Репортаж түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Журналистика және қазақ тілі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Репортаж
Шымкент
2023 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I Журналистикадағы репортаж және оның ерекшеліктері
1. 1 Репортаждың дәстүрлі үлгісі . . . 4 1. 2 Репортаждың пайда болу тарихы . . . 8 1. 3 Репортаж түрлері . . . II РЕПОРТАЖДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖАСАЛУ ЖОЛЫ 2. 1 Репортаждың тақырыбы және лид . . . 2. 2 Репортаждағы авторлық импровизация . . . 2. 3 ҚОРЫТЫНДЫ . . . ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . КІРІСПЕ Репортаж жанры ең алғаш қазіргідей телевидение саласында пайда болмағаны бәрімізге белгілі. Журналистиканың пайда болуымен газетпен, яғни баспасөзбен тікелей байланысты. Қазақ журналистикасының пайда болуы мен дамуы туралы сөз қозғасақ, газет, журналдың шығуы онымен қатар жүреді. Демек, журналистиканың бастауы - газет деп айтсақ қателеспейміз. Зерттегелі отырған жанр түрі де газет беттерінен бастау алып, қазірде осы саладағы маңызы бар жанрлардың бірі болып отыр. Уақыт пен қоғамның талабына сай газет жанры байып, жетілу үстінде. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ баспасөзінде деректермен жұмыс жасау етек алды. Журналистер қандай да бір мәселені жариялай отырып оған күнделікті өмірден үзінділер беріп отырған. Соның барысында газет жанрларының жаңа түрлері пайда болды. Олар: суреттеме, очерк, репортаж. Әрбір баспасөз жанрының өзіне тән тұрақты белгілері мен ерекшеліктері бар. Бүгінгі таңдағы журналистика революцияға дейінгі мен кеңестік публицистиканың баспасөз дәстүрін сақтай отырып жанрлармен жұмыс істеуге үлкен мән беруде.Ақпаратты беруде баспасөз, үш негізгі жанр топтарын бөліп қарастырады. Олар:
- Ақпараттық - хабар-ошар, заметка, сұхбат, репортаж, есеп.
- Сараптамалық - корреспонденция, комментарий, әңгіме, шолу.
- Көркем-деректі (публицистикалық) - очерк, фельетон, деректі драма және телерадиокомпозиция. [1, 10-б]
Репортаж ақпараттық жанр құрамына кіреді. Репортаж - ақпарат пен публицистика элементтерін бойына топтастырған жедел жанрлардың бірі. Тілші өзі жүргізген репортажды баяндау арқылы талдау жасап жазады. Репортажды тілші оқиға ортасынан, шеру өтіп жатқан алаңнан, митингіден өткізеді.
Репортаж басқа жанрлармен жуықтасатындықтан, ол журналистика саласының жеке жанры бола алады. Репортаж элементтері жаңалық хабарында да, сұхбат пен аналитикада да кездесуі мүмкін. Мұндай элементтер мәтінге жан беріп, оқиға ортасын көрсетуге көмектеседі.
Көптеген адамдар өмірінде кем дегенде бір рет репортажды тыңдады, оқыды не көрді. Ал, ақпарат репортаж жанрында берілетінін білмейтіндер де көп. Репортаждың не екенін, шын мәнінде, неден тұратынын, репортаждың қандай түрлері бар екенін және журналистер бір-екі минуттық репортажды қандай еңбекпен жасайтынын осы курстық жұмыстан көре аласыздар.
I Журналистикадағы репортаж және оның ерекшеліктері
Репортаж - бұл баспасөз, радио, теледидар арқылы оқиға орнынан берілетін журналистік қызметтің бір түрі. Репортаж өмір шындығы. Ол түрлі тақырыптарды қозғайтын, өмірдің түрлі кезеңдері мен ішкі және халықаралық оқиғаларды суреттейтін әңгіме не ақпараттық хабар. Репортаж оқиға орнында туады. Осылайша, репортажды - оқиғаның өзі деп те қарастырады. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі - ол өткенді емес, тап сол кезеңдегі, уақыттағы оқиғаларды, әлемде не болып жатқанын сипаттайды. Онда жаңа ғана аспаннан қонған ғарышкерлер де, салынып жатқан нысан, жаңадан ашылған стадион немесе мәдениет сарайы және болып жатқан барлық оқиғалар туралы айтылады. Репортаж тақырыбы тек үлкен оқиғалар болады деп айту қате. Репортаждың мақсаты не оқиға болғанын тек түсіріп халыққа жеткізу емес. Осы оқиғаның әлеуметтік мәні мен мағынасын аша отырып, аудиторияның сұранысын таба білу. Репортажды жазу анықтықты, нақты фактілерді қажет етеді. Репортаж - оқиғаны шынайы фактілермен дәлелдей отыра көрсете алатын жанрлардың бірі. Демек, репортаж тез, жылдам жасалса, оқиға аудиторияға неғұрлым тез, түсінікті, тиімді жеткізілсе, соғұрлым ол құнды, ықпалды және тартымды болады. Ал ол оқиға өтіп кеткен соң, оның қызығы да, бояуы да қалмайды. Сондықтан да репортажды, сенсациялық жаңалықтарды журналистер әрдайым бірінші болып жеткізуге асығады. Репортаждың ерекшеліктері: репортер сюжеттің басынан бастап біткенше оқиға орнында болуы керек. Себебі, репортер сюжетті қоғамға жеткізуші, суреттеуші. Репортаждың шынайы әрі аудиторияға өтуі бұл ең бірінші репортер мен оператордың еңбегі деу әбден дұрыс. Барлық ұсақ-түйектер оқиғалар репортаж жазуға негіз бола бермейді. Ол әлеуметтік маңызды оқиғаларға негізделуі керек. Оқиғалар толық, жан-жақты және жүйелі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына негізделген. Репортаж тілі әдемі әрі жеңіл, стилі тартымды болуы шарт.
Әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігі - өзіндік әдеби-cтилін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Репортаж жанры кейіпкердің қатысуы мен эмоцияның үйлесімінсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, репортаж жеделдікті қажет етеді. Репортаж ең алдымен болған оқиға, байқалған құбылыс жайында бастан-аяқ баяндау. Ол бүгінгі таңда журналистика саласында кең етек алған жанрлардың бірі. Репортаж барысында журналист оқиғаны сан қырынан көрсетіп, шынайы болмысты оқырманға, тыңдарманға, я көрерменге жеткізеді. [1, 47-б]
«Репортаж» сөзі латын тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағынаны білдіреді. Оның даму кезеңі баспасөздің дамуымен тұспа-тұс келеді. Оның алғашқы белгілері заметка жанрында байқалады. «Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз - оқиғаның өзі» [2, 59-б], - дейді профессор Т. С. Амандосов. Ал ғалым С. Байменше: «Репортаж - баспасөздегі жібек баулы жанрларының бірі. Өйткені репортажды жазу оңай емес. Журналистер, әдетте репортаж жазудың әртүрлі нысандарын қолданып отырады. Мысалы, ол автордың болған оқиға жөніндегі монологына да құрылуы мүмкін. Мұндай жағдайда автор өзін көрсетпейді, бірақ оқырман автордың қаншалықты қатысы бар екендігін сезіп, біліп отырады» [3, 18-б], -деп түсіндіреді.
Қазақ журналистикасындағы публицистер шығармашылығында репортаж жанрының атқарған рөлі зор. Журналистика майталмандары бола білген Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек секілді журналистер шығармашылығында жетекші орынды алған жанр - репортаж. Егер репортаж журналистің қатысуымен жасалып, баяндалса онда ол сәтті болып шығады. Дегенмен, мұндағы журналист өз ісін жетік меңгерген маман болуы тиіс. Себебі, оқиғаны өз жүрегінен өткізіп аудиторияға әсерлі етіп жеткізіп, оқырман көңілінен шыға білу үлкен еңбекті қажет етеді.
С. М. Гуревич репортаж жанрына: «Репортаж авторының өзі болған оқиғаға куәгері немесе тікелей оқиғаға қатысушының айтуы бойынша ақпаратты жедел динамикалық хабарлауы» [4, 78-б], -деп анықтама береді. Бұл анықтаманың авторы репортажды бірнеше түрге бөледі. Оқиғалы репортаж негізінде өте маңызды оқиға жатады және оның ерекшелігі - жеделдігінде. Танымдық репортаж - кітап қоймалары, мұражайлар және тағы да басқалармен танысу мақсатында жазылады. Проблемалық репортаж негізінде деректерді талдау, осы немесе өзге де проблемаларды салыстыра жан-жақты ашуға күш жұмсалады.
Публицистика теориясын зерттеуші М. Шостак: «Оқиға» - репортаждың синонимдерінің бірі болып табылады. Жақсы репортаждың детальдары бір жағдайдан екінші жағдайға, бір ырғақтан басқаға ауысу шегін көрсететін қозғалыс бейнесін береді» [5, 90-б], - деген тұжырым айтады. Суреттеп жазу емес (артық суреттеулер репортажға зиян келтіреді), тұрақты қозғалыстың берілуін түйсіну, оның көрінісі қозғалмалы сипатта болуы қажет.
Репортаждың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
- уақтылы оқиғаларды өрістету;
- оқиғаларды кезеңдерге бөлу;
- міндетті әсерленуші орта;
- деталь арқылы жасалатын жұмыстар;
- репликалармен және эпизодтармен (осы репортаждық) болып жатқан тез болатын әсерді жасау;
- авторлық «менді» сезіну;
- талпыну ырғағы;
- оқиғаның аяқталған бейнесі.
Репортаж - бұл ерекше жанр. Мұнда стиль, сюжет және көрнекілік, дәлелдеушілік, болып жатқан оқиғаға авторлық қарым-қатынас болуы өте маңызды.
Бұл жанр рубриканың «проблемалық репортаж» түрі басылымдарда, телерадиода да жиі орын алады. Оқиғалардағы сол немесе өзге де проблемаларды жазу авторға қосымша міндеттеме жүктейді. Оқиғалар туралы айту және проблемалардың неге байланысты болып жатқанын оқырманға жеткізу өте қажет. Қазіргі заманғы репортерлер проблемалық линияларды, проблемалық кезеңдерді көбірек қолданады. Проблемалық репортаждың авторы сол немесе өзге де проблеманы зерттеуге тырысады. Бұл осы жанрдың алға жылжуын көрсетеді. Одан басқа газет жарияланымдары, жанрлардың өзара кірігу, өзара әсер етулері жүріп жатады.
Репортаж - оқиғаларды орнынан жедел және көркем етіп беретін жанр. Жанрдың негізгі қасиеті - «болу эффектісі» - бұл оқырман, тыңдаушы, көрермен болған оқиғаны репортердің көзімен көруі және естуі. Оқиғаның тікелей қатысушысы автордың өзі оған барлық оқырманды, тыңдаушыны және көрерменді қатыстырады.
Репортаж түрлері: оқиғалық - оқиға хронологиялық (сондай-ақ оқиға алды мен оқиғадан кейінгі репортаждарды қарастырады) түрде беріледі. Тақырыптық репортаж - оқиға қандай да бір жерінен бастап беріледі, бұл жерде кеңейтілген және нақты түсініктемелерге рұқсат етіледі және жазылатын ахуалды, яғни репортаж жоспарланбаған оқиғадан беріледі.
Репортаждың тілі мен стилінде екі бастама болуы мүмкін: деректілік пен көркемдік. Олар өзара тепе-теңдікте болуы тиіс, егер көркемдік басым болса, репортаж беллетристикаға айналады, тек деректі ғана тізіп берсе репортаж құрғақ және қызықсыз болады. Сонымен қорыта айтқанда, публицистикадағы қандай да бір ақпарат ағымын жедел түрде жеткізетін пішін ақпараттық жанрлар болып табылады. Оның ішіндегі репортаж баспасөздегі репортаж, фоторепортаж, радиорепортаж, телерепортаж болып бөлінеді.
Фоторепортаж - журналистикадағы атқаратын қызметі жағынан репортаждың белсенді түрі. Репортаждың бұл түрінде фотосурет пен мәтін болады. Фототілші болған оқиға мен құбылысты суретке түсіріп, жедел жарияласа, жаңалық ең алдымен сурет арқылы тез арада хабарлауға мүмкіндік туады. Фотосуреттер қоса берілетін репортаждар әрқашан нанымды және әсерлі шығады.
Радиорепортаж. Репортаж - хабар таратудың көп қолданылатын жанры. Ол радионың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай жасайды және ерекшелігін толықтай іске асыра алады. Радиорепортажда ақпараттық радиохабардың ұтымды жақтары қолданылады: жылдамдық, өзектілік, мәтіннің қысқа, әрі нақтылығы, образдық бейнелеу. Бұл туралы ғалым Н. Омашев: «Радиорепортаж - радионың табиғатына тән, оқиғаның дыбыстық суретін тыңдарманның көз алдына елестете алатын, жанды сөзбен әспеттелетін, оқиға аясындағы журналистің баяндауын табиғи шумен толықтырып, оқиғаға қатысушылардың әңгімесімен әсер етіп, тыңдарманды қайталанбас сәттің куәгері ететін ерекше жанр» [6, 87-б], - деген анықтама береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz