Бөлімдер атауы Құрылымдық бөлімдердің атқаратын қызметтері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ТҰРАН-АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІ

БИЗНЕС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕКТЕБІ
факультет атауы
ДИЗАЙН, СЕРВИС ЖӘНЕ ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ
кафедраның атауы
_6В11102____ Мейрамхана және мейманхана бизнесі___
мамандық коды мамандықтың атауы



Өндірістікдипломалды тәжірибесі бойынша
(тәжірибе түрі)
ЕСЕБІ

студенттер (бакалавриат, магистратура, докторантура)
(оның астын сызыңыз)

Күндізгі (сырттай) оқу топтарының курстары
Кенесова Эльмира Наурызбайқызы



Тәжірибе жетекшісі:
Аға оқытушы, магистр. Каражанова М.Х.

Астана 2023ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1
АЗИЗ ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДЫҚ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5
2
ҚОНАҚ ҮЙ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ. НОМЕРЛІК ҚОРЫ. ҚОНАҚ ҮЙДІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

8
2.1
Кәсіпорынның қызмет көрсету саласына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ..
10
2.2
Еңбек қарым-қатынастары және еңбек ақы төлеу жүйесі ... ... ... ... ... ..
12
3
ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
3.1
Кәсіпорынның салық төлеу жүйесі және зейнетақы жарналары ... ... ..
15
3.2
Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекетін қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ...
16
4
АЗИЗ ҚОНАҚ ҮЙІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
27

КІРІСПЕ

Өндірістік тәжірибенің мақсаты дипломдық жұмысты орындауға дайындық кезеңі болып табылады және осыған сүйене отырып, тәжірибенің негізгі бағыты жинау болып табылады. Ұсынылып отырған жұмыс, өндірістік тәжірибе уақытындағы меңгерілген материалдар мен игерілген кәсіби біліктіліктерді қорытындылап, талдауға арналады. Мен Кенесова Эльмира Наурызбайқызы 27.04.2023ж мен 03.06.2023 ж.аралығында Орал қаласындағы Азиз қонақ үйінде өндірістік тәжірибеден өттім.
Тәжірибелік біліктілік кез келген мамандық үшін кәсібилікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Адамда теориялық білім практикамен ұштасып жинақталған сайын жоғары нәтижелі жұмыстар жүргізеді. Осы ретте өндірістік тәжірибенің өзектілігі: білімгердің алған білімдерін толықтырып, жинақтап, теориялық білімін практикамен ұштастыра қолдана білуіне жағдай жасайды.
Қонақ үй индустриясы әлемдік экономиканың маңызды саласы болып табылады. Кейінгі бірнеше жылда туризм жылдам дамып келе жатыр және халықтың барлық қабатына қол жетімді болып табылады. Туризмнің дамуымен қатар туристердің саны да артып келеді. Бұл қонақүй сервисінің негізгі компоненті оның инфрақұрылымының дамуына да өз әсерін тигізді.
XXI ғасыр басында туристік қонақүй бизнесі экономикалық тиімділігі бойынша дүниежүзінде әлемдік сауданы басып озып, бірінші орныға шықты.
Бүгінгі таңда қонақ үй туризмнің маңызды саласының бөлігі болып саналатын қонақжайлық өнеркәсібінің құрамды бөлігі болып табылады. Қонақ үй қызмет көрсетулерін өндіру мен тұтынуда сапа аса үлкен маңызға ие болады. Сапалы қызмет көрсетусіз қонақ үй өзінің мақсат-мүдделеріне жете алмайды. Сонымен қатар орналастыру құралдарын категориялау мәселесі сапаны басқару көзқарасы тұрғысынан аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай дүниежүзілік тәжірибеде орналастыру құралдарын категориялау мәселесін шешуде бірнеше бағыт белгіленген. Қонақ үй бизнесін басқаруда маңызды мәселелердің бірі болып кадрлар мәселесі табылады[1].
Қонақ үй қызмет көрсетуінде қызметкерлердің мәдени түрде қызмет көрсете білуі адам рерсурсының маңыздылығын растайды.
Қонақүй кәсіпорындарының сауатты басшылығының байқауынша тұтынушылардың қатынасы көп жағдайда қызметкерлердің көңіл күйіне байланысты болады екен. Олар ішкі маркетингті жүргізіп, жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін қызметкерлерді марапаттау мен оларды қолдау жүйелерін жасап шығарады. Сонымен қатар түрлі зерттеулердің көрсетуінше үлгілі қонақ үй стратегиялық жоспарлау жүйесінің бар болуымен, басшылықтың қызмет көрсету сапасын өсіруге ұмтылуымен, тұтынушылардың арыздарын қанағаттандыру жүйесін қамтумен сипатталады.
Кәсіби мамандардың ақыл-кеңестерін алып, туындаған сұрақтардың шешілу жолдарын іс жүзінде талдап көре алады.
Тәжірибеден өту мақсатым: қонақ үй қызметінің жұмыс істеу тәртібімен танысу, материалдар жинау және туризм саласындағы біліктілікті арттырып, тәжірибе жинақтау болды.
Алға қойған мақсатымды жүзеге асыру үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
1. Қонақ үйдің негізгі және көмекші қызметтерін меңгеру;
2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын зерттеу;
3. Қонақ үй қызметкерлерінің атқаратын қызметтерімен танысу;
4. Қонақ үйдің ішкі көрінісінің талаптарын қарастыру;
5. Бөлмелердің тазалығы мен жинақылығын талдау;
6. Қонақ үйге келуші қонақтарды қабылдау және орындарды брондауды үйрену;
7. Қонақ үйдің қаржылық және экономикалық қызметімен танысу.
Тәжірибеден өту туралы есеп беруді жазуға дайындық кезінде тәжірибе барысындағы жинақталған білімдер, жалпы тақырып, қызмет көрсету мен қонақ үй шаруашылығының барлық маңызды бөлшектерімен, қыр-сырымен, тәртібімен таныстым. Алда қойылған сұрақтер негізінде талдаулар жасалды.

1 АЗИЗ ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДЫҚ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мекен-жайы: Орал қаласы, Мөнкеулы 81.
Қонақ үйдің мақсатты қызметтеріне келесілер жатады:
oo Қонақтарды қабылдау және орналастыру;
oo Тамақтандыру қызметі;
oo Номерлерді сату және қызмет көрсету;
oo Іскерлік кездесулер мен конференциялар ұйымдастыру;
oo Банкеттер өткізу;
1. Азиз қонақ үйінің миссиясы: белсенді бәсекелестік сақталып отыратын қызмет көрсету саласында халықаралық нарық мүмкіндіктері жолына, сонымен қатар байлық пен өсімге бағытталған өзгелерден үздік және мінсіз тауарлар құру.
Азиз қонақ үйінің мақсаты: тек қана үздік қонақ үй желісі болып қоймай, сонымен бірге әлемдегі барлық қонақ үй желілерінен ерекшелікке ие болу.
oo Ыңғайлы бағаға сай сапа - жоғары стандарттағы қызметтер мен тауарлар өндіру.
oo Жаңа идеялар жолында үзіліссіз ізденіс және оларды жүзеге асырудағы шапшаңдық.
Азиз қонақ үйінің стратегиясы. Қонақжайлық - басты байлық және ұлттық дәстүр. Сондықтан да осы дәстүрді ұсынушы ретіндегі қонақ үйдің алған бағыты қонақтардың көңілінен шығып қана қоймай, сонымен қатар олардың қайтадан өз достарымен келіп, біздің қонақ үйімізден алған қымбат естеліктерін олармен бірге қайта бөлісуіне кепілдік беру болып табылады.
Қонақ үй өзінің заманауи архитектуралық дизайны, сән-салтанатты ішкі көрінісі, ерекше қызметтерінің арқасында Орал қаласының ең үздігі болып мойындалған.
Қонақ үйдің конференциялар мен банкеттер өткізу мүмкіндіктері, жоғары қызмет көрсетумен үйлестіріліп ұсынылған тағамдары мен сусындарының әртүрлілігі және кез-келген талғамға сай жауап беретін заманауи архитектурасы қонақ үйдің ресми және іс-сапармен келуші делегациялар мен іскерлер арасында танымал қонақ үй болуына мүмкіндік беріп отыр.
Азиз қонақ үйінің қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне сәйкес басқару құрылымы сызықтық функционалды ретінде анықталады.
Азиз қонақ үйінің ұйымдық құрылымына сәйкес, қонақ үйді бас директоры басқарады, оған бухгалтерия және сату бөлімі, маркетинг және қызметтік бөлімінің менджерлері жауап береді, олардың әрқайсысы негізгі қызметті ұсынады, осылайша бас директорды мәселелерді терең талдаудан босатады және қызметкерлерді шешімдер мен жоспарларға терең дайындықпен қамтамасыз етеді. 1 суретте Азиз қонақ үйінің құрылымдық бөлімдері көрсетілген.

1-сурет Азиз қонақ үйінің құрылымдық бөлімдері
Ескертпе - мәліметтер автормен құрастырылған

Бөлім басшысы білу қажет:
oo ҚР заңнамасы, Компанияның жарғысы, Компанияның нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ оның қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер;
oo қауіпсіздік шаралары, өрт қауіпсіздігі ережелері, сондай-ақ өндірістік гигиена және санитария, еңбекті қорғау, нұсқаулықтың бұйрықтары мен нұсқаулары, сонымен қатар өз жұмысын ұйымдастыруға арналған нұсқаулық;
oo Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастырудың әдіснамасы, сонымен қатар жоспарларды, болжамды баланстарды, бюджетті жоспарлау, өнімді өткізу мен өндіруді, пайда мен шығындарды жоспарлау мен жобалауды құру;
oo құралдар, қаржы активтерін бағалау және талдау тәртібі, кірістілік пен тәуекелдер болжамы, кәсіпорындарға несие беру, несиеге қаражат пен инвестиция іздеу тәртібі;
oo инвестициялардың тиімділігі мен компанияның капиталды құрайтын ресурстарын бөлуді болжау;
oo қаржылық есеп беруді құру әдістері, ҚР салық жүйесі, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жасау тәртібі[2].
Сату бөлімінің қызметтері келесідей:
1. Тұрақты және әлеуетті клиенттермен жұмыс;
2. Сатуды ұйымдастыру бойынша функционалдық сәттерді анықтау;
3. Шартқа (келісімшартқа)қол қою;
4. Қонақ үй қызметтерін төлеу бойынша бақылау;
5. Келісімшарт талаптарының орындалуын бақылау;
6. Клиенттермен сатудан кейінгі байланыс.
Маркетинг бөлімінің негізгі функциясы мақсатты трафикті арттыру. Клиенттермен тиімді байланыс орнатудың жолдарын қарастыру. Бөлімнің негізгі қызметтері келесідей:
1. Өткізу нарықтарын таңдау және талдау.
2. Бәсекелестік стратегиялары мен принциптерін құру.
3. Сатып алушылар үшін қызметтердің құнын арттыру.
4. Жұмыстардың орындалу тиімділігін талдау.
Бастапқы жарнамалық материалдарды өндіруді ұйымдастыру, Компанияның барлық бөлімшелері мен қызметтерін жарнамалық өнімдермен қамтамасыз ету жарнама бөлімінің ажырамас міндеті болып табылады. Маркетинг бөлімі компанияның жарнамалық жоспарын жүзеге асыру үшін жарнама және басқа байланыс агенттіктерін, қызмет жеткізушілерін, мердігерлерді таңдаумен айналысады.
Бухгалтерия бөлімнің негізгі қызметтері:
oo мекеменің бухгалтерлік және салық есебін жүргізу.
oo Бақылауды жүзеге асыру:
- меншіктің сақталуына;
- ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың мақсатты жұмсалуына;
- түгендеудің уақтылы жүргізілуіне.
Бекітілген үлгілік біріздендірілген нысандарды қолдану. Бастапқы құжаттарды уақтылы және сапалы құрастыру, оларды бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленген мерзімде беру[3].

2 ҚОНАҚ ҮЙ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ. НОМЕРЛІК ҚОРЫ. ҚОНАҚ ҮЙДІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ

Азиз қонақ үйінде жоғары кластық стандартты бірорындық, стандартты екіорындық бөлмелер бар. Бөлмелердің ауданы 28-34 м2. Азиз қонақ үйінің стандарттық бөлмесі 2 - суретте көрсетілген.

2-сурет Азиз қонақ үйінің стандарттық бөлмесі

Қызметтердің стандартты жиынтығына кондиционер, жерсерікті теледидар, мини-бар, интернеттік желідегі телефон және курьерлік қызмет кіреді. Қонақтарға қызметтердің барлық түрін көрсететін тәулік бойы қызмет көрсетіліп, күніне 2 мезгіл жиыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар қонақ үйде:
Темекі шекпейтіндерге арналған номерлер.
Қонақ үйдің кафесі (еуропалық асхана, түскі және кешкі ас).
Қонақ үйдің құрылымдық бөлімдері:
Бөлімдер атауы Құрылымдық бөлімдердің атқаратын қызметтері
Әкімшілік бөлімінің атқаратын қызметтері:
Қонақ үй клиенттерінің check-in және check-out (регистрация) рәсімдеу;
Келу-кету уақытына сай қонақтардың жүктерінің тасымалдануын қамтамасыз ету;
Қонақтарды қонақ үйге байланысты, және де жергілікті жер ерекшеліктері мен көрікті жерлері туралы жалпы деректермен қамтамасыз ету;
Қонақтарды алдын ала пошта, ауа райы, валюта айырбастау, хаттар алмасу сияқты қызметтер ретімен таныстыру;
Барлық кіріс-шығыс және өзара қоңырауларға жауап беру;
Қонақ үйде болған клиенттердің шоттарын жабу секілді қызметтер атқарады.
Қонақтармен қарым-қатынас бөлімінің атқаратын қызметтері:
Қонақтардың кез-келген талаптары мен қалауларына қызығушылық таныту, және олар қойған сұрақтардың шешімін таба білу;
Қонақтар мен эксплуатациялық бөлімдер арасында көпір болу;
Қонақтардың қалауын сезіну;
Қонақ үйде болған клиенттің көңілді қайтуына кепілдік беру.
Тағам мен Сусын бөлімінің атқаратын қызметтері:
Тағамдар мен сусындар сатылымының барлық бөлімдерінде (кафе асхана, қызметкерлерге арналған асхана, банкеттік залдар мен ыдыс жуу бөлімдері) жақсы жұмыс жағдайын қалыптастыру. Азиз қонақ үйінің кафесі 3-суретте көрсетілген.

3-сурет Азиз қонақ үйінің кафесі

Кафе қызметкері тағам мен оны пайдалануға қатысты барлық қызметтерге, соның ішінде тапсырыс пен тағамның дайындалуына, жауап береді;
Ыдыс жуушының міндеті: Қонақүй барлық бөліміне қажетті таза асханалық ыдыс-аяқ жабдықтарының, тәрелкелердің, ас үй аспаптарының, стакандардың және арнайы материалдарды жеткізу. Және де бөлімше қызметкерлерді тазалығы мен ұқыптылығын қадағалайды.
Техникалық қызмет бөлімінің атқаратын қызметтері:
Қонақтар пайдаланатын барлық агрегаттар мен аспаптардың тазалығын қадағалау;
Жедел және профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Кондиционер, жылыту және желдету, жылу қазандықтары, электрмен жабдықтау, салқын және ыстық су, сонымен қатар ғимараттың жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету;
Интерьер мен экстерьер, ас үй, бөлімі, номер және жалпы ғимаратқа техникалық қызмет көрсету;
Тұтынылған электр энергиясының деңгейін бақылау.
Бөлмелерді жиыстыру бөлімінің атқаратын қызметтері:
Барлық номерлер мен жалпы қолданыстағы ғимараттың тазалығын сақтау;
Қонақтарды қажетті заттармен қамсызландыру, және олардың өтінішіне сай қызмет көрсету.
Кір жуу бөлімінің атқаратын қызметтері:
Таза киім-кешек, скатерт, майлықтар және т.б. пайдалануға беру.
Қонақтардан түскен заттарды, қызметкерлердің біріңғай формаларын жуумен айналысу, химиялық тазалау қызметін ұсыну және қонақтардың таза киімдерін жеткізу[4].
Қауіпсіздік бөлімінің атқаратын қызметтері:
Қонақ үйдегі қауіпсізлік пен тәртіпті қамтамасыз ету;
Қонақ үйде қабылданған өзін-өзі ұстау мәдениетін қадағалау, қажетті жағдайларда көмек көрсету;
Қызметкерлермен жалпы қауіпсіздік пен өртке қарсы шараларға байланысты жоспарлы тренингтер өткізу.
Орналастыру құралдары, солардың ішінде әсіресе қонақ үйлер келесі сипатта болады: кемінде 10 нөмірден тұрады, олар арнайы нормативке сәйкес келеді, бірыңғай басшылықпен басқарылады, әр түрлі қонақ үй қызметтерін көрсетеді, белгілі бір қызметке байланысты категориялар мен класстарға жіктеледі, олар мемлекеттің стандарттарына сәйкестендіріледі.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес қонақ үйлер сертификациядан өту үшін мына шарттар орындалуы тиіс:
oo ғимараттың болуы;
oo территорияның болуы;
oo техникалық құрал-жабдықтардың болуы;
oo нөмірлік қордың болуы;
oo жиһаздың болуы;
oo санитарлық техникалық құралдардың болуы;
oo қоғамдық орындардың болуы;
oo тамақтандыру орындарының болуы;
oo персоналдың болуы;
oo қызмет көрсетудің деңгейінің анықталуы және т.б.
Қонақ үй - уақытша тұруға арналған, әдетте, оқшауланған үйлер (үйлер кешені) болып табылатын заңды тұлға.

1.1 Кәсіпорынның қызмет көрсету саласына сипаттама

Қонақ үй тұтынушыларға қажетті орналастыру, тамақтандыру, салтанатты кештер мен банкеттер, конференциялар мен іскерлік кездесулерді ұйымдастыру секілді қызметтерді ұсынады. Соның ішінде бөлмелерді брондау мен қонақтарды қарсы алып-шығарып салуды ұйымдастыру қызметіне сипаттама берейік.
Номерлерді брондау қызметін бөлім менеджерлері немесе қабылдау қызметі және орналастыру бөлімі айналысады.
Брондау қызметінің міндеттері:
- қабылдау мәлімдемесі және оларды өңдеу;
- қажетті құжаттарды құрастыру: күнделікті кесте құру (апта, ай, квартал, жыл) - номер қорының жылжу картасы. Мәлімдеуді қабылдау ватсап, пошта, хат немесе телеграмм, компьютерлік жүйемен брондау арқылы жүзеге асырылады. Әр мәлімдеме келесі хабарламаны қамту керек:
- келушілердің күні мен уақыты;
- кетудің күні мен уақыты;
- қонақтар саны;
- номер категориясы (люкс, апартамент, эконом-класс, бизнес-класс);
- номер қызметі (ванна, душ, теледидар, мұздатқыш, сейф, мини-бар және т.б.);
- тамақтандыру қызметі (тек теңғы ас, жартылай пансион, толық пансион);
- баға (бағаны көрсеткенде, қонақ неге төлегенін анықтап көрсету керек);
- есептесушісінің аты жөні (немесе фирманық аты);
- төлем түрі (қолма-қол ақшасыз есеп);
- ерекше жағдай (мейрамханада столды алдын-ала брондау, трансферт, номерде жануарды алып келуге мүмкіндік беру және т.б.)
Брондау қызметіндегі қызметкердің мәлімдемені өңдегеннен кейін қонаққа растау немесе қабыл алмау жіберіледі. Мәлімдемені растау - ол арнайы хабарландыру, қонақтың қонақ үйде орналасуына мүмкіндігі. Әдетте, хабарламада растаудың номері, қонақтың келетін және кететін күні, тапсырыс берген номердің категориясы, қонақ саны, кровать саны және арнайы келісілген талаптар көрсетіледі[5].
Орналасу детальдарын растау үшін, және де даулы мәселелерді болдырмау үшін, қонақ келген кезде хабарламаның өзімен бірге болғаны дұрыс.Қонақ үй кәсіпорыны мәлімдемені кепілді растау үшін көп қолданады. Ол дегеніміз, егер клиент кешігіп келетін болса немесе мүлдем келмесе, клиент кепілдеме ретінде брондауға алдын-ала төлем төлейді. Ондай кепілдеме, ең алдымен орналасудың бір күндігін немесе барлық мерзімге алдын ала 50 немесе 100% шамасында ақы төлеу болып табылады. Сонымен қатар, клиент өз карточкасының номерін хабарлау керек. Бірақ, сол қонақ үй орналасқан мемлекет заңында қонақ үймен бекіткен брондау тәртібінен клиенттің тапсырыстан бас тарту туралы қатаң нормалар болу қажет.
Брондау жасаған қонақтардың келмеуінен шеккен зиянын төмендету үшін, қонақ үй келесі шешімді қабылдады:
- Қонақтың келмеуі қосалқы шығын болып есептеліп баға саясаты есепке алады;
- Есептің айып төлеуін қонақ үй көрсетеді (номерге кеткен шығынның бағасы);
- Брондаған кезде алдын ала төлеу немесе кредиттік карта номері туралы хабарламаны талап етеді;
- Қос брондау -ды қонақ үй қолданады, басқаша айтқанда брондалған бар орынды үстінен қайта брондау (5%, 10%, 15%)
Қонақ үйде брондау, есеп-қисап жүргізу, қоймалық түгендеу, тексеру қызметтерін автоматтандыру, яғни менеджерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында қонақ үй бизнесін дамытудың заманауи озық компьютерлік автоматтандырылған бағдарламалары пайдаланылады.

1.2 Еңбек қарым-қатынастары және еңбек ақы төлеу жүйесі

Туризмді интенсивті еңбек қолданылатын және адамдар өзгелерге қызмет көрсететін экономикалық сектор ретінде қарастырсақ, бұл факт оның жұмыс күшін ынталандырушы және ұйымдастыруды дамытушы бірден-бір сала екендігі айқындалады.
Тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасы сол қызметтерді ұсынатын адамдарға тәуелді болып табылады. Сондықтан бұл қызметтерді ұсынатын білікті мамандарды таңдай білу керек. Қызметкерлерді басқару бөлімінің атқаратын жұмысы да осы болып табылады.
Қонақ үй шаруашылығы қызметтерді өндіретін болғандықтан, оның қызметкерлері кәсіпорынға салынған инвестиция секілді қарастырылады. Сол ретте персоналдардың қызмет көрсету сапасы мен біліктілігін жетілдіру басты назарға алынған. Біліктілікті арттыру үздіксіз жыл бойы жүргізіледі. Мысалы, қонақпен қарым-қатынасты үйрету, жедел жағдайларда өзін-өзі ұстай білу, және өз біліктілігін өзге бөлімдерде тәжірибеден өту арқылы жетілдіру. Бұған қосымша арнайы оқу стандарттары бар. Және де басқа елден келген білікті мамандар арнайы лекциялар мен семинарлар ұйымдастырады. Сонымен бірге персоналдар біліктілігін тест тапсыру арқылы дәлелдеп отырады[6].
Кәсіпорынның негізгі ережелері қызметкерлердің сыртқы түр әлпетіне, ғимараттағы тәртіп, стандартқа сай бөлмелер мен қабаттардағы жинақылыққа байланысты құрылған.
Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу жүйесі Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы бойынша реттеледі.ы жүйесіне сәйкес
Әріптестеріне үлгі боларлық белсенді қызметкерлер қонақ үйдің арнайы жүйесіне сәйкес ынталандыру үстемақысын алады. Мұндай қызметкерлер айдың үздік қызметкері атанады. Әр ай сайын бөлім менеджерлері осы атқа лайықты деп есептейтін қызметкерлерінің есімін арнайы формулярға толтырып, оны кадрлар бөліміне береді[7].

2 ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Қонақ үйдің қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржьлық жағдайының жақсылығын көрсетеді. 1-кестеде қонақ үйдің экономикалық көрсеткіштері көрсетілген.
Кесте-1 Азиз қонақүйінің негізгі экономикалық көрсеткіштері
№ рн
КӨРСЕТКІШТЕР
Өлшем бірлігі
ЖЫЛДАР

2020
2021
2022
1
Жалпы қызмет көрсетуден түскен пайда:
Мың тг
231752
294078
297691
2
Оның ішінде

Қонақүйде тұру
Мың тг
127116
183021
196078

Сусындар және азық түлік өнімдері
Мың тг
46583
52045
49794

Басқа да қызметтен
Мың тг
58051
59010
51817

Жалпы қызмет көрсетуге кеткен шығындар:
Мың тг
159814
156283
166814

Оның ішінде

Энергияға кеткен шығындар
Мың тг
21800
15818

Персоналға кеткен шығындар
Мың тг
92419
98548

Қайта жөндеуге кеткен шығындар
Мың тг
9395,3
5437,9

Амортизация және материалдар шығыны
Мың тг
36201,2
36478
3
Пайда
Мың тг
71937,1
137797
4
Таза пайда
Мың тг
60427
115749
5
Рентабельділік деңгейі
%
5,5
22,3
6
Табиғи көрсеткіш
км
45400
43300
7
Жүктелім коэффициенті
%
24,5
23
8
Бос емес номерлер
бірлік
28644
27492
9
Екіншілік жіктелім
%
158,5
160
10
Қонақтар саны
Адам
13958
14531
11
1 қонақтан түсетін пайда
Теңге
16315
1758757
12
Жұмысшылар саны
Адам
306
308
13
1 жұмысшының пайдасы
Мың тг
197,5
375,5

1 - кестеден көріп отырғандай, Азиз қонақ үйіндегі жинақталған бухгалтерлік балансты сараптау кезінде 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында 2020 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда жалпы активтер 71152,96 мың теңгеге немесе 39,67%-ға артқан. Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда айналымнан ыс активтердің 1350440,3 мың немесе 37,18%-ға артқан.
Ал айналымдағы қысқа мерзімді активтер 50802,63 мыңға немесе 18,84%-ға кеміген. І жартыжылдық соңында жыл басымен салыстырғанда пассивтегі жарғылық және резервті капиталдың мөлшері 57,82%-ды құрайды. Ол жыл басымен салыстырғанда 9831,9 мың ға азайған. Бұл өзгеріс бөлінбеген пайданың бір бөлігін өндіріске жұмсағаннан болғанын баланстан байқай аламыз. Қысқа мерзімді міндеттемелердің пассивтегі үлесі жыл басымен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген, ол 17,8%-ды құрап тұр. Бірақ жыл басымен салыстырғанда ол 9,27%-ға, яғни 10394,48 мыңға артқан. Пассивте ұзақ мерзімді активтер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған.
Қорыта келгенде кәсіпорынның есепті жылғы балансының динамикасында өткен жылмен салыстарғанда артулар мен кемулер бар. Кемулер айналымда активтерде және жарғылық, резервтік капиталдардың сомаларында орын алған. Артуларға тоқталатын болсақ, ұзақ мерзімді активтер және қысқа мерзімді активтер, ұзақ мерзімді міндеттемелерде орын алған. Жарғылық, резервтік капитал міндеттемелердің 57,83%-ын құрауы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді[8].
Нарықтық экономикалық жағдайы кезінде кәсіпорын үшін оның техникалық жағы маңызды роль атқарды. Техникалық деңгейді талдау үшін кәсіпорынның керекті техникамен жабдықталуын машиналар, қондырғылар, жаңа технологияны қолдана білу керек. Өндірісте қолданатын қондырғылар жастық құрамы бойынша топталады: 10 жыл, 10 жылдан 20 жылға дейін, 20 жылдан жоғары. Оның қызмет ету дәрежесін бекітеді. Барлық қондырғы көлем ішіндегі прогрессивті қондырғыны меншікті салмағы есептеледі. 15-20 жыл қолданылған қондырғы ескірген болып саналады.
Техникалық деңгейге жаңа өнімнің меншікті салмағы арқылы анықталады. Сонымен қатар негізгі өндірістік қорды жаңарту коэффициенті арқылы анықтайды.
Өндірістің техникалық деңгейін талдау үшін қормен қамтамасыз етілу және энергиямен қамтамасыз етілу сияқты көрсеткіштер анықталады.
Қормен қамтамасыз ету жұмысшылардың негізгі өндірістік қормен қамтамасыз етілу деңгейі арқылы анықталады. Негізгі өндірістік қордың орташа жұмысшылар санына қатынасы арқылы есептеуге болады.

3.1 Кәсіпорынның салық төлеу жүйесі және зейнетақы жарналары

Салықтар - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды Салықты жоспарлау - ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Кешенді салықты жоспарлау кәсіпорындағы қаржыны жоспарлаудың бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорыннның қаржылық жағдай туралы есебі бойынша 2020 ж. 1-қаңтарына салықтар бойынша міндеттемелері жоқ. Кәсіпорынның салық аударымдары 2-суретте көрсетілген.

4 - сурет Ұлы-Құм ЖШС салықтық аударымдары динамикасы

Салықты жоспарлау жалпы алғанда салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықты жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.
Азиз қонақ үйі шетелдік инвесторлардың меншігі болып табылатындықтан, ол өз қызметін Қазақстан аймағында жүргізуші компания ретінде ҚР заңдары негізінде келесідей салықтарды төлеп отырады:
1. Корпоративтік табыс салығы (КТС);
2. Жеке табыс салығы (ЖТС);
3. Қосылған құн салығы (ҚҚС);
4. Заңды тұлғалардан алынатын жер салығы;
5. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы;
6. Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;
7. Зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар.
Аталғандардың ішінен зйнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерге тоқталып кетсем:
Зейнетақы жарналары жергілікті қызметкерлердің табыстарынан 10% мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары ай сайын ұсталуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні
Rixos Prezident Astanа қонақ үйі. Ұйымдық құрылымы
Библиографияның құрастырылу ережесі мен рәсімделуі жайлы
Ойын - сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру
Кітапханадағы анықтамалық библиографиялық қызмет
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру
Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
Персоналды басқарудың мәні
«Каспиймұнайқұрылыс» АҚ – ның қысқаша тарихы
Құқықтық мәртебеге ресми атауы
Пәндер