Өсімдіктердің құрылысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс № 1

Тақырыбы: Табиғаттан және егіншіліктен жасыл өсімдіктердің рөлі

Жоспар:

1. Өсімдік тіршілігі факторлары, маңызы, оларды егіншілікте реттеу

2. Өсімдіктердің құрылысы

3. Өсімдіктің көбеюі

1. Өсімдік тіршілігі факторлары маңызы, оларды егіншілікте реттеу

Әр тірі организм емір сүру қажетіне сай энергиямен қамтамасыз етуді талап етеді, ал ол энергияның қайнар көзі - күн. Әрине, тірі организмнің кез келгені күн энергиясын тікелей пайдалана алмайды. Мысалы, жасыл есімдіктер ғана күн энергиясын тікелей пайдалануға қабілетті.

Қажетті органикалық заттарды дайындай отырып, жасыл өсімдіктер көмір қышқыл газын тиісті мөлшерде пайдаланып, ауаны оттегімен қамтамасыз етеді.

Шаруашылықта пайдаланылатын тас кемір, мұнай және шым-тезектер энергетикалық шикізаттардын негізгі қоры, бұрынғы геологиялық дәуірлердегі жасыл өсімдіктер дайындаған органикалық заттар екені мәлім.

Жер бедеріне, ауа райына, жыл маусымындағы, жылу, ылғалға байланысты белгілі бір аймақта таралған өсімдіктерді Арктика шелі, тундра, қоңыржай аймақ орманы (қылқан жапырақты, жал-нақ жапырақты, орманды-дала, дала шелейт, шел өсімдіктері алқабы деп бөледі. Таулы аймақтарда өсімдік алқабы биіктік белдеуге байланысты таралған. Арктика шелінде өсімдіктер жоқ-қа жақын, тундрада да өсімдік түрі аз. Ормаңды тундрадан бас-тап ағаш өсімдіктері кебірек орын алады. Тайғада кылқан жапы-рақты, орманды далада шоқ-шоқ жалпақ ліапырақты ағаштар, шалғындық өсімдіктер кебірек болады. Дала алқабында астық тұқымдас шептесін өсімдіктер кебірек өседі, шөлейт "жёрлерде дала өсімдіктері де, шел өсімдіктері де кездеседі, шел, шелейт алқапта сортаң өсімдіктері еседі.

Жердің негізгі қасиеті, оның құнарлылығы. Экономика тұрғы-сынан алғанда жердің құнарлылығы дегеніміз - адамға керекті

өсімдік өнімдерін өсіріп, мал шаруашылығьіна керекті жағдай туғызу.

Жер бетінде тіршілік ететін қандай да болмасын дақылдын өсіп-өнуі оны қоршаған ортамен тығыз байланысты боладьк Оған әр түрлі факторлар жатады: жарық, жылу, ауа, су және қоректік заттар.

Жай мииералды заттардан күн сәулесінің энергиясы есебінен органикалық заттар - көмірсулар (углеводтар) түзілетіндігін байқаймыз. Жасыл пигменті бар өсімдіктерде фотосинтез процесі жүреді. Хлорофилдің қатысуымен өсімдіктер күн қуатын сіңіріп, оны химиялық қосылыстар қуатына айналдырады. Күн сәулесін сініріп, бос оттегін бәліп шығару арқасында жасыл өсімдіктер жер бетіидегі тіршіліктін қалыпты дамуына зор үлес қосады. ©сім-дік фотосинтез процесі кезінде тіршілік үшін қажет оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктің адам емірінде маңызы зор: олардың 20 мыңға жуық түрі пайдаланылады. Өсімдіктен азық-түлік (астық, қаит, өсімдік майы т. б. ) алынады, мал азығы, әр түрлі витамин-дер, дәрі-дәрмек жасалады, әсемдік үшін есіріледі. Өсімдіктің ауру тарататын (бактериялар, саңырауқұлақтар) және улы түр-лері де бар.

Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіруді жоспарлауға, агро-техникалық. тиімді шаралар белгілеуге, тиісті жүмыстарды меха-никаландыруға қолайлы болу үшін екпе дақылдарды қандай мақ-сатқа егілетініне, күту әдісіне және биологиялық ерекшелігіне қа-. рай бірнеше топқа беледі.

I топқа дәні алынатын ең маңызды астық дақылдары жатады.
Күздік дақылдар - бидай, қарабидай, арпа; ерте егілетін жаздық дақылдар - бидай, қарабидай, арпа, сұлы, кеш егілетін жаз-дық дақылдар - жүгері, күріш, қонақ жүгері, тары, қарақұмық.

II топқа қоғамдық малға жемдік мақызы бар түйнекжемісті,
тамыржемісті дақылдар жатады: асбұршақ, жасымық, бұршақ,
ноғатық, лобия, нұт, соя, картоп, қант қызылшасы, мал азықтық
қызылша, тарна, мал азықтық шалқан, сәбіз, цикорий.

Ш топқа майлы дақылдар жатады: күнбағыс, жер жақғағы, рапс, қыша, мақсары, кориандр, анис, знре, фенкель, лаванда, жалбыз.

IV топқа талшықты өсімдіктер жатады: мақта, зығыр, сора,
канатник, кенеп, бұйдакендір.

V тошса алкалоидтылар: темекі, махорка жатады.

VI топқа жемшөп өсімдіктері (бір жылдықтар) жатады.
Астық тұқымдасы - судан шөбі, итқонақ, қонақ, бір жылдық екпе бидайық.

Бұршақ тұқымдасы - сиыржоңышқа, сераделла, бөрібұршақ.

Қөпжылдықтар (астық тұқымдасы) -атқонақ, субетеге, бидайық, еркекшөп, қылтықсыз арпабас т. б. Бұршақ тұқымдасы - беге, эспарцет, жоңышқа, түйежоңышқа т. б.

VI топқа бақша дақылдары - тағамдық, мал азықтық Қажет-тілікке өсіріледі (қарбыз, асқабақ, кәді, қауын) .

Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің есіп-даму кезецдерінің ұзақ-тығын, өсу және даму сатыларын, тамыр жүйесінің даму динами-касын, суыққа, қуаңшылыққа төзімділігін білуді талап етеді.

Егінжай топырағын өңдеп, тыңайтқыштармен тыңайтып, есім-діктер тұқымдарын іріктеп диқандар өсімдіктердің талай жабайы түрлерін қажетті бағытқа өзгертіп мәдени өсімдіктерге айнал-дырды.

Егілетін өсімдіктер тіршілігінің ұзақтығына қарай бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық болып белінеді.

Бір жылдыққа тары, бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы, қарақұмық, күріш, күнбағыс, мақта өсімдігі, зығыр жатады, бұ-лар бір жыл тіршілік етіп, жеміс береді. Екі жылдық өсімдіктерге тамыржемістері, капуста және басқалар, бірінші жылы тамыр мен жапырақ, ал екіиші жылы гүлдейтін өркекдер мен тұқым береді.

Кепжылдық өсімдікгердің тіршілігі бірнеше жылға кетеді, бі-рақ олардың жер бетіндегі мүшелері бір жыл ғана жасайды, одан кейін қурап қалады. Оларға жоңышқа, бидайық, арпабас, қымыз-дық және басқалары жатады.

2. Өсімдіктердің құрылысы

Өсімдіктің әр түрлі қызмет атқаратын мүшелері тамырларға, сабақтарға, жапырақтарға бөлінеді. Жапырақ, сабақ, тамыр вегетативті мүшеге, ал гүл, жеміс пен тұқым көбею мүшелеріне жатады.

Тамыр арқылы сабаққа, жапыраққа, гүлге, жеміске су, суда еріген заттар және жапырақтағы түзілген органикалық зат ерітінділері өсімдік бойына тарайды. Сабақ буындардан турады, одан бұтақ, жапырақ, гүл, жеміс өседі.

Жапырақ- фотосинтез, газ алмасу, су буландыру продесін атқарады. Бір өсімдіктегі жапырақтың жалпы аумағы өсімдік көлеміне қарағанда едәуір артық болады. /Мысалы, бір гектар жаздық бидайдың жапырақтарының аумағы 18 гектардай, картоита 40, жоңышқада 85 гектардай болады. Жапьірақта түзілген органикалық заттар (қант, крахмал, белоктар, майлар т. б. ) өсімдіктің басқа органдарына үздіксіз таралып отырады.

Тамыр - өсімдіктердің топыраққа бекіп, одаи су, қоректік заттар сіңіретін, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, өсімдік бойына тарататын, органикалық қосылыстар түзетін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативтік органы. Кептеген тамырдың тағамдық, шаруашылық үлкен мацызы бар, оларда крахмал, қант, май, алкалоид, бояу заттары болады.

Клетка - жеке тіршілік ете алатын, көбеюге және дамуға қа-білеті бар қарапайым тірі жүйе. өсімдіктердің қүрылысы мен тір-шілігінің негізі. Клетканың негізгі қасиеті оның көлемі меи саны жағынан өсуге қабілеттілігі. Сабақ басындағы немесе тамыр ұшындағы пайда болғак клетканың көлемі шағын болса, оргааи-

калық заттарды жинағандықтан, көлемі созылып ұлғаяды, бөліне-ді. Жетіліп болған соң клеткалар өсуін тоқтатады. Өсімдіктің ескі клеткалардан тұратын мүшелерінің өсуі де тоқтайды. Клетка ядро мен цитоплазмадан және пішіні, көлемі, құрылысы, химиялық қасиеті, атқаратын қызметі әр түрлі структуралық заттардан тұ-рады. Клетканың бөлінуінің нәтижесінде алғашқы клеткаға гене-тикалық қасиеттері ұқсас және ядро мен цитоплазма құрамы жаңарған екі клетка пайда болады. __

Анатомиялық, морфологиялық, "құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас клеткалар тобы және клеткалардан тыс құрамдарды өсім-дік тканьдері дейміз. Әрбір тканьнің құрылысында, атқаратын қызметінде, дамуында және организмдегі орнында өзіне тән ерек-шедіқ болады.

У Өсімдік тканьдері негізінде түзуші, жабын, негізгі механика-лык өткізгіш тканьдерге бөлінеді.

Түзуші тканьнің немесе меристеманың өсімдік тіршілігінде маңызы үлкен, өйткені бұдан өсімдіктің басқа тканьдері де түзіледі. Әдетте ұсақ, көп қырлы, ірі ядролы тығыз орналасқан, қою цито-плазмалы, жұқа целлюлозды қабықты клеткалардан тұрады.

Жабын тканьдері - өсімдік мүшелерін қайта құрады, жапы-рак пен сабақта қорғаныш қызметін атқарса, тамырда су және минерал ерітінділерді сіңіреді.

Негізгі немесе паренхималық тканьдер меристемадан дамиды. Бұл тканьде крахмал, қант, белок, әр түрлі май, илік заттар т. б. жиналады. Екінші бір түрі тамырға тән, бұл топырақтан минерал ерітінділерін сіңіреді, үшінші түрі-ассимиляпиялық паренхима.

Механикалық тканьдер өсімдік мүшелерінің тірегі алғашқы меристемадан пайда болады, клетка қабығы қалыңдайды. Бұл тканьдерді коленхима, склеренхима, склереидтер деп бөледі.

Өткізгіш тканъдер - өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттар өткізетін клеткалар тобы. Бұлардың іші қуыс, цилиндр, түтікше тәрізді болады.

Өсімдік тканьдері арасында әр түрлі зат (шайыр, бальзам, эфир майы, кейбір қышқыл, минерал тұздар, су т. б. ) бөліп шыға-ратын қүрылымдар немесе беліп шығару жүйесі деп те аталады.

Өсімдіктің барлык мүшелеріне, әсіресе сабақтарына механи-калық беріктілікті, элементтер еткізгіш тамыр - талшықтық шоктар құрамына кіретін механикалық тканьдерді береді.

Зығыр, кенептің және басқа өсімдіктердің қабығында механи-калық тканьдердің үзарған клеткалары пайда болады, оларды тін талшықтары деп атайдьі^.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Гүлдің құрылысы және оның қызметі
Ботаника емтихан билеттері
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Тамыр жайлы жалпы түсінік
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Гүлді өсімдіктер
Гүлдің құрылысы және оның қызметтері
Өсімдік клеткасын электрондық микроскоппен қарағандағы көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz