АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
ҚУАНЫШ АРАТҰЛЫ
Ақпараттық құқық бұзушылықтармен күресу аспектілері
МОНОГРАФИЯ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2019
УДК 343
ОӘК 343
Рецензенттер: з.ғ.д., профессор А.Е. Жатканбаева
PhD А. Алтынбекқызы
Қ. Аратұлы Ақпараттық құқық бұзушылықтармен күресу аспектілері. Монография. - Алматы: Қазақ университеті, 2019.
Монография баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылды.
ISBN 978-601-04-3986-3
Бұл моногрфиялық еңбекте ақпараттық қылмыстармен күресудің қылмыстық саясаты қарастырылады. Компьютрлік қылмыстылық ұғымына және онымен сабақтас терминдер мен ағымдарға түсінік және анықтама беріле отырып аса өзекті қоғамдық мәселелер жан-жақты қозғалады әрі талқыланады. Сонымен қатар аталған мәселенің халықаралық деңгейдегі жағдайы ескеріліп қылмыстық-құқықтық заңшығару үдерістері негізге алынады.
Аталған ғылыми еңбек ардақты да кұрметті ғылыми жетекшім заң ғылымдарының докторы, профессор Рима Еренатқызы Джансараеваға арналады.
ISBN Аратұлы Қ.
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ...
4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ ... ... ... ... ... ... ... . ..
9
1.1
Компьютерлік қылмыстылық пен киберқылмыстардың түсінігі және олардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
1.2
Жоғары ақпараттық технологияларды пайдалану салаларындағы қылмыстармен күресудегі мемлекеттің қылмыстық-құқықтық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
2
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
49
2.1
Компьютерлік технологияларды пайдалану және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
49
2.2
Ақпараттық құқық бұзушылықтардың криминологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
93
3
КОМПЬЮТЕРЛІК ҚЫЛМЫСТАРМЕН КҮРЕСУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ ... ... ... ... ... ... ..
118
3.1
Қазақстанның киберқылмыстылықпен күресудегі шет елдермен қарым-қатынасы, байланысы және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... .
118
3.2
Компьютерлік қылмыстылықпен күресудегі тәжірибелі мемлекеттердің қылмыстық-құқықтық саясаты мен әдіснамасы ... ..
129
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...
137
АНЫҚТАМАЛАР, белгілеулер мен Қысқартулар
Бұл жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Ақпаратты бөгеу дегеніміз - компьютерлерді пайдаланушылар үшін ақпараттпен қатынау мүмкіндігін жасанды түрде қиындатып қою немесе сол әрекеттер үшін тосқауыл жасау
Ақпаратты жою дегеніміз - компьютерлік ақпаратты оның қалыпқа келуінсіз физикалық түрде ликвидациялау немесе ақпаратты сақтағыш заттан оны түбегейлі жойып жіберу
Ақпаратты көшіру - компьютерлік ақпаратты басқа сақтағышқа немесе тасымалдағышқа ауыстыру арқылы репродукциялау
Жаңарту (өзгерту немесе модификациялау) - ЭЕМ-де, ЭЕМ жүйесінде және желілерінде ақпараттың мазмұнын кез келген қалыпта өзгерту және сонымен қатар ақпараттың бағыттық маршрутын немесе жүру жолын өзгеріске ұшырату
Интернет - халықаралық глобалды байланыс желісі
ИК-порт, WI-FI - инфра-қызыл сымсыз жалғану
К басқармасы - компьютер қылмыстарымен айналысатын тергеу бөлімі
Компьютерлiк вирус - арнайы жазылған шағын көлемдi (кiшiгiрiм) программа. Ол өздiгiнен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды бүлдiруге кiрiседi, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсiз әрекеттердi iстeйдi. Iшiнен осындай вирус табылған программа ауру жұққан немесе бүлiнген деп аталады
Қылмыстық саясат - бұл қылмыстылықты қысқартуға, келтірілетін зардап мөлшерін азайтуға бағытталған қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізулік, сондай-ақ криминологиялық және басқа да шаралардан тұратын мемлекетпен жасалатын және ары қарайға қадағаланатын қылмыстылықпен күресу шараларының мемлекеттік стратегиясы және тактикасы
Құрттар - жүйелiк программалаушылардың информациялық-есептеу жeлiлерiнің бос тұpған ресурстарын анықтау программаларына кiрiп алып, сол бос құрылғыларды тeктен тек жұмыс iстеуге мәжбүр eтeдi. Мысалы, оларды шексiз циклге енгiзiп, құрдан-құр жүргiзiп кояды нeмeсe қажетсiз мәлiметтердi баспаға шығартады
Мәліметтер базасы дегеніміз - бұл ЭЕМ арқылы табылуы және барлануы мүмкін болатындай жүйеленген мәліметтер (мысалы: мақалалар, есептеулер, кестелер) жиынтығының объективті формада ұсынылған және ұйымдастырылған түрі
Персоналды компьютерлер (ПК) - үстел үстіне орнатылады, көп функциялы, көптеген перифериялық қосымша құрылғылары бар, мүмкіндіктері мол, кеңселік жұмыстарда және басқа да мақсаттарда қолданылатын құрал
ЭЕМ желісі - бір-бірімен электрбайланыс сымдарымен немесе сымсыз портпен біріктірілген компьютерлер жиынтығы, немесе байланыс каналдарының не құралдарының әр компьютердің оның орналасқан жеріне қарамастан есептеу және ақпарат ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін жиынтығы
ЭЕМ жүйесі - компьютерлердің біреуі жүйенің элементі болып саналатын немесе бірнеше ЭЕМ жүйесінен тұратын компьютерлік кешен немесе компьютерлік сервер
CD - компактілі диск
CD-ROM, DVD-ROM - лазерлі дисктерді оқитын құрылғылар
Ctrl-C, Ctrl-Break - пернетақта батырмаларының комбинациясы
DVD - компактілі видео диск
e-gov - электронды Үкімет
HD - hard disc, қатты диск
IMEI - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру (идентификациялық) коды (ағылш. International Mobile Equipment Identity) мобильді құрылғыларды анықтайтын халықаралық стандарт
МІТ - Массачусетс технологиялық институты
SIM (ағылш. Subscriber Identification Module) абонентті идентификациялау модулі - мобильді байланыс түрлерінде қолданылатын абонентті сәйкестендіру және анықтау модулін жүзеге асыратын құрал. Кейпі физикалық пластикалық шағын карта
WWW - (World Wide Web) Әлемдік Ғаламтор
АКТ - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
АҚШ - Америка құрама шатттары
АЭС - атом электро станциясы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
БҚО - Батыс Қазақстан облысы
БҰҰ - біріккен ұлттар ұйымы
ВЗУ - внешнее запоминающее устройство; сыртқы сақтау құрылғысы
ДОС (DOS) - операциялық жүйесі
ЖИТ - жаңа информациялық технологиялар
ІІБ - Ішкі істер басқармасы
ІІМ - Ішкі істер Министрлігі
КТҚ - компьютерлік техника құралдары
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚІЖК - Қылмыстық іс жүргізу кодексі
МБ - мәліметтер базасы
ОЖ - операциялық жүйе
ОЗУ - оперативное запоминающее устройство; жедел түрде сақтаушы құрылғы
РФ - Ресей Федерациясы
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ФТБ (ФБР) - федералды тергеу бюросы
ЭЕМ - электронды есептеу машинасы
ЭҮ - электронды Үкімет
*.com,*.exe - түрлі кеңейтілулі файлдар
0 және 1 - нөл және бір сандарынан тұратын екілік (бинарлы) сандар жүйесі
КІРІСПЕ
Қоғамның тарихында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан бастап технологиялық революция феномені бастамасын тауып міне осы күнге дейін зымыраған қарқынмен дамып, адамзаттың өмірін таңғаларлық өзгеріске салып келеді. Бұл революция көптеген салдарға алып келді, ғылым сан түрлі бағыттарға ыдырап жаңа ғылым және ілім салалары туындады, осы сәттерден бастап автоматтандырылған технологиялар тоқтаусыз дамып өзгеріске түсе бастады. Соның ішінде байланыс құралдары мен есептеу машиналары пайда болды.
Есептеу машиналары бастамасын XX ғасырдың 50-60 жылдары алады. Алғашында ешбір қатер қауіпсіз әлеуметтік технологиялар қоғамға еніп кетті, бірақ тәжірибе көрсеткендей, кез келген жаңалық адамзат үшін тек пайдасын тигізе қоймай, кері әсерін де қалдырады. Пайда табу көзі бар жерде адамдар пайданы көптеп, кейде шексіз көргісі келеді, соның салдарынан заң нормаларын кесіп өту де туындайды.
Жаңа технологиялар тарихы өте ауқымды, соның ішінде казіргі қоғамның міндетті қосалқы бөлшегі ол компьютерлік технологиялар. Компьютерлер коғамның абсолютті түрде барлық салаларында бар десек аса қосып айтушылық болмас. Кез келген баспанада, қоғамдық орындарда, оқу орындарында, кітапханаларда, мемлекеттік мекемелерде, мұрағаттарда, жерде, әуеде, суда, жер астында болсын, космоста да, тіпті жеке адамның қалтасында, автокөліктерде, жалпы айтатын болсақ барлық жерде компьютерленген технологиялар кездеседі.
Компьютерлік қылмыстар ұғымы немесе казіргі кезде айтатындай киберқылмыстар салыстырмалы түрде жаңа ғасырда пайда болды. Адамзат өмірі күнделікті үйреншікті жай өмір мен виртуалды өмірге бөлініп кетті. Адамдар ара-қашықтықты қысқартып үйренді, үйден шықпай-ақ жер көру, сөйлесу, көрісу, құжаттар жіберу, құпияларын айту, тіпті сатып алуды орындау қиынға түспеді. Осының барлығы жаңа азаматтық қатынастарды алып келді, ал адам қатынасқа түскен жерде әрдайым қылмыс орнын тауып өтеді.
Ешкім компьютерлік сауаттылыққа теңдей ие емес, біреулер жаңа технологияларды жетік білсе, екіншілер базалық дәрежеде ғана пайдалана алады, үшіншілер мүлдем олардан алшақ. Сондықтан күштілер жоғарыда, ал әлсіздер төменде болады, біреулер осы қатынастардың субъектілері, екіншілері қолсұғушылықтың объектісі болады. Оларды қолсұғушылықтан тек заң қорғай алады. Ал заңның дамуы мен әмірі ғылымға тікелей тәуелді. Сол себепті біз ғылыми тұрғыдан осы мәселені қолға алып болашақта мемлекеттік органдармен заңнаманы жетілдіруге қатысты біріге жұмыс атқаруды тамамдаймыз. Компьютерлік қылмыстардың өзектілігі қазіргі таңда сөзсіз маңызды.
Қазақстан басқа мемлекеттер сияқты ғылыми техникалық революцияның жаңа келесі қадамына ауысып келеді, яғни техникалардың даму темпі өрбіген, ақпаратты автоматты түрде өңдеу, жаңа интеллектуалдық технологияларды жасау негіз болған ақпараттық қоғам орнап келеді. Аталған факторлар әлеуметтің, қоршаған ортаның мәдениеттік, саяси, құқықтық өмірінің түбегейлі өзгеруіне сөзсіз ықпал етеді. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер өздернің басты мақсаты ретінде ақпараттық қоғамға көшу бағдарламаларын жасау мен концепцияларын жүзеге асыруды қойып отыр. Бұл осы мәселенің шындығында жер жүзін дүрсілкіндіріп отырғанын көрсетеді.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында саяси, экономикалық, жаһандық ғаламторлық әлемнің және әлеуметтік тұрғыдан дамуы, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Мемлекетімізде құқықтық негіз берік орын алды. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген жетістіктерге жеткені бәрімізге анық, бірақ мемлекетімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық. Жалпы компьютерлік қылмыстылық басқа қылмыстарға қарағанда соңғы жиырма жылдыққа дейін көп кездесе бермеген факторлардың бірі, уақыт өте келе бұл мәселе қауіптілік дәрежесі жоғары қылмыстар қатарына бірте-бірте жақындап келеді. Бірақ та бұл тұрғыдағы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі оның латенттігіне байланысты, яғни мұндай қылмыстардың ашылуы, ресми тіркелуі көп қиындықтарды туғызады. Компьютерлік қылмыстардың ішіндегі көп кездесетіні компьютерге, оның құрылғыларына, компьютерлік жүйеге және желіге заңсыз кіру, зиянды бағдарламаларды шығару, енгізу және тарату заңсыз әрекеттері, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді, ондағы мәлімет пен ақпаратты талан-таражға салу, өзгерту, көшіру және жойып жіберу.
Алғашында батыс елдерінде дамуын алған бұл қылмыстар ТМД елдерінде де көрініс таба бастады, әлемдік елдермен қатар біздің мемлекетіміз де бұл мәселеге тойтарыс көрсету амалдарын жетілдіруге дайындық үстінде. Бұл қылмыстың өрбуі еліміздің экономикасына, сонымен қатар әлеуметтік факторларына теріс ықпалын тигізуде. Осы мәселемен күресуде мемлекетіміздің тәжірибесі жетінкіремей, құқықтық мәселесі жетілмей отыр. Бұл проблемамыздың бірден-бір себебі халқымыздың ақпараттық сауаттылығының төмендігі, құқыққорғау органдарымыздың тәжірибесі мен біліми дәрежесінің төмендігі, бұл мәселенің елімізге жаңадан келуі, глобалды желі субъектілері мен объектілері әлемнің кез келген нүктесінде болуы. Осы себептермен байланысты ақпараттық қауіптілік кез келген жерден төнуі мүмкін.
Жоғарыда айтып кеткендей, жаңа қоғамды ақпараттандыру жоғары ақпараттық технологиялар негізінде жасалатын жаңа қылмыс түрлерінің пайда болуына әкеп соқты. Бұл қылмыс құралдарының спектрі кең, ол жай үйдегі персоналды копьютерлерден бастап жоғары дәрежелі есептеу жүйелеріне дейін тараған. Мұндай саладағы қылмыстармен күресу мәселесі үлкен қиындық тудырып отыр, сол себепті бұл тақырып ашық тақырып және өте өзекті мәселе болып отыр.
Компьютерлік қылмыстарды жасаудың ерекшелігін ескере отырып, олардың аса латентілігін атап кету керек. Олай дейтініміз, аталған қылмыстардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол қылмыстардың жасырын жасалуында, екіншіден, бір ғана қомпьютерлік (ақпараттық) қылмыстың өзі үлкен материалдық шығын келтіруі мүмкін. Үшіншіден, мұндай қылмыстар жоғары дәрежелі, жоғары білікті, білімді, тәжірибелі өз саласының мамандарымен жасалады.
Елбасымыз халыққа арнаған жолдауында экономикалық қылмыстылықпен күресуге көңіл бөлуге талап қойды. Біздің мақсатымыз қазіргі таңдағы ғылым мен қоғамның басты және өзекті аспектісі ретіндегі компьютерлік ақпараттық қылмыстармен күресудің криминологиялық және қылмыстық саясатты кешенді зерттеу және ұйымдастыру, сонымен қатар осы топтағы қылмыстардың криминогендік, жалпы және ерекше белгілерін қарастыру, шетелдіктердің тәжірибесі мен теориясын пайдалана отырып, зерттеулер жасап, өз еліміздің жағдайын саралап мүмкіндігінше жаңа тәсілдер енгізіп, қылмыстармен күресу, алдын алу амалдарын шығару, жалпы халықтың осы саладағы қылмыстарға қатысты көзін ашуға, ақпараттық сауаттылығын жоғарылату, мұндай қылмыстардан алшақ болу және қорғана білуді үйрету, құқық қорғау органдарына белгілі бір дәрежеде көмегімізді тигізу, қылмыстардан сақ болу және аталған мәселелерді шешуге септігін тигізер басқа да сұрақтарды көтеру болып табылады.
1 АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗЫШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ
1.1 Компьютерлік қылмыстылық пен киберқылмыстардың түсінігі және олардың жалпы сипаттамасы
Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы есептеу техникасы арқылы жасалатын аса қауіпті қылмыстармен кездеспеген.
Қазіргі замаңның қоғамын информатизациялау, компьютеризациялау жаңа қылмыс түрін киберқылмыстарды тудырды. Олардың өйтіп аталу себебі қылмыскерлер қылмыс жасайтын кезде есептеу жүйелерін, байланыс және телекоммуникацияның жаңа құралдарын, ақпаратты алудың дыбыссыз электронды түрлерін, компьютерлерді және т.б. пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауында Киберщит бағдарламасын қалпытастыру және сандық Қазақстан саясатын жүргізуді Үкімет басшыларына тапсырған болатын [1].
Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдениеттік өміріндегі ақпараттық технологиялардың дамуының динамикасы ақпараттық қауіпсіздік мәселесін шешуге жоғары талаптарды қояды. Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ақпаратты алу, пайдалану саласындағы адам мен азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығын жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтік механизмдері кешенді әдістерді қажет етеді, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуды, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты, заңдылықты және құқықтық тәртіпті, ҚР аумақтық тұтастылықты, конституциялық құрылымды, егеменділікті қажет етеді [2].
Біраз статистика көз салатын болсақ, ҚР Ішкі істер министрлігінің 2003 жылдың сәуір айында құрылған, құзыреттігі бойынша жоғары технологияларды қолданылып жасалған киберқылмыстарды анықтау, жазалау және ашу болып табылатын К басқармасының қызметкерлерінің айтуынша, электронды есептеу техникаларын және ақпараттық технологияларды пайдалана істелетін қылмыстар саны өсіп келеді. Мысалы, егер 2003 жылда Республикамыздың ішкі істер органдарымен осы категорияға жататын 17 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелсе, 2004 жылда олардың саны - 26, 2005 - 713, ал 2006 жылда мұндай 1437 факті тіркелген (1- сурет).
Мұндай тенденцияның құрылуы, мамандардың пікірінше, адамдардың интернет желісін пайдаланумен, бұрынғы ТМД елдері мен Қытайдан келетін контрафакті өнім ағымының өсуімен, электронды техникаларға қондырғы ретінде пайда болып жатқан әртүрлі технологиялардың шығып, ел арасында тез тарауымен байланысты. Киберқылмыстардың өсуінің тағы бір себеп факторы адамдардың есепайырысуының ақшасыз түрінін дамып кетуі. Қылмыскерлер осы электронды түрде қаражат мөлшерін ұрлауды көңілсіз қалдыра алмайды, себебі жеңіл ақша табудың бір мүмкіндіктері пайда болып жатыр.
Сурет 1- Статистикалық көрсеткіш (компьютерлік қылмыстардың динамикасы)
Киберқылмыскерлердің объектісі белгілі бір адам немесе тіпті белгілі бір адамдар тобы болуы мүмкін. Қылмыскерлер әртүрлі сайттар, көп жағдайда нәпсіқұмарлық сипаттағы сайттар жасап, жеңіл қылықты әйелдер ретінде суреттер мен телефон не мекен-жайды көрсетіп адамнан керекті ақпаратты шығарып алады. Белгілі адамдар тобына қарсы жасалатын қылмыстарға төлеммен немесе басқада бухгалтерлік операциялармен, қағаздармен автоматизацияланған компьютерлік жүйені пайдалана жұмыс жасайтын ұйымдар мен мекемелерге қатысты жасалатын киберқылмыстар жатады.
Ал кейбір лауазымды тұлғалардың айтуынша, Қазақстан үшін киберқылмыстардың зияны айтарлықтай төмен, себебі біздің қоғамда бұл мәселе шетелдегідей аса дамымаған. Бірақ аса бір маңызды мәселе ол сайттарда саясаткерлердің, нақты жеке тұлғалардың немесе басқалардың атын қорлау, жала жабу, атына кір келтіру. Барлық сайттар бізде бұқара ақпараттық құралдарға жатады, сондықтан мұндай сайттар шын мәнінде заңмен қудалануы мүмкін.
Мәдениет және ақпарат Министрінің айтуынша, оның ведомствосында болашақта Интернет сайттарды қадағалайтын концепция жүзеге асырылып жатыр. Жалпы халықаралық аренада 45 ірі елде Глобалды Интернет желісіне тотальды мемлекеттік бақылау жүйесі ұйымдастырылған. Ал Қазақстан бұл жолды таңдаған жоқ, себебі бұл авторитарлық мемлекеттің белгісі болып тұр, ал Қазақстан өзін, барлығымыз білетіндей, демократиялық, зайырлы мемлекет деп таниды. Бірақ мемлекет өз халқын Интернеттің жағымсыз жақтарынан қорғап қалу үшін оны қадағалап отырғаны дұрыс. Біз білетіндей Интернет порнографиялық, қылмыстық, террористік және экстремистік байланыстар үшін жақсы ресурс болып табылады. Бұл мемлекеттер үшін Интернетті қадағалаудың бірден-бір басты себебі болғанды-мыс.
Прогрессті ештенемен тоқтату мүмкін емес. Адамзат қазір үлкен қарқынмен дамып жатыр. Кейде тіпті заңнама қоғамның дамуын реттеу үшін нормаларын қарастырып та үлгермейді. Компьютерлік ақпаратты Қазақстанның қылмыстық заңнамасында қылмыстық-құқықтық қорғау ҚР Қылмыстық кодексінің 7-тарауының 205-213 баптарында айтылған [3]. Ол Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар.
Компьютерлік қылмыстылықтың шегі жоқ. Ол халықаралық деңгейдегі ұғым болып табылады. Адам өміріне жаңа технологиялардың енуінен бастап, ақпараттармен алмасу тез, арзан және тиімді болды, сәйкесінше ақпарат саласындағы қылмыстар да адам ұғымының шегінен асып барады, тіпті белгілі қылмыс түріне анықтама беру мүмкін емес.
Ғылыми-техникалық революция ағымы қоғамда маңызды әлеуметтік өзгерістер әкелді, соның ішінде басты қоғамдық қатынастар мен ресурстардың жаңа түрі - ақпараттық қатынастар. Олардың алғашқыда болған ресурстардан бірқатар ерекшеліктері бар: 1) олар тұтынылмайды және физикалық емес, моральдік қабылдауға жатады; 2) олар өз мәні бойынша материалды емес және белгілі физикалық кейіпті ала алмайды, тек арнайы физикалық тасығыштарда сақталады; 3) оларды пайдалану басқа ақпарат көздерін пайдалануды азайтады, сонын арқасында уақыт пен құралдарды үнемдеуге жақсы мүмкіндік береді; 4) оларды жасау және пайдалану процессі ерекше жолмен, яғни компьютерлік техникамен жүзеге асырылады.
Ақпарат қазіргі заман қоғамының негізі болды, қоғам қызметінің пәні мен нәтижесі, ал оны жасау, жинау, сақтау, беру және жетілдіру процессі өз кезегінде оның өндірісінің құралдарын жетілдіру (электронды есептеу техникасы, телекоммуникация құралдары және байланыс жүйелері) прогрессін тудырды.
Жалпы осының бәрі жаңа информациялық технология ұғымына кіріп кетеді. ЖИТ адам қызметінің әртүрлі саласындағы ақпараттық процесстерді жүзеге асыру тәсілдері мен құралдарының, яғни адамның ақпараттық қызметін (оны басқаша ақпараттық жүйе ретінде қарастыруға болады) жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы болып табылады. Басқаша айтқанда, ақпарат қоғамдық ақпараттық қатынастардың өнімі болады, сәйкесінше тауарлық белгілерге ие болып сату-сатыпалудың пәніне айналады [4].
Қоғамдағы жүріп жатқан ақпараттық процесстердің нәтижесі болып жаңа әлеуметтік қатынастардың пайда болуы мен қалыптасуы немесе өзгеруі табылады. Мысалы, тіпті қазір дайындаумен, берумен, және шарттық қатынастар көлемімен байланысты әртүрлі шарттық қатынастарды ғылыми-техникалық құжаттау жөнінде, бағдарламалық қамтамасыз ету, мәліметтер базасы және олармен жұмыс жасайтын басқару жүйесі жөнінде айта кетсе болады.
1974 жылы нарықта компактілі және салыстырмалы қымбат емес персоналды компьютерлердің пайда болуы шексіз тұлғалар шеңберіне мықты ақпараттық ағымдарға қосылуына мүмкіндік берді [5, 3 б.].
Бұл жерде ақпаратқа, оның сақталуына және сапалылығына қатысты қолжетімділікті бақылау туралы мәселе туындады. Ұйымдастырушылық шаралар және де қорғаудың бағдарламалық және техникалық құралдары толық қанды тиімді болмады.
Қазақстандық социумда компьютерлік техниканы қолдану арқылы жасалатын қылмыстар қоғамға беймәлім жат қылық, олар тек шетелдіктерге таным әрекет деген стереотиптік ой қалыптасқан. Бұл ойды жарым-жартылай дұрыс десек де болады, себебі еліміздің кейбір түпкірлерінде компьютеризация тұрмақ коммуникация түрлері, тіпті жай ғана ауыз су жүргізілмеген. Мүмкін сол себептен осы мәселеге қатысты ғылыми жұмыстардың тапшылығы түсіндіріледі. Бірақ соған қарамастан компьютерлік қылмыстар бізде оларға жеткілікті мөлшерде көңіл бөлетіндей дәрежеде кездесіп те жатады.
Осыдан 15-20 жыл бұрын компьютерлік қылмыстылықты Қазақстанда жоққа шығарса келісуге болатын-ды. Ал қазір ақпараттық жағдай мүлдем өзгеше, оған төменде бірнеше мысал келтіріп кетуге болады.
Мысалы, 2005 жылы шілде айында Қарағанды қаласының оқушылары Нурсат компаниясының серверіне хакерлік шабуыл жасаған. Шығын шамамен 260 млн. теңге көлемін құраған [6].
2011 жылдың 27 тамызында белгісіз хакер ҚР Батыс-Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының сайтын бұзған, хакердің жалған аты Ахмдаса (латын әріптерімен жазылған) немесе 2010 жылы түріктердің Соғыс атты хакерлік тобы Қазақстан Республикасы БҚО-ның ІІБ-сының, Облыстық соты және Облыстық прокураттурасының сайттарын бұзған екен [7].
Кез келген мемлекеттің ұлттық инфрақұрылымы бүгінгі күні жаңа компьютерлік технологиялармен тығыз байланысты. Банктік және энергетикалық жүйелердің күнделікті қызметі, көлік жүйелері, әуе қозғалысы тіпті медициналық жәрдем мен адамға қажетті күнделікті мұқтаждық қызметтері мен сервисі автоматтандырылған электронды есептеу жүйелерінің дұрыс және қауіпсіз жұмысына толық тәуелді. Қазіргі таңда жалпы қылмыстардың басты бөлігін жаңа технологиялармен байланысты жасалатын қылмыстар саны қамтып келеді. Оның тез дамып өсуіне тікелей қазіргі жаңа заманның негізгі бастамасы Интернет ғаламторымен тікелей байланысты және өнымен тең дәрежеде күресуді жүзеге асыра алмай келе жатқан өкілетті органдармен және тиісті шаралардың жетіспеуімен байланысты.
Компьютерлік қылмыстар қазіргі кездің аса өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан жылға адамдарды аса қауіппен мазалап отыр. Осыдан тіпті 3 жыл бұрын бұл мәселенің жағдайы басқа болды, 5 жыл бұрын одан өзгеше болды, ал 10 жыл бұрын компьютерлік қылмыстар адамзат баласын қазіргі кездегідей толғандырмаған десек артық болмас.
Болашақта жай ғана қатардағы адамның күнделікті өмірін компьютерлік технологияларсыз елестетіп көру де мүмкін емес, жаңа қоғамға жат құбылыс секілді. Мемлекеттердің компьютерлік қылмыстылықпен күресуге бағытталған шараларына қарамастан әлемдегі оның саны күрт өсіп келеді. Ресми емес мәліметтер бойынша Кеңес билігі кезінде ең алғашқы компьютерлік қылмыс 1979 жылы жасалған, зардап мөлшері 80 мың рубльге шаққан. 1997 жылға Ресей Федерациясында жоғары технологиялар саласында қылмыстар саны 300-ге жетеді, ал 2000 жылы тіркелген қылмыс саны 1300-ге барады. Украинада 2002 жылы 31 қылмыстық іс қозғалады, ал Қазақстанда 2000 жылдан 2008 жыл аралығында шамамен 2 мыңға жуық осы тектес қылмыстар тіркеледі [8].
Өзекті мәселе болып осы түрлі жай қолданыстағы персоналды компьютерлер мен телефондардан бастап қиын технологияларды пайдалану арқылы, техникалық құралдар мен әдіс-тәсілдерді білетін жоғары білікті мамандардың қызметіне жүгіне отырып ұйымдасқан қылмыстарды жасайтын тұлғалармен күресу келеді. Казіргі кезде жалған құжаттар мен жасанда ақша белгілері компьютерлік өңдеу мен перифериялық құралдардан шығару арқылы дайындалады. Бұның себебі жаңа техникалар мен технологиялардың кез келген тұлғаға қолжетімді болуы және жеңіл оларды пайдалануда. Жаңа техникалардың тез дамып, қоғамға енуінің жылдамдығына және адамдардың оларды теріс мақсатта пайдалану айласын табуы ағымына, қылмыспен күрес жүргізу сатыларының әрқашан бірнеше қадам арта қалуы жаңа ғасырдың үлкен кетігі болып отыр және бұл екі үрдістің осы жылдамдықта қозғалуы ұзақ уақыт өзгеріссіз болып тұр. Уақыт өте келе ара-қашықтық алшақтап келеді, оның пайдасы тек қылмыскерлердің қанжығасына. Компьютерлерді немесе желілерді пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың қаупі соншалықты адам баласы оны көз алдына елестете алмайды. Жай ғана Интернет арқылы таратылатын ақпараттар мен зияткерлік шығармалар, авторлық және сабақтас құқық иегерлері зиян шегетін мөлшерді елестеткеніміз жеткілікті. Жасөспірім балалар порнографиясы мен лицензиялы өнімдердің контрафактілі көшірімдері қоғамға моральді және материалды шығын келтіреді. Бұл зиян мөлшері миллиондаған не миллиардтаған қаражат мөлшерінде есептеледі. Мұндай жағдайда қылмыскерді жауапқа тарту мүлдем мүмкін емес, себебі заңсыз ұсыныс жасаушы жердің нақты белгісіз бір нүктесінде орналасса, мысалға Бразилияның бір жерінде болсын, ал тұтынушы Казақстанда болуы мүмкін. Жаңа технологиялар мен глобалды Интернет желісі адам баласының қадағалауына және бақылауына бағынбайтын XXI ғасырдың, қоғамның, жеке тұлғаның іштей құртатын үлкен бір жауы. Мұндай зиянкестермен күресудің бір амалы болып барлық мемлекеттердің бірдей болып бірігіп, ынтымақтастық білдіре білгені болады. Қазіргі таңда көріп отырғанымыздай мемлекеттер арасында тек қана жанжал мен саяси қақтығыстар орын тауып отыр, оның бірден бір себебі терроризм мен экстремизм, саяси тұрақсыздық, бүкіләлемдік дағдарыс пен халықаралық аренада жер қойнауына күресу, сыбайлас жемқорлық, діни араздықтың дамуы, ал осының барлығының дамуының ең тиімді құралы - ол ИНТЕРНЕТ желісі.
Компьютерлік технологияларды экономикалық қылмыстар мақсатында пайдалану ол ақиқаттың тек бергі жағы. Сөзсіз компьютерлік қылмыскерлер қомақты қаржы соммаларын ұрлап жәбірленушіге аса ұлкен шығын келтіреді. Бірақ, біздің ойымызша компьютерлік технологияларды пайдаланатын қылмыскерден туындайтын қауіп ол мемлекеттік қауіпсіздік. Хакерлер, яғни компьютерлік қылмыскерлер, соңғы кездерде жиі-жиі мемлекеттік органдарға, нақтырақ осы органдардың, қызметтік сайттары мен мәліметтер базасын сақтайтын серверлерге ғаламтор арқылы немесе желіге жалғану арқылы жасырын шабуыл жасап келеді. Қылмыскерлердің ниеті экономикалық сипаттан саяси мәнге ие болды. Егер бұрын хакерлердің объектісі жеке тұлғалар, кәсіпорындар мен банктер болса, қазір олар жаңа қадамға ауысты. Бұл қылмыскерлердің мемлекеттік құзырлы органдардан бір бас жоғары тұрғанын және бір қадам алдыға ойлайтынын көрсетеді.
Ақпаратық революция мемлекетімізге қиын экономикалық және саяси кезеңде күрт басып кірді. Мемлекет тарапынан қолға алынған шаралар тым кеш болғандай, қоғамдық қатынастарды реттейтін шаралар жүйесі әсерсіз қалды, енді дегенде жаңа нормалар кешені қажет болды. Қоғамның қатынасы жаңа технологиялық қатынастар аясына өтті, қатынастар арасында ақпаратық өнім пайда болды, түрлі қызмет түрлері пайда болды, ақпараттық қатынастар геометриялық прогрессия түрінде жан-жақта тарады. Ақпараттық қатынастар арқылы біз сауда-саттықа түсеміз, ақысыз түрде (MP3, MP4, doc., vav, exe., adobe, avi, mkv, wmv, 3GP, JPG және т.б. форматтағы) шығармалар мен туындылар аламыз, зияткерлік қатынастар бұзылады, авторлық және сабақтас құқықтар бұзылады, порногрфиялық өнімдер таратылады, жасөспірім балалардың психикасы бұзылады, террористер және экстремистер ешбір бақылаусыз сөз байласады, ұлтаралық және нәсілдік қақтығыстар интернет арқылы өрбіп барады, контрабанда жүзеге асырылады, наркотикалық тауарлар сатылады, мемлекетке опасыздық жасалады, қыздар тәнін сатады, алаяқтық еш кедергісіз жүріп жатады, ақпарат талан-таражға салынады, адамдардың ар-намысы мен абыройына кір келтіріледі, жалған ақпарат таратылады және осылар сияқты сан түрлі қылмыс түрлері ерікті түрде орындалып жатады.
Әсіресе заңсыз ақпаратық іс-әрекеттер мәселесі технологиялық және ақпараттық желілер жағынан жоғары дамыған мемлекеттер ішінде тез дамып келеді. Қосымша шараларға мәжбүр болған олар құқықтық және соның ішінде қылмыстық құқықтық қорғау шараларын қолданбақшы болды. Мысалы, шетел тәжірибесіне келетін болсақ, Францияның 1992 жылғы Қылмыстық кодексінде меншікке қатысты қылмыстар тарауы автоматизациялаудан өткен мәліметтер жүйесін талан-таражға салу туралы нормамен толықтырылған, онда автоматизациялаудан өткен мәліметтер жүйесіне толығымен немесе бір бөлігіне заңсыз кіру, осындай жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіру немесе жұмысын бүлдіру немесе алдау арқылы жалған мәліметтер енгізу, мәліметтер базасын өзгерту не жою туралы айтылған [9].
Бұл мәселеден халықаралық ұйымдар шет қалмады, әсіресе Европа Кеңесі компьютерлік ақпарат саласындағы құқықбұзушылықтар мәселесіне арнап, арнайы конвенция жобасын қарастырып оны ұйымдастыруды қажет деп тапты. Мәселен, Ресей құқықтанушылары ақпаратты автоматты түрде ұйымдастыру тәсілдерін қолдану саласына қатысты сауалды көтеру туралы мәселені бұрыннан көтеріп келеді. Сөйтіп, Ресейде 1992 жылы Электронды-есептеу машиналарының және мәліметтер базасының бағдарламаларын құқықтық реттеу туралы заңы қабылданды [10].
Бұл заңда ЭЕМ үшін бөтен бағдарламаларды немесе мәліметтер базаларын өз атынан шығару не заңсыз тарату немесе айналымға шығару қылмыстық жауапкершілік тудыратыны туралы айтылған. 1994 жылы компьютерлік ақпаратпен байланысты бірқатар нормалардан тұратын Азаматтық кодекс, ал 1995 жылы Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы Федералды заң қабылданды. Компьютерлік ақпараттың қауіпсіздігін тудыратын құқықтық шарттар жүйесінің логикалық дамуын 1996 жылы дайындалған компьютерлік қылмыстар үшін жауапкершілік тудыратын бірқатар баптар тобы түсіндіреді.
Бұл заңда компьютерлік ақпарат ұғымына жақсы анықтама берілген. Ол бойынша, компьютерлік ақпарат болып ұсыну нысанына қарамай тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процесстер туралы мәліметтер табылады. Бірақ компьютерлік ақпарат дегеніміз мәліметтің өзі емес, оның машина оқитын түріндегі формасы, ал біз білетіндей компьютерлерде мәліметтің барлығы екілік сан, яғни 0 және 1 сандары арқылы жүреді. Ол мәліметтер компьютердің сақтау бөлімінде, не тасымалдау құрылғысында (дискеттер, оптикалық, магниттік-оптикалық дискіде, магниттік лентада немесе басқа да материалдық құрылғыда) орналасады.
Электронды есептеу машиналарының бағдарламасы ЭЕМ және басқа компьютерлік құрылғылардың функционалды түрде жұмыс жасау үшін арнайы нәтижеге жеткізетін мәліметтер мен командалар жиынтығы. ЭЕМ (компьютер) - ақпаратты енгізу, онымен жұмыс жасау және шығару үшін арналған (бірнеше біріктірілген құрылғылар қосындысы) құрылғы немесе жүйе [11, 14 б.].
ЭЕМ желісі - компьютерлер жиынтығы, немесе байланыс каналдарының не құралдарының әр компьютердің оның орналасқан жеріне қарамастан есептеу және ақпарат ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін жиынтығы.
Мәліметтер базасы дегеніміз - бұл ЭЕМ арқылы табылуы және барлануы мүмкін болатындай жүйеленген мәліметтер (мысалы: мақалалар, есептеулер, кестелер) жиынтығының объективті формада ұсынылған және ұйымдастырылған түрі.
Қылмыстың сан жағынан жылдам өсуі және сапасы жағынан өзгеріп отыруы қоғам өмірінің әртүрлі салаларындағы қарама-қайшылықтардың қозуы салдарынан болады. Оған бірден-бір себеп болатын құқыққорғау органдарындағы өзгерістер, заңнамадағы кемшіліктер, заңнаманың тұрақсыздығы, құқыққолдану тәжірибесіндегі жетілмеген қателіктер, осының барлығы компьютерлік қылмыстылықтың әлеуметтік құбылыс ретіндегі даму процессін жылдамдатуға әсерін тигізеді.
Ақпаратпен жұмыс жасау технологиялар саласында заңнама көп жағдайда техниканың даму процесінен бірнеше қадам артта қалып отырады. Ал құқыққорғау органдарында осыған қатысты мамандарды дайындау мүлдем артта қалып және осы таңда жаңа қылмыс түрлерін табу мен ашуда ешбір септігін тигізе алмай отыр. Ұйымдасқан қылмыс әлемі мен олардың кәсіби өсуінің арасындағы байланыс пен оларға қарсы күрес жүргізетін ішкі істер органдарының қызметкерлерінің біліктілігі және дайындық дәрежесі қылмыспен күресуде нәтижеге және сапалы сипатқа әсерін тигізеді. Компьютерлік қылмыстармен күресудің тиімділігін көтеретін факторлардың бірі оперативті-тергеу қызметкерлердің кадрлік құрамының жағдайы, яғни олардың ішкі кәсіби ядросы, жоғары дәрежелі мамандардың жетіспеуін толтыру.
Соған қарамастан, мамандардың қазіргі заманғы прогрестің дамуымен байланысты электрондық, компьютерлік қылмыстың өсуі және дамуы жөніндегі пікірі бойынша қылмыс және қылмыс түрлері өте жоғары қарқынмен өсуде. АҚШ-тың ФТБ (ФБР) мәліметтері бойынша компьютерлік қылмыскерлерге АҚШ территориясында ғана қылмыспен айналысып отырғандарға осы күні көпұлтты ұйымдардың кез келген кодтары мен коммерциялық құпияларына кодтарын бұзып заңсыз кіруіне қиынға түспейді. Осының салдарынан бізде, Ресейде және басқа шет елдерде компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы банкілік транзакциялар жүзеге асырылады, яғни көптеген миллион долларлар қылмыскерлермен арнайы күні бұрын жасалатын шоттарға үлкен ұйымдардан аударылады. Мысалы, сонау 1991 жылы ғана Кипр аралына Ресейден 2,6 млрд. АҚШ доллары осындай жолмен келіп түскен. Мамандардың айтуынша, не ФБР, не басқа арнайы қызмет түрлері байқамай қалатын ай сайын мұндай мыңдаған операциялар жүргізіледі [12, 5 б.].
Тұтас алғанда қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды криминалдық пайдалану компьютерлік қылмыстылықты тек пайдалы ғана емес, тіпті қауіпсіз іс ретінде көрсетеді. Сол себептен БҰҰ-ның қылмыстылық жөніндегі комитеті бұл мәселені терроризм және есірткі бизнесі сияқты аса ауыр қылмыстар қатарына қояды.
Ақпараттық қылмыстар жөніндегі мәліметтер үзілмелі болып келеді. Соған байланысты қазіргі кезде ешкім ақпараттық қылмыстарды толығымен ашып бейнелеп бере алмайды. Осындай шабуылдарға ұшыраған мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар өздерінің қорғаныс жүйесі мен келтірілген шығындарын тергеуден жасыратыны белгілі. Сондықтан көп жағдайларда тергеуге қажетті мәліметтер жарыққа шықпайды.
Мысалға, Италияда 1993 жылы компьютер арқылы банктерден 20 млрд. лира ұрланған екен. Францияда жылына осы қылмыстардан келтірілетін шығын 1 млрд. евро шамасында болады және жыл сайын осындай қылмыстар саны 30 - 40 пайызға өсуде [13, 12 б.].
Германияда компьютерлік мафия жылына 4 млрд. дейін ақша соммасын ұрлап отырған. Америкалық компьютерлік қылмыстар жөніндегі ұлттық ақпараттық орталықтың мәліметтері бойынша тіпті сол 1988 жылдың өзінде компьютерлік қылмыстардан америкалық фирмаларға 500 млн. доллар көлемінде шығын келтірілген. Сонда қазіргі кезде материалдық шығын бірнеше есеге өсіп отыр. Ал жалпы алғанда (ең төменгі есеп бойынша) компьютерлік қылмыстардан Европа мен Америка елдерінде келтірілген шығын ондаған миллиард долларды құрайды. Соның өзінде осындай қылмыстардың тергеушілерге мәлім болатыны тек 10%. Калған 90%-ы жасырын түрде қалады. Бұл компьютердің дамыған елі болып табылатын, мұндай қылмыстармен күресуге тәжірибесі мол Американың өзінде. Ең алғаш осындай сипаттағы қылмыс Америкада 1966 жылы байқалған болатын. Ал Ресейде электронды тәсілдерді пайдалану арқылы жасалатын талан-таражбен күресу жөніндегі бөлімше тек 1997 жылы Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің экономикалық қылмыстар бойынша бас басқармасында құрылған болатын. Онда бар жоғы 4 адам ғана жұмыс істейтін.
1991 жылы Ресейдің Сыртқыэкономбанкінен 125,5 мың АҚШ доллары ұрланған екен. Қылмыскерлер сол банктің есептеу орталығының қызметкерлері болып шығады. Олар жасанды құжаттарды жасап, жалған паспорт бойынша жеке шоттар ашып, қаражат мөлшерін аударып отырған [14, 156 б.].
Ақпараттық қылмыстарға тек ақша-қаражат мөлшерін ұрлау ғана жатпайды, оған құпия болып табылатын немесе жәбірленушіге, оның жұмысына зиян тигізетін кез келген ақпарат түрін жасырын көшіру, бүлдіру немесе көшіріп алу да жатады. Мысалы, 1992 жылдың жазында бір шетелдік алмаз концерннің өкілі өз дискетілеріне Ресейдің алмаз өндіру ұйымының компьютерлер желісінен қызметтік құпия болып бағаланған мәліметті көшіріп алған.
Ресей Федерациясы Орталық банкі шабуылдардың санының өсуіне байланысты қорғану әрекеттерін күшейтіп, 1994-1996 жылдары арасында компьютерлік жүйеге қаражат мөлшерін алу үшін 300 заңсыз енуді және шабуылдарды анықтап алдын алған болатын.
1996 жылдың көктемінде қылмыскерлер Москваның банктік компьютерлік жүйесіне Москваның жинақтаушы банкі реквизиттерімен жасанды вексельдерді енгізіп, 375 млрд. ресей рублі мен 80 млн. АҚШ долларын талан-таражға салмақшы болған [15, 1-тарау].
Компьютерлік қылмыстылық - ол тек қана ақша ұрлау емес, ол электронды вирустармен байланысты заңсыз әрекеттер, яғни пайда көру мақсатынсыз біреуге қомақты зиян келтіру мақсатындағы іс-әрекеттер. Ай сайын зиянкестермен вирустың 2-10 жаңа түрі шығарылып отырады екен.
Вирустардың қәуіптілік дәрежесінің жоғарғылығын дәлелдеудің бірден бір дәлелі Литва прокуратурасы қозғаған қылмыстық іс. Ол кезде электрондық вирус Игналинсктің Атомдық электро жүйесінің компьютеріне енген болатын, сол себептен бүкіл корғау жүйесі бұзылған еді. Сәл болғанда АЭС-сы екінші Чернобыль атағына ие болатын еді.
90-жылдардың аяғында Америка Құрама Штаттарында Компьютерлерді қорғау Институтымен бірге ФБР (федералды тергеу бюросы) зерттеу жүргізді. Оған 428 ұйым қатысты. Олардың 42% ақпараттық шабуылдың қандай да бір түрін немесе басқа да компьютерлік жүйелерді заңсыз пайдалануды 12 ай ішінде байқаған екен.
Мәліметтерді санкциясыз өзгерту көбіне медициналық және қаржылық ұйымдарда кеңінен байқалған екен (37% - мед. ұйымдар, 21% - қаржылық ұйымдар).
Жүргізілген сауалдан мынаны байқаймыз:
Ұйымдардың 50%-нан астамында желі арқылы шабуыл кезінде қорғануды жүргізетін жобасы мүлдем жоқ;
60%-дан астамында азаматтық немесе қылмыстық істер бойынша соттық қарауды ары қарай жүргізу үшін дәлелдемелерді сақтап қалу стратегиясы жоқ.
70%-да олардың коммуникациялық және ақпараттық жүйесіне шабуыл жасауды ескертетін құрылғылары жоқ.
17%-ы ақпараттық жүйеге шабуыл жасалғанда құқық қорғау органдарына хабардар ететіні жайлы айтқан.
70%-дан астамы құқыққорғау органдарына жүгінбеу себебін антижарнама деп көрсетті, яғни олардың атағына кері әсерін тигізетінін айтты [16].
Келтірілген мәліметтер компьютерлік қылмыстардың өсу тенденциясын сипаттайды және осыған қатысты мемлекеттің тез арада әрекет етуінін қажеттілігін көрсетеді.
Осы уақытқа дейін компьютерлік қылмыстарды біз тек батыс елдерінде болатын құбылыс ретінде қабылдадық. Компьютеризацияның біздің қоғамда төмен болуы ақпараттық қылмыстарға күдікпен қарауға қажет емес көз-қараспен қабылданды. Тек соңғы жылдары ғана компьютерлік қылмыстармен күресу проблемаларына қатысты жұмыстар пайда бола бастады. Негізінен ол ресейлік жұмыстар қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және криминалистикалық аспектілер жағынан қарастырылып келеді.
Алғаш компьютерлік қылмыстылықпен күресу мәселелері туралы Ресейдегі құқықтық ғылым ресми түрде тек 1992 жылы Криминалистика және компьютерлік қылмыстылық семинарларын ашу сәтінен бастап жариялаған болатын.
Компьютерлік қылмыстылықтың нақты анықтамасының болмауы осындай қылмыстармен айналысатын құқық қорғау органдарына олармен толық қанды күресуіне мүмкіндіктерін азайтады.
Компьютерлік қылмыстарды шартты түрде екі үлкен категорияларға бөліп көрсетуге болады: біріншісі - компьютерлердің жұмысына араласумен байланысты жасалатын қылмыстар, екіншісі - компьютерлерді және олардың қосалқы перифериялық бөлшектерін қылмысты жасаудың қажетті техникалық құралы ретінде пайдалану немесе қылмыс жасаудың амалы және қылмыстың жалпы құралы ретінде қолдану арқылы жасалатын қылмыстар.
Бұған біз компьютерлер манында жасалатын қылмыстарды кіргізбейміз, олар мысалы, програмистердің авторлық құқығын бұзу, есептеу техникасы арқылы жасалатын заңсыз бизнес, компьютерлерді мүлік ретінде жою және т.б.
Компьютер жұмысына араласумен байланысты істелетін қылмыстардың өзін бірнеше түрге бөліп көрсетуге болады, олар:
1) компьютерде сақталған ақпаратқа заңсыз кіру. Заңсыз кіру әдетте, бөтен атты, техникалық мекендерді өзгертіп, пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кейде біреу жұмыс жасап кеткеннен кейін сақталған мәліметке кіру, мәліметтерді тасымалдаушы құрылғыларды ұрлау, тасымалдау операциялары жүріп жатқан кезде қосымша аппаратураларды жалғау арқылы да жүзеге асырылады.
Мұндай жағдайда заңсыз кіруші өзін заңды пайдаланушы ретінде көрсетіп компьютерлік жүйеге кіреді. Адамды физиологиялық сипаттамалары бойынша, саусақ іздері байынша, көз сетчаткасы немесе даусы бойынша және т.б. ерекшеліктер бойынша анықтай алмайтын жүйелер бұл әдіске қарсы төтеп бере алмайды. Оның ең оңай жолы заңды пайдаланушылардың кодтарына немесе идентификациялық сандар жүйесіне ие ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz