Тақырыптық карталардың мазмұнының элементтері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті АҚ
Жерге орналастыру және геодезия кафедрасы
Дипломалды тәжірибенің
ЕСЕБІ
Кәсіпорын жетекшісі: Университет жетекшісі:
___________________ _________________________

______________2022ж ______________2022ж
Орындаған:
Торебай Жанторе Жанайдарулы
ГиК 19-05
Геодезия картография
Астана, 2022ж
Мазмұны
Кіріспе
3
1Бөлім.
5
1.1 Обьект туралы жалпы мәліметтер
5
2 Бөлім. Теориялық бөлім
7
2.1 Тақырыптық карталардың мазмұнының элементтері
7
2.2 Тақырыптық карталарының мазмұнының ерекшеліктері
8
2.3 Тақырыптық карталардың түрлері
13
3 Бөлім.
20
3.1 Ақмола облысы, Ерейментау ауданының тақырыптық картасын құруға арналған заманауи бағдарламалық құралы
20
3.1.1 MapInfo Professional
20
3.2 MapInfo бағдарламасының жұмыс барысы
21
Қорытынды
22
Қолданылған әдебиеттер тізімі
23
Кіріспе
Диплом алды тәжірибенің негізгі мақсаты- теория жүзінде алынған білім және дағдыларды жүзеге асыру, оқу үдерісі уақытында алынған және де таңдалынған ғылыми мәселе бойынша зерттеулерді практика жүзінде тексеруден өткізу, дипломдық жұмыстың қорытындысын шығару.
Мен дипломалды тәжірибені 05.09-11.11.2022ж аралығында Жерге орналастыру және геодезия кафедрасында өттім.
Тәжірибе барысында жетекші берген тапсырма бойынша материалдар жинақтаумен, есеп бөлімдерін әзірлеумен айналыстым.
Жерге орналастыру және геодезия кафедрасы Ақмола ауылшаруашылық институтының (қазіргі С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ) құрылғаннан бастап іске қосылды. 2008 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті геодезия және картография саласындағы мамандарды даярлауды бастады. 2018 ж. жаңа академиялық құрылымды құруға байланысты Жерге орналастыру және геодезия кафедрасы ұйымдастырылды.
Кафедра 5В090300-Жерге орналастыру, 6М090300-Жерге орналастыру, 5В071100-Геодезия және картография мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамында 29 адам бар, соның ішінде 2 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 13 магистр.
Кафедраның ғалымдары бірнеше рет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің естелік наградалары, медальдар, дипломдармен марапатталған.
Жерге орналастыру және геодезия кафедрасы негізінен ТМД аумағында орналасқан басқа ЖОО-ның өндірістік және жер ресурстарын басқару департаменттерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кафедраның ПОҚ өндірушілердің кәсіби дамуына және біліктілігін көтеруге; жер реформасын және өзге де заң актiлерiнде жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құжаттарды дайындауға және жариялау туралы конференцияларға белсенді қатысады.
5В090300 - "Жерге орналастыру" мамандығының білім беру бағдарламасы Ұлттық біліктілік шеңбері мен кəсіби стандарттарға, келісілген Дублиндік дескрипторларына және Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес әзірленді.
5В090300-Жерге орналастыру мамандығы саралау нәтижелері бойынша келесі орындарды иеленді: 2014 жылы 2-орын, 2015 жылы 3-орын, оқу орындарының, сондай-ақ, 2014 жылы білім беру бағдарламалары бойынша мамандық 5В090300 - Жерге орналастыру 6М090300 - Жерге орналастыру мамандандырылған аккредитациядан өтті АРТА.
5В071100 - Геодезия және картография мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігінің ұлттық рейтингісінде 6-орынға ие.
Кафедраның ғылыми зерттеу бағыттары: жер ресурстарын ұтымды пайдалану және аумақты ұйымдастыру бойынша әдістемелік және ғылыми-әдістемелік негіз, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы ғылыми зерттеулер.
Бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері: жер беті, мемлекеттік геодезиялық желілер және арнайы мақсаттағы желілер; ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс алаңдары; азаматтық, тұрғын үй, көлік, гидротехникалық ғимараттар мен құрылыстар; пайдалы қазбалар кен орындары; жер учаскелері, қала аумақтары, табиғи және табиғиантропогендік жүйелер болып табылады.
1Бөлім.
1.1 Обьект туралы жалпы мәліметтер
Ақмола облысы -- Қазақстан Республикасының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1939 жылы құрылған. 1961 - 1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды.
Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018)[3]. Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық - Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық[1].
Сурет 1. Ақмола облысы, Ерейментау ауданының картасы
Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 - 500 м) тұрады.
Ерейментау -- Ақмола облысындағы қала, Ерейментау ауданының орталығы (1955 жылдан), темір жол стансасы.
Облыс орталығы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 440 км, Ерейментау тауларының солтүстік-батыс баурайындағы бетеге, боз, сұлыбас, көде, айрауық өскен қызыл қоңыр және қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Ерейментау арқылы республикалық маңызы бар Астана-Павлодар автомобиль жолы өтеді.
2 бөлім. Теориялық бөлім

Картаның барлық элементтерін мазмұны дейміз. Масштабы мен қызметіне сай картаның мазмұны алуан түрлі болады. Карта мазмұнының элементтерінің құрамына географиялық ландшафтар (жер бедері, гидрография, өсімдіктер мен топырақ жамылғысы) мен əлеуметтік-экономикалық нысандар (елді мекендер, жол, өнеркəсіп жəне ауылшаруашылық кəсіпорындары) кіреді.
Ұсақ масштабты карталардың мазмұны аз ғана табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық нысандарды кескіндеумен шектеледі. Жалпы географиялық шолу карталардың мазмұны алуан түрлі, мұндай карталарды оқу арқылы:
- кескінделген аумақтың географиялық орны мен оның жеке бөліктерінің кеңістікте өзара орналасуының, сонымен қатар, құрылықтағы судың түрлері мен олардың таралуы мен жер бедерінің ірі пішіндерінің негізгі ерекшеліктерін; - теңіздер мен құрлықтың аудандарының ара салмағымен материктердің жағалау сызықтарының тілімделу дəрежесін;
- Жер бедері мен судың арасындағы байланыс жөнінде маңызды ақпараттар алуға болады. Көп мөлшердегі жалпы географиялық карталар атластарда жинақталады.
Тақырыптық карталарда бір немесе бірнеше табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құбылыстар кескінделіп, олардың мазмұнын ашуға баса назар аударылады. Тақырыптық карталардың мазмұны шартты түрде екі бөлімнен тұрады.
Бірінші негізгі бөліміне картаның тақырыбын айқындайтын құбылыстар кіреді. Бұл бөлімді картаның арнайы мазмұны деп атайды. Кейбір тақырыптық карталарда географиялық негіз ретінде теңіздер мен көлдердің жағалау сызықтары, əкімшілік-аумақтық бөлінулердің шекаралары, қатынас жолдары, елді мекендер кескінделеді. Тақырыптық карталардың географиялық негіздері тақырыптық картаның арнайы мазмұнына кіретін құбылыстар мен нысандардың орналасуын бағдарлау қызметін атқарды. Тақырып тық карталардың географиялық негізінің элементтерін таң дағанда олардың тақырыптың арнайы мазмұныны құрайтын құбы лыстармен байланысы ескеріледі. Сондықтан климат картала рында географиялық негізге жер бедері, геоморфологиялық карталарда төрттік мұзбасулардың шекарасы кіреді[2].
Тақырыптық карталарда құбылыстардың абсолюттік жəне салыстырмалы өлшем бірліктері беріледі. Абсолюттік өлшем бірліктеріне ауылшаруашылығына жарамды жерлер дің га есебімен алынған ауданы, үй жануарларының саны, ақша бірлігіне шаққандағы өндірілген өнеркəсіп пен ауыл шаруашылық өнімде рі, жауын-шашынның мм есебімен алын ған мөл шері жатады.
Тақырыптық карталарда көрсетілетін салыстырмалы шамалар ға ел аумағындағы ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлердің үлес салмағы, бір жылда өндірілген белгілі бір өнеркəсіп өнімінің елімізде өндірілген барлық өнеркəсіп өнім деріне қатысты үлес салмағы жатады. Тақырыптық картаның мазмұнын ашу үшін ареал, сапалық түс, нүктелік, изосызықтар, бел гілеу, жеке диаграмма, картограмма, картодиаграмма, қоз ғалыс белгілері əдістері қолданылады[3].

Картаның атқаратын қызметі мазмұны 1:1000000 масштабты карта халық шаруашылығының қажетін өтейтін жалпы геогеографиялық карта болып табылады.
Карта төмендегі мақсаттарда қолданылады:
- ірі географиялық ауданның жер бетімен табиғат жағдайын оқыпүйренуге;
- жалпы мемлекеттік маңызы бар жобаларды жоспарлау шараларын жүзеге асыруға;
- үлкен қашықтыққа ұшқанда жалпы бағдарлау мақсатында;
- ұсақ масштабты арнайы карталарды құрғанда географиялық негізі ретінде қолдануға;
- ұсақ масштабты карталарды құрғанда картографиялық материал ретінде қолдануға.
Карта екі басылымда шығарылады: негізгі басылымда жер бедері горизонтальдармен беріліп, таулы аудандар баяулармен бояйды. Арнайы карталарда (гипсометриялық) жербедері горизонтальдармен кескінделіп, қабатты гипсометриялық бояулармен боялады. Гипсометриялық басылымда ормандар көрсетілмейді.
Картаны құруға негізгі материал ретінде 1:500000 жəне одан да ірі масштабты карталар қолданылады (1:1000000 ірі емес).
Математикалық негіздері. Карта өзгертілген көп конусты проекциялармен құрылады. Картаны жеке беттерге бөлу халықаралық 1:1 000 000 масштабты картаға сай жүргізіледі. Картаның əр беті ендік бойынша 4°, бойлық бойынша 6° бөлінеді. 60°-70° ендіктер үшін беттері қосарланып шығарылатындықтан бойлығы 12°, ал 76°-88° ендіктер үшін бойлығы 24° жүргізіледі.
Картаның əр беті батысы мен шығысында - түзетілген меридиандармен, Солтүстік пен Оңтүстігінде параллельдермен шектеген, олардың радиустары жер элипсоидының қалыпты радиуысының ұзындығына тең ірі беттерінің проекциясымен бұрамалануы бұрыштар үшін 7° ұзындықтар үшін 0,14% аспайды.
Градустарары 1° кейін жүргізіледі. Қосарланған беттер үшін меридиандар 2° төртеуленген беттер үшін 4° кейін жүргізіледі. Картаның мазмұны. Картада мазмұнның төмендегі элементтері көрсетіледі: суторлары, елдімекендер, қатынас жолдары, жер бедері, саяси-əкімшілік шекаралары, өсімдік жамылғысы жəне жердің беткі жабын қабаты, өнеркəсіптік жəне мəдениет əлеуметтік нысандар.
Су торлары. Теңіздер мен көлдердің жағалау сызықтармен, жағалауының типтерімен картаға түсіру арқылы жағалаулардың жалпы ерекшеліктері мен жағалаусыздықтарының тиімделігін көрсете алатындай дəлдікпен беріледі. Картада жағалаулардың əртүрлі типтерінің пайда болу жолдары мен жағалауға жақын маңдағы белдеулерде көрсетіледі. Жағалауға жақын маңдағы белдеулерді сипаттау үшін жағалауларға жақын маңдағы қайраңдар мен, банклер, аралдар, маржан рифтері мен тосқауылдар, су асты жартастары көрсетіледі. Жағалау сызықтарына тəн ерекшеліктерін сызу арқылы ашып көрсетеді.
Сурет 2. Қазақстан су торлары көрсетілген картасы
Жағалаулардағы жағажайлар, жартастар, жарқабақ тар, құм жолдары, батпақтанған, өсімдік қалың өскен бөліктермен 156 өзгермей жағалаулар кескінделеді. Өзендерді кескіндеу кезінде өзен жүйесімен оның басты өзенін иректілігінің сипатын ашып көрсету мақсаттары қойылады. Картаның масштабындағы 1,5 см ұзындығындағы барлық өзендер қамтылады.
Шөлді жəне таулы аудандарда 1,5 см қысқа өзендер де түсіріледі. Өзен торлары жəне аудандарда картаның масштабындағы ұзындығы 2-3 см асатын өзендерде түсірілмейді. Масштабындағы ауданы 2 мм2 асатын көлдер мен жасанды су қоймалары кескінделеді. Одан шағын көлдер бір-біріне жақын орналасып, шоғырланғанда, географиялық ландшафтының ерекшеліктерін сипаттау үшін қамтылады.
Өзендер мен көлдерді іріктеуге олардың шаруашылықтық маңызы мен өзен жүйелерінің барлық бөлігі жəне мазмұнының басқа элементтері əсер етеді. Өзеннің, көлдің, алатын бөлігі ерекше белгімен көрсетіледі. Картаға кеме жүзетін барлық каналдар түсіріледі. Суару жəне құрғату су жүйесінің бағытын көрсету үшін түсіріледі. Құдықтар мен су көздері шөлдер мен халық аз қоныстанған аудандарда ғана кескінделеді.
Су нысандарының аттары жоғары тығыздық пен беріледі. (өзендер үшін 3 см артық көлдер үшін 10 мм2 артық). Елдімекендердің кескінделу ерекшеліктері. Картада елді мекендер қоныстану типтеріне, халқының санына жəне кімшілік маңызына қарай бөлінеді. Ауданның қоныстану сипатын дұрыс кесіндеу үшін картаның əртүрлі бөлігіндегі елдімекендерді түсіру салмағын айқындайтын нұсқауларға сəйкес халықтың жиі қоныстануын, елдімекендердің типтерін ауданның қоныстану сипатын ескереді. Елді мекендердің ең жоғары жиілігі 1 дм2 160, ең төменгі жиілігі 60 елдімекеннен аспауы керек[3].
Елді мекендерді картаға түсіру барысында қоныстану ерекшеліктері мен жалпы сипатын ашып көрсету мақсаты қойылады. Елді мекендерді іріктеу қосынның маңызын, халқының санын, əкімшілік, экономикалық көліктік маңызын ескере отырып, ең ірілерінің кескіні көрсетіледі. Елді мекендердің типтерін көрсету əр түрлі пунсондар мен шрифтерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Картада кескінделген барлық елдімекеннің аты жазылады, тек қала маңындағы жекелеген қала текті кенттердің ғана аттарын жазбай қалдыруға болады. Жербедері горизонтальмен кескінделеді. Негізгі басылым үшін таулы физикалық карталардағы таулы аудандар мен, гипсометриялық карталардла биіктік сатыларына қарай қабатты бояулармен бояу əдісі қолданылады. Құрлықтағы жер бедерін кескіндеу үшін 100 ден - 400 м-ге дейінгі аралық 100 метрден; 1000 метрден биіктеген сайын - 200 метрден жүргізілетін қима биіктіктердің шкаласы қолданылады.
Қабатты бояулар горизонтальдықтар арасындағы - 100метрлік көрсткіш, 50, 100, 200, 400, 600, 800, 1000, 1400, 2000, 3000, 4000, 5000, 6000 метр аралықтарында жүргізіледі. Негізгі нүктелер мен орфографиялық сызықтардың ойыс тальвега, етегі жарлардың жер бедерін кескіндеу дəлдігі 0,5 қимадан төмен болуы тиіс. Жер бедерінің басқа пішіндерінің кескіні аздап беріледі. Кескіннің мөлшері мен пішініне, географиялық орнына тікелей тəуелді. Қосымша талап ретінде картографиялық торлары жəне басқа жағдайлары ескеріледі.
Карталар сериясы. Географиялық карталар жеке беттермен жəне сериямен басылып шығуы мүмкін. Картографияда серияға (латын тілінде қатар, топ) қандай да бір біріктіретін жалпы белгілері бар немесе бір текті карталар тобын жатқызады. Оған мазмұны бірдей болғанымен, қамтыған аумағы əртүрлі немесе мазмұны əртүрлі болғанымен қамтыған аумағы бірдей карталар жатады.
Белгілеріне қарай географиялық карталар сериялары төменде көрсетілген үш түрге бөлінеді:
1) əртүрлі аумақтардың мазмұны бір текті;
2) бір аумақтың мазмұны əртүрлі;
3) бір аумақтың мазмұны біртекті. Əртүрлі аумақтардың мазмұны бір текті географиялық карталар сериялары. Мұндай карталар серияларын басып шығарғанда бір-біріне тəуелсіз əр қайсысын жеке пайдалану шарты қойылады. Оларды бірлесіп пайдалану қарастырылмағанымен қолданылуы мүмкін. Өз кезегінде бірдей масштабта құрылатындықтан мұндай карталар түрі жағынан біршама ірі аумақты үздіксіз кескіндейтін (жаппай картографиялық кескіндеу) көп бетті топографиялық шолу карталарымен үйлеседі. Олардың географиялық негізгі қызметін гидрографиялық торлар атқарады.
Жаппай картографиялық кескіндеуі бар карталарға облыстардың əкімшілік-аумақтық бөлінуі, елді мекендер мен қатынас жолдары айқын бейнеленген саяси-əкімшілік анықтама карталар сериясы мысал болады. Бұл сериядағы басқа карталарда аумақты жаппай үйлесімді кескіндеу берілмейді. Олар бірдей масштабта жеке беттерде басылғанымен бір-бірімен байланысы болмайды.
Оған елдімекендер, жолдар, өзен торлары мен орман алқаптары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz