйел. папяллярлы өрнегі жоғалған учаскелер -әрине олардын мөлшері. формасы т. б. ескеріледі.

Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу дактилоскопиялық немесе геномдық ақпарат негізінде жеке басын анықтау және (немесе) растау мақсатында жүргізіледі.

3. Болшақ кәсіптік қызметтің объектісі болып табылатын ұйымдармен танысу экскурсияларын өткізу(Полиция департаменті, Тергеу органы, Анықтау органы, Сот, криминалистикалық орталық, Адвокаттар алқасы, Жедел іздестіру қызметі)

Тәжірибенің үшінші күнінде біз ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотқа бардық. Ол жерде біз ең алдымен соттың ғимаратымен таныстық, көрдік. Кейіннен бізді қылмыстық процесс өткізілетін залмен таныстырды, ол залда аса ауыр қылмыс бойынша істер жүргізіледі.

Қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдайды. Кезкеші бөлімдер қабылдауды тәулік бойы жүзеге асырады.

СДТБТ-на қолжетімділігі бар лауазымды адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін оны АЕК-на бекітуді жүргізеді.

СДТБТ-на қолжетімділік болмаған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдаған лауазымды адам байланыс құралдарын пайдалана отырып құқықтық өкілетті адамға хабарлайды, ал ол алынған хабарлама негізінде АЕК-де бекітуді жүзеге асырады және осы Ереженің 3-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баянат жасайды.

Жедел-іздестіру қызметінің барысында "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілгеннен кейін, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау кезінде арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары қолданыла отырып алынған мәліметтер ҚПК 184-бабының 1-бөлігі 2) -тармағының талаптарына сәйкес лауазымды адамның баяндамасы бойынша тіркелуі тиіс.

Байланыс арналары арқылы келіп түскен бүркемеленген өтініштер, соның ішінде белгісіз адамдардың хабарлары АЕК-де бекітіледі және ондағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер ҚПК-нің 184-бабының 1-бөлігі 2) -тармағының талаптарына сәйкес, тек лауазымды адамның баянаты бойынша расталған жағдайда ғана СДТБТ-да тіркелуі мүмкін.

Қылмыстық қудалау органдары анықтаған әкімшілік құқық бұзушылықтар және тәртіптік теріс қылықтар АЕК-де бекітуге жатпайды.

Хабарлама талонының бірегей нөмірінде бірінші жұп өтініштің, хабарламаның тіркелген жылын, екінші жұп-облыс кодын, үшінші жұп - аудан кодын, төртінші жұп-ведомство кодын, тоғызыншы санмен резервтік нөмірді және соңғы цифрлармен хабарландыру талонының реттік нөмірін көрсетеді.

Талон-хабарлама екі бөліктен тұрады:

• қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарлама түбіртегінен;

• арыз иесіне берілетін үзілмелі талон-хабарламадан.

Талон-хабарламаның түбіртектерінің түпнұсқалары қатаң есептілік құжаты болып табылады, қылмыстық қудалау органдарында 3 жыл бойы сақталады.

Мен өңдірістік практика өту барысында, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібімен таныстым.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінқалыптастыру және жүргізу тәртібі(СДТБТ) жүргізу шешім қабылдаған лауазымды адамның уәкілетті органға Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы берілетін "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылатын қылмыстық өндіріс бойынша әрбір әрекетке және шешімге электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының сәйкесті деректемелерін толтырады.

СДТБТ-да процестік шешімдер мен әрекеттердің электрондық шаблондары болған жағдайда, оларды қылмыстық істің материалдарына қатаң сәйкестікте толтыру міндетті.

Мен өндірістік практика өту барысында кезекші бөлімнің жұмысымен таныстым. Полицияда болған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы кезекші бөлімнің қызметкерлері бірінші болып біледі, дәл осы адамдар жедел іс-шараларды одан әрі өткізу туралы шешім қабылдайды. Кезекші бөлім-бұл ең тәжірибелі полицейлер қызмет атқаратын - полиция бөлімінің жауапты учаскелерінің бірі.

Мұнда ұсақ бұзақылықтан бастап қылмыстық қылмыстарға дейінгі ауданда болған оқиғалар туралы барлық қоңыраулар мен хабарламалар келіп түседі. Әрбір хабарлама бойынша кезекші жедел тәртіппен тиісті жұмысты ұйымдастырады: нарядтарды, жедел-тергеу тобының оқиға орнына жолдаманы уақтылы және дұрыс бағдарлайды. Кезекші бөлімнің таңы ауысу-сапқа тұрудан басталады, онда бір ауысым өз істерін тапсырады, ал түсуші қабылдайды. Нұсқамада бағдарлар, оның ішінде тонау және ұрлық, іздестіріліп жатқан қылмыскерлер, хабар-ошарсыз кеткендер, айдап кеткен автомобильдер, апаттылық статистикасы айтылады, кезекшілік күніне күштер мен экипаждардың орналасуы жарияланады.

ҚР ІІМ ҚАЖК кезекші бөлімдерінің қызметі ҚР ІІМ 2014 жылғы 17 шілдегі № 439 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады.

Кезекші бөліміне келіп түскен ақпарат, талданады және жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың әр түрлі сатыда тергеуді жүзеге асыратын инстанцияларға таратылады. ҚАЖ кезекші бөлімдері ішкі істер атқару органдары басқару аппаратының құрылым бөлімшелерінде маңызды орын алатын болды.

Осылайша, қазіргі заманғы кезекші бөлімдерінде сигналдар мен мекемеде жедел жағдай туралы хабарламалар; мұндағы жедел байланыс жүйесі, төтенше жағдайлар және сыни жағдайлар бойынша үлгі жедел жоспарлар, барлық ағындар жиналған. Кезекші нарядтың бақылауында жеке құрамның қару-жарақ және қорғаныс құралдары орналасқан.

Ішкі істер органының барлық қызметінің табысқа жетуі кезекші бөлімінің тиімді жұмысына едәуір байланысты.

4. Жеке тапсырма: ҚР Парламенттін жоғарғы мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны және ролі

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару билігін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады.

Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.

Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады.

Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.

Мәжіліс тоқсан сегіз депутаттан тұрады. Мәжілістің алпыс тоғыз депутаты - біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша, жиырма тоғыз депутаты бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, Қазақстан Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.

Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi) ; Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады) ; әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т. б.

Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда - Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды.

Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн - Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі
Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғылыми- педагогикалық зерттеу туралы ақпарат
Теміртау қаласында автокөлік кәсіпорнында үлкен жүкті автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру
Монтессори әдісін пайдаланудағы негізгі ойындаған сиияқты болу
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz