Жалпы сызба бөлшектерін зерттеу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ Технология және Бизнес университеті
Технологиялық фaкультeтi
Технология және стандарттау кaфeдpaсы
Құйылған бөлшектердің сызбасы
тaқыpыбындaғы
КУPСТЫҚ ЖҰМЫС
Opындaғaн: АЗТӨТ-191
тoбының студeнтi
Тілеубек К.М
Дисциплина: Азық-түлік кәсіпорындарын
жобалаудағы компьютерлік графика
Тeксepгeн:
Карманова Г.К.
Aстaнa
2022ж
Мазмұны
Кіріспе
3
1. Негізгі бөлім
1.1 Жaлпы сызба бөлшектерінің сипаттамасы мен стандарттары
1.2 Құйылған бөлшектер материалдары және олардың сызбалардағы белгіленуі
1.3 Құйма бөлшектердің технологиялық ерекшеліктері
5
7
10
2 Практикалық бөлім
2.1 КОМПАС-3D бағдарламасында болат фланец бөлшегін сызу
2.2 Фланец құйма бөлшегін дайындаудың технологиялық үрдісі
2.3 Тeхнологиялық опeрaцияны жобaлaу
14
16
18
Қорытынды
23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
24
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта сызбаларды дайындау компьютерлік технологиялар көмегімен орындалады, және де осымен байланысты маманға сызбалар орындалатын ережелерді білу міндетті емес деген пікір таралған. Бірақ бұл мүлдем қате пікір, өйткені басқаны былай қойғанда бұйымдардың 3D модельдерін пайдалану кезінде де, оларды жасау үшін дұрыс безендірілген кәдімгі сызбалар қажет етіледі: оларда барлық қажетті кескіндер мен түсіндірмелер келтірілуі, өлшемдер дұрыс қойылуы, сызба жақсы оқылуы және т.б. болуы тиіс.
Инженерлік кəсіби еңбегінің сапасының маңызды сипаттамаларының бірі нақты өндірістік үдерістерді, заманауи механизмдерді немесе ұйымдастырушылық-техникалық кешенді модельдеуге мүмкіндігін беретін графикалық сауаттылығы мен шығармашылық бабының деңгейі болып табылады.
Дербес компьютерлер мен олардың перифериялық құралдарының пайда болуымен сызба-графикалық жұмыстарды, геометриялық есептерді шешуді автоматтандыруға орасан зор мүмкіндіктер пайда болды. Сонымен бірге компьютерлік графика құралдары да күрделеніп, мүмкіндіктері кӛбейді (дисплейлер, плоттерлер, бағдарламалық құралдар жән т.б.).
Бастапқыда дисплейлердің нүктелік (координаталық), векторлық, растрлық түрлері жасалды. Кейін сапалы түрлі-түсті кескіндерді сомдайтын және экранда күрделі есептерді шешуге мүмкіндік беретін интеллектуалды терминалдар пайда болды. Сонымен бірге плоттерлердің мүмкіндіктері ӛсе бастады. Дербес компьютерлердің бағдарламалық құралдары жеке қолданбалы бағдарламалардан бастап арнайы графикалық тілдер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттеріне (графикалық жүйелер) дейін дамыды. Дербес компьютерлердің қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалық қамсыздануы интерактивтік режимде жұмыс істеуге, яғни адам мен компьютердің арасында оперативтік графикалық қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графика күрделі графикалық жұмыстарды автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді, ал бұл еңбек ӛнімділігін арттырады. Осының нәтижесiнде бұл мақсат жалпы техникалық және графикалық мәдениеттi, кеңiстiкте ойлау қабiлеттi дамытады.
ЭЕМ-ның құрылуынан кейін оған тиісті компьютерлік графика пайда болды, ол қазір әлемдік технологиялардың бір бөлігі болып табылады. Бастапқыда ол векторлық графика болды - бұл қағазды не болмаса экранда нүктелердің орналасуын анықтайтын вектор деп аталып кеткен функциялар арқылы кесінді құрастыру болып келеді. Мысалға графигі шеңбер, түзу және т.б. болып келетін функциялар. Осындай векторлардың қосылуынан векторлық суреттер пайда болады.
Компьютерлік техника мен технологиялардың дамуымен бірге графикалық объектілерді құрастырудың көптеген тәсілдері пайда болды.
Сондықтан кез-келген мамандар арасында графикалық мәліметтер қолдану көлемі ұлғаюда. Бұл ізденіс жұмыста компьютердің графикалық құрылысы туралы қысқаша мәліметтер береді. Өйткені казіргі уақытта графикалық құрастыру өте қарқынды дамуда. Және қазіргі кезде программалық құралдар нарығы графикалық суреттер арқылы жұмыста автоматизациялауды қолданып белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады.
Куpстық жұмыстың мaқсaты құйылған бөлшектердің сызбасына байланысты түсiнiктepiн қapaстыpу және оны кез-келген бағдарламада көрсету.
Мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер орындалуы қажет:
Жалпы сызба бөлшектерін зерттеу;
Қүйылған бөлшектер сызбасының технологиясын зерттеу;
Қүйылған бөлшектер сызбасын бағдарламада көрсету.
1. Негізгі бөлім
Жaлпы сызба бөлшектерінің сипаттамасы мен стандарттары
Қазақстан Республикасында өнеркəсіп пен құрылыстың барлық салаларының құжаттарын орындауға, рəсімдеуге жəне қолдануға бірыңғай талаптары бар мемлекеттік стандарттар кешені болып табылатын Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі, немесе қысқаша ҚҚБЖ (ЕСКД) енгізілген. Машинажасау сызуы курсында оқу сызбалары жəне басқа конструкторлық құжаттар ҚҚБЖ (ЕСКД) стандарттарының талаптарына толық сəйкестендіріп орындалуы тиіс.
Конструкторлық құжатқа арналған ГОСТ-ар сызбаларды, схемаларды жəне конструкторлық құжаттың өзге де түрлерін орындау барысында сақталып қажет болатын ережелер мен шартты белгілеулерді құрайды. Қазақстан Республикасы стандарттау, метрология жəне сертификаттау бойынша Мемлекеттік Комитетінің (Мемстандарт) рұқсатымен жасалатын жəне бекітілетін стандарттарда стандарт нөмірінің алдында ҚР əрпі қойылады.
Азық түлік кәсіпорындарында машинажасау сызуы тетік бөлшектерді кескіндеуге керекті қосымша мəліметтерді жəне жоғарыда келтірілген КҚ БЖ стандарттарында келтірілген ықшамдаулар мен шарттылықтарды қолданады. Мысалы, машинажасау сызбаларында проекциялар жазықтықтарының координаталық осьтері, проекциялық байланыс сызықтары көрсетілмейді. Бөлшектердің машинажасау сызбалары көрінбейтін контур сызықтарының санымен ықшамдауларымен орындалады жəне кескінге үлкен көрнекілік беріп оны орындауға кететін уақытты үнемдейді.
Азық түлік кәсіпорындарында машинажасау сызбаларында бұйымды дайындау, бақылау, жинау жəне құрастыру үшін керекті негізгі кескіндерден басқа да қажетті барлық мəліметтер беріледі (мысалы, өлшемдері, материалдың маркасы, техникалық талаптар, беттердің сапасы жəне т.б.)
Азық түлік кәсіпорындарында машинажасау сызуын жасаудың мақсаттары:
- Сызбаларда кескіндерді салудың ережелерімен танысу;
- кескінделінетін бұйымның ерекшеліктері мен пішінін жақсы қабылдауға септігін тигізетін шарттылықтар мен ықшамдауларды қолдану;
- құрастыру бірліктерінің, схемалардың, бөлшектердің жұмыс сызбаларын жəне эскиздерді орындауға дағдылану;
- сызбаларды оқу, негізгі конструкторлық құжаттарды құрастыру тəжірибесін жинақтау;
- бұйымдар мен элементтердің негізгі түрлерінің қарапайым конструкцияларына қатысты негізгі мəліметтерді үйрену;
- тетікбөлшектер мен олардың элементтерінің параметрлерін анықтайтын стандарттармен танысу:
- машина жасауда қолданылатын материалдармен танысу. Жаңа техниканың дамуы инженерлік-техникалық жұмыстың интенсификациялануына, конструкторлық құжаттардың сапасының артуына себеп болады, бұл конструкторлық жобалау жұмыстарын орындауды автоматтандыруға өтуді, қазіргі заманғы есептеуіш машиналарды, олармен байланысты бейнелегіш құрылғыларды пайдалануды талап етеді. Сызбаларды жəне басқа конструкторлық құжаттарды орындағанда тиісті стандартттардың талабын мүлтіксіз орындау керек.
Машиналарды, аппараттарды, механизмдер мен құралдарды жобалау, жасау және пайдалану мамандардан техниканың барлық салаларында бұйымға қатысты техникалық құжаттармен жұмыс істей білуді талап етеді. Бұйым деп өндірістік кәсіпорындармен шығарылатын кез-келген зат немесе заттар жиынтығы аталады.
Айтарлықтай дәрежеде бұйымның сапасы техникалық құжаттардың, соның ішінде сызбалардың сапасымен қамтамасыз етіледі. Сызба - бұл бұйымның (машинаның, құралдың, құрылғы немесе оның бөліктерінің) кескіндерінен және де бұйымды жасау технологиясы, өндіру, жинау және бақылауды жүзеге асыруға қажетті басқа мәліметтерден тұратын графикалық құжат. Дұрыс орындалған сызба маманға, ол менгерген тілге тәуелсіз түсінікті, үлкен көлемде ақпарат беруі мен көрнекілікке ие болуы тиіс.
Іс әрекеттердің барлық аумақтарында ережелерді тағайындау мен қолдану стандарттау деп аталады. Стандарттау ғылымның, техниканың және машықтану тәжірибесінің біріктірілген жетістіктеріне негізделген. Стандарттау бойынша жұмыстың нақты нәтижесі болып стандарт табылады. Инженерлік графикада стандарттар жалпыға ортақ және көп қайталап пайдалану үшін тағайындалған бірқатар талаптар немесе нормалардан тұратын құжаттар түрінде келтірілген.
Стандарттарды қатаң және мүлтіксіз орындау талап етіледі, өйткені кейбір кездері бір қарағанға, тағайындалған ережелерден болмашы ғана ауытқудың өзі үлкен қателіктерге және тіпті апаттарға да алып келуі мүмкін. Тиісті стандарттың бар екендігі туралы біліп қана қоймай, оны таба білу, сондай-ақ маманның еңбек іс әрекетіне тікелей қатысы бар негізгі талаптарды есте ұстау маңызды.
Біздің елімізде және бұрынғы КСРО құрамында одақтас республикалар болып келген көптеген елдерде барлық өнімдерге, сонымен қатар нормалар, ережелер, талаптар, ұғымдар, белгілеулер және т.б. тағайындалған Мемлекет аралық стандарттар қолданылады. КСРО кезінде бұл Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік стандарттары (ГОСТ) болатын. Мемлекет аралық стандарттар (ГОСТтар) стандарттардың жоғарғы категориясына жатады. Мұнымен қатар Республикалық стандарттар (ҚР СТ), салалық стандарттар, кәсіпорын стандарттары, және т.б. стандарттар қолданылады.
Мемлекет аралық стандарттар стандарттардың сала аралық сыныптарына біріктірілген және қазіргі уақытта олардың саны 30 дан асады. Әрбір сыныпқа (кешенге) стандарт белгілеуіне енгізілген нөмір берілген.
КҚБЖ стандарттары елдің барлық кәсіпорындарындағы конструкторлық құжаттардың жасалуы, безендірілуі және қолданылуы бойынша ережелері мен қағидаларын тағайындайды. Конструкторлық құжаттама - бұл бұйымды жобалауға, жасауға және пайдалануға қажетті мәліметтерден тұратын құжаттар жиынтығы. КҚБЖ кешенінің барлық стандарттары 0 ден 9 ға дейінгі жіктелу топтарына бөлінген. Инженерлік графика курсында негізінен 3 топтың стандарттары сызбаларды орындаудың жалпы ережелері, сондай-ақ келесі топтарға
1 - Жалпы қағидалар,
4 - Машина жасау мен құрал жасау бұйымдарының сызбаларын орындау ережелері,
7 - Сұлбаларды орындау ережелері стандарттарына кіретін кейбір стандарттар оқытылады. Топтағы әрбір стандарттың өз реттік нөмірі бар.
Мысалы, 3-ші топта; 01-Пішімдер: 02-масштабтар: 03-сызықтар және т.с.с. Бұған қоса стандарт белгілеуіне оның тіркелу жылы кіреді. Стандарт өзгеріссіз болмайды, ол мезгіл - мезгіл қайта қаралып, соның нәтижесінде жаңа стандарт жасалуы мүмкін.

Құйылған бөлшектердің жұмыс сызбалары натурасынан алынған эскиздер бойынша, сондай - ақ сызбаның жалпы түрі мен құрастыру сызбалары бойынша жасалынады. Эскизден айырмашылығы, бөлшектің жұмыс сызбасын сызу құралдарымен немесе компьютерлік графика құралдарымен және белгілі бір масштабта орындайды. Жұмыс сызбаларын екі кезеңге бөліп орындау ұсынылады: дайындық және негізгі.
Дайындық кезеңі:
1) Бөлшек конструкциясымен танысу, оны қарапайым геометриялық пішіндерге бөлшектеу.
2) Бөлшек атауын, ол жасалынған материалды, неге арналғандығын, жұмыс орынын анықтау.
3) Басты көріністі тұрғызу үшін, оның пішіні мен өлшемдері туралы неғұрлым толық түсінік беретін бөлшектің орналасуын таңдау.
4) Кескіндердің қажетті санын анықтау - көріністердің, тіліктердің, қималардың, шығару элементтерінің .
Негізгі кезең: 1) Кескін масштабын таңдау.
2) Өстік және центрлік сызықтарды жүргізу, бөлшек кескіндерінің және конструктивтік элементтердің (қиықжиектер, арықшалар және т.б.) контурларын сызу. Стандартты элементтер болған жағдайда олардың стандартты кескіндері пайдаланылады.
3) Шығару және өлшем сызықтарын түсіру, сонымен бірге сыртқы элементтердің өлшемдерін көрініс жағынан, ал ішкілерінікін - тілік жағынан қою ұсынылады.
4) Бөлшектің тіліктері мен қималарында сызықтауды орындау.
5) Қажетті жазуларды (кескіндер атаулары, техникалық талаптар және т.б.) орындау.
6) Негізгі жазуды орындау.
Негізгі жазудағы құйма бөлшек материалының белгіленуі. Машина мен механизмдер бөлшектерін жасау үшін түрлі металдар, олардың қорытпалары, сондай - ақ металл емес материалдар қолданылады.
Материалдың белгіленуі тиісті стандартпен тағайындалады және бөлшек сызбасының негізгі жазуындағы Материал графасына жазылады.
Егер материалдың шартты белгіленуіне оның қысқартылған атауы Ст,СЧ, Бр және т.с.с. енетін болса, онда Болат, Сұр шойын, Қола және басқалар секілді атаулар көрсетілмейді, тек шартты белгілеуі ғана жазылады, мысалы Ст3 ГОСТ 380-2005. Сортталған материалдан (сортаменттен) жасалынған бөлшек үшін бөлшек материалын стандартта оған тағайындалған белгілеуіне сәйкес жазып көрсетеді.
Неғұрлым кең таралған материалдардың белгілеулерін қарастырайық.
1. Сұр шойын (ГОСТ 1412-85). Белгілену мысалы: СЧ 15 ГОСТ 1412-85. Шойын маркасының белгілеуіндегі сандар - созылу кезінде 10-ға бөлінген МПа -дағы беріктік шегін білдіреді.
2. Кәдімгі сападағы көміртекті болат (ГОСТ 380 - 2005). Шығарылатын маркалар: Ст0, Ст1, ..., Ст7; мұнда болат маркалары олардың құрамындағы көміртек мөлшерінің өсу ретіне сәйкес орналасқан, сөйткенімен болат маркаларының белгілеулеріндегі сандар оның сандық құрамын білдірмейді, тек қана болаттың реттік нөмірін ғана көрсетеді. Белгілену мысалы: Ст3 ГОСТ 380-2005.
3. Сапалы конструкциялық көміртекті болат (ГОСТ 1050 - 94). Шығарылатын маркалар: 08, 10, 15, 20 және басқа, құрамында қалыпты марганеці бар, немесе 15Г, 20Г, 30Г және басқа, құрамындағы марганец мөлшері жоғары. Болат маркілеуіндегі екі белгілік сан, ондағы көміртектің орташа құрамын, пайыздың жүзден бір бөлігіндегі мөлшерімен анықтайды. Белгілеуіндегі Г әрпі - оның ең аз құрамы 1%-дан жоғары болған кездегі марганецтің жуық құрамын көрсетеді. Мысалы: Болат 20 ГОСТ 1050-94 .
4. Конструкциялық легірленген болат (ГОСТ 4543 - 71). Жоғары беріктік, тозуға төзімділік, ыстыққа төзімділік, коррозияға қарсылық және т.с.с. талаптар қойылатын машина бөлшектерін жасау үшін қолданылады. Легирленген болаттың неғұрлым кең тараған маркалары: хромды - 20Х, 30Х; хромванадийлі - 20ХФ; хроммарганецті - 35ХГ2; хромникельді - 20ХН, 40ХН. Болат маркасындағы екі белгілік сандар - пайыздың жүзден бір бөлігіндегі көміртектің орташа мөлшердегі құрамын көрсетеді, ал әріптердің оң жағындағы сандар тиісті элементтің пайыздық мөлшерін білдіреді.
5. Жез (латунь) (ГОСТ 17711 - 93 және ГОСТ 15527-2004) - мыстың цинкпен қорытпасы, подшипниктер арматурасы, төлкелер, қыспа сомындар және т.б. бөлшектерді жасау үшін қолданылады. Белгілеу мысалы: ЛАЖМц66- 8-3-2 ГОСТ 17711-93, мұнда Л - жез, А - алюминий, Ж - темір, Мц - марганец, 66 саны құрамындағы мыстың, 8 - алюминидің, 3 - темірдің, 2 - марганецтің, қалғаны - цинктің пайыздық мөлшері.
6. Қола - құрамында қалайы, цинк, қорғасын және басқа да металдар бар, мыс негізіндегі көп құрамды қорытпа. Қалайыланған құймалы қола (ГОСТ 613 - 79). Арматуралар, антифрикциялық бөлшектер және басқаларды жасау үшін қолданылады. Белгілену мысалы: БрОЦС3-12-5 ГОСТ 613-79 - құрамы 3% қалайыдан, 12% цинктен, 5% қорғасыннан, қалғаны - мыстан тұратын қорытпа. Қалайысыз қола (ГОСТ 18175 - 78).
Келесі маркалары шығарылады: БрА5, БрАМц9-2, БрАМц9-2Л, БрАЖ9-4, БрАЖМц10-3-1,5, БрАЖН10-4-4Л және басқалары. Мұнда: А - алюминий, Ж - темір, Мц - марганец, Н - никель, Ф - фосфор. Төлкелерді, бұрамдық дөңгелектерін, мойынтірек төсемдерін және басқаларды жасау үшін қолданылады. Белгілену мысалы: БрАМц10-2 ГОСТ 18175-78.
7. Қысыммен өңделетін алюминий қорытпалары (ГОСТ 4784 - 97).
Шығарылатын маркалар: алюминий - магний негізді - АЛ8, АЛ13, АЛ22 және басқалар, алюминий - кремний негізді - АЛ2, АЛ4, АЛ4В және басқалар, алюминий - мыс негізді - АЛ7, АЛ7В және басқалар.
Құюға арналған көрсетілген қорытпалар үшін бастапқы әріп А дан кейін Л қойылады. Прокатқа, штамптауға арналған қорытпалар үшін К әрпі қойылады. Алюминий мен кремнийдің қорытпалары силумендер күрделі пішінді бөлшектерді, мысалы карбюраторларды жасауға арналған. Силуминді белгілеу мысалы: АЛ2 ГОСТ 2685-75, мұнда 2 - силумин нөмірі. Алюминий магний және мыспен қорытпасы дуралюмин деп аталады. Ол өте берік және жақсы штампталады. Мысалы: Алюминий 18 ГОСТ 4784-97.
8. Пластмассалар - полимер материалдар (ГОСТ 5689-79). Өндірісте түрлі пластмассалар, соның ішінде металл қорытпаларымен армирленген кеңінен қолданылады. Белгілену мысалы: қалыңдығы 6,0 мм екінші сортты I маркалы гетинакс - Гетинакс 12с-6,0 ГОСТ 2718-74; қалыңдығы 20 мм жоғары сортты текстолит - Текстолит ПТК-20, жоғары сортты ГОСТ 5 - 78. 9. Сортамент түрінде шығарылатын материалдар: Анықталған өлшем мен профильдегі (сым темір, табақ темір, таспа темір, құбырлар және т.б.) материалдан жасалынған бөлшектер үшін мыналар көрсетілуі тиіс: материал атауы, сортамент белгіленуі (маркісі, тип өлшемі), сортамент ГОСТ материал маркасы.

Бөлшек эскизін натурасы бойынша орындағанда, оның пішіні мен жекелеген элементтерінің орналасуларына мұқият қараған дұрыс. Мысалы, құю ақаулары (қабырғалар қалыңдықтарының біркелкісіздіктері, тесіктер центрлерінің жылжуы, жиектерінің тегіссіздігі, бөлшек бөліктерінің ассиметриясы, негізсіз құйылмалар және т.б.) эскизде кескінделмеуі тиіс. Бөлшектің стандартталған элементтері (арықшалар, қиықжиектер, бұрандаға арналған бұрғылау тереңдігі және т.с.с.) тиісті стандарттармен қарастырылған өлшемдер мен безендірулерден тұруы тиіс
Қиықжиектер, тесіктер, ойыңдар, белдемшелер, бунақтар, қасқалшалар, тағайындалуы əр түрлі ойықтар жəне т.б. бөлшектердің ең жиі кездесетін конструктивті жəне технологиялық элементтері болып табылады. (13.2-сурет). Бұл элементтердің əрқайсысының қатаң белгіленген тағайындалуы бар жəне олар тетікбөлшектің жұмыс шарттарына, оны жасау технологиясына байланысты орындалады.
Сурет 1. Құйылған бөлшектерінің көлбеуліктері
Бұйымдарды құрастырғанда мына формалар ескеріледі:
- Дайындауларды минималды жіберілулермен жасауды қамтамасыз ететін бөлшек беті формасының оптималдығы;
- Бұйымды механикалық өңдеудің минималды мөлшері;
- Унификацияланған, тұрақтыландырылған бөлшектерді кеңінен қолдану.
Құю арқылы жасалатын тетікбөлшектерге қойылатын талаптар: Модельді формадан шығарып алу үшін оның жұмысшы беттеріне қалыптау көлбеуліктерін тағайындау керек. Қалыптау көлбеулігі құйманың биіктігіне немесе ұзындығына байланысты ГОСТ 3212 - 80 стандарты бойынша алынады.
Қалыптау көлбеуліктері, əдетте, сызбада көрсетілмей, техникалық талаптарға сəйкес Қалыптау көлбеуліктері ГОСТ 3212 - 80 стандарты бойынша жазуға болады. Тетікбөлшекке ішкі күштер түспеу үшін бір беттен екінші бетке біртіндеп өту керек. Ішкі жəне сыртқы бұрыштардың дөңгелектену радиустарының а а : h h 387 (ойыңдар) мəндері əдетте техникалық талаптарда арнайы жазбамен беріледі. Өңделінетін беттер өңделінбейтін беттерден биіктеу орналасуы керек. Бұл кесуші құралды қолдануды жеңілдетеді.
Сурет 2. Көрсетілмеген құйма радиустары 4 мм
Тесіктер бұрғылынатын қисық беттер арнайы дөңестермен (бобышкалармен) құрастырылады. Бұл кесуші құралдың дұрыс кіріп шығуын қамтамасыз етеді.
Құю арқылы жасалған бөлшектердің өңделген жəне өңделмеген беттері болады. Мұндай бөлшектерде базаларды таңдау жəне қою кезінде өңделмеген беттердің арақашықтықтары өңделген беттердің арақашықтықтарынан анағұрлым аз дəлдікпен қойылатынын ескеру қажет. Сондықтан өңделген жəне өңделмеген беттердің өлшемдері бөлек тізбектерде көрсетіледі. Бұл тізбектер бір-бірімен тек бір өлшеммен ғана байланыстырылады. Бұл жағдайда бір өлшемдік тізбектің дəлдігі екінші өлшемдік тізбектің дəлдігіне əсер етпейді.
Құйма жасау технологиясын әзірлеу кезеңінде құйманың сызбасын әзірлейді. Құйманың сызбасын дайын бөлшек сызбасы бойынша әзірлейді. Осы сызбаны әзірлеу кезінде үлгінің ажырау бетін, қалыптау кезіндегі үлгінің орналасуын, металл құю кезіндегі құйманы жонуға арналған әдіп, металдың шөгу коэффициенті, өзекше белгісі, қалыптау көлбеулігі тағайындалып, құю жүйесі жобаланады.
Құйма сызбасын әзірлеу соңында қалыпқа металл құю температурасы, қалып және өзекше қоспаларының құрамы және басқадай қажет болатын деректер беріледі. Үлгі жинағын жасау кезеңінде құйма үлгісін, үлгі тақтасын және өзекше жәшігін жасайды. Сонымен бірге опокалар, кептіргіш тақталар, шаблондар және т.б. құралдар дайындалады. Қалып және өзекше қоспаларын дайындау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz