Әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіндегі тұтынушылардың шешім қабылдауына әсері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Әуесхан Аружан Нұрболқызы
Тақырыбы: Әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіндегі тұтынушылардың шешім қабылдауына әсері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В11103 - «Қонақ үй және мейрамхана ісі» мамандығы
Астана
2023
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Туризм» кафедрасының меңгерушісі
Муталиева Л. М.
«» 2023 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіндегі тұтынушылардың шешім қабылдауына әсері»
6В11103 - «Қонақ үй және мейрамхана ісі» мамандығы бойынша
Орындаған А. Н. Әуесхан
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы А. Г. Гиззатжанова
Астана
2023
Мазмұны
Кіріспе
Мейрамхана бизнесі үшін маркетинг саласының бір бағыты - бизнесті онлайн дамыту жүйесі. Қазіргі кезеңде мейрамхана қызметтерін онлайн дамыту және әлеуметтік желі арқылы мекеменің имиджін қалыптастыру үрдісі маңызды болып қала береді. Осы тұрғыдан алғанда, қызметтерді дамыту функцияларын сәтті орындайтын әлеуметтік желілерде үлкен мүмкіншілік бар. Сонымен қатар, ақпарат саласындағы жаңа технологиялар мейрамхана бизнесіндегі бірқатар үрдістерді жеңілдете алады, тапсырыс беру үрдісін жақсартады, мейрамханалардың қандай рейтингке ие екенін анықтай алады. Осы бағыттағы одан әрі дамыту қызметкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланыс үрсін жеңілдетуге мүмкіндік береді
Қазіргі уақытта маркетологтар табысты және танымал бренд тек қажетті өнім немесе сәтті сауда белгісінен гөрі көп нәрсе екенін мойындайды. Бүгінгі таңда бұл компания мен тұтынушы арасында қалыптасатын сенім деңгейін көрсететін индикатордың бір түрі, бұл, ең алдымен, тұтынушылық ортаның көңіл-күйінің өзгеруіне, тұтынушының сенімді және жедел таңдау жасауына мүмкіндік береді. Бұл факт әсіресе әлеуметтік желілердің қарқынды даму дәуірінде айқын болды.
Бұл дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, соның ішінде мейрамханалар қызметтерін ілгерілету үшін әлеуметтік желілерді қолдану мүмкіншіліктерін қарастырудың, зерттеудің маңыздылығымен анықталады.
Мейрамхана бизнесі - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын ұйымдастыру әдістері мен нысандарын реформалаумен және маркетинг құралдарын белсенді қолданумен байланысты өзгерістер байқалатын Қазақстанның кәсіпкерлік қызметінің ең серпінді бағыттарының бірі.
Мәселенің теориялық зерттелу дәрежесі. Ұсынылған тақырып бойынша зерттеу жұмысын жазудың теориялық негізі оқулықтар, журнал беттерінде жарық көрген мақалалар және отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері болды.
Жунусбекова Б. Б., Смыкова М. Р., Устенова О. Ж. Муталиева Л. М., тағы бір-екеуін косып койсаныз сияқты мейрамхана саласын зерттеп жүрген әрі осы саланың белді өкілдерінің пікірінше, мейрамхана бизнесі - Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің басым бағыттарының бірі, мұнда қоғамдық тамақтандыру орындарын ұйымдастыру әдістері мен түрлерін реформалау және маркетинг құралдарын белсенді қолдануға байланысты өзгерістер енгізуге болады.
Әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіне әсері, тұтынушылардың онлайн сатып алуға шешім қабылдауына әсері туралы нақты болмаса да жалпы әлеуметтік желілердің тұтынушыға әсер ету мәселелерін В. Д. Байков, В. С. Голик, И. В. Сироткина, С. Самойленко, М. Пурим, О. В. Леонова, В. В. Золотова және т. б еңбектерінен кездестіруге болады. Әлеуметтік желілердің тұтынушыға әсер ету мәселелері тақырыбының пысықталғанына қарамастан, нақты мейрамхана бизнесіне әсері мәселесі сұранысқа ие, бұл зерттеу объектісінің өзектілігін тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны мейрамхана өнімдерін сату мен қызмет көрсету сапасын арттырудың перспективалы, инновациялық алаңы ретінде әлеуметтік желіні қарастыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты - Әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіндегі тұтынушылардың шешім қабылдауына әсерін қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерін қоюға болады:
- мейрамхана бизнесін әлеуметтік желі арқылы дамытудың теориялық негіздерін зерттеу;
- әлеуметтік желі арқылы дамытудың «Rafe» мейрамханасы мысалында талдау жасау;
- «Rafe» мейрамханасын әлеуметтік желі арқылы тұтынушыға әсер етудің негізгі мәселелерін қарастыру;
- әлеуметтік желі арқылы мейрамхана бизнесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
аяктайсыз
1 Мейрамхана бизнесін әлеуметтік желі арқылы дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Мейрамхана бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жақсартудың мәні мен рөлі
Қазіргі заманғы маркетинг сұранысқа ие өнімді тартымды бағамен әзірлеу және оған тұрақты тұтынушылардың сеніміне қол жеткізуді қамтамасыз ету сияқты дәстүрлі мақсаттармен шектелмейді. Мейрамхана бизнесінде тұтынушылармен сенімді қарым-қатынасты сақтау өте маңызды. Мейрамхана менеджерлері тұтынушылардың мінез-құлқын қалаған бағытқа өзгерту мақсатындағы жылжыту кешені арқылы тұрақты да әлеуетті тұтынушылармен байланыс орнатады.
Мейрамхана бизнесі контекстінде бұл тұтынушыны мейрамханаға баруға итермелеуді немесе егер клиентте мейрамхана туралы жағымсыз ой қалып қойса, сеніміне қайта кіріп тұтынушының ойын өзгертуді білдіреді. Дұрыс қарым-қатынас жасау маркетингі, тұтынушылық мінез-құлық, бәсекелестік стратегиясы және геосаяси талдау сияқты мәселелерімен айналысатын танымал ғалым Д. Шет тұтынушылық әдеттердің өзгеруіне әсер ететін келесі төрт негізгі факторды анықтады:
-біріншісіне адам өмірінің әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі (неке, балалы болуы, басқа қалаға көшу, жұмыс орнының, тұрғылықты жерінің өзгеруі және т. б. ) жатады;
-екіншіден, бұрынғы өмір сүру салтын өзгертетін және адамға жаңа мүмкіндіктер беретін технологиялар (интернет, смартфондар, онлайн қызметтер және т. б. ) ;
-үшінші фактор - қоғамдық ережелер мен нормалар және жеке басына байланысты қағидалар (мемлекеттік саясат, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу, денсаулыққа зиянды өнімдерді тұтынудан бас тарту және т. б. ) ;
-төртінші, өзгеруге сирек себеп болатын факторға кездейсоқ табиғи апаттар (жер сілкінісі, дауыл, жаһандық пандемия, әскери қақтығыстар) жатады. Исследование клиентской лояльности в ресторанном бизнесе / С. А. Косарев, М. В. Родичев, А. В. Мебус, Р. М. Согомонян, В. В. Атоев // Московский экономический журнал. 2020. № 7. С. 511-517. https://doi. org/10. 24411/2413-046X-2020-10517.
Ал мейрамхана бизнесі мен әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып жүрген тәжірбиелі мамандар К. Соколов пен Т. Тиунов өз еңбектерінде мейрамхана бизнесінде цифрлық технологиялар өндіріс пен қызмет көрсетудің әртүрлі кезеңдерінде қолданылатындығы туралы жазды, нақтырақ айтсақ:
- азық-түлік пен дайын өнімді жеткізуді ұйымдастыру;
- тұтынушылар жиі қажет ететін өнім түрлеріне талдау жасау барысында, қажетті деректерді жинау кезінде;
- тұтынушылармен тығыз қарым-қатынас орнату кезінде;
- қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндірудің, тиімді сақтаудың және буып-түюдің озық технологияларын дайындау барысында;
- инновациялық жабдықтар мен құрылғыларды әзірлеу және т. б.
Әлеуетті тұтынушылармен байланыс, цифрлық платформалар арқылы азық-түлік өнімдеріне тапсырыс беру тенденциясы адамдардың өз өмірін ыңғайлы және қауіпсіз етуге деген ұмтылысына негізделген. Айта кету керек, тұтынушылардың мінез-құлқы әртүрлі факторларға байланысты, мысалы жасына, байлығына, тұрғылықты жеріне және т. б. өзгеріп отырады.
Қиыр Шығыс ғалымдары А. Романова мен Т. Носкованың 2019 жылы жүргізген жұмысы, яғни мейрамхана қызметтерін тұтынушылардың сатып алу мінез-құлқын қазіргі замандағы адамдардың көзқарас тұрғысынан зерттеуі қазіргі буын жастары үшін тамақтану қызметтерінің спектрінде сапа, қауіпсіздік, мәзірдегі әр алуандық, барлық позициялардың болуы сияқты функционалдық көрсеткіштердің маңызы зор екенін көрсетті. Сондай-ақ тапсырыстың орындалу жылдамдығы да жас ұрпақ үшін маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады. Мейрамхана қызметтерінің әлеуметтік құндылықтары (әр тұтынушыға талабына орай қарым-қатынас жасау, қызметкерлердің бір-бірімен ұйымдаса әрекет етуі, жайлылық, жақсы атмосфера, мейрамхана тарапынан құрметті сезінуі және т. б. п) жастардан гөрі ересектер көбірек көңіл бөледі екен, ал жастар үшін өзіндік, шығармашылық, жаңа технологиялар, жарқын жарнамалық науқандар, кретивтілік сияқты құндылықтар маңызды.
Романова И. М., Носкова Е. В. Исследование особенностей поведения потребителей поколений Y и Z на рынке услуг общественного питания // Практический маркетинг. 2019. № 11 (273) . С. 3-9.
Ресей ғалымы Т. Наумовтың еңбектеріне талдау жасай отырып, әлеуметтік желілердің мейрамхана бизнесіндегі тұтынушылардың шешім қабылдауына әсеріне кіріспе талдау жасаған кезде тұтынушының онлайн-сатып алуға шешім қабылдауы «Өнімді сатып алу алдындағы ақпаратты мұқият жинау және талдауымен сипатталатындығына» көз жеткіздік, яғни мейрамхана сайтының құрылымына және онда ұсынылған мәліметтердің нақты әрі тартымды болуына көп көңіл бөлу керек екенін есте ұстаған жөн.
Особенности поведения потребителей в интернет-среде // Национальная концепция качества: государственная и общественная защита прав потребителей : сб. тез. докл. междунар. науч. -практ. конф. / под ред. Е. А. Горбашко. СПб., 2018. С. 257-260.
Мейрамхана индустриясындағы цифрлық төңкеріс қарқынды дами бастады және ғылымға ілесу үшін мекемелер технология мен дәстүрлі бизнесті тікелей біріктіруі керек. Осындай мысалдардың бірі - техно-кафелер, олардың идеясы мейрамханаларды әртүрлі технологиялық шешімдермен байланыстыру болып табылады. IT компаниялары қазір мейрамханалар, көп ойыншыға арналған жаңа ойын-сауық жүйелерін пайдалана отырып, өз деректерін бірлесіп басқара алатындай етіп өз өнімдерін біріктіруді іздейді.
Технология үнемі дамып отырады, сондықтан тамақтандыру кәсіпорындарының мақсаты технологияны қолдану ғана емес, оны үнемі жаңартып отыру, тұтынушылар таң қалуға дағдыланған, сондықтан жаңашылдықты талап етеді.
Әрине, жарнаманың ерекшеліктері мұнымен бітпейді. Анықтаманы одан әрі жетілдіру ү04шін оларды толығырақ қарастырайық. Әрине, әлеуметтік желінің бірінші ерекшелігі оның салыстырмалы түрде төмен құны болып табылады, бұл оған үлкен артықшылық береді. Егер бұрындары жарнаманың кез келген түрін қолдануға жеткілікті түрде бай компаниялар ғана жүгінсе, қазір салыстырмалы түрде аз капиталмен нарықты жаулап алуға болады. Тәжірибеде байқалғандай әлеуметтік желінің қашықтықты қысқартып, уақытты ұлғайтып, тұрақты ақпарат ағынын тудыратыны баршаға белгілі. Бұл қасиеттер әлеуметтік желідегі жарнамада да көрініс табады.
Егер газет немесе журналдағы жарнамалық хабарламаның мазмұнын өзгерту үшін тапсырыс беруші (компания) алдымен осы газеттің (журналдың) редакторына хабарласып, барлық нюанстарды келісіп алуы керек, содан кейін ғана жаңа жарнама жарияланады, ал әлеуметтік желідегі жарнамамен бәрі әлдеқайда қарапайым және олар айтқандай, нақты уақытта жүзеге асырылады. Демек, мұнда екі түрлі ерекшелікті атап көрсетуге болады: біріншіден, жарнама беруші желі қолданушыларының жауабын және олардың әрекеттерін бақылау мүмкіндігіне ие болса, екіншіден, пайдаланушы әрекеттерін қадағалау негізінде жарнама беруші өзінің ағымдағы жарнама стратегиясы мен тактикасын икемді түрде өзгерте алады.
Хамзин Р. А. бұл мүмкіндікті «тез түзету мүмкіндігі» деп атайды, яғни жарнамалардың өнімділігін үнемі бақылап отыру және кейіннен жоғары тиімділікпен жарнамалардың әсер ету санын арттыру мүмкіндігі. Әлеуметтік желінің ерекшеліктерінің қатарында әлеуетті тұтынушылардың компанияға жылдам кері байланысы немесе қазір айтқандай, интерактивтілігі бар. Бұл тұтынушы жарнама арқылы берілетін ақпаратты пассивті түрде қабылдап қана қоймай, онымен өзара әрекеттесетінін білдіреді.
Мұның бәрі өте қарапайым түрде жасалады: тұтынушы өзін қызықтыратын жарнаманы көріп, сол парақшаны басып және сол ұйымның веб-сайтында орналасқан толығырақ ақпаратқа өтеді. Сонымен қатар, қазір веб-сайттардың көпшілігі тұтынушы кеңесшіге өзін қызықтыратын сұрақтарды бірден қоя алатындай етіп орналастырылған. Осылайша, сатушы (өндіруші) тұтынушыдан бірден кері байланыс алады және соның негізінде жарнаманың тиімділігі туралы қорытынды жасап, тиісті шараларды қолдана алады. Бұл жерде негізгі рөлдің өндірушілерден тұтынушыларға ауысуы туралы айтуға болады.
Бұл тұтынушылар енді өнімдер, қызметтер, олардың өндірушілері туралы кез келген ақпаратты лезде алып, соның негізінде шын мәнінде еркін таңдау жасай алады дегенді білдіреді. Біз қарастыратын соңғы мүмкіндік - мақсатты бағыттау. Ол әлеуметтік желінің арнайы механизмдерінің арқасында пайда болды, ол «барлық интернет-аудиториядан көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін бөлігін ғана таңдауға және оған жарнама көрсетуге мүмкіндік береді». Әрбір интернет пайдаланушы қажетті тауарларды немесе қызметтерді іздеген кезде мұндай механизмнің жұмысын бақылау мүмкіндігіне ие болды.
Әлеуметтік желі қазір жер шарындағы барлық адамдардың өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жыл сайын бизнес үшін көбірек мүмкіндіктер, жаңа гаджеттер, жаңа технологиялар мен оны пайдаланудың құралдары пайда болып жатыр. Әрине, әлеуметтік желінің барлық жерде таралуымен желіде тауарлар мен қызметтерді жылжытудың әртүрлі әдістері жасалып, белсенді түрде қолданылуда [Седельников В. М. Маркетинговое исследование потребительских предпочтений на рынке общественного питания (на примере г. Екатеринбурга) // Практический маркетинг. 2021. № 2. С. 32-41. https://doi. org/10. 24412/2071-3762-2021- 2288-32-41. ] .
Бизнес бір орында тұрмайды, ал қазір өзін-өзі құрметтейтін әрбір компанияның өзінің веб-сайты немесе, кем дегенде, әлеуметтік желілердегі парақшасы бар, басқаша айтқанда, ол Интернетте өз көрінісін жасайды. Бірақ веб-сайтты жасау жеткіліксіз, сонымен қатар мақсатты аудитория оған келіп, бизнеске қажетті әрекеттерді орындайтынына көз жеткізу керек.
Бұл әрекеттер сатып алулар (егер бұл интернет-дүкен сайты болса), ұнатулар, көрулер, репосттар және пікірлер (егер бұл ақпараттық ресурс сайты болса), сілтеме (егер бұл сайт жарнамалық платформа ретінде пайдаланылса) және т. б. болуы мүмкін, Интернетте жарнамалаудың жолдарымен қатар нұсқалары да өте көп. Осылайша, Интернет-маркетинг деген нәрсе пайда болды. Интернет-маркетинг - бұл маркетинг кешенінің негізгі элементтерін қамтитын дәстүрлі онлайн маркетингтің барлық аспектілерін пайдалану тәжірибесі: баға, өнім, қызмет, сату нүктесі және жылжыту.
Интернет-маркетингті пайдаланудың негізгі мақсаты - сайттың немесе порталдың әлеуетті аудиториясынан максималды әсер алу, яғни ұсынылатын қызметтерге немесе өнімдерге барынша көп пайдаланушыларды тарту. Дегенмен, бұл мәселеде әртүрлі зерттеушілердің пікірлері әртүрлі. Қазіргі уақытта Интернет-маркетингтің көптеген әртүрлі анықтамалары бар, олардың кейбірін қарастырайық. Мысалы, В. Холмогоров оны корпоративтік веб-ресурстардың иелеріне интернетте өз веб-сайтын жылжытуға және осылайша өз кәсіпорнының тауар белгісін алға жылжытуға, желілік технологияларды пайдалана отырып, қосымша пайда алуға мүмкіндік беретін арнайы әдістердің жиынтығы ретінде анықтайды. Соколова И. В. Интернет-маркетингті компания маркетингтік мақсаттарға жету үшін пайдаланатын теориялық және қолданбалы Интернет құралдарының жиынтығы ретінде ерекше сипаттайды.
Интернет-маркетинг коммуникациялық науқандарды жүргізудің жаңа құралдарының пайда болуынан тұрады - жаһандық ақпараттық желіде дәстүрлі маркетинг құралдары соңғы ақпараттық технологиялармен біріктірілген. Успенский В. И. Интернет-маркетинг термині әлеуметтік желінің гипермедиялық ортасында маркетингті ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін білдіреді.
Бұл анықтамалар ұқсас және бірін-бірі толықтырады, дегенмен, ең толық тұжырымы В. В. Дик, М. Г. Лужецкий, А. Е. Родионов «Электрондық коммерция», атап айтқанда Интернет-маркетинг - бұл Интернет желісі нарығы сияқты нақты нарықты зерттеуге, заманауи Интернет технологияларын пайдалана отырып, тауарларды тиімді жылжытуға және сатуға арналған қажетті шаралар кешені деп анықтама береді. Е. А. Петрик интернет-маркетинг - бұл интернет ортасында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі деп санайды. Ю. В. Ремез өз мақаласында Интернет-маркетингке бірден бірнеше анықтамалар береді, оны желідегі интернет-ресурс рейтингін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені ретінде де, сайттың дизайны мен мазмұны, тұтынушылардың қажеттіліктері мен сұраныс үлгілерін қанағаттандыратын онлайн жарнаманың барлық түрлері ретінде, нарықтық жағдайды кәсіби талдау және зерттеу ретінде де түсіндіреді. Жалпы, жоғарыда аталған барлық анықтамалар бір-біріне ұқсас, олар интернет-маркетингті Интернет-ортада жылжыту әдістерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді. Алексеев А. А. Маркетинговые исследования рынка услуг. СПб, 2019, 344с.
Бұл тәсілдің белгілі бір артықшылығы - интернет-маркетингте онлайн жылжытуға арналған әдістер мен құралдардың белгілі бір жиынтығы бар. Бұған жарнама, іздеу жүйесін оңтайландыру және интернет ресурстарының пайдалану мүмкіндігін талдау кіреді.
Технология қазіргі әлемнің барлық дерлік аспектілерін қамтиды, бірақ үнемі дамып келе жатқан мобильді құрылғылар мен бұлтты есептеулердің пайда болуымен технологияның үстемдігі біздің өмірімізге көбірек әсер етуде. Ғылым мен технологияның барлық осы жетістіктері бүкіл әлемге әсер етеді және біз көбірек технологияны көретін орындардың бірі - тамақ қызмет көрсету индустриясы. Интернет-брондаудың, смарт үстелдердің және жаңа төлем әдістерінің жаппай таралуына дейін ақпараттық технологиялар мейрамхана бизнесіне бұрын-соңды болмағандай еніп кетті. Жетістіктердің көпшілігі салаға да, келушілерге де қызмет көрсету деңгейінің артуына ықпал ететіні сөзсіз.
Өсудің негізгі факторлары азаматтардың материалдық табыстарының артуы және соның нәтижесінде сатып алу қабілетінің артуы, өнім инновацияларының пайда болуы, сонымен қатар технологиялық және техникалық жаңалықтарды - өндірісті автоматтандыруды, жеке технологиялық процестегі операциялар еңбек шығындарын үнемдеуге, өндіріс процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. [2]
Басқа да, ақпараттық жүйе арқылы Интернет желісін пайдалану арқылы мекеме қызметкері жетіспейтін өнімнің орнын толтыру үшін жеткізушілермен байланыса алады. Ақпараттық жүйенің басты артықшылығы деректерді қате жаңартулардан және коммерциялық ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғау болып табылады.
1. 2 Әлеуметтік желілердің тұтынушылардың шешім қабылдауына әсер ету құралдары
Жақында әлеуметтік желіде өнімдерді жылжытатын жарнама агенттіктерінің көбеюімен байланысты тренд байқалды. Әлеуметтік желі өзінің қызметі арқылы адам өміріндегі материалдық мүдделердің рөлін арттыру тенденциясын күшейтеді. Кез-келген компаниялардың барлығы дерлік әлеуметтік желіде өз парақшасы, тобы, блоктары және т. б. түрінде өз өкілдіктеріне ие. Бүгінгі күні мейрамхана бизнесін жылжыту дүниежүзілік әлеуметтік желі арқылы тауарларды сату тәсілі ғана емес, сонымен қатар, интернет - жарнама беруші үшін ең тиімді жарнама аймағы. Әлеуметтік желідегі жарнама сыртқы жарнамадан немесе бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамадан бірқатар артықшылықтарға ие.
Сурет 1. Әлеуметтік желілердегі маркетингтік коммуникацияның негізгі компоненттері
Мейрамхананың коммуникациялық стратегиясын, ұстанатын басты қағидаларын әзірлеудің маңызды факторы - тұтынушылардың мотивациясын түсіну, нақтырақ айтқанда, қонақтың тамақтану орнына келгендегі мақсатын және не қалап (күтіп) тұрғанын анықтау (мейрамханалардағы келушілерді осылай атайды, бұл қазіргі кезде қалыптасқан қарым-қатынас маркетингі тұжырымдамасына сәйкес келеді) және соған орай қызмет көрсету. Сондықтан тұжырымдама әлеуетті тұтынушылармен жеке қарым-қатынас құру мүмкіндіктеріне негізделуі керек. Бұл дегеніміз, маркетингтің негізгі құралдары тікелей маркетинг (мейрамхана өкілдерінің тұтынушылармен жеке қарым-қатынасы) болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz