ӨРІС АТЫ МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ
Зертханалық жұмыс №1
Тақырып: MS ACCESS МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Мақсаты: MS Access МҚБЖ-мен танысу.
Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің (МҚБЖ) барлық классикалық қасиеттеріне Microsoft Access МҚБЖ ие. Microsoft Access - МҚБЖ ішіндегі ең қарапайымы, қолайлысы. Access-тің ең қуатты құралдарына шеберді жатқызуға болады. Шебер көмегімен кестелер, сұраныстар, формалар құруға, электронды кестелерді енгізуге, мәліметтер құрылымдарын талдауға, қосымшалар құрып, олардың жылдамдықтарын арттыруға болады. Қосымшалардың жұмысын автоматтандыру үшін макростар қолданылады. Үлкен мәліметтер қорын формалар мен есептерді, кестелерді байланыстыра отырып, бір де бір команда жазбай құруға болады. Егер күрделі өте үлкен мәліметтер қорларын құрсаңыз Visual Basic программалау тілін қолдану мүмкіндігі де бар.
Microsoft Access МҚБЖ қолданыс облыстарына келесілерді жатқызуға болады:
* Кіші бизнесте (бухгалтерлік есепте, тапсырыстарды енгізуде, тұтынушылар жайлы ақпараттарды енгізгенде т.б);
* Үлкен ұйымдарда (жұмыс топтарын тіркейтін қосымша, ақпаратты өңдеу жүйесі);
* Жеке МҚБЖ ретінде (адрестер бойынша көмекші құрал, кітаптар тізімі т.б ).
Мәліметтер қорымен байланысты негізгі анықтамаларға тоқталып өтейік:
Мәліметтер қоры (МҚ, data base, DB) - МҚБЖ басқаратын, өзара байланысқан мәліметтер жиыны.
Қарапайым тілмен атйқанда мәліметтер қоры жазулар мен файлдардың белгілі бір ретпен реттелген жиыны.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ, DBMS) - мәліметтер қорының физикалық және логикалық құрылымына анықтама беретін, ақпарат енгізуді және оны өңдеуді қамтамасыз ететін программалық жүйе.
МҚБЖ негізгі 3 функцияға ие: мәліметтерді анықтау, мәліметтерді өңдеу, мәліметтерді басқару.
Мәліметтерді анықтау. Мәлімететр қорында сақталатын ақпараттың типі, құрылымы, олардың арасындағы байланыс, тексеру критерийлері анықталады.
Мәліметтерді өңдеу. Мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады: сұрыптауға, фильтрлеуге т.б. Басқа да байланысқан ақпараттармен біріктіруге, қорытынды мәндерін есептеуге болады.
MS Access МҚБЖ негізгі объектілері
Ассess-те ақпаратты сақтаудың көптеген түрі бар. Осы МҚБЖ жұмыс жасағанда қолданылатын негізгі объектілер келесілер:
Microsoft Access объектілері
Кесте
Сұраныс
Форма
Макрос
Есеп беру
Модуль
Microsoft Access объектілері
Кесте
Сұраныс
Форма
Макрос
Есеп беру
Модуль
Кесте. МҚ негізгі объектісі. Кестеге сүйене отырып, форма, есеп, сұраныстар құрылады. Бір МҚ бірнеше кестелер бола алады.
Форма. Кей жағдайда әр түрлі жазуларда сақталған ақпаарттарды енгізу қолайлы. Форма көмегімен кестедегі мәліметтердің қаншасын көргіңіз келсе, соны көре аласыз. Формамен жұмыс жасағанда кестедегі барлық ақпаратты көре аласыз және ол көркем, көрнекі түрде беріледі. Мұнда мәліметтерді енгізуге және жоюға болады.
Есеп. МҚ жұмыс жасағанда керек ақпаратты баспаға шығару керек болады. Есепті осы кезде қолданған қолайлы. MS Access-те есеп көмегі арқылы сұрыптау, есептеу, реттеу әрекеттерін жүргізуге болады.
Сұраныс. MS Access-тегі сұраныс алдын-ала дайындалған сұрақ. Керек мәліметтерді қандай да бір шартқа байланысты шығаруға, сұрыптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныс құрғанда кейбір есептеулерді де жүргізуге болады.
Макрос. Арнайы тілде жазылған макрокомандалар жиыны. МҚ жұмыс жасағанда дайын макрокомандаларды қолдану арқылы МҚ жүйелі ету мүмкіндігі бар.
Модуль - ақпаратты өңдеу процедураларының жиынтығы.
Мәліметтер қорын құру.
MS Access МҚ жүктегенде келесі терезе ашылады. Файл - Құру (Создать) - Жаңа МҚ (Новая БД) командасын орындаймыз: (Сурет 1)
Сурет 1. MS Access Негізгі терезесі
1. MS Access терезесінің жоғарғы жағындағы бірінші жол Тақырып жолы.
2. Екінші жол Мәзір қатары .
3. Мәліметтер қоры (База данных) тақтасы.
4. Веб-торап тақтасы.
5. Оң жақта Есептер облысы (Область задач) орналасқан.
Мәліметтер қорына қорғаныс орнатуға болады. Ол үшін құрған мәліметтер қорын Файл мәзірі арқылы ашу терезесінде Ашу (Открыть) батырмасының қасындағы бағыттауышқа басып, Монопольно командасын таңдаймыз. МҚ ашқан соң, Сервис - Қорғаныс (Защита) - Пароль құру (Создать пароль) командасын орындаймыз. Парольді осы жерде екі рет тереміз. Енді МҚ жауып қайта ашқанда бізден пароль сұрайды. Бұл қорғанысты қайта алып тастау үшін осы мәзірге қайта барамыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?
2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?
3. MS Access қандай мәліметтер қорына жатады?
4. Негізгі объектілерін атаңыз.
5. Қандай тақталар бар?
Зертханалық жұмыс №2
Тақырып: "МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ"
Жаттығу: объектінің қалай құрыла - ты - нын анықтау, өрістер сипаттамаларын енгізу, өрістер қаси - етін анықтау, кестенің құрылу режимімен таныс - у мақсатында берілген жаттығуларды орындаңыздар.
Есеп беру: Сабақ соңында жаттығулар нәтижесін компьютерде қорғау.
Лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдімтемелік нұсқаулар:
1 Мәліметтер типі және өріс қасиеттері
Әрбір Access мәліметтер базасының құрамында бір немесе бірнеше кестелерден тұратын байланысқан объектілер суреттеледі. Өрістер объектінің атрибутына немесе қасиетіне сәйкес құрылады. Әрбір өріс үш элемент арқылы сипатталады:
1) Өріс (Поле - fіtld name) - өріс аты, кестеде қайталанбауы тиіс;
2) Мәліметтер типі (Тип данных - Data type) - өрістегі мәліметтер ти - - пі;
3) Сипаттама (Описание - Descrіptіon) - өріс қызметіне түсі - нік - - - теме беру;
Access-тің ішінде 8 түрлі мәліметтер типі пайдаланылады, олар:
- Мәтіндік (Текстовой - Text) - ұзындығы 255 символға дейінгі мәтіндік информацияны сақтау үшін қажет;
- МЕМО өрісі (Поле МЕМО - Memo) - 32000 символға дейінгі көлемдегі мәтіндерді сақтай алады. Оның ерекшелігі - өрістегі информациялар басқа бір жерде сақталып, ал өрістің өзінде сол информациялардың қайда орналасқанын анықтайтын көрсеткіштер сақталады;
- Сандық (Числовой - Number) - сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет. Осы типтегі өрістің көлемін бірнеше нұсқалардан таңдауға болады: бүтін, көп разрядты бүтін, жылжымалы нүктелі. Бүтін сандар -32768 бен 32767
аралығында, көп разрядты бүтін сандар -2147483648 бен 2147483647 аралығында және жылжымалы нүктелі сандар 1.401298E-45 пен 3.402823Е38 аралығында анықталған болуы тиіс. Нақты сандар енгізілетін өріс үшін санның бөлшегінің көлемі де берілуі мүмкін;
- Датауақыт (Датавремя - Datatіme) - күнайжыл форматында мерзімді және сағат:минут:секунд pm не am (pm - 12.00-ден кейін, ал am - 12.00-ге дейін) форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет. Бұл типтегі өріс форматын алдын ала таңдап алған дұрыс. Өріс форматының мүмкіндіктері: Күннің толық форматы (мысалы, 3.01.03 09:00:12); қысқа форматы (мысалы, 12.07.01); орташа форматы (мысалы, ЗІ-окт-03); ұзын форматы (мысалы, 21 мая 2001г.);
- Ақшалай (Денежный - Currency) - ақшалай көрсетілген информация - ларды енгізу үшін қажет. Жалпы, оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. Өріс форматындағы тізімнен қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың үлгісін беруге болады. Өте үлкен сандардың дәл мәнін сақтау үшін (+-900 триллион) жиі қолданылады;
- Санауыш (Счетчик - Counter) - жазбалар реттік нөмірін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет (бұл өріс мәндерін теруге, өзгертуге болмайды);
- Логикалық (Логический - yesno) - логикалық мәліметтерді (ИәЖоқ, 01, АқиқатЖалған, т.с.с.) сақтау үшін керек;
- OLE объектісі ( Объект OLE - OLE object) - Wіndows қолданбалы программаларынан алынған OLE технологиясын сүйемелдейтін құжаттарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындағы мәліметтер тізімінен таңдап алынады. Қай формат таңдалса да, кестеде логикалық өріс жалаушалармен кескінделеді. Жалаушаны тышқанмен шертіп "Иә" мәні белгісін орнату арқылы, ал "Жоқ" мәні өрісті бос қалдырылу арқылы енгізіледі.
Бұдан басқа, "Жалпы" ("Общие") ішкі бетінде өрістің бірсыпыра қасиеттер жиыны беріледі, "Алмастыру" ("Подстанов - ка") ішкі бетінде басқару элементінің типі көрсетіледі. Олар Access өрістердің 11 түрлі сипаттамаларын, яғни қасиеттерін көрсете алады, бірақ қасиеттердің нақты тізімі өріс типімен анықталады. Енді өрістердің негізгі қасиеттерін қарасты - рып шығайық:
1) өрістің ені (размер поля) - мәтіндер үшін алдын ала келісім бойынша 50 символ болып алынған, сандық өрістер үшін мына типтердің біреуі алынады: Байт (Байт), Бүтін сан (Целое), Ұзартылған бүтін сан (Длинное целое), Жылжымалы нүкте (С плавающей точкой) ені 4 немесе 8 байт, Репликация коды (Код репликации);
2) формат (формат) - қағаздағы және экрандағы информация түрін анықтайды;
3) енгізу қалқасы (маска ввода) - онда мәліметтердің енгізілу түрін анықтайтын формат көрсетіледі;
4) ондық таңбалар саны - сандық және ақшалық өрістер үшін үтірден кейінгі разрядтар саны;
5) қолтаңба (подпись) - формалар мен басылымдарға арналған өрістер сипаттамасы (өрістер аты ретінде қолданылады);
6) алдын ала бекітілген үнсіз келісім мәні (значение по умолчанию) - өрісте автоматты түрде бірден пайда болатын мәндер, бірақ оларды кесте немесе форма режимінде өзгерістуге немесе жаңадан енгізуге болады;
7) мәнге қойылатын шарт (условие на значение) - Access-тің енгізілген мәнге реакциясын анықтайтын логикалық өрнек;
8) қате түралы хабарлама (сообщение об ошибке) - өрістегі информация мәнге қойылған шартты қанағаттандырмаған жағдайда шығатын хабарлама;
9) міндетті түрде толтырылатын өріс (обязательное поле) - өріске мән беру қажеттілігін анықтайды;
10) бос жолдар (пустые строки) - өрістердің нөлдік мәндерін тағайын - дай - ды, олар бос жолдардан басқаша болып саналады;
11) индекстелген өріс (индексированное поле) - мәліметтер іздеуді жеделдету үшін осы өріс бойынша индекс құру қажет пе, жоқ па соны анықтайды.
Мәндердің енгізілу форматын беретін олардың қалқасын (маска) құруға арналған негізгі символдар 1-кесте - де келтірілген.
1 кесте
қалқа символы
ЕНГІЗУге болатын мӘндер
0
0-ден 9-ға дейінгі цифрлар
9
Сандар немесе бос орын
#
Сандар немесе бос орын, +-
L?
Әріп
Aa
Әріп немесе циф
&c
Кез келген символ немесе бос орын
.
Ондық нүкте
: немесе
Уақыт немесе мерзімді бөліп тұратын таңбалар
Таңбаларды төменгі регистрге ауыстырады (кіші әріптер)
Таңбаларды жоғарғы регистрге ауыстырады (бас әріптер)
Қалқа (Маска) мысалдары:
(###) - ### - ### - 325477370 санын енгізгенде, ол өрісте келесі түрде көрінеді (325)-477-370;
- Алматы мәнін енгізгенде ол АЛМАТЫ сөзіне түрленеді.
Бет перде (Маска) құру үшін бет перде құру Шеберін қолдануға болады, ол үшін Енгізу бет пердесі қасиеттерінен Құру (көп нүктесі бар квадрат) батырмасын шерту керек.
Access индекстің екі түрін сүйемелдейді:
- индекс - алғашқы кілт - бұл әрбір жазбаны бір мәнді түрде анықтайтын өріс немесе өрістер комбинациясы;
- индекс - екінші реттегі кілт - сұрыптау немесе іздеу барысында қолданылатын өріс немесе өрістер комбинациясы.
Индекстер құру үшін өрістерді алдын ала белгілеп Кілт белгішесін немесе ТүрИндекстер меню командасын қол - да - нуға болады. Соңғы команда индекс атауы, индекстеу өрістері және сұрыптау реті көрсетілуі тиіс сұхбат терезе шығарады.
Кесте немесе форма өрістері өріс түрінде көрінуі керек пе, тізім түрінде ме, әлде тізімі бар өріс түрінде көрінуі керек пе осыны анықтайтын басқару элементінің түрі "Алмастыру" ішкі бетінде сипатталады. Егер өріс үшін Тізім (Lіst box) немесе Тізім бар өріс (Combo box) басқару элементтері таңдалса, онда тізімнің жолдары үшін мәліметтердің шыққан жерін және тізімнің басқа да бірқатар белгілерін анықтайтын қосымша қасиеттер шығады. Мәліметтер шыққан көзі кесте болып табылады, онымен жұмыс барысында үздіксіз байланыс орнатыл - атындықтан, ол тізімнің ең соңғы нұсқа екендігін, яғни өзектілігін қамтама - сыз етеді.
Егер өріс түрін анықтау кезінде Алмастыру шебері таңда - лса, онда "Алмастырулар" ішкі бетіндегі қасиеттер мәні Шебер арқылы толтырылады.
2. Кесте режимінде жұмыс істеу
Кестелер - МБ-ның негізгі объектілері. МБ жасау алғашқы кесте құрудан басталады. Ал, кестеде оның өрістері және сол ерістердің типтері мен касиеттері анықталады. Access-те кесте құрудың 5 тәсілі бар. Кесте ішкі беті - н - ашып, Құру (Создать) батырмасына шертсек, 1 сурет - те көрсетілген Жаңа кесте сұхбаттасу терезесі шығады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген.
1 сурет. Мәліметтер базасын құру режимін таңдау терезесі
Кесте режимін таңдағаннан кейін бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, Кес - - те құру мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл режим Excel-де кесте құру тәсіліне ұқсас. Кестеде 20-ға дейін өріс болуы мүмкін. 5 суретте Кесте режимінде автомобильдердің мар - калары туралы мағлұматтары бар кестені құру үлгісі келтірілген. Бірінші жолға өріс атаулары ("Поле1", "Поле2 және т.с.с. орнына), ал қалған жолдарға осы өрістердің мәндері енгізіледі. Бір өрістен 2-ші өріске өту үшін Tab және Shіft-Tab немесе бағыттауыш тілсызықтары бар пернелерді қолдануға болады. Мән - дер - ді енгізіп біткеннен кейін, сұхбаттасу терезесі - н - де кестеге ат беруге болады (стандартты ат - Кесте 1), сонымен қатар автомат - ты түрде енгізілетін түйінді (ключевое) өріс - реттік нөмірлер де көрсетіледі. Содан кейін кесте құрылымын Конструктор режимінде көруге болады (2 су - рет). - Өрістердің типі енгізілген мәндер негізінде автоматты түр - де анықталады.
3. Конструктор режимінде кесте құру
2 сурет. Кесте режимінде тікелей жұмыс істеу

Кестені құру барысында Конструктор режимін таңдап кесте өрістерінің сипттамасын анықтайық. Мұнда әрбір өріске ат беріп мәліметтер типін және оның сипаттамасын беріп, бұл өрістің қасиеттерін анықтау керек. Мысалға объект ретінде автомобильді алайық. Бұл объектінің өрістерінің сипатта - масы 2 кестеде келтірілген.
Конструктормен жұмыс істеу терезесі 3 суретте келтірілген. Курсор "Мәліметтер типі" графасына түскенде бағыттауыш тілсызық пайда болады, оны бассақ, мүмкін болатын барлық мәлі - мет - тер типінің тізімі шығады. Суретте бұл тізім "Бағасы" өрісі үшін көрсетіліп тұр. Төмендегі "Жалпы" ішкі бетінде өріске шектеулар, алғашқы мәндер тағайындауға болады, мысалы мәтіндік типті өрістер үшін оның енін (мөлшерін - размерін) көрсету: "Нөмір" өрісі үшін 7 байт, "Марка" және "Түс" өрістері үшін - 10 байттан алуға болады. "Нөмір" және "Иесінің коды" өрістері үшін міндетті өріс (иә) белгісін ор - натуға болады, яғни оларды бос қалдыруға болмайды.
3 сурет. Конструктор режимінде кесте құру

4 сурет. "Алмастыру (Подстановка)" ішкі бетімен жұмыс істеу

2 кесте "Авто" кестесінің өрістері
ӨРІС АТЫ
МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ
СИПАТТАУ
Автокоды
Санауыш
Автомобиль идентификаторы
Нөмір
Сандық
Автомобиль нөмірі
Маркасы
Мәтіндік
Түсі
Мәтіндік
Бағасы
Сандық
Бағасы, $-мен
Шыққан жылы
ДатаУақыт
Автомобиль шыққан күні
Қуаттылығы
Сандық
Қуаттылығы, ат күшімен
Зауыт коды
Сандық
Иесінің коды
Сандық
Сатып алған күні
ДатаУақыт
"Алмастыру" ішкі бетімен жұмыс істеу тәсілдерін қарастырайық. "Түс" өрісімен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін "Авто түсі " деген өрісі бар "Авто түсі" анықтамалық кестесін құрайық. Бұдан кейін "Алмастыру" ішкі бетінде "Авто" кестесінің "Түс" өрісі үшін қажетті тағайындауларды орнатайық. "Басқару элементінің типі" қасиеті үшін "Тізімді өріс" (Поле со списком) мәнін таңдаймыз. "Жолдар шыққан жерінің типі" (Тип источника строк) қасиеті үшін "КестеСұраныс" мәнін береміз. "Жолдар шыққан жері" қасиеті үшін "Түс (Цвет)" кестесін алып, "Қосылған бағана" (При - сое - диненный столбец) мен "Бағана сандары" мәндері ретінде 1-ді көрсетейік. Осы мысалмен Конструкторда жұмыс істеу кезі 4 суретте көрсетілген. "Авто" кестесіне мәліметтер ен - гізу үшін мәліметтер базасы терезесінде бұл кестені белгілеп алып, "Ашу (Открыть)" батырмасын шерту керек. Кестедегі "Авто ко - ды" өрісі санауыш болып табылады, оған мәлімет енгізілмейді, ол автоматты түрде толтырылады. "Түс (Цвет)" өрісінде ашылған тізім шығады, одан керекті мәндерді алуға болады (5 сурет).
5 сурет. "Авто" кестесіне мәліметтерді енгізу

"Марка" өрісімен жұмыс істеу қолайлы болу үшін, ішінде "Марка коды" және "Авто маркасы" сияқты 2 өрісі бар, "Авто маркасы "анықтамалық кестесін құрайық. "Авто" кестесінде "Мар - - - - - - ка" өрісі үшін керек - ті "Алмастыру" (Подстановка) жаса - йық. "Элементтер басқару типі" (Тип элемента управления) қа - - сиет - тер үшін "Тізімі бар өріс" (Поле со списком) мәнін таңдап алайық. "Жолдардың шығу көзі" (Тип источника строк) қасиеттеріне "Кестесұраныс" (Таблицазапрос) мәнін таңдап алайық, "Авто маркасы" өрісінің құрамын енгізетін сұраныс құ - ра - йық. "Жолдардың шығу көзі" (Источник строк) қасиетінде көп нүктесі бар квадратты шертеміз, одан кейн сұранысты құрастыратын терезе ашылады. Бұл терезеге кесте атын енгізіп, сол кестеден мәліметтер алынады және өріс аты соның мәндерін таңдау үшін пайдаланылады. Сұрыптау реттілігін де бе - ру - - ге болады, онда мәліметтер бастап - қы кестеде сақталған түрінен басқаша түрде реттеліп көрсетіледі.
"Жолдардың шығу көзі" (Источник строк) қасиетінде SQL тілінде құрылған сұраныс пайда болады. Сұраныстар құ - руға 6 жұмыста кеңірек тоқталамыз. "Қосылған бағана" (При - сое - диненный столбец) және "Бағана саны" (Число столбцов) қасиеттері үшін 1 мәнін береміз. 6 суретте "Ал - мастыру"(Подстановка) ішкі бетінде "Марка" өрісі қасиеттерін беру үшін қолда - ны - ла - тын Сұраныстарды құрастырушы (Построитель запросов) келтірілген.
7 сурет. "Марка" өрісімен жұмыс істеу үшін сұраныс құру

Шебердің бетперде құрудағы мүмкіндіктерін қарас - ты - ра - йық. "Авто" кестесі үшін Конструктор режиміне кіріп, "Шыға - рылған күні" өрісі үшін осы шеберді шақырайық. 8 суретте сұхбаттасудың бірінші қадамы келтірілген, мұнда мерзімді көр - сету үшін формат таңдау қажет, ал 9 суретте сұхбаттасудың 2-ші қадамы келтірілген, мұнда таңдалынған форматқа сәйкес мерзімді енгізу үшін құрылған бет перде көрсетілген.
4. Кестелер шебері режимінде кесте құру
Кестелер шеберін таңдау арқылы үлгі бойынша кесте құру мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл жерде кесте үлгісін және осы кестеге арналған өріс үлгілерін көрсету керек. Өріс атауларын қажет - тілік туып жатса өзгертуге болады. Ары қарай Шебердің ұсыныс - тарын жүзеге асыра отырып, сұхбаттасуды аяқтау керек. Бұл ре - жим - де кесте құру мысалдары 11-14 суреттерде келтірілген. Сұх - баттасудың бірінші қадамында (10 сурет) барлық кестелерді және олардың өрістерін қарап шығу керек, өйткені құрылып жатқан кестеде осы өрістердің қайсысын қолданылатынымызды біз алдын ала ойластыруымыз керек.
белгісі бар квадрат курсор тұрған бір өріс жаңа кестеге енгізілетінін білдіреді, ал белгісі сол жақтағы барлық өрістердің кестеге енгізілетінін біл - діреді, белгісі өрістің жаңа кестеден алып тасталынатынын, ал белгісі барлық өрістің жаңа кестеден жойылып, өз орындарына қалатынын біл - діреді. Сонымен қатар мұнда жаңа кестеге әр түрлі кест - елерден алынған әр түрлі өрістерді кірістіруге болады.
11 сурет. "Дата Выпуска" өрісі үшін енгізу бетпердесін құру.

Егер жаңа кес - тенің қандай да бір өрісінің атын өзгерту керек болса, курсорды осы өріске орналастырып, Өріс атын өзгерту (Переи - ме - новать поле) батырмасын басу қажет. Жаңа кестені құрып біткеннен кейін, Ары қарай (Далее) батырмасын басу керек.
Сұх - баттасу - дың 2-ші қадамында (14 сурет) жаңа кестеге ат беріп, кілтті анықтау тәсілін таңдау керек. Үшінші қадамда (15 сурет) жаңа кесте алдында құрылған кестелермен байланысы болу керек пе, әлде керек емес пе сол көрсетіледі. Егер байланыс орнату керек болса, Байланыстар (Связи) батыр - ма - сын басып сұхбаттасудағы (16 сурет) қажетті іс- әрекеттерді орындау керек.
13 сурет. Дайын үлгі бойынша кесте құру
13 сурет. Дайын үлгі бойынша кесте құру
14 сурет. Құрып отырған кестеге ат беру
14 сурет. Құрып отырған кестеге ат беру
Сұхбаттасудың 4-ші қадамында кесте құрылып біткеннен кейін тұтынушының кестемен қандай іс-әрекет орындайын деп отырғанын көрсету қажет. Практикада кестенің құрылымын өзгерту іс-әрекетін таңдаған дұрыс. Дайын (Готово) батырмасын басқаннан кейін құрылған кестенің сипаттау терезесі Кон - структор режимінде ашылады, мұнда кесте құрылымына қажетті өзгерістер енгізуге болады.
Кестелерді енгізу (Импорт таблиц) шебері және Кестелермен байланыс (Связь с таблицами) шебері басқа қолданбалы программаларда құрылған дайын мәліметтер базаларынан кестелер құруға мүмкіндік береді. Кестелерді енгізу шеберін қолданғанда сыртқы файлдан жұмыс істеп тұрған ағымдағы МБ-ға мәліметтер мен объекті - лердің енгізу (импорт) жүзеге асырылады. Кестелермен бай - ланыс шеберін қолданғанда, ағымдағы мәліметтер базасында сыртқы файл кестелерімен бай - ланысқан кестелер құрылуы жү - зеге асады.
15 сурет. Құрып отырған кестенің байланыстарын анықтау

16 сурет - Құрып отырған кестенің байланыстарын анықтау

Кесте құруға арналған жаттығулар
Мәліметтер базасын құрған кезде кестелерді жо - балаудың төмендегідей ережелеріне сүйену керек:
- кестедегі бар өрістер мәні арқылы есептеліп шығатын өрістер құр - маңыздар;
- қайталанатын өрістер құрмау керек;
- әрбір жазба үшін бір мәнді қайталап сақтайтын өрістер құрмаңыздар;
- әрбір жазба қайталанбайтын бірегей (уникальный) болуы керек;
- қайталанбайтын бірегей түйін (уникальный ключ) болуы тиіс;
17 сурет - Кестені құрғаннан кейін іс-әрекеттерді анықтау

Мәліметтер базасының пәндік саласына мыналар жатады: адамдар, жануар - лар, кітап, автокөлік, компьютер,
программалау тілі, оқитын пән, техникалық әдебиет, сессия, сурет, кино, спорт, аудиокассеталар, видеокассеталар, өсімдік әлемі, жануарлар әле - - мі, көлік, байланыс, емхана, әуежай, институт, театр, аспаздық іс, жарыстар, табиғи құбылыстар, апаттар, теңіздер, өзендер, сапарлар және т.с.с. Бір саладағы бір немесе бірнеше объектілерді бөліп алуға болады, мысалы, "Емхана" саласы үшін мынадай объектілер алуға болады: емхана, ауру адам, дәрі - гер, палата, бөлім, кіші медициналық персонал, Лаборатория, дәрі - лер және т.б. Әр объектінің 5-10 сипаты (қасиеті ) болуы керек. Мы - салы, Емхана объектісі мынандай қасиеттер немесе өрістер арқылы сипатталуы мүмкін: Емхана нөмірі, Емхана аты, бас дәрігердің аты-жөні, емхананың профилі, жататын орын саны, персонал саны және т.б. "Ауру" объектісі мынандай қасиеттер немесе өрістер арқылы сипаттауға болады: аурудың аты-жөні, емделу карточкасының нөмірі, палатаның нөмірі, диагнозы, ем - делу істері, емдеген дәрігердің аты-жөні және т.с.с. Әрбір саланың және әр объектінің сипаттау дәлдігі мен толықтылығы шешілетін мәселеге және тұтынушының қандай ақпарат керек ететініне байланысты болады. Әрбір объект үшін бір жеке кесте құрылады. Кес - тедегі нақты объектілердің сипаттамалары бар жазбалар саны 40-100-ден кем болмауы керек, сонда ғана әр түрлі Access құрал - - дарымен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.
Лабораториялық жұмысты жүргізу үшін мыналарды орындау керек:
1) Ақпараты мәліметтер базасында сақталатын пәндік саланы анықтап, бір немесе бірнеше объектілерді таңдап алып, олардың өрі - с атауларын, мәліметтер типін, нақты мәндерін анықтау керек;
2) әр түр - - лі объектілерге арнап Кесте режимі, Конструктор, Кестелер шебері сияқты үш мүмкіндік арқылы кесте құру қажет;
3) Конструктор режимі үшін бірсыпыра өрістерге арнап, алдын ала олардың қасиеттерін тағайындау, мысалы, енгізу бет пердесі (маскасы), келісім бойынша бірден берілетін мәндер және т.с.с.;
4) МБ терезесінде тұрып, Ашу (Открыть) ба - тыр - масын шерту арқылы таңдаған базаның ішкі мәндерін көріп шығу;
5) МБ терезесінде тұрып, Конструктор батыр - масын шерту жолымен кесте құрылымына және өрістер сипаттамаларына өзгертулер енгізу;
6) Мәліметтер базасын құру және Мәліметтер базасын ашу саймандар тақтасы батырмаларымен жұмыс істеуді үйрену;
7) МБ-ны толтыру кезінде Түзету (Правка) менюін пайдаланып, қайтала - натын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою батырмаларын қолдану.
Лабораториялық жұмыс 4-6 сабаққа арналған. Access-тің мүм - кін - - діктерін оқып үйрену кезінде жоғарыда келтірілген кестелерді құру және өрістер қасиеттерін анықтау тәсілдерін меңгеру қажет.
1 жаттығу
1. Белгілі бір пәндік саланы таңдап, оның бір объектісін алып, ішкі бірнеше қасиеттерін көрсетіп сипаттау керек, мысалы, объект - кітап, қасиеттері - жазушының аты - - - жөні, кітаптың аты, инвентарлық нөмірі, шыққан жы - лы, басып шығарылған жері, баспасы, кітаптің құны.
2. Кесте режиміне кіру.
3. Құрылған сипаттамаларға сәйкес бірнеше кітаптар туралы мәлімет енгізу.
4. ФорматБағананың атын өзгерту меню командасын қол - данып, бағаналарға 1 пунктте берілген атауларды беру.
5. Бір бағананы үлкейту үшін тышқанды сол бағананың та - қы - рыбының оң жақ шетіне алып барып, тышқан батырмасын басып тұрып, бағананың шекара - сын жылжыту ке - рек. Сол сияқты әрекеттерді ФорматБағананың ені меню ко - ман - дасын қолданып немесе контекстік менюдің Ба - ға - на - ның ені командасын қолданып істеуге де болатынына көз жеткізу қажет.
6. Құрылған кестені сақтау үшін терезені жабу керек, немесе сай - мандар тақтасында Сақтау батырмасын шерту, немесе Файл - Сақ - тау командасын орындау керек. Осы әрекеттерді орындау барысында кестенің атын өзгертуге болады.
7. Мәліметтер базасы терезесін жаппай тұрып, Кесте ішкі бетінен Ашу батырмасын шертіп, кестеге мәліметтер енгізу қажет.
2 жаттығу
1. "Кітап" кестесін немесе 1 жаттығудағы құрылған бір кес - те - ні ашу.
2. Конструктор режиміне кіру
3. Өрістердің сипаттамаларын көріп шығу.
4. Қажет болса ішіндегі бір сипаттаманы өзгерту. Ол үшін кур - сорды керекті өріске апарып, Мәліметтер типі бағанасын шертіп, тізімнен керекті сипаттаманы таңдап алу керек.
5. Кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар тағайындау. Мысалы, "Шыққан жылы" өрісіне енгізу бет пердесін (маскасын) бекіту. Ол үшін өріс қасиеттеріне арналған "Жалпы"("Общие") ішкі бетіне келіп 9999 деген бетперде (маскасын) енгізу. Бұл шыққан жыл 4 таңбалы саннан тұратынын білдіреді.
6. Ашу батырмасы арқылы кестені ашып, 5 саннан тұратын кітаптың шыққан жылы мәнін енгізіңіз, оған Access жүйесінің реакция - сын байқаңыз.
7. Конструктор режиміне кіріңіз. "Шыққан жылы" өрісі үшін Мәнге шарт беру (Условие на значение) сипаттамасын беріңіз, мысалы Between 1950 And 1998 түрінде. Бұл барлық кітаптардың 1950 ж. және 1998ж. арасында шыққанын білдіреді.
8. Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз да, кітаптың шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1947, жүйенің реакциясын байқаңыз.
9. Конструктор режиміне кіріңіз. "Шыққан жылы" өрісі үшін Қате түралы мәлімет (Сообщение об ошибке) қасиетті беріңіз, мы - са - лы, "Кітап шыққан жылы 1950 және 1998 жылдар арасында жатыр" деген мәліметті енгізіңіз.
10. Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз, кітап шыққан жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1999, оған Access жүйесінің қалай жауап беретінін байқаңыз.
11. Тура сол сияқты өрістердің басқа қасиеттерімен де жұ - мыс іс - теп шығыңыз.
12. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
3 жаттығу
1. Кесте шебері режиміне кіріңіз де, Мәліметтер базасында бар кестелер негізінде жаңа кесте құрыңыз.
2. "Қызметкерлер" кестесінен мынадай өрістер алыңыз: "Та - бель - дік нөмір", "Фамилиясы", "Аты", "Әкесінің аты", "Лауазымы", "Үй те - ле - фоны", ал "Клиенттер" кестесінен "Компанияның аты" өрісін алыңыз.
3. Мәліметтерді кестеге енгізіңіз.
4. Конструктор режиміне кіріп, кейбір өрістердің ат - аула - рын аздап өзгертіңіз.
5. 2 жаттығудағы көрсетілгендей етіп кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар беріңіз.
4 жаттығу
1. Конструктор режиміне кіріңіз және белгілі бір пәндік саладан бір объектіні сипаттаңыз (1 жаттығуны қараңыз).
2. Конструктордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, объект сипа - т - тамаларына аттаулар беріп, олардың типтерін анықтаңыз.
3. 2 жаттығудағы көрсетілгендей кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар беріңіз.
5 жаттығу
1. Ашу батырмасы арқылы бұрын құрылған кестелердің кез келген бірін ашыңыз.
2. Кестені мәліметтермен толтырғанда Түзету (Правка) менюі - нің командаларын, саймандар тақтасының батырмаларын және кон - - - текстік менюдің қайталанатын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою командаларын пайдаланаңыз.
3. Кестелердегі жасалған өзгертулерді сақтапи қойыңыз.
6 жаттығу
1. "Алмастыру" ("Подстановка") ішкі беті арқылы орнатылатын өріс қасиеттерін қарап шығыңыз, Кестелер режимін пайдаланып "Баспа" жаңа кестесін құрыңыз. Бұл кестеде тек бір ғана өріс болады, оған мынадай баспа атауларын енгізу керек: Ғылым, Жоғары мектеп, Білім, Рауан және т.с.с.
2. 1 жаттығуда құрылған "Кітап" кестесін ашыңыз.
3. Конструктор режиміне кіріңіз.
4. "Баспа" өрісінің сипаттамаларына арналған "Жалпы" ("Общие") ішкі бетіне кіріңіз.
5. "Басқару элементінің типі" қасиеті үшін "Тізімі бар өріс" деген мәнді таңдаңыз, "Жолдар шығу көзінің типі" ("Тип источника строк") қасиеті үшін "КестеСұраныс" мәнін таңда - ңыз, "Жолдар шығу көзі"("Источник строк") қасиеті үшін - "Баспа" кестесін таңдаңыз, "Қосылған бағана" мене "Бағана саны" үшін 1 деген мәнді көрсетіңіз.
6. Ашу батырмасы арқылы "Кітап" кестесінің мәліметтерді енгізу режиміне кіріңіз.
7. "Баспа" өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.
8. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтаңыз.
7 жаттығу
1. "Алмастыру" ішкі бетіндегі өрістердің тағайындалатын сипаттамаларын қарап шығыңыз.
2. Кестелер режимін пайдаланып "Жарияланатын орын" атты жаңа кесте құрыңыз. Бұл кестеде екі өріс болуы тиіс: Код және Жарияланатын орын.
3. Жаңа мәндер енгізіңіз, мысалы: Алматы, Астана, Москва, Санкт-Петербург.
4. 1 жаттығуда құрылған "Кітап" кестесін ашыңыз.
5. Конструктор режиміне кіріңіз.
1. "Жарияланатын орын" өріс сипаттамаларына арналған "Жалпы" ішкі терезеге кіріңіз.
2. "Басқару элементінің типі" үшін "Тізімі бар өріс" деген мәнді таңдаңыз, "Жолдар шығу көзінің типі" үшін "КестеСұраныс" мәнін таңдаңыз, "Жолдар шығу көзі" үшін сұраныс құрастырғышын (построитель запросов) ашыңыз да, соның ішінде кестенің атын - Жарияланатын орын, өрістің атын - Жарияланатын орын, сұрыптау - өсуі бойын - ша деп экранға шығаруды көрсетіңіз. "Қосылған бағана" және " Бағана саны" үшін 1 деген мәнді көр - сетіңіз.
3. Ашу батырмасы арқылы "Кітап" кестесінің мәліметтерді ен - гізу режиміне кіріңіз.
4. "Жарияланатын орын" өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.
5. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
8 жаттығу
1. Пуск батырмасын басу арқылы Access-ке кіріңіз.
2. Мәліметтер базасын құру сұхбат терезесінде Шеберді іске қосу (Запуск мастера) қанат белгісін (переключатель) басы - ңыз.
3. "Құру" ("Создание") сұхбат терезесіндегі Мәліметтер базасы іш - кі терезесін таңдаңыз да, көрсетілген базалардың біреуін, мыса - лы, Музыкалық коллекция белгішесін таңдаңыз және сұхбат жүрген кезде қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа база құрыңыз.
4. Құрылған базаларды мәлі - мет - терді енгізу және Конструктор режимдерінде қа - рап шығыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Кесте не үшін қажет?
2. Объект қалай сипатталады?
3. Өріс дегеніміз не?
4. Әрбір өріс қалай сипатталады?
5. Access-те мәліметтердің қандай типтері болады?
6. Санауыш (Счетчик) мәліметтер типі не үшін қажет?
7. Өріске қандай қасиеттерін тағайындауға болады?
8. "Келісім бойынша мән" (Значение по умолчанию) қасиетінің қызметі неде?
9. Бет перде (Маска) не үшін қажет?
10. "Алмастыру" ішкі беті не үшін қолданылады?
11. Құрып отырған кесте өрісінің мәнін беру үшін,е басқа кесте өрістерін қалай пайдалануға болады?
12. Алмастыру шебері не үшін қажет?
13. Кесте режимінде кесте қалай құрылады?
14. Конструктор режимінде кесте қалай құрылады?
15. Кесте шебері режимінде қалай жұмыс істейміз?
Зертханалық жұмыс №3
Тақырып: "МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНЫҢ СХЕМАСЫ"
Жаттығу: қарастырылып отырған аймақтағы объектілердің арасында байланыс орнату мүмкіндіктерін, мәліметтер схемасын қалай құру екендігін оқып үйрену мақсатында келесі жаттығуларды орындаңыздар.

Жаттығуларды орындауға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар:
1. Объектілер арасындағы байланыстар мен мәліметтер схемасы
Мәліметтер схемасы мәліметтер базасының құрылымын жасап, оның графикалық бейнесі болып қана қоймай, жұмыс істеу процесінде де кең қолданылады. МБ схемасын жасау көпкестелі формаларды, сұраныстарды және басылымдарды жеңіл құрастыруға, сондай-ақ, кестелерді түзету кезінде байланысқан мәліметтер тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Схемада кестелер арасындағы байланыстар анықталып, олардың нұсқалары жасалады. Осылай құрылған схемалар өзара байланысқан кестелер негізінде формалар, сұраныстар және басылымдар құрастыру кезінде мәліметтер байланысын автоматты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. МБ схемасы графикалық түрде арнайы терезеде өрістер тізімі арқылы көрсетілген әр түрлі кестелердің керекті өрістерін сызықтармен байланыстыру жолымен бейнеленіп тұрады.
Осындай өзара байланысу бейнесі мәліметтердің екі тобы арасындағы нақты байланысты көрсетеді. Бұлардың "бірдің бірге" (1:1), "бірдің көпке" (1:М немесе 1: ) және "көптің көпке" (М:М) қатынасы сияқты бірнеше түрлері бар.
Мысалы, СТУДЕНТ объектісі бар болсын делік. Оны сипаттау кезіде ФАМИЛИЯСЫ, АТЫ, ТУҒАН ЖЫЛЫ, СЫНАҚ КІТАПШАСЫ НӨМІРІ, ТОПТЫҢ НӨМІРІ сияқты өрістерді пайдаланамыз. Бұл өрістердің арасында мынадай байланыстар бар:
1. "Бірдің бірге қатынасы"
ФАМИЛИЯСЫ СЫНАҚ КІТАПШАСЫ НӨМІРІ
2. "Бірдің көпке қатынасы"
СЫНАҚ КІТАПШАСЫ НӨМІРІ ТОПТЫҢ НӨМІРІ
3. "Көптің көпке қатынасы"
ТУҒАН ЖЫЛЫ ТОПТЫҢ НӨМІРІ
Осыған ұқсас өзара байланыстар объектілер арасында да орнатылуы мүмкін.
Access программасы мәліметтер схемасын құру кезінде таңдап алынған өріс бойынша кестелер арасындағы байланыс типін авоматты түрде анықтайды. Егер байланыс орнатылатын өріс басты және бағынышты кестелердің екеуінде де қайталанбайтын түйінді өріске жататын болса, онда бірдің бірге қатынасы түріндегі байланыс орнатылады. Ал, егер байланысу өрісі тек басты кестеде ғана қайталанбайтын түйінді типке жататын болып, ал бағынышты кестеде ол түйінді өріс типіне жатпайтын болса немесе ондағы құрамалы түйінді өріске кіретін жағдайда, басты кестеден бағынышты кестеге қарай бірдің көпке қатынасы байланысы орнатылады.
Басты кестеден байланыс өрісі ретінде түйінді болып саналмайтын типті таңдағанда, тек бірігу байланысы орнауы мүмкін. Мұндай байланыстар басты кесте мен бағынышты кестенің екеуінен де алынған өрістері бар формалар мен басылымдар құру кезінде қажет болады. Мұндай байланыстар бірдей мәндері бар жазбалардың байланыс өрісінде бірігуін төмендегі 3 тәсілдердің біреуімен қамтамасыз етеді:
1) екі кестенің де байланысқан өрістерінің мәндері бірдей болған жазбаларды ғана біріктіру;
2) екі кестенің де байланысқан өрістерінің мәндері бірдей болған жазбаларды біріктіру және, соған қоса, 2-кестеде өзіне сәйкес байланысу өрістері жоқ 1-кестедегі барлық жазбаларды 2-кестенің бос жазбаларымен біріктіру;
3) екі кестенің де байланысқан өрістерінің мәндері бірдей болған жазбаларды біріктіру және, соған қоса, 1-кестеде өзіне сәйкес байланысу өрістері жоқ 2-кестедегі барлық жазбаларды 1-кестенің бос жазбаларымен біріктіру.
1:1 немесе 1:М типіндегі байланыс түрлеріне мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ететін параметрді және де байланысқан жазбаларды автоматты түрде каскадты жаңарту мен өшіру ісін енгізуге болады.
Мәліметтер базасының тұтастығы деп базадағы мәліметтердің қатесінің жоқтығы мен дәлдігін айтады. МБ-ның біртұтастығын қамтамасыз ету дегеніміз - кез келген уақытта базадағы мәліметтердің қатесіз, дұрыс құрастырылуына бағытталған шаралар жүйесі. Мұндай шаралар жүйесіне мәліметтердің мүмкін мәндері мен олардың арасындағы байланыстарды қадағалауға арналған белгілі бір ережелер жиынынан тұратын мәліметтер тұтастығына қойылатын шектеу - лер жатады.
Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету дегеніміз өзара байланысқан кестелер үшін мынадай бірнеше түзету шарттарының орындалуы:
бағынышты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz