Қала аралық тасымал жұмыстары


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Л. Н. Гумилев атындағы атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Көлік-энергетика факультеті
«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА
НӘТИЖЕСІНЕ ЕСЕП БЕРУ
Өндірістік практика жетекшісіҚуанышбекова Қ. Қ.
Орындаған:Жаксылыков Н. К.
Өндірістік практика басталуы: «22» мамыр 2023 жыл
Өндірістік практика аяқталуы: «10» маусым 2023 жыл
Астана 2023
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе өту кезінде тәжірибеден өткен қәсіпорынның құрылысымен, ол кәсіпорынның бөлімдерімен, атқаратын қызметімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұымсқа қатысты заңдармен ақпараттық бағдарламалармен танысып және де солармен жұмыс жауасау арқылы
Мен өзімнің теорияда алған білімімді практикада шыңдадым. Кәсіпорынның көрсеткіштеріне талдау жүргіздім. Ұйымдағы қызметкерлердің міндеттерімен, ұйымдағы басқару жүйесімен таныса отырып тәжиірбие жинақтадым. Логистика саласында өндірістік практиканы өту арқылы өзіме жаңа білім және мол тәжиірбие жинақтадым деп есептеймін.
Мен, Жаксылыков Нурлыхан Кабылович өндірістік тәжірибені «S. B. A. Logistics» ЖК мекемесінде өткіздім. Өндірістік тәжірибенің өту аралығы 22. 05. 2023ж - 10. 06. 2023ж. болды.
Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізін-де бірікті. Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады.
Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады.
Өндірістік тәжірибеден өтудегі негізгі мақсатым тәжірибеден өтетін мекеменің қызметімен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу болды. Сонымен бірге, қазіргі таңдағы жаңа технологиялармен танысу және солармен жұмыс жасап көру.
Өндірістік тәжірибедегі негізгі міндетім: Негізгі алған теориялық білімімді мекемеде практикалық түрде шыңдау. Студенттік еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбекті қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау.
1. «S. B. A. Logistics» ЖК компаниясы қызметінің жалпы сипаттамасы және компанияда қолданылатын нормативтік құжаттар
«S. B. A. Logistics» ЖК компаниясы автокөлік құралымен жүк тасымалдайтын компания болып табылады. Компания Қостанай қаласында тіркелген. Осы компания миссиясы тапсырыс берушілердің материалдық-техникалық және жүктерді автокөлігімен жеткізудегі өз міндеттерін тез, сенімді және жан-жақты шеше отырып тиімді түрде алға жылжыту.
Компанияның кеңейтілген миссиясы:
- көліктің әртүрлі түрлерімен тауарларды жеткізу үшін ішкі және халықаралық нарықтарда логистикалық типтегі өзіміздің көлік қызметтерімізді барынша ілгерілету;
- компания қызметкерлерін кепілдендірілген әлеуметтік қамсыздандырудың максималды деңгейі;
- корпоративтік қызметтің тиімділігін арттыру үшін барлық деңгейдегі мамандарды даярлау жүйесін құру;
Компания келесідей жүк түрлерін тасымалдаумен айналысады:
- Габаритті емес жүктер
- Құйылмалы және себілмелі жүктер
- Қауіпті жүктер
- Құрастырмалы және сусымалы жүктер
Барлық тауар түрлеріне тасымалдауға арнайы рұқсаттар алынған. Компанияның көлемді жүктерді доңғалақ көлігімен тасымалдауды ұйымдастырушы сонымен бірге рұқсатты және тасымалдау схемасын мемлекетпен келісілген. Қазақстан заңнамасындағы және халықаралық шарттардағы өзгерістердің үнемі бақылануы нақты жүктердің қасиеттерін ескере отырып, жылдам әрі заңды жеткізілімін жасайды.
Жеткізілім жасау үшін компанияда транспорттық құралдары алынған.
1. 1 Компанияның ұйымдық құрылымы және бөлімдерінің атқаратын функциялары
Компания айналысатын автокөлік тасымалдарының жіктелімі тасымалдау шарттарына және тасымалданатын жүк түріне байланысты келесідей болып жіктеледі. Өнеркәсіп бойынша немесе қызмет көрсетілетін кәсіпорындардың түрлері, демек, тасымалданатын жүк түрлері:
- өнеркәсіптік тауарлар. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүктері, оның ішінде шикізат, дайын өнім, тасымалданатын жанармай, өндірістік нысандар, сыртқы көлік тораптары және сақтау орындары.
- Құрылыс. Бұл өндірістік және азаматтық жүктегі күрделі құрылыс, соның ішінде құрылыс жүктері, құрылыс шикізаты, құрылыс жабдықтары мен машиналары, топырақ пен құрылыс қалдықтары.
- Ауылшаруашылығы. Бұл ауылшаруашылық өнімдері, тұқымдар, тыңайтқыштар және т. б.
- Тұтынушы. Бұл азық-түлік, дайын тауарлар жабдықтау және тұтынушылық қызметтер. Тұтынушы топқа, сонымен қатар, қаланы қатты тұрмыстық заттардан тазартуға арналған жүктер кіреді
- Басқалары
Территориялық көрсеткіші бойынша компания келесідей автокөлік тасымал түрлерін ұйымдастырады:
- Технологиялық, яғни кәсіпорынның ішінде немесе өнімдердің дайын болуындағы техникалық циклдағы тасымал жұмыстары
- Қала аумағындағы тасымал жұмыстары
- Қала маңындағы тасымал жұмыстары. Қала шекарасынан 50 км-ден алыс орналаспаған қашықтыққа тасымал ұйымдастыру жатады.
- Қала аралық тасымал жұмыстары. Қала шекарасынан 50 км-ден әрі қарай орналасқан қашықтыққа жүкті тасымалдау кіреді.
Орындалу әдісіне байланысты ұйымдастырылатын автокөлік тасымалдарын компания тікелей және терминалды түрлерін ғана ұйымдастырады. Тікелей тасымал бір автокөлік түрімен жөнелту пунктісінен баруға тиісті орынға дейінгі тасымалды айтады. Терминалды тасымал жүк автостанцияларының көмегімен ұйымдастырылатын тасымал түрін айтамыз.
Бас директор жұмыс процесін басқаруды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ол басқару құрылымының басты рөлін атқарады, оның басшылығымен барлық өндірістік процестер шешіледі. Оның қарамағында барлық бөлімдер мен құрылымдар бар.
Коммерциялық директор көліктік-логистикалық қызметтерді сатуды ұйымдастырумен тікелей айналысады. Сату бөліміне сату жөніндегі менеджерлер кіреді - жұмыстың негізгі бөлігі тұтынушылармен жұмыс, жалпы мәселелер бойынша кеңес беру, келісім-шарттар жасасу және мәміле жасау болып табылады. Логист маман маршруттардың рационализациясы мен автокөліктердің қозғалысына жауап береді, жүк қозғалысының бағытын қадағалайды.
Сурет 1. «S. B. A. Logistics» ЖК ұйымдық құрылымы
Қаржылық қызметке экономикалық менеджмент пен компанияның сапалы сипаттамаларын жақсартудағы негізгі орын бөлінген. Компанияның, конвойлардың және басқа бөлімшелердің жұмысын үнемі талдау негізінде және тасымалдаудың үлкен сипаттамалары негізінде оларды ресурстармен қамтамасыз етумен айналысады. Одан бөлек, қаржылық жұмыс жылжымалы құрамның техникалық дайындығын жоғарылатуға және компанияның операциялық-коммерциялық бизнесін жақсартуға бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық шараларды талап етеді.
Қаржылық қызметке бухгалтерлік есеп кіреді. Бас бухгалтер басқаратын бұл бөлімше серіктестіктің тәртібінде бөлінген қаражаттың болуын, олардың сақталуы мен қолданылу құндылығын қадағалайды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің экономикалық жағдайын тексереді, клиенттермен, жеткізушілермен және шаруашылық органдармен есеп айырысуды ұйымдастыруға сәйкес үлкен жедел жұмыстар жүргізеді, негізгі жұмыстарды ұйымдастырады. Бас бухгалтер шығындардың қажеттілігі мен заңдылығына, ақша тәртібінің орындалуына жауап береді.
Автотехника бөлімі автомобильдерді техникалық жұмыс жағдайында нығайту және өндірістік базаның қалыптасуын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударады, сонымен қатар компанияның логистикасын басқарады.
Компанияның осы бөлімінің негізгі міндеттері:
1) жылжымалы құрамның тиісті түрде сақталуын ұйымдастыру, оның жұмысқа жоғары техникалық дайындығын, желіде вагондарды шығару және оларды қабылдау жылдамдығын қамтамасыз ету (гараж жұмысы) ;
2) серіктестіктің өндірістік-техникалық базасын нығайтуға байланысты мәселелерді зерттеу және қорытындылау (бас инженер) ;
3) автомобильдер мен авто шиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің барлық түрлерін жедел жоспарлау, осы жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және олардың сапасын бақылау.
4) жылжымалы құрамға, автокөлік шиналарына және басқа өндірістік активтерге сәйкес техникалық есепке алу және есеп беру (жөндеу қызметінің бастығы) ;
5) компанияның кәдімгі нақты техникалық қолдауымен қамтамасыз ету, отынның, қосалқы акциялар мен басқа да материалдық ресурстардың сақталуын, жеткізілуін және есепке алынуын, шараларды оларды ең оңтайлы пайдаланылуына сәйкес зерттеу және жүзеге асыруды ұйымдастыратын барлық нақты жұмыстарды басқару;
6) өндірістік қызметті жетілдіруге, ең жаңа технологияларды енгізуге, еңбекті қорғауға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға сәйкес ұйымдастырушылық-техникалық шараларды әзірлеу және өткізу.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, авто-дайындық бөлімі жылжымалы құрамның техникалық жағдайын бақылауға, оны пайдаланудан шығаруға, алдын-алу және жөндеу жұмыстарын жоспарлауға және жүргізуге, жылжымалы құрамның, ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың және т. б. дұрыс жұмыс істемеуіне жауап береді және жанар-жағар май шығындарын шектейді.
1. 2 Компанияда қолданылатын техникалардың қысқаша сипаттамасы
Компания кең ауқымды ассортиментте машинатехникалық топтың тауарларын ұсынады: автошиндер, қор бөлшектер, арнайы техника (коммуналдық, жолқұрылыстық), автотракторлы техника, ИШ насрстары, фильтрлер және т. б. машинатехникалық топтың тауары. ««S. B. A. Logistics» ЖК» компаниясы жеткізетін тауарлардың бәрі керекті сертификаторлармен ере жүреді. Бұл жағдай төмен сапалы тауарды немесе жалған істелінген тауарды сатып алуды болдырмайды.
Сақтау бойыншы арнайы температуралық шарттарды талап ететін тауарларды сақтау; іріленген жүкті сақтау; тиеу-түсіру жұмыстары; тапсырыс берудің арнайы талаптары бойынша тауарды өңдеу; таңбалау, термоорау және пакеттеу; логистикалық оператор есебінде сақтау; қоймада жүктің қозғалысы бойынша керекті есептер беру; бас қоймада, УСҚ, кедендік, дәріханалық қоймаларда сақтау сияқты қызметтер қамтылған.
Компания транспорттық логистикада келесі қызметтерді көрсетеді:
- транспорттық-логистикалық шешімдерді табу;
- есікке дейін принципі бойынша Қостанай облысы бойынша жүкті алушыға толық кешенді қызмет көрсету;
- барлық тәуекелділікті ең тиімді сақтандыру полисін алуға көмектесу;
- жіктің қай жерде орналасқандығы туралы тез ақпарат беру;
- жүкті тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау;
- әр клиентке жеке менеджердің болуы;
- кеңес беру қызметі;
- кең агенттік, әріптестік желілік;
- экспорт-импорт тауарларды «есіктен-есікке» жүйесі бойынша жеткізу.
Компания кедендік-брокерлік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:
- толық кедендік рәсімдеу
- тауарға сәйкес сертификаттар алу
- рұқсат беру қағаздарын рәсімдеу (ветеринарлық, фитосанитарлық тексеру) ;
- дәрі-дәрімектерді УСҚ мен кедендік қоймада сақтау.
Жоғарыда көрсеткендей, компания қоймалары кең ауқымды логистикалық операциялар бойынша қызмет көрсетеді. Тұтынушыға қоймалау, жүкті өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т. с. с. логистикалық шешім бойынша кең ауқымды таңдау береді.
1. 3 «S. B. A. Logistics» ЖК компаниясы қызметінің төлемдерін талдау, кірістері мен шығыстарының құрылымы
Экономикалық талдауы сүйене келсек кәсіпорын ағымдағы тоқсанда алдыңғы тоқсанға қарғанда тауар айналымы саны көбейіп және де басқа да қызметтер саны көбейіп кәсіпорын дамып келе жатыр деуге толықтай негіз бар.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын келесідей сипаттауға болады: тұрақты төлем қабілеттікпен қамтамасыз ететін
- кәсіпорын шоттарының жағдайын анықтау;
- кәсіпорынның қарыз және меншік құралдарын салыстыру;
- кәсіпорынның меншік құралдары оңтайландыру мүмкіншілігі.
Қаржылық коэффициенттер тұрақтылығын талдауда көрсетілген көрсеткіштердің бәрі кезең басына қарағанда кезең аяғынд біршама төмендегенін байқауымызға болады.
Автономия коэффициенті кезеңбасында да, аяғында да нормативті шамаға тура келеді, яғни бұл кәсіпоырн меншікті қаражаттардың қаржылық көздердің жалпы сомасында меншіке салмағын көрсетеді.
Тартылған капиталдың шоғырлану коэффициенті кезең басында да, ағында да нормативті шамаға тура емес. Бұл дегеніміз қарыздық қаражаттың жалпы қаражаттан бөлініп, кәсіпорынға салынбағанын көрсетеді.
Меншік және қарыз қаражаттары ара қатынасының коэффиценті кезең басында нормативті шамаға тура емес, кезең ағында керсінше нормативті шамаға тура келеді яғни, қанша қарыздық қаражат кәсіпорын 1теңге меншікті қаражаттан тартқаның активтерге салынғаның көрсетеді.
Меншікті капиталдың икемділік коэффициенті, қорларды қаржыландырудың меншікті көздерімен қамтамасыз етілу коэффиценті және тұрақты қаржыландырудың коэффиценті кезең басында да, аяғында да нормативті шамаға тура емес.
Кәсіпорынның кірістері
Кәсіпорынның табыс көзі тұтынушыларға сатылған тауарлармен көрсетілген логистикалық қызметтерден түседі. Заман талабына сәйкем кәсіпорын өз тұтынушылармен көбінесе электронды банкингтік төлем арқылы, pos - терминалдар арқылы есеа айырысады. Және де кәсіпоырның тағы бір табыс көзі мемлекеттік платормаларда тендерлерге, аукциондарға қатысып тиімді жобаларды жеңіп алып, жүктелген міндеттерді уақытылы орындау арқылы табыс табу.
Кәсіпорынның шығыстары:
-Техникалырды уақытылы тексерістерден өткізу арқылы істен шыккан жерлерін жөндеу
- Әкімшілік шығындар
- Коммуналдық шығындар және т. б.
Экономикалық талдауы сүйене келсек кәсіпорын ағымдағы тоқсанда алдыңғы тоқсанға қарғанда тауар айналымы саны көбейіп және де басқа да қызметтер саны көбейіп кәсіпорын дамып келе жатыр деуге толықтай негіз бар.
1-кесте
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
Жыл басында
Жыл аяғында
Құрылым өзгерімі
Сомасы мың тг
Үлес
салмағы
Сомасы мың тг
Үлес
салмағы
%
(+, -)
%
1825
119
6
6, 5
-33
15, 4
579
683
37
117, 9
24
284, 6
0
1
0
0
0
0
«S. B. A. Logistics» ЖК компаниясының баланс активтерінің құрамы мен құрылымына талдау жасадым. Талдау барысында жыл басы мен жыл аяғындағы көрсеткіштерді қарап жыл бойындағы өзгерістерді анықтап, талдау жүргіздім. Яғни, қысқа және ұзақ мерзімді активтердің көрсеткішін қолдандым. Жыл соңында ақша қаражаттарының, қысқа мерзімді активтердің және негізгі құралдардын кемуін байқаймыз.
Өтілімділік пен төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның өтілімділік пен төлем қабілеттілігін талдауына баланс өтілімділігін, оның салыстырмалы көрсеткіштерін (коэффициенттерін) және төлем қабілеттілігін талдау кіреді.
Баланс өтілімділігін талдауына құралдары өтімділік дәрежесіне қарай топталған активтерді пассив бойынша топталған міндеттемелермен салыстыру.
2-кесте
Өтімділік дәрежесі бойынша активтерді топтастыру
Баланс активтерінің өтімділік дәрежесі бойынша баптардың тобы
Тез сатып- өткізілетін
активтер
Баяу сатып- өткізілетін
активтер
Сатып-өткізу
қиын активтер
3-кесте
Өтелу мерзімі бойыншы міндеттемелерді топтастыру
Өтелу мерзімі бойынша міндеттемелердің жіктелуі
Тұрақты
міндеттемелер
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
4-кесте
Норма
Кезең басында
Кезең аяғында
А1> П1
А1> П1
А1> П1
А2> П2
А2< П2
А2< П2
А3> П3
А3> П3
А3> П3
А4< П4
А4>П4
А4> П4
Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімдлігінің абсолютті өтімділіктен аздық-қауіпті айырмашылық болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды. Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
5-кесте
Неғұрлым нақты талдау бұл қаржылық коэффициенттері бойынша өтелімділікті талдау.
Өтімділік және төлем қабілеттілігі коэффициентерін талдау
Көрсеткіштер аттары
Кезен соңы
Нормативті
шама
1, 01
0, 05
>1
0, 02
-0, 02
0, 2-0, 5
0, 41
0, 08
0, 7-0, 8
1, 94
0, 10
Қажетті шама 1 Оптималді шама 2
0, 19
0, 03
≥0, 1
Кезең басындағы өтімділіктің жалпы көрсеткішісі кезең соңында 0, 05 өскенін байкауға болады. Кезең басында нормативті шамаға тура келмесе, кезең аяғында тура келді. Бұл дегеніміз кезең соңында кәсіпорынның міндеттемелердің барлық түрлері бойынша қабілеттілігін көрсетеді.
Кезең басында сонымен қатар сыни өтімділік коэффиценті, ағымдағы өтімділік көэффиценті және менші қаражаттар мен қамтамасыз етілген коэффициент кезең аяғында біршама өскенін байқауға болады.
Сыни өтімділік коэффициенті нормативті шамаға кезең басында да, аяғында да тура емес.
Ағымдағы өтімділік коэффиценті кезең басында да, аяғында да нормативті қажетті шамаға тең және оптималды шамаға жақын екенін байқауымызға болады. Бұл дегенміз ағымдағы міндеттемелердің қай бөлігін барлық айналымдық қаражатты жіберу арқылы жабуға болатының көрсетеді.
Меншік қаражаттар мен қамтамасыз етілген коэффциенттіде Нормативті шамаға тең, яғни кәсіпорынның айналымдық қаражаттарының қай бөлігі меншікті көздер есебінен құралатының көрсетеді.
Абсолютті өтімділік коэффициенті кезең аяғында, кезең басымен салыстырғанда біршама төмендегенін байқауға болады. Сонымен қатар бұл көрсеткіш шамасы кезең басында да, аяғында да нормативті шамаға тұра емес, яғни жақын арада қай қысқа мерзімді несиенің бөлігін кәсіпорын жаппайтындығын көрсетеді.
2 «S. B. A. Logistics» ЖК компаниясының қызметін жетілдіру жолдары
2. 1 Стратегиялық даму жоспары, даму перспективалары
Кәсіпорын бүгінгі күнге Қазақстан нарығындағы ең маңызды сұранысқа ие салалрында жұмыс атқаруды. Және де жоғарыда атап өткендей кәсіпорын алдығы кезеңдерімен статистикалық түрде салыстырғанда даму үстінде.
Осыған орай кесіпорынның барлық бөлімдері оның ішінде экономикалық жоспарлау бөлімінің жұмысы ұлғаюда. Себебі кәсіпорын алдығы 5 жылға койған мақсаттары орасан зор. Болашақта кәсіпорын Қазақстан барлық қалаларынан филалдырын ашып Қазақстан нарығында танымал кәсіорындар қатарынан орын алу жоспарларлануда.
6-кесте
Кәсіпорының 5 жылдық даму жоспары
Қызметкерлер санын ұлғайту арқылы жұмыстың көлемін
рентабельігін арттыру
Логистика қызметінің дамыту мақсатында смартфондарға арнайы қосымша құру, сайт ашу.
Тендерлерге, ашық конкурстарға бөлінген қаражатты ұлғайту
арқылы пайда көзін ұлғайту
Европа мемлекеттеріндегі нарыққа шығу арқылы логистикалық қызметтерді дамыту
Логистикалық бағыттағы келісім шарттардың санын ұлғайту
Логистикалық қызметтердің жаңа бағыттарын дамыту
Тауар сатылымын ұлғайту мақсатында дүкендер санын ұлғайту
Шет мемлекеттерден филиалдар ашып логистикалық
қоймалардың санын ұлғайту
Компания ұжымын ынталандыру жүйесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz