Қадыр Мырза Әлінің балалар поэзиясына арналған шығармаларын жинақтарынан топтастыру
Аймағы, ауданы, мектебі, аты-жөні
Қ.Мырза Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
тақырыбына жазылған зерттеу жұмысы
Орындаған:
Пән жетекшісі:
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Алматы, 2022
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6-7
Зерттеу бөлімі:
Қадыр Мырза Әлі - балалар поэзиясының классигі ... ... ... ... ... 8-12
Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін көркемдік талдау ... ... 13-23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-25
Ұсыныс, нәтиже ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Аннотация
(оқушының аты-жөні)-ның ғылыми жобасының тақырыбы Қ.Мырза Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі деп аталады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ақынның балаларғға арнаған туындыларына көркемдік талдау жасау болып табылады.
Әлемдік балалар әдебиетінде Ж. К. Андерсенің ертегілері, М. Пивен, Ж. Верннің романдары, тағы да басқа суреткерлердің шығармаларын атай аламыз. Балалар әдебиеті - қазақ әдебиетінің де арнайы саласы, - деп зерттеуші Т. Тоқсанбаева айтып кеткеніндей, Қадыр Мырза Әлінің де поэзияға әкелген балаларға арналып жазылған құнды туындылары Қазақ балалар әдебиетінің жоғарғы орынын алған. Қадыр Мырза Әлі - қазақ әдебиетінің аңызы, халқымыздың мақтанышы. Ақын өлеңдеріне деген қазіргі буынның ғылыми, әдеби көзқарасының қалыптасуы заңды құбылыс. Балалар әдебиетінің өкілдерін, олардың туындыларын ғылыми тұрғыда зерттеу, әдеби талдау жұмыстарын жүргізу бүгінгі күні өзекті болып отыр.
Зерттеу барысында жас зерттеуші герменевтика, контент-анализ, тарихи-салыстырмалы, тарихи талдау, баяндау, анализ, синтез сынды жалпы ғылыми және әдеби әдістердің кең нұсқаларын пайдаланған. Бұл зерттеудің ғылыми құндылығын арттыра түседі.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде зерттеу туралы толық ақпарат берілді: тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқындалды, жұмыс барысында қолданылған әдістер мен зерттеудің негізгі нысаны көрсетілді. Зерттеу бөлімі екі тараудан тұрады. Бірінші тарау Қадыр Мырза Әлі - балалар поэзиясының классигі деп аталады. Мұнда балалар әдебиетінің әдебиет саласы ретіндегі алатын орны, Қадыр Мырза Әлі шығармашылығының қазақ әдебиетіне қосқа үлесі сөз болады. Екінші тарауда ақын өлеңдеріне, оның ішінде, балаларға арналған поэзиялық туындыларына әдеби көркемдік талдау жұмыстары жүргізілді. Қорытынды бөлімде ғылыми жұмыс нәтижелері, жетістіктері мен ұсыныстар көрсетілді.
The summary
The theme of the scientific project FIO is called "Artistic Features of Children's Poems by K. Myrza Ali". The main goal of the research work is an artistic analysis of the poet's works for children.
Of the world children's literature, we can mention the fairy tales of J.K. Andersen, M. Piven, the novels of J. Verne and the works of other authors. "Children's literature is also a special branch of Kazakh literature," notes researcher T. Toksanbayeva. Therefore, the valuable works of Kadyr Myrza Ali, written for children, have taken a high place in Kazakh children's literature. Kadyr Myrza Ali is the "legend" of Kazakh literature, the pride of our people. The formation of the scientific and literary attitude of the modern generation to the poet's poems is a natural phenomenon. Scientific research and literary analysis of representatives of children's literature and their works are relevant today.
In the course of the research, the young researcher used a wide range of general scientific and literary methods, such as hermeneutics, content analysis, historical-comparative, narrative, analysis, synthesis. This increases the scientific value of the study.
The scientific work consists of an introduction, the main part, a conclusion and a list of references. In the introduction, detailed information about the study was given: the relevance of the topic, the purpose and objectives of the study were determined, the methods used in the course of the work and the object of the study were shown. The research section consists of two chapters. The first chapter is called "Kadir Mirza Ali - a classic of children's poetry." Here we will talk about the place of children's literature as a branch of literature, about the contribution of Kadyr Myrza Ali's creativity to Kazakh literature. The second chapter contains a literary and artistic analysis of the poet's poems, including his poetic works for children. In the final part, the results of scientific work, achievements and recommendations were presented.
Аннотация
Тема научного проекта ФИО называется Художественные особенности детских стихов К. Мырза Али. Основная цель исследовательской работы - художественный анализ произведений поэта для детей.
Из мировой детской литературе можно упомянуть сказки Дж. К.Андерсена, М. Пивен, романы Дж. Верна и произведения других авторов. Детская литература также является особой отраслью казахской литературы, - отмечает исследователь Т. Токсанбаева. Поэтоу, ценные произведения Кадыра Мырзы Али, написанные для детей заняли высокое место в казахской детской литературе. Кадыр Мырза Али - легенда казахской литературы, гордость нашего народа. Формирование научно-литературного отношения современного поколения к стихам поэта - явление закономерное. Научные исследования и литературоведческий анализ представителей детской литературы и их произведений актуальны на сегодняшний день.
В ходе исследования молодой исследователь использовал широкий спектр общенаучных и литературных методов, таких как герменевтика, контент-анализ, историко-сравнительный, повествование, анализ, синтез. Это повышает научную ценность исследования.
Научная работа состоит из введения, основной части, заключения и списка использованной литературы. В введении была дана подробная информация об исследовании: были определены актуальность темы, цель и задачи исследования, показаны используемые в ходе работы методы и объект исследования. Исследовательский раздел состоит из двух глав. Первая глава называется Кадыр Мирза Али - классик детской поэзии. Здесь мы поговорим о месте детской литературы как отрасли литературы, о вкладе творчества Кадыра Мырзы Али в казахскую литературу. Во второй главе проведен литературно-художественный анализ стихотворений поэта, в том числе его поэтических произведений для детей. В заключительной части были представлены результаты научной работы, достижения и рекомендации.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қадыр Мырза Әлі - қазақ әдебиетінің аңызы, халқымыздың мақтанышы. Кішкентай кезінен барлығы Қадыр Мырза Әлінің балаларға арналған мазмұнды өлеңдерін, ертегілерін оқып, жұмбақтарын шешкені анық. Болашақ өмірімізде ақынның өлеңдеріне, дастандарына, жырларына қайта-қайта жүгініп, оның шығармаларының мәніне тереңірек үңіліп, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, ұлттық мәдениетінің салт-дәстүрін байқай аламыз. Сондықтан да, ақын өлеңдеріне деген қазіргі буынның ғылыми, әдеби көзқарасының қалыптасуы заңды құбылыс. Балалар әдебиетінің өкілдерін, олардың туындыларын ғылыми тұрғыда зерттеу, әдеби талдау жұмыстарын жүргізу бүгінгі күні өзекті болып отыр.
Жұмыстың мақсаты - ақын Қадыр Мырза Әлі поэзиясындағы балаларға арналған туындыларындағы көркемдегіш құралдарды анықтау, талдау. Осы мақсат негізінде келесі зерттеу міндеттері айқындалды:
- Балалар әдебиетінің әдебиет саласы ретіндегі маңыздылығын айқындау;
- Қадыр Мырза Әлінің балалар поэзиясына арналған шығармаларын жинақтарынан топтастыру;
- Ақын өлеңдеріндегі көркемдік құралдарды талдау.
Зерттеудің нысаны: Қадыр Мырза Әлінің шығармалар жинақтары
Зерттеу пәні: көркемдегіш құралдар (кейіптеу)
Зерттеудің әдісі: герменевтика, контент-анализ, тарихи-салыстырмалы, тарихи талдау, баяндау, анализ, синтез.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ғылыми жұмыста ақын Қ. Мырза Әлінің балаларға арналған туындылар жинақтары сараланып, өлеңдеріне әдеби талдау жасалынды.
Зерттеу жұмысында шешімін тапқан негізгі мәселелер:
Шығармаларда эпитет, теңеу, метафора тәсілдерінің көптеп кездесіті анықталды.
Қ.Мырза Әлінің бір емес, бірнеше шығармалар жинағы зерттеу нысанына айналып отыр.
Ақын туралы пікірлерін, шығармашылығына қатысты өз бағасын берген зерттеуші ғалымдар мен әдебиет сыншыларының да ой-тұжырымдары сараланды.
Ақынның балалар әдебиетіне қосқан үлесі тақырыбындағы ғылыми конференциялар мен журналдарда жарияланған материалдар қарастырылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде зерттеу туралы толық ақпарат берілді: тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқындалды, жұмыс барысында қолданылған әдістер мен зерттеудің негізгі нысаны көрсетілді. Зерттеу бөлімі екі тараудан тұрады. Бірінші тарау Қадыр Мырза Әлі - балалар поэзиясының классигі деп аталады. Мұнда балалар әдебиетінің әдебиет саласы ретіндегі алатын орны, Қ.Мырза Әлі шығармашылығының қазақ әдебиетіне қосқа үлесі сөз болады. Екінші тарауда ақын өлеңдеріне, оның ішінде, балаларға арналған поэзиялық туындыларына әдеби көркемдік талдау жұмыстары жүргізілді. Қорытынды бөлімде ғылыми жұмыс нәтижелері, жетістіктері мен ұсыныстар көрсетілді.
Жұмыстың көлемі: 17 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 17
Қадыр Мырза Әлі - балалар поэзиясының классигі
Қазақ балалар әдебиеті бүгінгі күні барлық жанры жетілген әдебиет болып табылады. Оның үстіне, оның ежелден қалыптасқан ауыз әдебиетімізден бастау алатын поэзия үлгілерінің де алатын орны бөлек.
Қазақ балалар әдебиетінің үлгілері, әсіресе, оның ішінде балалар поэзиясының өте қызықты сала екенін аңғаруға болады. Жас буынды тәрбиелеу мақсатында қарапайым тәлім беретін дидактикалық материал ретінде негізгі ойды астарлап жеткізу, жұмбақтай сөйлеу, жас оқушысын ойландырып өсіретін жоғары сапаға көтерілген әдебиеттің бір саласы. Балалар әдебиетіне арнау өлең, ертегі, санамақ, жаңылпаш, жұмбақ, ән өлеңдері, анаграммалар жатады.
Бұдан бөлек, арнайы балалар үшін жазылмаса да, баланың ойлау, түйсіну қабілетіне, талғамына, арман-қиялына әсер ететін, өзіне балаларды тартатын көркем шығармаларды да балалар әдебиетінің қатарына жатқызуға болады. Балалар әдебиеті - сөз өнерінің арнайы бір саласы. Әдебиетің бұл түріне жататын шығармалар оқиғаның қызықты да тартымдылығымен ерекшеленді. Тілі жеңіл, көркем, түсінікті, айқын әрі әсерлі болуы тиіс. Балалар әдебиетінің басты мақсаты - жас ұрпақтың сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілік, отан сүйгіштік секілді ізгі қасиеттерге баулу. Балалар әдебиеті - балалардың эстетикалық талғамын ғана дамытып қоймайды, оның сырлас досы, қорғанышы және ақылшысы да болып табылады.
Әлемдік балалар әдебиетінде Ж. К. Андерсенің ертегілері, М. Пивен, Ж. Верннің романдары, тағы да басқа суреткерлердің шығармаларын, арнайы балалар әдебиеті ретінде жазылмаса да, балалар сүйіп оқитын кітапттарға Д. Дефоның, Д. Свифтің, В. Сноттың шығармаларн атай аламыз. Балалар әдебиеті - қазақ әдебиетінің де арнайы саласы, - деп зерттеуші Т. Тоқсанбаева айтып кеткеніндей, Қадыр Мырза Әлінің де поэзияға әкелген балаларға арналып жазылған құнды туындылары Қазақ балалар әдебиетінің жоғарғы орынын алған [17, 98].
Балалар әдебиетінің, балаларға арналға поэзияның озық үлгілерін ұсынған ақын - Қадыр Мырза Әлі. 1970 жылы Қадыр Мырза Әлінің балаларға арналған өлең-жырлары Күміс қоңырау деген атпен жинақ ретінде жарықа шықты. Кейіннен бұл кітап 1985 жылы Шымыр жаңғақ, Ғаламдағы ғажап атты өлеңдерімен толықтырылып, баспадан екінші рет басылып шықты.
Сабақ атты жинағы толықтай қарағанда ана тәрбиесі, ана өсиеті сынды ғибратты ойлар, азаматтық, адалдық, еңбексүйгіштік, табиғатты аялау тақырыптарын өлеңмен өрілген көркем сөзбен жеткізеді. Осы орайда әдебиет сыншысы Виссарион Белинскийдің қағидасы бойынша, балаларға поэзиясын жазу үшін балалар ақыны боп туу керек. Қадыр Мырза Әлі - дәл сондай ақын деуге саяды. Сондықтан Қадыр Мырза Әлінің бар өлеңдері түсіне білген балаға ана тәрбиесінен кем түспесі анық.
Сондай-ақ Ақын Қадыр Мырза Әлінің шығармалары жас ұрпақты тапқырлыққа, сөзбен емес, іспен дәлелдейтін азамат болуыға, аңғарымпаздыққа, астарлы ойды түсіне білуге, мәселені ақылмен шешіп дағдылануға үйретеді. Жазушы Әбіш Кекілбайдың Қадыр Мырза Әлінің балаларға арналған шығармалары туралы былай деп пікір білдірген екен: Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Балдырған бөбектің тілашар тақпақтары бала көкірегіне ұялаған бала бал сөздердің қорғасыннан құйғандай етіп дөп түсіп жатқан салмақтысы, оңай айтылып қиынды ұқтырар ойнақысы, тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығар даусыз.
Қадыр Мырза Әлінің өлеңдері туған жерге, туған Жайыққа, Жамбылға деген ұлы сезіммен сусындаған. Әлемге сөз шеберлерінің көзімен қарасақ, онда бұрын болмаған құдірет пен сүйкімділікті аңғарамыз. Меніңше, Қадыр Ғинаятұлын белгілі мәдениет қайраткері етіп өсірген туған жер: оның тұлға ретінде қалыптасуы, ақын, журналист, азамат болып қалыптасуы дәл осы жерде, Жайық өңірінде өтті. Сөз өнері иелері өз өнерлерімен туған жеріміздің сұлулығы мен ұлылығын көруге, біз туып-өскен, қорғауға тиіс жерге деген сүйіспеншілікті оятады.
Қадыр Мырза Әлі - 50-ден астам поэзиялық жинақтардың, әдеби-сын және балаларға арналған кітаптардың авторы. Қадыр Мырза Әлі бала кезінен кітапқұмар, тұрақты оқырман, Жәмбей аудандық кітапханасының көмекшісі болған. Кітапханадағы барлық кітаптарды қайталап оқып шығып, көркем әдебиеттің жаңалықтарын үнемі қадағалап жүрген екен.
Қадыр Мырза Әлінің көптеген өлеңдері еңбекке баулу идеясын дәріптейді. Мәселен, Тазалық деп аталатын өлеңінде баланың атынан сөйлеу арқылы еңбектің пайдасын байқатады:
Сыпырғы ап сыбанып,
Шаң-тозаңды қудым кеп.
Шүберек ап, су алып,
Сырлы еденді жудым кеп,-
Деген жолдар арқылы үй тазалаған баланың қуанышын сезімін көрсетеді. Бала бір жағынан, тазалықты сақтауға талпынса, екінші жағынан анасына көмектеседі [4. 46]. Өлең балаларды еңбек етуге тәрбилейді.
Автордың Кімге не артық? деген өлеңіне қарайтын болсақ, еңбек, жұмыс істеу, іс тындыру сияқты сөздерді термей-ақ өлең тілімен шебер:
Тәкаппарға көз артық,
Көріп тұрып, көрмейді.
Жарымеске сөз артық,
Жөн сөйлеуді білмейді.
Не істесе де, оңдырмас -
Артық қолы олақтың
Тілазарға тыңдамас -
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әр уақытта,
Түк бітірмес құмартып,
Жауқауларға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да -
Бәрі артық,
деп ақын нақыл іспеттес шумақтары арқылы діттеген ойын жеткізе білген. Өлең жолдарын оқып отырған бала терең ойға қалатыны анық, жалқаулық атаулыдан жирене түспек. Демек, автор өз міндетін өлең жолдарын кестелеу арқылы орындап отыр.
Осы сияқты Маубас, Жайбасар туындыларында да еріншек, жалқау баланы суреттейді. Сонымен қатар, Ескерту өлең-мазақтамасында еркелігі мен жалқаулығы бар баланың әрекетін бақылаймыз. Бойы өссе де, ойы әлі де өсе қоймаған баланың көтер деп әлек салуын автор келеке етеді. Күлдіре отырып ескерту де жасайды:
Аяғың сау, көзің сау,
Өзің жүрсең несі бар?!
Қозы емессің, марқасың,- [9, 211]
деп балалардың осы қылығын айта отырып ұялтады. Оларды пайдалы іспен шұғылдануға, өздігімен әрекет ете білуге тәрбиелейді.
Қ.Мырза Әлінің ерлік, батырлық тақырыптарына негізделген туындыларының да мектеп оқушылары үшін, олардың бойына патриоттық сезім ұялата алатын өзіндік ерекше сарыны бар. Бүгінде қоғам қайраткерлері жасөспірімдер үшін қаһарман қажет деп жатады. Қазақ поэзиясында қазақтың атын шығарған баты ұл-қыздарының ерлігін насихаттайтын туындылар жетерлік. Мәселен, балалар ақыны Қадыр Мыра Әлінің батыр қыз Мәншүктің ерлігін ашу тәсілі:
Қыз емес, қызыл от боп жаратылып,
Жауыңа жолбарыстай көр атылып!
Десек те, Жүрдің-ау сен Шинеліңнің
Шұбалған етегіне оратылып.
Етінен кесіп берер білем етті
Әулеті батыр елдің елең етті.
Қазақтың төпеп айтар термесіндей
Лекіте женелгенде пулеметті! (1-том, 303)
Демек, ақын теңеуді өлең шумағындағы ойды күшейту үшін, идеяны арттырып, көріністі көркейту үшін жұмсайды. Бұл жердегі теңеу сөздер - жолбарыстай, термесіндей. Ал қызыл от, шүбалған етек - тіркестері эпитет ретінде өлең жолдарын айқындап көрсетіп тұр. Жеке адамдарға арнап өлең жазу - қазақ поэзиясында ерте кезден қалыптасып қалған дәстүр іспеттес. Сол дәстүрді ілгерлете түскен ақындардың бірі Қадыр Мырза Әлі. Туған еліне өлшеусіз еңбек сіңірген, ел тарихынан іргелі орын алған халықтың батырларына, өнерпаздарына ақындарына арнаған Қадірдің өлеңдері аз емес.
Ақын тағы бір өлеңінде өткір де әсерлі теңеу арқылы Отанды сүю дейтін қастерлі сезімді дөп бейнелейді:
Кейде кіршең көңілді күйе басса,
Сенің ауаң Туған жер, тазартады.
Ұл көтерген әкедей парад күнгі,
Сен ғой биік көтеріп тұрған мені! (1-том, 76)
Осы жерде әкедей деген теңеу сөз арқылы Отан, туған жер деген үғымның сезімдегі формасын жеткізіп отыр. Теңеу өткен күндердегі парад көрінісін керсетсе де, оны ақынның сол дәуірдегі ізденістерінен қараған жөн. Сонымен қатар, көңілді күйе басу тіркесін метафоралық қолданысқа жатқызуға болады.
Осыған тағы ұқсас сарында:
Тұрсаң болды, туған жер, көктеп кілең,
Арманымды асаудай ерттеп мінем (1-78)
деп беруіндегі асаудай теңеу сөзімен туған жеріне деген ыстық ықыласын, сағынышын әсем көрсете білген.
Ақынның табиғат туралы барлық жырларында да оның туған жеріне, хлқынаа деген сүйіспеншілігі, азаматтық сезімі көрінеді. Мысалы, Ұлы дала деп аталатын өлеңінде:
Көзбен емес,
Көңілмен мөлшерлейтін
Бұл даланың ғарышпен бір өлшемі!
Қандай тегіс бұл дала,
Қандай байтақ !
Төңкерілген аспанның қақпағындай! -
(4-том, 136-б.)
Осындай жолдармен өзінің туып-өскен дархан қазақ даласы өлшеміне гиперболалық теңеулер қолданады.
Сонымен қатар, өзіне дейінгі буында табиғат туралы поэзия жазудағы қалыптасқан сарында қалмай, Қ.Мырза Әлі табиғат лирикасына қатысты туындыларының барлығында да тың бейнелеу құралдарын қолдануға ұмтылған. Нақыталай кетсек. Жаңбырлы жаз атты өлеңінде Піл аунап тұрған шалғындай жапырылып қалды көк егін деп, нөсер жаңбырдың алапат күшін бейнелейді. Ал Жаңбыр деп аталатын өлеңіндегі аспандағы бұлтты Қап-қара бұлт негірдей, табиғатты Қыл қаламның шебері деп суреттеу ақын жасаған көркемдік бояулар үлгілері. Осы секілді тың теңеулер, соны эпитет үлгілері, жаңа кейіптеу құралдары оның Туды деме сен мені осы кімнен, Көк тоғай сынды басқа да өлеңдерінде де молынан кездеседі.
Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін көркемдік талдау
Қадыр Мырза Әлінің көркем әдебиеттегі алғашқы қадамдары балалар ақыны боп қалыптасуынан басталағандығы мәлім. Тұңғыш жинағы Көктемнен (1959) басталып, Жаңғалақтар (1960), Кішкене қожанасырлар (1961), Ноян қоян (1962), Алуан палуан (1963), Сабақ (1964), Шымыр жаңғаққа (1984) сынды жинақтары бірінен-соң бірі шығып, қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде балалар поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқаны анық. Ақынның балалар ақыны боп қалыптасуы он тоғызыншы ғасырдың 50 жылдар аяғы - 60 жылдардың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Оқырмандар қауымы да алғашқы кезде ақынды балалар ақыны деп танып кеткен.
Қадыр Мырза Әліні зерттеуші, сыншылар тума талантты ақындар қатарына жатқызып жатады. Себебі тырнақалды туындыларынан-ақ өз шеберлігін көрсете алған ақынды, оның шығармашылығын терең зерттеуші академик Зейнолла Қабдоловтың өзі оңды байқап, ерекше атап көрсетіп өткен: Дәлірек айтқанда, Қадырдың қадірі - мықтылығында. Мықтылығының бір дәлелі: Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз, кібіртіксіз, тіпті ешқашан ешбір жаттығу жасамағандай бірден кәнігі шебер қалпында келді. Мұны біз тұңғыш рет Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясында танып-білген едік [1, 4 б.] - дейді әдебиетші.
Көктем атты алғашқы өлеңдер жинағында Көктем өлеңі таза кейіптеу үлгілерімен бірден көзге түседі. Мәселен:
Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайын деп құрыстанған.
Ала бұлт аспанның бір қабатындай
Ақырын төмендейді қонатындай
Күміс бу жер бауырлап қозғалады,
Көктемнің ұшып келген қанатындай [2, 13 б.] -
деп келетін поэтикалық өлең жолдарынан өзара ұжымдаса келе кейіптеу туғызған жалпақ дала, ала бұлт, күміс бу сынды эпитеттерді, қабатындай, қонатындай, қанатындай секілді теңеу сөздерді байқаймыз. Ары қарай:
Күлімдеп шуақ қонып сан қырына,
Көңілді жатыр дала жаңғырыға.
Табиғат өз перзенті - жас көктемді
Алады шомылдырып жаңбырына.
Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Даланың көзің салшы келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, түрлі әуез
Сайрайды жаңа көктем құрметіне.
Құрағы сырын шертіп қоғасына,
Сұлулық бітер көлдің жағасына.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре беред
Інідей орын берген ағасына.
Осындай қсқа ғана өлеңнің өн бойынан метафора (көктем - перзент, күлімдеп шуақ) да, синоним (алуан ырғақ, алуан үн) де, антоним (аға-іні) де орнын тауып, барлығы біріге, жарыса кейіптеуге ұласады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz