Өсімдіктердің эфир майлары


Қaзaқcтaн Реcпубликacының Ғылым және жоғары білім миниcтрлігі
Aкaдемик Е. A. Бөкетов aтындaғы Қaрaғaнды универcитеті
О. Ә. Әкен, А. Н. Әріпбай, И. Н. Әбдумәжіт
Origanum vulgare негізінде антисептикалық препаратты жасау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
6В07201- Фaрмaцевтикaлық өндіріc технологияcы білім беру бағдарламасы
Қарағандық. 2023 жҚaзaқcтaн Реcпубликacының Ғылым және жоғары білім миниcтрлігі
Aкaдемик Е. A. Бөкетов aтындaғы Қaрaғaнды универcитеті
«Қорғауға жіберілді»
Химиялық технология және мұнайхимия
кафедрасының меңгерушісі
PhD докторы А. Түсіпханұлы
6В07201 - «Фaрмaцевтикaлық өндіріc технологияcы» білім беру бағдарламасы бойынша
Origanum vulgare негізінде антисептикалық препаратты жасау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Ізденетін дәреже: бакалавр
Орындаған студенттер: О. Ә. Әкен
А. Н. Әріпбай
И. Н. Әбдумәжіт
Ғылыми жетекші:
PhD, аға оқытушы Н. Ж. Балпанова
Қарағандық.
2023ж
Қaзaқcтaн Реcпубликacының ғылым және жоғары білім миниcтрлігі
Aкaдемик Е. A Бөкетов aтындaғы Қaрaғaнды универcитеті
Химия факультеті
6В07201 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы
Химиялық технология және мұнайхимия кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Химиялық технология және
мұнайхимия кафедрасының
меңгерушісі
PhD докторы А. Түсіпханұлы
« » 202 ж.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА
Студенттер : О. Ә. Әкен, А. Н. Әріпбай, И. Н. Әбдумәжіт
(аты, жөні)
4 курс, тобы ТФП-423к, күндізгі оқу түрі
1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы: Origanum vulgare негізінде антисептикалық препаратты жасау.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Басқарма-Төрағасы-ректорының «09» қараша 2022ж. № 1406 бұйрығымен бекітілді.
2. Студентке аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «___» сәуір 2020 ж.
3. Жұмысқа қажетті бастапқы деректер (заңдар, әдеби көздер, зертханалық-өндірістік деректер) :
«Қазақстан Фармациясы», «Фармация», «Өсімдік ресурстары», «Фитохимия», «Saudi Pharmaceutical Journal», «Eurasian Chemico-Technological Journal», «Planta Medica», «Journal of Medicinal Plants Research» және т. б. журналдарды қамтитын әдеби көздерді талдау.
4. Дипломдық жұмыста (жобада) әзірленуге тиіс сұрақтар тізбесі:
- Қарапайым жұпаргүл эфир майын бөліп алу және ГХ-МС әдісімен химиялық құрамын зерттеу;
- Қарапайым жұпаргүл эфир майы бар қолға арналған антисептикалық құралды алу технологиясын жасау;
- Қарапайым жұпаргүл эфир майы бар қолға арналған антисептикалық құралды алуға зертханалық регламент жасау.
5. Графикалық материалдар тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т. б. ) .
Табиғаттағы қарапайым жұпаргүл өсімдік шикізатының суреттерін, қарапайым жұпаргүл эфир майы бар антисептикалық затты алудың технологиялық және аппаратуралық схемаларының суреттерін, қосалқы жұмыстар сатысының сипаттамасын және эфир майы мен антисептикалық затты алудың технологиялық процесін қамтитын кестелерді ұсыну.
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1) «Қазақстан фармациясы»
2) «Фармация»
3) «Өсімдік ресурстары»
4) «Phytochemistry»
5) «Saudi Pharmaceutical Journal»
6) «Eurasian Chemico-Technological Journal»
7) «Planta Medica»
8) «Journal of Medicinal Plants Research»
7. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесі:
Тапсырманың берілген күні «__» қыркүйек 2022 ж.
Ғылыми жетекші Н. Ж. Балпанова PhD, аға оқытушы
Тапсырманы қабылдады: студенттер О. Ә. Әкен
А. Н. Әріпбай
И. Н. Әбдумәжіт
Мазмұны
1. 4 Өсімдіктердің эфир майлары бар препараттар ……… . . .
1. 5 Lamiáceae тұқымдасының эфир майлары . . . . . .
1. 6 Қарапайым жұпаргүлдің фармакологиялық қасиеттері . . .
20
26
30
3 Қарапайым жұпаргүл ( Origanum vulgare L. ) эфир майы бар антисептикалық құралды алу технологиясын жасау . . .
3. 1 Қарапайым жұпаргүлдің өсімдік шикізаты . . .
37
37
3. 3 Қолды профилактикалық өңдеу үшін құрамында спирт бар құралдар құрамын негіздеу . . .
3. 4 Қарапайым жұпаргүл эфир майы бар антисептикалық құралды алу технологиясын әзірлеу . . .
42
43
4 Қарапайым жұпаргүл эфир майының микробқа қарсы белсенділігі
5 Қарапайым жұпаргүл эфир майы бар антисептикалық құралдың сапасын бағалау . . .
54
56
Қорытынды . . .
Пайдаланылған дереккөздер тізімі . . .
Қосымшалар……. .
Нормативті сілтемелер
Дипломдық жобада келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылған:
- ҚР МЖМБС 5. 03. 016-2009. Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер;
- МЕМСТ 25336-82. Зертханалық шыны ыдыстар мен жабдықтар. Түрлері, негізгі параметрлері және өлшемдері;
- МЕМСТ 8. 417-81. Өлшем бірліктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Физикалық шамалар бірліктері;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. - Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. - 592 б;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. - Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. - 804 б.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 3. - Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2014. - 872 б.
- КСРО Мемлекеттік фармакопеясы XI. - Медицина, - 1987. 1 шығарылым. - 336 б;
- КСРО Мемлекеттік фармакопеясы XI. - Медицина, - 1987. 2 шығарылым. - 400 б;
- ССТ 91500. 05. 001-00. Дәрілік заттар сапасының стандарттары. Негізгі ережелер.
Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар
АНҚ - аналитикалық нормативті құжат
ҚЖ - қосымша жұмыстар
г - грамм
ҚР МФ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы
ГХ/МС - газ хроматографиясы-масс-спектроскопия
кГц - килогерц
Б м - микробиологиялық бақылау
Б т - технологиялық бақылау
Б х - химиялық бақылау
кг - килограмм
ЗР - зертханалық регламент
мкл - микролитр
мкг - микрограмм
мл - миллилитр
M r - молекулярлы масса
мм - миллиметр
мин - минут
а. т. - аса таза
ЖФМ - жалпы фармакопеялық мақала
б. - бет
см - сантиметр
СҮ - стандартты үлгі
т. - том
ТП - технологиялық процесс
ЗТҚ - заттарды таңбалау және қаптау
ФМ - фармакопеялық мақала
ФСҮ - фармакопеялық стандарттты үлгі
х. т. - химиялық таза
т. ү. т. - талдау үшін таза
ЭМ - эфир майлары
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеуде профилактикалық антисептиканың маңызы зор. Оны жүргізу кезінде денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық және хирургиялық өңдеуге көп көңіл бөлінеді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі COVID-19 вирусының профилактикасында да антисептикалық құралдардың рөлі ерекше, сондықтан олар аса жоғары сұранысқа ие.
Қолға арналған антисептикалық құралдардың құрамы олардың түрімен анықталады. Бұл ретте бір түрдегі антисептикалық дәрілер халық арасында күнделікті қолдану үшін препараттың тиімділігін арттыратын бірнеше белсенді компоненттерді қамтуы мүмкін. Қолға арналған антисептиктердің түрлері: спирттер негізінде; органикалық қышқылдар негізінде; беттік белсенді компоненттермен, оттегіге қаныққан компонеттермен және т. б. Қолға арналған антисептикада белсенді ингредиент повидон-йод, изопропанол, этанол болуы мүмкін. Антисептиктер полиакрил қышқылы пропиленгликоль сияқты қоюландырғыштарды, глицерин сияқты ылғалдандырғыштарды, сондай-ақ өсімдіктердің эфир майларын қамтуы мүмкін. Қолға арналған құрамында спирт бар антисептиктер, антибиотиктер мен туберкулездің микробактерияларына төзімді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрлерін жояды. Олар тұмау, АИВ және ЖРВИ вирустары сияқты вирустардың әртүрлі түрлеріне қарсы жоғары вирусологиялық белсенділігімен сипатталады, бірақ құтыру вирусына қарсы тиімді болып табылмайды. Сондай-ақ, қолға арналған құрамында сприті бар антисептиктер саңырауқұлақтарды да жоюға қабілетті. Микробтармен тиімді күресу үшін қолға арналған антисептиктердегі спирттің концентрациясы 60%-дан жоғары болуы тиіс. Қолға арналған құрамында спирт бар антисептикалық құралдарды тұрмыстық жағдайларда, адамдар көп жиналатын жерлерде, сабын және қол жуғыш қолжетімсіз жерлерде қолдану ұсынылады.
Жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеуде профилактикалық антисептиканың маңызы зор. Оны жүргізу кезінде денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық және хирургиялық өңдеуге көп көңіл бөлінеді. Дәріханалық ұйымдар мен фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ, әсіресе, стерильді дәрілік заттарды дайындау кезінде қолға гигиеналық өңдеу жүргізу қажет. Антисептиктер ретінде спирттер, гуанидиндер, бояғыштар, галоид-, оттегі-, альдегид-, құрамында фенол бар және басқа да қосылыстар қолданылады [1] .
Жоғарыда айтылғандар денсаулық сақтау ұйымдарында қолды қауіпсіз және тиімді профилактикалық өңдеу үшін экологиялық таза этил спиртін қазақстандық өсімдіктерден алынған биологялық белсенді қосылыстармен біріктіріп сапалы антисептикалық құралды алу көкейге қонымды екенін көрсетеді. Мұндай антисепкалық құралдарды қолдану персоналға жеке гигиена ережелерін сақтауға, ауруханаішілік инфекцияларды ескертуге және импорттық антисептикалық құралдарға тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайы.
Шағын аумақтарды оңдеуге арналған заманауи тиімді антисептиктерге және қолдануға дайын дезинфекциялық құралдарға қойылатын талаптар қатал және әртүрлі. Бұл - микробқа қарсы жоғары белсенділік, сыртқы әсерлерге неғұрлым бейімделген микроорганизмдерді басу қабілеті, микробқа қарсы әсердің толық спектрі (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар), теріге деструктивті әсердің болмауы, теріні өңдеудің ұсынылатын режимдерінде персонал мен пациенттердің денсаулығы үшін толық, экологиялық қауіпсіздік.
Өсімдіктердің эфир майлары осындай кең микробқа қарсы спектрге ие. Эфир майларына әлемдік нарықтағы сұраныс 2018 жылы 226, 9 килотоннды құрады [2] . Болжам бойынша, ол 2019 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде орта есеппен 8, 6%-ға артады. Тамақ, парфюмерлік-косметикалық және фармацевтикалық өнеркәсіп сияқты салалардың қарқынды өсуі осы өнімге деген сұранысты арттырады.
Эфир майлары фармацевтикалық және медициналық мақсаттарда пайдалы болады деп болжанады, өйткені әдеттегі дәрілер мен дәрілердің көпшілігіне қарағанда, олардың елеулі жанама әсерлері жоқ. Эфир майларының негізгі заттары - терпендер және терпеноидтар. Бұл кластағы көптеген заттар ісікке қарсы [3], қабынуға қарсы [4, 5], ыстықты түсіретін [6], бактерияға қарсы [7], инфекцияға қарсы [8], вирусқа қарсы, спазмолитикалық [9, 10] белсенділіктерге ие, бұл жаңа дәрілік препараттарды жасау үшін әлеуетті көздер ретінде, қауіпсіз және тиімді қолданудың жаңа перспективаларын аша отырып, эфир майларын қолдануға мүмкіндік береді.
Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде және дәрілік заттардың анықтамалығында құрамына эфир майлары немесе олардың компоненттері кіретін препараттардың 80-нен астам атауы бар. Дәрілік препараттардың құрамына кіретін ең көп таралған эфир майлары: эвкалипт майы, шалфей, анис, аир, жалбыз майы және құрамында біршама мөлшерде 1, 8-цинеол, ментол, лимонен, гераниол, борнеол, линалоол және т. б. терпендер.
Бүгінгі таңда Австрия, Германия, Индия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей, Украина, Швейцария мемлекеттері эфир майлары мен терпендер негізіндегі препараттарды шығарады, олар қабынуға қарсы, жараны басатын, антисептикалық, антибактериалды құралдар ретінде, жоғарғы тыныс жолдары аурулары, жұмсақ тіндердің қабынуы кезінде, өт айдағыш жолдардың және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады.
Фитопрепараттарды қолданудың терапиялық мүмкіндіктерін кеңейту негізгі әсер ететін және қосымша заттардың ұтымды үйлесуіне және дәрілік түрлердің түрленуіне мүмкіндік береді.
Эфир майы дербес дәрілік зат ретінде шығарылады, сонымен қатар кешенді препараттардың құрамына кіреді. Фармацевтикалық кәсіпорындар эфир майлары бар 20-дан астам түрлі дәрілік түрлерді шығарады, мысалы, аэрозольдар, бальзамдар, гельдер, тамшылар, жақпалар, тұнбалар, спрейлер, таблеткалар және т. б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: қарапайым жұпаргүл эфир майы бар антисептикалық құралды жасау технологиясын жасау болып табылады.
Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталды:
- қарапайым жұпаргүл эфир майын бөлу және ГХ-МС әдісімен химиялық құрамын зерттеу;
- қарапайым жұпаргүл эфир майы бар қолға арналған антисептикалық құралды алу технологиясын жасау;
- қарапайым жұпаргүл эфир майы бар қолға арналған антисептикалық құралды алуға арналған зертханалық регламентті жасау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Қарапайым жұпаргүл эфир майы негізінде жаңа антисептикалық құрал жасалды.
Жүргізілген биоскринингтің нәтижесінде қарапайым жұпаргүл эфир майы грамоң бактериялардың 6 штаммына, грамтеріс бактериялардың 2 штаммына, саңырауқұлақтың 1 штаммына қатысты микробқа қарсы белсенділік танытатыны анықталды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы.
Қарапайым жұпаргүл эфир майы бар антисептикалық құралды алуға зертханалық регламент әзірленді.
Әдеби шолу
- Өсімдіктердің эфир майлары. Таралуы және қасиеттері.
Эфир майлары - ұшқыш, күшті иісі мен дәмі бар, май тәрізді (майлы), суда ерімейтін, негізінен түссіз немесе әлсіз боялған сұйықтықтар. Нағыз майларға қарағанда, жеңіл фракциялардан тұратын эфир майларының көпшілігі қағазда майлы дақтар қалдырмайды, себебі бөлме температурасында буланады (ұшып кетеді) . Егер өндірісте политерпендердің ауыр фракцияларын эфир майларында қалдырса (әдетте фармацевтикалық өнеркәсіпке кететін), онда майлар тек ішінара буланады. Эфир майлары өсімдіктерде түзіледі. Өте күшті физиологиялық және фармакологиялық қасиеттері бар. Таза күйінде оларды майларды жұтып, су буымен айдап алады, кейбір жерлерде сығымдағышпен сығылады немесе сұйық көмірқышқылымен және басқа еріткіштермен сығылады. Эфир майларының көпшілігі спиртпен (спирттегі эфир майларының ерігіштігі спирт концентрациясына байланысты), бензинмен, эфирмен, липидтермен, майлармен, балауыздармен және басқа липофильді заттармен жақсы ериді және осы нысандарда парфюмерияда (парфюмерлік-косметикалық өнеркәсіп) кеңінен қолданылады. Сонымен қатар эфир майлары тамақ өнеркәсібінде - дәмдеуіштерде де қолданылады.
Эфир майларын атау және ажырату үшін сол эфир майы алынған өсімдік атауын қолданады: жалбызды, лавандалы, қызғылт және т. б. [11] .
Өсімдіктерден хош иісті заттар алуды адамдар шамамен 7000 жыл бұрын үйренген. Ежелгі Мысыр қорымдарында археологтар дәрілік эфирмайлы өсімдіктердің ізін, олардың хош иісті құтыларын тапқан. Ладан, сандал және мирра Жоғарғы Өсиет (Ветховый Завет) кітаптарында кездескен. Шөптер туралы ғылымның негізін қалаушылар - ежелгі Мысыр тұрғындары, біздің дәуірге дейін төрт мың жыл бұрын эфирмайлы өсімдіктерді терапевтік және косметикалық мақсаттарда, сондай-ақ мәйіттерді бальзамдау құралы ретінде кеңінен пайдаланған. Олар үйде және түзде қолдануға арналған хош иістерді бөліп жіктеген. Діни рәсімдер мен мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды іс-шараларды орындау міндетті түрде ладанды балауызбен бірге жүргізілді, өйткені бұл хош иіс өлім-жітімнің әрқайсының жанын «ашуға» жоғары күштерге көмектеседі деп есептелді. Балауызбен хош иістенген шарларды биші-күңдер шаштарына өрген: билеп, қызып тұрған тері жабынына жанасқан балауыз еріп, қоршаған ауа нәзік қоздырғыш жұпар иістерге толған.
Ежелгі Мысырда қолданылған ароматты өсімдіктер туралы кейбір деректерді саркофагтардағы және табыт қабырғаларындағы жазбалардан алуға болады. Бүгінгі таңда осындай жазбалардың ішіндегі белгілі ең көнесі шамамен б. э. д. 2800 жылға сәйкес келеді. Пирамидалардың ішінен бензой эфирінің көптеген майларының құрамына кіретін ладанның айқын иісі бар май және жақпамай шөлмектері, косметика банкалары табылған.
Ежелгі мысырлықтар өсімдік тектес түрлі табиғи заттардың экстракттарын пайдалана отырып, пилюля, суппозиторий, паста және жақпамай түріндегі сыртқа және ішке қолдануға арналған дәрілік препараттарды, сондай-ақ ұнтақ және ароматты ысқылау сияқты косметикалық заттарды жасай алған. Дәл осы ежелгі Мысырда жүзім, қарбыз, сарымсақ, пияз, кориандр, тмин, анис, туя және т. б. сияқты пайдалы эфирмайлы өсімдіктерді медициналық және косметикалық мақсаттарда пайдалану дәстүрі туды.
Мәдениеті өте жоғары дамыған мысырлықтар эфир майларын химиялық айдау процесі жайында білген жоқ, олар эфир майларын сығымдау және механикалық сығу арқылы алды. Ежелгі мысырлықтардың қабірлерінде археологтар елге кипарис және туи майларын әкелу фактілері туралы айтылған иероглификалық мәтіндері бар саз тақтайшаларын тапты, бұл сол алыс уақыттарда эфир майларының сауда айналымында жүргенінің көрнекті дәлелі болып табылады.
Ежелгі гректер мысырлардан медицина саласындағы мәліметтердің көп бөлігін алып, өсімдіктердің емдік қасиеттері мен олардың хош иісті туындыларын табандылықпен зерттеуді жалғастырды. Олар өсімдік эфир майлары мен эссенциялары адамның ағзасы мен психикасына әртүрлі әсер ететінін анықтады, яғни босаңсытып, ұйықта да, сергітіп, белсенді әрекеттерге ынталандыра да алатын түсінді.
Шөптер мен гүлдерден шипалы хош иісті компоненттерді абсорбирлеу үшін гректер Жерорта теңізі елдерінің аумағында өсетін зәйтүн ағашы жемістерін кеңінен қолданған. Ароматталған зәйтүн майы емдік және косметикалық мақсатта пайдаланылған. Мирра - Шығыс Африкада өсетін ағаштардың сары-қоңыр шайыры болып табылатын ең көне хош иісті ингредиенттердің бірі. Шайқасқа баратын грек жауынгерлері міндетті түрде өздерімен зәйтүн майы мен миррадан жасалған антисептикалық және жараны басатын әсері бар емдік жақпаны алып жүрген.
Гүлдер мен шөптердің майлары мен эссенциялары жараларды, тұрмыстық жарақаттарды, ішкі ағза ауруларын емдеу үшін қолданылған. Австралияның аборигендері терапевтикалық мақсатта «шай ағашы» жапырақтарынан жасалған күшті антисепкалық әсері бар шырынды пайдаланған. Оның жапырақтарын мұқият ұсақтап, ботқа жасап, жаралар мен жарақаттарға қалыңдап жаққан, содан кейін жылы жапқышпен жауып қоятын болған. Осындай компресстерді пайдаланғанның арқасында жаралар бірнеше күннің ішінде жазылып кететін болған. Ресми медицинамен мойындалған әсері басым табиғи антисептиктердің бірі шай ағашы жапырақтарының майы жүздеген жылдар бойы әртүрлі мақсаттарда қолданылған. Қазіргі таңға дейін де қолданылып келеді.
Классикалық медицинаның негізін салушы болып есептелінетін Гиппократ эфирмайлы дәрілік өсімдіктердің айтарлықтай мөлшерін сипаттап берді. Шөппен емдеу теориясына атақты ежелгі римдік дәрігер Гален мол үлесін қосқан. Ол қазіргі таңда «галенді» деп аталатын эфирмайлы өсімдіктердің түпнұсқа классификациясын жасаған және жақпамайлардың прототипі болып табылатын «салқын кремді» ойлап тапқан.
Дәрілік өсімдіктер туралы ғылымға баға жетпес үлес қосқан - атақты Шығыс дәрігері Ибн Сина (980-1037 жж. ) . Оның ғылыми қолжазбаларында дәрілік өсімдіктердің 800-ден астам түріне ақпарат берілген және әрқайсысының адам ағзасына әсері сипатталған. Ол өсімдіктерден эфир майларды химиялық айдау әдісін ойлап тапты. Ибн Сина ароматерапияны - табиғи хош иістердің (эфир майларының) иіс сезу орталықтары арқылы адамға әсер етуінің эстетикалық әдістемесін танымал етті.
XII ғасырдың басынан бастап өсімдік эфир майларының негізіндегі шығыс хош иістері белгілі болып, Батыс Еуропа елдерінде кеңінен танылады. Еуропалықтар тасшөп, розмарин, лаванда сияқты жергілікті өсімдіктерді белсенді пайдалана бастады.
Орта ғасырдың көптеген қолжазбаларында өсімдік текті эфир майларын алудың әртүрлі әдістері туралы мәліметтер бар. Кітап басып шығару пайда болғаннан бері бұл рецепттер өсімдіктерді сипаттауға арналған арнайы кітап баспаларында жарық көре бастады. Анағұрлым күрделі құрамды дәрі-дәрмектер дәріханаларда сатылды, ал жеңіл дәрілер: лаванда тамшылары, шөптік жастықшалар, жақпамайлар үй жағдайында дайындалды.
Еуропада емдік және хош иісті эфир майларының дамуына және жаппай таралуына күшті түрткі болған жағдай - жұқпалы инфекциялық аурулардың (оба, шешек) эпидемиялары. Егер адамдарда өздерімен бірге ароматты эфир майларына шыланған дезинфекциялаушы әсері бар гүл жинақтары немесе шарлар болмаса, қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz