Түстердің адам ағзасына әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Түстердің адам психологиясына әсері, ғылыми жоба
Тақырыбы:Түстердің адам психологиясына әсері
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Қазақ халқының мұрасындағы түр мен түс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. 2 Түстердің шығу тарихы және алуан түрлілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. 3 Әр түстің психологиялық көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ...
2. 4 Түстердің адам ағзасына әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. 5 Түстер бойынша ем-дәм ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Түстердің адам психологиясына әсері атты ғылыми жобасы күнделікті өмірімізде жиі кездесетін түстердің адамдардың ағзасына қалай әсер етіп жатқандығын және оларды қалай тиімді пайдалану қажеттігін жан-жақты зерттеп білуге арналған.
Зерттеудің жұмысының мақсаты: Күнделікті өмірімізде кездесетін түстердің адам ағзасына пайдалы жақтарын зерттеп біле отырып, оларды тиімді қолдану жолдарын айқындау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер түстерді өз қажетімізге қарай үйлесімді қолдана алсақ, түстер туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, оның пайдасы мен зиянын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік. Сондай-ақ оның адам ағзасына тиігізер әсерін біліп, болашағымыздың сау да саламатты өмір сүруіне бар жағдай жасар едік.
Зерттеу барысында:
1. Қазақ халқының мұрасындағы түр мен түстің қолданысына сипаттама жасалды;
2. Түстердің шығу тарихы және оның әртүрлілігі айқындалды;
3. Әр түстің өзіндік ерекшелігі ашылды;
4. Түстердің адам ағзасына әсерін зерттеп білу;
5. Түстер бойынша емдәмдерді анықтау;
6. Түстердің адам ағзасына әсер етуіне сараптама жасау.
Жұмыстың орындалу әдістері. Түстердің адам ағзасына әсері туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.
на тему: Влияние цвета на психологию человека
Тема научной работы объемна и актуальна. На сегодняшний день молодежь не знает и не понимает о влиянии тех или иных цветов на организм человека. Поэтому внутри школы провела исследование с целью выявления любимых цветов среди учащихся.
Цель исследования: Исследовать влияние цветов на работоспособность и на психологию человека. Найти положительные стороны влияние цветов на организм человека.
Объект исследования: Учебно-воспитательный процесс в школе.
Задачи исследования:
- Подбор теоретического материала;
- Исследовать влияние красного цвета на психику человека.
- Предложить наиболее подходящие цвета для школьной формы.
Методы исследования: исследование, контроль, сбор информации, вывод.
Теоретическое исследование и научное новшество:
-Влияние цветов на организм человека, а особенно красного цвета;
- Предпочтение цветов у людей разного возраста.
Актуальность исследования: Выявить и исследовать влияние цветов на организм человека. Суметь объяснить в научном проекте влияние цветов на возрастную психологию учеников.
Оn the topic: the Influence of color on human psychology the
Topic of scientific work is voluminous and relevant. Today, young people do not know and do not understand the impact of certain colors on the human body. Therefore, the school conducted a study to identify favorite colors among students.
The purpose of the study: to Study the influence of colors on performance and on human psychology. Find the positive aspects of the effect of colors on the human body.
Object of research: Educational process at school.
Research problem:
- Selection of theoretical material;
- Explore the effect of red on the human psyche.
- Suggest the most appropriate colors for school uniforms.
Research methods: research, control, information collection, conclusion.
Theoretical research and scientific innovation:
- The effect of colors on the human body, especially red;
- Preference for colors in people of different ages.
Relevance of the study: Identify and investigate the effect of colors on the human body. Be able to explain the influence of colors on the age psychology of students in a scientific project.
Түстердің адам психологиясына әсері атты ғылыми жобасына
Пікір
Амангелды атындағы орта мектебі КММ 9 сынып оқушысы Касенова Балаусаның Түстердің адам психологиясына әсері атты ғылыми жобасы күнделікті өмірімізде жиі кездесетін түстердің адамдардың ағзасына қалай әсер етіп жатқандығын және оларды қалай тиімді пайдалану қажеттігін жан-жақты зерттеп білуге арналған.
Зерттеудің жұмысының мақсаты: Күнделікті өмірімізде кездесетін түстердің адам ағзасына пайдалы жақтарын зерттеп біле отырып, оларды тиімді қолдану жолдарын айқындау.
Зерттеу жұмысында оқушы оның шығу тарихына сипаттама бере отырып, оның көптүрлілігіне сипаттама жасайды. Қазақ халқының түр түс қолдану ерекшеліктеріне талдау жүргізеді. Түстердің психологиялық ерекшеліктеріне арнайы тоқтала отырып, нақты дәлелдер арқылы мысалдар келтіреді. Түстердің адам ағзасына әсерін тереңірек зерттей отырып, олардың өзіндік құндылықтарын көрсетеді.
Оқушылар арасында сараптама жасай отырып, талдаулар жүргізеді. Зерттеуші түстерді үйлесімді қолданып, тиімді пайдаланғанда өз денсаулығымызды күшейтуге оң ықпалын таныта отырып, салауатты өмір салтын ұстану жақтарын сөз етеді.
Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
К Ү Н Д Е Л І Г І
(2020 жыл)

Атқаратын жұмыс тізімі
Мерзімі
Нәтижесі
1
Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу
Қаңтар -ақпан,
2020 ж.
Түстердің адам денсаулығына әсері зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.
2
Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Наурыз-сәуір 2020 ж.
Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.
3
Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу

мамыр-тамыз
2020 ж.
Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.
4
Ғылыми жетекшіден кеңес алу
қыркүйек-қазан
2020 ж.
Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.
І Кіріспе
1. 1 Ғажайып түстер
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Біз өмір сүретін әлем түстерге өте бай. Неліктен біз қызғалдақты қызыл, ал қоңыраугүлді көк, түймедақты сары, ағаштар мен шөптерді жасыл деп санаймыз? Олардың барлығы да бірдей күн сәулесімен жарықтандырылған. Түс дегеніміз не? Неліктен бұл адамдарға таңдану, таңдану, қызығушылық сезімін тудырады? Мен өз жұмысымда осы сұрақтарға жауап табуға тырыстым.
Мен түстің тыныс алуға, қысымға және импульстің жиілігіне әсерін зерттедім, осылайша түс адамға эмоционалды әсер етеді және белгілі бір физиологиялық реакциялар тудырады.
Айтылғанның бәрінен басқа, Түстердің таңғажайып әлемі тақырыбы мені өзінің сұлулығымен де қызықтырды. Оптика заңдарын ғалымдар шығарды, ал жазушылар, ақындар, суретшілер, зергерлер өз туындыларында жарықтың сұлулығын көрсетті. Сондықтан мен түрлі жарық құбылыстарының суреттерін түсіруді ұйғардым. Жұмыс барысында мен табиғаттың ғылыми білімі мен оның поэтикалық қабылдауы бір-бірін өзара байыта отырып, бір-бірімен байланысты екенін түсіндім. Табиғи құбылыстар физикасын білу олардың ішкі үйлесімі мен сұлулығын одан әрі сезінуге мүмкіндік береді; өз кезегінде, бұл сұлулық сезімі қосымша және одан әрі зерттеуге күшті ынталандыру болып табылады.
Жер бетінде түстер көп. Олардың ерекшеліктері де алуан. Айналамыздағы гүлдерге, жәндіктерге қарап отырып таң қаласың. Есейе бастаған сайын мені табиғаттағы осы түстердің әсемдігі қызықтыра бастады, сол себепті мен осы тақырыпты зерттеп көргім келді.
Хромотерапия грек хрома түс + терапия күтім, ем - бұл жарық пен түстің көмегі арқылы адам ағзасына өзара әрекет етуді алдын алу және емдеу әдісі. Хромотерапияның тиімділігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Оны жақынырақ түсіндіретін болсақ, жарық бұл - электромагниттік сәуле бола тұра ткань арқылы өтіп, қажетті энергиямен қамтамасыз етеді. Барлық түстердің ақпараттан тұратын өзіндік сәулеленуі болады. Сәйкес келетін түстің қандай да бір ішкі ағзаға өзара әрекеті шипа болуы мүмкін. Хромотерапияны тек физикалық емдеуге ғана емес, психикалық ауруға шалдығуда және бұзылыстарды емдеуде де қолдануға болады.
Түс - адамның көзімен қабылданатын физиологиялық сезім.
Түс реңкі бұл хроматикалық түстің өзіне жарықтығы жағынан тең келетін ахроматикалық түстен негізгі айырмашылығы, негізгі қасиеті.
Зерттеудің мақсаты. Күнделікті өмірімізде кездесетін түстердің адам ағзасына пайдалы жақтарын зерттеп біле отырып, оларды тиімді қолдану жолдарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақ халқының мұрасындағы түр мен түстің қолданысына сипаттама жасау;
2. Түстердің шығу тарихы және оның әртүрлілігі айқындау;
3. Әр түстің өзіндік ерекшелігі ашылды;
4. Түстердің адам ағзасына әсерін зерттеп білу;
5. Түстер бойынша емдәмдерді анықтау;
6. Түстердің адам ағзасына әсер етуіне сараптама жасау.
Зерттеудің жаңалығы. Егер біз күнделікті өмірімізде түстерді үйлесімді әрі тиімді қолдана білсек өміріміз көңілді, денаулығымыз мықты, күш-қуатымыз мол, жұмысымыз жемісті болатынын білдік.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Қазақ халқының мұрасындағы түр мен түс
Қазақ халқы небір ғажайып реңдерді сөзбен, яғни тілмен жеткізуге өте шебер. Дәл осы тұста тағы да қазақ халқына тән тағы бір ерекшелікті айта кеткен жөн. Қазақ халқының ауыз әдебиеті - қирына көз жетпес байтақ дүние. Қазақ тілінде тек қана түрлі реңдердің байлығы, сөздің ою-өрнегі ғана емес, халықтың бүкіл тарих бойына, санасына ұялаған дүниетаным түйсігі, ұғым-нанымы жатыр.
Оны тудыратын - халықтың өмір тіршілігі мен сабақтас рухани сұранысының ұлы заңдылығы.
Ежелгі дәуірден келе жатқан жауапкершілікті, ерлікті, дәстүрді, батырлардың ерлігін, аттың сынын, қару-жарақтардың түсі мен ерекшеліктерін жырлауда сөз арқылы түрлі реңдерді шебер қолданудың ерекшеліктерін көреміз. Мысалға, ел қорғаған ер қанаты аттың сынын зерттеудегі эпитеттер арқылы ұлттық реңдердің қолдануына назар аударайықшы: Мінгенім дәйім менің ал қара кер, Көшкенде жылқы айдайымын кер кекілмен, Жылқыда ұстатпайды күңгір жирен, Мойнына теңбіл шұбар тақтым тұмар, Тізгінін ақ жорға аттың бос салғайсың, "Ойнайды торы арғамақ тал шарбақта, "Көк дөненге жарасар өмелдірік, Қара көкке қададым үкілі шоқ, Аттың бәрі тумайды буырлыдай боп, Сары аттан ырғай мойын мініп келдім т.б. Міне осындағы келтірілген әрбір поэтикалық тілдер арқылы берілген ғажайып реңдер жорықтарда жортар, ереуілге мінер, сан қилы сәйгүліктер мен дүлдүл тұлпарлардың түсі мен сынын айқындап көз алдымызға әкеледі.
Бірқатар эпитеттер жеке дара түстердің ғажап ерекшеліктерін табиғи құбылыстарына қарай айқындай көрсетіледі: Қарабас құспен шалдырып..., Көк теңіздің үстінде, Кендір баулы ақ желкен, Көк теңіздің ақ толқынына жектірдің, Арқаның құба жонында Арыстан ойнар шарқ ұрып, "Жапалақ ұшпас жасыл тау", "Ағарып атқан таңды леп, Айналайын ақ Жайық (Доспанбет), Қара судың бетінде сығылып аққан сең едің (Бұқар жырау) т.б.
Ұлттық реңдердің негізгі жүйелі тобы жан-жануарлар дуниесіне орай өте жиі кездеседі, оларды нақтылап, "айқындау арқылы ақын-жыраулардың айтпақ ойы мен түпкі мақсатын терең тануға қызмет етеді. Мысалға: Көк қоянның қос қанатын тұндырған, "Ақ киіктің шабар жері майдан дүр, Сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап (Шалгез), Қара бұлан терісін етік қылар күн қайда (Доспанбет) т.б.
Сонымен қоса ұлттық реңдердің көшілігі өмір, мекенжай, тұрмыс-тіршілік көрністері, көшпелі өмірге тән әрқилы жайларды айқындай түседі: Өрелі орындық үстінде, Ақ шымылдық ішінде, ...Ақ білегін жастанып, Еңсесі биік боз орда, еміне кірер күн қайда? (Доспанбет) т.б.
Қазақ жерінің қай өңіріне зер салып қарасаңыз да географиялық атаулардың дені сол жердің табиғи бітімімен, түр-түсімен аталатынына назар аударуға болады. Бұл ретте қазақтың кең байтақ даласының топонимдерін табиғи орта туралы шежіре десе де болады. Мысалға, тек қана реңге байланысты жер атауларын ғана еске түсіріп көрейікші Алатау, Ақкөл, Ақбұлақ, Ақжайық, Ақдала, Ақтөбе, Ақмола, Ақтоғай, Ақжол, Ақтау, Ақбұйрат, Ақжар, Аққайың, Бозтөбе, Сарыарқа, Сарыбел, Сарыағаш, Саршоқы, Көктал, Қызылқұм, Қаратау т.б. болып жалғаса береді.
Сондай-ақ қазақ халқының ұғымында "ақ - ең қалаулы рең, қасиетті ұғым. Ақ ана", ақ сүт", "ақ көңіл, ақ пейіл, ақ ниет, ақ жар, ақ жарқын, "ақ бата, "ақ тілек, ақ жүрек, ақ бөпе, ақ бота, ақ жол, "Ақ Еділ, "Ақ Жайық, ақ таң, "Ақ тау", ақ терек, "Ақ бұлақ т.б. Міне, халық ең сүйікті, нағыз қадірлі ұғымдарына ғана ақ" эпитетін қосып айтады. Жаны-ары таза адамдарды ақ адам дейді. Қазақ халқы дүние тұтқасы барлық тіршіліктің бесігі азамат өмірін өрбітуші ананы "ақ ана дейді, ал оның махаббат мейрімімен, іңкәрлік сезімін қайнар бұлақтай құйылған тіршілік нәрін - "ақ сүт" деп атаған. Мал шаруашылығымен күн көріс тіршілігі өткен қазақ халқы аналық малдың ақсүтінен жасалған сұйық тағамдарды қастерлеп ақ деп атайды. Міне ақ эпитетінің арғы тегі сайып келгенде пәк, кіршіксіз таза, кәусар мөлдір деген ұғыммен тікелей байланысты.
Қазақ халқында ақын, жыраулар суреттеген құбылыстарға ерекше рең, анық ажар беріп, айтпақ ойларын аша түсуге мейлінше елеулі ықпал көркемдік тәсілдердің бірі - мегзеу (синекдоха).
Қазақ эпосындағы Ер тарғын жырында Қара жерге қар жауар, қарды көріде етім көр, Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де бетім көр деген сияқты ақын, жыраулар мағаналық шендестірулердің небір көркем үлгілерін жасаған. Бұл арада адам өмірінің әрқилы сәтін, тірліктегі қадір-қасиетін, бағасын нақты, тереңірек бой көрсетуге бой ұру бар.
Ауыз әдебиетімізде түстерге қатысты алуан түрлі сөз тіркестерін көруге болады.
2. 2 Түстердің шығу тарихы және алуан түрлілігі
Түр-түстердің шығу төркіні жайлы мәселеге байланысты ғалымдар тарапынан әр түрлі көзқарастар айтылып, қилы-қилы болжамдар жасалған еді. Ғалымдардың кейбіреуі түр-түстерді қытай сөзінен алынған десе, кейбіреуі монғолдан кірген кірме сөз, кейбіреуі өзіміздің түркінің төл сөзі деген пікірді білдірген еді. Ғалымдар түр-түс атауларын адамның тану әрекетімен, мәдениетімен, сол халықтың өзімен байланыста қарап, түр-түстану деген бір саланың негізін қалап, тың зерттеулер жүргізіп жатыр. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сарқылмас қазынасы болып табылатын өзіндік тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Міне, осы мәдениетті, тарихты, дәстүрді түр мен түссіз елестету мүмкін емес. Мысалы, тарихтан белгілі Көк түрік, Ақ Орда, Көк Орда, бала алғаш жүргенде аяғына ала жіп байлау - бәрі түр-түспен байланысты болып табылады. Тіпті, тұрмысқа жаңа шыққан қыз баланың ата-анасына орамал тігіп, өз мұңын, жағдайын, қуанышын, шат көңілін, жіптің түр-түсімен жеткізіп отырған. "Егер орамал қызыл жіппен кестеленсе, оның әке-шешесі бұл хабарға өте қатты қуанып, барған жеріне риза болған. Өйткені қызыл жіп қуанышты, шат көңілді, бейбіт өмірді білдіреді де, ал сары жіп - керісінше, уайым-қайғының белгісі болғандықтан, қыздың әке-шешесін сағынып жүргендігін білдірген".
Түр-түстер қоғам өмірінде, дәстүрі мен әдет-ғұрпында, салты мен санасында, белгілі этностың, тіпті жеке адамдардың түсінігінде де осындай символикалық мәні бар. Түр-түске қатысты символикалық сенімдер барлық халықтарда кездеседі. Бүгінгі таңда әлемдік лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Бұның себептері көп, ең алдымен, атап айтар болсақ, көптеген ғалымдар түр-түс атауларын бірыңғай психологиямен байланыстырады. Өйткені психологтар табиғатта түр-түс толқындары болады, түр-түс дегеніміздің өзі адамның миы мен көзінің жемісі.
Физика саласындағы ғалымдар түр-түстің энергетикалық табиғаты қызықтырады, физиологтар болса, адам көзінің түр-түсті қабылдау үдерісін зерттейді, психологтар түр-түс адамның психологиясына қалай әсер етеді, қандай эмоция туғызады деген мәселелерді қарастырады, гуманитарлық салаларда (көркем әдебиет пен көркем өнерде) түр-түстің эстетикалық қызметіне көңіл бөлінеді.
Әр түрлі түстер адам өмірінде басты рөл ойнайды, бірақ күнделікті өмірде біз оны байқамаймыз. Түстер арқылы көңіліңізді көтеруге де, денсаулығыңызды да түзетуіңізге болады. Әркімнің өзінің сүйікті түсі болады, ол түстер сіз туралы барлық сырды ашып қояды.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі-түстің реңіне байланысты айқындалады.
Жарық пен дені сау адамдардың арасындағы байланыс осыдан жүздеген жыл бұрын құрылғандығы тарихтан белгілі.
Ұзақ ауыр созылмалы ауруларды емдеуде маңызды роль атқарған. Түстер терапиясы 17 ғасырда қалыптасып, пайда болды делінген деректер бар. Тіпті көне Египеттің Гелиополис храмында түстің күші сауығу үшін пайдаланылған. Бұл храмдар Күн бойынша бағдарланған, күн сәулесі ішке ене отырып, кемпірқосақ спектрінің жеті түсіне ыдыраған. Ал сырқаттанғандар өздеріне көмегі тиетін түстермен шомылған.
Психологиялық әртүрлі түстер әр адамның ішкі тепе - теңдігі мен жағдайына кез келген сәтте әсер етеді: белсенділігі, релаксация, эмоционалдық тұрақтылық. Яғни бұлар алдын ала жоспарланғандай тікелей әсер етеді.
Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер көрсеткендей түстер физикалық тұрғыда адамдардың барлығына біркелкі әсер етеді.
Көңілді көтеріп, жағдайды жақсарту үшін киім реңктері мен қажетті түстік гамманың интерьері көмектеседі. Ақ және көгілдір түсті киімнің түсіне қарағанда қызыл және сарғыш түсті киімдер күн сәулесін өзіне жылдам тартады.
Жастықтың көк немесе қаракөгілдір қабы, көк түсті жарық шамы дұрыс ұйқы мәселесін шешуге көмектеседі.
Ал жасыл желекті орман, тоғайлы жерлерде серуен құру, қиын тапсырмаларды шешуге ой салып рухани тепе-теңдікті сақтауға көмек береді.
Қызыл түс қоздырғыш түс. Ол имунитетті, гемоглабинді көтеріп, ағзаға жылу бөліп, ішек бүйрек және тік ішектің жұмысын реттейді.
Қызыл түс жеткіліксіз болған жағдайда эмоционалдық ұстамсыздық, безгектік жағдай пайда болуы мүмкін. Егер адамның өмірінде стрестік жағдай болса, ол адам қызылға жақын болады және жүрек ұстамасына шалдығу қаупі бар.
Адамдардың түс таңдауына қарап психологтар олардың мінезін, ішкі жан-дүниесіндегі құбылыстарды болжайды. Киім, автокөлік, жиһазды таңдауда әрқайсымыздың өз талғамымыз бар. Біреулердің бір ғана сүйікті түсі болады. Олар үнемі қандай зат алса да, сол түстегісін іздейді. Ал кейбіреулер киімнің жиі көк түстісін таңдап, автокөліктің қызылын, жиһаздың қоңырын ұнатады.
Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін түстердің адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап-ақ байқауға болады.
2. 3 Әр түстің психологиялық, көркемдік ерекшеліктері
Әр түске байланысты әр ел халықтарында тұрақты сөз тіркесіне айналған сөздер бар. Жалпы алуан түрлі түстердің ерекшеліктері жайлы білгіңіз келе ме?
Ақ түс. Ақ - қайырымдылық пен пәктіктің түсі. Әлемнің көптеген елдерінде қалыңдық ақ киім киеді, сондай-ақ кейбір салт-дәстүрлерде ақ түсті жерлеу рәсімдерінде пайдаланады. Ақ маргаритка - бұл өзара махаббат белгісі. Ақ дүйсенбі түсі болып келеді. Ақ түс қуаты - жалпы ақ түс емес, ол көптеген түстердің жиынтығы. Сондықтан ақ - бұл қуат синтезі. Міне, неліктен көптеген елдерде ақ түс пәктіктің, ашықтықтың және шындықтың белгісі болып есептелінеді. Ақ түс - таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі. Ақ түсінің ассоциациялануына байланысты психолог мамандар көпшілікке былай деп кеңес береді: Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз. Ақ түс адам санасында аңқаулық, пәктік, албырттық шағынан хабар беріп, ассоциациялық көріністер тудырады екен. Мәселен, ағылшындардың қолданысындағы white day (сөзбе-сөз: ақ күн) бақытты күн, ағылш: whiter than white (сөзбе-сөз: ақтан да аппақ) күнәсіз пәк яғни қазақ тіліндегі судан тұнық, сүттен ақ деген фраза баламалас келеді. Ал, көршілес орыс халықтарында ақ түсінің ассоциациялануы мүлдем бөлек. Мысалы, белый - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпті өндірістер және тұрмыстық факторлар
Табиғатты қорғау-болашақты ойлау
Күн радиациясы. Күн радиациясының адам ағзасына әсері
Түр - түс атауларының лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі
Булану бөлмелері
ТҮСТЕР БОЙЫНША ЕМДӘМ
Ультракүлгін сәуле
Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаты
Құрғақ бассейндегі Кинезотерапия
Зиянды өндірістік факторлар,олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері. Жарықтандырудың адамның еңбек қабілеттілігіне әсері
Пәндер