Жауап алуды жүргізудің қағидалары



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП
Тәжірибе өту орны: Әл-Фараби ауданының полиция бөлімі

Орындаған _________________________ _________________

Университеттен тәжірибе
жетекшісі ___________________________________ ________________


Шымкент 2023

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1
Түркістан аудандық ПБ ішкі еңбек тәртібімен танысу ... ... ... ... ... ...
4
2
ҚР Ішкi iстер органдары туралы заңына жалпы сипаттама ... ... ... ... .
6
2.1
Ішкi iстер органдары қызметінің құқықтық негізі, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6
2.2
Жауап алуды жүргізудің қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
7
3
Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22

КІРІСПЕ

Өндірістік практиканың мақсаты болып, студенттердің алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, практикалық әрекеттің шығармашылық, тиянақты тәжірибесін игеру, қоғамдық өмірдің құбылыстарын, жағдайларын, оқиғаларын талдап, олардың араларындағы салдар тәуелділіктері мен байланыстарын анықтау табылады.
Мен Сылқымбекұлы Еркебұлан өз тәжірибемді Түркістан қалалық полиция басқармасында атқардым. Өндірістік практиканың бастауы, оқу тәжірибесінен кейін қатар өткен себептен, таныстыру жұмыстары(қауіпсіздік техникасы, регламент, киім үлгісі, жұмыс істеу тәртібі, міндеттері) өтпей, бірден тәжірибе жұмысы басталып кетті.
Практика міндеттері:
1.Қауіпсіздік техникасымен, ұйыммен және басшылықпен танысу;
2.Құжаттармен және лауазымдық міндеттермен танысу;
3. Түркістан қалалық полиция басқармасында басқармасы қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базамен танысу;
4.Заң құжаттарын есепке алуды жүзеге асыру;
5.Хат-хабармен жұмыс;
6.Әр түрлі компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
7.Құжаттар тізбесімен танысу. Кеңес беру;
8.Жалпы және арнайы құқықтық тәртіп бойынша алған білімдерін бекіту;
9.Атқарылған жұмыстың нәтижесін талдау, оларды есепте жинақтау.
10.Тәжірибе өту туралы қорытынды жасау.
Мен өндірістік практика өту кезінде полиция бөлімінің қызметімен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім, мекеменің ішкі іс-қағаздарын жүргізу процессімен таныстым, соған қатысты нұсқаулықтармен, ережелермен жұмыс жасадым. Ұйымның ішкі тәртібімен, құрылымын ұйымдастыру тәртібімен және өкілеттігін анықтау органдарының, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерін реттейтін ережелермен және олардың қызметтерімен таныстым.

1 ТҮРКІСТАН АУДАНДЫҚ ПБ ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІМЕН ТАНЫСУ

Түркістан облысының Полиция департаменті облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлінісі болып табылады.
Түркістан қаласының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесіне кіретін және Түркістан облысының Полиция департаментіне тікелей бағынатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды, ішкі істер органдары бағынысты бөліністерінің қызметін үйлестіруді және ведомстволық бақылауды жүзеге асырады, карантиндік-санитарлық эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады, Полиция департаменті мен мүдделі мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрестің, қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіпті сақтаудың жағдайы туралы ақпараттандырады.
Полиция бөлімінің бастығы немесе оның міндеттерін атқаратын қызметкер ауысқан кезде ПО бастығы не оның алмастыратын адам бұйрықпен белгіленген нысандағы актіні құрастыра отырып, қызметтік құжаттама мен мүлікті қабылдау-тапсыруға қатысу үшін құрамында кемінде 3 адам болатын комиссияны тағайындайды.
Жедел кезекші немесе оны алмастыратын адам кезекші ауысымның жетекшісі болып табылады және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.
Ішкі істер органы бойынша тәуліктік нарядқа кезекші ауысымнан басқа кезекші жедел тергеу тобы (бұдан әрі - КЖТТ) қосылады. ПО бастығының немесе оны алмастыратын адамның шешімі бойынша тәуліктік наряд қосымша күштермен және құралдармен күшейтілуі мүмкін.
Қ(А)(Ж)ІІО-да ЖБО-ның шығарылған жұмыс орны болған кезде кезекші ауысымның құрамына бейнебақылаудың инспектор-кезекшісі, күштер мен құралдарды басқару тобының инспекторы қосымша тағайындалады.
Кезекшілікке түсетін ауысым кезекшілікке ол басталғанға дейін 1 сағат (сағат 08-00-де) бұрын келеді. Кезекшілік уақытында қызметкерлерге тамақтану және қысқа мерзімді демалыс үшін әрқайсысына жалпы ұзақтығы: үш ауысымдық кезекшілікте - 6 сағат, төрт ауысымдық кезекшілікте - 4 сағат кезек-кезек үзіліс беріледі.
Кезекшілік аяқталғаннан кейін ЖБО және ПО кезекші бөлімінің штаттық қызметкерлеріне тиісінше 48 немесе 72 сағат, тәуліктік кезекшілікке жұмылдырылған басқа қызметкерлерге - 24 сағат демалыс беріледі. Тамақтануға және демалуға арналған үзіліс уақытын ЖБО бастықтары жеке кесте бойынша белгілейді.
Ауысу уақытында кезекшілікті тапсыратын ЖБО-ның, ПО кезекші бөлімінің жедел кезекшісі немесе оны ауыстыратын адам кезекшілікке түсетін ауысымды қызмет көрсететін аумақтағы жедел жағдаймен, ауыр қылмыстарды ашу және ІІО басшылығының бақылауында тұрған төтенше оқиғалардың салдарын жою бойынша өткізілген іс-шаралар, арнайы жедел жоспарлардың енгізілгені және ол бойынша іс-әрекет нәтижелері, тұрақты бақылауды орнатуды қажет ететін алдағы уақыттағы іс-шаралар туралы таныстырады.
Полиция бөлімінің кезекшілікке түсетін кезекші ауысымы бөлінген функциялық міндеттерге сәйкес ауыстыратын қызметкерлерден:
1) тізімдеме бойынша қызметтік құжаттаманы, оның ішінде құпия құжаттаманы, хабарландыру сигналдары бар пакеттерді және өзге де нормативтік актілерді;
2) тізімдемеге сәйкес қаруды, оқ-дәрілерді, арнаулы құралдарды, ұйымдық техниканы, байланыс, қорғау құралдарын және басқа да мүлікті қабылдайды, бұл туралы қабылдаған қызметкер Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес Кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы баянаттар кітабында (бұдан әрі -баянаттар кітабы) жазба жасайды.
Бұл ретте қару мен техникалық құралдардың ақаусыз болуы мен жасақталуы бойынша олардың данасы және нөмірлері бойынша тексеріледі. Құпия құжаттарды қару сақталатын бөлмеде немесе жабдықталмаған басқа да бөлмеде сақтауға жол берілмейді.[1]
Полиция жұмысы лауазымдық нұсқаулықты ескере отырып, мынадай өлшемдер:
1) заңдылық пен құпиялылық режимін сақтау;
2) жедел жағдайды, өзінің құқықтары мен міндеттерін, ішкі істер органдары ЖБО, кезекші бөлімдерінің қызметін регламенттейтін нормативтік актілерді білу;
3) полиция кешенді күштері (бұдан әрі - ПКК) және КЖЖТ-ны жедел және сауатты басқару, қылмыстарды "ізін суытпай" aшу, жедел жағдай күрделенген және дағдарыстық жағдайлар кезінде кезінде оларды үйлестіру;
4) іздестіру және анықтамалық ақпаратты қабылдау, өңдеу және беру сапасы (өңделген сұрау салулар саны);
5) қылмыстар мен оқиғалар туралы келіп түскен хабарламалар мен өтініштерге уақтылы ден қою, азаматтардың қайта өтініш білдіруінің болмауы;
6) келіп түсетін жедел ақпаратты өңдеу сапасы мен уақтылығы, оларды жоғары тұрған инстанцияларға уақтылы беру;
7) техникалық құралдарды кәсіби тұрғыдан ұстай білу және ЖБО-ға, кезекші бөлімге жүктелген міндеттерді шешуде оларды тиімді пайдалану;
8) қылмыстарды ашуда және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауда сыртқы бейнебақылау камераларын қолдану тиімділігі;
9) өтініштер мен хабарламаларды қабылдау кезінде дөрекілік таныту туралы азаматтар шағымдарының болмауы;
10) азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын өңдеу сапасы мен жеделдігі.
2 ҚР ІШКI IСТЕР ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

0.1 Ішкi iстер органдары қызметінің құқықтық негізі, мақсаты мен міндеттері

Қазақстан Республикасының Ішкi iстер органдары туралы заңы 29.12.2012 жылғы № 1747 Үкіметтің қаулысымен қабылданған.
Қазақстан РеспубликасыныңІшкi iстер органдары туралызаңы 9-тараудан, сондай-ақ 32 баптан тұрады.[2]
1-тарау: Жалпы ережелер;
2-тарау: Ішкі істер органдары қызметінің принциптері,өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық
3-тарау: Ішкі істер органдарының жүйесі;
4-тарау: Үкіметтің және ішкі істер органдарының құзыреті,ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері;
5-тарау: Қызметкерлердің құқықтық жағдайы және ішкі істер органдарында қызмет өткеруі;
6-тарау: Ішкі істер органдары қызметкерлері,олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері;
7-тарау: Ішкі істер органдарын қаржымен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
8-тарау: Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жауапкершілігі;
9-тарау: Қорытынды ережелер.
Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Ішкі істер органдары туралы заң, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар құрайды.
Ішкі істер органдарының негізгі мақсаттары болып- Қазақстан халқына қызмет етуге және жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, қоғамның, мемлекеттің, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.
Міндеттері болып:
1) адам мен азаматты, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
3) қылмысқа қарсы күрес;
4) қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті, оның iшiнде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде қамтамасыз ету;
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
6) құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу, халықтың көші-қоны саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
7) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттар мен прекурсорларының айналымы саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бақылауды іске асыру, олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жасау;
8) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
9) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
10) қылмыстық жазаларды, әкiмшiлiк жазалауларды орындау және сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру;
11) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, оған жақын орналасқан аумақта және арнайы мекемелерде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және ұстау режимін қамтамасыз ету;
12) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, аса маңызды және ерекше режимдегі объектілерде, Қазақстан Республикасының аумағында режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асыру;
13) жәбірленушілерді, куәгерлерді және қылмыстық сот өндірісінің өзге де қатысушыларын мемлекеттік қорғау;
14) криминалистикалық зерттеулерді жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2.2 Жауап алуды жүргізудің қағидалары

Бүгінгі күні қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің 80% жуығы куәлардың, жәбірленушілердің берген жауаптарына негізделіп отыр. Сондықтан да жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің маңыздылығына мұқият назар аудару қажет: жауап алушы тұлға (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот, т.б.) жауап алудағы өзінің ерекше орнын сезініп жоғары деңгейдегі кәсіби және адамгершілік қасиеттерін таныта білуі тиіс.
Жауап алу тарихы ертеден бастау алған. Әрине, ол замандарда жауап алдың тәртібі заңмен реттелмеген, бірақ адамзат тарихының дамуы барысында барлық қоғамдық қатынастар, соның ішінде жауап алу да заңдық реттеуін тапты. [3]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жауап алудың процесуалдық негіздері, түсінігі, мақсаттары мен түрлері айқын көрсетілген.
Жауап алу - дәлелдеме жинаудың ең көп тараған тәсілі. Сонымен қатар, жауап ал күрделі тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады: оны жүргіз тергеушіден жалпы және кәсіби мәдениеттілікті, адамдардың психологияларын терең білуді, жауап алудың тактикалық тәсілдерін жоғары деңгейде меңгеруін талап етеді.
Жауап алу арқылы жасалынған қылмыстың мән жайлары жөнінде қажетті деректерді мәліметтер алынып, олар қылмысты ашу мақсатында пайдаланылады. Іс жүргізу мақсатына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың сан-алуан айла-тәсілдері бар, бірақ жауап алу қатаң түрде заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиіс. Қылмыстық іс бойынша мүмкіндігінше неғұрлым әрі барынша көп, әрі маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда барынша тиімді, ыңғайлы тактикалық тәсілдер қолданылып жүргізіледі. Дегенмен ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келемуі керек.
Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынадай мәліметтер анықталады: қылмыстың болған уақыты, оның орны, жасалу тәсілі, қылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, қылмыстың түсірген зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері, сонымен қатар қылмыс оқиғасының басқа да мән-жайлары. Бұлар заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелденуге тиісті мән-жайлар қылмыс оқиғасына тікелей қатысы бар деректер. Сондай-ақ жауап алу арқылы тікелей қылмыс оқиғасына қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың бұл түрінің, қылмыс оқиғасына тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Тергеуші жауап алу кезінде жалған жауап беретін қылмыскерлермен қатар шын ниетімен қателесіп жауап беретін азаматтармен де қатынасқа түседі. Міне, жауап алуды күрделі тергеу әрекеті деп айтуымызға бірден-бір негіздің бірі осы болса керек. Тергеуші ондай қателесулерді немесе жалған жауаптарды дер кезінде аңғарып, тергеудің жалған жолға түсіп кетуіне бермеуі тиіс.
Жауап алудың мақсаты тергеушінің жауап берушіден толық және шындыққа сай келетін мәліметтер алуда. Ондай мәліметтер дәлелдемелердің қайнар көздері болса, онда олардың мазмұнындағы нақты мәліметтер - дәлелдемелер болып есептеледі. Сезікті мен айыпкер үшін көрсетулер оларға қатысты туып отырған күдікке немесе тағылған айыпқа қарсы қорғану құралы да болып табылады.
Жауап алу уақыты бірқатар жауап берушілер үшін алдын-ала заңмен анықталып қойылуы да мүмкін. Мысалы, ұсталған сезіктіден немесе тұтқындалғаннан, ұсталған не тұтқындалған сәттен бастап 24 сағаттан асырмай, ал айыпталушыдан айып тағылған сәттен кешіктірмей жауап алу керек. Әдетте куәлардан, жәбірленушілерден, сезіктілерден, айыпталушылардан тергеуші өзінің жұмыс орнында жауап алады. Бірақ, жауап алуды жауап берушінің орын жайында жүргізуге де болады, бұған заңмен тыйым салынбаған. Мысалы, куә ретінде жауап беруші үйінде ауырып жатса, жәбірленуші ауруханада болса, сезікті не айырталушы қамауда ұсталынып жатса, онда жауап берушінің орын жайына барып жауап алуға тура келеді.
Жауап алудың орны мен уақыты ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 212-бабымен реттелген.
Жауап алу алдын-ала тергеу өтетін жерде жүргізіледі.
Тергеуші қажет деп тапқан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргізуге құқылы.
Жауап алу кейінге қалдырылуға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі.
Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс. Жауап алуды демалу мен ас ішуге арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі, мұның өзінде жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс. Медициналық дәлелдер болған жағдайда жауап алудың ұзақтығы дәрігердің жазбаша қорытындысының негізінде белгіленеді (ҚР ҚІЖК-нің 212-бабы).
Ал, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 211-бабы жауап алуға шақырудың тәртібін реттеген: куә, жәбірленуші, сондай-ақ бостандықта жүрген счезікті, айыпталушы жауап алуға олардан қолхат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы шақырылады, ал олар болмаған жағдайда кәмелетке толған отбасы мүшелерінің, көршілердің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірі арқылы тапсырылады. Жауап алынатын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы мүмкін.
Хабарлау қағазына кімнің және кім ретінде, кімге және қандай мекен-жай бойынша шақырылатыны, жауап алуға келетін уақыт (күні, сағаты), сондай-ақ дәлелсіз себептермен келмейдің салдары көрсетіледі.
Кәмелетке толмаған адам оның ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері арқылы шақыртылады.
Күзетпен ұстаудағы сезікті және айыпталушы жауап алуға ол күзетте ұсталып отырған орынның әкімшілігі арқылы шақыртылады (ҚР ҚІЖК-нің 211-бабы). [2]
Жауап алудың барысы мен нәтижелерін бекітудің бірден-бір құралы - жауап алу хаттамасы. Хаттама өзінің арзандығына және қолдану мен сақталу мүмкіндігіне байланысты ең тиімді құрал болып отыр. Осыған орай, ҚР Қылымыстық іс жүргізу кодексі жауап алу хаттамасын толтырудың заңды ережелерін ойластырған.
Жауап алушы тергеу әрекеті барысында сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тігіліп, хаттамада ол туралы белгі қойылады. Еркін баяндаудан кейін жауап беруші жауаптарын өз қолымен жазуға құқылы. Жауап беруші өз қолымен жазып, оған қол қойғаннан кейін тергеуші толықтыратын және нақыталйтын сұрақтар қоя алады.
Жауап алу аяқталғаннан кейін хаттаманы оқып шығу үшін жауап берушіге ұсынылады не оның өтініші бойынша дауыстап оқылады. Жауап берушінің хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгізу туралы талабы міндетті орындалуға тиіс.
Жауаптармен таныстыру фактісі және олардың дұрыс жазылғанын жауап беруші хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы куәландырады.
Жауап беруші сонымен қатар хаттаманың әрбір бетіне қол қояды. Жауап беруші хаттамаға қол қоюдың бас тартқан жағдайда тергеуші бас тарту себептерін анықтайды, оларды хаттамаға енгізеді және хаттамаға қол қойып куәландырады.
Егер жауап беруші тән кемістігіне немесе өзге себептерге байланысты хаттамаға өзі қол қоя алмайтын болса, оның өтініші бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап беруші сенетін өкіл немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгі жасалады.
Егер жауап алуға аудармашы қатысса, онда ол хаттаманың әрбір бетіне және тұтас жауаптарының аудармасына да қол қояды.
Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адам көрсетіледі. Олардың әрқайсысы хаттамаға қол қоюға тиіс (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 218-бабы).
Бекіту құралдарының қатарына дыбыс және бейне жазу құралдары да жатады. Ғылыми-техникалық құралдар дамыған сайын тергеу тәжірибесінде тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін дыбыс және бейне жазу құралдарымен бекіту көптеп жүргізілуде. Осындай құралдар тергеу әрекетінің барысын шынайы және толық бекітуге мүмкіндік береді. Осы ретте ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі жауап алу барысында дыбыс және бейнежазбаларды жүргізудің тәртіптерін заңдастырған.
Тергеушінің шешімі бойынша, сондай-ақ айыпталушының, сезіктінің, куәнің немесе жәбірленушінің өтініші бойынша жауап алу кзінде дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкін.
Тергеуші дыбыс және бейнежазба туралы шешім қабылдайды және бұл туралы жауап берушіге жауап алу басталғанға дейін хабарлайды.
Дыбыс және бейнежазба жауап алудың барысын толығымен бейнелеуге және жауап берушілердің жауаптарын толық қамтуға тиіс. Жауап алудың бір бөлігін дыбыс және бейнежазба түсіруге, сондай-ақ сол жауап алудың барысында берілген жауаптарды жазып алу үшін арнайы қайталауға жол берілмейді.
Жауап алу аяқталғаннан кейін дыбыс және бейнежазба толығымен жауап алынып отырған адамға тыңдатылып, көрсетіледі. Жауап берушінің дыбыс және бейнежазба толықтыру ретіндегі жауаптарды да дыбысжазу мен бейнежазуға енгізіледі. Дыбыс және бейнежазба жауап алынатын адамның бұл жазбалардың дұрыстығын куәландыратын мәлімдемесімен аяқталады.
Дыбыс және бейнежазба қолданылған жауап алу барысында алынған жауаптар жауап алу хаттамасына енгізіледі. Жауап алу хаттамасы, сондай-ақ дыбыс және бейнежазба қолданылғаны және ол туралы жауап берушіге хабарланғаны туралы белгілерді; техникалық құралдар, дыбыс және бейнежазба шарттары мен оны тоқтата тұру фактілері тоқтатудың себептері мен ұзақтығы туралы мәліметтерді; дыбысжазбасының жауап берушіге тыңдатылғаны туралы белгілерді; жауап берушінің және тергеушінің хаттама мен дыбыс және бейнежазбаның қолданылуы жөніндегі мәлімдемелерін қамтиды. Дыбысжазба мен бейнежазба іспен бірге сақталады және алдын-ала тергеу аяқталғаннан кейін олар мөрмен бекітіледі.
Фотокестелер, кино және бейнефильмдермен бөлек жауапты оқиға жерінде тексеру хаттамасына жоспар (схема) тіркелінуі мүмкін. Жалпыда тергеу әрекетіне қатысушылардың жүрі жолы белгіленеді, жекелеген жоспарда жеке объектілердің орналасқан орны, қатысушылар мен суретке түсіруді жүзеге асырған нүктелердің орналасуы жалпы жоспарға қарағанда кең көлемде белгіленеді. Егер қылмыстық іс бойынша бірнеше жауапты оқиға жерінде тексеру жүргізілсе, онда әрқайсысы бойынша бөлек жоспар құрылады. Осыдан кейін олар оқиға жерін қарау кезінде орындалған жоспармен салыстырылады. Куә мен айыпталушының жауап алған кезде, оларға жоспарды немесе жауапты тексеру кезінде көрсететін орындардың қалай орналасқаны жөнінде сызбаларды сызуы өз қолымен толтыруын ұсынады. Кейін осы жоспарды жауапты тексеру кезінде орындалған жоспармен салыстырып, алынған мәліметтердің растығын тексеруге болады.
Жауапты оқиға жерінде тексеру мен нақтылаудың мақсаты тек қана бар дәлелдемелерді тексеру ғана емес, сонымен жаңа дәлелдемелер таб болғандықтан осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде жарық құралдары, оптикалық құралдар, іздестіру құралдары, дәлелдемелік заттарды өлшейтін, алу мен қаптау құралдары қолданылуы мүмкін.
Жауапты оқиға жерінде тексеру мен нақтылау кезі және нәтижесі хаттамада бекітіледі. Қосымша бекіту құралдары болып мыналар табылады: суретке түсіру, тексерілетін жауаптарды магниттін таспаға жазу, жауапты тексерудің бүкіл процесін қозғалыста сурттеу үшін киноға түсіру немесе бейне жазбаларды қолдану, сонымен қатар тергеу әрекеті кезінде қатысушылардың қозғалу маршрутының схемасы мен жоспарын сызу. [4]

3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63бабының 1-ші бөлігіне сәйкес тергеу бөлімінің бастығы дегеніміз - алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және өздерінің құзыреті шегінде жұмыс істейтін оның орынбасарлары [5]. Қылмыстық іс жүргізу мағынасындағы құзыреттің ұғымы мен мазмұнын олардың атқарушы органдар жүйесіндегі лауазымдық қызметтеріне байланысты осы адамдарға жүктелген функционалдық міндеттерден ажырата білу қажет.
Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы: қылмыстық іс қозғау туралы және өзге де қосымша материалдар туралы қаулыны бере отырып, нақты тергеушіге тергеу жүргізуді тапсыруға құқығы бар. Мұндай тапсырма кезекшілік кезінде келіп түсетін, хабар-ошарларға жауап беретін жедел-іздестіру тобының қылмыстық іс қозғау жағдайларында, сондай-ақ белгілі бір қылмыс түрлерін тергеуге маманданып жүрген тергеушінің тәжірибесі мен дағдысын ескерту қажеттігі жағдайында туындайды.
Мұндай тапсырыс беру қажеттігі басқа да себептер бойынша туындауы мүмкін, мысалы, күдік тудырушы мен (айыпталушымен) жақын қатынастарының болуына байланысты тергеушінің мүдделілігін, сондай ақ, басқа да жағдайларға байланысты туындауы мүмкін.
- тергеу жүргізу бөлімі бастығының қылмыстық іс жүргізу бойынша тергеуші іс
- қимылының мезгілінде болуын бақылау жасауда, тергеушілердің, алдын ала тергеу мен қамауда ұстаудың мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар. Қамау, үйде қамау мерзімін ұзартуға арналған санкцияларды алуға байланысты материалдарды прокурорға табыс ету үшін осындай жағдайларда көзделген жиырма төрт сағат ішінде тергеушінің қаулысының көшірмесін прокурорға жолдау үшін ісқимылдың уақытылы болуы қылмыстар туралы хабарлар мен өтініштерді қарау үшін заңда белгіленген мерзімдерді сақтау жолымен қамтамасыз етіледі. Уақытшылығы мазмұнына аталған мерзімдерді сақтаумен қатар белгілі бір процедуралардың дәйектілігі де жатады, іс жүргізуді орынсыз созу іске қатысушының құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасау ретінде қаралуы мүмкін. Мысалы, ұсталған адамға ұсталған сәттен бастап, қорғаушының араласуы қамтамасыз етіледі. Жалпы ереже бойынша ұсталған адамнан алғашқы жауап алынғанға дейін оның қорғаушымен оңаша кездесуі жүзеге асырылады. Қорғаушымен алдын ала кездеспей тұрып сезіктіні жауап бермеу құқығына ие болады. Мұндай дәйектілікті сақтамау ұстауды орынсыз деп тануға соқтырады;
- тергеу бөлімінің бастығы прокурордың нұсқауларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 197 - бабының 2-тармағына сәйкес прокурордың тергеушіге, тергеу бөлімінің бастығына берген нұсқаулары міндетті болып табылады. Прокурордың берген нұсқауларына жоғары тұрған прокурорларға шағым жасай алады. Шағым жасау істің ары қарай жалғасуына кедергі келтірмейді. Мұның өзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Мамандықтың пәндер каталогы
Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы іске қатыстырылатын аудар¬машы ұғымын жан-жақты ашу
Адам өлтіруді тергеу
Криминалистік әдістеме жүйесі
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Сот талқылауының тікелейлігі
Жедел іздестіру қызметінің түсінігі
Дәлелдемелерді жинақтау және зерттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйдің қол сұқпаушылығы жағдайлары
Пәндер