Болашақ педагог - психологтардың педагогикалық мәдениетінің даму деңгейін анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Психологиялық-педагогикалық және арнайы беру білім кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін дамытудың ғылыми негіздері

Орындаған:Калданова А.С.
Ғылыми жетекші:
пс.ғ.к., доцент Мамбеталина А.C.

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі________________________ ________________
_______________________________ _______

Ақтөбе
2023

РЕЗЮМЕ
магистерской диссертации Калдановой Алиной Сакенкызы
Научные основы развития педагогической культуры будущих педагогов-психологов на соискание академической степени магистра педагогических наук по образовательной программе 7М01101 - Педагогика и психология

Научный руководитель: к.пс.н., доцент Мамбеталина А.С

Актуальность исследования и новизна: Совершенствования системы подготовки будущего специалиста является формирование личности с высокой общей и педагогической культурой, которая высоко ставит педагогическую позицию в процессе психолого-педагогической деятельности, активна в развитии своей культуры, способна к обучению, саморазвитию.
Сегодня особенно заметна потребность человека в таком поведении, как самостоятельные действия, принятие решений, принятие на себя ответственности. Будущий педагог-психолог должен уметь делать разумный выбор в непредвиденных ситуациях, принимать оперативные и эффективные решения и осуществлять их.
В настоящее время проблема формирования профессиональной культуры очень актуальна, так как инновационные процессы, происходящие в педагогической теории и практике, предъявляют серьезные требования к подготовке будущего педагога в области образования, педагога-психолога, социального педагога и др.
Цель диссертационной работы: Разработка научных основ и практическая апробация проблем развития педагогической культуры будущих педагогов-психологов.
Задачи диссертационной работы:
1.Научно-теоретическое исследование проблем развития педагогической культуры будущих педагогов-психологов.
2.Определить пути, методы научного осмысления содержания, структуры и развития педагогической культуры будущих педагогов-психологов.
3.Апробация в ходе опытно-экспериментальной работы развития педагогической культуры будущих педагогов-психологов.
Выводы исследования и практическая значимость полученных результатов: Теоретико-методические основы исследования включают исследования зарубежных и отечественных ученых, анализ философских, педагогических, психологических трудов.
Итоги и анализ исследовательской работы включены в учебно-методическое пособие для будущих педагогов-психологов.
Объем магистерской диссертации: Диссертационная работа состоит из введения, двух разделов, заключение; список использованной литературы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1
Қазіргі білім берудегі болашақ педагог-психологтың педагогикалық мәдениетін дамыту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі педагогикалық мәдениетті дамытудың теориялық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2
Болашақ педагог-психологтың педагогикалық мәдениетінің негізгі аспектілері мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.3
Болашақ педагог-психолог дамуындағы педагогикалық шарттары мен тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2
Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны ... ... ... ... ... ...

2.1
Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетінің даму деңгейін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2
Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін дамыту шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бақылау кезеңі: нәтижелерді талдау және қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Психологиялық-педагогикалық қызмет үрдісінде ұстаздық ұстанымын жоғары қоятын, өз мәдениетін дамытуға белсенді, қашан да үйренуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті, жалпы және педагогикалық мәдениеті жоғары тұлғаны қалыптастыру болашақ маманды даярлау жүйесін жетілдірудің ажырамас шарты болып табылады.
Бүгінгі таңда адамның дербес әрекет ету, шешім қабылдау, жауаптылықты өзіне алу сияқты мінез-құлқына деген қажеттілік ерекше байқалады. Болашақ педагог-психолог күтпеген жағдайларда ақылға қонымды таңдау жасай білуі, жедел әрі тиімді шешім қабылдауы және оны жүзеге асыруы керек. Маман тек кәсіби білімнің, дағды мен тәжірбиенің жиынтығын қамтитын кәсіби құзыреттілікке ғана емес, сонымен қатар арнайы сапалық сипаттамалар жиынтығына, арнайы іс-қимыл әдістеріне, кәсіби мәдениеттің құрамдас бөліктеріне ие болуы керек. Қазіргі уақытта кәсіби мәдениетті қалыптастыру мәселесі өте өзекті, өйткені педагогикалық теория мен практикада болып жатқан инновациялық процестер білім беру саласындағы болашақ педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог және т.б. маманды даярлауға елеулі талаптар қойып отыр.
Білім беруді жаңғырту тәрбиенің маңызды аспектілерінің бірі ретінде педагогикалық мәдениетті арттыруды көздейді, бұл білім берудің негізгі құжаттарында, оның ішінде 2019-2024 жылдарға арналған Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде көрсетілген [1].
Егер қазіргі қоғамға ойлау мен сананың жаңа формасы бар азаматты қалыптастырудың жаһандық ниеті берілсе, онда осындай қалыптастыруға дайын және қажетті құзыреттерге ие педагог кадрларды даярлау мәселесі қатар белгіленуі керек. Осылайша, білім берудің барлық сатыларын реформалаудың қазіргі жағдайында ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндеріне жауап беретін жаңа кәсіби құзыреттіліктері бар болашақ педагогтарды даярлауға байланысты мәселелер ерекше маңызға ие.
Ол қазіргі қазақстандыққа сананы ойдағыдай жаңғырту үшін қажетті қасиеттерді білдіреді. Бұл қасиеттер білім беру процесінде алынады. Яғни, қойылған міндеттерге сәйкес келетін өзгерістер, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту және Жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарында бұл қызмет жұмысының бірнеше бағыттары бөліп көрсетіледі - психопрофилактикалық, консультативтік, коррекциялық. Барлық аталған бағыттар міндетті компонент ретінде психодиагностикалық қызметті қамтиды. Сонымен қатар, лауазымдық нұсқаулықтар мен қолданыстағы нормативтерді талдау, сондай-ақ практикадағы педагог-психологтардың және бірнеше ЖОО-ның пікірлері бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері мамандардың білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің психикалық жағдайын бақылауға уақыты жеткілікті емес деген тұжырым жасауға болады.
Педагогикалық мәдениетті қалыптастыру аспектілері З.Ф.Абросимова [2], Е.Я.Александрова [3], И.М.Быховская [4], М.Н.Ермоленко [5], В.А.Мижерикова [6], Л.В. Занина [7], Н.Ф.Тализина [8] еңбектерінде қарастырылады.
Ф.Абросимова [9], Е.В.Бондаревская [10] және Е.Видт [11], А.И.Пискунов [12], В.К.Суханцева [13] ғалымдары педагогикалық мәдениетті оның құрылымдық мазмұнымен талдайды, ал психологиялық мәдениет және оның мазмұнын - Н.П.Колесник [14], Л.С.Колмогорова [15], И.Б.Котова [16], Е.И.Рогов [17] және т.б. зерттеген.
Жиырмасыншы ғасыр педагогтарының көрнекті қазақстандық ағартушылары Ж.Аймауытовтың [18], Ш.Әлжановтың [19], С.Қожахметовтың [20], С.Кубеевтің [21], С.Торайғыровтың [22], Т.Тәжібаевтың [23], Р.Лембергтің [24], И.Стычинскийдің [25] педагогикалық жұмыстарынан оқу және тәрбие қызметін ұйымдастыру туралы көптеген құнды әдістемелік ұсынымдар табуға болады: сабақтың жаңа материалын қалай қолжетімді түрде түсіндіруге,білім алушының оқуға деген құштарлығын және қалаған тұлғалық қасиеттерге ие болуын қалай ынталандыруға болады. Өз мұғалімдері мен замандастарының пікірімен қатар С.Кубеев педагог білімді және мәдениетті ғана емес, өз халқын сүйетін, оның мүддесін қорғайтын адам болуы тиіс.Ол тапсырылған іске үлкен жауапкершілік сезімімен қарауға, өз кәсібін жақсы көруге тиіс деген пікірде болды.
Соңғы онжылдықтағы педагогикалық ғылымдар бойынша диссертациялық зерттеулерді талдау нақты педагогикалық әлеует саласындағы ғылыми зерттеулердің жалпы санының өсуін көрсетеді. Соның ішінде У.М.Абдигапбарова [26], З.С.Батчаева [27], А.Ш.Абдраманұлы [28], М.Ж.Қозыбақова [29], С.А.Ұзақбаева [30], К.Ж.Туребаева [31] ғалымдарының зерттеу жұмыстары білім алушылардың адамгершілік, әлеуметтік, патриоттық, мәдени, еңбек тәрбиесі мәселелері көрініс тапты.
Болашақ педагогтардың педагогикалық мәдениетін қарау ауқымының өзгеруіне байланысты үрдістер шетелдік Bereday G.Z.F. [32], Wildt I [33], Kennedy J.R. [34], Bloom Benjamin [35] зерттеушілерінің жұмыстарында байқалады. Бұл зерттеушілер салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің білім берудегі жаһандану феноменін толық зерттеуге мүмкіндіктері бар деп есептейді.
Алайда, педагог-психологтың педагогикалық мәдениетінің ерекшеліктері, сондай-ақ оны жоғары оқу орнындағы білім беру кезеңінде қалыптастыру үрдісі жеткіліксіз зерттелген. Осылайша, болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлау теориясы мен практикасында келесі қарама-қайшылықтар қалыптасты:
1. Жоғары білікті, жоғары кәсіби мәдениеттің талаптарына жауап беретін педагог-психологтарға деген қажеттілік пен "педагог-психологтың педагогикалық мәдениеті" құбылысының мәні туралы сұрақтың жеткіліксіз дамуы арасында;
2. Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен кәсіби дайындықтың осы аспектісін әдістемелік қамтамасыз етудің дамымауы арасында.
Мәселенің өзектілігі мен жеткіліксіз теориялық дамуы диссертациялық зерттеу тақырыбын келесідей таңдауға әсер етті: "Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін дамытудың ғылыми негіздері".
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлау процесінде мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыруға қандай жағдайлар ықпал ететінін анықтау.
Зерттеудің мақсаты: Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін дамыту мәселелерін ғылыми негіздерін аңықтап және тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеу міндеттері:
1. Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін дамыту мәселелерін ғылыми-теориялық зерттеу.
2. Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін мазмұның, құрылымың және дамыту бағытында ғылыми тұрғыда жолдарын, әдістерін анықтау.
3. Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін дамытудың тәжірибелік-эксперимент жұмыс барысында сынақтан өткізу.
Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері: қойылған міндеттерді шешу және гипотезаны тексеру үшін бірқатар әдістер қолданылды:
1-теориялық: мәдениеттану, философиялық, психологиялық, педагогикалық, анықтамалық әдебиеттерді, сондай-ақ зерттелетін мәселе бойынша диссертациялық зерттеулерді талдау және жалпылау, педагогикалық модельдеу;
2-эмпирикалық зерттеу әдістері:
И.Ю.Соволова әзірлемелері бойынша студенттердің педагигкалық мәдениетін зерттеу мен өзіндік бағалауға арналған диагностикалық картасы.
М.Рокичтың Құндылық бағдарлары әдісі.
3-деректерді математикалық және статистикалық өңдеу әдістері эмпирикалық зерттеу нәтижелерінің сапалық және сандық талдауы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетінің негізгі аспектілері мен құрылымы анықталды.
2. Болашақ педагог-психологтардың педагогикалық мәдениетін дамыту шаралары анықталды және тәжірибелік эксперименттік жұмыс өткізілді.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы: Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерді талдауларды қамтиды.
Зерттеу жұмысының қорытындылары мен талдаулары болашақ педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулыққа енгізілді.
Диссертация жұмысының құрылымы: диссертация жұмысының құрылымы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

Мәдениет өнімінің заттық жағы мен өнімді оның заттық анықтығының шегінен шығаратын әрекет схемасының арақатынасы М.С.Каганның концепциясында да бар.
Мәдениет ұғымының педагогика саласымен тікелей байланысты, сондықтан педагогика саласына енгізудің өзектілігі айқын екені белгілі. Аталған мәселе И.А. Бирич [36], А.М. Абрамов [37], В.П.Борисенков [38], Г.Н.Волков [39], Б.Л. Вульфсон [40], В.Я. Лакшин [41], В.Б. Новичков [42], В.А. Разумный [43], Б.К. Тебиев [44], И.Ф.Харламов [45] сияқты ғалымдардың зерттеулері мен мақалаларында жазылған.
М.С.Каган: Мәдениет - бұл екі үрдісті байланыстыратын объективтіліктің, заттандырудың және құпияландырудың диалектикалық қатынасы деп тұжырымдайды, бұл мынаны білдіреді: Мәдениет - әрекет тәсілінің оның өніміне және өнімнің әрекет тәсілдерінің өзара трансформациясы. Мәдениет дегеніміз - экстрасоматикалық контексте қарастырылатын адамның символдық қабілетіне тәуелді заттар мен құбылыстар класы [46].
Мәдениет ұғымының педагогика саласымен тікелей байланысты, сондықтан педагогика саласына енгізудің өзектілігі айқын екені белгілі. Аталған мәселе И.А. Бирич және Е.В. Бондаревская сияқты ғалымдардың зерттеулері мен мақалаларында жазылған. Ғалымдардың пікірінше, мәдениет сөзінің мәніне әлеуметтік-тарихи құбылыс ретінде қарау, педагогикалық мәдениет ұғымын сол саланың негізгі бағыттарының бірі деп түсінуге ықпал етеді [47].
Мәдениет ұғымының бірнеше анықтамасы бар. 1964 жылдың өзінде - ақ американдық зерттеушілер А.Кребер мен К. Клахон ғалымдар мәдениеттің 257 анықтамасын жинап және құбылысты сипаттауға 100-ден астам әрекет жасады. Мұны мәдениет құбылысының күрделілігі мен жан-жақтылығымен және осы тұжырымдаманы теориялық тұрғыдан түсіну тәсілдеріндегі жан-жақтылықпен түсіндіруге болады [48].
Сонымен мәдениет ұғымы күрделі пәнаралық, жалпы әдіснамалық ұғым болып табылады. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары тұрғысынан қарағанда мәдениетті психологиялық-педагогикалық шындық құбылысы ретінде түсіндірудің жүйелік, жеке, белсенділік, диалог, мәдениеттану, антропологиялық, аксиологиялық, диатропикалық, синергетикалық, субъективті, акмеологиялық сияқты әртүрлі тәсілдері бар.
Мәдениеттің аксиологиялық анықтамалары мәдениеттің негізгі элементі құндылық болып табылатын тезистерді дамытады. Сонымен қатар бұл қарастырудағы құндылық ұғымын мағына ұғымымен сәйкестендіруге болады. Ішкі мағына мәдени құбылысты құндылыққа айналдырады. Мәдениет жүйесінің элементінің бұл анықтамасының вариациясы мәдени құбылыстар мен процестердің жүйелік бірлігі ретіндегі идея ұғымы болып табылады.
Мәдениеттің негізгі элементі ретіндегі құндылық мәдениеттің нормативтік анықтамаларына негіз болатын норма мағынасында да болуы мүмкін. Мәдени нормаларды адам өмірінің әлеуметтік реттеушілері ретінде сипаттау, мысалы, Батыс Еуропа сияқты ірі өркениеттердің мәдени өмірінің заңдылықтарын түсінуге тән.
Осы көзқарасқа сәйкес адамды белгілі бір ережелер мен заңдылықтарға бағындырып, оның табиғи бостандығы құқығын бұза отырып, мәдениеттің өктемдігі туралы тұрақты ой қалыптасты. И.Кант мәдениеттің екі қарама-қайшы ағымға - жанның еркіндікке қозғалысы (рухпен қосылып) және ілім арқылы жанның құлдыққа (тән тұтқынында) қозғалысын көруге бейім болды [49].
Педагогикалық мәдениет ұғымының мәнін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Біріншіден, педагогикалық мәдениет ұғымы рухани және материалдық құндылықтар ең көп сіңетін адамзат мәдениетінің бір бөлігі, сондай-ақ тұлғаның ұрпақ алмасуы мен әлеуметтенуінің тарихи процесіне қызмет ету үшін қажет шығармашылық педагогикалық іс-әрекет тәсілдері.
Екіншіден, бұл концепция жеке-тұлғалық деңгейде мәдениеттер диалогына қабілетті тұтас тұлғаның ерекшеліктерін көрсетеді.
Үшіншіден, педагогикалық ұстаным мен тұлғалық сапалар, кәсіби білім мен педагогикалық ойлау мәдениеті, кәсіби шеберлік пен шығармашылық табиғат құрамдас бөліктері болып табылатын педагогикалық құндылықтардың, іс-әрекет әдістері мен кәсіби мінез-құлықтың динамикалық жүйесі ретінде түсініледі. Ұсынылған тәсілдерді талдау маманның педагогикалық мәдениетін оның жеке сферасының элементтерінің бірі ретінде қарастыруға қатысты кейбір жалпы ұстанымдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Осыны ескере отырып, бірқатар педагог-зерттеуші ғалымдар (А.В.Барабанщиков, С.С.Муцынов және т.б.) педагогикалық мәдениетті тұлғаның өз іс-әрекетінің педагогикалық саласындағы жалпы мәдениетінің нақты көрінісі ретінде қарастыруды ұсынды. Нәтижесінде, бұл кәсіби іс-әрекеттің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің, психологиялық-педагогикалық білімнің, сондай-ақ практикалық дағдылардың белгілі бір даму деңгейін көрсететін күрделі динамикалық интегралды білім[6].
Қазіргі уақытта педагогикалық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырылады, оның мазмұнына әлемдік педагогикалық тәжірибе, мәдени дәуірлердің және оларға сәйкес педагогикалық өркениеттердің өзгеруі, педагогикалық ғылым мен білімнің тарихы, білім беру ұстанымдары мен қағидаларының өзгеруі кіреді.
Педагогикалық мәдениет әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ол әлеуметтік құбылыс, ұрпақаралық және педагогикалық бірлесе әрекет жасау ерекшеліктерінің сипаттамалары, қоршаған ортаны тәрбиелеу құралдары ретінде көрінеді, үрдісті жүзеге асырушы басты компоненттер мұғалімдер, ата-аналар, қоғамдық тәрбиешілер, педагогикалық қауымдастықтар болып табылады.
Бүгінгі таңда белгілі шетелдік ғалым, құзыреттілік тәсілінің негізін қалаушылардың бірі болып саналатын Эдмунд Шорт бастаған американдық ғалымдардың зерттеу жұмысы келесідей тұжырымдама жасауға негіз болып отыр: Құзыреттілік - өзгермелі ортадағы жағдайды назарда ұстау, яғни қоршаған ортаның әсеріне тиімді жауап беру немесе оны өзгерту, әсер ете алу мүмкіндігі [8].
Осылайша, оқытушының құзыреттілігі қол жеткізілген нәтижелерді көрсету құралы ғана емес, сонымен бірге оны әлеуметтік жағдайдың, экологиялық ортаның, еңбек пен өмірдің жаңа жағдайларының ықтимал өзгерістеріне дайындау мақсатында жеке тұлғаның одан әрі дамуына негіз болады. ХХІ ғасырдың басынан бастап ресейлік және шетелдік ғалымдар мұғалімдердің педагогикалық мәдениеті мен жеке құзыреттерін жетілдіре отырып, білім берудің жаңа дәуіріне, ақпараттық-технологиялық дәуіріне дайындалуы керек екенін ескертті.
Жалпы адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі педагогикалық мәдениет болып табылады. Ғылыми еңбектермен, оқулықтардаПедагогикалық мәдениет ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Енді солардың негізгілеріне тоқталсақ:
Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің жеке басының интегралды сапасы, оның жалпы мәдениетінің мамандық саласына қарай бейімделуі. В.К.Суханцева [50], Т.В.Иванова ғалымдардың пікірінше педагогикалық мәдениет - мұғалімнің жоғары кәсібилігі мен ішкі қасиеттерінің синтезі, оқыту әдістемесін меңгеру және мәдени шығармашылық қабілеттерінің болуы. Бұл адамзат жинаған тәжірибені шығармашылық иемдену және түрлендіру өлшемі. Жоғары педагогикалық мәдениеті бар мұғалім жақсы дамыған педагогикалық ой-пікір мен санаға ие, шығармашылық әлеуетке ие және дүниежүзілік мәдени-тарихи тәжірибенің орталығы болып табылады[9];
Г.В.Соколовтың айтуынша, педагогикалық мәдениет - педагогикалық қызметті саналы түрде ұйымдастыру тәсілі, онда оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуді, өзін-өзі жетілдіруі және өзін-өзі дамытуды ұйымдастыруға арналған білім, дағдылар, құндылықтар мен әдіс-тәсілдерді, технологияларды толық меңгеруі, сондай-ақ мұғалімнің жеке басының толық дамуы қамтамасыз етіледі [10];
И.А.Колесникова ғалымның айтуынша педагогикалық мәдениет - әлеуметтік нормалар, қатынастар және тәрбие мен білім беру мекемелері жүйесінде ұсынылған адамзат мәдениетін дамыту үшін әр дәуірдің ұрпақтарының өзара әрекеттесу тәсілдерінің жиынтығы [11].
Г.Н.Волковтың ойынша педагогикалық мәдениет тәрбиемен тікелей байланысты халықтың материалдық және рухани мәдениетінің саласы халықтық педагогиканы, білім беру жүйесін, педагогиканың жай-күйін, мұғалімдердің дайындық деңгейін, көпшіліктің педагогикалық ағартушылығын қамтиды [12];
Е.В. Бондаревская ғалымның зерттеуі бойынша педагогикалық мәдениет - жалпыадамзаттық педагогикалық құндылықтардың динамикалық жүйесі, педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық тәсілдері және оқыту мен тәрбиелеумен айналысатын адамдардың жеке жетістіктері [13].
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан көрініп тұрғандай, педагогикалық мәдениет - өте көлемді ұғым. Аталған авторлар педагогикалық мәдениеттің компоненттерін анықтауда әртүрлі пікірлер білдіргендіктен, нақты құрамдас бөліктері мыналар деп айтуға келмейді.
Л.Д.Столяренко [51] педагогикалық мәдениеттің басты құндылығы - бала, оның дамуы, білімі, тәрбиесі, әлеуметтік қорғалуы және оның қабілеті, қасиеті мен құқықтарын қолдау екенін атап көрсетеді. Ол педагогикалық мәдениетті мұғалім құндылықтарының, іс-әрекетінің және кәсіби мінез-құлқының дамушы жүйесі ретінде қарастыра отырып, педагогикалық мәдениет ұғымын сол жүйенің құрамдас бөліктері ретінде төменде берілген бірнеше анықтаманың жалпы жиынтығы ретінде түсіндіреді:
Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің өзінің кәсіби іс-әрекетіне, педагогикалық қызметіне көзқарасын, балаларға деген қатынасын көрсететін және тиісті мінез-құлықтан көрінетін педагогикалық ұстанымы;
Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің жеке басының бағыт-бағдарын, кәсіби-адамгершілік қасиетін, педагогикалық қызметке қатынасын, сондай-ақ өз мүдделері мен рухани қажеттіліктерін көрсететін кәсіби және жеке қасиеттері;
Педагогикалық мәдениет - кәсіби білім, атап айтқанда, әдістемелік, теориялық, тәжірбиелік және технологиялық білімі;
Педагогикалық мәдениет - сыншылдықпен, проблемалық оқытумен көрінетін, оқушының қызығушылығына, қажеттіліктеріне және дамуына бағдарлануымен, сонымен қатар тиімді технологиялар мен әдістерді игеруге шығармашылық, конструктивті бағытталуымен сипатталатын педагогикалық ойлау мәдениеті;
Педагогикалық мәдениет - кәсіби дағдылар жиынтығы;
Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің мүмкіндіктерін педагогикалық іс-әрекет талаптарына сәйкестендіруге бағытталған және нормативтік, бағалау және белсенділік-мінез-құлық компоненттерінен тұратын тұлғалық өзін-өзі таныту қабілеті және кәсіби мінез-құлық мәдениеті [14].
Педагогикалық мәдениет тарихи-мәдени педагогикалық тәжірибені біріктіреді және педагогиканың бірлесе жұмыс жасау саласын реттейді. Педагогикалық мәдениеттің жиынтық субъектісі - әлеуметтену, тәрбие және білім беру үрдісінің мақсаты мен мазмұнын анықтайтын жалпы қоғам, ал оның педагогикалық үрдіс барысындағы бірлес жұмыс жасайтын өкілдері - білім саласындағы нақты тапсырысты тарихи және жеке педагогикалық тәжірибеде жүзеге асыратын мұғалімдер мен ата-аналар. Педагогикалық мәдениетте өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың практикалық тәжірибесі және білім мен тәрбие құндылықтары туралы теориялық идеялар, білім беру-тәрбие процестеріне және педагогикалық үрдіс барысында бірлесе жұмыс жасауға қойылатын талаптар барысында жалпы көрінеді. Педагогикалық мәдениет мәдениет пен өркениеттің дамуымен бірге дамудың белгілі бір кезеңдерінен өтті.
Педагогикалық мәдениет терминін орыстың белгілі ғалымы В.А.Сухомлинский [52] өз зерттеулерінде белсенді қолданды. Оның мазмұнына мұғалімнің рухани келбетінің бірнеше сипаттамасымен қатар, қызметіне кәсіби дайындығы кірді.
В.А.Сухомлинский өз еңбектерінде қарастырылып отырған ұғымның келесідей төрт компонентін атайды:
педагогтың оқушының ақыл-ойы мен жүрегіне жол табуы үшін академиялық білімі болуы керек;
педагог әдебиет оқуы керек;
педагог баланы зерттеу әдістерінің түр-түрін білуге міндетті;
педагогтың сөйлеу мәдениеті болуы керек [15].
Ал Е.В.Бондаревскаяның [53] пікірінше, педагогикалық мәдениеттің келесі компоненттерін ажыратуға болады:
педагогтың гуманистік педагогикалық ұстанымы және жеке қасиеттері;
педагогикалық теориялық білімі және педагогикалық ойлау дағдысы;
педагогикалық технологиялар және кәсіби қабілеті;
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, өзіндік педагогикалық іс-әрекетін жүйе ретінде негіздей алуы (дидактикалық, тәрбиелік, әдістемелік);
кәсіби мінез-құлық мәдениеті;
мұғалімнің жеке басы мен қызметін өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері.
Өз кезегінде, В.А.Сластенин [54] педагогикалық мәдениеттің негізгі компоненттері ретінде келесі ғылыми ұғымдарды ұсынады:
аксиологиялық (немесе құндылық) компоненті, яғни идеялар, тұжырымдамалар, білім мен дағдылар, педагогикалық қарым-қатынастың гуманистік технологиялары, өзіндік педагогикалық құндылықтар, адамгершілік, мұғалімнің тиімді Мен тұжырымдамасы, оқушылармен бірлескен тәжірибе және оларға жалпыадамзаттық және жеке тұлғалық құндылықтарды сіңіру;
технологиялық компонент: педагогикалық қызметтің әдістері мен тәсілдері (оның ішінде инновациялық), көп аспектілі педагогикалық міндеттерді қою және шешу;
тұлғалық-шығармашылық компонент: мұғалімнің педагогикалық құндылықтарды меңгеруі, сондай-ақ оларды әзірлеу, педагогикалық іс-әрекет пен қарым-қатынастың әртүрлі түрлерінде мұғалімнің қабілеттерін шығармашылық қолдану және іске асыру, педагогикалық тәжірибе алуға, педагогикалық шығармашылыққа және оқушылармен бірлесіп жұмыс жасауға бағытталған.
И.А.Зимняя пікірінше, білім беру мекемелері тұрғысынан алып қарағанда педагогикалық мәдениет қоршаған ортаның, өмір салтының, педагогикалық жүйенің ерекшеліктерінің маңызды сипаттамасы ретінде, оның жаңа сапалы жағдайға қарай қозғалысының процесі ретінде зерттеледі [55].
А.В.Барабанщиков, Т.Ф.Белоусова, Н.Е.Воробьев, Т.И.Иванова, Е.А.Соболева сияқты ғалымдар зерттеулерінде педагогикалық мәдениет жеке-тұлғалық деңгейде мұғалімнің тұлғалық, кәсіби қызметі мен қарым-қатынасының маңызды қасиеттерінің көрінісі ретінде түсіндіріледі.
Е.Ю.Захарченко педагогикалық мәдениетті әлеуметтік-педагогикалық практиканың, педагогикалық теорияның және педагогикалық іс-әрекеттің ерекше құндылықтарын бейнелейтін жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлігі деп санайды [16].
И.Е.Видт педагогикалық мәдениет - әлеуметтік-педагогикалық құндылық, идеал және соған сәйкес формаларды, оған жету әдістерін, белгілі бір педагогикалық кеңістікке құрылымдалған педагогикалық мәдениеттің субъектілерін қамтитын тарихи дамушы әлеуметтік зерттеу бағдарламасы деп санайды. Педагогикалық мәдениеттің субъектілері мен жүзеге асырушылары - тек, қоғам, отбасы, мемлекет, білім беру мекемелері, мұғалім және ата-ана. И.Е.Видт педагогикалық мәдениеттің келесідей үш деңгейін анықтайды:
Реликт деңгейі, ғалымның пікірінше, алдыңғы дәуірдің даму деңгейіне байланысты педагогикалық көзқарастарды, нормаларды, әдістер мен формаларды қамтиды, бірақ инерция бойынша олардың жұмыс істеуі үшін объективті негіздер болмаса да, кейінгі дәуірлерде өмір сүруін жалғастырады.
Педагогикалық мәдениеттің өзекті деңгейі бүгінгі педагогикалық кеңістіктің ерекшелігін көрсетеді. Бұл әлеуметтік тапсырыс талаптарына сәйкес құрылған білім беру іс-әрекетінің үлгісі, мұнда мазмұны, формасы мен құрылымы қазір және осында қағидасына сәйкес құрылады. Бұл білім берудің жұмыс жасау деңгейін көрсетеді.
Үшінші, әлеуетті деңгей педагогикалық саланың болашағын, мүмкіндігін көрсетеді және болашаққа бағытталған бағдарламаларды қамтиды. Бұл деңгей мәдениеттің эволюциясын және білім берудің мәдени функциясын қамтамасыз етеді, ертеңгі адамның жеке басын қалыптастырады, білім беру жүйесінің даму режимін қамтамасыз етеді.
Н.Е.Воробьевтің, В.К.Суханцевтің және Т.В.Иванованың пікірінше, педагогикалық мәдениет - мұғалімнің жеке тұлғасының ажырамас қасиеті, жалпы мәдениетінің кәсібіне қарай бағытталуы. Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің жоғары кәсібилігі мен ішкі қасиеттерінің сәйкес келуі, оқыту әдістемесін меңгеруі және мәдени шығармашылық қабілеттерінің көрінісі. Бұл адамзат жинаған тәжірибені шығармашылық бағытта қолдануы және түрлендіру өлшемі. Педагогикалық мәдениеті жоғары мұғалімнің педагогикалық ойлауы мен санасы дамыған, шығармашылық әлеуеті бар және әлемдік мәдени-тарихи тәжірибенің өзегі болып табылады [17].
В.С.Кукушкин педагогикалық мәдениетті мұғалімнің жеке басы мен іс-әрекетінің маңызды сипаттамасы, педагогикалық құндылықтар жүйесі, мұғалімнің іс-әрекеті мен кәсіби мінез-құлқы ретінде басты қасиеті ретінде қарастырады [56].
А.В.Барабанщиков педагогикалық мәдениетті мұғалімнің адамзаттың педагогикалық тәжірибесін игеруінің белгілі бір кезеңі, педагогикалық қызметтегі жетілу дәрежесі, оның жеке басының мұғалім ретінде дамуының қол жеткізілген деңгейі және, түптеп келгенде, өз қызметін үздіксіз жетілдіруге деген ұмтылысы ретінде қарастырады. Сана мен практикалық қызметтің әртүрлі элементтерін синтездей отырып, педагогикалық мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің дүниетанымдық, адамгершілік, кәсіби, интеллектуалды, эмоционалды, эстетикалық, физикалық және гигиеналық жақтарын қамтиды [57].
Онда мұғалімнің өз қызметіне деген көзқарасы, жауапкершілікті сезінуі, педагогикалық процестегі өзінің рөлі мен орнын түсінуі, арнайы дайындық сипаты, күнделікті педагогикалық іс-әрекет стилі, қарым-қатынас, мінез-құлық, өзін-өзі жетілдіруге деген көзқарас және т. б. сипатталады.
Педагогикалық мәдениеттің құрылымын талдай отырып, А.И.Пискунов оның келесі құрамдас бөліктерін атап көрсетеді:
- педагогикалық және әлеуметтік шындықты терең теориялық түсінуге, педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерін түсінуге, кәсіби қызмет нәтижелерін болжауға негізделген педагогикалық бағдарланған ойлау мәдениеті;
- кәсіби дағды мен шеберлікті, білім мен білікті меңгерудің жоғары деңгейін, шығармашылыққа қабілеттілікті көздейтін педагогикалық еңбек мәдениеті;
- мұғалімнің оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен қарым-қатынас нормаларын мағыналы меңгеруін, оның әрбір қатысушысының мәлімдемесі барлығына маңызды болатын диалогтың пайда болуын көздейтін кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті;
- педагогикалық қарым-қатынас мәдениетімен тығыз байланысты мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.
Ал зерттеуші Г.И.Ризз мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің келесі жүйелік элементтерін ажыратады:
- қоғамның педагогикалық даму стратегиясын анықтауда және төменгі деңгейдегі бағдарламаларды әзірлеу кезінде көрінетін мақсат қою мәдениеті;
- ғылыми теориялар мен болжамдармен жұмыс істеу қабілетін қамтитын педагогикалық білім мәдениеті;
- дүниетанымдық мәдениет, оның деңгейі мұғалім мен білім алушының қарым-қатынасының процесі мен нәтижесін алдын-ала анықтайды;
- жеке адамның өмір сүру процесінде қарапайым құралдармен де, арнайы құралдармен де қалыптасатын ойлау мәдениеті, олардың қатарына философиялық ғылымдардың бірі - формальды логиканы зерттеу кіреді;
- мұғалімнің жақсы көру, мейірім, жанашырлық, мақтаныш, өкіну және т. б. жеке қасиеттерін білдіретін сезім мәдениеті;
- белгілі бір құбылыстар туралы моральдық, эстетикалық, саяси, құқықтық, діни немесе философиялық сипаттағы білікті пайымдаулар мен тұжырымдарды айта білуі. Мұндай субъективтілік мұғалімнің жеке ұстанымын көрсетеді;
- мұғалімнің білім алушылармен, олардың ата-аналарымен, басқа мамандық иелерімен қарым-қатынас мәдениеті;
- оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін әр түрлі деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдық мәдениет [58].
Г.И.Ризздің пікірінше, жалпы педагогикалық мәдениет деп танылған ұғым пәндік және техникалық,технологиялық сауаттылық, біліктілік ретінде түсінілуі де мүмкін. Біріншісіне қоғамның педагогикалық еңбек саласындағы барлық жетістіктері жатса, екіншісіне нәтижелер алынған әдістер, құралдар, түрлі тәсілдер жатады. Педагогикалық мәдениеттің тасымалдаушылары -қоғамның белгілі бір мәдени-тарихи типі шеңберінде жұмыс жасайтын кәсіби педагогтар мен ата-аналар[18].
Сонымен, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейлері қызметтің тұрақтылығы мен тұтастығының қол жеткізілген жаңа деңгейі, оның жаңа нәтижелері арқылы анықталады. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің дербестендірілген мазмұнын көрсететін жоғары оқу орны оқытушысының тұлғасы оның өмір салты мен кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктерінде барынша толық көрінеді.
Ғалымдардың зерттеулерін қорытындылай келе, жалпы педагогикалық мәдениет белгілі бір мағынада кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің, демек, жоғары мектеп мұғалімінің тұлғасының дамуын тежеуші фактор болып табылады. Әйтпесе, оны ерекше құбылыс ретінде бөлектеп, тануға мүмкіндік бермейтін тұрақтылық болмас еді. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің дамуы оның бұрынғы шеңберлерін, стереотиптерін бұзуды немесе оларды одан әрі өзгертуді және дамытуды болжайды.
Берілген анықтамадан педагогикалық мәдениетті жалпылама мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастыратын болсақ, ол бір жағынан өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың практикалық тәжірибесінің жалпыланған көрінісі, ал екінші жағынан, білім мен тәрбиенің құндылықтары, оқу үдерісіне қойылатын талаптар және педагогикалық өзара әрекеттестік туралы теориялық идеялар деп айтуға болады.

1.2 БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Педагогикалық міндет әрқашан мұғалімнің іс-әрекетінде маңызды орын алады. Қазіргі жағдайда олар айтарлықтай кеңейіп, күрделене түсуде, және бұл педагогикалық мәдениетке жоғары талаптар қояды. Бұл бірқатар себептерге байланысты. Біріншіден, қоғамдық өмірді ізгілендіру және демократияландыру, педагогикалық, өндірістік және басқа да әлеуметтік топтардағы кәсіби қарым-қатынастар адамға деген назарды арттыруды, олармен көбірек кәсіби жұмысты (ынтымақтасуды) талап етеді.
Екіншіден, қазіргі заманғы қоғамдағы динамикалық әлеуметтік өзгерістер оның барлық институттарының ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың жоғарылауын тудырады. Бұл басқару үдерісін ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби өсуі мен тұлғалық жетілдіру мәселелерін шешуді қиындатады. Оларды қамтамасыз ету тиісті деңгейдегі педагогикалық мәдениетсіз мүмкін емес.
Үшіншіден, көптеген ұйымдар мен мекемелерде арнайы әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құрылымдардың құрылуы мұғалімнің дәстүрлі функцияларын күшейтеді, олардың білім беру ұйымының жалпы құрылымындағы рөлі мен маңызын арттырады.
Төртіншіден, педагогикалық мәдениетке қойылатын жоғары талаптар оның кәсіби қызметінде ұйымдастырушылық-педагогикалық жаңалықтардың көптігін ескеру қажеттілігінен туындайды. Демек, кәсіби іс-әрекеттің педагогикалық мәдениетімен байланысты мәселелерді, оның мәні мен мазмұнын білу мұғалімдерге педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, олардың жеке өзін-өзі жүзеге асыру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Ұсынылған педагогикалық мәдениет түсінігіне мәнді талдау жасау ондағы бірнеше белгілерді анықтауға мүмкіндік береді, олардың қалыптасуы мен дамуы эволюциясын да, қолдану аясын да ашады. Бұл оның жеткілікті түрде жүйеленуіне және оның жалпы белгілерін үш деңгей түрінде көрсетуге негіз болды: Реликт (лат. relictum - қалдық, есте сақтау) деңгейіне өткен ғасырдан қазіргіге дейін жеткен педагогикалық көзқарастар, педагогикалық процестің нормалары, әдістері мен формалары жатады.
Дәл осы деңгей көбінесе кәсіби емес мұғалімдердің (мысалы, ата-аналардың және отбасының басқа мүшелерінің), сондай-ақ жеткілікті психологиялық-педагогикалық дайындығы жоқ немесе бар білімді есепке алмайтын көптеген жетекшілердің қызметінде жүзеге асырылады.
Қазіргі деңгей қазіргі әлеуметтік тапсырыс талаптарына сай құрылған мекеменің, ұйымның педагогикалық кеңістігінің нақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл белгілі бір мекеме, ұйым немесе компания жағдайында нені оқыту және қалай болу керек тақырыптары бойынша қатаң нормаларға, талаптарға және ережелерге төтеп беретін жүйедегі педагогикалық қайта құрулар. Ол басшының кәсіби қызметінде қызметкерлердің жеке ерекшеліктерін және бағынысты құрылымдық бөлімшенің психологиялық ерекшелігін ескере отырып жүзеге асырылады.
Потенциалды деңгей болашаққа бағытталған педагогикалық бағдарламаларды қамтиды. Бұл шын мәнінде педагогикалық инновация, оның мақсаты - білім беру, өндірістік және басқа да жүйелерді ертеңгі күннің талаптарына дайындау. Динамикалық қоғамда оның өкілдері конструктивті қайта құрулардың генераторларына айналады.
Педагогикалық мәдениеттің әлеуетті деңгейі басқару функцияларын дамыту режимін қамтамасыз етеді. Ол, ең алдымен, жаңашыл жеке тұлғалардың (ғалымдардың да, практиктердің де) қызметі және қоғамның барлық салаларын жетілдіру мәселелерін шешуге қоғамды қосу арқылы бейнеленеді. Педагогикалық мәдениеттің мәні мен деңгейлерін талдау оның құрамдас бөліктерінің екі тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. 1. Жеке жоспардың құрамдас бөліктері педагогикалық бағыт, педагогикалық эрудиция, педагогикалық шығармашылық, педагогикалық шеберлік, сонымен қатар педагогикалық техника мен сөйлеу мәдениеті болып табылады.
Іс-әрекет жоспарының құрамдас бөліктеріне педагогикалық мақсат қою, педагогикалық іс-әрекет стилі, педагогикалық қарым-қатынас пен мінез-құлық, педагогикалық қызметте өзін-өзі жетілдіру жатады. Аталған құрамдас бөліктер педагогикалық мәдениеттің барлық мазмұнын сарқып тастай алмайды, тек оның өзегін құрайды. Белгілі бір қалыптасу деңгейінде олар күнделікті кәсіби іс-әрекеттер процесінде сәтті жетілдіруге мүмкіндік береді.
Педагогикалық мәдениеттің негізгі белгілері: интеллект, жоғары деңгейдегі интеллект, қызығушылықтар мен қажеттіліктердің тұрақты педагогикалық бағыты, ақыл-ой, адамгершілік және физикалық дамудың үйлесімділігі, гуманизм, көпшілдік және педагогикалық әдептілік, ой-өріс кеңдігі, шығармашылық қабілет және педагогикалық шеберлік.
Педагогикалық мәдениет ұғымын ғалымдар өздерінің түсіну, қабылдау, қолдану деңгейіне қарай әртүрлі анықтама береді, ол 1-ші кестеде берілген.

Кесте 1. Педагогикалық мәдениетке берілген анықтамалар

Автор
Анықтамасы
Н.А.Березовин [59]
Педагогикалық мәдениет - өзара байланысты құндылықтар жүйесі, білім жүйесі, кәсіби педагогикалық іс-қимыл бағдарламаларының жүйесі және кәсіби педагогикалық өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі дамыту бірлігі.
Е.Б.Гарман [60]
Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің кәсіби мінез-құлқы мен іс-әрекетінің түрін, стилін және тәсілдерін анықтайтын интегралды, жүйелік, динамикалық білім.
А.В. Барабанщиков [57]
Педагогикалық мәдениет - психологиялық-педагогикалық сенімдер мен шеберліктің, жалпы даму мен кәсіби-педагогикалық қасиеттердің, педагогикалық этика мен көп қырлы қатынастар жүйесінің, қызмет стилі мен мінез-құлқының тоғысуы, бірігуі .
С.Д.Якушева [61]
Педагогикалық мәдениет - жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі, педагогикалық мәдениет педагогикалық және тарихи-мәдени тәжірибе саласын біріктіреді, педагогикалық ынтымақтастық саласын реттейді.
А.Р.Борисевич [62]
Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің жеке басының зияткерлік, рухани, шығармашылық педагогикалық қабілеттері мен қасиеттерінің жиынтығы, педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасқан стилі, жалпы және нақты психологиялық-педагогикалық білім, жалпы мәдениет, жағымды тәжірибе негізінде қалыптасқан, мұғалімге оқу-тәрбие міндеттерін тиімді және сапалы шешуге мүмкіндік беретін тұрақты өмір салты.
Л.К.Гребенкина [63]
Педагогикалық мәдениет - білім беру қызметімен айналысатын адамның кәсіби мәдениеті, педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін жоғары дамыған педагогикалық ойлаудың, білімнің, сезімнің және кәсіби шығармашылық қызметтің үйлесімі

Педагогикалық мәдениеттің материалдық және рухани түрде болуы мүмкін.Педагогикалық мәдениеттің материалдық құндылықтарына оқыту мен тәрбиелеу құралдары жатады, ал педагогикалық білім, теориялар, тұжырымдамалар, адамзат жинақтаған педагогикалық тәжірибе және дамыған кәсіби-этикалық нормалар педагогикалық мәдениеттің рухани құндылықтарын құрайды.
Педагогикалық мәдениеттің мәні үш философиялық көзқарастың өзара байланысы барысында ашылады:
1) Аксиологиялық тәсіл құндылықтарды анықтайды, яғни педагогика тәрбие ғылымы ретінде қарастырылып, педагогикалық қызметті реттеуші болып табылады. Педагогикалық мәдениет жасайтын, бекітетін және қызмет ететін құндылықтар жүйесі рухани және материалдық салада көрінеді. Рухани құндылықтар қоғамның педагогикалық санасында интеграцияланады, оның ішінде адамзат жинаған педагогикалық білім, сезім, педагогикалық ойлау, көңіл-күй, педагогикалық теология, тұжырымдамалар, ілімдер және тәжірбие, материалдық құндылықтар оқу орындары мен құралдары арқылы көрінеді.
Педагогикалық мәдениеттің басты құндылығы - білі алушы, оның дамуы, білімі, тәрбиесі, әлеуметтік қорғалуы, оның құқықтары мен артықшылықтарын қолдау;
2) Белсенділік тәсілі педагогикалық қызметтің алғышарттарын, мақсатын, тәсілін, құралын көрсетеді. Ол: тұлғаның өзін-өзі көрсете алу деңгейін анықтауға; мәдени құндылықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін педагогикалық қызметтің мәнін, құралдарын, тәсілдерін зерттеуге; өмірлік мақсаттар, жоспарлар құруға, студенттерді оқыту бағдарламалары негізінде педагогикалық қызметті мәдени құбылыс ретінде құруға мүмкіндік береді;
3) тұлғалық тәсіл педагог тұлғасының шоғырланған көрінісін көрсетеді, педагогикалық қызметте өзін-өзі дамытатын тәрбие қатынастарының субъектісі ретінде тұлғаның маңызды қасиеттерін анықтауға көмектеседі.
Педагогикалық мәдениеттің мазмұнында педагогикалық ойлау, қарым-қатынас, мінез-құлық және сыртқы келбет мәдениеті, рухани-адамгершілік мәдениет сияқты негізгі компоненттердің жиынтығын ажыратуға болады.
Педагогикалық ойлау мәдениеті білім алушының жеке басына (оның санасына, мінез-құлқына), сондай-ақ тәрбие процесіне, мұғалімнің жеке басына қатысты педагогикалық құбылыстар мен фактілерді ғылыми өңдеу қабілетінің жоғары дамуын қамтиды. Мұғалімнің ойлау мәдениетінің құрамдас бөлігі ретіндегі рефлексиясы оны жеке және кәсіби қатынастарда үнемі өзін-өзі жетілдіруге итермелейді. Интуиция педагогикалық ойлау мәдениетінің элементі ретінде күрделі педагогикалық жағдайларда жедел дұрыс шешімдерге ықпал етеді. Интуиция - жиналған тәжірибе мен психологиялық-педагогикалық білімге негізделген инстинкт, болжам, түсінік. Педагогикалық ойлау мәдениеті ақпараттық мәдениет негізінде қалыптасады және дамиды.
Жаңа ақпарат іздеу, алу, оны таңдау, өңдеу, содан кейін уақтылы пайдалану мұғалімнің табысты шығармашылық ойлауы мен шығармашылық қызметінің кепілі болып табылады. Педагогикалық ойлау мәдениетінің маңызды белгілерінің бірі - шығармашылық.
Шығармашылық ойлау қабілеті бірқатар белгілермен сипатталады: ойлаудың икемділігі, проблемаларды көрудегі қырағылық, үнемі ойлау арқылы қалыптасқан шаршаудан арылу, қабылдаудың тұтастығын, идеяларды құрудың қарапайымдылығын азайту. Педагогикалық ойлау мәдениетінің элементі ретінде ақыл-ой мәдениеті мұғалімге гностикалық қызметті (танып білу және одан ләззат ала білу)тиімді және ұзақ онжылдықтар бойы жүзеге асыруға, өзінің шығармашылық жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Рухани-адамгершілік мәдениет - мұғалімнің руханилығын оқушының рухани әлемімен байланыстыратын, оның жеке басының гуманистік бағытын анықтайтын бағыт.
Бұл - ұстаздың кәсіби шеберлігінің критерийі, өйткені шәкіртті өнегелі тұлға ғана тәрбиелей алады. Мұғалім өз тұлғасына сәйкес білімі, сезімі мен мінез-құлқының үйлесімділігі оқушыларды қызықтырады, олардың адамгершілік идеалының қалыптасуына түрткі болады.
Рухани-адамгершілік мәдениет - педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың кепілі, мұндай үрдіс барысында оқушының жеке басының дамуына ықпал ететін қолайлы атмосфера құрылады. Қарым-қатынастың адамгершілік нормалары мен ережелерін білу, сөйлеу мәдениеті, өзара бірлесе әрекеттесу әдістері мен тәсілдерін білу және педагогикалық әдептілікпен үйлесетін оқушының жеке басына әсер ету - педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің элементтері.
Педагогикалық әдептілік - бұл білім алушыға дұрыс, жағымды көзқарасты таңдауға көмек көрсете алу қабілеті, Бұл педагогтың өзінет және білім алушының жеке басына деген құрметпен көрінеді, өзін-өзі бағалау сезімін нығайтады. Ол үшін мұғалім нәзік болуы керек, пропорция, өзін-өзі реттеу, эмпатия, шыдамдылық сезімі болуы керек. Мұғалімнің мінез - құлқы мен сыртқы келбеті, мәдениеті студенттің мұғалімге деген жанашырлығын ояту құралы ғана емес, сонымен қатар білім алушының моральдық және эстетикалық сезімдеріне әсер етудің тиімді әдісі болып табылады.
Педагогикалық мәдениетті сипаттай отырып, белгілі зерттеуші Э. А. Гришин мұғалімнің келесі кәсіби маңызды қасиеттерін анықтайды: жалпы эрудиция, өз пәнін жетік білу, педагогикалық білім мен дағдыларды үнемі жетілдіру, педагогикалық мамандыққа деген сүйіспеншілік, әділеттілік пен талапшылдық, байқағыштық, зейін және әдептілік [64].
В. А. Сластенин педагогикалық мәдениеттің тоғысқан көрсеткіші ретінде кәсіби ар-намыс пен қадір-қасиет сезімін, қоғамдық қызмет түрі ретінде педагогикалық қызметке дайындық дәрежесін қарастырады
В.А.Кан-Калик педагогикалық мәдениет жүйесіне шығармашылық даралық, инстинкт, әдептілік, түйсік кіреді деп жазады, педагогикалық қызмет шығармашылық үрдіс ретінде қарастырылады. Оқытушының педагогикалық дағдылары педагогикалық шеберлікке енеді, сондай-ақ ол педагогикалық мәдениетті педагогикалық мәдениет жүйесіндегі ішкі жүйе ретінде қарастырады [65].
В.И.Писаренко педагогикалық мәдениеттің маңызды компоненттеріне мыналар жатады деп түсіндіреді: интеллект, кең ой-өріс, терең кәсіби білім, ғылыми және әлеуметтік ақпарат ағынын бағдарлай білу, білім мен дағдыларды педагогикалық қызметте қолдана білу [66].
Я.Б.Гармаштың пікірінше, мұғалімнің педагогикалық мәдениеті үш топқа негізделген: кәсіби-этикалық, жеке-психологиялық, азаматтық.
С.Ф.Сердюк педагогикалық мәдениеттің құрылымына келесі компоненттерді жатқызады: тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағыты, педагогикалық қасиеттері (қабілеттері), арнайы дайындығы, оқытушының педагогикалық шеберлігі.
Педагогикалық мәдениет мәселесіне байланысты зерттеулерді талдау осы жүйенің келесі компоненттерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:
1) оқытушы тұлғасының кәсіби-педагогикалық бағыты. Бұл компонент жүйе құраушы элемент болып табылады. Бұл мұғалімнің қызметін оның мүдделері, бейімділігі, сенімдері, мұраттары арқылы педагогикалық процесті ізгілендіруге бағыттайтын тұрақты мотивтерінің жиынтығы.
2) педагогикалық тұлғалық қасиеттер (педагогикалық қабілеттер). Педагогикалық қабілеттер педагогикалық шеберлікті жетілдіру және мұғалімнің педагогикалық мәдениетін арттыру процесін қамтамасыз ететін педагогикалық жеке қасиеттердің жиынтығы ретінде сипатталады.
Педагогикалық қабілеттерге келесі компоненттер кіреді:
- коммуникативтілік (білім алушылармен жақсы тіл табысу, ізгі ниет, тілектестік);
- қабылдау қабілеттері (кәсіби қырағылық, эмпатия, рефлексия, педагогикалық интуиция, педагогикалық байқампаздық);
- ерікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникативтік мәдениеттің құрылымы
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Педагогикалық мәдениетін дамыту бойынша ғалымдардың теориялық зерттеулері
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшілігі
Педагогикалық - психологиялық білім
Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог - психологтың креативтілігін дамыту
Болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
Пәндер