Аудандық Полиция басқармасының мақсаты мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП
Тәжірибе өту орны: Әл-Фараби ауданының полиция бөлімі

Орындаған _________________________ _________________

Университеттен тәжірибе
жетекшісі ___________________________________ ________________


Шымкент 2023

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1
Әл-Фараби аудандық ПБ ішкі ережелерімен танысу ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.1
Аудандық Полиция басқармасының мақсаты мен міндеттері ... ... ... ..
4
1.2
Аудандық Полиция басқармасының жұмысын регламенттейтін ереже ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5
2
ҚР Ішкi iстер органдары туралы заңына жалпы сипаттама ... ... ... ... .
14
2.1
Ішкi iстер органдары органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14
3
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот талқылауы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

15
3.1
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша талаптары мен тәртібі
15
3
Жаза ұғымы және мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21

КІРІСПЕ

Өндірістік тәжірибе дегеніміз университетте оқу үдерісінде алынған теориялық білімді бекітуге, тәжірибелік дағдыны және кұзыреттерді алуға, сонымен қатар алдыңғы тәжірибені меңгеруге бағытталған.
Мен Сейдрахман Әділет өз тәжірибемді Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасында атқардым. Өндірістік практиканың бастауы, оқу тәжірибесінен кейін қатар өткен себептен, таныстыру жұмыстары(қауіпсіздік техникасы, регламент, киім үлгісі, жұмыс істеу тәртібі, міндеттері) өтпей, бірден тәжірибе жұмысы басталып кетті.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты-оқу барысында алынған мамандық пәндердің теориялық білімдерін практикалық қызметте бекіту.
Жалпы, өндірістік тәжірибе дегеніміз бұл бейіндік теорияны ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмір шындығын жақсы білетін білікті жұмыскерлерді даярлау үшін қажет оқу процесінің міндетті компоненті болып табылады. Практиканттарға(яғни, бізге) нұсқаушылардың бақылауымен кәсіпорын жұмысын іштен зерттеуге, құжаттарды зерделеуге және талдауға, материалдар жинақтауға мүмкіндік беріледі.
Негізінен, тәжірибе барысында бірнеше нормативтік құқықтық актілерді оқып, олармен танысу жұмыстарын атқардым. Олар:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.
6. Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы.
7. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы.
Осы заңдармен танысу арқылы өзімнің ойлау қабілетімді жаңа деңгейге жеткізіп, көптеген ұғымдармен танысып, қолдану процесінде көптеген жетістіктерге жете білдім. Осы арқылы болашақта осы салада жұмыс істеген жағдайда осы алған білімдерін көп көмегін тигізетініне нық сеніммен айта аламын.

1 ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ПБ ІШКІ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСУ

1.1 Аудандық Полиция басқармасының мақсаты мен міндеттері

Шымкент қаласының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады.
Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесіне кіретін және Шымкент қаласының Полиция департаментіне тікелей бағынатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды, ішкі істер органдары бағынысты бөліністерінің қызметін үйлестіруді және ведомстволық бақылауды жүзеге асырады, карантиндік-санитарлық эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады, Полиция департаменті мен мүдделі мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрестің, қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіпті сақтаудың жағдайы туралы ақпараттандырады.
Аудандық полиция қызметі - ішкі істер органдарының басты бағыттарының бірі. [1]
Міндеттері:
1. құқық бұзушылықтар профилактикасы;
2. қоғамдық тәртіпті сақтау;
3. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4. әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
5. қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.
Функциялары:
1. құқық бұзушылықты жасауға алып келетін себептер мен шарттарды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
2. ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады;
3. учаскелік полиция инспекторларының құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту және жолын кесу жөніндегі жұмысын бақылайды және ұйымдастырады;
4. аудан бөліністерінің кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
5. аудан бөліністерінің азаматтық қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтайтын жерлерін тексеру жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
6. азаматтарды және еріктілерді ерікті түрде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдармен, еріктілермен және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі жұмысты талдайды;
7. жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтардың қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасады, қоғамдық тәртіпті сақтауда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте ерекшеленген азаматтарды және еріктілерді көтермелейді;
8. маскүнемдікке, алкоголизмге, нашақорлыққа және уытқұмарлыққа қарсы күрес бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асыру бойынша денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;
9. оған бағынысты төмен тұрған ЖПҚ басшыларының және учаскелік полиция инспекторларының халық, әкім, мәслихат алдындағы жиынын, есеп беруін өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысының нәтижелерін зерделейді және талдайды;
10. ЖПҚ басшысының жергілікті атқарушы, құзыретті органдар және халық алдындағы ЖПҚ қызметінің нәтижесі туралы есебін өткізу үшін материалдар дайындайды;
11. азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштерін және ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олар бойынша өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдайды.

1.2 Аудандық Полиция басқармасының жұмысын регламенттейтін ереже

1. Жалпы ережелер [1]
1. Әкімшілік полиция бөлінісі (бұдан әрі - бөлініс) қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының, полиция бөлімінің, ІІМ Өкілдігінің (бұдан әрі - қалалық, аудандық, желілік орган) құрылымдық бөлінісі болып табылады.
2. Бөлініс өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөліністің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бекітеді.
2. Бөліністің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: қызметтердің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ бөлініс қызметін ақпараттық-аналитикалық және үйлестірушілік қамтамасыз ету, әкімшілік полиция қызметтерінің жұмысын, сондай-ақ басшылықтың бұйрықтары мен нұсқауларын нақты, толық және уақтылы орындауды бақылау, бөліністе құпиялылық режимін қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) бөлініс қызметіне қатысты мәселелерде әкімшілік полиция қызметтерінің жұмысын үйлестіреді, құрылымдық бөліністер ұсынатын жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, профилактикалық жұмыстың жай-күйі, қалыптасқан жағдайда заңдылықты сақтау, сондай-ақ өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты жинақтайды және талдайды;
2) талдау негізінде бөліністің басшылығына анықтамалар, ақпараттар, жазбалар және басқа да жинақталған ақпараттық-аналитикалық материалдар, есеп беру кезеңінде жедел жағдайға баға беру, ведомстволық статистикалық есептілік мәліметтер, өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар туралы анықтамалар және өзге де ақпараттар, ІІД-нің әртүрлі бағдарламалары мен жоспарларына ұсыныстар дайындайды;
3) бөліністің ұсыныстарын ескере отырып, негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралардың жұмыс жоспарларын, басшылықтың нұсқауларын іске асыру бойынша бөліністің өзге де бағдарламалық құжаттарын әзірлейді;
4) бөліністе ақпараттық-аналитикалық жұмысты жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
5) белгіленген тәртіппен әкімшілік полиция қызметтерінің өзекті мәселелері бойынша жедел кеңестер, семинарлар, оқу жиындары, ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді ұйымдастырады, құрылымдық бөліністерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, басшылық жанындағы жедел кеңестерде қарау үшін жалпыланған материалдар дайындайды;
6) бөліністің басқарушылық қызметінің жай-күйін, оның тиісті бағыттар бойынша жұмысының түпкілікті нәтижесіне ықпал ету деңгейін талдайды;
7) бөліністің жұмысын, сондай-ақ олардың басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қызметтің жұмыс мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіреді;
8) бөліністің ІІМ және ІІД басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындауға бақылауды жүзеге асырады;
9) қызмет желісі бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, өз құзыреті шегінде оларды іске асыру және орындауды бақылау бойынша шараларды жүзеге асырады;
10) жедел-профилактикалық іс-шаралар мен арнайы операцияларды өткізуде ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету мен бақылауды жүзеге асырады;
11) заңдылықтың сақталуына бақылауды жүзеге асырады, өз бетінше немесе әкімішілік полицияның құрылымдық бөліністерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, төтенше оқиғаларды, әкімшілік полиция блогы бөліністері жеке құрамының заң бұзушылық фактілеріне қызметтік тексеріс жүргізеді, оларға ықпал ететін себептерді талдайды, осындай жағдайларды болдырмау бойынша шаралар әзірлейді;
12) қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6. Міндеті: құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, әйелдерге қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде анықтау және әкімшілік өндірісті жүзеге асыру.
Функциялары:
1) ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылауды жүзеге асырады;
2) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністердің қызметін, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту және жолын кесу бойынша олардың жұмысын ұйымдастырады:
3) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша профилактикалық қызметті жүзеге асырады;
4) учаскелік полиция инспекторларының құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алуда бақылауды жүзеге асырады және жұмысын ұйымдастырады;
5) әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) құзыреті шегінде анықтау және әкімшілік өндірісті жүзеге асырады;
7) азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштерін және ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олар бойынша өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдайды;
8) халықты құқықтық тәрбиелеу, құқықтық тәртіптің жай-күйі және ішкі істер органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірді зерделеу бойынша шараларды іске асырады;
9) құқық бұзушылық профилактикасы, ескерту, жолын кесу, қылмыстарды анықтау және ашу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуға келісім білдірген азаматтармен ынтымақтастық орнатады, құқық қорғау бағытында қоғамдық құрылымдардың жұмысына көмек көрсетеді, қоғамдық тәртіпті сақтауда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте ерекшеленген азаматтарды көтермелейді;
10) маскүнемдікке, алкоголизмге, нашақорлыққа және уытқұмарлыққа қарсы күрес бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асыру бойынша денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;
11) халыққа өңірдегі қылмыстың алдын алудың, қарсы күрестің жай-күйі туралы хабарлайды;
12) учаскелік полиция инспекторларының халық және еңбек ұжымдары алдындағы жиынын, есеп беруін өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысының нәтижелерін зерделейді және талдайды;
13) құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасасу бойынша жұмысты ұйымдастырады және талдайды;
7. Міндеті: қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асыру.
Функциялары:
1) жол патрульдік және патрульдік полицияның саптық бөліністерінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметін ұйымдастырады;
2) қылмыс және оқиға орнынан жасырынған жүргізушілер мен көлік құралдарын анықтауға және ұстауға бағытталған іздестіру қызметін жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
3) қоғамдық тәртіпті топтасып бұзудың, елді мекендердегі жаппай тәртіпсіздіктің алдын алуды және жолын кесуді жүзеге асырады;
4) қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингті, болжауды және басқа да мемлекеттік органдармен жаппай құқыққа қарсы көріністердің себебі болуы мүмкін әлеуметтік және өзге де факторлар туралы ақпарат алмасу арқылы өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
5) қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық, мәдени-көпшілік және өзге де іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
6) әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
7) құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асырады.
8. Міндеті: жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып мемлекеттік тіркеу, көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығына куәліктер беру арқылы механикалық көлік құралдарының жекелеген түрлеріне жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету.
Функциялары:
1) жүргізушілерді даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың қызметін, оның ішінде олардың қойылған біліктілік талаптарына сәйкес келуін бақылауды ұйымдастырады;
2) тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есепке алу арқылы көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісіне қатысуына рұқсат беруді жүзеге асырады;
3) көлік құралдарын басқару құқығына куәліктер беру, көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу арқылы адамдардың Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісіне қатысуына рұқсат беруді жүзеге асырады;
4) тіркеу-емтихан бөліністерінің қызметін, тәртіп пен заңдылықтың, қызметкерлердің кәсіби даярлығы деңгейінің жай-күйін талдайды;
5) тіркеу-емтихан бөліністерінің жұмыс қорытындысы бойынша материалдар және бар проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар, қызмет жұмысы мәселелері бойынша ақпараттық және статистикалық құжаттардың жобаларын дайындайды;
6) айдап әкетілген және ұрланған көлік құралдарын анықтау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
7) азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың жазбаша арыздарын, өтініштерін және ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде олар бойынша шешімдер қабылдайды;
8) жол жүрісі қауіпсіздігін, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік органдардың және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзге де ұйымдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
9) жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар жүргізеді және халықты жол жүрісі қауіпсіздігінің ережесіне және талаптарына оқытуға қатысады;
10) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалауды және бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады және орындау үшін міндетті ұйғарымдар береді;
11) көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін заңнамада белгіленген міндетті сақтандыру келісімшартын жасау бойынша міндеттерді көлік құралдары иелерінің және жолаушыларды тасымалдаушылардың орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бағдарламаларды іске асырады;
13) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электр көлігінің желілерін, сондай-ақ жаңа автомотокөлік техникасының үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
14) жол-көлік оқиғаларының туындау себептері мен жағдайларын талдайды, олардың алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар әзірлейді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
9. Міндеті: әкімшілік заңнаманың нормаларын қолдану бойынша әкімшілік полиция бөліністерінің қызметін үйлестіру.
Функциялары:
1) әкімшілік заңнаманың нормаларын дұрыс және біркелкі қолдану бойынша бөліністің қызметін ұйымдастырады;
2) жұмыстың оң тәжірибесін жинақтайды және таратады;
3) әкімшілік заңнаманың нормаларын қолдану бойынша бөлініс қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерді жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асырады;
4) әкімшілік полиция бөліністерінің лауазымды адамдарының әкімшілік заңнаманың нормаларын қолдану кезінде заңдылықты сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
10. Міндеті: азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына тексеру нысанында және өзге де нысанда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды, жарылғыш материалдарды ұстау ережесінің сақтауына бақылауды қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде лицензиялық және рұқсат беру қызметін жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға лицензия мен рұқсат беруді жүзеге асырады;
4) құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
5) ІІМ-нің Тіркелген қару және Криминалдық қару АДБ есебін уақтылы және сапалы қалыптастыруды, түзетуді және енгізуді жүзеге асырады;
6) экстремизмге және терроризмге қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының есепке алуын ІІМ-нің Тіркелген қару АДБ есебімен тоқсан сайын салыстыра тексеруді, сондай-ақ қару иелерін медициналық есеп бойынша тексеруді жүзеге асырады;
7) жоғары тұрған бөліністерге азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар, жарылғыш заттар мен материалдардың айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
11. Міндеті: өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізуге, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде қатысу, табиғатты қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресте көмек көрсету.
Функциялары:
1) экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға эпизоотия туындаған және жою кезінде карантиндік іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуге көмек көрсетеді;
3) ішкі істер органдарының қоршаған ортаны қорғау, сақтау, табиғат ресурстарының өндірісіне және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен, табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады.
12. Міндеті: Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасының орындалуын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1) әкімшілік заңнаманы қолдану саласында жұмысты ұйымдастырады;
2) ІІО әкімшілік практиканы есепке алу және талдау жүйесін ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
3) мүдделі мемлекеттік органдармен әкімшілік заңнаманы орындау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуын жүзеге асырады.
13. Бөліністің құқықтары мен міндеттемелері:
1) әкімшілік полиция бөліністеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету, жұмыстың оң тәжірибесін жинақтауға және таратуға, олардың қызметін үйлестіруді және ведомстволық бақылауды жүзеге асыру;
2) өз құзыреті шегінде қоғамдық тәртіпті, жол жүрісі қауіпсіздігін сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Оларды жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу;
3) әкімшілік заңнаманың орындалуын, оның ішінде ішкі істер органдары бөліністерінің соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, іздестіру, тергеу және заңда көзделген өзге де процессуалдық іс-әрекеттер өндірісі кезінде прокурордың, тергеуші мен анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындауы бойынша үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
5) қарулы қылмыскерлерді, банда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есіл аудандық полиция басқармасында кәсіби практиканы өту туралы ЕСЕП
Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
«НҰР ОТАН» ХДП ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ КӨШБАСШЫСЫ
Ішкі істердің аумақтық органдары
Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі
Мемлекет басқару жүйесі реформасының бесінші кезеңі
Алматы қаласы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызмет басқармасы жалпы сипаттамасы
Ішкі істер органдарының міндеттері
Алдын ала тергеу органдары
Пәндер