Геодезия картография


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Жерге орналастыру және геодезия кафедрасы

Дипломалды тәжірибенің

ЕСЕБІ

Кәсіпорын жетекшісі: Университет жетекшісі:

«___»2022ж «___»2022ж

Орындаған:

Торебай Жанторе Жанайдарулы

ГиК 19-05

Геодезия картография

Астана, 2022ж

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1Бөлім.
3: 5
Кіріспе: 1. 1 Жерге орналастыру обьектісі туралы жалпы мәліметтер
3: 5
Кіріспе: 2 Бөлім. Теориялық бөлім
3: 7
Кіріспе: 2. 1 Жерге орналастыру кезіндегі геодезиялық жұмыстар
3: 7
Кіріспе: 3 Бөлім.
3: 12
Кіріспе: 3. 1 Жерге орналастыру кезінде геодезиялық қамтамасыз ету үшін қолданылатын жабдықтар
3: 12
Кіріспе: Қорытынды
3: 18
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 19

Кіріспе

Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты- теория жүзінде алынған білім және дағдыларды жүзеге асыру, оқу үдерісі уақытында алынған және де таңдалынған ғылыми мәселе бойынша зерттеулерді практика жүзінде тексеруден өткізу, дипломдық жұмыстың қорытындысын шығару.

Мен дипломалды тәжірибені 05. 09-11. 11. 2022ж аралығында «Жерге орналастыру және геодезия» кафедрасында өттім.

Тәжірибе барысында жетекші берген тапсырма бойынша материалдар жинақтаумен, есеп бөлімдерін әзірлеумен айналыстым.

«Жерге орналастыру және геодезия» кафедрасы Ақмола ауылшаруашылық институтының (қазіргі С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ) құрылғаннан бастап іске қосылды. 2008 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті геодезия және картография саласындағы мамандарды даярлауды бастады. 2018 ж. жаңа академиялық құрылымды құруға байланысты Жерге орналастыру және геодезия кафедрасы ұйымдастырылды.

Кафедра 5В090300-Жерге орналастыру, 6М090300-Жерге орналастыру, 5В071100-Геодезия және картография мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамында 29 адам бар, соның ішінде 2 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 13 магистр.

Кафедраның ғалымдары бірнеше рет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің естелік наградалары, медальдар, дипломдармен марапатталған.

«Жерге орналастыру және геодезия» кафедрасы негізінен ТМД аумағында орналасқан басқа ЖОО-ның өндірістік және жер ресурстарын басқару департаменттерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кафедраның ПОҚ өндірушілердің кәсіби дамуына және біліктілігін көтеруге; жер реформасын және өзге де заң актiлерiнде жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құжаттарды дайындауға және жариялау туралы конференцияларға белсенді қатысады.

5В090300 - "Жерге орналастыру" мамандығының білім беру бағдарламасы Ұлттық біліктілік шеңбері мен кəсіби стандарттарға, келісілген Дублиндік дескрипторларына және Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес әзірленді.

5В090300-«Жерге орналастыру» мамандығы саралау нәтижелері бойынша келесі орындарды иеленді: 2014 жылы 2-орын, 2015 жылы 3-орын, оқу орындарының, сондай-ақ, 2014 жылы білім беру бағдарламалары бойынша мамандық 5В090300 - Жерге орналастыру 6М090300 - Жерге орналастыру мамандандырылған аккредитациядан өтті АРТА.

5В071100 - «Геодезия және картография» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігінің ұлттық рейтингісінде 6-орынға ие.

Кафедраның ғылыми зерттеу бағыттары: жер ресурстарын ұтымды пайдалану және аумақты ұйымдастыру бойынша әдістемелік және ғылыми-әдістемелік негіз, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы ғылыми зерттеулер.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері: жер беті, мемлекеттік геодезиялық желілер және арнайы мақсаттағы желілер; ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдары; азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар; пайдалы қазбалар кен орындары; жер учаскелері, қала аумақтары, табиғи және табиғиантропогендік жүйелер болып табылады.

1. . Жерге орналастыру обьектісі туралы жалпы мәліметтер

1. 1 Қаланың физика-географиялық және экономикалық ерекшеліктері

Астана - Қазақстан Республикасының елордасы- еліміздің серпінді дамып келе жатқан әкімшілік және іскерлік орталығы. Астана қаласы Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде, Ақмола облысында орналасқан.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.

Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қала төрт ауданнан - «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» [1] ауданынан тұрады.

Сурет 1. Астана қаласы

Географиялық координаттары- солтүстік ендіктің 51 градус 10 минуты және шығыс белдіктің 71 градус 30 минуты.

Астана V уақыт бөлігінде тұр. Нөлдік меридианға қатысты жергілікті уақыттың есептелуі GMT+06. 00.

Қала территориясы аумағы - 797, 33 км² (2017 жылғы 7 ақпанда Ақмола облысының елді мекендерсіз 87, 19 км² қалаға қосылғаннан кейін) . Қала дала жазығында орналасқан. Алып жатқан аумақтың рельефі - төмен террассалар. Каштан топырағы басым.

Қаланың геологиясы - солтүстік бөлігінде бөлінбеген палеозойлық шөгінділер, ал оңтүстік және батыс бөліктерде орта төрттік шөгінділер. Қаланың көп бөлігі шөгінді тау жынысында, негізінен құмдақ саздарда жатыр. Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан.

Қала екі бөлікке бөлінеді - оң және сол жағалау. Қаланың гидрографиялық желісі тек Есіл өзенімен ғана емес, сонымен қатар Есіл өзенінің оң ағымдары Сарыбұлақ пен Ақбұлақ өзендерімен де ұсынылған. Қаланың 25-30 км радиусында көптеген тұщы және тұзды көлдер бар.

2020 жылғы 1 қаңтардағы қала түрғындар саны 1136 008 адамды құрады.

Астана қаласындағы тұрғын үйлерін жоспарлауды елдімекеннің қала құрылысын салу жіне табиғи ерекшеліктеріне орай басқа да қызметтік аймақтарының құрылымдарымен байланыстырған.

Бұл қалада тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар, құрылыстар, жол-көшелік желілер, желпы қолданыстағы көгалдандырылған аймақтар және т. б. нысандарды тұрғынжай территориясына орналастыруда санитарлы-эпидемеологиялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары ескерілген.

Астана қаласы экономикасын сауда, транспорт пен байланыс, құрылыс құрайды. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне қосқан үлесі бойынша Астана қаласы Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары арасында Алматы қаласынан кейін екінші орын алады.

Астана мен Алматы қалаларының жиынтық аймақтық өнім көлемі Қазақстанның жалпы сауданың жартысынан астамын құрайды. Бөлшек тауар айналымы бойынша да Астана қаласы республикада екінші орында. Құрылыс өсімі бойынша Астана қаласы республика бойынша көшбасшы. 2009 жылы Қазақстан бойынша эксплуатацияға берілген тұрғын үйлердің 1/5 бөлігі Астана қаласына келді. Астана бес жылдан астам тұрғын үйлерді эксплуатация енгізу бойынша көшбасшы.

2 бөлім. Теориялық бөлім

2. 1 Жерге орналастыру кезіндегі геодезиялық жұмыстар

Жерге орналастыру - бұл жер ресурстарын есепке алу және бағалау үшін жер қатынастарын реттеуге бағытталған мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар жүйесі. Жер учаскелерін басқаруда жүргізілетін барлық жұмыстар тікелей геодезиямен байланысты. Жоспар құру және жер аумағын анықтау үшін жерге орналастыру кезінде геодезиялық жұмыстар жүргізілуі қажет.

Жер кадастрын жүзеге асыру процесінде, еліміздің біріңғай жер қорының құқыктық жайын, табиғи және шаруашылық жағдайлары мен жер пайдаланудың әр түрлі ақпараттарын жинайды, үйренеді және талдайды. Бұл ақпараттардың дұрыстығы мен толыктығы, оны алу тәсілдеріне байланысты. Бұл мақсаттар үшін, халықшаруашылық есебіне белгілі амалдар, сондайақ жер кадастрына ғана тән және бірінші кезекте графикалық ерекше тәсілдер қолданылады.

Соңғысы, дұрыс ақпараттардың алынуы үшін негіз болады. Оның мәні мынадай, жер кадастрдың объектісі ретінде жер қоры, бәрінен бұрын, кеңістік өлшемдері және жағдайларымен сипатталады. Оның сандық және сапалық көрінісін, кеңістіктегі белгілерін анықтау үшін тиісті өлшемдерді жүзеге асыру укерек, ол үшін арнайы түсірістер мен тексерулер жүргізу талап етіледі. Алынған нәтижелер негізінде қағазда тиісті масштабта, сол жердің ұқсасты бейнесі немесе кеңістіктегі көлемімен, орнымен сипатталады. Бұл жоспарлы-картографиялық құжат - жоспар, карта. Жердің кеңістікте орналасуы оның пішіні, үйлесімі (конфигурация), тұстарының арақатынасы, көршілес орналасқан жер учаскесімен нобайы (очертания) және т. б. сипатталады.

Жоспарда немесе картада қандай мәліметтер көрсетіледі немесе бейнеленеді, соған байланысты, олар, мысалы, топырақ, геоботаникалық және т. б. түрлерге бөлінеді. Сонымен қатар кешенді жоспарлы-картографиялық материалдар ретінде де болуы мүмкін, онда жер кадастрына қажетті деректердің жинағы бейнеленеді - жер-кадастрлық карта. Жер-кадастрлық картасы оның мазмұны, тапсырмасы және кадастрлатын аумақтың (жер пайдалану, облыс, аудан территориясы және с. с) көлеміне қарай масштабы әртүрлі болады. Мысалы, ұсақ контурлы жағдайлар масштабы 1: 1 болғаны дұрыс. Қазақстанның тың игерілген аудандарында 1: 5 масштабы қолданылады. Суармалы жерлерде және көпжылдық екпелерде 1: 5000, ал елді мекендер жерлерінде, қалаларда және ауылды жерлерде жер кадастры 1: 2000 және 1: 500 масштабында жүргізіледі.

Сурет 2. Жерге орналастыру кезіндегі геодезиялық жұмыстарды жүргізу процестері

Нәтижесінде қосымша мәліметтер топографиялық карталар мен жоспарлар, координаттар мен биіктіктер каталогтары, профильдер түрінде алынады. Құрылыс конструкцияларын дайындау процесінде геодезиялық жұмыстарға қалыптастырушы элементтердің геометриялық өлшемдерін бақылауды, сондай-ақ дайын құрылыс конструкцияларының параметрлерін статистикалық бақылауды жатқызуға болады.

Далалық жұмыстарға жер бетінде жүзеге асырылатын геодезиялық өндірістің технологиялық процестері жатады. Ал камералдық жұмыстар өндірістік үй-жайларда, яғни жерден тыс жерлерде жүзеге асырылатын геодезиялық өндірістің технологиялық процестерін білдіреді. Өндіріс түрлері бойынша геодезиялық жұмыстар санаттарға жіктеледі:

Геодезиялық жұмыстар -далалық және камералдық жұмыстар, олардың негізгі мақсаты Жердің пішінін, көлемін, гравитациялық өрісін, жер беті нүктелерінің координаталарын және олардың уақыт ішіндегі өзгерістерін анықтау үшін деректер жинау болып табылады.

Топографиялық жұмыстар -негізгі мақсаты топографиялық карталар мен жоспарлардың түпнұсқаларын алу мақсатында топографиялық түсірілім болып табылатын далалық және камералдық жұмыстар. Өндірістік жұмыстардың топографиялық түрлеріне: топографиялық түсірілім, фототопографиялық түсірілім, аэрофототопографиялық түсірілім, фототеодолиттік түсірілім және т. б. жатады. Топографиялық-геодезиялық жұмыстар-бірыңғай жоба немесе жоспар бойынша орындалатын геодезиялық және топографиялық жұмыстарды біріктіру.

Картографиялық жұмыстар -негізгі мақсаты түсіру нәтижелері бойынша немесе бастапқы картографиялық материалдар бойынша картографиялық өнімді жасау, сондай-ақ цифрлық және электрондық 29 карталарды жасау және географиялық тұрғыдан байланысты және ГАЖ-да (геоақпараттық жүйелер) пайдаланылатын цифрлық картографиялық ақпаратты жинаудың, өңдеудің және ұсынудың цифрлық технологиялық процестері болып табылатын жұмыстар (көбінесе камералдық) .

Өндірістік жұмыстардың картографиялық түрлері карта жасау және карта шығару процестері, глобустарды дайындау, бедерлі карталарды жасау, цифрлық карталарды жасау, суреттер бойынша цифрлық картографиялау, цифрлық картографиялық банктерді жүргізу және т. б. болып табылады.

Жер кадастрының мақсаттары үшін аумақты картаға түсіру, картографияның және геодезияның тиісті әдістеріне сүйінеді. Жоспарлы-картографиялық материалдар қашанда, қазіргі заман дәрежесіне лайықты болуы керек.

Бұл мақсаттар үшін, оларға түзету жүргізіледі, яғни бұл жер жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде аныктайды және жоспарға немесе картаға енгізеді. Жер кадастрының жоспарлы-картографиялық материалдарына нақты талаптар ұсынады. Олар жердік кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдалануын сипаттайтын жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз етуі керек. Жергілікті жердің барлық элементтері жоспарларда талаптағы дәлдікпен және толықтықпен бейнеленеді. Кадастр және жерді ұтымды пайдалану мақсаттары үшін суретке түсірулер мен тексерулер жүргізіледі. Суретке түсірулер мына түрлерге: жердегі (жер бетіндегі), аэрофототүсіріс, аэрокосмостық немесе аэроғарыштық болып бөлінеді.

Сурет 3. Геодезиялық түсірістердің орындалу ерекшеліктері

Жер бетіндегі түсіріс теодолиттік, мензулдық және т. б. атқарылады және ауданы онша үлкен емес, аэрофототүсіріс материалдары жоқ алаңдарда қолданылады. Ол, жердің құрамы мен пайдалануындағы күнделікті өзгерістерді есепке алу барысында қолданылады. Қазіргі кезде жер кадастрында аэрофототүсірістер кеңінен қолданылады. Ол біршама қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық территориясынан жағдайы мен пайдалануын сипаттайтын, жергілікті жердің барлық элементтерін егжей-тегжейлі бейнелейтін қажетті жоспарлы материал алуға мүмкүндік береді. Кадастрда аэрофототүсірістің әртүрлі түрдегі (аэрофотосуреттер, фотопландар және с. с) жоспарлы материалдары қолданылады.

Аэрофототүсіріс материалдары аумағы бойынша үлкен емес жер пайданушыларды, соның ішінде үй іргесіндегі учаскелерді есепке алу барысында да қолданылады. Жеке жер пайданушылар жерін есепке алу барысында фотопландар (жоспарлар) және фотопланшеттер қолданылады. Олардың масштабтары жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурлылығына және с. с байланысты түрліше болуы мүмкін. Қазіргі уакытта жасанды спутниктер, автоматтандырылған космостық станциялар, лабораториялар пайда болғаннан кейін, енді жер бедерін аэрокосмостық әдістермен зерттеуге жағдай жасалды, оның ішінде жерді қашықтықта түтік тәріздес құралдар атауы (дистанционный метод зондирования) арқылы зерттеу.

3 Бөлім. Жерге орналастыру кезінде геодезиялық қамтамасыз ету үшін қолданылатын жабдықтар

Leica TS06plus тахеометрі (7-сурет) электронды қашықтықтан өлшеулердің (EDM) баптауларын таңдау арқылы нақты өлшеулерді қамтамасыз етеді. Тахеометр өндірушімен салынған бұрыштардың қажетті нақты өлшемін береді. Ол жеңіл және ақылды түсінікті басқарумен ерекшеленеді, сонымен қатар кілттердің эргономдық орналасуы және үлкен дисплей деректерді қатесіз енгізуді қамтамасыз етеді және құрылғымен жұмысты жеңілдетеді. TS06plus тахеометрі сымсыз байланыс арқылы кез-келген деректерді жинау құрылғысымен байланысуды қамтамасыз ететін, “Bluetooth” функцияларымен жабдықталған

тс06.jpg Сонымен қатар, станция әртүрлі форматтағы(GSI, ASCII, DXF, CSV және басқалары) деректер файлдарын беруді қамтамасыз ететін USB портымен жабдықталған. Құрылғының ішкі жады 1 нүкте мен 6 өлшеуді сақтауға арналған. Бұл жалпы станцияда литий батареялары қолданылады, олар жылдам зарядтауды, ұзақ өмір сүруді және 30 сағат үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Ts06plus салмағы 5, 1 кг, оның ішінде батарея мен трегер бар. Жеңіл және берік контейнер құралды шаң мен ылғалдан қорғайды.

Сурет 4. Электронды тахеометр TS06plus

Электронды тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық - оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылыстырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Ара қашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрініп, бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін.

Электронды тахеометр арқылы өзара биіктікті анықтаудың, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай-ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін түзетудің, автоматты түрде алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, батарея, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күту жабдықтары кіреді. Nikon NPL-352.

Сурет 5. Штативке орнатылған Nikon NPL-352

Nikon электронды тахеометрі жапондық аспап шығарушылардың қазіргі заманғы аспаптардың бірі. Nikon электронды тахеометрі геодезиялық және инженерлік жұмыстардың кең спектрлі өндірісі үшін құрастырылған. Бұл тахеометр геодезиялық аспаптардың қазіргі заманғы талаптарын қанағаттандырады: салмағы жеңіл, есте сақтау қабілеті жоғары, сенімді, ыңғайлы және жұмыс өнімділігі жоғары.

Сурет 6. Nikon NPL-352 аспабының артқы және алдыңғы көрінісі

Nikon NPL-352 - бұл жоғарғы сапалылықты әрі беріктілікті көрсететін жаңа электронды тахеометр. Аспап объектке дейінгі шағылыстырушы призмалардың көмегінсіз жоғарғы дәрежелі арақашықтықты өлшей алады. Электрондық тахеометрлер құрылыс аудандарда, геодезиялық жүйелердің дамуында, туннельдердің профилді түсірістерінде, жол құрылыстарындағы және тағы басқа геодезиялық өлшеулерде қолданылады.

Nikon тахеометрінің ерекшелігі:

- шағылыстырғышсыз және қарапайым режимде өлшеу жүргізу

мүмкіндігі;

- фокусировканың сирек кездесетiн коаксиалды жүйелілігі;

- қашықтық өлшегiштiң лазер сәулесi желiлердiң торының нұсқағыштың ортасына проекцияланған;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті
Картографиялық жұмыстар
Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
Геодезия және картография
Геодезияның дамуы
Геодезия және картографияның дамуы тарихы
Геодезия және оның міндеттері
Геодезия және картографияның даму тарихы
Геодезия туралы жалпы мағлүматтар
Геoдезия – Жер турaлы ертеден келе жaтқaн ғылымдaрдың бiрi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz