Атамекен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі
Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі
ЕСЕП
Тәжірибе атауы: Кәсіптік және өндірістік
Студенттің аты жөні: ___________________________________ _________
Оқу курс: ___________________________________ ____________________
Тобы: ___________________________________ ________________________
Тәжірибенің өту мерзімі: ___________________________________ _______
Тәжірибенің өту орны: Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қаланың атауы: Астана
Ұйым және оның мекен жайы:______________________________ _______
ЕСЕПТІ ТЕКСЕРГЕН:
Жетекшінің аты жөні:____________________________
Кәсіпорынның тәжірибесі бойынша________күні __________2023ж

ЕАГИ колледжі бойынша тәжірибе________ күні __________2023ж
Есепті қорғау бағасы________________ күні __________2023ж
МО
Астана 2023ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
Студенттерді кәсіпорынмен таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
3
2
Өндірістік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
3
Аудармадағы трансформация ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
4
Аударманың лингвистикалық теория консепциясы ... ... ... ... ... ... ...
8
5
Аударма трансформациясының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
6
Аударманың лексикалық қиындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
7
Лексикалық сәйкестік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
8
Сөздің контекстуалды мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
9
Лексикалық және сөздік сәйкестік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
13
10
Аударманың грамматикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
15
11
Аударманың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
12
Жалғасымды аударма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
13
Инфинитив түрінің аудармасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
16
14
Аударма текстінің грамматикалық сараптамасы ... ... ... ... ... ... ... ..
16
15
Сөйлемнің синтаксистік құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
16
Тексттің синтаксистік құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
17
Сөйлемнің коммуникативті құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
18
Аударма сөйлемнің синтаксистік талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ауызша аударма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
19
Аударманың қызметтік стилі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
19
20
Ғылыми стиль және аударма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
21
Ресми-іскерлік стилі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
22
Ауызша аудару шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
23
Ауызша аударуда қолданылатын қысқартулар мен белгілер ... ... ...
21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
24
Кіріспе
Тәжірибе мақсаты студенттердің университетте алынған теориялық білімдерің тәжірибе процесінде тереңдету және бекіту. Осы өндірістік практика барысында студенттер мамандықтары бойынша жұмысқа қажетті дағдылар жинайды.
Мен өндірістік тәжірибені Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өттім.
Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды. Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті - бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.
1. Студенттерді кәсіпорынмен таныстыру
Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы - коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.
ҰКП негізгі қызметтері:
:: кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
:: өңірлерде кәсіпкерлік қызметке жасалынған жағдайлардың, кәсіпкерлік белсенділіктің қоғамдық мониторингін жүргізу;
:: кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;
:: отандық өндіріске қолдау көрсету және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұн үлесін арттыру;
:: мамандар дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестациялау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту;
:: кәсіпкерлік субъектілерді сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
:: инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру.
Бұдан бөлек Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық бизнестің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуын көздейді. Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқаруда іскерлік ортаның мүддесін қорғайды, ҰКП шет елдердің бизнес қауымдастықтарымен байланысты кеңейту және нығайтуда, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы интеграциялық үрдістерде отандық бизнеске қолдау көрсетеді.
Палата тарихы
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жыл 9 қыркүйек күні ҚР Үкіметі және Атамекен Одағы қазақстандық үкіметтік емес ұйымның бірлескен шешімімен құрылған.
2015 жыл 27 наурызда Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып ресми қайта тіркелді (ҚР ҰКП-ның 27.01.2015 жылғы кезектен тыс ІІ Съезінің шешімімен).
Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылуында бизнес-қоғамдастықты ұйымдастырудың континентальді моделі негізге алынды. Кәсіпкерлердің жалпыға ортақ мүшелігінде палатаның континентальді (еуропалық) моделі негізделген. Бұл модель Франция және Германияда әзірленген және бүгінде көптеген еуропа елдерінде сәтті жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Еуропалық Одақтың 19 миллион кәсіпорнының ішінде 15,5 миллион кәсіпорын жалпыға ортақ мүшеліктің бизнес-ортасында жұмыс істеуде.
Атамекен құрылымында үкіметтік және орындаушы органдар: Съезд, Төралқа, Басқарма, Ревизиялық комиссия,өңірлік палаталар және кәсіпкерлер кеңестері құрылған.
ҚР Үкіметі Съезд шешіміне вето шығару құқығына ие. Атамекен ҚР ҰКП Төралқасын Райымбек Баталов басқарады. Атамекен ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Нариман Әбілшайықов. Басқарма Төрағасының бес орынбасары бизнестің түрлі бағыттарына жетекшілік етеді.
Атамекенде 126 қауымдастық (одақ) аккредиттелген. Қазіргі таңда аталған 116 қауымдастыққа аккредиттеу туралы куәліктерін дайындау және беру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері:
:: Қазақстанда тіркелген коммерциялық заңды тұлғалар (шаруашылық құрушы серіктестер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, соның ішінде банктер және банк ұйымдары, өнеркәсіп ауыл шаруашылығы және қаржы секторындағы ұлттық холдингтер құрамына кіретін ұлттық компаниялар және ұйымдар);
:: Жеке кәсіпкерлер;
:: Шаруа (фермерлік) қожалықтар (ауыл шаруашылығы өндірісі, қайта өңдеу және өткізу саласындағы жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырып отырған тұлғалардың бірігуі).
Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелік келесі ұйымдарға қарастырылмаған:
:: Шетелдік ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері;
:: Аудиторлық және бағалау қызметін көрсететін кәсіпкерлік субъектілері;
:: Мемлекеттік кәсіпорындар;
:: Коммерциялық емес заңды тұлғалар.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы Съезі 2014 жыл 25 маусымда өтті
Съезде атқарылған жұмысқа баға беріліп, Палатаның жақын жылдардағы даму стратегиясы бекітілді. Съезд шеңберінде өңірлік бизнестің анағұрлым түйткілді мәселелері талқыланды, олар үкімет деңгейінде шешілуді талап еткен.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының екінші Съезі 2015 жыл 27 қаңтарда өтті
Съезде қаралған негізгі мәселелердің бірі бизнес суюбъектілеріне арналған міндеттті мүшелік жарнаның мөлшері және төлеу тәртібіне өзгерту енгізілуі болды. Делегаттер міндетті мүшелік жарна төлеушілердің бірінші категориясында алты қосалқы категория және екінші категорияда қосалқы категорияны енгізу бойынша нұсқаға дауыс берді. Сонымен қатар Бизнесті дағдарысқа қарсы қолдау шаралары бойынша Палатаның ұсыныстары делегаттар қарауына берілді. ҚР Үкіметі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылға өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау шаралары бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Оның ішінде теміржол қызметтері және электр энергиясы үшін тарифтерді төмендету немесе сақтау, сонымен қатар мемлекеттік келісімшарттар және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету арқылы өндіріс көлемдерін сақтау бар. Бұдан бөлек, делегаттар ҚР ҰКП атауын - Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы деп өзгертуіне дауыс берді.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үшінші Съезі 2016 жыл 16 маусымда өтті
Съезд барысында мемлекеттік сатып алу, қаржылық ресурстардың қолжетімділігі, микро несиелеу, мемлекеттік органдардың заңсыз тексерулері, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуы мәселелері талқыланды. Атамекен ҚР ҰКП қызметінің нәтижесі туралы жыл сайынғы есеп, ҰКП-ның орташа мерзімді индикативті бюджеті үш жылдық кезеңге бекітілді. Сонымен қатар Ұлттық палата Төралқасының кейбір мүшелерінің өкілеттілігін мерзімнен бұрын босату және сайлау туралы, Атамекен ҚР ҰКП Жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы хабарланды.
Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Хартиясы қабылданды.
Еншілес ұйымдар:
:: Қазақстан Сыртқы сауда палатасы
:: Біліктілік орталығы ЖШС
:: Нарықты мониторингілеу мен сараптау ортылығы ЖШС
:: Арбитраж орталығы ЖМ
2013 жылғы 8 қазанда еліміздің 14 облыс орталығында және Астана мен Алматы қалаларында Кәсіпкерлер палаталары құрылды. Биыл бұл тізімге 17-ші өңір - Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы қосылды (Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы: Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы және Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы болып қайта құрылды).
Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының міндеті - еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлік секторын дамыту, кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік саясатты құруда және жүзеге асыруда бизнес өкілдерінің мүдделерін ескеру үшін институтционалдық мүмкіндіктер жасау. Аймақтық бизнес өкілдері мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы өзара тиімді байланыс тетіктерін жетілдіру.
Атамекен ҚР ҰКП-да сондай-ақ, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Орталық кеңестің құрамына депутаттар, Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік өкілдері, заңгер-практиктер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері кіреді. Кеңес Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңес беру-ақылдасу органы болып табылады және ашықтық және заңдылық принициптерін басшылыққа алады. Кеңес төрағасы - Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы.
Кеңес сыбайлас жемқорлық және ҚР көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жедел және жүйелі шешім қабылдау, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қырсы іс-қимыл бойынша түйткілді мәселелерді жария талқылау мақсатында құрылған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының экономикасы жөніндегі сарапшылық кеңес консультативтік орган болып табылады және экономиканы дамыту мәселелеріне қатысты ұсыныстарды дайындау мақсатында құрылған (Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2016 жылы 6 желтоқсанда № 125 тапсырмасы).
Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Іскер әйелдер кеңесі құрылған. Кеңесті Лаззат Рамазанова басқарады. Кеңесті құрудағы негізгі идея өңір әйелдерінің іскерлік ортадағы белсенділігін арттыру.
Сурет 1. Атамекен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі.
Аппарат міндеттері:
- Атамекен ҚР ҰКП жүйесіндегі кадр саясатын жүзеге асыру процесін стратегиялық жоспарлау және басқару. Қызметкерлердің еңбек тиімділігін арттыру, жұмысқа кәсіби мамандарды тарту, қызметкерлерді ұзақ мерзімді негізде ынталандыру, қызметкерлерді басқарудың заманауи әдістері мен жүйесін енгізу, бағалау, оқыту, қызметкердің кәсіби дамуы, кадр қорын қалыптастыру, корпоративтік мәдениетті дамыту;
- Атамекен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы бірыңғай құжат айналымы жүйесінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, оны жетілдіру, кәсіпкерлерге байланыс-орталығы арқылы ақпаратттық қолдау көрсету;
- Атамекен қызметкерлерінің жұмысын үздіксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;
- Атамекен ҚР ҰКП қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін тауар және қызмет түрін сатып алуды ұйымдастыру;
- Атамекен ҚР ҰКП ақпараттық инфрақұрылымын дамыту бойынша процестерді басқару және Атамекен ҚР ҰКП ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау жасау;
- Атамекен ҚР ҰКП жүйесіндегі тәуекелді төмендету процесін бақылау.
2. Өндірістік жұмыс
3. Аудармадағы трансформация
Бір тілдегі мəтіннің екінші тіл мəтініне аудару тəсілдерінің бірі трансформация болып табылады. Аударматануда аударма өзгертулері (трансформациясы) типтерінің бірнеше жіктеулері бар екендігі белгілі. Əрине, олардың барлығы тым шартты, трансформацияның түрлі типтерінің арасында қатал кедергі жоқ. Кейбір трансформацияларды түрлі типтерге жатқызуға болады. Бүгінгі таңда қазақ аударматануында трансформациялық операциялардың типологиясы түпкілікті зерттелмеген. Сондықтан бұл мақалада аталған мəселенің өзекті аспектілері қарастырылады. Жалпы, аударманың нəтижелі болуы аудармашының аялық біліміне, контексті түйсінуі мен шығармашылық талантына байланысты екені даусыз.
Аударма объектісі дерексіз жүйе емес, осыған орай нақты тілдік мәтін екеніне назар аударып, зейін қойып отырған жөн. Аудармашының жұмысы осы нақты мәтіннің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын дәйім ескеріп отырған ұтады. Ол нақты әрекеттер қандай? Ендігі сөз солар туралы.
Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әрқилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформалау (трансформация) деп аталып жүр. Мұндай трансформалаулар көбінесе түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, ақпаратты, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.
4. Аударманың лингвистикалық теория концепциясы
Аударма теориясы - қос тілді коммуникацияның қисынға негізделген үлгісін анықтап, аударма техникасы мен әдістемелік негіздеріне талдау жасаса, аударма практикасы - аудармашының когнитивтік іс-әрекеттерін қорытындылап, оларды аударматануды оқыту процесінде қолданудың теориялық маңызын негіздейді. Сонымен қатар аударма практикасына қатысты да зерттеулер көп емес. Тіпті күні бүгінге дейін қазақ тілінде аударма әдістемесінің негіздері толық анықталып, аударма практикасының ерекшеліктері арнайы зерттеу нысаны болмағанын да айтуымыз керек.
Аударма мәтінін талдаудың барлық қырлары бір-бірін толықтырып, аударманы әрі процесс, әрі нәтиже ретінде қарастыруға мүмкіндік туғызады. Жалпы тіл білімінде аударма лингвистикасы теориясының орны ерекше. Ол жалпы аударма теориясы және жеке аударма теориясы деп ажыратылады. Аударманың лингвистикалық теориясы аудармашылық мәселелерді, яғни бір тілдегі мәтіннің басқа тілдегі өзіне балама мәтін ретінде қайта туындауы құбылыстарын зерттейді. Бұл ретте аударманың лингвистикалық және экстралингвистикалық аспектілерінің ажыратылуы, көптеген басқа ғылым мамандары қолданылатын терминдер мен ұғымдар анықтамаларының нақтылығы маңызды мәселелер қатарына жатады.
Лингвистикалық теорияда бұлай болмай шықты; аударманың лингвистикалық теориясының алдында әрі күрделі, әрі қызғылықты төмендегідей проблемалар пайда болды: Ең алдымен: процессуалды аударма және мәтіндік аударма бар; яғни процессуалды аударма, бұл ауызша аударма (ілеспе және қосарласа аударма) болса, мәтіндік аударма - бір тілде жазылған мәтіннің екінші білге жазбаша түрде тәржімалануы (жазбаша жазылған мәтін ауызша оқылуы да мүмкін). Процессуалды аударманың тілдік табиғатын сипаттау қиынға соғады, өйткені ол аудармашының санасында жүріп, дедуктивті әдіске сүйенеді.
Сондықтан зерттеушілер объекті ретінде жазбаша мәтінді алады. Жазбаша мәтіннің өзі - күрделі ұғым. Әдебиетшілер көркем шығармамен шектелсе, аударматанушы-лингвистердің алдында барынша күрделенген мәтіндер бар, яғни тілдік талдауды қорыту және түйіндеу үшін аудармашы-лингвист бірнеше мәтіндерді тұтастай қарастырып, жалпы қорытынды жасауы керек. Ал мәтіндер бағытталған функциясы, жанрлық түрлері, стильдері бойынша әр алуан. Аударманың жалпы теориясына қатысты ғалымдар ұсынған бағыттың тағы бір - мәтіндерге формальды-құрылымдық анализ жасау, яғни тұпнүсқа мен аударма мәтіннің арасындағы сәйкестікті тілдік құрылымдық единицалар деңгейінде көрсету
5. Аударма трансформациясының түрлері

Ал осы деңгейлердегі аударма процесінде қолданылатын техникалық әдістердің негізгілеріне төмендегілер жатады:
1) орын тәртібі (сөйлем құрылысындағы сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібі);
2) ауыстыру (сөздерді, сөз таптарын, сөйлем мүшелерін ауыстыру; құрмалас сөйлемдегі синтаксистік ауыстырулар; тілдік және контекстік нақтылау; генерализация; антономиялық аударма; компенсация);
3) қосу;
4) түсіру. Осы негізгі техникалық әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігіне қарай аударма түпнұсқаға дәл келмейтін (недоперевод) және түпнұсқадан әлдеқайда артық (көркем, түсінікті, әсерлі, ғылыми) көрінетін (сверхперевод) нұсқа ретінде бағаланады.
Бұлай бөлуді, айта кету керек, шартты бөлу деп санаған дұрыс. Өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса, бірігіп, араласып келіп отырады.
1. Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.
Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт - түпнұсқа мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібінің аударма мәтінде өзгеріске ұшырауы. Мысалы, орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі еркін, ал қазақ тілінде қалыптасқан, тұрақты. Бір мысал:
2. Ауыстыру. Түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз таптарын, сөйлемшелерді, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. ауыстыру.
Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше болуы да мүмкін. Бұл - бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.
Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде беріле алады. Мысалы: Свист его сильным. - Ол қатты ысқырды. Бұл жерде оның ысқырығы қатты болды деп аударса, түпнұсқа мәні өзгеріп, оны қазақша ашуы қатты болды деп екіұшты түсініп қалуымыз мүмкін.
Орыс тілінен қазақ тіліне аударуда сын есімдердің зат есімге ауысып отыруы - жиі кездесетін құбылыс. Мысалы: Английское Правительство. - Ағылшын Үкіметі; серебряная ложка - күміс қасық; мамино пальто - шешемнің пальтосы т.с.с.
3. Қосу. Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөздің не элементтің айтылмай тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда сол элементті көрсетуге тура келетін жайттар болады, міне, осыған байланысты қосу тәсілі пайдаланылады. Мысалы: Слава народам Казахстана! - Қазақстан халықтарының даңқы арта берсін! Решения сессии - в жизнь - Сессия шешімдерін жүзеге асырайық.
Қосуға байланысты тағы бір байқалғаны - аударма мәтін оқырманының түпнұсқадағы берілгендер туралы хабары болмауы. Мәселен, Олар Припятьке таяды деген сөйлемді осы тәсілмен Олар Припять өзеніне таяды деп беру ұтымды болуы мүмкін, өйткені қазақ оқырманы Припятьтің өзен, қала, әлде село екенін айыра алмауы ықтимал. Тағы бір мысал: Ол шіркеуге баратын күні келді. - Ол жексенбіде, шіркеуге баратын күні, келді (Христиандардың шіркеуге жексенбі күні баратынын қазақтың бәрі біле бермейді).
4. Түсіріп тастау. Бұл - мәні жағынан қосуға қарсы тәсіл. Аудару үстінде түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздер, оларды алып тастаса да, мағына-мазмұнды өзгеріске ұшыратпайтын, тым болмаса, нұқсан келтірмейтін сөздер түсіріліп тасталуы мүмкін.
Мұндай басы артық сөздер плеоназм құбылысына байланысты болатыны байқалады. Мысалы, орыс тілінде каждая минута времени, в апреле месяце, промышленная индустрия сияқты тіркестер қолданылады, бұларды ыңғайына қарай, контексті есепке ала отырып, әрбір минут, сәуірде, өнеркәсіп деп аударуға да болады, өйткені минут сөзінің өзі уақытты білдіреді, ал апрель ай аты екені мәлім, промышленность пен индустрия сәйкес ұғымдарды береді.
Келесі бір кездесетін құбылыс - орыс тілінің сөйлеміндегі кейбір сөзді қазақ тілінде көрсету міндетті болмай қалады. Мысалы: Солдаты остановились у дома, хозяйн встретил их. - Солдаттар үй жанына келіп тоқтады, үй иесі қарсы алды.
Қазақ тілі синтаксистік құрылысының бір ерекшелігі сол, салалас құрмалас сөйлемді құрастырушы сыңарлардың жалғаулықты, жалғаулықсыз болуы көбіне мағына өзгерте бермейді. Ал орыс тілі синтаксисі үшін бұл - ұстанымдық қағидат. Сондықтан орыс тіліндегі кейбір жалғаулықтарды аудармай-ақ түсіріп тастауға болады. Мысалы: Пошла ба и она влес, но детей не с кем оставить. - Ол да орманға барар еді, балаларды қалдырып кетер ешкім жоқ. Байқап отырғанымыздай, орыс тілінде қарсылықты мағына жалғаулық арқылы айқындалып тұр, ал қазақ тілінде жалғаулықсыз-ақ бұл мағына айқын көрініп тұр.
6. Аударманың лексикалық қиындығы
Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір - бірімен сәйкес болу шарттары , әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес. Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып , олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді. Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық - стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.
Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі(әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі оригиналды аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады. Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына (түріне) қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді [1]. Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде оригиналдың лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады. Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық транскрипция және транслитерация, калькирование және лексикалық-сематикалық ауыстырулар (конкретизация-нақтылау,генерализац ия-жалпылау және модуляция).
7. Лексикалық сәйкестік
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен грамматикалық, мағына жағынан байланысады. Грамматикалық байланыстар сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын қамтамасыз етеді. Мысалдар грамматикалық байланыстар: жыныс, сан және жағдайда анықталатын зат есіммен сын есім-анықтамалық келісім ( піскен құлақ - піскен шие - піскен алма- піскен жемістер), зат есімдерді ауызша бақылау ( Мен шеге соқтым, далаға шықтым, спортпен айналыстым).
Семантикалық байланыстар сөйлемнің мағына жағынан дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Әдетте, жалғанған сөздер түрінде (мысалы, жалғауларда) ашылатын грамматикалық байланыстардан айырмашылығы, сөздердің мағыналық қатынасы олардың сыртқы түрімен сирек көрінеді. Дегенмен, сөзді сөйлеуде қолданғанда оның мағынасын басқа сөздермен келісу керек. Бұл мағыналық келісім сөздік үйлесімділіктің екі түрі - мағыналық және лексикалық түрде көрінеді.
Сөздің лексикалық үйлесімділігі - оның кез келген семантикалық таптың кез келген сөзімен емес, кейбіреулерімен ғана тіркестерге түсу қабілеті. Мысалы, жиынтық, жинақ жалпы мағынасы арқылы біріккен сөздердің бір табы бар: табын, табын, отар, үйір, мектепКейбір жануарлардың жиынтығын белгілеу қажет болса, біз ешбір жануардың атын осы сөздердің ешқайсысымен біріктіре алмаймыз. Олар айтады: бір табын сиыр, үйір жылқы, үйір құс, аралар тобы, балық мектебі(бірақ балық немесе балық отары, аралар тобы, жылқылар үйірі т.б. емес).
8. Сөздің концептуалды мағынасы
Көркем мөтіндегі концептілердің табиғатын ашу жан-жақгы талдауды қажет етеді. Себебі бұл концептілер автор ойының жұмбақ құбылысын бейнелейді. Жалпы көркем мәтін құрамындағы концетілерді екі қырынан тануға болады. Танымдық концепт - жалпы түсінік беру, ұғым беру қызметін атқаратын сөздер. Көркем концепт - бейнелі сипат беру қызметін атқаратын сөздер. Таным концептісі - жалпылыққа, көркем концептісі - жекелікке тән. Таным концептісінде сезім, қалау сияқты иррационапдық құбылыстар аз қатысады. Көркем концептіде кешенді құбылыс басым, онда ұғым тудыру, түсінік қалыптастыру, сезім, эмоция байқату, еркін бейнелеу әрекеттері араласып жатады. Таным және көркем концептілердің айырмашылығы ондағы ақиқаттың болу-болмау мүмкіндігінде. Таньм концептісінде берілген ұғым ақиқатқа негізделеді және логика заңдарына сүйенеді. Ал көркем концептінің элементтері бөтен біреудің логикасына, көркем ассоциативтіліктің шынайы прагматикасына фиксация, жалған ойлау әрекетіне негізделеді. Бірақ көркем концептіде зандылықпен талап болмайды деп тусінбеу керек. Ондағы зандылық жеке тұлғаның өз заңы, өз талабы. Осы жағынан көркем және таным концептілері өзара сәйкес келеді.
9. Лексикалық және сөздік сәйкестік
Сөздің грамматикалық мағынасы деп грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағынаны айтамыз. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасының негізінде туады, бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар.
Сөз мағынасы (семантикасы). Тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мағына өз ішінен парадигмалық және синтагмалық мағыналар болып бөлінеді. Парадигмалық қатынастар негізінде алынатын мағынаны парадигмалық мағына деп аталады, ал парадигмалық қатынас - бір деңгейдегі тіл элементтерінің арасындағы байланысқа негізделеді. Мәселен, тәтті, ащы, дәмді, ұзын, қысқа т.б. заттың сынын; жел, су, өзен, жұлдыз, үркер күн т.б. табиғат құбылыстарының атауы; бас, көз, құлақ, бауыр, жүрек т.т. дене мүшелері атаулдары адам санасында мазмұнның ортақтығына негізделген өзара белгілі бір байланысы бар сөздер тобын құрайды. Парадигмалық мағынаның сөздерді тақырыптық және лексика-семантикалық топтарға бөліп қарастыруда атқаратын рөлі үлкен.
Әр текті тіл элементтері арасындағы қатынас тілтанымда синтагмалық қатынас деп танылады. Сөз синтагмалық қатынасқа түскенде бір-бірімен әрі семантикалық, әрі грамматикалық жағынан байланыста болады. Сөздер бір-бірімен өзара байланысқа түсу үшін сөздердің мағыналық құрамында ортақ бір семаның болуы шарт. Сөздердің семантикалық тіркесімділік қабілетін анықтаушы тілдік мағынаны синтагмалық мағына деп танимыз.
Мағынаның семантикалық құрылымы. Сөз мағыналары құрылымдық тұрғыдан денотаттық мағына, сигнификаттық мағына және коннотациялық мағынаны құрайды. Денотаттық мағына деп сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын айтамыз. Тілтанымда денотаттық мағынаның өзін материалды денотат (референт) және идеалды денотат деп бөлушілік бар. Денотаттық немесе референттік мағына белгілі бір сөзді айтқан кезде көз алдымызға, ойымызға келетін заттар мен құбылыстардың басты белгілеріне, бейнесіне негізделеді.
Ал сөз мағынасында өмір сүретін идеалды денотат санадағы ұғыммен байланысты. Яғни материалдық денотат арқылы қоршаған ортадағы заттармен, құбылыстармен байланысып жатады. Мәселен, тас қарапайым адам үшін формасы әртүрлі, өзі қатты тау жыныстарының үлкенді-кішілі бөлшектері, тау - жер бетінен жоғары да көтеріңкі жатқан биіктік деген нақты денотаттық мағынаға ие болса, геолог мамандар үшін тас - кристалды минералдардың жиынтығы, физикалық географияда тау - айналасынан оқшау, айқын байқалатын беткейі, етегі және шыңы бар, теңіз деңгейінен биіктігі кемінде 200 м болатын көтеріңкі жер деген ұғымдық (идеалды денотат) мағынаны білдіреді.
Сөздің лексикалық мағынасының құрамдас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz