Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1.Қазақстан Республикасы Энергетика министірлігі Экологиялық
мониторинг және ақпарат департаментінің жалпы мінездемесі 5
1.1Экологиялық мониторинг және ақпарат департаментінің құрылымы
мен қызметі 5
1.2Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен
құқықтары 6
2.Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті 8
қызметіне талдау
2.1Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті қызметінің
соңғы 3 жылдағы негізгі көрсеткіштерін талдау 8
2.2Мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру
бойынша 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жұмыс жоспары 10
2.3Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті экологияны
бақылау тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік бағдарламалары11
3.Мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттырудың
бағыттары 14
3.1Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық
мониторинг және ақпарат департаментінің қызметін жетілдіру 14
ұсыныстары
Қорытынды
16
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
18
Қосымша

Кіріспе

Өндірістік тәжірибе – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе
жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты
бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Өндірістік тәжірибе – теориялық
және практикалық білімдерді баянды ету мақсатында жүргізіліп, оқу
процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол болашақ жұмыстардың
мамандығына қатысты тереңірек білім алып, Қазақстан экономикасындағы түрлі
шаруашылық формалары мен нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында еңбек
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Өндірістік тәжірибе мақсаты – теориялық білімді жүйелеу, жетілдіру мен
кеңейту, есеп айыру дағдыларын дамыту , өз бетімен зерттеу жұмысының
элементтерін меңгеру. Сонымен қатар, ұтымды басқару шешімдерін қабылдау,
еңбек ұжымын шебер басқару, экономикалық және басқарушылық ситуацияларға
талдау жасауға дайын болу. Өндірістік тәжірибе басқарушылық қызметке деген
дайындық деңгейін көтереді. Өндірісте немесе ұйымдарда кәсіптік бейімделу
кезеңін қысқартады, өздерінің білімі мен қабілеттеріне сенімін күшейтеді.
Тәжірибе өту барысында кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен
қоса, ең алдымен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада
компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеру, мемлекеттік қызметтің
функциялары мен басқару сапасы, қабылданған және іске асырылып жатқан
мемлекеттік және аймақтық бағдарламалармен танысып, жұмыс жүргізу болып
табылады.Ол үшін келесі міндеттер орындалады:
- мекемедегі белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
- әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған
жұмыстарды толығымен әрі уақытылы орындау;
- мекемедегі белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай
ұқыпты киіну;
- мекемеде болған барлық іс-шараларға қатысу.
Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері төмендегідей:
• өндірісті басқаруда тәжірибе алуы және басқарудың жеке
функцияларын тереңірек зерттеу;
• нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында ұйымдағы экономикалық
жұмысттардың мазмұнын тереңірек қарастыру;
• мекеменің құқықтық жағдайын, оның ұйымдық құрылымын, мекемедегі
персоналды қалыптастыру және дамыту үрдісін басқаруды қарастыру;
• мекеменің стратегиялық және тактикалық жоспарлау тәжірибесін
және индикативтік жоспарлау әдістерін, сондай-ақ, басқару объектісінің ұзақ
мерзімді басым мақсаттары мен сәйкес стратегиялық бағдарламаларды даярлау
тәжірибесін қарастыру;
Өндірістік (дипломалды) тәжірибе өту орны: Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті.
Тәжірибе өту мерзімі аралығында Экологиялық мониторинг және ақпарат
департаменті атқаратын қызметі, мақсаттары, міндеттері және департамент
қызметін реттейтін түрлі нормативтік-құқықтық актілер жайлы ақпараттар
алдым. Сондай-ақ, жалпы экологиялық бақылау басқармасының ұйымдастырушылық
құрылымы, басқару қызметтерінің әдістерімен, персоналды басқару және
ақпараттық жүйесімен, департамент қызметкерлерінің этикалық кодексімен
таныстым. Мемлекеттік қызметті дамытудың жоспарлары, мемлекеттік
қызметкердің еңбегін жетілдірудің тиімді ұсыныстары жайлы ақпараттар алдым.
Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаментінің құрылымы мен
атқаратын қызметтері, екінші бөлімі департаменттің жалпы көрсеткіштеріне
талдау, үшінші бөлімде департаменттің стратегиялық жоспары болса,сонында
жалпы тәжірибені қорытындылау және жетілдіру жолдары қарастырылды.

1 Қазақстан Республикасы Энергетика министірлігі Экологиялық
мониторинг және ақпарат департаментінің жалпы мінездемесі

1.1 Қазақстан Республикасы Энергетика министірлігі Экологиялық
мониторинг және ақпарат департаментінің құрылымы мен қызметі

Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан
Республикасы Энергетика министірлігінің құрылымдық бөлімшесі болып
табылады.
Департамент өз қызметінде Конституцияны, заңдарды, Президент пен
Үкіметтің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілері, сондай-ақ Қағидаларды басшылыққа алады.
Департаменттің негізгі құрылымы мен қызметі бекітілген Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің жауапты хатшысымен
бекітіледі.
Департамент құрамына кіреді:
1) қоршаған ортаның мониторингі басқармасы;
2) экологиялық ақпарат пен талдау басқармасы;
3) қоршаған ортаның сапасын реттеу басқармасынан тұрады.

Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті

Қоршаған ортаның
Экологиялық ақпарат пен
мониторингі басқармасы Қоршаған ортаның
сапасын реттеу
талдау басқармасы
басқармасы

1-сурет. Экологиялық мониторинг және ақпарат департаментінің
құрылымы[сурет автормен жасалған].
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаментінің мақсаты- қоршаған
ортаның сапасын жақсарту, табиғат ресурстарын сақтау, экологиялық
тұрақтылықтың қолайлы деңгейіне қол жеткізу,халықаралық ынтымақтастық
бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қоршаған ортаны қорғау
саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін
үйлестіру[1].
Департамент қызметтері:
- департаменттің құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында
мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз
ету;
- аумақтардағы экологиялық жағдайды бағалау критерийлерін әзірлеуді
ұйымдастыру;
- департаменттің құзыреті шегінде шығарындылар мен ластаушы заттардың
тасымалдануы жайында мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
- Министрліктің Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет
департаментімен бірлесе отырып, Бірыңғай мемлекеттік табиғи кадастрлар
жүйесін жүргізуді ұйымдастыру;
- департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік
кадастрларды және табиғи ресурстарға мемлекеттік мониторинг жүргізу
тәртібін айқындау.

1.2 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық
мониторинг және ақпарат департаментінің негізгі міндеттері,функциялары
мен құқықтары

Экологиялық мониторинг және ақпарат департаментінің ұлтаралық
ынтымақтастық жүйесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және
қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық және жергілікті атқарушы
органдардың қызметін үйлестіру міндетінің атқаратын қызметтері:
- департамент құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
- департамент құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
келісімдерді, меморандумдарды жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, олардың бастамасы, дамуына
қатысу, олардың құзыреті шегінде оларды жетілдіру;
- департамент құзыретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік
құқықтық актілердің жүйелі түрде мониторингін жүргізу;
Департамент құқылы:
• Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен,
аумақтық органдарынан және ведомстволық
бағынысты ұйымдарынан қажетті ақпаратты
сұратуға және алуға;
• өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жүзеге
асыратын iс-шараларды әзiрлеу және iске
асыру үшiн жұмыс және өзге де топтарды
құру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
• Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға
ие.
Департамент міндеттері:
- нұсқаулықта айқындалғандай жоғары сапалы және уақтылы тапсырылған
міндеттер мен функцияларды орындау;
- бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей министрлiктiң бюджеттiк бағдарламаларымен
мемлекеттiк сатып алу туралы келiсiмдер бойынша өз мiндеттемелерiн
орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жеткізушілер туралы Бюджет және
қаржы рәсiмдерi мен құқықтық қызмет бөлiмшелерiне ақпарат беру;
- өз құзыреті шегінде министрліктің Стратегиялық жоспарлау және талдау
департаментіне жедел және ағымдағы ақпарат, аналитикалық және
статистикалық ақпараттарды дайындау және қоршаған ортаны қорғау саласын
дамыту.
Басқарушылық қызмет қоғамдық қызметтің ерекше санаты. Осыған орай
басқару жөніндегі жұмыс басқарушылық емес жұмыстан ажыратылады, өйткені
басқару қызмет түрі ретінде барлық бірлескен қызметтерге тән[1].

2 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық
мониторинг және ақпарат департаменті қызметіне талдау

2.1 Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті қызметінің соңғы
3 жылдағы негізгі көрсеткіштерін талдау

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі, Экологиялық мониторинг
және ақпарат департаментінің апталық, айлық және жылдық операциондық және
стратегиялық жоспарлары, есептері болады. Яғни жоспар құрылып, белгілі бір
уақыттың ішінде сол жоспар орындалғанын немесе орындалмағанын түгендейтін
есептер жасалады[1].
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаментінің 2015, 2016, 2017
ж.ж. белгілі іс- шаралардағы көрсеткіштері( пайыз мөлшерімен) 1-кестеде
көрсетілген (Қосымша Б) көрсетілген. Егер де 2015 жылы аймақтарды қоршаған
ортаны қорғау туралы мәліметпен хабардар ету 1%- ды құраса, 2016 жылы бұл
көрсеткіш 0,2 %-ға өседі де, 2017 жылы бұл көрсеткіш тағы 0,3 %-ға
көтеріледі. Мемлекеттік ресурстардың мемлекеттік кадастры АЖ-нің деректер
базасына актуализацияланған, экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорына
кірген объектілермен қамту 2015 жылы 35% болса, 2016 жылы 2%-ға
жоғарылайды, ал 2017 жылы 28% құрайды. Республика аумағының
метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық мониторингпен қамтуға
келетін болсақ, 3 жылдағы көрсеткіштер қатты өзгермеген, егер 2015 жылы бұл
көрсеткіштер сәйкесінше 77%; 72,5%; 60%-ды көрсететін болса, 2016, 2017
ж.ж. өзгеріссіз қалады. Республиканың территориясындағы атмосфералық ауаны
ластанудан қалпына келтіру жағдайында мониторинг жүргізумен қамту 2015 жылы
2016 жылға қарағанда 1%-ға жоғары болса, 2017 жылы 2016 жылға қарағанда
керісінше 1% төмендейді, бұның себебін ауаның атмосфералық қысымының
тұрақсызданумен түсіндіруге болады. Климаттық жүктеулер карталарын алу
(барлық жұмыстарды аяқтау масштабы бойынша) бұл іс-шара бойынша 3 жылдың
көрсеткіштері бірдей және максимальді(100%).
Департаменттің тәуекелді басқару жайлы ұсынған ұсыныстарын 2-кестеде
көруге болады. Берілген ұсыныстардың орындалу уақыттары квартал немесе жыл
сайын деп бөлінген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің бассейндік инспекцияларымен 2014 жылы суды пайдаланушылармен су
және табиғатты қорғау заңнамаларының талаптарын сақтау бойынша 385 тексеру
өткізілді. 541 бұзушылық анықталды, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша
313 ұйғарым берілді, жалпы сомасы 399317,0 мың теңгеге 452 әкімшілік
айыппұлдар, соның ішінде жалпы сомасы 36572,0 мың теңгеге 420 айыппұл
өндірілді[2], 2-кестеде көрсетілген (Қосымша Б).
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық
мониторинг және ақпарат және оның аумақтық бөлімшелерімен 1-санаттағы
объектілер үшін келесі көлемде мемлекеттік қызметтер көрсетілді: 2017 жылға
мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы- 5216,2016 жылға- 4905,
2015 жылға- 5797. 2016 жылы Экологиялық мониторинг және ақпарат орталық
аппаратымен- 271 қорытынды, ал аумақтық бөлімшелерімен- 4634 қорытынды
берілді, қоршаған ортаға эммисияға 2017 жылға- 2675, 2016 жылға- 2403, 2015
жылға-2677 рұқсат берілді.
2016 жылы Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті орталық
аппаратымен -43 қызмет, аумақтық бөлімшелерімен- 5754 қызмет
көрсетіледі[2], (3-кесте, Қосымша Б).
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес іске асырылады. Республика
бойынша шығарындылардың рұқсат етілген лимиті 2017 жылы 4,5 млн.тоннаны
құрады(2014 жылы 3,8 млн, 2015 жылы 4 млн тонна, 2016 жылы 4,4 млн тонна)(4-
кесте, Қосымша Б).
03.12.2017ж. №30, 04.12.2017ж. актпен байланысты, желтоқсан айында
Экологиялық ақпараттын мемлекеттік фондына 126 бірлігі бар 74 құжат түсті,
сонымен біргі қоршаған орта және табиғатты пайдалану сұрақтары бойынша сот
акті реестрына 24 құжат тіркелді. Барлығы 150 бірлік ақпарат
тіркелінді(пайыздық өсімі айына- 0,22 құрады). 2016 жылы 6 пайыздық өсімі-
3811 бірлікті құраған болатын(3595100*6=216 бірлік ақпарат, 3595+216=3811
бірлік ақпарат). 2017 жылы 6 пайыздық өсімі 4039 бірлікті құрауы тиіс.
Сонымен қатар бүгінгі таңда мемлекеттің экологияны реттеуіне, қалпына
келтіруіне қауіпті қалдықтардың кедергісі тиюде. Табиғатта қауіпсіз
қалдықтармен қоса, қауіпті қалдықтар да кездеседі. Базель конвенциясында
қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жайында айтылып кеткен. Оның
негізгі ережесі: қауіпті қалдықтарды шығаруға, кіргізуге тыйым салу,
қалдықтарды заңсыз саудалаудың алдын алу, үкіметтік ұйымдардың,
өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ғылыми мекемелердің қызметін үйлестіру,
жазбаша ескертулер мен рұқсат беру жүйесі арқылы қалдықтарды шекара аралық
тасымалдауды бақылау.
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті мемлекеттегі барлық
экологиялық жағдайды қадағалап, есептеп, экологияны жақсарту бұдан әрі
дамыту бағдарламаларын ұсынып отырады. Қазақстан Республикасының қоршаған
ортаны қорғауға ауа, су, орман, жер ресурстары, қалдықтарды басқару,
пайдалы қазбалар, экологиялық проблемалар жатады. Осы салаларды апаттық
жағдайдан қорғаумен Энергетика министрлігі, Экологиялық мониторинг және
ақпарат департаменті айналысады(5-кесте, Қосымша Б).
2017 жылғы жағдай бойынша гидрометеорологиялық және экологиялық
мониторинг 984 бақылау пунктінде (328 метеорологиялық станция,
агрометеорологиялық бақылау жасайтын 203 бекет, 307 гидрологиялық бекет пен
146 атмосфералық ауаны бақылайтын пункт) жүргізілді.
2016 жылда гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг 972
бақылау пунктінде (325 метеорологиялық станция, агрометеорологиялық бақылау
жасайтын 203 пункт, 302 гидрологиялық бекет пен 142 атмосфералық ауаны
бақылайтын пункт) жүргізілді.
2015 жылда гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг 911
бақылау пунктінде (297 метеорологиялық станция, агрометеорологиялық бақылау
жасайтын 202 пункт, 298 гидрологиялық бекет пен 114 атмосфералық ауаны
бақылайтын пункт) жүргізілді.[1], 2-сурет(Қосымша Б).

2.2 Мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша
2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2017-2021 жылдарға
арналған стратегиялық жұмыс жоспарының миссиясы: бәсекеге қабілеттіліктің,
энергетикалық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында отын-
энергетика кешенін дамыту, энергия көзіне деген экономиканың өсіп отырған
қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-
технологиялық әлеуетті дамыту, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтың
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру
және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға
және жасыл экономикаға көшуін қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау.
Пайымы: экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын энергияны өз
көздерінен өндіру; мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеудің аяқталған
технологиялық циклімен дамыған мұнай-газ өнеркәсібі; энергия ресурстарын
тасымалдаудың дамыған жүйесі; көмiрсутегi шикiзаты, көмір және уран
бөлігінде жер қойнауын ұтымды пайдалану; Қазақстан Республикасының
экологиялық және энергетикалық қауіпсіздігі; жетілдірілген
гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг жүйесі; парниктік газдар
шығарындыларын азайтудың нарықтық тетіктерін пайдалану және жасыл
экономикаға көшу; өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жаратудың дамыған
жүйесі[1].

6-кесте.Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық
мониторинг және ақпарат департаментінің стратегиялық бағдарламалары[1].

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің стратегиялық бағыттары
1-стратегиялық бағыт. 2-стратегиялық бағыт. 3-стратегиялық бағыт.
Электр энергетикасы, Мұнай-газ және мұнай-газ Қоршаған ортаның сапасын
көмір өнеркәсібі және химиясы салаларын дамыту жақсарту
атом энергиясын
пайдалану саласын
дамыту

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 3-стратегиялық бағыт
бойынша мақсаттары
3.1-мақсат.Қоршаған 3.2-мақсат.Табиғи ортаны 3.3мақсат.Гидрометеорол
ортаға эмиссияларды қалпына келтіру және огиялық және
азайту, жаңартылатын өндіріс пен тұтыну экологиялық
энергия көздерін дамытуқалдықтарын басқару мониторингті жетілдіру
және жасыл
экономикаға көшу

Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту мемлекеттік экологиялық бақылау
мен реттеуді жетілдіру, сондай-ақ көміртегі қос тотығының, күкірт оксидтері
және азот шығарындылары, климаттың өзгеруі жасыл экономика тұжырымдамасы
бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізу және басқа да келісімдер
туралы БҰҰ Негіздемелік конвенциясының міндеттемелерін орындау арқылы қол
жеткізілетін болады.
Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг
1. Республика аумағының метеорологиялық мониторингпен (2017 жылы
қамтамасыз етілуі – 78%), гидрологиялық мониторингпен (2017 жылы қамтамасыз
етілуі – 61%), агрометеорологиялық мониторингпен (2017 жылы қамтамасыз
етілуі – 72,5%) жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның стандарттарына сәйкес бақылау
желілерін ұйымдастырған кезде халықтың нақты тығыздығы, жергілікті рельефі,
сондай-ақ аумақтың экономикалық игерілуі ескерілуі тиіс.
Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағы үшін қажетті бақылау
желілері ең кем дегенде 421 метеорологиялық станция (2017 жылы – 328
станция), 500 гидрологиялық бекет (2017 жылы – 306 бекет), 280
агрометеорологиялық бақылау пунктерінен (2017 жылы – 203 пункт) құралуы
тиіс.
2. Республика аумағының атмосфералық ауа мониторингісімен (2017 жылы
қамтамасыз етілуі – 58%) жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.
Атмосфералық ауа сапасының жай-күйіне мониторинг жасау барлық елді
мекендердің пунктерінде жүзеге асырылуы тиіс. Атмосфераның ластануын
бақылау бойынша басшылық басшылық құжатқа сәйкес атмосфералық ауаның
ластануын бақылау бекеттерінің саны (бұдан әрі - БҚ) халықтың санына
сәйкес есептелуі тиіс.
3. Осы модельдерді есептеуге арналған құралдар мен болжаулардың
заманауи сандық үлгілерінің болмауы[3].

2.3 Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті экологияны
бақылау тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік бағдарламалары

Бәсекеге қабілеттіліктің, энергетикалык кауіпсіздіктің жогары деңгейін
қамтамасыз ету мақсатында отын-энергетика кешенін дамыту, энергия көзіне
деген экономиканың өсіп отырган қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді
пайдалануга бағытталган ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, сондай-ақ
қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған
ортаны сақтау, қалпына келтіру жэне сапасын жақсарту, Қазақстан
Республикасының төмен көміртекті дамуға жэне жасыл экономикаға көшуін
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатын іске асыру.
7-кесте. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық
мониторинг және ақпарат депаратментінің мемлекеттік бағдарламалары

"ҚР Энергетика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары туралы"
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018-2020 жылдарға
арналған бюджеттік бағдарламалар
Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Ел басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Рухани жаңғыру бағдарламасы
Нұрлы жол инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
Жасыл көпір әріптестік бағдарламасы
Жүз нақты қадам бағдарламасы

2014-2040 жылдарға ТҚҚ басқару жүйесін модернизациялау бағдарламасы
10. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10
қаңтардағы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері Қазақстан халқына Жолдауы.

11 Жасыл даму стратегиялық бағдарламасы
12 Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспары
13 Қазақстанның су ресурстарының мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанның су ресурстарының мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан-
2050 стратегияларын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президенті
қаулысымен бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты—су ресурстарын тиімді басқаруды арттыру жолымен
Қазақстан Республикасында су қауіпсіздігімен қамтамасыз ету.
Жердің ластануына Қазақстандағы негізгі өзендердің ағындары көбіне
іргелес мемлекеттер аймағында қалыптасады, сондықтан да су сапасы осы
мемлекеттер суымен бірге келетін ластағыш заттар әсерімен қалыптасады.
Елдің ең өзекті проблемаларының бірі- трансшекаралық қалдықтарды
кәдеге жарату, залалсыздандыру, көму. Бүгінгі күнге дейін зиянды қалдықтар
көбінесе экологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес сақталмайтын әртүрлі
жинақтауыштарда қоймаланады және сақталады. Бұның нәтижесінде жер, көптеген
аймақтардың жер асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға шалдыққан[4].

3 Мемлекеттік экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыру бағыттары

3.1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық
мониторинг және ақпарат департаментінің қызметін жетілдіру ұсыныстары

Республикамыздағы экологиялық жағдай күннен күнге ушығып барады, яғни
қоршаған ортанын жай-күйін жақсартып, экологиялық ахуалдарды шеші
мақсатында елімізде Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті қызмет
етеді(Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі басқаруымен).
Экологиялық мониторинг жүргізу- маңызды және қажетті іс-шара, мониторинг
арқылы жалпы қоршаған ортада қандай жағдай қалыптасқанын, экологияның қай
саласына көбірек көңіл бөлу керек екенін анықтап, айқындап алу үшін
маңызды.
Қазақстан-2050 стратегиясына сәйкес экономиялық саясаттың жаңа
курсының басты мәні- бәрін қамтушы прогматизм. Нақты айтқанда, бұл біздің
бүгінгі көзқарастарымыз бен тәсілдеріміздің түбегейлі өзгерісі. Қоршаған
орта және табиғат ресурстарын пайдалану саласында мынаны білдіреді:
- Принципті түрде табиғат ресурстарын басқарудың(масштабты ішкі саясат
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нұр - Сұлтан қаласының экологиялық жағдайы
Мониторинг түсінігі
МЭЭ қорытындысының талаптарын орындауға мемлекеттік экологиялық бақылау
Мемлекеттің табиғатты басқару қызметтері
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық бақылау
Су, орман мониторингі
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг жайлы жалпы түсінік
Қарыз алушы туралы ақпарат
Пәндер