Мектеп оқушылары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылы

эмблема

Мектеп

Оқушының аты-жөні

Сынып

Ғылыми жобаның атауы "Математика есептеріндегі Мыңбаевтың тарихы"

Секция Математика

Жетекшісі

Алматы қаласы, 2022

Мазмұны

Аңдатпа . . . 2

Кіріспе . . . 4

Негізгі бөлім

Ауылым - алтын бесігім . . . 6

Практикалық бөлім . . . 8

Қорытынды . . . 15

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 16

Қосымшалар . . . 17

Аңдатпа

"Математика есептеріндегі Мыңбаевтың тарихы" тақырыбында жазылған ғылыми жобада ауылдың тарихы математика пәнімен тығыз байланыста зерделенген. Ғылымдардың патшасы саналатын пәнді биология, тарих, өлкетану, спорт, мәдениетпен байланыстыра отырып, оқушының қызығушылығын арттыруға түрлі есептер құрастырылған. Зерттеу, саралау, талдау, жинақтау нәтижесінде оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған PISA халықаралық зерттеу бағытындағы мәтін есептердің қызықты әрі оңай жолдары берілген.

Кіріспе

Жүгі нарда, қазаны теңде болған қазақ халқының ежелгі мекені - ауыл болғаны баршамызға анық. Яғни, ауыл - ұлтымыздың ұйытқысы. Ауыл - адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндігі, қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті АНА болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.

Ұлы бабамыз Әбу - Насыр Әл Фараби «тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» - деген екен. Сол үшін мен туған ауылым Мыңбаевтың тарихи фактілерін, ауылыма қатысты деректерді пайдалана отырып, PISA зерттеуіне ұқсас математикалық есептер құрастырдым. (PISA-оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. PISA халықаралық зерттеуінің мақсаты - мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау) . Есептерді құрастыра отырып, мен оларды тиімді жолмен шешуді де үйрендім.

Бұл зерттеу жұмысымды оқушыларға өз өлкемізді таныстыру, қыр- сырына үңілу, оқушылардың құштарлығын арттыру мақсатымен орындап отырмын.

Өзектілігі: қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру. PISAоқушылардың шынайы өмірлік жағдайлардағы мәселелерін шешу, білімдерін қолдану қабілеттілігін бағалайтын құрал болғандықтан, есептерді де өмірмен, ауылымның тарихыммен байланыстырдым.

Мақсаты: ауылымның тарихын зерттеп, PISA есептерін құрастыру.

Міндеттері:

- ауылымның тарихын зерттеу;

- мәтіндік есептерді құрастыру және шешу әдістерін зерттеу;

- туған ауыл тарихының негізгі деректерін пайдаланып, осы тарихи деректерге негізделген PISA есептерін құру, презентация жасау.

Зерттеу гипотезасы: туған ауылым мен тұлғалардың еңбектері туралы математикалық есептерді құрастырып шығару барысында біздің туған жер тарихы жайлы біліміміз арта түсетіні анық, осыған байланысты туған жер жайлы біліміміз де тереңдеп, математикалық есептерді құрастырып, шығару дағдымыз арта түседі деп ойлаймын.

Зерттеу әдістері:

- әкімшілік, кітапхана мен басқа да ақпарат көздерін пайдалану арқылы туған ауылымның тарихы туралы ақпараттарды қорыту;

- алынған ақпаратты талдау, салыстыру және жалпылау;

- алынған ақпаратты пайдаланып есептер құру.

Практикалық маңыздылығы:

Зерттеу жұмысы мектеп оқушыларының, ересектердің, мұғалімдердің назарын осы мәселеге аудара алады. Қосымша математикадан дайындық сабағында пайдалануға болатын әдебиет.

Негізгі бөлім

Ауылым- алтын бесігім

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.

М. Мақатаев

Мен өзімнің туған өлке, өскен ортам - Мыңбаев ауылын зерттеп, қызықты мәліметтермен бөліскелі отырмын. Мыңбаев ауылы - Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Мыңбаев ауылдық округі орталығы. Мыңбаев ауылының Іргесі 1964 жылы Қазақ қой өсіру технологиясы институтының тәжірибе шаруашылығы ретінде қаланған. Ауылымызға ғалым, биология ғылымының докторы Кәрім Мыңбаевтың аты берілген. Себебі, Академик Қаныш Сәтбаев елімізге жер асты қазынасының алғашқы кілтін ұста­тып кетсе, жер беті байлығын ғылы­ми негізде игерудің іргетасын Кәрім Мың­баев қалады. Сондықтан оны «қазақ ауыл шаруашылығы ғылымының атасы» деп айтуға болады.

Кәрім Мыңбаев 15. 08. 1906 жылы қазіргі Қарағанды облысы Нұра ауданы Ивановка ауылында туған. Небәрі 20 жылдың ішінде (1928-1948) мектеп оқушысынан одақ­тық дәрежедегі академикке айналуы, елімізде ауыл шаруашылығы ғылымы­ның негізін қалаған айтулы ғалым дең­гейі­не дейін көтерілуі осының жарқын мысалы. 1944 жылдан өмірінің соңына дейін Бүкілодақтық ауыл шаруашылғы академиясы Шығыс бөлімшесінің (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесінің Төралқасының төрағасы болды. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Бүгінде жылдан жылға ауылымыз көркейіп келеді. Ауылымызда әкімшілік, қайта жөндеуден өткен «Мәдениет үйі», мыңнан астам оқушы сыятын үлкен, жарық мектеп, Қ. Ұ. Медеубеков атындағы қой шаруашылық институты, Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешені, аурухана, бала-бақшалар бар.

Қ. Ұ. Медеубеков атындағы қой шаруашылық институты

Қ. Ұ. Медеубеков атындағы "Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" 1933 жылы құрылған. Институттың негізгі міндеті - қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығының тұрақты дамуын және ғылыми қамтамасыз ету, қой мен ешкінің жаңа тұқымдарын, типтері мен желілерін құру және қолданыстағыларын жетілдіру, репродуктивтік табындарды ұйымдастыру, ғылыми-техникалық әзірлемелердің нәтижелерін, өсімін молайтудың тиімді технологияларын, ұстау және азықтандыру технологияларын өндіріске енгізу, өнімділігі жоғары асыл тұқымды өнімді өсіру және тарату, осы салалар бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін көтеру.

Институттың ғалымдары қойдың 12 тұқымы шығарды: Қазақтың биязы жүнді қой тұқымы, қазақтың арқармериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың солтүстік мериносы, етті меринос, Қазақстан мериносы, қазақтың етті-жүнді қой тұқымы, Ақжайық етті-жүнді қой тұқымы, қазақтың етті тез жетілгіш биязылау жүнді қой тұқымы, Сарыарқа құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы, Дегерес құйрықты етті-жүнді қой тұқымы, қазақтың құйрықты ұяң жүнді қой тұқымы.

Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешені

2013 жылдың 27 қыркүйегінде Мыңбаев ауылымызда қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың атындағы ауқымы 2000 м 2 , жер көлемі 2 гектар аумақты құрайтын көп салалы спорт кешені ашылды.

Жақысылық ағамыз Мыңбаев ауылының ажарын ашып, әлеуметтің әлеуетін көтерді. Палуанның ілкімді ісіне ауылдықтар да әрдайым алғысын айтып, береке тіледі. Ардагер спортшы ауылды көркейтуге күш жұмсап, ерінбей еңбек етті.

Практикалық бөлім

Есеп 1. Мыңбаев ауылының аумағы

C:\Users\User\Desktop\Эскиз_Мынбаево_М2_recover-Лист2_1.png Сұрақ:

  1. Картаның масштабын пайдалана отырып (1:2000), Мыңбаев ауылының аумағын шамамен анықтаңыз.

Ауылдың аумағын қандай тәсілмен анықтағаныңызды түсіндіріп, өз есептеулеріңізді түсіндіріңіз.

C:\Users\User\Desktop\школа.png

2) Әкімшілік пен (1) мектептің (14) ара қашықтығын анықтаңыз

Есеп 2. Ауыл тұрғындары

16 жасқа дейін
16-29 жас
30-62 жас
63 жас және жоғары
: Ер адамдар
16 жасқа дейін: 944
16-29 жас: 434
30-62 жас: 1099
63 жас және жоғары: 261
: Әйел адамдар
16 жасқа дейін: 899
16-29 жас: 436
30-62 жас: 958
63 жас және жоғары: 489

Сұрақ. Мыңбаев ауылында барлығы неше адам тұрады? Жауабы: 5520

Сұрақ. 16 жасқа дейін адам саны 63 жас және одан жоғары адамдардан қанша пайыз жоғары? Жауабы:

Сұрақ. 30-62 жас әйел адамдар 30-62 жас ер адамдардан неше есе аз?

Есеп 3. Мыңбаев ауылы халқының саны

Сұрақ. 2010 жылға қарағанда 2021 жылы халық саны қанша пайызға артты?

Сұрақ. Пайызбен есептегендегі тұрғындардың орташа өсуі қандай?

Сұрақ. Мыңбаев халқы өсуінің осындай пайызы сақталатын болса, онда Мыңбаев тұрғындары неше жылдан кейін алты мыңнан асады?

Есеп 4. Мектеп кітапханасы

Мектеп кітапханасында барлығы 37850 кітап бар екен. Оның ішінде 19274 оқулық, 18427 әдебиет және 149 әдістемелік кітаптар.

Сұрақ. Диаграммада мектеп кітапханасындағы кітап саны көрсетілген. Егер Абай қарамай сөреден бір кітап алса, ол кітап әдеби кітап екенінің ықтималдығын табыңыз?

А) 10%

В) 50%

С) 49%

Д) 45%

Есеп 5. Тест баллы

Мектепте Абайдың сыныбына математика пәнінен тест тапсырмасын орындауға тапсырмалар берілді. Әр оқушыға ең көп дегенде 100 балл. Абай бірінші 4 тесті бойынша орташа 70 балл алды. 5-тестен 80 балл алды. Абайдың математика пәнінен барлық бес тесті бойынша орташа балын табыңыз.

Жауабы: (70*4+80) /5=72 балл

Есеп 6. Сайлау науқаны

Сайлау науқанында комиссия мүшелері пакетке салып шақыру билеттерін таратты. Таратылған билеттер саны келесідей: Ақсу көшесі - 37, Көксу көшесі - 15, Алтынсарин көшесі - 23, Сейфуллин көшесі - 19, Ә. Молдағұлова көшесі - 31, Әшеекеев көшесі - 45, Қарасай батыр көшесі - 30.

1-сұрақ:

Комисия мүшесі пакетінен Қарасай батыр көшесінін шақыру билетін алу ықтималдылығы?

А. 10%; В. 15%; С. 30%; Д. 50%;

2-сұрақ:

Көше атауы
Түсу жиілігі
Көше атауы: Ақсу
Түсу жиілігі:
Көше атауы: Көксу
Түсу жиілігі:
Көше атауы: Алтынсарин
Түсу жиілігі:
Көше атауы: Сейфуллин
Түсу жиілігі:
Көше атауы: Ә. Молдағұлова
Түсу жиілігі:
Көше атауы: Әшеекеев
Түсу жиілігі:
Көше атауы: Қарасай батыр
Түсу жиілігі:

Кестені толтырыңыз және бөлшектің бөлімі барлық шақыру билеттерінін санына тең деп ала отырып (200) Көксу көшесіне шақыру билетін алу ықтималдылылығын анықтаңыз және қай көшенін билетін көп рет ала алады?

Жауабы:1. 15%(В) ; 2. 15/200=0, 075; Әшекеев көшесі.

Есеп 7. Мектеп оқушылары

Мыңбаев ауылының мектебінде 1-11 сынып оқушыларының саны - 1221 оқушы. Оның ішінде 248 оқушы үздік, 448оқушы екпінді.

Сұрақ. Мектептің оқушыларының білім сапасы қанша пайыз?

А) 45%

В) 50%

С) 55%

Д) 62%

Есеп 8. Қой түрлері

Қошқарлардың салмағы (кг)
Саулықтардың салмағы (кг)

Қозылары

(кг)

Төлшендігі

(%)

: Қазақтың биязы жүнді қой тұқымы
Қошқарлардың салмағы (кг): 110-120
Саулықтардың салмағы (кг): 55-75
Қозылары(кг): 30-40
Төлшендігі(%): 120-140
: Қазақтың арқармериносы
Қошқарлардың салмағы (кг): 90-100
Саулықтардың салмағы (кг): 58-65
Қозылары(кг): 28-35
Төлшендігі(%): 115-130
: Қазақтың оңтүстік мериносы
Қошқарлардың салмағы (кг): 85-100
Саулықтардың салмағы (кг): 50-58
Қозылары(кг): 30-35
Төлшендігі(%): 110-135
: Қазақтың солтүстік мериносы
Қошқарлардың салмағы (кг): 100-110
Саулықтардың салмағы (кг): 60-65
Қозылары(кг): 30-35
Төлшендігі(%): 110-135
: Етті меринос
Қошқарлардың салмағы (кг): 100-140
Саулықтардың салмағы (кг): 65-75
Қозылары(кг): 38-45
Төлшендігі(%): 110-150
: Қазақстан мериносы
Қошқарлардың салмағы (кг): 95-100
Саулықтардың салмағы (кг): 55-58
Қозылары(кг): 30-35
Төлшендігі(%): 120-140
: Қазақтың етті-жүнді қой тұқымы
Қошқарлардың салмағы (кг): 85-100
Саулықтардың салмағы (кг): 58-63
Қозылары(кг): 30-35
Төлшендігі(%): 110-135
: Ақжайық етті-жүнді қой тұқымы
Қошқарлардың салмағы (кг): 94-130
Саулықтардың салмағы (кг): 55-60
Қозылары(кг): 28-35
Төлшендігі(%): 115-130
: Қазақтың етті тез жетілгіш биязылау жүнді қой тұқымы
Қошқарлардың салмағы (кг): 90-100
Саулықтардың салмағы (кг): 62-66
Қозылары(кг): 32-33
Төлшендігі(%): 130-150
: Сарыарқа құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы
Қошқарлардың салмағы (кг): 95-110
Саулықтардың салмағы (кг): 60-65
Қозылары(кг): 35-38
Төлшендігі(%): 120-130
: Дегерес құйрықты етті-жүнді қой тұқымы
Қошқарлардың салмағы (кг): 90-100
Саулықтардың салмағы (кг): 57-63
Қозылары(кг): 32-36
Төлшендігі(%): 105-108
: Қазақтың құйрықты ұяң жүнді қой тұқымы
Қошқарлардың салмағы (кг): 90-100
Саулықтардың салмағы (кг): 58-64
Қозылары(кг): 32-36
Төлшендігі(%): 108- 112

Сұрақ 1.

Барлық қойдың төлшендігі 100% асады
дұрыс/қате
Барлық қойдың төлшендігі 100% асады: Ақжайық етті-жүнді қой тұқымының қошқарларының салмағы 87 кг-нан аспайды
дұрыс/қате: дұрыс/қате
Барлық қойдың төлшендігі 100% асады: Етті қой тұқымдары мен жүнді қой тұқымдарының айырмашылығы жоқ
дұрыс/қате: дұрыс/қате
Барлық қойдың төлшендігі 100% асады: Дегерес құйрықты етті-жүнді қой тұқымының қошқарларының орташа салмағы 95 кг
дұрыс/қате: дұрыс/қате
Барлық қойдың төлшендігі 100% асады: Етті меринос қой тұқымының саулықтарының салмағы 60кг-нан аспайды
дұрыс/қате: дұрыс/қате
Барлық қойдың төлшендігі 100% асады: Қазақстан мериносы мен Қазақтың биязы жүнді қой тұқымының төлшендігі бірдей
дұрыс/қате: дұрыс/қате
Барлық қойдың төлшендігі 100% асады: Ақжайық етті-жүнді қой тұқымының қозылары салмағы 40 кг асалы
дұрыс/қате: дұрыс/қате
Барлық қойдың төлшендігі 100% асады: Сарыарқа құйрықты қылшық жүнді қошқардың салмағы 60 кг
дұрыс/қате: дұрыс/қате

Сұрақ 2.

Берілген жалған мәлімдемені көрсетіңіз

А) Қ. Ү. Медеубеков атындағы қой шаруашылық институтының ғалымдары 12 қойдың тұқымын шығарды

В) Дегерес құйрықты етті-жүнді қой тұқымының қозылары 40 кг-нан аспайды

С) Сарыарқа құйрықты қылшық жүнді қой тұқымысалықтарының салмағы 70 кг жетпейді

Д) Ақжайық етті-жүнді қой тұқымының төлшендіғі 100 пайыздан аспайды

Е) Қазақтың оңтүстік мериносы мен Қазақтың солтүстік мериносының төлшендігі бірдей

Есеп 9. Күрес кілемі

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешеңінде күрес кілемі бар. Кілемде екі түсті шеңбер бар.

C:\Users\User\Desktop\i.jpg

Сұрақ. Шеңберлердің радиусын және ұзындығын табыңыз.

Сұрақ. Қызыл, сары түсті дөңгелектердің ауданын табыңыз.

Сұрақ. Жалпы дөңгелек кілемнің қанша пайызын құрайды?

Есеп 10. Орындықтар

C:\Users\User\Desktop\IMG_20190201_081054.jpg Мыңбаев мәдениет үйінде 16 орындықтан 18 қатар және 20 орындықтан 5-қатар бар. Мектептің акт залында 12 орындықтан 8 қатар бар және 18 орындықтан 3 қатар бар. Қой шаруашылық институтының акт залында 8 орындықтан 7 қатар және 10 орындықтан 2 қатар бар. ​

Сұрақ 1. Мәдениет үйіне, мектеп және институттың акт залдарына барлығы неше адам сияды?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының психологиялық негізі
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының ерекшеліктері
Баланың сөйлеу тілінің дамуында жаңылпаш пен жұмбақ қолдану
Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық- педагогикалық дамуы
Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz