Бауыржан Момышұлының дара тұлғасы - қазақ халқының мақтанышы
Аймағы, ауданы, мектебі, аты-жөні
Бауыржан Момышұлы.
Ұшқан ұя повесінің ұлттық құндылықтары
тақырыбына жазылған зерттеу жұмысы
Пән жетекшісі:
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекшісі:
Алматы, 2022
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7
Зерттеу бөлімі:
Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8-10
Ұшқан ұя повесі - қазақ рухaниятының қазынасы ... ... 11-13
Повестегі ұлттық тәлім-тәрбие көздері ... ... ... ... ... ... ... ... 14-19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-21
Ұсыныс, ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
Аннотация
(оқушының аты-жөні)-ның ғылыми жобасы тақырыбы Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя повесінің ұлттық құндылықтары деп аталады. Жұмыстың негізгі бағыты Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесіндегі ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығармадағы қазақы құндылықтарды, атап айтқанда, мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқa байланысты көзқарасы-тұжырымдары мен жасаған түйіндерін талдау әрі ұрпақ тәрбиесіне берерін көрсету боып табылады.
Ұшқан ұя повесі бойынша отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келетінін, жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы.
Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғaсын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау ХХІ ғасыр өкілінің, әсіресе, жас буынның ой-пікірі, танымы маңызды екенін мәлім. Сондықтан да осы идеяны жүзеге асыру үшін Ұшқан ұя повесін жан-жақты қарастыру арқылы белгілі бір тұжырымдар жасау, түсінік қалыптастыру да бүгінгі күні де өз өзектілігін жоғалтқан емес.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып туралы шолу жасалды: тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу барысында қолданылған әдістері туралы толық ақпарат берілді. Зерттеу бөлімі үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда жазушы Бауыржан Момышұлының ерлігі, оның афоризмдері туралы, сонымен қатар, ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығы туралы сөз болады. Екінші тарауда Үшқан ұя повесінің негізгі идеялық, мазсұндық ерекшеліктері талқыланып, кейіпкерлерге сипаттама беріледі. Соңғы үшінші тарауда автор шығармасында ұлттық құндылықтарға байланысты элементтер, ұлттық тәрбиедегі орны сөз болады. Қорытынды бөлімде ғылыми жұмыстың нәтижелеріне шолу жасалды: орындалған мақсаттар мен міндеттер, қол жеткізген нәтижелер мен зерттеудің ғылыми жаңалығы баяндалды.
The summary
The name of the scientific project FIO is called "Bauyrzhan Momyshuly. "National values of the story" Flying Nest ("Our Family)". The main focus of the work is to identify the origins of national education in the story of Baurzhan Momyshuly "Our Family", the analysis of Kazakh values in the work, in particular, points of view and concepts associated with proverbs, traditions, and customs, as well as to show the contribution to the education of the younger generation.
According to the story "Our Family", the role of the family in the upbringing of children is the most important in comparison with other educational influences, it affects the knowledge of universal values and national spiritual wealth, and the upbringing of children. work skills.
It is known that when forming Bauyrzhant, it is important to recognize the unique personality of the hero, to reveal the source of his upbringing and education, to assess his influence on the upbringing of the generation, on fiction, thinking and knowledge of the representative of the 21st century, especially the younger generation. Therefore, in order to implement this idea, drawing certain conclusions and forming an understanding through a comprehensive consideration of the story "Our Family" has not lost its relevance today.
The scientific work consists of an introduction, the main part, a conclusion and a list of references. In the introductory part, an overview of the topic was made: the relevance of the topic, goals and objectives, the scientific hypothesis of the study, detailed information about the methods used in the course of the study were determined. The research section consists of three chapters. The first chapter will talk about the heroism of the writer Baurzhan Momyshuly, his aphorisms, as well as the importance of educating the younger generation. The second chapter discusses the main ideological and content features of the story "Our Family" and describes the characters. In the last third chapter of the author's work, the elements related to national values and their place in national education are discussed. In the final part, an overview of the results of scientific work was presented: the goals and objectives achieved, the results and scientific novelty of the study were described.
Аннотация
Название научного проекта ФИО называется Бауыржан Момышулы. Национальные ценности повести Летающее гнездо (Наша семья). Основным направлением работы является выявление истоков национального воспитания в повести Бауржана Момышулы Наша семья, анализ казахских ценностей в произведении, в частности, точек зрения и понятий, связанных с пословицами, традициями, и обычаев, а также показать вклад в образование молодого поколения.
Согласно повести Наша семья, роль семьи в воспитании детей является наиболее важной по сравнению с другими воспитательными воздействиями, она влияет на познание общечеловеческих ценностей и национального духовного богатства, на воспитание детей. рабочие навыки.
Известно, что при формировании Бауыржанту важно распознать неповторимую личность героя, раскрыть источник его воспитания и образования, оценить его влияние на воспитание поколения, на художественную литературу, мышление и знания представителя 21 века, особенно молодого поколения. Поэтому для реализации этой идеи подведение определенных выводов и формирование понимания через всестороннее рассмотрение рассказа Наша семья не утратило своей актуальности и сегодня.
Научная работа состоит из введения, основной части, заключения и списка использованной литературы. Во вводной части был сделан обзор темы: определена актуальность темы, цели и задачи, научная гипотеза исследования, подробная информация о методах, использованных в ходе исследования. Исследовательский раздел состоит из трех глав. В первой главе будет рассказано о героизме писателя Бауржана Момышулы, его афоризмах, а также о важности воспитания подрастающего поколения. Во второй главе рассматриваются основные идейно-содержательные особенности повести Наша семья и описываются действующие лица. В последней третьей главе в работе автора обсуждаются элементы, относящиеся к национальным ценностям, и их место в национальном воспитании. В заключительной части был представлен обзор результатов научной работы: описаны достигнутые цели и задачи, результаты и научная новизна исследования.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бауыржан Момышұлының есімі әрбір қазақстандық үшін қымбат. Ол - бұрын-соңды болмаған батылдықты, халқына деген шексіз сүйіспеншілікті, өз ісіне адалдықты, өз ұстанымыңа берік болудың үлгісі бола отырып, көзі тірісінде аңызға айналған тұлға. Соғыс қаһарманы, әскери ғылымның дамуына орасан зор үлес қосқан дарынды офицер, халқының біртуар перзенті, өз шыққан тегін мақтан тұтқан. Жазушы Александр Бек кездескен кезде оның тегі туралы сұрағанда, кейіпкер: Менің тегім жоқ. Момышұлы - менің әкемнің аты, Бауыржан - менің атым. Бірақ фамилиям жоқ... Мен туралы кейін жазар болсаңыз, мені қазақша атаңыз: Бауыржан Момышұлы. Білсін бәрі: қазақ екенімді; фамилиясы жоқ адам екенімді. Өзінің ұлттық болмысын сақтаудағы табандылығы батырға көптеген марапаттар мен атақ берді. Соғыс жылдарында оған Кеңес Одағының Батыры атағы бірнеше рет берілді, бірақ оны қайтыс болғаннан кейін алды. Дегенмен, Бауыржан Момышұлының қай кезде де ең басты марапаты - халқының сүйіспеншілігі мен құрметі болды.
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның дүние есігін ашқан сәттен бастап болашағын қалыптастырудағы алғашқы баспалдақтарын жасаған. Тәрбие, өнеге алған бала, келешекте де алған өсиет-білімін өмірімен ұштастыра, бaйланыстыра отырып, көздеген ұлы мақсаттарына қол жеткізбек. Ж.Ж.Руссо айтпақшы балалық шақты балалық шағында көктетуді жөн санаған ата мен ана, оның болашағынан зор үміт күтері сөзсіз. Адам өміріне үлкен әсер ететін ең бірінші құрал - оның тәрбиесі. Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғaсын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау ХХІ ғасыр өкілінің, әсіресе, жас буынның ой-пікірі, танымы маңызды екенін мәлім. Сондықтан да осы идеяны жүзеге асыру үшін Ұшқан ұя повесін жан-жақты қарастыру арқылы белгілі бір тұжырымдар жасау, түсінік қалыптастыру да бүгінгі күні де өз өзектілігін жоғалтқан емес.
Жұмыстың мақсаты - авторы Бауыржан Момышұлы болып табылатын Ұшқан ұя повесіндегі ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығармадағы қазақы құндылықтарды, атап айтқанда, мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқa байланысты автордың көзқарасы, ой-тұжырымдары, жасаған түйіндерін талдау; ұрпақ тәрбиесіне берерін көрсету. Осы мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттері айқындалып алынды:
1. Автордың өз бойындaғы отансүйгіштік, туысқанға деген бауырмалдық және жанашырлық, әділеттік, шыншылдық сезімнің негізгі өзегі ұлттық құндылықтарда екендігін айқындау;
2. Ұшқан ұя туындысының мазмұны мен мақсатының жемістілігін дәлелдеу;
3. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеттің суреттелуіне тоқталу.
Зерттеу гипотезасы: Көркем шығармалардың оқырман үшін, оның психологиясына әсері зор. Дәл сол сияқты, біздің негізгі зерттеу объектісі болып отырған Ұшқан ұя повесінің де өз оқырмандарына берері, жеткізері, үлгі ретінде көрсетері мол. Шығарма авторын ұрпақ тәрбиесі, Отанға деген адал қызмет, адалдық, тәртіп мәселелеріне үлкен мән берген. Тіпті Ұшқан ұя повесі алғашында қазақы болмысты дәріптеу мақсатында Наша семья деген атпен орыс тілінде жарияланған. Жас ұрпаққа жастайынан ұлттық тәрбие мазмұны белгіленіп, оның бойына ұлтжандылық сезімін сіңіруде кешенді шаралар қабылданса, елдің өркендеуіне, оның құндылықтарын сақтауға, құрметтеуге, сүюге, қызмет көрсетуге және т.б. сезімдерінің арқасында өз елінің батыры деген атқа лайық мүмкіндіктерін ашуды дәлелдейді.
Зерттеудің нысаны: жазушы Бауыр Момышұлының Ұшқан ұя (Наша семья) повесі
Зерттеудің әдісі: контент-анализ, герменевтикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи талдау, баяндау, анализ, синтез.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: зерттеу жұмысында Ұшқан ұя повесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптейтін негізгі үш аспектілер анықталды: халық фольклоры, салт- дәстүр, бала тәрбиесі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып туралы шолу жасалды: тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу барысында қолданылған әдістері туралы толық ақпарат берілді. Зерттеу бөлімі үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда жазушы Бауыржан Момышұлының ерлігі, оның афоризмдері туралы, сонымен қатар, ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығы туралы сөз болады. Екінші тарауда Үшқан ұя повесінің негізгі идеялық, мазсұндық ерекшеліктері талқыланып, кейіпкерлерге сипаттама беріледі. Соңғы үшінші тарауда автор шығармасында ұлттық құндылықтарға байланысты элементтер, ұлттық тәрбиедегі орны сөз болады. Қорытынды бөлімде ғылыми жұмыстың нәтижелеріне шолу жасалды: орындалған мақсаттар мен міндеттер, қол жеткізген нәтижелер мен зерттеудің ғылыми жаңалығы баяндалды.
Жұмыстың көлемі: 20 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 17
Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор
Аты аңызға айналған тұлға, Кеңес Одағының Батыры - Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының қайсарлығы мен батырлығы қазақ жерінің шабандозы қаймықпай шайқасқан майдандардың өрісі мен таулары, жері мен аспаны әлі күнге дейін ұмытпаған. Тамаша стратег, мықты қолбасшы бүкіл Одақ көлемінде атағы жайылып, дәріптелген болатын.
Бауыржан Момышұлы турашыл, қыңыр адам болған. Оның өктемдігі мен мінезі жұрттың көңілінен шыға бермейтін. Қазақ жерінің батыры өзінің лауазымдық мәртебесін асыра пайдаланбады, ол жай ғана тәртіпті сақтап, әділетті болды. Оның қыңыр мінезі аңызға айналған. Бұған оның тегі (қазақша аяқталуы) дәлел. Сонымен, бектер мен байлардың ішінде нағыз қазақы, ерекше Момышұлы тегі пайда болды, бірақ ол батырдың келбетіне қаншалықты сәйкес келді? Менің тегім жоқ. Момыш-Ұлы - менің әкемнің аты, Бауыржан - менің атым. Бірақ фамилиям жоқ... Мен туралы болашақта жазар болсаңз, мені қазақша атаңыз: Бауыржан Момыш-Ұлы. Білсін: қазақ екенімді, далада қой айдаған қойшы болғанымды; фамилиям жоқ адам екенімді.
Жазушы артынан проза мен поэзиядан бөлек, көркем афоризмдер қалдырған. Жас ұрпақтың болашағына қатты көңіл бөлген. Мәдени мұра, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып батырды дәл өзі өткерген соғыс сияқты алаңдатқан: артта азап пен мыңдаған өлілер қалса, алда белгісіз болашақ еді. Оның терең ойлары мен пайымдаулары қанатты сөздер мен афоризмдерге айналды. Ал, жалпы, жазушының әрбір сөзі қанатты, есте қалатын тіркеске айналды. Бұл тәрбиелік сөздер әлі өз мәнін, маңызын, құндылығын жойған емес. Өзінің ұлтын сыйламаған - ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас. Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ., Тіл - елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш. Халықтың ізгі дәстүрі - біздің ең асыл мұрамыз. Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор, - дейді ойшыл.
Бауыржан Момышұлының барлық шығармалары - шындыққа негізделген, тарихи деректілігімен, ақиқатымен, өзіндік ерекшелігімен баға жетпес құнды дүниелер. Бауыржан Момышұлының дара тұлғасы - қазақ халқының мақтанышы. Ақыл-ойын, қайсарлығын, адалдығын, адамдығын сөзімен де, ісімен де көрсете білген кешегі сирек тұлғалардың бірі. Ол батыр бабаларының нағыз ұрпағы.
Бауыржан Момышұлына еңбегі сіңген Кеңес Одағының Батыры жұлдызының қайтыс болғаннан кейін берілуі өкінішті. Біз, қазақ тарихының жарық жұлдызы, біртуар тұлғаның ұрпақтары Бауыржан Момышұлының мұрасын сақтап қана қоймай, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Сондай-ақ біз оның шығармаларын мезгіл-мезгіл оқып, күш-қуатпен толтырып, адамзатты жоғары деңгейге көтеретін құрылыстарды қабылдауымыз керек. Қазақ халқы батырын еске алып, мақтан тұтады. Өйткені, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.
Қазақ Жігітке жеті өнер де аз дейді. Бұл мақал Бауыржан Момышұлының табиғатына дәл сәйкес келеді. Әскери тәртіппен шыңдалған қатал адамның нәзік шығармашылық табиғаты болатын сияқты. Бауыржан Момышұлы жазушылықпен айналысқаны белгілі. Жазу мәнері, баяндауы, дәл де шынайы сюжеттері қазақ ауылындағы өткен әскери өмірдің шынайы бейнесін, кезең шындығын жеткізді. Соғысты басынан өткерген жауынгер ретінде Бауыржан Момышұлы Соғыс психологиясы деген атпен кітап жазды.
Жазу дағдысы кемелдікке жетіп, соғыс жылдарын егжей-тегжейлі сипаттауға көмектесті. Батыр күнделік жүргізген: шайқастар мен қиын ауа райы жағдайларына қарамастан, барлық оқиғаларды күнде жазып отырды. Онда адам бойындағы ең жоғары қасиеттер: батылдық, адалдық, әділдік жырланады, ал қорқақтық, жалаңдық, сатқындықты мінеп, сынға алады. Бауыржан Момышұлы жерлестерінің басқа дінді - христиандықты қабылдағанына қатты алаңдады. Одан кейін Б. Момышұлы генерал Панфилов туралы кітап жазады, Мәскеу түбіндегі шайқас туралы За нами Москва кітабында күрделі ұрыс сәттері суреттеледі.
Бауыржан Момышұлы шығармаларының ішінде жылы естеліктерден өрілген Ұшқан ұя атты туындысы бар. Онда ошағы бар, бала-шағасы бар, туған ауылы, туған алақанының жылуы, ақсақалдар, Туған жер және халықтың болмысы - барлығы да суреттелген.
Соғыс жылдарындағы естеліктер де кітапқа енген. Жазушы бұл романдар мен әңгімелерге жанын салды. Оларды оқи отырып, алаңсыз да бақытты балалық шаққа деген барлық махаббат пен сағынышты еріксіз түсінесің. Ауыл, салт-дәстүр, ақсақалдар, дала заңдары қызықты оқиғалармен өрби түскен.
Қазақ отбасындағы ұлттық тәрбие адамның ана құрсағынан бастап, өмір бойы және дүниеден кеткеніне дейін әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекет, қарым-қатынас арқылы жүзеге асқан. Сонымен қазақ отбасындағы ұлттық тәрбие ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәрбие дәстүрлері негізінде жүзеге асырылып отырған, яғни халық педагогикасы қазақ отбасындағы ұлттық тәрбиенің негізі болды. Қазақ жұрты бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше ден қойған. Өйткені ол баланы отбасы мен өмірдің жалғасы, болашағы деп санаған. Мысалы, отбасында баланың көп болуы, ұрпақтың жалғасы болу туралы көп дұға-тілектер айтқан Оған хaлқымыздың мынадай даналық сөздері дәлел: Бесіксіз үйде береке жоқ, Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар, Бала - адамның бауыр еті, т.б. бала туралы мақал-мәтелдер бар.
Қазақ отбасында бала ұлттық дәстүр аясында тәрбиеленген. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар өте көп және олардың әрқайсысының өзіндік маңызы терең мәні бар: құрсақ тойы, шілдехана, сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, т.б. Яғни, қазақ халқында бала тәрбиелеуде отбасы үлкен рөл атқарған.
Жалпы тәрбиенің қайнар көзі - отбасы және отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы. Тәртіптілігі, қоршаған ортадағы өзін-өзі ұстай білуі, айналадағыларға деген көзқарасы, осы ұяда тәрбиеленген баланың өзіндік санасы мен тәрбиесі, ең алдымен, ата-ана тәрбиесіне байланысты. Ата-ана - бала үшін ең қымбат жандар. Жылы жүрек, мейірімді жүз, әйел алақаны, ата-ананың ыстық құшағы балаға дүние есігін ашса, дүниетанымы өмірді танудан басталады.
Ұлтжандылық, патриотизм тақырыбы, халқымыздың ұлттық мұрасының даму тарихы туралы айтар болсақ, 15-18 ғасырларда Асан Қайғы, Ақтамберді, Доспамбет, Шалқыз, Бұқар, Махамбет т.б. жураулар мен ақындар поэзиясындағы толғаулардан ұрпақ тәрбиесіне қатысты жыр жолдарын көре аламыз.
Жас ұрпақтың төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен де тығыз байланысты. Қазақ халқының арғы ата-бабаларының өмір сүрген кезінен (нақтырақ: VІ ғасыр, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика. Халық педагогикасының басты мәселелерінің бірі - ұлттық үрдістер тұтастығын сақтай отырып азаматтық, адамгершілік қасиеттерге, патриотизмге тәрбиелеу болды. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жырымен бaтырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, жұмбақ-жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік - имандылық, ақыл-ой, этика мен эстетика, еңбексүйгіштік, патриоттық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы т.б.) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен, санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп отырған.
2. Ұшқан ұя повесі - қазақ рухaниятының қазынасы
Халқының ұлттық тәрбиесінее сусындап өскен Бауыржан Момышұлының ар мен намысты биік ұстаған тұғырлы тұлғасы өзі авторлық еткен Ұшқан ұя атты повесінде терең де жан-жақты таныла түсді. Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесі (1974 жылы жарық көрді) - қазақтың 20 ғасыр басындағы этнографиялық энциклопедиясы секілді аса құнды да бағалы қазақ руханиятының қазынасы. Дәстүр, салт-сана, ұлттық құндылықтар өте шынайы суреттеледі.
Бауыржан Момышұлы Ұшқан ұя кітабы үшін 1976 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болады. Мұнда жазушы 1916 жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстарды батыл баяндап, Кеңестік өкіметтің қалыптасуының aлғашқы жылдары туралы ашығынан жазады.
Ұшқан ұя жазушының шығармаларының ішіндегі ерекше мән бере қарайтын, шоқтығы биік туындыларының бірі. Мұның себебі өзі қанат қағып ұшқан ұяға деген ыстық ықыласы, жас баланың санасынан өмір бойы өшпестей болып жатталып қалатын бейнелердің жазумен берілуі. Мұндай сезімдерді әрбір адам басынан кешетіні анық. Ұшқан ұяны оқыған әрбір адам адамдық, әдеп пен әдет, отаншылдық сезімдермен қанаттанып, ұсталаны сөзсіз.
Бұл шығарма Бауыржан Момышқлы өмір сүрген және қазіргі кезеңде де бала тәрбиесіне, жанұяға, ұрпақ тәрбиесіне арналған бірегей кітап болa алады. Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ (Сараи) демекші, баланың әлеуметтік ортасы ең әсерлі фактордың болғандығы рас. Ал шындығында тәрбиеге әсер ететін ата-ана, достары, ұстаздары болмай ма? Мұны Бауыржан Момышұлының өзі: Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген дәріс оқыған, ұстаздарымды есіме түсіріп ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата-аналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді... - деп айтып кеткен екен, яғни әжесі мен әкесінің уағызы басымырақ болғандығын аңғартып отыр.
Ұлы тұлғаның бойындағы отаншылдық, туысқандық, әділеттік, шыншылдық сезімнің негізгі өзегі де ата-ананың , демек әжесі мен әкесінің тәрбиесінде жатқан секілді. Әкеден үйренген жеті ата, жыл қайыру, әже айтқан Қазығұрт, қарлығаш, жарқанат, жылбасы жайлы ертегілер бала Бауыржанның қиялын тербеп, ұғымын кеңейтіп, таным шеңберін аша түсті.
Суреткер Ұшқан ұя повесі арқылы бүкіл қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік болмысын салт-сана, әдет-ғұрпын өз аулы арқылы ұрпақ алдына шыншыл жайып салған. Жариялылық заманның желі еспей тұрған-ақ жоғалып, құрып бара жатқан салт-дәстүр ата-мұрамыздың шын жанашыры бола білді.
Бауыржан Момышұлы бір әңгімесінде: Тарихты білу керек. Дәстүр, әдет-ғұрып, aспаннан түскен жоқ. Біз олар жөнінде үлкен қате істедік. Сол қатені осы күйге дейін түзей алмай келе жатыр -- деп, қоғамға да ащы сынын айтқан екен.
Ұшқан ұяда әлем тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы, қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды, азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді.
Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz