Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті
«Туризм» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Экономика факультетінің
Деканы э. ғ. д., профессор
С. Б. Мақыш
«6В11102-Туристік қызметті ұйымдастыру» (Туризм)
«6В11103-Қонақ үй және мейрамхана ісі»
Білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ
АСТАНА 2022
Диплом жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықты ҚР МЖМБС №1080 23. 08. 2012ж. «Жоғары білім беру. Бакалавриат. Негізгі ережелер» және 05. 01. 2018ж. П ЕҰУ 33-18 Дипломдық жұмыс туралы ереже негізінде э. ғ. к., профессор Л. М. Муталиева, э. ғ. д., профессор Б. Ұ. Сыздықбаева, аға оқытушылар, магистр Е. К. Акишева, К. А. Омарова құрастырған.
Рецензент: э. ғ. к., профессор м. а. А. Б. Баймбетова
Әдістемелік нұсқаулық «Туризм» кафедрасы отырысында
№___ хаттамасы «»2022ж. бекітілді.
Әдістемелік нұсқаулық Экономика факультетінің Ғылыми кеңесінде
№___ хаттамамен «»2022ж. бекітілді.
«Туризм» кафедрасының меңгерушісі Л. М. Муталиева
Экономика факультетінің оқу-
әдістемелік комиссия төрағасы А. М. Бержанова
Мазмұны
1 Жалпы ережелер
1. 1 Дипломдық жұмыс - білім алудың соңғы кезеңінде мамандықтың оқу жоспарына сай орындалатын түлектің жазбаша жұмысы, ол бітірушінің білімділігін, кәсіби білімін, технологиялық тәжірибесін және бітірушінің шығармашылық қасиеттерін көрсетеді.
Дипломдық жұмыс - бұл жоғарғы оқу орнында оқудың, сонымен қатар студенттің ғылыми-ізденушілік және практикалық жұмысының нәтижесі болып табылады, оны дайындау үрдісінде студент туризм саласының, сервис қызметінің, қонақ үй және мейрамхана ісінің, ойын-сауық индустриясының кәсіби-теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді.
Білім алушылардың диплом жұмысын орындауы оның білім алуының қорытынды кезеңі, ал оның қорғалуы «6В11102-Туристік қызметті ұйымдастыру» (Туризм), «6В11103-Қонақ үй және мейрамхана ісі» Білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын түлектің мемлекеттік аттестациядан өтудің құрамдас бөлігі болып табылады.
1. 2 «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 мамырда № 6236 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 168 бұйрығында дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға бітіртуші кафедра шығарған шешімі негізде «өте жақсы» немесе «жақсы және өте жақсыға» үлгеретін студенттер жіберіледі.
Жекелеген жағдайларда кафедра дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға «қанағаттанарлық» бағасы бар, бірақ ғылыми-зерттеу жұмыстарында қабілеттілік танытқан, базалық және бейіндік пәндер бойынша «өте жақсы» және «жақсы» бағалары бар студентті де жібереді.
Дипломдық жұмысты қорғаудың орнына мамандықтың бейіндік пәндері бойынша мыналар екі мемлекеттік емтихан тапсырады (білім беру бағдарламасы) :
1) «қанағаттанарлық» немесе аралас бағаға үлгеруші студенттер;
2) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық) болған студенттер;
3) баланың тууы туралы куәлігінің негізінде 2 жасқа дейінгі балалары бар студенттер;
4) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші студенттер.
1. 3 Дипломдық жұмыстың мақсаты - жоғары оқу орнының «туризм бакалавры» біліктілігімен диплом алуға рұқсат беретін туризм, қонақ үй және мейрамхана ісінің теориясын, әдістемесін және ұйымдастырылуын жетілдіруге өзіндік үлес қосу болып табылады. Оған келесілер жатады:
- студенттердің білім алу үрдісінде алған теориялық және практикалық, кәсіби білімдерін бекіту, кеңейту және жүйелендіру;
- нақты сұрақтар мен мәселелерді шешуде тәжірибелік әдістерді қолдана алу және өзіндік ғылыми зерттеу әдістерін игеру;
- студенттердің туризм индустриясында, қызмет көрсету саласында, қонақ үй мен мейрамхана ісінде, ойын-сауық индустриясында өзіндік жұмыс жасауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілігін, тәжірибелік дағдыларды игеруін, дайындық деңгейін анықтау.
1. 4 Дипломдық жұмыс келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
- ғалымдардың, сарапшылардың, практикалық мамандардың, экономистердің жүргізген зерттеу нәтижелері мен жобалық шешімдерін зерттеу және жинақтау;
- зерттеу объектісі бойынша ғылыми негізделген теориялық қорытынды мен ұсыныстарды қамту;
- нақты міндеттер, сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми негізделген нәтижелерді қамту.
1. 5 Студент қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешуі керек:
- туризм индустриясы және сервис кәсіпорындарында нақты қызмет түрлерін (сервистік, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық және басқарушылық) іске асыру үшін таңдалған тақырыптың өзектілігін, оның құндылығы мен маңызын негіздеу;
- таңдалған тақырып бойынша теориялық жағдайларды, нормативтік-техникалық құжаттамаларды, статистикалық материалдарды, ақпараттық және ғылыми әдебиеттерді қарастыру;
- нақты талдау жасау үшін қажетті статистикалық материалдарды жинау;
- қажетті ақпараттарды жинау арқылы зерттеу нысанының (пән) жағдайына талдау жасау және мәліметтерді өңдеу мен талдаудың лайықты әдістерін қолдана отырып, кемшіліктері мен мәселелерін анықтау (мысалы, туризм индустриясындағы кәсіпорын қызметінде) ;
- зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау негізінде қорытынды жасау және нақты ұсыныстар әзірлеу;
- алынған нәтижелерді қорытындылау негізінде зерттеу объектісінің қызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты мәселелерді, сұрақтар мен міндеттерді шешу жолдарын ұсыну;
- ұсынылған іс-шараларды енгізе отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділік есебін орындау;
- диплом жұмысын нормативтік талаптарға сай рәсімдеу.
1. 6 Диплом жұмысында келтірілген мәліметтердің нақтылығы мен дұрыстығына, мазмұнына, қабылданған шешімдерге жауапкершілікті бітіруші студент дипломдық жұмыстың авторы ретінде өзіне алады.
2 Дипломдық жұмысты орындау кезеңдері
2. 1 Дипломдық жұмыс тақырыптарына қойылатын талаптар
2. 1. 1 Дипломдық жұмыс тақырыптарын қатаң түрде даярлау бағдары бойынша мамандық сай келетін мамандарды кафедра дайындайды.
2. 1. 2 Дипломдық жұмыстардың тақырыбы өзекті болуы керек, туристік саланың теориясы мен практикасын дамытудың жағдайы мен перспективаларына сәйкес келуі керек, туризмнің, қызмет көрсетудің, қонақ үй мен мейрамхана ісінің, ойын-сауық индустриясының нақты міндеттері мен мәселелерін ескеруі керек.
Диплом жұмысының тақырыбын таңдаған кезде студенттер:
- өзінің кәсіби дайындық деңгейін ескеруі;
- өзінің практикалық тәжірибесіне сүйенуі;
- белгіленген жұмыстың нақты орындалуын, көлемін, мерзімін, ресурстарының қол жетімділігін сезінуі қажет.
2. 1. 3 Диплом жұмыстарының тақырыптары дипломдық жұмысқа жетекшілік ету оқу жүктемесінде көрсетілген ПОҚ құрамы тарапынан «Platonus. ENU» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ААЖ) енгізілуі тиіс.
Диплом жұмысының тақырыбындағы жалпы тақырыптар тізімі бітіруші студенттердің санынан 2-3 есе көп болып және жыл сайын кем дегенде 50%-ға жаңартылуы тиіс.
2. 1. 4 Студент «Platonus. ENU» ААЖ-де дипломдық жұмыс тақырыбын және жетекшісін таңдауы және ПОҚ «Platonus. ENU» ААЖ-де келісімін беруі керек.
Студент факультет деканының атына жазған жеке өтінішінің негізінде бекітілген тақырыптардан диплом жұмысының тақырыбын бекітуді өтінеді. Бітіруші студент өтініште диплом жұмысын жазу үшін өзіне нақты тақырыпты бекітуін сұрайды және кафедраның ПОҚ құрамынан таңдалған тақырып бағытына сәйкес ғылыми жетекші тағайындалады. Студенттің өтініш үлгісі A қосымшасында келтірілген.
2. 1. 5 Студент бекітілген тақырыпта көрсетілмеген өз тақырыбын ұсына алады. Ол үшін студент өз шешімін, жеке ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тұрғысынан жазбаша негіздеуі тиіс.
2. 1. 6 Студенттер диплом жұмыстарының тақырыптарын мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жазбаша тапсырысы (келісімшарт) негізінде орындай алады.
2. 1. 7 Дипломдық жұмыстың тақырыбы мен әрбір студентке тағайындалған ғылыми жетекшілер тізімі ағымдағы жылдың бітіруші курс басында Ғылыми кеңестің шешімі негізінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректордың бұйрығымен бекітіледі.
2. 1. 8 Дипломдық жұмыстың тақырыбын диплом алды практика аяқталғаннан кейін қажет болған жағдайда өзгертуге немесе түзетуге, нақтылауға болады, оған кафедраның дәлелді ұсынысы негіз болады.
2. 2 Дипломдық жұмыстың жетекшілерін тағайындау
2. 2. 1 Жетекші ретінде атқаратын қызметіне қарамастан тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.
2. 2. 2 Дипломдық жұмыс жетекшісінің міндеті:
- диплом жұмысының жетекшісін тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін дипломдық жұмысты орындау үшін студентке тапсырма беру;
- дипломдық жұмысты орындаудың барлық кезеңдері көрсетілген уақытты қамтитын күнтізбелік жоспарды әзірлеу;
- дипломдық жұмыс терең әрі жан-жақты ізденісті талап ететіндіктен ғылыми әдебиеттерді ұсыну, оның ішінде, монографиялар, заңнамалық-нормативтік актілер, анықтамалық және мұрағат ақпараттары, мерзімді ғылыми басылымдардағы мақалалар, нұсқаулықтар, ережелер, дәріс курстары, журналдар (оның ішінде шет тілдерінде) ;
- дипломдық жұмысты орындауға қатысты студенттердің күнтізбелік жоспарын ұстануына бақылау жүргізу;
- белгіленген уақытта дипломдық жұмысты орындау бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
2. 2. 3 Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз етуі тиіс, дипломдық жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес студенттердің дипломдық жұмысты орындауы бойынша мерзімді есеп беру уақытын орнатуы керек және дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесі туралы аралық есебін ғылыми жетекшімен бірге қабылдауы тиіс.
Кафедра студенттердің дипломдық жұмыстарының дайындығы туралы ақпарат кафедрамен факультет деканына ұсынылады. Дипломдық жұмыстың тапсырмасына сәйкес студент дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесі туралы үш есеп тапсыруы тиіс:
- I тараудың орындалуына қатысты бірінші аралық есеп диплом алдындағы практикаға кеткенге дейін тапсырылады;
- II және/немесе III тараулардың орындалуы туралы екінші аралық есеп тәжірибе аяқталғаннан кейін тапсырылады;
- дипломдық жұмыстың аяқталуы туралы үшінші есеп - алдын ала қорғаудан бұрын, академиялық күнтізбеге сәйкес МАК жұмысының басталуына 1 ай қалғанда тапсырылады.
Дипломдық жұмысты орындау бойынша графикті ұстанбаған және дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесі туралы есеп тапсырмаған жағдайда жетекші кафедра меңгерушісіне шара қолдану туралы жазбаша түрде ақпарат береді.
2. 3 Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырма
2. 3. 1 Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырма студент дайындаған бастапқы материал мен дереккөздерден, сұрақтар тізімінен, ұсынылған әдебиеттер тізімінен, графикалық материалдар тізімінен (кесте, диаграмма, сызба, суреттер және т. б. ), дипломдық жұмысты жазу бойынша толық күнтізбелік графиктен тұрады. Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырманың формасы Б қосымшасында келтірілген.
2. 3. 2 Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырма кафедра меңгерушісімен бекітіледі, тапсырмада міндетті түрде жұмысты аяқтау мерзімі көрсетіледі және титулдық беттен кейін нөмірленбей дипломдық жұмысқа тігіледі, бірақ, жалпы бет санына кіреді.
2. 3. 3 Жекелеген жағдайларда дипломдық жұмыстың жеке тараулары бойынша тапсырма ғылыми жетекшілікке бөлінген сағат көлемінің шегінде (24 сағ. ) кеңесшілер шақыртылуы мүмкін.
2. 3. 4 Күнтізбелік жоспар әдебиетті іріктеуден бастап, алдын ала қорғаудан өткенге дейінгі дипломдық жұмысты орындаудың барлық реттелген кезеңдерін қамти отырып, бүкіл мерзімге құрастырылады ( Б қосымшасын қараңыз) .
Студенттерге дипломдық жұмысты әзірлеудің келесі күнтізбелік жоспарын ескеру ұсынылады:
- Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және оны кафедрада бекіту.
- Әдебиеттерді таңдау, оны зерттеу және өңдеу. Негізгі дереккөздері бойынша библиография әзірлеу және оны дипломдық жұмыс жетекшісіне көрсету.
- Дипломдық жұмыстың жоспарын құрып, жетекшімен келісу, ақылдасу.
- Жұмыстың кіріспесін, теориялық бөлігін дайындау және оны тексеруге ұсыну.
- Практикалық материалдарды жинау, жүйеге келтіру, талдау жүргізу.
- Жұмыстың сараптамалық бөлімін дайындау және ұсыну.
- Жұмыстың ұсыныс бөлігін дайындау және ұсыну.
- Жұмыс бойынша қорытынды дайындау және ұсыну.
- Ғылыми жетекшімен қорытынды мен ұсыныстарды келісу.
- Жетекшінің ескертулеріне сәйкес диплом жұмысын қайта жөндеу (толықтыру) .
- Диплом жұмысын алдын-ала қорғау комиссиясына ұсыну.
- Диплом жұмысын алдын-ала қорғау бойынша комиссияның ескертулеріне сәйкес толықтыру.
- Жұмысты жетекшіге қол қоюға ұсыну.
- Нормалық бақылаудан өту.
- Диплом жұмысын пікір дайындау үшін жетекшіге тапсыру.
- Жұмысты кафедра жетекшісіне қол қойдыруға ұсыну.
- Кафедра жетекшісінің ескертулеріне сәйкес диплом жұмысын толықтыру.
- Сыртқы кәсіби маманнан диплом жұмысына пікірлеме алу.
- Ғылыми жетекшінің сын-пікірі және рецензенттің пікірлемесі бар диплом жұмысын есеп журналына тіркеу үшін МАК-тың техникалық хатшысына тапсыру.
- Таратпа (иллюстрациялық) материалдарды, диплом жұмысының электронды презентациясын және оның мазмұнымен бірге МАК-ға ұсыну.
2. 3. 5 Студенттердің дипломдық жұмыстары практика үшін қызығушылық тудыра отырып, мүмкіндігінше туристік және қызмет көрсету кешендерін, қонақ үй және мейрамхана шаруашылығын, ойын-сауық индустриясын дамытудың республикалық, аудандық және муниципалды бағдарламаларымен шешілетін мәселелер шеңберін көрсетуі қажет.
2. 3. 6 Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі қолданылған есеп-әдістердің негізінде жұмыстың мақсаты мен міндетін ашып көрсетуі қажет, жүргізілген ғылыми тәжірибелердің сипаттамасы мен салыстырмалы талдау жүргізіліп, суреттер, графиктер, эскиздер, диаграммалар және сызбалар, компьютерлік технология қолданылуы шарт.
2. 3. 7 Студент дипломдық жұмысты жоғары оқу орнында және зерттеу объектісі мен пәніне сәйкес өзге кәсіпорындар мен ұйымдарда орындауына болады.
2. 4 Дипломдық жұмыстың құрылымы
2. 4. 1 Дипломдық жұмыс 40-50 беттен тұратын қолжазба түрінде осы мамандық бойынша студенттің өз бетінше дайындаған зерттеу жұмысы болуы керек. Қосымшалар дипломдық жұмыстың көрсетілген көлеміне енгізілмейді, бірақ оларға нөмір қойылады.
2. 4. 2 Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- мұқабасы;
- титул беті;
- дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсыныс бөлімдері) ;
- қорытынды (тұжырымдар мен ұсыныстар) ;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымша (лар) .
2. 4. 3 Диплом жұмысының бірінші беттері мұқабасы мен титул беті құжатты өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпараттық дереккөзі ретінде қызмет етеді.
Мұқаба мен титул беті нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы санында есептеледі. Мұқаба мен титул бетінің үлгілері В мен Г қосымшаларында келтірілген.
2. 4. 4 Диплом жұмысының мазмұны кіріспе, реттік нөмірлер және барлық тараулардың (бөлімдер мен бөлімшелер) атауларын, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, қосымшалар атауын қамтиды.
Диплом жұмысының мазмұнында әр бір элементтің (бөлімдер мен бөлімшелер) қарама-қарсы жағына сол бөлімнің басталатын бет нөмірі қойылады.
Диплом жұмысының мазмұны келесі шарттарға жауап беруі керек:
- материалдың ретті логикалық жүйемен мазмұндалуы;
- зерттеудің нақты мақсаттылық бағыты;
- жұмыс қорытындысын нақты келтіру;
- қорытынды, нәтижелердің дәлелділігі және ұсынылатын шешімдер мен ұсыныстардың негізделуі.
«Мазмұны» үлгісі Д Қосымшасында келтірілген.
2. 4. 5 Кіріспе дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігінің негіздемесін, шешілетін мәселенің қазіргі жағдайын бағалауды қамтуы тиіс; дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні тұжырымдалуы тиіс; зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі, дипломдық жұмыстың жаңалығы мен практикалық маңыздылығы сипатталуы тиіс. Кіріспенің көлемі 1-2 баспа бетін құрайды.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі зерттеудегі мәселенің маңыздылығы мен мәнін, сондай-ақ оның әртүрлі қызмет салаларына, көрсеткіштерге әсерін көрсетуі керек. Сонымен, өзектілікті негіздеу - жұмыста туындаған мәселені неге қазір шешуге болатындығын түсiндiру (нелiктен жаңа бiлiм практика үшін керек, диплом жазушының пікірінше туризм индустриясының тәжiрибесiндегi қандай мәселе өз шешімін талап етеді, зерттеудің негізгі мәселесі қандай, мәселені шешу үшін басқа зерттеушілер не істеді және диплом жазушыға не істеу керек) .
Зерттеу мақсаты - бұл диплом жазушы зерттеу басында анықтаған және оны орындау үрдісінде жететiн шектi нәтиже. «Қонақжайлылық индустриясындағы корпоративтік мәдениет» тақырыбындағы диплом жұмысы алдына келесідей мақсат қоюы мүмкін: Нұр-Сұлтан қаласындағы қонақжайлылық индустриясындағы корпоративтік мәдениеттiң күйiн талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.
Зерттеу міндеттері - бұл зерттеудiң мақсатқа жетудегі кезеңдi қозғалысы. Әрбiр міндет диплом жұмысының нақты бөлiгiн анықтайды: теориялық негiздердi зерттеу (мысалы, туризмдегі кроссмәдениет факторын ескеру) ; қажеттiлiгін негіздеу (мысалы, араб елдеріне шығу туризміне керекті құжаттарды қалыптастыруда кроссмәдениет факторын ескеру) ; дайындау (мысалы, . . . бойынша іс-шаралар) ; анықтау (мысалы, . . . бойынша іс-шараны ендіруден тиімділікті арттыруға әсер ету) ; iске асыру (мысалы, . . . іс-шара бойынша экономикалық талдау) .
Зерттеу объектісі - бұл зерттелетiн мәселенi тудырған үрдіс немесе құбылыс. Зерттеу объектілері ретінде келесілер бола алады:
- туризм және қонақжайлылық индустриясы кәсiпорындарының ұйымдық құрылымы (диплом жұмысы үшін, нақты кәсiпорынның ұйымдық құрылымын жетiлдiруге бағытталған) ;
- мониторинг, маркетинг, жарнама, қоғаммен байланыс жүйесі және т. б. (мониторинг, маркетинг, жарнама, қоғаммен байланыс жүйесін жетілдіру бойынша зерттеуге және ұсыныстарды жетілдіруге бағытталған жұмыстар) ;
- туризмнің нақты түрінің немесе нақты аумағының туристiк қорлары (дипломдық жұмыстар үшін нақты туризм түрі немесе аумақтағы туристік ресурстарды талдауға немесе салыстыруға арналған) ;
- нақты түрі үшін қолданбалы туроперейтинг, туризм бағыттары (мысалы, «Бурабайдағы отбасылық демалыс үшiн жаңа турөнімді қалыптастыру» тақырыбындағы диплом жұмысы үшін зерттеу объектісі болып жаңа турөнім алынады) ;
- туризм индустриясы кәсiпорындарының қызметiнiң, туриндустрия кәсiпорындарының бірлестіктерінің, туриндустрияны реттеу жүйесiнің (диплом жұмыстары үшін талдауға, салыстыруға, туриндустрия кәсіпорындарының қызметінің нақты аспектісін әзірлеу мен жетілдіру, туриндустрия жүйесін реттеу жүйесі) нақты аспектісі.
Мысалы, «Қонақжайлылық индустриясындағы корпоративтік мәдениет» тақырыбындағы диплом жұмысы үшiн зерттеу объектісі ретінде Нұр-Сұлтан қаласының қонақ үйлерiнiң корпоративтік мәдениетi алынады.
Зерттеу құралы - бұл зерттеу объектісінің қасиеттерiн нақты белгiлеу. Мысалы, «Қонақжайлылық индустриясындағы корпоративтік мәдениет» тақырыбындағы диплом жұмысы үшiн зерттеу құралы ретінде қонақжайлылық индустриясындағы корпоративтік мәдениеттi жетiлдiру үдерісі (процесс) қарастырылады.
Әдістемелік зерттеу - бұл негізгі қағидалар, әдістер, әдістемелер, тәсілдер және ұйымдарда оларды іске асыру құралдары және зерттеу қызметін құру жүйесі. Әдіснамалық зерттеу келесідей тәсілдерге негізделуі мүмкін:
- жүйелік - оны құраушы бөліктерінің біріккен зерттеу құбылысы ретінде (мысалы, «Бурабайдағы отбасылық демалыс үшiн жаңа турөнімді қалыптастыру» зерттеуінде турөнімді құру құбылысын талдауға жүйелік әдіс қолданылады, себебі турөнімді құру - бұл турөнімді құрастыруға қажетті жүйе (немесе кешен) құраушыларының іс-шараларының, сондай-ақ өзара байланысқан және өзара тәуелді құбылыстарының кешені: өнімнің өзі мақсат сияқты, қолданбалы туроперейтингтің жолдары мен әдістері, турөнімді тұтынушы, турөнімді жасаушы - туроператор, турөнімнің жағдайы - жүру бағыты, қызметті жабдықтаушылар және т. б. ) сипаттау;
- мазмұнды немесе формальды - оқылып жатқан құбылыстардан тек тұрақты және өзгермейтін мезеттерді алу (мысалы, «Алматы қаласында спорттық туризмнің ресурстық қамтамасыз етілуін бағалау» зерттеуінде, формальды тәсіл қолданылуы мүмкін, оның көмегімен спорттық туризмнің қамтамасыз етілуіне қажетті ресурс құраушылары туралы жалпы түсініктердің негізінде Алматы қаласының спорттық туризм жүйесінің қажетті құраушыларының бар болуы / жоқ болуы, растайтын / теріске шығаратын фактілер жалпыланады және жүйеленеді) .
Дипломдық жұмыстың жаңалығы , әдетте, жеке ұғымдарды, экономикалық процестердің құрамдас бөліктерін нақтылаудан тұрады және автордың зерттелетін мәселенің дамуына қосқан үлесін сипаттайды (ұғымдарды түсіндіруге, жіктелімдерді жүйелеуге, маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемесіне, нарықты сегментациялауға және т. б. қатысты авторлық көзқарастар) . Диссертацияның жаңалығы автордың мәселені зерттеу және ерекше шешімдерді табу қабілетін бағалауға, қолданыстағы тәсілдер мен әдістемелерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Оған жаңа пайдалы нәтижелерді, зерттеудің жаңа объектісін, зерттеудің жаңа әдістерін, объектінің жаңа жағдайларда қарастырылуын жатқызуға болады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы таңдалған тақырыптың рөлін және мәселені шешу үшін автор ұсынған әрекеттерді, туристік индустрияның нақты практикалық мәселелерін шешу үшін зерттеудің пайдалылығын көрсетеді. Тәжірибелік маңыздылықтың сипатталуы зерттеу нәтижесінің мүмкін тұтынушыларының нақты мақсатты тобына бағытталуымен түсіндіреді (мысалы, «Бурабайдағы отбасылық демалыс үшiн жаңа турөнімді қалыптастыру» тақырыбы бойынша зерттеу нәтижесінің мақсатты тобына, ішкі туризмінің туроператорлары кіруі мүмкін) .
2. 4. 6 Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін көрсететін мәліметтер, мазмұны, әдістемесі және негізгі нәтижелері қамтылады. Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі бөлімшелерге (тараулар мен параграфтар) бөлінеді. Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz