Оқу практиканың бағдарламасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

6В04108, 5В050900- «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша практикаларды

өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар

Нұр-Сұлтан 2020

6В04108, 5В050900 - «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша практикаларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламалар 21. 11. 2019 ж. «Еуразия гуманитарлық институтының кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары» негізінде жасалды.

Әзірлеушілер: Тажбенова Г. Д., т. ғ. к., доцент

Мәжитова Б. Б. - э. ғ. м., доцент

Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының әдістемелік секциясының отырысында 2020 жылғы «14» қыркүйекте №2 хаттама мақұлданды.

Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында бекітілді, 2020 жылғы «25» қыркүйек №1 хаттама


Мазмұны

1
Нормативтік сілтемелер .
4
1: 2
Нормативтік сілтемелер .: Жалпы ережелер. . .
4: 4
1: 3
Нормативтік сілтемелер .: Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс. .
4: 4
1:

3. 1

3. 2

3. 3

3. 4

3. 5

3. 6.

Нормативтік сілтемелер .:

Практиканы өткізуді ұйымдастыру . . .

Студенттің міндеттері .

Есептілік талаптары. .

Практикадан өту нәтижелері бойынша студентті аттестациялау рәсімі . . . …

Практика үшін баға қою критерийлері . .

6В04108, 5В050900 - «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған практика түрлері . . .

4:

4

4

5

5

6

6

1: 4
Нормативтік сілтемелер .: Оқу практиканың бағдарламасы . . . .
4: 7
1: 4. 1
Нормативтік сілтемелер .: Оқу практикасының міндеттері мен ұйымдастырылуы . .
4: 7
1: 4. 2
Нормативтік сілтемелер .: Практикаға жетекшілік жасау . . .
4: 8
1: 4. 3
Нормативтік сілтемелер .: Студент-практиканттың міндеттері . .
4: 8
1: 4. 4
Нормативтік сілтемелер .: Оқу практикасының мазмұны
4: 8
1:

4. 4. 1

4. 4. 2

4. 4. 3

Нормативтік сілтемелер .:

Коммерциялық банктерде . . .

Салық органдарында

Шаруашылық субъектілерінде

4:

8

10

13

1: 4. 4. 4.
Нормативтік сілтемелер .: Сақтандыру компанияларында . . .
4: 14
1: 4. 4. 5
Нормативтік сілтемелер .: Мемлекеттік қаржылық ұйымдар мен қазынашылықтарда . . .
4: 15
1: 4. 5
Нормативтік сілтемелер .: Оқу практикасы бойынша есепті әзірлеу және қорғау.
4: 16
1:

5

5. 1

5. 2

5. 3

5. 4

5. 4. 1

5. 4. 2

5. 4. 3

5. 4. 4

5. 4. 5

5. 5

6

6. 1

6. 2

6. 2. 1

6. 2. 2

6. 2. 3

6. 3

6. 4

Нормативтік сілтемелер .:

Өндірістік практика бағдарламасы……… . . . . .

Өндірістік практиканың міндеттері мен ұйымдастырылуы… . . .

Практикаға жетекшілік жасау . . .

Студент-практиканттың міндеттері. . . .

Өндірістік практиканың мазмұны

Коммерциялық банктерде.

Салық органдарында. . ……… . . .

Шаруашылық субъектілерінде.

ҚР сақтандыру компанияларында . . .

Мемлекеттік қаржылық ұйымдар мен қазынашылық ұйымдарда

Өндірістік практикасы бойынша есепті әзірлеу және қорғау . …

Диплом алды практика бағдарламасы. …

Дипломалды практиканы ұйымдастыру, мақсаты және міндеттері . . .

Диплом алды практика мазмұны . . . …. .

Дайындау кезеңі. …… . . .

Негізгі кезең . . .

Қорытынды кезең . . . ……… . . .

Диплом алдындағы практиканы жүргізу тәртібі және оған жетекшілік ету . . .

Диплом алды практикасы бойынша есепті әзірлеу және қорғау

4:

17

17

18

18

19

19

20

23

25

26

26

28

28

30

30

31

31

33

34

1. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

«Білім туралы» 27. 07. 2007. ж. ҚР Заңының 5- бабының 46-11 тармақшасы (өзгертулер және толықтырулармен) .

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 ж. 31қазанындағы №604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, 2018 ж. 30 қазандағы №595 бұйрық.

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары, 2018 ж. 30 қазандағы №595 бұйрық.

2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.

Кәсіптік практиканың әрбір түрінің мақсаттары, міндеттері мен бағдарламасы болады, оларды негізге ала отырып, кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады.

Еуразия гуманитарлық институты студенттерінің кәсіптік практикасы студенттердің кәсіптік жұмыс дағдыларын игеру, теориялық оқыту процесінде алған білімдерін тереңдету және бекіту мақсатында бекітілген оқу жұмыс жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

Білім алушыларды практиканың барлық түрлеріне жіберу практикадан өту мерзімдері, практика базасы және практика жетекшілері көрсетіле отырып, бұйрықпен ресімделеді. Практика жетекшілері ретінде кәсіптің ерекшелігін және практика базаларының қызметін жақсы білетін профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСПрактиканы өткізуді ұйымдастыру

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып күндізгі бөлімде оқитын студенттер білім беру бағдарламасының бейіні бойынша жұмыс істеген жағдайда оқу және өндірістік («Білім беру» білім беру бағдарламаларының тобы үшін - педагогикалық) практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар кафедраға жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша жұмыс істемейтін күндізгі нысанда білім алушылар белгіленген тәртіппен практикаға жіберіледі.

Кәсіптік практиканың қорытындысы бойынша одан сәтті өткен білім алушылар кафедраға есептік құжаттаманы (есеп, күнделік, пікірлер, мінездеме және практика бағдарламасында көрсетілген басқа да құжаттама) ұсынады, оны кафедраның практика жетекшісі тексереді және қорғауға рұқсат береді.

3. 2. Студенттің міндеттері

Студент практикадан өту кезінде міндетті:

- практика бағдарламасын толық орындау, институт белгілеген нысан бойынша практика күнделігін жүргізу;

- қолданыстағы практика базасына сәйкес келмейтін ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;

- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін оқып қатаң сақтау;

- практика аяқталғаннан кейін бір апта ішінде практика жетекшісіне жазбаша есеп, барлық тапсырмаларды орындағаны туралы практика базасының жетекшісі қол қойған күнделік ұсынады.

3. 3. Есептілік талаптары

1 Практика аяқталғаннан кейін студент практика жетекшісіне есеп тапсырады. Студентті практика бойынша аттестациялауға жіберу үшін толық және ұқыпты (түзетусіз) ресімделген құжаттама негіз болып табылады:

2 Студент қол қойған практика туралы есеп (Қосымша) .

3 Практика күнделігі (Қосымша)

4 Оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес ұсынылған құжаттардың негізінде студентті аттестациялау жүргізіледі. Бағалау кезінде практика орнынан шолу - мінездеме, мазмұны және студенттің практика туралы есепті дұрыс дайындауы ескеріледі, күнделік жүргізу сауаттылығы ескеріледі.

1 Практика есебінде практика кезеңіндегі тәжірибеден өтушінің барлық жұмысы көрсетілуі керек:

- функциялары мен кәсіби міндеттері;

- практикалық психологиялық-педагогикалық іс-шаралардың атауы, олардың мазмұны;

- практиканың оң және теріс жақтары;

- практиканы ұйымдастыруды жақсарту бойынша студенттердің тілектері;

2 Практика күнделігі, онда практиканттың күнделікті жұмысы көрсетілуі керек.

3 Сыналушылардың жұмыстарын қоса бере отырып, пилотаждық зерттеу хаттамалары.

4 Практика базасының педагог-психолог маманының пікірі / мінездемесі (ұйымның бірінші басшысының қолымен және мөрімен расталуы тиіс) .

3. 4. Практикадан өту нәтижелері бойынша студентті аттестациялау рәсімі

Практика бойынша есептерді қорғауды кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия жүзеге асырады. Практикадан өту нәтижелері 4 балдық (100 балдық) жүйе бойынша бағаланады және студенттің курстан курсқа ауысуы кезінде GPA есептеу кезінде ескеріледі.

Практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент қосымша семестр кезеңінде қайта практикаға жіберіледі немесе институттан шығарылады.

Дәлелді себептермен практикаға келмеген жағдайда студент келесі академиялық кезеңде практиканы ақысыз өтеді және тапсырады. Дәлелді себептерсіз практикаға келмеген немесе келесі академиялық семестрге немесе курсқа ауысу үшін қажетті практика бойынша балл жинамаған, яғни қорытынды бақылау бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған студент қосымша (жазғы) семестр немесе келесі академиялық кезең ішінде ақылы негізде практикадан өтуге және оны тапсыруға құқылы.

Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде баға көрсетілген білімге және есептің ресімделуіне сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады.

Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде үлес салмағы қорытынды бағаның 40% - ын құрайтын практика базасындағы жетекшінің бағасын және үлес салмағы қорытынды бағаның 60% - ын құрайтын институттағы жетекші ұсынған есепті қорғау жөніндегі бағаны ескере отырып, қорытынды баға қойылады.

Практиканың қорытынды нәтижелері мен талдауы қорытынды конференцияда шығарылады, ол бітіртуші кафедра отырысында практика нәтижелері талқыланғаннан кейін 1 аптадан кешіктірілмей өткізіледі.

Практика нәтижелерін бағалау кезінде келесі факторлар ескеріледі:

Студенттің теориялық дайындық деңгейі (мамандық және аралас пәндер бойынша білімді меңгеру) .

Практика нәтижелерін талдау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

1) атқарылған жұмыс көлемі;

2) талдамалық есептің, қорытындылар мен ұсыныстардың сапасы;

3) жұмысты белгіленген мерзімде орындау;

4) дербестік, бастамашылдық, жұмысқа шығармашылық көзқарас;

5) есеп беру құжаттамасының уақтылы және сапалы ұсынылуы.

3. 5. Практика үшін баға қою критерийлері

Әріптік жүйедегі баға
Баллдардың сандық эквиваленті
Баллдық (%-құрам)
Дәстүрлі жүйедегі баға
Құзыреттіліктерді қалыптасу дәрежесін бағалау критерийлері
Әріптік жүйедегі баға: А
Баллдардың сандық эквиваленті: 4. 0
Баллдық (%-құрам): 95-100
Дәстүрлі жүйедегі баға: Үздік
Құзыреттіліктерді қалыптасу дәрежесін бағалау критерийлері:

Студент мерзімінде, толық көлемде және жоғары деңгейде практика бағдарламасын орындады, бұл ретте дербестік, бастамашылдық, шығармашылық көзқарас танытты. Есептік құжаттама мерзімінде толық көлемде ұсынылды, оның ресімделуі мен мазмұны бойынша ескертулер жоқ.

Есеп практиканың мақсаттары мен міндеттерін ашуды, практика орындарының жалпы сипаттамасын, практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуы, практика бағдарламасын жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.

Әріптік жүйедегі баға: А-
Баллдардың сандық эквиваленті: 3. 67
Баллдық (%-құрам): 90-94
Әріптік жүйедегі баға: В+
Баллдардың сандық эквиваленті: 3. 33
Баллдық (%-құрам): 85-89
Дәстүрлі жүйедегі баға: Жақсы
Құзыреттіліктерді қалыптасу дәрежесін бағалау критерийлері: Студент практика бағдарламасын мерзімінде, толық көлемде орындады, бұл ретте дербестік, бастамашылдық, шығармашылық көзқарас танытты. Есеп практиканың мақсаттары мен міндеттерін ашуды, практика орындарының жалпы сипаттамасын, практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуы бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды. Фактілерді психологиялық талдауда, құжаттаманы рәсімдеу мен тапсыруда кемшіліктер бар.
Әріптік жүйедегі баға: В
Баллдардың сандық эквиваленті: 3. 0
Баллдық (%-құрам): 80-84
Әріптік жүйедегі баға: В-
Баллдардың сандық эквиваленті: 2. 67
Баллдық (%-құрам): 75-79
Әріптік жүйедегі баға: С+
Баллдардың сандық эквиваленті: 2. 33
Баллдық (%-құрам): 70-74
Әріптік жүйедегі баға: С
Баллдардың сандық эквиваленті: 2. 0
Баллдық (%-құрам): 65-69
Дәстүрлі жүйедегі баға: Қанағаттанарлық
Құзыреттіліктерді қалыптасу дәрежесін бағалау критерийлері: Студент практика бағдарламасын толық көлемде орындамады. Есеп беру құжаттамасы толық емес және мерзімінен кеш ұсынылған, оның ресімделуі мен мазмұны бойынша пысықтауды талап еткен елеулі ескертулер бар.
Әріптік жүйедегі баға: С-
Баллдардың сандық эквиваленті: 1. 67
Баллдық (%-құрам): 60-64
Әріптік жүйедегі баға: D+
Баллдардың сандық эквиваленті: 1. 33
Баллдық (%-құрам): 55-59
Әріптік жүйедегі баға: D-
Баллдардың сандық эквиваленті: 1. 0
Баллдық (%-құрам): 50-54
Әріптік жүйедегі баға: FX
Баллдардың сандық эквиваленті: 0. 5
Баллдық (%-құрам): 25-49
Дәстүрлі жүйедегі баға: Қанағаттанарлықсыз
Құзыреттіліктерді қалыптасу дәрежесін бағалау критерийлері: Практика бағдарламасын орындамаған студентке қойылады. Есептік құжаттама ұсынылмаған
Әріптік жүйедегі баға: F
Баллдардың сандық эквиваленті: 0
Баллдық (%-құрам): 0-24

3. 6. 6В04108, 5В050900 - «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған практика түрлері

Практикалардың ұзақтығы 30 сағатқа (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) тең апта ішінде практикада білім алушының нормативтік жұмыс уақытына сүйене отырып аптамен айқындалады.

Практиканың барлық түрлерінде 1 кредит 1 аптаға тең.

Практика оқудың барлық кезеңінде өткізіледі және өзіне мыналарды қамтиды:

- оқу практикасы (2 курстың 3 семестрі, 2 кредит көлемінде 2 аптадан кем емес, 60 сағат) ;

- өндірістік-педагогикалық практика (4 курстың 8 семестрі, 10 кредит көлемінде 10 аптадан кем емес, 300 сағат) ;

- диплом алдындағы практика (4 курстың 8 семестрі, 5 аптадан кем емес) .

4. оқу практикасы

4. 1 Оқу практикасының міндеттері мен ұйымдастырылуы

Оқу практикасы 2018 жылдың 31 қазанындағы №604 нұсқасымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі.

Студенттердің оқу практикасы - жоғары білікті мамандарды дайындаудағы маңызды кезең болып табылады. Практиканың басты міндеті студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық білімдерін бекітіп және болашақ мамандықтарын практикалық жағынан үйреніп, теория мен шаруашылық жүргізу практикасін байланыстыра білу тиіс.

Оқу практикасының базасы студенттің ғылыми қызығушылығына сәйкес таңдалады. Студенттер оқу практикасын салық, кедендік және қаржылық органдарда, қазынашылық, сақтандыру ұйымдарында, банктік жүйе мекемелерінде, сонымен қатар кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінде өтуіне болады.

Практиканың мақсаты болып, білім алып жатқан мамандығы бойынша кәсіби қызметі жағынан практика жинақтап, теориялық білімін бекіту болып табылады.

Оқу практикасын өту кезеңінде студенттер сол немесе басқа бөлімдегі қаржылық жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты практикалік материалдарды терең зерттеулері тиіс. Жинақталған алғашқы құжаттары, есеп беру материалдары, бухгалтерлік құжаттардың бланктері, қолдану материалдары оқу практика есебіне тігіліледі.

Оқу практикасын өтудің алдында практика өтілетін базаның жетекшісі, кафедрадан тағайындалған жетекшімен бірлесе отырып, жұмыс тізімі мен орындау уақыты және жұмыс орны көрсетілген күнтізбелік жоспарды құрастырады.

Оқу практикасінің міндеттеріне кіреді:

- студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық және машықтану білімдерін бекітіп, алған білімдерін мамандығы бойынша нақты қаржылық экономикалық міндеттерді шешуде пайдалана білу;

- таңдаған мамандығы бойынша практика жинақтап, оны дамыта білу;

- оқу практикасы бойынша есепті құрастыруда нақты материалдарға талдау жасап, қол жетерлік ақпараттарды жүйеге келтіріп, жинау;

- өз бетімен жұмыс жасауда практикасын дамытып, зерттеу әдістемелерін үйрену, ұйымдардың қаржылық ресурстарын басқаруда және есептегі мәселелердің шешімін табуда эксперименттер жасау;

- студенттердің практикалық жұмыстарға дайындығын анықтау.

Оқу практика бағдарламасын орындамаған және есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент келесі курсқа көшірілмейді.

4. 2 Практикаға жетекшілік жасау

Практикаге жалпы оқу әдістемелік жетекшілік етуді Еуразия гуманитарлық институтының «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы жүргізеді.

Оқу практикасінің кафедрадан тағайындалған жетекшісінің міндетіне кіретін:

- күнтізбелік жоспарды құрудағы сұрақтарға, практиканің өтілу жоспары мен оның ұйымдастырылуына кеңес беру;

- практиканің өтілу уақытындағы күнделікті толтыру барысындағы туындағын сұрақтарға кеңес беру;

- оқу практикасінің нәтижесі бойынша есепті дайындап, жазудағы материалдарға талдау жасап, жинауда әдістемелік көмек;

- оқу практиканің өтілуіне байланысты студенттің есебіне қысқаша пікір жазып беру.

Практиканің өту орнында практика жетекшісі болып сол кәсіпорындағы білікті маманға жүктеледі:

Практиканің өту орнындағы мамандар арасындағы жетекші:

1. Осы бағдарлама көлемінде өндірістік практикані ұйымдастырады.

2. Практика сұрақтары бойынша кеңестер береді.

3. Практиканің соңында студентке қысқаша пікір (мінездеме) береді, онда оқу практикасінің бағдарламасын қалай орындағаны, практикаленуші студенттің еңбек тәртібін сақтағаны және кәсіби дайындығы жайында көрсетіледі.

4. 3 Студент -практиканттың міндеттері

Оқу практикасін өту барысында студент міндетті:

  1. практикані өту орнындағы ішкі тәртіп, ережені сақтауға;
  2. кәсіпорыннан тағайындалған практика жетекшісінің өкімдерін орындауға;
  3. практиканің өту жоспары мен күнтізбелік жоспарды өз уақыты мен толық көлемде орындауға;
  4. көрсетілген нұсқада күнделікті толтыруға;
  5. практика нәтижесі бойынша, кафедра бекіткен уақыт пен нұсқада есепті ұсынып, қорғау.

4. 4 Оқу практикасінің мазмұны

Жұмыс орындарында практикані өту барысында студент өз бетімен жұмыс істеуді, мамандардың экономикалық әдістерді қолдануын, барлық бөлімдерде инструкциялық материалдарды терең зерттеп, келесі көлемдегі жұмыстарды орындауы қажет: қаржылық ұйымдардың құрылымымен жалпылама танысу (банктер, шаруашылық субъектілері) және оқу практика базасының ерекшеліктеріне сәйкес, оның қаржылық экономикалық қызметтерін зерттеу.

4. 4. 1 Коммерциялық банктерде

Коммерциялық банктердің қызмет ету аясы ерекше. Оқу практикасін екінші деңгейлі банктерде өтетін студент, банктің бүкіл бөлімдерінің қызметін тізбектеп, зерттеуі қажет.

Банк қызметін зерттеуді оның қызметінің негізін анықтайтын, Банк Жарғысымен танысудан бастау керек. Сонымен қатар, банк құрылымын, барлық бөлімшелердің қызметі мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерін түгелдей зерттеу керек. Банк қызметіндегі келесі жақтарды зерттеу ұсынылады:

Қызмет етудің құқықтық және экономикалық негіздерінен

  • банктік қызмет ету облысындағы банктік қызмет етудің құқықтық негіздерін көрсететін, заңнамалық актілер мен инструктивті материалдарды зерттеу;
  • банк құрылымы мен бөлімше қызметкерлерінің функционалдық міндеттемелерімен танысу;

Банктік пассивтерді қалыптастыру

  • Жарғылық, Резервтік және басқа да қорларды біріктіретін, банктің меншікті капиталын, сонымен қатар бөлінбеген пайданы талдау;
  • оның жеткіліктілігін бағалау;
  • банктің қаржылық қорларының қалыптастыру ерекшеліктерін;
  • пассивтік операциялар тізімін зерттеу;
  • депозиттік операцияларды талдау (әр түрлілігіне байланысты - салымшыларына байланысты, валютаға байланысты, табыстылығына байланысты және т. б. ) ;
  • банк пассивтерінің құрамы мен құрылымы;
  • банк аралық несиелерді зерттеу;
  • банктің эмиссиялық операцияларды пайдалануы (қосымша акцияларды эмиссиялау, қарыздық құнды қағаздарды шығару) ;
  • ресурстарды басқа да әдістермен тарту.

Активті операциялар

  • банк активтерінің құрамы мен құрылымы;
  • несиелік оерацияларды талдау (әр түрлілігіне байланысты - клиенттерге байланысты, валютаға байланысты, уақытына байланысты, табыстылығына байланысты, қамтамасыз етуіне байланысты және т. б. ) ;
  • несиелік үдерісті талдау;
  • құжат айналымын зерттеу (несиелік өтініштер, несие беру қажеттілігін дәлелдейтін есептер мен құжаттар, несиелік істер) ;
  • несие төлеу қабілеттілігін анықтайтын әдістерді оқу;
  • несие беру ісімен танысу;
  • несиелік келісім шартты құру практикасін үйрену;
  • несиені қайтарып алуды қамтамасыз ететін, әр түрлі нұсқаларды пайдалану практикасімен түгелдей танысу (кепілдік механизмі, гарант, несиелік тәуекелділікті сақтандыру және т. б. ) ;
  • берілген ссудаларды мақсатты пайдалануды бақылаудың тиімділігін бағалау;
  • құнды қағаздар нарығындағы банк қызметтерін зерттеу;
  • кассалық және есеп айырысу операцияларының іске асу тәртібімен танысу;
  • банктің инвестициялық қызметімен танысу;
  • банктің жүргізетін валюталық операцияларымен танысу;

Банктің көрсететін қаржылық қызметтері

  • банктік қызмет көрсетудегі банктің мүмкіндігі;
  • лизингтік операцияларды пайдалану;
  • банктің форфейтингтік және факторингтік қызметтері;
  • заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін трасталық операцияларды зерттеу;
  • сейфтік қызметтер;
  • банктік инновациялар;
  • төлем карталарымен жұмыс істеу.

Банктің Ұлттық Банкпен байланысы

  • пруденциялық нормативтерді есептеу;
  • бірнеше жыл көрсеткіштер динамикасын зерттеу;
  • коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі;
  • есеп беру материалдары мен бухгалтерлік құжаттарды зерттеу.

Қызмет көрсетудің қаржылық көрсеткіштері

  • Банк шығыстарын қарастыру ( пайыздық, әкімшілік және басқалай)
  • банк шығыстарының құрамы мен құрылымы;
  • табыстарды талдау және оны қалыптастыру көздері;
  • табыстарды бөлу тәртібін қарастыру;
  • банктік табыстардың қаржылық экономикалық көрсеткіштерінің есебі;
  • банктің жұмыс істеу тиімділігін бағалау;

Банктік практикадегі тәуекелділіктер

  • тәуекелділіктер түрі және олардың банктің қызмет етуіне әсері;
  • осы банкте қолданылатын тәуекелдерді басқару әдістері;
  • банктің жұмысының қорытындыларына түрлі тәуекелдердің әсер етуін бағалау;
  • банктік тәуекелдер мониторингі және оларды төмендету жолдары.

Практика аяқталғаннан кейін, студент оқу практика бағдарламасына сай және күнтізбелік кестедегі нақты жұмыс түрін атқарғаны бойынша есеп жазады.

  1. 4. 4. 2 Салықтық органдарда

Студент танысуы тиіс:

- бөлім құрылымымен және бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерімен;

- салықтық есепте тұрған салық төлеушілер тізімі мен салық салу объектісімен;

- салық төлеушілердің арыз, хаттары мен өтініштерін қарастыру тәртібімен;

- СТН табыс ету және лицензиялар мен патенттерді беру тәртібімен;

- салық төлеушілер есебі мен оларды кітапқа тіркеу тәртібімен танысып, есеп беру нұсқалары мен қатаң есеп беру бланктерін зерттеу;

- карточкалар мен шоттарды ашу тәртібімен, төлем тапсырмасы және квитанцияларды ендіру ережесімен танысу.

Аудит бөлімінің жұмыс орнында: салықтық есепте тұрған салық төлеушілер тізімі мен салық салу объектісімен танысып, сонымен қатар осы бөлімнің жұмысында пайдаланатын бланктік материалдармен есеп берудің негізгі нұсқаларымен танысу. Осы бөлімде практикаден өту кезеңінде студент дұрыс аударымдар жасаудың практикалік әдістемесін қарастырып, заңды тұлғалардың бюджетке төленетін салықтары мен міндетті төлемдерінің толық және уақытында төленуін үйренуі керек. Осы мақсатта материалдарды қарастырып, салық салу сұрақтары бойынша, кәсіпорындар мен ұйымдардың хаттары мен өтініштерімен танысу керек.

Студент салық инспекторларымен бірге кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметін тексеруге қатысуы тиіс;

- салықтық тексеріс қорытындысы бойынша жоғары тұрған ұйымдарға есептер мен ақпараттарды жеткізу тәртібімен танысу керек,

- салықтардың түсуін есептеп, талдау жасау бөліміне берілетін, тексерісті жүргізу материалдарымен танысу;

- әкімшілік құық бұзушылық хаттамалары мен тексеріс актілерін жасауды.

Қазіргі кезде қолданып жүрген салықтық заңнамашылықтарды бұзушыларға, қаржылық және салықтық санкцияларды қолдану тәртібін бақылау іс шараларының қорытындылары бойынша талдау жүргізу, берілген район бойынша жеке тұлғалардың табысынан түскен салықтардың сандық көрсеткіштерін, бақылау жұмыстарының жағдай бойынша бөлім есептерін талдау.

Есептеу, талдау және ақпараттық жұмыс орнында:

- бөлім құрылымы мен қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен танысу,

- салық төлеушілердің есепте тұрған тізімімен;

- түсіндірме материалдарымен, тұлғалардың шоттарын жүргізу тәртібіне реттеу жүргізетін жоғарғы ұйымдардың хаттарымен танысу;

- декларацияларды қабылдау жүргізу әдістері мен талаптарын оқып, жеке және заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру мен басқа да есептерінің материалдарымен танысу;

- декларация қабылдау тәртібімен, шағын бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың есептерімен;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Педагогикалық практиканың бағдарламасын құрастыру
Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Практиканы қорытындылау
Жоғары оқу орынындағы студенттердің педагогикалық практикасы
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
Дуальды оқыту туралы шарт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz