Феликс ауыл шаруашылығы



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕРДРАСЫ

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША ЕСЕП

ТАҚЫРЫБЫ: Егістік алқаптарының тыңайғаннан кейінгі экологиялық жағдайы

Орындаған: Акшулакова Р.К.

Жетекші: Рахманов С.С

Астана 2023
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1 Феликс ауыл шаруашылығының жалпы 4
сипаттамасы ... ... ... ... ... ...
1.1 Шаруашылық жөнінде жалпы мәліметтер және топырақ−климаттық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.2 Шаруашылықтың өндірістік қызметінің 5
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Феликс ауыл шаруашылығы меншік нысаны мен ұйымдық
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.4 Шаруашылықтың техникалық қауіпсіздік 7
ережелері ... ... ... ... ... ... . ... .

2 Жеке 10
тапсырма ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
2.1 Егістік алқаптарының тыңайғаннан кейінгі экологиялық жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.2 Феликс ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.3 Шаруашылықта қабылданған ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіру
технологиясы және оған 18
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер 23
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

Мазмұны

Кіріспе

Өндірістік тәжірибе дегеніміз – оқу үдерісіндегі өндірістік жағдайда
әртүрлі кәсіпорындарда білікті мамандар мен жұмысшыларды даярлаудағы
тәжірибелік бөлігі.
Өндірістік тәжірибе мақсаты оқу процесінде және тәжірибе алдында алған
теориялық пәндердің білімін және практикалық қабілеттерді орнықтыру болып
табылады.
Өндірістік тәжірибе жоғары білімнің негізгі білім беру бағдарламасы
бойынша оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес
оқытудың барлық нысандарының оқу жұмыс жоспарларына енгізіледі.
Өндірістік тәжірибе теориялық білімді практикалық дайындықпен тиімді
үйлестіруге мүмкіндік береді және таңдалған білім беру бағдарламасына тән
дағдылар мен шеберлікті дамытуға бағытталған.
Өндірістік тәжірибе Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Есенгельді ауылдық
округінде Феликс ауыл шаруашылығында 08.05.2023 күнінен бастап
09.06.2023ж уақыты аралығында өтілді.
Ақмола облысы Қазақстанның ірі агроөнеркәсіптік өңірі болып табылады
және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес
қосады.
Өндірістің халықаралық мамандануының жоғары деңгейі кез-келген өнімнің
әлемдік нарықтарда сәтті орнығуына мүмкіндік бермейді, сондықтан бәсекеге
қабілетті өнім өндірісін дамыту үшін белгілі бір алғышарттар болуы керек.
 Аграрлық өнеркәсіптік кешен елдің азық-түлік және экономикалық
қауіпсіздік, сондай-ақ ауылдық аумақтардың  еңбек және қоныстаушылық
әлеуетін қалыптастыратын экономиканың маңызды секторының бірі болып
табылады.
Өндірістік практиканың қысқаша мазмұны:
Практика мынадай кезеңдерді көздейді:
1. Дайындық кезеңі. Студенттер еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі
мәселелері бойынша, тапсырмаларды орындау, есеп жазу және практика
күнделігін толтыру бойынша нұсқаулықтан өтеді; ұйымның құрылымымен
танысады, ұйымның практика жетекшісімен жоспар-кестені нақтылайды.
2. Негізгі кезең. Кәсіпорынның құрылымы, мамандықтарына байланысты
мамандардың құқықтары мен міндеттері зерттеледі. Есепті қалыптастыру үшін
деректерді жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу жүзеге асырылады, күнделікті
практика күнделігі жүргізіледі.
3. Қорытынды кезең. Алынған ақпаратты өңдеу және талдау жүргізіледі;
практика бойынша есепті қорғауға дайындау.

1. Феликс ауыл шаруашылығының жалпы сипаттамасы
1.1 Шаруашылық жөнінде жалпы мәліметтер және топырақ−климаттық жағдайы

Ауыл шаруашылығы Феликс, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Есенгельді
ауылдық округі.
БИН: 730223350239
Тел: 87054250316
Шаруашылық директоры:Акшулаков К.
Феликс ауыл шаруашылығы - бұл мүлікті бірлесіп иеленетін және
өндірістік немесе басқа да шаруашылық қызметті жүзеге асыратын азаматтардың
бірлестігі. Шаруа-фермер қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін
оның басшысы жеке кәсіпкер — фермер болып табылады.
Ауыл шаруашылығы Феликс, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Есенгельді
ауылдық округінде орналасқан. Бүгінгі таңда бұл тұрақты дамып келе жатқан
ұйым. Кәсіпорын түрлі ауылшаруашылық дақылдарын өндірумен және оларды
сатумен айналысады.

Сурет 1. Феликс ауыл шаруашылығы

Феликс ауыл шаруашылығы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы
шағын жеке қосалқы шаруашылықтан бастау алады, ол сол жылдары нарықтық
қатынастардың өсуі арқасында жоғары деңгейге көтеріліп, қол жеткізе алды.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемі 2500 га құрайды. Жер қоры
жерді игеру мен жыртудың жоғары деңгейімен сипатталады.
Шаруашылықтың климаты континенттік. Климаты – тым континенттік, орташа
жылдық ауа температурасы – 17°С. Ішкі жылдық ауа температурасының барысы
қыс кезінде тұрақты қатты аяздарымен, қысқа көктем кезінде үдемелі жылумен
және жазы ыстықпен сипатталады.
Қаңтарда ауаның орта температурасы 18-19°С, жекелеген жылдары – 51°С
дейін жетеді, жаз кезінде температура 19-дан 21°С-ге дейін ауытқиды, ең
көбі + 43°С дейін. Сөйтіп ауаның ауытқу амплитудасы 40°С жақын құрайды,
ауаның абсолюттік ауытқу амплитудасы 90°С асып түседі. Жылу кезеңінің
ұзақтығы орташа 190-200 күнді құрайды.
Желдің басым бағыты оңтүстік-батысқа және әсіресе қыс кезінде
батыстан, жазда желдің солтүстіктен қайталануы арта түседі, желдің орташа
жылдамдығы 4,5-5,5 мс, жылдық жауын-шашын мөлшері 300-350 мм. құрайды,
ылғалдың негізгі көлемі әдетінше жаңбыр және қар жуу мөлшерімен аз
қарқынмен түседі.
Қар әдетінде қараша айында жауады, орта биіктігі 25-35 см, қарлы
жылдары 50-60 см жетеді. Кенеттен жеткіліксіз дымқылдану тек аз көлемде
ғана емес, сонымен ауаның төменгі дымқылдануымен де байқалады.
Дымқылданудың ең азы жаз айларында (40-45%), ең көбі қыс айларында (60-
55%). Қысы суық және ұзаққа созылған орнықты қар жабындысы жатады. Жазы
қысқа, бірақ ыстық. Қолайсыз климаттың ерекшелігі кеш түсетін-көктем және
ерте түсетін күзгі қатқақ суық.
Жазы ыстық, қысы қатал. Қаңтардың орташа температурасы -15 °C, шілдеде-
24 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм.
Жалпы аумақтың температуралық режимі және жеткілікті ылғалмен
қамтамасыз етілуі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін қолайлы. Рельеф
ауылшаруашылық техникасын қолдануға қолайлы. Ұйымдастыру жоспарында
учаскелердің өлшемдері мен конфигурациясын нақтылау кезінде ерекшеліктер
ескеріледі.
Топырақ-климаттық жағдайлар дұрыс ауылшаруашылық технологиясымен,
ауыспалы егіс жүйесін енгізумен және тыңайтқыштарды қолданумен барлық
өсірілетін дақылдардың жоғары және тұрақты дақылдарын алуға мүмкіндік
береді.
Ауыл үшін Феликс ауыл шаруашылығы халықты жұмыс орындарымен
қамтамасыз ете отырып, оң ықпал етеді, сондай-ақ қайырымдылық іс-шараларына
қатыса отырып, белсенді қоғамдық өмір жүргізеді.

1.2 Шаруашылықтың өндірістік қызметінің сипаттамасы

Феликс ауыл шаруашылығы өсімдік шаруашылығы бағытындағы шаруа
қожалығы.
Феликс ауыл шаруашылығы қызметінің негізгі түрлері Ауыл шаруашылығы
өнімдерін өсіру, өткізу, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де қызмет
болып табылады.
Феликс ауыл шаруашылығы жарғысына сәйкес кәсіпорын қызметінің
негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері мен олардың көлемін
кеңейту, сондай-ақ жаңа өткізу нарықтарын іздеу және пайда табу болып
табылады. Олардың қызметі мыналарға бағытталған:
- осы мақсаттар үшін берілген жер учаскесін пайдалана отырып, ауыл
шаруашылығы өнімдерін өсіру,
- қайта өңдеу;
- сақтау;
- тасымалдау;
- өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін сату.

1.3 Феликс ауыл шаруашылығы меншік нысаны мен ұйымдық құрылымы

1-бөлім: меншік нысаны
Меншіктің үш негізгі формасы бар:
* Мемлекеттік
* Муниципалдық
* Жеке
Бұл жағдайда біз жеке меншікті, атап айтқанда шаруа қожалығын
қарастырамыз.
2-бөлім: басқарудың ұйымдық құрылымы
Ұйымдастырушылық құрылым-ұйымды басқарудың негізгі элементтерінің
бірі. Ол ұйымның бөлімшелері мен қызметкерлері арасында басқарудың
мақсаттары мен міндеттерін бөлумен сипатталады. Шын мәнінде, басқару
құрылымы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен іске асыруда еңбек
бөлінісінің ұйымдастырушылық нысаны болып табылады.
Басқарудың келесі түрлері бар:
- Сызықтық басқару құрылымы.
Ол әр құрылымдық бөлімшенің басында барлық өкілеттіктерге ие, өзіне
бағынысты қызметкерлерді жеке-дара басқаруды жүзеге асыратын және
басқарудың барлық функцияларын өз қолына шоғырландыратын жеке басшының
болуымен сипатталады.
- Басқарудың функционалдық құрылымы.
Басқару аппаратындағы мамандандыру және ынтымақтастық
функционалды ұйымдық құрылымды құруға әкелді, мұндай құрылымда сызықтық
билік функционалды көшбасшыға орындалатын басқару функциясы ауқымында
беріледі.
- Сызықтық-функционалдық ұйымдық құрылымы.
Сызықтық-функционалды жүйе менеджменттегі еңбек бөлінісі мен
кооперациясының формасын қамтамасыз етеді, онда шешім қабылдау мен басқару
әрекеттерін желілік менеджерлер жүзеге асырады, ал функционалды - шешім
жобаларын жасайды , кеңес береді, үйлестіреді, хабарлайды.
- Бағдарламалық-мақсатты ұйымдастыру құрылымы.
Бағдарламалық-нысаналы құрылым өндірістің барлық тараптарына
әсер ететін стандартты емес проблеманы шешуге, жеке мақсатқа бағдарланған
бірыңғай объект ретінде бүкіл жүйені кешенді басқаруға негізделеді.
Феликс ауыл шаруашылығы басқарудың ұйымдық құрылымы мынадай түрге
ие.

Сурет 1. Феликс ауыл шаруашылығы басқарудың ұйымдық құрылымы

Шаруа қожалығындағы басқару әдістері негізінен жұмысшыларды дұрыс
бағытта әрекет етуге итермелейтін экономикалық жағдайлар жасау арқылы
жүзеге асырылады. Материалдық ынталандыру қызметкерге әсер етудің маңызды
құралдарының бірі болып табылады.

1.4 Шаруашылықтың техникалық қауіпсіздік ережелері

Объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын
талаптар.
Жалпы талаптар.
1. Объектілердің өрт қауіпсіздігі:
1) өртті болдырмау;
2) өртке қарсы қорғаныш;
3) ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесімен қамтамасыз етіледі.
2. Объектілердің өрт қауіпсіздігінің ішінде адамдардың қауіпсіздігінің
нормативтік деңгейін қамтамасыз етуге жəне өрт нəтижесінде үшінші
тұлғаға зиян келтіру қауіптілігін болдырмауға бағытталған шаралар
кешені болуға тиіс.
3. Өртті болдырмау, өртке қарсы қорғаныш жүйесі жəне
ұйымдастыру-техникалық шаралар құрамын шаруашылық ету объектісінің
атқарымдық арналуы анықтайды жəне осы Техникалық регламентте, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері жəне өрт
қауіпсіздігі мəселелерін регламенттейтін нормативтік құжаттар белгілейді.
4. Егер мына шарттардың бірі орындалса:
1) осы Техникалық регламентте, Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілері жəне өрт қауіпсіздігі мəселелерін реттейтін нормативтік
құжаттарда белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде
орындалса; 2) өрт қаупі осы
Техникалықрегламенттебелгіленгенрұқ сатетілгенмəндерден аспаса,
объектінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.
5. Өрт кезінде адамдар өлімінің қаупін бағалау əдісі:
1) өрт кезінде өрттің аса қауіпті даму сценарийі үшін адамдар өлімі
қаупін анықтауға;
2) өрттің қауіпті факторы динамикасын болжаудың жəне адамдарды
қауіпсіз аймаққа көшіру уақытын анықтау есептік əдісін пайдалануға;
3) заттар мен материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері мен өрт
қауіптілігі көрсеткіштерін пайдалануға негізделеді. Өртті болдырмау
жүйесіне қойылатын талаптар
6. Өртті болдырмауға:
1) жанғыш ортаның;
2) жанғыш ортада жану көздерін мыналардың пайда болуын болдырмай қол
жеткізіледі.
7. Жанғыш ортаның пайда болу жағдайларын болдырмауға мына
тəсілдермен:
1) жанбайтын заттар мен материалдарды максималды мүмкін қолданып;
2) жанғыш заттар мен материалдардың салмағын жəне көлемін шектеп
технология жəне құрылыс шарттары бойынша максималды мүмкін;
3) жанғыш заттар мен материалдарды, сондай-ақ бір-бірімен өзара
байланысы жанғыш ортаның пайда болуына алып келетін материалдарды
орналастырудың аса қауіпсіз тəсілдерін пайдаланып;
4) тотықтырғыш жəне (немесе) жанғыш заттар ортасында қауіпсіз
концентрациясын ұстап;
5) қорғалатын көлемге флегматизаторды енгізу арқылы жанғыш ортада
тотықтырғыш концентрациясын азайтып;
6) жалынның таралуы болмайтын ортаның температурасын жəне қысымын
ұстап тұру;
7) жанғыш заттармен жұмыс істеуге байланысты технологиялық процестерді
механикаландыру жəне автоматтандыру;
8) жеке үй-жайда немесе ашық алаңқайда өрт қауіпті жабдықты орнату;
9) жанғыш заттарды үй-жай немесе құрылғы көлеміне шығуын болдырмайтын,
үй-жайда жанғыш ортаның пайда болуын болдырмайтын өндірістік жабдықтарды
қорғау құрылғысын қолданып;
10) үй-жай, технологиялық жабдық жəне коммуникациядан өндірістің
өртқауіпті қалдықтарын, шаң, мамық жиналуын жойып қол жеткізіледі.
8. Жанғыш ортада жану көздерінің пайда болу жағдайларын болдырмауға
мына тəсілдермен:
1) жарылыс қауіпті жəне (немесе) өрт қауіпті аймақ класына, жарылыс
қауіпті қоспа санаты мен тобына сəйкес келетін электр жабдығын қолданып;
2) құрастырылымға электр қондырғысы жəне жану көздерінің пайда болуына
алып келетін басқа құрылғылардың қорғаныш ажыратудың жылдам əсерететін
құралдарын қолданып;
3) статикалық электрдің пайда болуын болдырмайтын технологиялық
процестерді жүргізудің жабдықтары мен режімін қолданып;
4) ғимарат, имарат жəне жабдықты жайдан қорғау құрылғысымен;
5) жанғыш ортамен байланыста болатын заттар, материалдар жəне
беттердің қызуының қауіпсіз температурасын ұстап;
6) жанғыш ортада ұшқын разрядының энергиясын қауіпсіз мəнге дейін
шектеу тəсілдері мен құрылғысын қолданып;
7) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдармен жұмыс істеген кезде,
ұшқынға қауіпсіз аспапты қолданып;
8) заттар, материалдар жəне бұйымдардың жылу, химиялық жəне (немесе)
микробиологиялық өздігінен жануы үшін жағдайларды болдырмау;
9) пирофор заттардың ауамен байланысын болдырмау;
10) жанғыш ортаны жану көзінен оқшаулау (оқшауланған бөлік, камера,
кабинаны қолданып) қол жеткізіледі.
9. Жану көздері параметрінің қауіпсіз мəндері оның ішінде айналатын
заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштері негізінде
технологиялық процесті жүргізу шартында анықталады.
10. Өрттің қауіпті факторлары əсерінен адамдарды ұжымдық қорғау
жүйелері мен жеке қорғау құралдары өрттің қауіпті факторлары əсер ететін
барлық уақыт ішінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.

2. Жеке тапсырма

2.1 Егістік алқаптарының тыңайғаннан кейінгі экологиялық жағдайы

Феликс ауыл шаруашылығында ауыспалы егіс дақылдарының өнімін молайту
үшін олардың қоректік заттарды пайдалануын, топырақ жағдайын және
дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.
Тыңайтқыштар жүйесі ауыспалы егістер жүйесімен тығыз байланысты. Мұнда
жергілікті органикалық тыңайтқыштарды тиімді пайдалану үшін оларды
минералдық тыңайтқыштармен , енгізудің кезеңдігін, мөлшерін, мерзімдері мен
әдістерін анықтау мен ұтымды ұштастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.
Тыңайтқыштардың шектеулі мөлшерінің өзінде де мұның өзі өнім сапасын
жақсарта отырып, тұрақты әрі мол өнім алуға кепідік береді. Ауыспалы егісте
тыңайтқыш жүйесі топырақтың құнарлылығын жақсарту жөніндегі шаралар кешені
болып табылады.

1 – кесте.
Феликс ауыл шаруашылығындағы топырақтың металлдық құрамы


Химиялық Сынама алу нүктесіндегі мөлшері, мгкг
элемент
Аф1 фоны A1 шұңқырының артында
Fe 0,004 0,004
Mn 0,008 0,01
Cu 0,001 0,002
Mo 0,001 0,001
Ni 0,001 0,002
Pb 0,002 0,003
Ag 0,0013 0,002
Sr 0,015 0,018
Cr 0,001 0,001
Zn 0,04 0,04

Әрбір жергілікті аймақта егілетін дақылдардың мол сапалы өнім алу үшін
тыңайтқыш қолдану жүйесін жете игеріп агротехникалық шараларды дұрыс
жүргізудің орасан зор маңызы бар.
Топырақ пен өсімдіктерде нитраттардың жинақталуына топырақ, климаттық
жағдайлар және пайдаланылған тыңайтқыштар түрі мен мөлшері әсер етеді.
Қүрғақшылық кезде  қоректік өсімдіктердегі нитраттар мөлшері азот алмасу
процестерінің ферменттерінің активтілігі төмендейтіндіктен артады. Бұл
ферменттердің активтілігі сол сияқты топырақта K,Mо,S элементтері
жетіспеген жағдайда да төмендейді.
Жер бетілік және жер астылық сулардың нитраттармен ластануы
тазартылмаған тұрмыстық және өндірістік сулармен, табиғи органикалық
заттардың минералдануы, сол сияқты азот тыңайтқыштарын шамадан тыс
пайдаланған жағдайда байқалады.
Топырақ құнарлылығын жоспарлы реттеу мәселелері — тегістеу, суару,
өңдеу тыңайтқыштар факторының әсерінде болатын топырақ қасиеттерін терең,
жан — жақты кешенді зерттеумен байланысты.
Топырақ ресурстарын ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалануына
байланысты антропогендік фактор жылдам пайда болатын тау етегі жазықтарына,
топырақтың биоәртүрлілігін тұрақтандыру және сақтау жөніндегі мәселелерді
зерттеу, сонымен қатар әртүрлі агроландшафттар топырақтарының құнарлылығын
жоғарлату және оларды тиімді пайдалану өзекті мәселе болып табылады.
Топырақтың механикалық құрамы онда балшықтың, ұсақ тастардың,
құмдардың, гендік және антропоидтық қосылыстардың болуымен сипатталады.
Оның құрылысы өмір сүру процестеріне қажетті ( тыны салу ) тығыздылық пен
ауаны анықтайды. Топырақтың ылғалдылығы өсімдіктің минералдық
қоректенуіне себепші болады және барлық топырақ организмдері үшін қажетті
қоршаған орта факторы болып табылады. Топырақтағы ылғалдылық ауаның
антогонисті болып табылады, сондықтан ылғалдылықтың шектен тыс мөлшері,
сондай-ақ оның аздығы зиянды болып келеді.

2 – кесте.
Феликс ауыл шаруашылығындағы топырақтың агрохимиялық
сипаттамалары

Тип тармағы Гумустық горизонттарының қуаттылығы, см
0,00-0,10 Өте тұрақты
0,10-0,25 Жоғары тұрақтылық
0,25-0,50 Қанағаттандырарлықтай тұрақтылық
0,50-0,75 Қанағаттандырарлықсыз
0,75-1,00 Тұрақсыз, ыдырағыш топырақ
1,00 Өте тұрақсыз, өте қатты ыдырайтын топырақ

Жер және топырақ деградациясы төмендегі әрекеттердің нәтижесінде пайда
болады:
1) ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы;
2) құрылыс және тау-кен өндіру;
3) рекреациялық жерлер және т.с.
Топырақтың химиялық заттармен ластануының негізгі себептері:
1) әртүрлі қауіптілік кластарына жататын қалдықтарды ретсіз төгу;
2) ағызынды суларды және және әртүрлі химиялық заттарды топыраққа төгу;

3) ластанған су көздерінен ауыл шаруашылық жерлерін суғару;
4) топыраққа, құрамында зиянды химиялық заттармен ластанған жауын-
шашынның түсуі.
Топырақтағы зиянды заттарды гигиеналық нормалаудың теориясы мен
тәжірибесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кот-д’Ивуа́р Респу́бликасы
Қырғызстанның саяси жүйесі
Румыния елі бойынша курорт ісінің даму тәжірибесі
Франция 1945 - 2004 жж
Қырғызтандағы Қызғалдақ төңкерісі
Карлаг
Диффузионизм және тарихи - мәдени аймақтар теориялары
Надар суретті өнер деңгейіне көтеруші
Ақшаның теориясы
Қазақстанның Польшамен байланысы
Пәндер