Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ технология және бизнес университеті

Шакирова Камила

Фирма имиджі басқарудың сапасы мен тиімділігін көтеру факторы ретінде

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6В04105 - Менеджмент білім беру бағдарламасы

Нұр-Сұлтан, 2021
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ технология және бизнес университеті
Менеджмент және туризм кафедрасы

Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент
__________________Казбеков Г.К.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Фирма имиджі басқарудың сапасы мен тиімділігін көтеру факторы ретінде

6В04105 - Менеджмент білім беру бағдарламасы

Орындаған Шакирова К.Б.

Ғылыми жетекші ______________

Нұр-Сұлтан, 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ФИРМА ИМИДЖІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ БАСҚАРУҒА ӘСЕРІ 6
1.1 Фирма имиджін басқарудың мәні, жіктелуі, функциясы 6
1.2 Фирма имиджінің қалыптасу механизмдері және имиджді басқару 13
1.3 Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсері 17

2 ҰЛЫ-ҚҰМ ЖШС МЫСАЛЫНДА БАСҚАРУДЫҢ САПАСЫ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ФИРМА ИМИДЖІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ 21
2.1 Ұлы-Құм ЖШС ұйымдық-экономикалық сипаттамалары 21
2.2 Ұлы-Құм ЖШС ішкі және сыртқы ортасына талдау 25
2.3 Ұлы-Құм ЖШС басқарудың сапасы мен тиімділігін, фирма имиджін бағалау 33

3 ФИРМА ИМИДЖІНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ 39
3.1 Фирма имиджін басқарудың шетел тәжірибесі 39
3.2 Басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру және фирма имиджін жетілдіру жолдары 43

ҚОРЫТЫНДЫ 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 50
ҚОСЫМША А 52

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Күнделікті дамып, алға жылжып отыратын, өзгерістерге толы нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар арасында әрбір сатып алушы үшін бәсекелестік күрес үздіксіз жүріп отырады. Бұл процесстер нәтижесінде кәсіпорынның экономикалық тұғыда басты мақсаты - максималды пайда табу мүмкіндігін береді. Кәсіпорынның жақсы нәтижелерге жетуінің бірнеше алғышарттары бар, оның бірі - фирманың оң имиджін қалыптастыру.
Нарықта белгілі бір тауар немесе қызмет түрін ұсынатын кәсіпорындар өз кәсіпорынының, тауардың, басшының имиджіне аса көңіл бөлмейді, басты фокуста тек максималды пайда табуға ұстайды. Алайда, кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерінің жоғары болуының басты факторы тұтынушылардың көзқарасында қалыптасқан оң имидж екендігін ескере бермейді. Мұндай жағдайлар көп жағдайда, нарыққа енді кірген, жаңадан бастаған кәсіпорындарда кездеседі. Бұл ретте, ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған, менеджмент жүйесі жақсы ұйымдастырылған, құндылықтар ауқымы ірі кәсіпорындар фирма имиджіне нұқсан келмеуін басты назарда ұстайды, себебі, тұтынушылардың сатып алуға деген басты факторы - кәсіпорынға деген сенімі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыстың теориялық негізін отандық және шетел ғалымдарының еңбектері құрайды: Утлик Э.П., Семенова А.К., Карпов А.В., Перелыгина Е.Б., Котлер Ф., Согачева О.В., Симоненко Е.С., Вертакова Ю.В., Петрищева И.В., Бейжанова А.Т., Тұрлыбекова Н.М., Семенова Л.М., Друкер П.Ф., Даулинг Г., Портер М., Даниленко Л.В., Келлер С., Воронцова М.В., Почепцов Г.Г., Шепель В.М., Овчинникова А., Шульга Н., Жижина М.В., Номейн А., Питерсма П., Ильяс А.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасына талдау жасай отырып, кәсіпорындағы басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру және фирма имиджін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер алға қойылды:
Фирма имиджін басқарудың мәні, жіктелуі және функциясы;
Фирма имиджінің қалыптасу механизмдері және имиджді басқаруды талдау;
Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсерін анықтау;
Ұлы-Құм ЖШС ұйымдық-экономикалық сипаттамаларына талдау;
Ұлы-Құм ЖШС ішкі және сыртқы ортасына талдау;
Ұлы-Құм ЖШС басқарудың сапасы мен тиімділігін, фирма имиджін бағалау;
Фирма имиджін басқарудың шетел тәжірибесіне талдау;
Басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру және фирма имиджін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Жұмыстың зерттеу объектісі - Ұлы-Құм жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқару жүйесі мен сапасы, фирма имиджі және оны жетілдіру әдістері мен жолдары.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін басқару, менеджмент жүйесі бойынша ҚР Заңдары мен мемлекеттік органдардың, министрліктердің бұйрықтары, фирма имиджі мен менеджмент жайындағы оқулықтар мен әдебиеттер, Ұлы-Құм ЖШС ресми статистикалық мәліметтері, ұйымдық құжаттары құрайды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру, фирма имиджін жоғарылату бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді ұсыну болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік құндылығы кәсіпорындардағы тиімді менеджмент жүйесін қалыптастыру үшін, фирма имиджін дамыту үшін теориялық негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 49 бет, 14 кесте, 9 сурет, 1 қосымшадан тұрады.

ФИРМА ИМИДЖІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ БАСҚАРУҒА ӘСЕРІ

Фирма имиджін басқарудың мәні, жіктелуі, функциясы

Бүгінгі уақытта фирма имиджін қалыптастыру және дамыту тенденциялары әлемдегі нарықтық қатынастардың үздіксіз дамуымен, экономика, мәдениет, инновациялық технологиялар салаларындағы ашылулармен тығыз байланыста дамып келеді. Фирманың шаруашылық жүргізіп отырған саласында жетістікке жетуіне, қаржылық жағдайының нәтижелі болуына, жоғары сұранысқа ие болып, танымал болуына әсер ететін ең басты қажетті шарт фирманың оң қалыптасқан имиджі болып табылады.
Фирма имиджі - қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың кәсіпорын қызметімен таныса отырып, алған ақпараттар негізінде кәсіпорын жайлы белгілі бір ой түюі және тұтастай қабылдауы. Фирма имиджінің оң немесе теріс сипатта болуы мүмкін.
Имидж сыртқы және ішкі құрамдас бөліктен құралады:
ішкі құрамдас бөлік: кәсіпорын қызметкерлері, корпоративтік мәдениет, басқару стилі мен әдісі, кәсіпорын миссиясы, маркетинг, PR қызметтер;
сыртқы құрамдас бөлік: тұтынушылар, инвесторлар, жеткізушілер, делдалдар, қоғамдық ұйымдар, бәсекелестер және мемлекет.
Фирма имиджінің кәсіпорынға пайда әкелуі, жақсы ұйымдастырылуы және қалыптасуы үшін 6 негізгі қағидалары бар, олар:
Фирма имиджін кәсіпорын басшылары немесе арнайы мамандар алдын-ала жоспарлауы, ойластыруы қажет және тұтынушыға белгілі бір әсерді қалдыруы тиіс. Бұл жерде кәсіпорынның арнайы фирмалық түсі (мысалы, Google компаниясында фирмалық түс - әр түрлі түстер комбинациясынан тұрады), сауда маркасы, слоган, лозунг, тауардың қайталанбас қаптамасы мен түрі, әлеуметтік желілерді жүргізудің белгілі бір әдісі мен ерекшелігі және жақсы таңдалған фирманың амбассадоры болуы мүмкін. Бұл қағида орындалмаған жағдайға мысал келтіретін болсақ, кәсіпорынның фирмалық түсінің нақты таңдалмауы тақтайшалардың қызыл, ал логотиптің жасыл түсте болуына әкелуі мүмкін, нәтижесінде кәсіпорын жайлы тұтынушылардың жадында ақпарат болмайды, сенімсіздік тудырады;
Кәсіпорын қызметі жайлы сыртқы ортаға берілетін ақпараттың шынайы болуы, тұтынушылардың сеніміне ие болуы және кәсіпорынның белгілі бір тұлғамен байланысы болуы қажет;
Фирманың имиджі жайлы ақпарат пассивті сипатта болуы қажет, себебі, көптеген жарнамалық кампаниялар, ақпараттың өте көп мөлшерде болуы тұтынушылар назарында кәсіпорын жайлы тұрақсыз көзқарасты қалыптастыруы мүмкін;
Фирманың имиджі нақты болуы белгілі бір адами сезімдер мен эмоцияларды тудыруы қажет;
Имидж қарапайым және есте сақтауға оңай болуы қажет;
Фирма имиджі ұдайы дамып, заман ағымына ілесіп отыруы тиіс, бұл жерде қазіргі таңдағы әлеуметтік желілердің көмегімен жарнамалау, кәсіпорынның имиджін қалыптастыру және жаңа тұтынушыларды табу арқылы максималды пайда табуды ескерген жөн.
Қазіргі таңда имидж (кәсіпорынның, тауардың, адамның, қаланың, басшының және т.б.) мәселесі зерттеушілер мен мамандардың назарын аудартуда. Имидждің қолдану аясы кең, мысалы жеке тұлғаның имиджі, кәсіпорынның қызметкерлерінің имиджі, корпоративтік имиджі, белгілі бір мамандық иесінің кәсіби имиджі, саяси тұлғаның халық алдында қалыптасқан имиджі, белгілі бір брендтің немесе қарапайым тауардың имиджі болуы мүмкін.
Имидж (ағылшын тілінен аударғанда image - кескін) - бұл белгілі бір адамға, ұйымға немесе басқа әлеуметтік объектіге қатысты адамдардың санасында дамитын, қабылдау объектісі туралы эмоционалды ақпараттың едәуір мөлшерін қамтитын және белгілі бір әлеуметтік мінез-құлықты ынталандыратын синтетикалық бейненің бір түрі [1].
Ғалымдар мен зерттеушілердің имиджге берген анықтамаларына төмендегі 1-кестеде шолу жасалынған.

Кесте 1 - Имидждің анықтамалары

Автор
Анықтама
Семенова А.К.
Корпоративтік имидж - мақсатты аудиторияның санасына мақсатты түрде енетін, тұтынушылардың күтулеріне сай, фирманың қызығушылықтары мен мақсатына, миссиясына қарай арнайы жобаланған, фирма қызметіне, ерекшеліктеріне, заңдылықтарына сай негізделген бейне [2].
Карпов А.В.
Кәсіпорынның имиджі - кәсіпорынның спецификалық және позитивті ерекшеліктеріне негізделген сыртқы ортасында қалыптасқан бейнесі [3].
Муромкина И.В.
Имидж - сатып алушыға кәсіпорынды қабылдауына көмектесетін, функционалды, нарықтық-психологиялық көзқарас тұрғысынан ерекшеленетін ажыратушы фактор [4].
Котлер Ф.
Имидж - кәсіпорынды немесе кәсіпорынның тауарын қоғамның қабылдау ерекшелігі [5].
Ескерту - Дереккөз негізінде құрастырылды [2,3,4,5]

Кестедегі авторлардың берген анықтамаларына сүйене отырып, олардың барлығының осы құбылыстың нақты аспектілерін көрсететіндігін байқауға болады. Бірнеше авторлардың әдіс-тәсілдерін, пікірлерін талдай отырып, келесідей принциптерге тоқталамыз: біріншіден, фирма имиджі барлық құрылымдағы адамдардың санасында көрініс табады; екіншіден, имидждің мазмұны осы фирма мен оны қабылдайтын адамдар кіретін әлеуметтік қатынастардың сипатына сәйкес құрылымдалған. Мемлекет, қоғам, ұйым идеалды жағдайда өмір сүрмейді, олардың шаруашылық қызметі барысында, нақты кезеңдерде олар белгілі бір адамдардың санасына әсер ететін социогенетикалық және жағдайлық ерекшеліктерге ие болады.
Имидждің мәні - дұрыс, оң қалыптасқан имидждің көмегімен ұйым, тұтынушылар мен қызметкерлерге оң әсер қалдыру процессін басқару. Имидждің кәсіпорын репутациясымен байланысы 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1 - Имидждің кәсіпорын репутациясымен байланысы
Ескерту - Дереккөз негізінде құрастырылды [6]

Имидждің жіктелінуі қамту деңгейіне, масштабына қарай 4 деңгейге бөлінеді:
әлеуметтік-мәдени деңгей;
салалық деңгей;
ұйым деңгейі;
сауда маркасының немесе өнімқызмет көрсету деңгейі.
Имидж тұтынушылар тарапынан қабылдануына қарай сенімге ие имидж, артықшылыққа ие имидж, танымау, теріс имидж немесе негативті имидж болып бөлінеді:
Сенімге ие имидж (brand insistence) - әлеуметтік топтың белгілі бір бөлігінің кәсіпорынның көптеген жылдар бойы тұтынушылары болып табылуы, кәсіпорынға деген толықтай сенімінің болуы. Мұндай нәтижеге маркетологтар мен басшылардың үздіксіз жұмысы мен өнімнің лайықты сапасы нәтижесінде жетуге болады.
Артықшылыққа ие имидж (brand preference) - басқа кәсіпорын өнімдерімен салыстырмалы түрде артықшылыққа ие (экологиялық таза өнім, қайта өңдеу мүмкін болатын пластик құтыны пайдалану сияқты) кәсіпорын, сәйкесінше, жылдар бойы қалыптасқан белгілі бір тұтынушылар тобына ие фирма имиджі.
Танымау (brand non recognition) - бұл өнімнің немесе қызмет түрінің нарықта бар екендігінен тұтынушылар хабардар емес немесе аз хабардар.
Теріс имидж немесе негативті имидж (brand rejection) - тұтынушылардың сапаға көңілі толмайтын, сенімсіздік тудыратын, кей жағдайларда алдау фактілері кездесетін имидж. Негативті имиджі қалыптасқан кәсіпорынның шаруашылық қызметі имиджді жақсартуға бағытталған жұмыс істемеген жағдайда ұзаққа бармауы мүмкін [17].
Кәсіпорын имиджінің компоненттері блоктар негізінде 2-суретте көрсетілген.

Сурет 2 - Кәсіпорын имиджінің элементтері
Ескерту - Дереккөз негізінде құрастылды [6]

Имидждің құрамдас элементтері 2-кестеде көрсетілген:
Кесте 2 - Имидждің құрамдас бөліктері [6]


Блок
Құрамдас бөліктері
1
Тарихи-концептуалды блок [7]
кәсіпорынның тарихы
мақсаттары
миссиясы
2
Қаржылық блок [8]
кәсіпорынның қаржылық жағдайы
пайда көлемі
активтердің нарықтық құны
3
Ғылыми-зерттеу блогы [9]
инновациялық қызметі
жаңа технологиялар мен ашылулар тарихы
4
Саяси блок [7]
билікпен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы
легитимділігі
саяси бағыты мен принциптері
5
Эмоционалды блок [6]
лояльдылық
кәсіпорынға деген сенім
кәсіпорынның немесе өнімінің тартымдылығы
кәсіпорынның қайшылықтары
6
Тауарлық блок [6]
ассортименттің көптігі
өнім сапасының жоғары болуы
кәсіпорын өнімінің немесе қызмет түрінің бәсекелестік қабілеті
қызмет көрсету сапасы
баға саясаты
7
Әлеуметтік блок [6]
кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігі мен рөлі
мәдени аспект
экологиялық саясат
8
Коммуникациялық блок [6]
БАҚ, интернет желісіндегі кәсіпорын жайлы ақпараттың интенсивтілігі
әр-түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысу
жарнама
9
Статистикалық блок [9]
фирмалық символдың логотиптің, слоганның болуы
фирмалық түс
кеңсе архитектурасы мен дизайны
10
Басқарушылық блок [6]
қызметкерлердің құзыреттілігі
персоналды оқыту
басқару стилі мен тиімділігі
кадрлық саясат
корпоративтік мәдениет
еңбекақы деңгейі
Ескерту - Дереккөз негізінде құрастырылды [6,7,8,9]
Кәсіпорын имиджінің құрамдас элементтеріне сәйкес 2 топты атап өтуге болады: негізгі және қосымша. Негізгі факторлар кәсіпорынның шаруашылық қызметі, миссиясы, мақсаты, позициясымен, ал қосымша факторлар тұтынушылар базаысмен қарым-қатынас жасау стилі, корпоративтік мәдениет, қызметкерлердің жалпы бейнесімен байланысты.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде имиджмейкер түсінігі (ағылшын тілінен аударғанда image making - имиджді жасау) ертеден қалыптасқан. Оның мақсаты белгілі бір кәсіпорынның (фирманың, компанияның) мақсатты нарықтағы танымалдығынан бұрын, тұтынушылар талғамына сәйкес келетін белгілі бір тауар, қызмет көрсетуің деңгейі мен неғұрлым жағымды және заманауи образ (бейне) қалыптастыру.
Дұрыс таңдалған кәсіпорын (фирма, компания) образы ұсынылған қызметтер мен тауарларды жылжытуға, нарықтағы жағдайды және алдағы табысты дамытудың жағымды атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Имидж жағымдылығы келесі параметрлермен айқындалады: кәсіпорын сенімділігі; бәсекелестермен қарым-қатынасындағы тәрбиелілік пен шыншылдық; бәсеке жүргізу саясатының икемділігі, тұтынушыларға қызмет көрсетудегі жоғары мәдениеттілік; экологиялық, саяси, қоғамдық қозғалыстарға қатысуының моралі, т.б. [10].
Имиджді жасаумен байланысты шешілетін міндеттер:
мақсатты аудиторияның көңілін аудару;
кәсіпорынның шығаратын өнімі мен қызметіне байланысты тұтынушылардың жағымды көзқарасын қалыптастыру;
кәсіпорынға жағымды қарым-қатынасты орнату;
промоушен бағдарламалары бойынша, мысалы, кәсіпорынның өніміне белгілі бір психологиялық тәуелділікті туғызу, кәсіпорын өніміне қызығушылығын жоғарылату [10].
Имидждің элементтері дереккөздерде әр түрлі сипатта кездеседі.
Келесі бір теориялық деректер бойынша жалпы имидждің негізгі элементтері келесілер:
қызмет көрсету мәдениеті;
өнімнің сапасы және ассортименті;
конструкторлық бюро және географиялық орналасуының мәдениеті;
шығарылған өнімдер немесе ұсынылған қызметтердің нарығында кәсіпорынның көрінісі;
басқару және технологиялар саласындағы кәсіпорынның имиджі;
кәсіпорын қызметкерлерінің бейнесі және олардың біліктілігі;
кәсіпорынның коммерциялық емес шаралар көрінісі;
жарнама [10].
Фирма имиджінің атрибуттары 3-кестеде көрсетілген:
Кесте 3 - Фирма имиджінің атрибуттық қызметі

Еске алынған имидждің өндіруі мен аспектісі
Имидждің бөлек атрибуттары
Тауар немесе қызмет
Сапасы. Ассортименттің кең таңдалынуы. Сән. Кепілдеме.
Клиенттердің қызметтері
Клиенттерге қызмет көрсету. Өзіне қызмет көрсету. Тауардың мерзімі. Телефонмен немесе онлайн тапсырыс беру.
Сатушылардың ортасы
Өзінің имидждік сәйкестігі. Сауда персоналы. Қызмет көрсету персоналы.
Кәсіпорынның сауда орталығында орналасуы
Техникалық және жабдықтаулар. Қызмет көрсету немесе сатып алу ыңғайлығы.
Ыңғайлылық
Жақын орналасуы. Автотұрақтың бар болуы.
Жарнама
Өтімдік ұстанымы. Жарнама қызметі. Ұсынылған тауарға жеңілдік.
Сауда орталығының атмосферасы
Сатып алушылардың қарым-қатынасының ізгілігі.
Ескерту - Дереккөз негізінде құрастырылды [10]

Тұтынушы (немесе потенциалды әріптес) компания туралы алғашқы ақпаратты тікелей байланысқа түскенге дейін алады, яғни ақпарат көздері анықтамалар, каталогтар, жарнама, мақалалар, теледидар бағдарламалары, көрмелер, презентациялар болып табылады. Ең алдымен, тұтынушылар кәсіпорынның сенімділігі (өтімділігі, төлем қабілеттілігі), танымалдылығы, клиенттер желісінің енділігі, ұсынылған қызметтер спектрінің енділігінің көрсеткіштерінің жоғары бағаланылуын басшылыққа алады. Имидж кәсіпорынның мәнін, сыртқы қызметін көрсететін құбылыс. Бәсекелестік күрестегі өте нақты және өте тиімді фактор болып табылады. Осыған орай көптеген кәсіпорындар коммуникациялық саясатты ақпараттық-аналитикалық қамтамасыздандыруға қызығушылық танытып, өздерінің қолайлы имиджін қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді [10].
Имиджді қалыптастыру, басқару және дамыту - бұл маркетинг, жарнама, PR және жалпы менеджмент саласындағы жүйелі жұмысты, білімді қажет ететін күрделі жұмыс. Кәсіпорынның жұмыс істеу деңгейі, оның басшылары мен арнайы мамандарының фирма имиджін басқару әдіс-тәсілдерін қолдануына, сондай-ақ, теоритикалық білімі мен практикалық дағдыларына тығыз байланысты.
Кәсіпорын имиджінің функциялары:
Оң әсер қалдыру. Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу стиліне, стратегиясына сәйкес жасалған имидж тұтынушыға жоспарланған оң әсерді қалдыруы тиіс. Оң әсер консервативті немесе новаторлық, инновациялық типте, қымбат сегменттегі кәсіпорын немесе қол жетімді бағаларды ұсынатын кәсіпорын ретінде тұтынушы жадында қалуы мүмкін.
Нарықта позициялау. Кәсіпорын имиджінің келесі функциясы кәсіпорынды тұтынушыларға немен айналысатынын, қандай артықшылыққа ие екендігін, сенімділік деңгейін, сондай-ақ, кәсіпорынның басшысының, қызметкерлерінің, жеткізушілері мен серіктестерінің кім екендігін таныстыра отырып, тұтынушының толықтай сеніміне кіру және өзіндік идентификацияға ие болу.
Іс-әрекетке шақыру. Алдыңғы 2 функцияны нәтижелі орындап, кәсіпорын жайлы ақпартта бере отырып, тұтынушыға оның қажеттіліктері мен сұранысын қанағаттандыратындығын жеткізе отырып, кәсіпорынның өндіретін өнімін немесе өызмет түрін тұтынуға, сатып алуға, тұрақты тұтынушы болуға, сондай-ақ, серіктестікке шақыру.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, басқару тиімділігін және беделін арттыру [23].
Нарықтық экономика жағдайында оң корпоративтік имидж ұйымның тұрақты және ұзақ мерзімді табысқа қол жеткізуінің негізгі қажетті шарты болып табылады. Фирманың оң (позитивті) имиджі ерекшелік, икемділік, мақсаттылық, әлеуметтілік, динамикалық және адамдардың эмоциясына белсенді әрекет етуге ие болуы қажет. Біріншіден, бұл ұйымның белгілі бір күшке ие болуына әсер етеді, бұл саясат пен экономика саласындағы өзгерістерге сезімталдықтың төмендеуіне әкеледі. Екіншіден, ұйымды бәсекелестердің шабуылынан қорғайды және позициясын нығайтуға үлес қосады. Сонымен, оң имидж ұйымның қаржылық, әлеуметтік, ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін жеңілдетеді және бұл үшін ұйымның имиджін қалыптастыру, жылжыту және дамытудың мақсаттарын, міндеттерін, элементтерін, кезеңдерін нақты анықтау қажет [11].

Фирма имиджінің қалыптасу механизмдері және имиджді басқару

Фирма имиджін басқарудың кешенді тәсілі оң әсерлі, сенімділік тудыратын имиджді қалыптастыру үшін өзекті мәселе болып табылады. Кешенді түрде басқару кәсіпорынның танымалдылығы мен тұтынушылар тарапынан сенімділігін арттыратын, максималды пайда әкелетін брендтің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Қайталанбас уникалды имиджді қалыптастыру - бұл тек қана белгілі бір мақсатта кәсіпорын басшысы беретін уәде және тұтынушылардың сеніміне ие болу ғана емес, бұл негізгі сипаттамалардың жиынтығы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз, тұрақты даму арқылы алға жылжып отыру дегенді білдіреді. Осы жағдайда ғана, кәсіпорынның мықты имиджі мен беделі қалыптасып, тұтынушылардың сенімінен айырылу жағдайында қауіпсіздік жастығы сынды әрекет етіп, сақтандырыла алады.
Кез-келген шаруашылық жүргізуші субъект өз қызметі барысында имиджді қалыптастырудың 4 негізгі кезеңінен өтеді:
1-кезең - белгілі бір нарықтық сегментке бағдарланған кәсіпорынның имиджінің қалыптасуы;
2-кезең - тұрақты дамуға ұмтылу және кәсіпорынды белгіленген нарық позициясына қою;
3-кезең - нарық үлесін кеңейту мақсатында кәсіпорынның инновациялық дамуын енгізу;
4-кезең - трансформация, бұл кәсіпорынның тұтастай өзгеруіне, дамуы мен жетілуіне немесе керісінше, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін кәсіпорынның өзгеруі [12].
Бастапқы кезеңде кәсіпорын имиджінің фундаменталды қалыптасу процессі жүреді. Бұл кезең имидж бен жарнаманың минималды шығындарымен сипатталынады, ал жаңадан құрылған ұйымдардың көпшілігінде ішкі имидж ұғымы енді ғана қалыптасады. Басшылық пен арнайы мамандардың алдында тұрған имиджді құру бойынша міндеттердің қатарына келесілер жатады: анықталған жоспарларға сәйкес нарықты саралау; тауар белгісін және логотипін жасау; мақсатты стратегия мен саясатты таңдау; даму жоспарларын анықтау; кәсіпорын стилін әзірлеу; маркетингтік іс-шаралар әзірлеу; потенциалды тұтынушылардың базасын қалыптастыру.
Кәсіпорынның сыртқы имиджі кәсіпорынның дамуына әсер етуі үшін келесі әрекеттер орындалуы қажет: кәсіпорынның құрылғаны жайлы потенциалды (әлеуетті) тұтынушыларды, серіктестерді хабардар ету; сыртқы жарнамада тауарлар мен қызметтердің бірегейлігіне аудару; кәсіпорынның болашақтағы нарықтық позициясын анықтауға ықпал ету. Кәсіпорынның алғашқы құрылу кезеңінде басшылық тарапынан берілген уәделер мен олардың орындалуын бақылауда ұстау қажет, себебі, бұл кезең кәсіпорынның одан әрі өмір сүруіне тікелей әсер ететін кезең. Тұтынушымен, серіктестер мен делдалдармен іскерлік қарым-қатынас орнату барысында этика приницптерін сақтау өте маңызды, өйткені, бұл кәсіпорынның шынайы имиджін сенімді түрде растау болып табылады. Тұтынушы кәсіпорынмен кеңсеге немесе сату бөліміне келгенге дейін жарнамалық ақпараттар негізінде қашықтықтан танысады, сол себепті, сату бөліміне келуші тұтынушыларға тиісті деңгейде қызмет көрсету, сенімділік ұялату маңызды болып саналады, бұл тұрақты сатып алушылар тобының біртіндеп құрылуына ықпал етеді.
Екінші кезеңде кәсіпорынның нарықтағы позициясы белгіленген, белгілі бір тауашаны иемденген. Тұрақты дамуға ұмтылу кезеңіндегі кәсіпорынның ішкі имиджі келесілерді қамтиды:
кәсіпорын дәстүрлерін енгізу және бекіту;
кәсіпорын кеңсесінің стилін жасау;
маркетингтік зерттеулерді арттыру, дамудың келесі кезеңіне өтуінің қажетті шарты ретінде кәсіпорынның инновациялық зерттеу құрылымдарын құру.
Үшінші кезең нарық үлесін кеңейту немесе көгілдір мұхитқа шығу арқылы кәсіпорынның жақсаруымен, жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталынады. Бұл кезеңде әлеуметтік жарнаманың кеңеюі: кәсіпорынның табиғатты қорғау, экологиялық таза өнімдер ұсыну, қайырымдылық жобалары сынды жаңа деңгейдегі жобаларды қолға алуы арқылы кәсіпорын миссиясы мен мақсаттарына сәйкес ішкі және сыртқы имидждің байланыста дамуы.
Кәсіпорынның трансформацияға ұшырауымен сипатталатын имидж қалыптасуының соңғы кезеңінде ішкі имидж келесі қызмет түрлерімен тығыз байланыста болады:
инновациялық қызметті мотивациялау, бұл қызметкерлердің квалификациясын арттыруға әсер етеді;
имиджі бас кәсіпорынның имиджіне сәйкес келетін еншілес кәсіпорындарды бірнеше географиялық аумақта ашу арқылы кәсіпорын масштабын ұлғайту;
қызметтің жаңа бағыттарын құру;
тұтынушылармен тікелей және кері байланысты үнемі сақтау.
Кәсіпорынның имиджінің танылу кезеңдері имидж пирамидасымен сипатталынады (3-сурет):

Сурет 3 - Бизнестегі кәсіпорын имиджінің қалыптасу пирамидасы
Ескерту - Автормен құрастырылды
3-суреттегі мәлімет негізінде имидждің қалыптасу процесі келесідей 6 кезеңдерден тұрады:
білмеу, шатасу;
есте қалу, танымалдылық;
кәсіпорынды жақсы білу;
кәсіпорын имиджінің қалыптасуы;
бейімділік, тұтынушының сатып алуы;
сенім.
Имиджді басқару. Гарвард бизнес-мектебінің профессоры Джон Коттер имиджді стратегиялық жоспарлауды және басқаруды келесі 4 қағидаға негізделуі тиіс деп санайды [13]:
Кәсіпорында өзгерістер жүргізу үшін жай ғана бір затты өзгерту жеткіліксіз. Өзгерістер кешенді түрде және алдын-ала жоспарланған көптеген іс-шаралар негізінде жасалынуы тиіс.
Өзгерістер тек басқару стиліне ғана емес, кәсіпорын басшысының лидерлік қасиеттеріне де байланысты.
Корпоративтік мәдениетті өзгерту процессті аяқтамайды, керісінше, бастайды.
Жұмысты аяғына дейін жеткізбей, уақыт пен ақшаны жұмсағаннан гөрі, ештеңе істемеген дұрыс.
Төмендегі 4-кестеде кәсіпорын имиджін басқарудағы басшының рөлі сипатталған.

Кесте 4 - Имиджді басқарудағы кәсіпорын басшысының рөлі

Модель
Басшыға сұрақ
Басшының рөлі
Жолсерік
Менің арманымдағы кәсіпорынды қалай құруға болады? Жолсерік моделі басшының лидерлік қасиеттері мен харизмасымен сипатталынады.
Лидер
Командир
Ең жақсы кәсіпорынды қалай құруға болады? Командир моделі басшының диферсификация саясатын қолданып, есептеулерді дәл жүргізетінімен сипатталынады.
Рационалист-аналитик
Реформатор
Мен кәсіпорынның басқаша көрінгенін қалаймын. Мұны қалай істеуге болады?
Архитектор
Философ
Кәсіпорынның барлық қызметкерлерін өзгеріс жасау процессіне қатысуға қалай көндіре аламын?
Координатор
Ескерту - Дереккөз негізінде құрастырылды [13]
Фирма имиджінің басқарудың тиімділігіне әсері

Нарықтық қатынастар мен жаһандық ақпараттық коммуникациялардың дамуы ұйым имиджін құру жұмыстарының маңыздылығының күрт өсуіне әкелді. Қолайлы имидждің болуы жеке тұлғалар үшін ғана емес, коммерциялық кәсіпорындар үшін де маңызды. Жалпы алғанда, имиджді зерттеудің мақсаты - кәсіпорынның қызметін бағалау.
Имиджді талдай отырып, біз сатып алушылардың ұйымға және оның өнімдеріне қарым-қатынасын анықтаймыз, бұл келесідей мүмкіндіктер береді:
кәсіпорын,басшы, қызметкерлер немесе өнім имиджінің кұшті және әлсіз жақтарын SWOT-талдау арқылы анықтау мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді сенімді түрде анықтауға мүмкіндік береді;
кәсіпорын имиджін қалыптастырғанға дейінгі және кейінгі периодта тұтынушының қабылдауын, сенімділік деңгейін өлшеу, бұл кәсіпорын стратегиясы мен басқарудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді;
тұтынушының лояльдылығын білу кәсіпорын қабылдаған әрекеттерге реакциясын болжауға көмектеседі [13].
Қазіргі таңда тек қана фирма имиджі ғана емес, басшының, яғни лидер басшының имиджі, өнімнің немесе брендтің имиджі, қызметкерлердің имиджі біріге отырып, кешенді әрекет етеді. Көптеген жағдайларда, кәсіпорынның жетістікке жетуіне лидер-басшының имиджі әсер етеді, мысалы:
Стив Джобс - заманауи девайстарды алғаш шығарған, әлемдегі ең қымбат компания - Apple компаниясының негізін салушы. Apple компаниясының жетістікке жетуіне, акцияларының үздіксіз өсіп отыруына тікелей әсер етуші Стив Джобс болатын. Оның пікірінше, компания жайлы тұтынушыларда қалыптасқан негативті имидж бен репутация маркетингтік іс-шаралар, жарнама жасағанмен қалпына келмейді, сол себепті де, компания жарнама жасамайды, тек жылдар бойы жаңа өнімнің презентациясын тұрақты жасап отырады. Стив Джобс ұсынған компанияның негативті, теріс имиджімен күресу жолдары келесідей: жоғары сапа мен баға үйлесім табатын уникалды өнім шығару; тұтынушылардың сынын қабылдай білу; тұтынушылардан пікір қалдыруын, ұсыныс білдіруін сұрау. Басқарудың сапасы мен тиімділігіне басшы имиджінің әсерін келесіден байқауға болады: Стив Джобс басшылықтан кеткен кезде компания акцияларының нарықтық құны 7%-ке төмендеген, кейіннен басшының денсаулық жағдайына қарай акция құны құлдырап, қайта жоғарылап отырған.
Илон Маск - жеке бастың брендін қалыптастыра отырып, компанияларын (SpaceX, Tesla - алғашқы электромобиль шығарушы компания) жетістікке жеткізген америкалық кәсіпкер, инженер, миллиардер. Кәсіпорын басшысының имиджін тұтынушылардың сенімділік деңгейіне қарай бағалауға болады, мысалы, 2021 жылдың 7 қаңтарында Илон Маск өзінің парақшасында Signal-ды қолданыңыздар деген жазба қалдырады. Осы жазбадан соң, Signal Advance медициналық өнімдер шығаратын компанияның акцияларын инвесторлар жаппай сатып ала бастады, нәтижесінде, нарықтық айналым 390 млн. АҚШ долларына жетті. Алайда, кейін Илон Маск ол Signal Advance компаниясын емес, Signal мессенджерін айтқысы келгендігін жеткізеді. 3 күннен кейін, компания акциялары қайта түсе бастайды.
Басшы имиджінің компанияның жетістікке жетуінің тікелей байланысы ретінде бұл тізімді Джек Ма, Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Джефф Безос, Уоррен Баффетт, Генри Форд сынды топ-менеджерлермен толтыруға болады.
Оң имидждің кәсіпорынның дамуына әсер етуші фактор екендігі анық. Көп жағдайда кәсіпорынның дамуына жоғарыда атап өткендей лидерлік қасиеттерге ие басшылар және корпоративтік құндылықтары жоғары компаниялар әсер етеді, мысалы:
Wallmart компаниясы ассортименті көп, сапалы, төменгі бағадағы тауарларды ұсынады. Компания көтерме және бөлшек саудамен айналысады, тұтынушыларды күнделікті сапалы азық-түлік пен шаруашылық заттарымен қамтамасыз етеді. Wallmart компаниясы сапаға аса мән береді, компания имиджіне нұқсан келмеуі мақсатында жеткізушілерді дұрыс таңдайды;
Walt Disney компаниясы адамдарды бақытты етеді;
Berkshire Hathaway компаниясы Уоррен Баффеттің басшылығымен белсенді түрде ойластырылған инвестициялық стратегиялар негізінде көп пайда табады;
JetBlue - АҚШ-тағы жалғыз төрт жұлдызды авиакомпания, ең жоғарғы рейтингке ие американдық бюджеттік авиакомпаниясы, төменгі баға мен сапалы қызмет көрсету үйлесім тауып, жақсы уақыт өткізе отырып, ұшуды ұсынады;
Johnson & Johnson ғасырлар бойы тұтынушылардың сеніміне ие, медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек, гигиена құралдарын өндіруші медициналық компания. 1886 жылдан бері компания имиджіне нұқсан келтірмей жұмыс істеп келеді;
Microsoft - дербес компьютерлерге арналған бағдарлама, адамдардың өмірін жеңілдете отырып, мүмкіндіктерге жол ашады [13].
Бұл тізімді қорытындылай келе, фирманың даму тиімділігіне имидждің оң әсері келесілер:
Тауарға деген қосымша психологиялық құндылық береді (лояльдылық, сенім, тұрақты сатып алу);
Кәсіпорында орын алуы мүмкін тәуекелдерді қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, алмастырушы өнім шығаратын бәсекелес компанияда жаңа инновациялық өнім (жақсартылған нұсқадағы өнім) шығарылған жағдайда, компания тұтынушылары жаппай бәсекелес компанияға кетіп қалмайды. Алайда, сатылым көлемі азаюы мүмкін, бірақ компанияның банкроттық жағдайға ұшырамауына, белгілі бір іс-шараларды қолға алуына уақыт пен мүмкіндік береді;
Тұтынушыларға функционалды ұқсас тауарлардың, қызмет түрлерінің ішінен таңдау жасауға мүмкіндік береді;
Кәсіпорын қызметкерлерінің нәтижелі жұмыс істеуіне, осы кәсіпорынның қызметкері болуына ұмтылысы, жұмыстан алатын мотивациясының артуы мүмкіндігі;
Кәсіпорынға біліктілігі жоғары мамандарды тартуға мүмкіндік береді, себебі, көптеген білікті мамандар танымал және сенімді кәсіпорындарда жұмыс жасағанды қалайды, кәсіпорынның деңгейі жоғары болған сайын, табыс көзі де артады;
Жарнама мен сату тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді;
Жаңа тауардың танымалдылығын арттырады. Мысал ретінде Windows 95 операциялық жүйесін шығаруды Microsoft компаниясы бірнеше рет кейінге шегерді, тұтынушыларды ұзақ күттірді, бірақ, сатылымға шыққан сәтте сатып алушылар саны әдеттегіден де көп болды, бұл компанияның сенімге ие, оң имидж қалыптасқан компания екендігінің дәлелі;
Кәсіпорын дағдарысқа ұшыраған жағдайда екінші мүмкіндік беріледі. Мысалы, жоғарыда атап өткен Johnson & Johnson компаниясында белгілі бір дәрілік препаратпен улану жағдайлары бірнеше рет орын алған, алайда, ғасырлар бойы қалыптасқан оң имидж нәтижесінде компания нарықтағы бұрынғы орнын сақтап қала алды;
Жоғары сапалы кәсіби қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, ірі жарнамалық компаниялар үздік компаниялармен серіктестік орнатуға мүдделі. Себебі, екі жақты жұмыс екі компанияның да беделін арттырып, оң имиджінің қалыптасуына бірдей әсер етеді;
Қор нарығында акцияларының бағасының жоғары болуына, ұдайы өсіп тұруына, жалпы қаражат жинауға мүмкіндік береді;
Бірлескен жұмыстың тиімділігіне кепілдік береді. Мысалы, серіктес компаниялар, делдалдар, шикізатты жеткізушілер, инвесторлар мен акционерлер, көтерме сатып алушылар және тағы да басқалары іскерлік келісім шартқа отырмастан бұрын серіктестік орнататын кәсіпорынның нарықтағы орнына, имиджіне, танымалдылығы мен қаржылық көрсеткіштеріне басты назарды аударады, бұл нәтижесінде бірлескен жұмыстың тиімділігіне кепілдік береді [13].
Керісінше болған жағдайда, теріс қалыптасқан имидж (негативті имидж) кәсіпорынның өміршеңдігіне қауіп төндіреді:
Кәсіпорынның негативті имиджі персоналдың моральдық, психологиялық жағдайына теріс әсер етеді, нәтижесінде еңбек өнімділігі төмендейді. Персоналдың жұмысқа қызығушылығының болмауы кәсіпорында кадр жетіспеушілігін тудырады;
Кәсіпорын негативті имиджді түзету мақсатында жаңа сапалы өнім шығарып, жарнамалық науқандарды жүргізгенімен, көп жағдайда, тұтынушылар өнімнің сапасы мен сату бағасына күдікпен қарайды, бұл кәсіпорынның тұтынушылардың лояльдылығына жету процессін ұзартады, ауыспалы шығындарды арттырады [13].
Фирманың даму тиімділігіне имидждің әсеріне көз жеткізу үшін шетелдік дербес компьютерлер өндіруші Microsoft компаниясына талдау жасайық. Microsoft миссиясы: Әрбір адамға өз потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік беру. Мақсаты - максималды пайда табу және қоғамға пайдалы болу; нарықтағы үлесін арттыру, өнімділікті, өндірістік қуатты арттыру, жаңа уникалды өнімді ойлап табу [14].
Компания өнімінің сапасы тұтынушылардың пікірі негізінде өте жақсы, жоғары сапалы. Дәл осы Microsoft сауда маркасымен шығатын өнімдерге деген тұтынушылардың сенімдері жоғары. Компанияның жарнамасы тиімділікке ие, логотипі әр түрлі түсті, бұл көптеген өнімдерді шығарумен тығыз байланысты.
Microsoft компаниясының жетістікке жетуі, кіршіксіз имиджінің қалыптасуы, бірінші кезекте, компания басшысының имиджімен, лидерлік, ораторлық қасиеттерімен, басқару стилі мен дұрыс қабылданған стратегиямен тығыз байланысты. Бұл ретте компанияның негізін қалаушы, жеке бастың имиджі мен компания имиджін қалыптастырушы топ-менеджер, компания басшысы Билл Гейтстің рөлін атап өткен жөн.
Қорытындылай келе, Microsoft компаниясының имиджіне жасалған қысқаша зерттеу нәтижесінде, фирманың дамуына имидждің тікелей әсер ететіндігін байқауға болады. Бұл бірнеше себептерге байланысты: тұтынушылар тек сенім артатын, танымал, жылдар бойы тексерілген, сынақтан өткен кәсіпорынның өнімін сатып алады; инвесторлар, акционерлер, жеткізушілер мен серіктестер кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен басшының қабілеттері мен дағдыларына, кәсіпорынның беделіне қарай серіктестік орнатады, кері жағдайда, нарықта кәсіпорынның үлесі аз, тұтынушы таңдауы түспейтін компаниялар дағдарысқа ұшырайды. Кәсіпорындардың дағдарысқа ұшырауы көп жағдайда басшының тек маскималды пайда табуды, қаржылық көрсеткіштерді арттыруды ғана мақсат етіп қойған жағдайда, стратегияны дұрыс құрмаған және кәсіпорынның қоғамға, тұтынушыларға әкелетін пайдасы аз болған жағдайларда орын алады.
Үздік нәтижеге жететін, тұтынушы сеніміне ие дамушы кәсіпорын басшысының басқару стилі, функциялары қысқаша келесідей болуы мүмкін: сапалы өнімді шығару арқылы қоғамға неғұрлым пайда әкелу және сол арқылы максималды нәтижеге, пайда табуға жету, қоғамның әрбір сатысы үшін қолжетімді өнім ассортиментін нарықта ұсыну, кәсіпорын қызметі және өнімі жайлы жарнамаға басты назарды аудару. Кәсіпорынның құнды қағаздарын сатып алу барысында да акционер кәсіпорынның сенімділігін, тұрақтылығын басты назарда ұстайды. Кәсіпорын нарықта, салады және тұтынушы көзқарасында оң имиджге ие болған жағдайда ғана дами алады.

ҰЛЫ-ҚҰМ ЖШС МЫСАЛЫНДА БАСҚАРУДЫҢ САПАСЫ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ФИРМА ИМИДЖІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

Ұлы-Құм ЖШС ұйымдық-экономикалық сипаттамалары

Ұлы-Құм құрылыс кәсіпорыны болып табылады, құрылу нысаны - жауапкершілігі шектеулі серістестік. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні: 21.12.2015ж. Кәсіпорынның заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Жолмағанбетов, 39.
Ұлы-Құм ЖШС бас директоры: Алшын Мырзалы Анапияұлы. Кәсіпорынның қызмет көрсету масштабы: Қазақстан Республикасы аумағында, сондай-ақ, республика территориясынан тыс жерлерде: Ресей, Өзбекстан, т.б. ұсынылады.
Кәсіпорынның құрылыс жұмыстарымен айналысуға мемлекеттік рұқсат қағаздары, лицензиялары бар, оның ішінде:
құрылыс жобасымен, жалпы жобалық қызметпен айналысуға;
жөндеу-құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға;
темір жол құрылысы, оның ішінде, темір жол рельстері құрылысы және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге;
ауыр жол машиналары мен механизмдерімен жұмыс жасауға мемлекеттік рұқсаттары бар [24].
Ұлы-Құм ЖШС келесідей сапа сертификаттарына ие:
ҚР СТ ИСО 9001-2009, СТ РК ИСО 14001-2006, СТ РК OHSAS 18001-2008, СТ РК ИСО 50001-2012;
ISO 9001: 2008, ISO 14001: 2004, OHSAS 18001: 2007, ISO 50001: 2011 халықаралық сапа сертификаттары.
Кәсіпорын 2015 жылы құрылғаннан бері бірнеше құрылыс, жөндеу, монтаж жұмыстары, жобалық-сметалық жұмыстар мен темір жол желілерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып келеді. Кәсіпорынның бұл жұмыстармен айналысуға I, II, III санаттағы лицензиялары бар. Жалпы кәсіпорын 2015 жылдан бері келесідей қызмет түрлерін көрсетумен айналысып келеді:
реконструкция немесе қалпына келтіру жұмыстары, күрделі және қарапайым, деңгейіне қарай бірінші және екінші дәрежелі жөндеу жұмыстары;
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары;
электрмен жабдықтау, электр монтаждау, электроэнергия бойынша қызметтер және электроэнергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары;
жөндеу-құрылыс монтаж жұмыстары;
жер телімдерін қайта қалпына келтіру жұмыстары;
жаңадан салынып жатқан жаңа теміржол желілерінің учаскелеріндегі көлік қызметі;
тиеп-түсіру жұмыстары;
ауыр салмақты техникамен қамтамасыз ету;
тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік құрылыс нысандары жұмыстары;
жеке меншікті жылжымалы құраммен жолдың және жүктердің жоғарғы құрылымының материалдарын тасымалдау;
электр қозғалтқыштарын күрделі жөндеу;
жаңа темір жол желілері құрылысы;
темір жол коннекторларын өндіру;
дәнекерлеу жұмыстары;
ескі рельстерді қайта қалпына келтіру реконструкция жұмыстары;
қиыршық тастарды, қоқысты, топырақты материалдарды өндіру және өңдеу бойынша қызметтер көрсету;
құрылыс жобалары үшін жеке сметалық жұмыстар жүргізу;
құрылыс объектілерін, нысанды тапсыру жұмыстары, құжаттамалық негізде тапсыру жұмыстары;
құрылыс үшін жобалау жұмыстары;
құрылыста геологиялық барлау жұмыстарын және іздестіру жұмыстарын жүргізу;
жылжымалы құрам үшін жолды ұсыну бойынша қызметтер;
жаңа автомобиль жолдарын салу және қайта құру, жөндеу жұмыстары және тағы да басқа ірі-ұсақ құрылыс жұмыстары [24].
Ұлы-Құм ЖШС 2015 жылы құрылған сәттен бастап, 190-300 км көлеміндегі теміржол жолдарын күрделі жөндеуден өткізді, 1,5 млн тоннадан асатын көлемдегі қиыршық тасты өндірді, 250 км көлемдегі ұзын темір жол рельстерін дәнекерлеу жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлер саны 30 адамды, бригадалар мен жобалық құрылыс жұмыс топтары 3-ке жетті.
Менеджмент теориясына сәйкес ұйымдастырушылық құрылымның 3 негізгі түрі белгілі: тігінен, көлденеңінен және жүйелік. Ұлы-Құм кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы вертикалды сипатқа ие. Бұл ұйымдастырушылық жүйенің артықшылықтары: бөлімдер тікелей директордың орынбасарына қарайды, бұл жағдайда бас директорлық операциялық қызметтермен, жаңа жобалар мен серіктестерді іздестіру, кәсіпорынның нарықтағы үлесін көбейту сынды күнделікті іс-шаралардан тыс жұмыстармен айналысуға мүмкіндігі және көп уақыты болады. Кемшілігі: кәсіпорын басшысының бөлімдердің жұмысынан бейхабар болуы, қызметкерлермен жеке таныс болу мүмкіндігінің болмауы, жұмысты қадағалай алмауы.
Қазіргі уақытта құрылыс кәсіпорындары осы типтес ұйымдастырушылық құрылымды тиімді санайды, себебі, күнделікті қалыптасқан жұмыстарды бақылау, ұйымдастыру, қызметкерлерді ынталандыру директордың орынбасарына, ал жаңа жобаларды жоспарлау, жаңа нарыққа шығу, жаңалықтар енгізу жұмыстары бас директорге тиесілі болады. Осылайша, кәсіпорынның бір орында тоқтап қалмай, дамуына, кәсіпорын өміршеңдігіне әкеледі.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы 5 бөлімнен тұрады: Кадр бөлімі; Қаржы және есеп бөлімі; Стратегиялық жоспарлау бөлімі, Маркетинг бөлімі, Өндірістік бөлім.
Ұлы-Құм ЖШС кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы келесідей сипатқа ие (4-сурет):

Сурет 4 - Ұлы-Құм ЖШС ұйымдастырушылық құрылымы
Ескерту - Дереккөз негізінде құрастырылды [24]

Ұлы-Құм ЖШС кәсіпорынның қаржылық жағдайы: 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша барлық активтерінің құны 44 150 275 теңгені құрайды, оның ішінде тауарлық-материалдық запастар 1 780 420 тг, дебиторлық берешек 10 798 845 тг құраған. Активтердің көрсеткіші өткен жылға қарағанда 4 662 205 теңгеге артқан, бұған займ көлемінің артуы (2019 жылы - 252 700, 2020 жылы - 1 752 730 тг), қысқа мерзімді аванстардың артуы (2019 жылы - 753 615 тг, 2020 жылы - 1 503 360 тг) әсер еткен.
2020 жылы өткен жылға қарағанда жалпы капитал көлемі 663 075 тг артқан (2019 жылы - 8 506 770 тг, 2020 жылы - 9 169 845 тг). Кәсіпорынның резерв мөлшері өте төмен: 2020 жылы - 59 035 тг; 2019 жылы - 35 775 тг. Кәсіпорынның 2019 жылы жалпы міндеттемелері 30 981 300 тг, ал 2020 жылы 34 980 430 тг құраған.
Ұлы-Құм ЖШС бухгалтерлік балансы 5-кестеде көрсетілген:

Кесте 5 - Ұлы-Құм ЖШС бухгалтерлік балансы, 2019-2020 жж, тг

АКТИВ
31.12.2019
31.12.2020
Ұзақ мерзімді активтер

Негізгі құрал
14,626,500
16,214,000
Материалдық емес активтер
222,500
665,890
Барлық ұзақ мерзімді актитер
14,849,000
16,879,890
Қысқа мерзімді активтер

ТМЗ
2,555,345
1,780,420
Табыс салығына алдын-ала төлем
371,800
-
Сауда дебиторлық берешек
11,967,500
10,798,845
Келісімшарт бойынша дебиторлық берешек
966,140
2,462,990
Келісімшарт бойынша активтер
1,231,720
-
Қысқа мерзімді аванстар
753,615
1,503,360
Займ
252,700
1,752,730
Өзге де қысқа мерзімді активтер
780,150
890,470
Ақша қаражаттары
5,760,100
8,081,570
Барлық қысқа мерзімді активтер
24,639,070
27,270,385
Барлық активтер
39,488,070
44,150,275
КАПИТАЛ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Меншік капитал

Жарғылық капитал
3,339,565
3,089,565
Қосымша төленген капитал
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның микроортасына талдау
Жалпы, әмбебап – ұйымдар мәдениеті
Фирманың имиджін қалыптастырудағы қоғаммен байланыстың рөлі
Персоналды басқару жүйесі туралы
Ұйымдарда өзара қарым - қатынас арқылы жағымды имидж қалыптастыру
Қазақ этикасының зерттелуі
Маркетингтегі баға құрудың теориялық негіздері
Шығармашылық үйдің визуалды имиджі
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИМИДЖ МӘНІ
Қонақ үй кешенінің сервистік құрылымы және кәсіпорынның тұтынушылық сегментін таңдау
Пәндер