Цилиндрлік тісті беріліс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ Технология және Бизнес университеті

Технологиялық фaкультeтi
Технология және стандарттау кaфeдpaсы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Цилиндрлік тісті берілістер сызбасы

Opындaғaн: АЗТӨТ-191
тoбының студeнтi
Міралі Назерке
Дисциплина: Азық-түлік кәсіпорындарын
жобалаудағы компьютерлік графика
Тeксepгeн:
Карманова Г.К.

Aстaнa
2022ж
Мазмұны

Кіріспе

3
1. Негізгі бөлім
1.1 Тісті берілістедің сипаттамасы және олардың түрлері
1.2 Цилиндрлік тісті берілістер. Құрылғылар мен негізгі геометриялық қатынастары
1.3 Цилиндрлік тісті берілістердің бұзылу түрлері

4

6
9

2 Практикалық бөлім
2.1 КОМПАС-3D бағдарламасында цилиндрлік тісті берілісті сызу
2.2 Цилиндрлі тісті берілістің технологиялық үрдісі

13
14
18

Қорытынды
18

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
19

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта адам іс - әрекеттің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік - ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді.
Машина-қаруларды қозғалысқа келтіру үшін механикалық энергия қажет: осы энергия электрлік, жылулық және басқа машина-қозғалтқыштарда алынады. Көбінесе, машина-қаруларды қозғалысқа келтіру үшін пайдаланылатын механикалық энергия қозғалтқыш білігінің айналма қозғалысының энергиясы болып табылады.
Жаңа заманғы машиналарда энергия берілісі механикалық, гидравликалық, пневматикалық және басқа құрылғылармен жүзеге асырылуы мүмкін. Механикалық берілістер, немесе жай берілістер деп, энергияны машина-қозғалтқыштан машина-қаруға, ережеге сай, жылдамдықтарды, моменттерді түрлендіру арқылы, ал кейде қозғалыс түрлерін түрлендіру арқылы беру механизмдерін атайды [1].
Машина-қозғалтқыш пен машина-құрал арасындағы берілісті келесі себептер бойынша енгізеді:
- энергияны үлкен айналыс жиіліктері кезінде беру мақсатты;
- машина-қару жұмысының процесінде атқару органының жылдамдығын өзгерту қажет (мысалы, автомобильде, жүк көтергіш кранда, токарьлық білдекте), ал машина-қозғалтқыш жылдамдығы көбінесе тұрақты (мысалы, электрқозғалтқыштарда);
- кейде бір қозғалтқыштан жылдамдықтары әр түрлі бірнеше механизмдерді қозғалысқа келтіру қажет;
- машинаның жұмыс органдары қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс жасаған жағдайларда (мысалы, сүргілеу білдегінің суппорты), ал қозғалтқышта айналдыру білігі болады (электрқозғалтқыш және т.б.).
Куpстық жұмыстың мaқсaты цилиндрлік тісті берілістер сызбасына байланысты түсiнiктepiн қapaстыpу және оны кез-келген бағдарламада көрсету.
Мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер орындалуы қажет:
Тісті берілістедің сипаттамасы және олардың түрлері зерттеу;
Цилиндрлік тісті берілістер. Құрылғылар мен негізгі геометриялық қатынастарын зерттеу;
Цилиндрлік тісті берілістер сызбасын бағдарламада көрсету.

1. Негізгі бөлім
1.1 Тісті берілістедің сипаттамасы және олардың түрлері

Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады.
Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады.
Тісті берілістер машиналарда өте көп кездеседі. Мысалы, жеңіл автомашиналарда тісті дөңгелектердің саны 30 35 болса, жону станоктарында 70 80-ге дейін жетеді. Тек қана автотрактор шаруашылықтарында жылына 30 млн. тісті дөңгелек дайындау керек.
Тісті механизмдермен және іліністің негізгі заңымен таныстыру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1 Тісті берілістерді жіктеу.
2. Іліністің негізгі заңы.
1 Тісті берілістерді жіктеу.

Сурет 1. Тісті берілістер

Тісті беріліс - екі дөңгелек пен тіректен құрылған механизм. Тісті дөңгелектердің түрлері:
а) цилиндрлі және конусты;
б) тіктісті, бұамалы, шевронды;
в) эвольвентті, циклоидалы, дөңгелеу-бұрамалы,
г) іштей және сырттай іліністі.
Тісті берілістердің түрі: а) тұрақты немесе айнымалы беріліс қатынастары бар дөңгелек емес дөңгелектері бар; б) жазық және кеңістік; в) параллель, қиылысатын, айқасатын біліктері бар.
Тісті механизмдердің түрлері:
а) дөңгелектерінің біліктері қозғалмайтын және қозғалатын (планетарлық);
б) жоғары қуатты өткізу үшін (күштік) және қозғалыс параметрлерін өзгерту үшін (кинематикалық); в) еркіндігі бірге тең және дифференциалдық бір нүктеде бөлінуы міндетті.
Артықшылықтары.
1. Тісті берілістер кемегімен өте үлкен қуат беруге болады (100 000 аттық күш) және олар басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді.
2. Басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі
3. Тісті берілістер өте шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар :ондаған жылдар бойы жұмыс істейді.
4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін η = 0,97...0,98) болады.
Кемшіліктері.
1. Дайындауы күрделі.
2. Жүмыс кезінде шу көп болады.
3. Қатаңдығы ете жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі нашар болады.

Сурет 2. Тістердің орналасуы

Тістердің орналасуына байланысты (сурет ): тік тістілер (а), қиғаш тістілер (б), шеврон тістілер (в) және дөңгелек немесе қисық тітілер болып бөлінеді (г).

Салыстырмалы қасиеттері.
1. Қиғаш тістілер бірқалыпты, шусыз жұмыс істейді, бірақ өс күштері пайда болады.
2. Шеврон тістілердің ось күштері бірімен-бірі теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25,30%-ға дейін өседі, бірақ дайындауы қиын.
3. Конусты тісті берілістер қымбат. Конструкциясы дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.
Көптеген жағдайларда тісті беріліс айналмалы қозғалысты беру үшін қызмет етеді. Кейбір механизмдерде осы берілісті айналмалы қозғалысты ілгерілемелі түрге немесе керісінше айналдыру үшін қолданады.
Тісті берілістер -- жаңа заманғы машина жасауда және аспап жасауда берілістердің анағұрлым кең таралған типі; оларды жылдамдықтардың (100 мсек дейін) қуаттың (ондаған мың киловатт) кең ауқымында қолданады.
Тісті берілістердің басқа берілістермен салыстырғанда негізгі кемшіліктері:
- технологиялылығы, беріліс санының тұрақтылығы;
- жоғары жүктеу қабілеті;
- жоғары ПӘК (доңғалақтардың бір жұбы үшін 0,97 -- 0,99 дейін);
- тең шарттар кезінде берілістердің басқа түрлерімен салыстырғанда кіші габариттік өлшемдері;
- жұмыста үлкен сенімділігі, қызмет көрсету қарапайымдылығы;
- біліктер мен тіреулерге салыстырмалы түрде аз жүктеулер.
Тісті берілістердің кемшіліктеріне мыналарды жатқызған жөн:
- берілістік санды сатыламай өзгертудің мүмкін еместігі;
- дайындау және құрастыру дәлдігіне қойылатын жоғары талаптар;
- үлкен жылдамдықтар кезінде шуыл; нашар амортизациялау қасиеттері;
- жетекші және жетектегі біліктердің осьтері арасындағы үлкен қашықтық кезінде қолайсыз үлкендік;
- тістерді кесу үшін арнайы жабдық пен аспапты қажет етуі;
- тісті беріліс машинаны ықтимал қауіпті асқын жүктерден сақтамайды.

1.2 Цилиндрлік тісті берілістер. Құрылғылар мен негізгі геометриялық қатынастары

Ұсақ модульді көп тісті дөңгелектердің артықшылығы, олардың жай және еркін айналуында. Мұндай дөңгелектерде үйкеліс күші мен кесілетін материал азаяды.
Тіс модульінің мәні орталық өстің ара қашықтығы арқылы немесе дөңгелектің ені арқылы табылады: , шынықтырылған болаттар үшін .
Модульдің жоғарғы мәнін берілістер үлкен күшпен, аз уақыт, орташа жылдамдықпен жұмыс істеген кезде аламыз. Ал төменгі мәнін ұзақ уақыт, аз күшпен және жедел жылдамдықпен жұмыс істеген кезде аламыз. Кей жағдайда модуоьдің мәні дөңгелектің еніне байланысты алынады.

Сурет 3. Цилиндрлік тісті беріліс

Орталық өсаралық қашықтықты тапқанннан кейін ның мәні арқылы дөңгелектің енін табуға болады . Дөңгелке енінің коэффицентін кестелерден қарап алуға болады.
Тағайындалған модуль иілуге тексеріледі. Бұл жағдайда жабық берілістер үшін иілу беріктігі өте үлкен болуы мүмкін, бірақ цементтелген жоғарғы қатаңдыққа дейін шынықтырылған дөңгелектер үшін солай болуы да ықтимал, себебі жоғарыда айтылғандай олардың жұмыс істеу қабілеттілігі жанасу беріктілігіне байланысты болады.
Тісті берілістердің өлшемдері тіс санымен байланысты. Тіс санының азаюы оның табанын жұқартады және эвлбвент профильді тістің қисықтығын ұлғайтып тістің иілу қасиетін кемітеді. Мысалы, егер тістің саны 17-ден кем болса, онда тісті дөңгелектің жанасу кезінде кескіш құрал тістің табанына тиіп оны жұқартады сондықтан тіс саны 17-ден кем болмауы тиіс.
Дөңгелек диаметрі тұрақты болса, яғни тіс санының модульге көбейтіндісін сақтай отырып, тіс санын өзгертуге болады. Бұл жағдайда тістің пішіні мен өлшемдері өзгереді. Тіс саны көбейгенде оның пішіні жақсарып модульі кішірейеді. Бірақ тістің иілуге шыдамдылығы да кемиді себебі көлденең қимасы азаяды. Тіс санының модульге көбейтіндісі тұрақты болғанда, жанасу кернеуі өзгермейді, өйткені бұл кернеу тек қисықтың радиусына (диаметріне) байланысты болады.
Егер тіс саны шексіздікке ұмтылса ол рейкаға айналады, Зиянды дыбыстарды жою үшін болған жөн.
Техникада тік тісті цилиндрлі берілістермен қатар қиғаш және шеврон тісті дөңгелектер де жиі қолданылады.

Сурет 4. Тістерінің эвольвентті бейіні бар негізгі геометриялық параметрлер

Егер тіс бағыты дөңгелектің өсімен белгілі бір бұрышын жасайтын болса онда ол қисық тісті дөңгелек цилиндр деп аталады. Бұл дөңгелекті әзірлеу үшін де тік тісті дөңгелектерді әзірлеу үшін пайдаланылатын құралдар пайдаланылады. Бірақ құрал белгілі бір бұрышына қарай бұрылады.
Қиғаш тісті дөңгелек өлшемдері бұрышына байланысты өзгереді. Қисық тісті берілістерде екі түрлі модуль кездеседі: қалыпты модуль және шеңберлік модуль
Қисық тісті шевронды цилиндр тісті берілістің тік цилиндр тісті берілістерге қарағанда төмендегідей артықшылықтары бар. Біріншіден, соғу күші мен зиянды дыбыстар аз болады. Себебі, тістер тік тісті берілістердегідей бүкіл ұзындығымен бірдей ілініспейді, олар ілініске бірте-бірте енеді. Екіншіден жабу коэффиценті көп. Бұл коффиценттің өсуі көп қуатты беруге және тік тісті беріліспен салыстырғанда беріліс саны мен жылдамдықты өсіруге мүмкіндік туғызады. Қисық тісті берілістер көбінесе жылдамдық шамасы көп болған жағдайда қолданылады.
Сонымен қатар бұл берілістің кемшіліктері де бар. Қисық және шеврон тісті берілістерде өстік күш пайда болады. Ол күш білікке қосымша иілу моментін туғызады және ол радиалды тіреуіш пен тіреуіш подшипниктер қоюды қажет етеді.
Қисық және шевронды тісті дөңгелектерде тістің беріктігі оның қалыпты қимасындағы тіс өлшемдері мен пішініне байланысты анықталады.
Доңғалақтарында кертпештердің диаметрі бойынша беті цилиндрлік болатын параллель осьтері бар тісті берілісті цилиндрлік деп атайды.
Цилиндрлік түзу тісті тісті беріліс тістері түзу цилиндрлік тісті доңғалақтардың екі немесе бірнеше жұптарынан тұрады. Осы беріліс дайындауда анағұрлым қарапайым. Ашық, сондай-ақ жабық орындауда қолданылады.
Берілістік саны и берілістің габариттік өлшемдерімен шектеледі. Цилиндрлік тісті доңғалақтардың бір жұбы үшін z2z1 = и = 12,5.
Цилиндрлік түзу тісті беріліс өлшемдерінің тістің эвольвентті бейінімен геометриялық қатынасы. Цилиндрлік түзу тісті берілістердің геометриялық параметрлерін тістердің модулі мен санына байланысты анықтаймыз (т мен z).
Тістердің төбелерінің диаметрі da = d + 2ha (рис. 3.23); ойықтарының диаметрі df= d- 2hf.
Бір доңғалақтың сирағының биіктігінің және екіншісінің басұшының биіктігінің айырмасы радиал саңылау түзеді.
с = hf - ha = 1,25m - т = 0,25т.

1.3 Цилиндрлік тісті берілістердің бұзылу түрлері

Пайдаланудың барлық ережелерін орындаған кезде дұрыс жобаланған және әзірленген беріліс қатты қызбауы және жұмыс кезінде қатты шуыл тудырмауы керек. Айтарлықтай асқын қызудың және шамадан тыс шуылдың пайда болуы беріліс жұмысында оның конструкциясына, әзірлеуіне, майлау материалының дұрыс таңдалмауына немесе тістерінің ықтимал бүлінуіне байланысты кемшіліктер туралы куәландырады. Тістердің бұзылуының келесі түрлері байқалады: жұмыс беттерінің иілімді деформациясы, олардың сынуы, тозуы, желінуі, жұмыс беттерінің өңсізденуі.
Тістерінің сынуы. Тістердің бұзылуының осы түрі берілісті қатардан толығымен шығарады. Сыну көбінесе F ауыспалы жүктеменің кезеңдік әрекеті салдарынан, сонымен қатар айтарлықтай қысқа мерзімді жүктеме (соққы жүктемесі) нәтижесінде тіс түбінде байқалады . Егер тіс бір жағымен жұмыс істесе, онда бастапқы жарықшақ, ережеге сай, созылу аймағында түзіледі. Жарықшақ тіс сирағы табанының бойымен, ал кейде тістің төбесіне қарай немесе қандай да бір жұмыс бөлігі бойымен таралады.


Сурет 5. Жарықшақтар

Тістердің ұзақ мерзімділігін тіс түбінің беріктігін арттыру және қауіпті қимада кернеудің шоғырлануын азайту, беріліс модулін арттыру арқылы арттыруға болады.
Тістердің жұмыс беттерінің боялуы. Тістердің бүлінуінің осы түрі барлық берілістің бірқалыпты жұмысын бұзады, бірақ оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Рычагы-тісті механизмін құрастыру
Шкворнды қысыммен отырғызуға арналған қондырғы
Тісті берілістер
Ұңғы өшуінің геологиляқ шарттары
Басты беріліс және жетекші беріліс
Тісті цилиндрлік берілісті жобалау есебі
Автомобильдің жетекші белдігі
Көлік трансмиссиясының құрылысы мен атқаратын қызметі
Автомобильдің басқарылатын алдынғы жетегі
Пәндер