Полиция қызметінің негізгі бағыттары



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП
Тәжірибе өту орны: Әл-Фараби ауданының полиция бөлімі

Орындаған _________________________ _________________

Университеттен тәжірибе
жетекшісі ___________________________________ ________________


Шымкент 2023

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1
Әл-Фараби аудандық ПБ ішкі еңбек тәртібімен танысу ... ... ... ... ... ...
4
1.1
Аудандық Полиция басқармасының жұмысын регламенттейтін ереже ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

7
2
ҚР Ішкi iстер органдары туралы заңына жалпы сипаттама ... ... ... ... .
8
2.1
Ішкi iстер органдары қызметінің құқықтық негізі, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

7
2.2
Тергеуші мен анықтаушының құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
3
Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20

КІРІСПЕ

Мен,Бердібай Жанболат Төлебайұлы 05.06.2023ж. - 07.07.2023ж. аралығында Өндірістік-І практиканы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасында өттім.
Тәжірибені өту барысында маған жетекші ретінде полиция капитаны Б.Ракишев бекітілді.
Мен өндірістік практика өту кезінде полиция бөлімінің қызметімен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім, мекеменің ішкі іс-қағаздарын жүргізу процессімен таныстым, соған қатысты нұсқаулықтармен, ережелермен жұмыс жасадым. Ұйымның ішкі тәртібімен, құрылымын ұйымдастыру тәртібімен және өкілеттігін анықтау органдарының, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерін реттейтін ережелермен және олардың қызметтерімен таныстым.Практика барысында мен заңдарды қолдануды үйрендім.Және де архивтік материалдармен таныстым.Ол материалдармен таныса отырып мен болшақта шешім қабылдауда соларды негізге ала әрекет етуге дағдыландым.Криминалды полиция бөлімінде жетекшіммен бірге рейдтік іс шараларға шықтым.Онда мен жедел уәкіл кызметімен таныстым.Іс барысында өзіңді қалай ұстау керектігі,салқын қанды болу секілді қабілеттер болу қажет екен.Жалпы,өндірістік практика дегеніміз бұл бейіндік теорияны ғана емес,сонымен қатар күнделікті өмір шындығын жақсы білетін білікті жұмыскерлерді даярлау үшін қажет оқу процесінің міндетті компоненті болып табылады.Практика барысында Әл-Фараби АПБ-на қатысты іс-өндірісімен,азаматтық,әкімшілік және қылмыстық құжаттарды есепке алу мен сақтауды қалай жүзеге асыратындығымен,оларды рәсімдеумен таныстым.Және де жәбірленушілерден арыз қабылдауды,онымен жұмыс жасауды үйрендім.Жалпы айтқанда практика барысында теорияда алған білімді іс жүзінде қолданумен таныстым.

1 ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ПБ ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІМЕН ТАНЫСУ

1.1 Аудандық Полиция басқармасының жұмысын регламенттейтін ереже

Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесіне кіретін және Шымкент қаласының Полиция департаментіне тікелей бағынатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Адресі: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Желтоқсан көшесі, 3 үй
Басшысы: Қарабаев Нұрлан Өсерханұлы
Телефон номері: + 7 (7252) 97-60-05, + 7 (7252) 97-64-00.
Әл-Фараби аудандық ПБ ҚР қылмыстық-процестік заңнамасына сай жұмыс жасайды. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқыққа сәйкес шешiлуге тиiсті мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.Бөлімде азаматты бас бостандығынан заңсыз айыру, оны өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайларда ұстау, оған қатыгез қарым-қатынас жасау секілді заңсыз әрекеттерге жол берілмейді.[1]
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды, ішкі істер органдары бағынысты бөліністерінің қызметін үйлестіруді және ведомстволық бақылауды жүзеге асырады, карантиндік-санитарлық эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады, Полиция департаменті мен мүдделі мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрестің, қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіпті сақтаудың жағдайы туралы ақпараттандырады.
Әл-Фараби ауданының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесіне кіретін және Шымкент қаласының Полиция департаментіне тікелей бағынатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Бұл аталмыш учаскелік полиция пунктінде тәртіп сақшыларына халықпен жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Қажетті кеңсе атрибуттары, монитор бар, осы арқылы қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камераларынан тікелей бейне көріністерді бақылап отыруға болады.
Әл-Фараби ауданының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады.
Полиция бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полиция бөлімі - қоғамдық тәртіпті қадағалайтын, азаматтардың өмірі мен мүлікінің қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін орган. Ол толыққанды мемлекеттің бір белгісі. Алайда соңғы жылдарға дейін ішкі істер саласының қызметшілері халықтың тыныштығын ойлайтын орган ретінде емес, жоғарыдан келген бұйрыққа ғана бағынатын орын ретінде қабылданып келді.
Полиция қызметінің негізгі бағыттары:
1) адамды, қоғамды, мемлекетті заңсыз қол сұғушылықтан қорғау;
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
3) қылмыстарды ашу және ашу, қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізу;
4) адамдарды іздестіру;
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, әкімшілік жазаларды орындау;
6) қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
7) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
8) мүлікті және объектілерді, оның ішінде шарттық негізде қорғау және т.б.
Полицияның кезекші жасақшаларының күштері мен құралдарын жедел басқару, қылмыстарға, оқиғаларға, жаппай тәртіпсіздіктерге, табиғи зілзалаға және жедел жағдайдың басқа да күрделенуіне жедел ден қою бойынша қызметтер мен бөліністердің іс-әрекеттерін үйлестіруге, дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде басқарушылық шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға қажетті жедел ақпаратты қабылдауды, өңдеуді және есепке алуды автоматтандыру үшін ЖБО-ның аппараттық-бағдарламалық кешені (бұдан әрі - АБК) пайдаланылады.
ЖБО-ның АБК - бұл полицияның күштері мен құралдарын жедел басқаруға, нәтижелерін ұсынуға және қалалардағы (облыстардағы) және республика бойынша қалыптасқан жедел жағдайды бақылауды жүзеге асыруға, келіп түсетін мәліметтерді тиімді жинауға және талдауға, басқарушылық шешімдерді қабылдауда ақпараттық қолдау көрсетуге арналған техникалық жүйелерге біріктірілген, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақталған мамандар мен басшылар топтарының дербес және ұжымдық жұмысына арналған арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындарының кешені.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды, ішкі істер органдары бағынысты бөліністерінің қызметін үйлестіруді және ведомстволық бақылауды жүзеге асырады, карантиндік-санитарлық эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады, Полиция департаменті мен мүдделі мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрестің, қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіпті сақтаудың жағдайы туралы ақпараттандырады.
Әл-Фараби ауданының полиция бөлімі - Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Органдарының жүйесіне басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде әзірлеуге қатысатын Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталықатқарушы орган болып табылады.
Әл-Фараби ауданының полиция бөлімі - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс саласында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Органдарының жүйесіне басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.
Полиция бөлімі ашылған уақытта аудан әкімдігі учаскелік полиция пунктін ашуға қолдау білдіріп, спорт мектебінің ғимаратынан бөлме берген екен. Бұл азаматтардың полицияға жүгіну процесін едәуір жылдамдатады, сондай-ақ оларға заңдылық пен құқықтық тәртіпті бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлауға мүмкіндік береді.
Әл-Фараби ауданының полиция бөлімінде қылмыстық іс жүргізу құқығының өзіне тəн ерекшеліктері бар:
- Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі өз алдына дербес жəне жетекші құқық саласы;
- өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
- өкілетті органдардың (құқық қорғау органдарының) қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген қызметі; -
олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны жəне бағытымен ерекшеленеді.
Әл-Фараби ауданының полиция бөлімінде қылмыстық іс жүргізу - бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья жəне сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау жəне шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады.
Бөлімде қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаты қылмыстарды тергеу кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттеу, соттың қылмыстық істі мəні бойынша қарауы жəне шешуі, сондай ақ осы қатынастардың тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, конституциялық құрылысты қорғауға бағытталуын қамтамасыз ету болып табылады.

2 ҚР ІШКI IСТЕР ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

0.1 Ішкi iстер органдары қызметінің құқықтық негізі, мақсаты мен міндеттері

Қазақстан Республикасының Ішкi iстер органдары туралы заңы 29.12.2012 жылғы № 1747 Үкіметтің қаулысымен қабылданған.
Қазақстан РеспубликасыныңІшкi iстер органдары туралызаңы 9-тараудан, сондай-ақ 32 баптан тұрады.[2]
1-тарау: Жалпы ережелер;
2-тарау: Ішкі істер органдары қызметінің принциптері,өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық
3-тарау: Ішкі істер органдарының жүйесі;
4-тарау: Үкіметтің және ішкі істер органдарының құзыреті,ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері;
5-тарау: Қызметкерлердің құқықтық жағдайы және ішкі істер органдарында қызмет өткеруі;
6-тарау: Ішкі істер органдары қызметкерлері,олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері;
7-тарау: Ішкі істер органдарын қаржымен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
8-тарау: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі;
9-тарау: Қорытынды ережелер.
Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Ішкі істер органдары туралы заң, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар құрайды.
Ішкі істер органдарының негізгі мақсаттары болып- Қазақстан халқына қызмет етуге және жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, қоғамның, мемлекеттің, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.
Міндеттері болып:
1) адам мен азаматты, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
3) қылмысқа қарсы күрес;
4) қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті, оның iшiнде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде қамтамасыз ету;
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
6) құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу, халықтың көші-қоны саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
7) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттар мен прекурсорларының айналымы саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бақылауды іске асыру, олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау;
8) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
9) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
10) қылмыстық жазаларды, әкiмшiлiк жазалауларды орындау және сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру;
11) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, оған жақын орналасқан аумақта және арнайы мекемелерде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және ұстау режимін қамтамасыз ету;
12) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, аса маңызды және ерекше режимдегі объектілерде, Қазақстан Республикасының аумағында режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асыру;
13) жәбірленушілерді, куәгерлерді және қылмыстық сот өндірісінің өзге де қатысушыларын мемлекеттік қорғау;
14) криминалистикалық зерттеулерді жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2.2 Тергеуші мен анықтаушының құзыреті

Тергеуші - өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер органының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі. Тергеуші қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге және қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген барлық тергеу қызметін орындауға құқылы. [3]
Тергеушінің қызметі мен алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізудегі рөлі, оның күнделікті атқаратын қызметінің мазмұны мен түрлері осы қызметтің ішкі құрылымы болып табылады да және әрбір қызмет түрі тергеуші қызметінің құрамдас бөлігін құрай отырып, біртұтас тергеуші қызметінің мазмұнын құрайды және сапалық дәрежесін көрсетеді және оның еңбегінің нәтижесі талданады.
Процессуалдық функциялар тергеушінің ғылыми құралы ретінде пайдаланылып, оның қызметіне күнделікті бағыт-бағдар береді және осы қызметті атқарудың жеке дара заңи үлгісі ретінде қарастырылады.
Әрбір егеменді елдің, құқықтық мемлекеттің міндеті - өз елінің, өз қоғамының мүшелерінің мүддесін қорғау, құқығына қол сұғушылықты болдырмау, алдын алу және қол сұғушылық орын алған жағдайда әлеуметтк әділеттіліктің орнауына ықпал ету. Тергеуші қандай қылмыстық іс бойынша қай бағыттағы мәселені шешсе де, осы тезис ұдайы оның басшылығында болады, оның функцияларын жүзеге асыруына бағыт-бағдар сілтейді. Осы бағыттардың бірі мемлекет пен оның мүшелеріне аса зор қауіп төндіретін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау жолын қарастырып, оны болдырмау шараларын жүзеге асыратын мемлекеттің өкілетті органдары мен лауазым иелерінің, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атқаратын қызметтерінің орны ерекше.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 8- бабында қылмыстық іс жүргізудің міндеттері айқындалады, яғни қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану [4].
Анықтаушы - iс бойынша өз құзыретiнiң шегiнде сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам.
Анықтаушы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда тергеу және басқа да процестік әрекеттерді анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі көзделген не прокурордың келісімі, соттың, тергеу судьясының санкциясы немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жүргiзу туралы шешiмді дербес қабылдауға құқылы.
Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде анықтаушы осы Кодекстің 190, 191, 192-1 және 192-2-баптарында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, алдын ала тергеу жүргiзу үшiн осы Кодексте көзделген қағидаларды басшылыққа алады.
Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлетін iстер бойынша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерiн жүргiзуге уәкілетті, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi.
Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтауға шаралар қолдануға міндетті. [5]

3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63бабының 1-ші бөлігіне сәйкес тергеу бөлімінің бастығы дегеніміз - алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және өздерінің құзыреті шегінде жұмыс істейтін оның орынбасарлары [5]. Қылмыстық іс жүргізу мағынасындағы құзыреттің ұғымы мен мазмұнын олардың атқарушы органдар жүйесіндегі лауазымдық қызметтеріне байланысты осы адамдарға жүктелген функционалдық міндеттерден ажырата білу қажет.
Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы: қылмыстық іс қозғау туралы және өзге де қосымша материалдар туралы қаулыны бере отырып, нақты тергеушіге тергеу жүргізуді тапсыруға құқығы бар. Мұндай тапсырма кезекшілік кезінде келіп түсетін, хабар-ошарларға жауап беретін жедел-іздестіру тобының қылмыстық іс қозғау жағдайларында, сондай-ақ белгілі бір қылмыс түрлерін тергеуге маманданып жүрген тергеушінің тәжірибесі мен дағдысын ескерту қажеттігі жағдайында туындайды.
Мұндай тапсырыс беру қажеттігі басқа да себептер бойынша туындауы мүмкін, мысалы, күдік тудырушы мен (айыпталушымен) жақын қатынастарының болуына байланысты тергеушінің мүдделілігін, сондай ақ, басқа да жағдайларға байланысты туындауы мүмкін.
- тергеу жүргізу бөлімі бастығының қылмыстық іс жүргізу бойынша тергеуші іс
- қимылының мезгілінде болуын бақылау жасауда, тергеушілердің, алдын ала тергеу мен қамауда ұстаудың мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар. Қамау, үйде қамау мерзімін ұзартуға арналған санкцияларды алуға байланысты материалдарды прокурорға табыс ету үшін осындай жағдайларда көзделген жиырма төрт сағат ішінде тергеушінің қаулысының көшірмесін прокурорға жолдау үшін ісқимылдың уақытылы болуы қылмыстар туралы хабарлар мен өтініштерді қарау үшін заңда белгіленген мерзімдерді сақтау жолымен қамтамасыз етіледі. Уақытшылығы мазмұнына аталған мерзімдерді сақтаумен қатар белгілі бір процедуралардың дәйектілігі де жатады, іс жүргізуді орынсыз созу іске қатысушының құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасау ретінде қаралуы мүмкін. Мысалы, ұсталған адамға ұсталған сәттен бастап, қорғаушының араласуы қамтамасыз етіледі. Жалпы ереже бойынша ұсталған адамнан алғашқы жауап алынғанға дейін оның қорғаушымен оңаша кездесуі жүзеге асырылады. Қорғаушымен алдын ала кездеспей тұрып сезіктіні жауап бермеу құқығына ие болады. Мұндай дәйектілікті сақтамау ұстауды орынсыз деп тануға соқтырады;
- тергеу бөлімінің бастығы прокурордың нұсқауларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 197 - бабының 2-тармағына сәйкес прокурордың тергеушіге, тергеу бөлімінің бастығына берген нұсқаулары міндетті болып табылады. Прокурордың берген нұсқауларына жоғары тұрған прокурорларға шағым жасай алады. Шағым жасау істің ары қарай жалғасуына кедергі келтірмейді. Мұның өзі тергеу бөлімінің бастығы прокурор нұсқауларының орындалуына, осы нұсқауларға шағым түсірілген жағдайдың өзінде бақылау жасайтын болады дегенді білдіреді;
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген жағдайларда басқа да тергеушілер тапсырмаларының орындалуы үшін бақылау жасайды. Сотқа дейінгі қызмет процесінде қылмыстық ізге түсудің өзге де органдарының тергеушілері тапсырмалар беруі мүмкін, оларды өз күштерімен орындау барлық уақытта бірдей мүмкін бола бермейді;
-оған негіздер болған жағдайда тергеушіні іс жүргізуден шеттету;
- алдын ала тергеуді жүзеге асыратын өзіне бағынатын органның тергеу бөлімшелерінің бірінен қылмыстық істі алып, алдын ала тергеуді жүзеге асыратын осы немесе өзге де өзіне бағынышты органнан басқа тергеу бөлімшесіне беру. Мұндай берудің қажеттілігі тергеушілерге тапсырмаларды бөлген кезде қаралатын істерді біріктіру, тергеушіден бас тару немесе оны шеттету жағдайларына байланысты туындайды;
- белгіленген тәртіппен одан әрі шаралар қабылдау үшін аяқталған қылмыстық істі прокурорға жібереді.
- қылмыстық істерді қозғау және оларды өзінің іс жүргізуіне қабылдау, бұл орайда тергеушінің өкілеттілігін пайдалана отырып, алдын ала тергеуді жеке өзі жүзеге асырады.
Осы аталған тергеу бөлімі бастығының өкілеттіктері тергеушінің дербестігін шектей алмайды. Тергеуші тергеу бөлімі бастығының нұсқауларымен келіспеген жағдайда прокурорға шағым түсіре алады, осы арқылы тергеуші өкілеттігінің тұтастығына және оған берілген құқықтардың толық жүзеге асуына кепілдік береді [6].
Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тобына жататын тергеушімен тығыз байланыста.
Сонымен бірге кейбір өзіне тән іс жүргізудің елеулі сипаттары сот ісін жүргізудегі оның жағдайын біршама оқшау түрде көрсетеді, бірақ дербес орган сипаты деңгейіне көтере алмайды.Тергеу бөлімі бастығының қызметін реттеу екі деңгейдегі сипатта болады. Алғашқы деңгейі - заң тұрғысында сипатталады. Екінші деңгей - Ішкі Істер Министрлігінің, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің тергеу аппараттарының қызметін реттейтін ведомстволық нормативтік актілер. Бұдан басқа заң тұрғысындағы деңгей - тергеушінің маман ретіндегі қызметін реттейтін нормалардың бүкіл кешені, өйткені ол тергеушінің өкілеттіктерін толық күйінде көрсетеді.
Тергеушінің өкілеттіктерін жүзеге асырумен қатар тергеу бөлімінің бастығы қылмысты ашу және алдын алу жөнінде өзіне бағынышты тергеушілердің іс қимылының уақытылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы туралы
Жедел іздестіру қызметінің тарихи құрылуы мен дамуы
Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы интерполдың рөлі
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құқықтық мәртебесі
Көліктегі полиция қызметі
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы
Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту
Есіл аудандық полиция басқармасында кәсіби практиканы өту туралы ЕСЕП
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі
Пәндер