Қауын дақылдарының түрлері мен сорттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ

Холданбекова Диана Куанишбекқизи

ДИПЛОМ АЛДЫ ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП

6В08104 «Фитосанитарлық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы

Астана 2022

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ

Агрономия факультеті

Биология, өсімдік қорғау және қарантин кафедрасы

Есеп қабылданды

кафедра меңгерушісі м. а

а. ш. ғ. к Байтеленова А. А

«___» 2022 ж.

6В08104 «Фитосанитарлық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы

Орындаған: Холданбекова Д. Қ. .

Жетекші:

Доцент

Биологиялық ғылым кандидаты Қонысбаева Д. Т.

Астана 2022

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар
:
Нормативтік сілтемелер: Белгілер мен қысқартулар
:
Нормативтік сілтемелер: КІРІСПЕ
: 3
Нормативтік сілтемелер: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
: 4
Нормативтік сілтемелер: 1. 1Қауын дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
: 4
Нормативтік сілтемелер: 1. 2 Қауын дақылының тарихы және халық шаруашылығында маңызы
: 8
Нормативтік сілтемелер: 1. 3 Қауын дақылдарының түрлері мен сорттары
: 9
Нормативтік сілтемелер: 1. 4 Қауынның өсіру технологиясы
: 11
Нормативтік сілтемелер: 1. 5 Қауында кездесетін нематодалар, кеміргіштер және кенелер
: 13
Нормативтік сілтемелер: 2. . 1 Түркістан облысы Мақтаарал ауданы жағдайында жүргізілген фитосанитарлық мониторинг жұмыстары
: 20
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды
: 22
Нормативтік сілтемелер: Қолданылған әдебиеттер тізімі
: 23

КІРІСПЕ

Өсiмдiк шаруашылығының маңызды салаларының бiрi - бақша шаруашылығы, ол дүние жүзi елдерінiң барлығына дерлiк тән. Бақша дақылдарының жылдық өнiмдiлiгі 600 млн. т, оның 70% астамын Азиядағы шаруа дихандар өсiредi. Жыл санап бақша дақылы қауынға деген сұраныс артып келеді. Қауын дақылының экспорттық әлеуеттілігі өте жоғары. Осыған байланысты қауынның өнімін, сапасын, сақтауға және тасымалдауға жарамдылық көрсеткіштерін арттыру керек.

Бақша өнімдері ауыл шаруашылығында өте маңызды өнім түрі ретінде бағаланады. Себебі олардың химиялық құрамында қанттың, көмірсутектердің, дәрумендердің, минералды заттардың, органикалық қышқылдардың қоры мол, қоректік пайдасы жоғары. Бақша шаруашылығы өндірісінің алдына қойылып отырған негізгі маңызды мақсат - бақша дақылдары өнімдерімен Қазақстан халқын түгелдей қамтамасыз ету.

Әзірге қауынның өнімділік деңгейі төмен болып отыр. Республика бойынша ол орта есеппен 15-16 т/га құрайды. Сонымен бірге қауынның сапасы мен сақтау мерзімін де жақсартуды талап етеді. Бақша дақылдарының өнімін арттырудың алғы шарттарының бірі егістікті зиянкестерден, аурулардан және арам шөптерден тазарту болып саналады.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстігінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өсіп, 2017 жылы 818 062 га жетті, ал оның 7 %-ын - 57541 га бақша дақылдары құрайды.

Қауынның егістік алқаптары негізінен еліміздің оңтүстік өңірлерінде орналасқан. Бұл аймақтардың топырақ-климат жағдайлары қауын өсіруге өте қолайлы болып табылады. Ал енді осы өңірлерде бақша шаруашылығының жоғары деңгейде дамуына, жемістердің өнімділігінің артуына және өнімнің сапасына зиянын тигізіп, өнімді күрт төмендететін аса қауіпті зиянды нысан қауын шыбыны пайда болды.

Зиянкес популяциясы жыл сайын кеңінен таралуда. Бүгінгі таңда жоғарыда көрсетілген 3 оңтүстік облыстарда кездесіп отыр. Аз уақытта қауын дақылы өсірілетін негізгі аймақтарды қамтыған бұл зиянкестің еліміздің оңтүстік-шығыс өңірінде (Алматы облысы) кеңінен таралу қаупі бар.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Түркістан облысы Мақтаарал ауданы жағдайында қауын дақылы сорттарының биологиялық ерекшеліктері және фитосанитарлық жағдайын зерттеу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  1. Қауын дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
  2. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы жағдайында қауын дақылы сорттарын анықтау.
  3. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы жағдайында қауын дақылдарының фитосанитарлық жағдайын зерттеу.

1. ӘДЕБИ ШОЛУ

1. 1 Қауын дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Қауын (Cucumіs melo) - асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған.

Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып жер бетіне төселіп өседі. [1] Гүлі сары, дара жынысты, қос жынысты түрі де кездеседі.

C:\Users\Omirbakit\Desktop\9ef844.jpg

Сурет - 1. Қауын

Жемісі - көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әртүрлі болады, салмағы 200 г-нан 16 кг-ға дейін. Қауынның жемісінің құрамында 4, 5 - 18% қант, 0, 6% белок, С, РР витаминдері, каротин болады.

Қауын жәндіктер арқылы тозаңданады да, гүл жатыны түйнекке айналып жеміс салады. Қауын 25 - 300С температурада жақсы өседі, температура 150С-қа төмендесе өсуі баяулайды да, 3 - 50С-та үсікке шалдығады. Құрғақшылыққа төзімді, саздақ, құмайт, құмды жерлерде жақсы өседі. Пісу кезінде суарса немесе жаңбыр жауып топырақта ылғал шамадан тыс көп болса дәмі кемиді, кейде шіріп те кетеді. Қауын сорттары мен түрлеріне қарай әңгелек, әміре, т. б. топтарға бөлінеді.

Қауынды тіліп кептіріп қауынқақ жасайды, қауынқұрт қайнатады, тосап, мармелад, т. б. дайындайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде гектарынан 300 - 400 ц өнім алынады. Себер алдында шопағын 6 - 7 тәулік күнге жайып, не 4 - 6 сағат 50 - 60 0С температурада қолдан қыздырады. Топырақ температурасы 12 - 140С-қа жеткенде егеді.

Қауынның Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Іле, Ашық сары, Бұхара - 944, Іші қызыл - 189, Қалайсан, 1940 жылы Қызылорда облысының диқандары шығарған - әңгелек, ерте пісетін - Ақ дәмбілше, орта мерзімде пісетін - Колхозшы 749/753, кеш пісетін - Қара күләбі, торлама т. б. түрлері бар. Қауын өсіру, оның тұқымын жақсарту жұмысымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.

Cucuvbitaceae қауын тұқымдастары кең ауқымды, 100 астам туысы мен 110 түрден құралған. Бұл тұқымдастардың отаны жер шарының тропикалық және субтропикалық белдеулері және тек жекелеген түрлерде ғана қоңыржай белдеулерде кездеседі. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда асқабақ тұқымдастардың негізінен 14 туысы мен 25-30 түрі таралған. Олардың ішінде ең көп танымалы қарбыз, қауын, асқабақ, қияр, кәді, самсар.

Қауынның дәмі өте тәтті жемістерден кем емес. Оның құрамында көп мөлшерде жеңіл сіңімді қант, А, С дәрумендері болғандықтан, жүрек пен бауырдың жұмыстарын жақсартады, ағзаның жалпы тонусы көтеріледі. Қауындағы С дәруменінің мөлшері алмаға парапар. Темірдің мөлшері тауық етіне қарағанда екі есе, балықтан үш есе, ал сүттен он жеті есе көп. Қауынның жемістерінде ерімейтін ақуызды еритін пентонға айналдыратын ферменттер де болады. Қауын балы құрамында 60% қант болғандықтан, тағамдарға қосылады. Қауын жемісін алыс жерлерге тасымалдау қиын болғандықтан, тіліктеп қақтап барып жеткізеді. Қауынның пісіп кеткен жемістерінен ұн қосып қауын таба нанын (қауын-құрт) жасаса, оның толық піспеген жемістерін тұздайды. Қауынның тағамдық құндылығы жемістердегі әртүрлі қанттардың мөлшерімен анықталады. Олардың құрамында цигонтқа қарсы С дәрумені, провитамин А және пектиндер сияқты ағзаға қажетті заттар болады. Қауынның тұқымында 2235% май болады, олардан алынған май прованск майымен бәсекелесе алады. Қауынның емдік қасиетін өкпе, буын, бүйрек, бауыр және т. б. ауруларды емдеу үшін халық медицинасында қолданады. Жемістерінде болатын фолий қышқылы ұмытшақтыққа жақсы әсер етеді және қан айналымында маңызды қызмет атқарады, ал глюкур қышқылын қатерлі ауруларға қолданылады [2] .

Қауынды тек жаңа піскен күйінде ғана пайдаланбайды, олардан қайнатпа, езбе, тосап, цукат, бал шырын, қақ, қауынқұрт дайындайды. Қысқа дайындалатын қақталған қауындар өзінің дәмдік және емдік қасиеттерін жоғалтпайды.

Стандартқа сай емес және піспеген қауын жемістері малға өңдеусіз-ақ немесе сүрленген түрінде азық. Қауынды сабан мен топан қосып сүрлейді. Оның сүрлемі қоректілігі жағынан малазықтық тамыржемістердікінен кем емес. Сүрлем иісі өте тартымды болғандықтан, үй жануарлары сүйсініп жейді. Қауын жемісімен азықтандырылатын малдардың сүт өнімі жақсы және оның майлылығы да жоғары.

Қауын түрлері жеміс жұмсағының құрылысына қарай жұмсақ және тығыз болып екіге бөлінеді. Бірінші топ түрлеріне әңгелек (M. Chandalak), адана немесе киликилік (M. Adana), және кассаба (M. Cassaba), ал екінші топ түрлеріне чарджаулық (M. Zard), әміре (M. Ameri) және канталупа (M. Cantalypa) жатады. Тамыры - қуатты кіндікті, көп мөлшерде жанама және соратын тамшылары бар. Сабағы жатаған, жұмыр, қырлары әрең білінеді, қатты бұтақтанған және жиі түктер басқан. Жапырағы - бүйрек, жүрек тәрізді, бүтін немесе бес қалақты, ақ түктермен көмкерілген. Гүлдері - ірі (көлденеңінен 1, 5-4 см дейін), сары түсті.

Барлық бақша дақылдары сияқты, қауын да бірүйлі, бірақ даражынысты. Аталық және аналықты гүлдері бір өсімдікте орналасқан. Аналық гүлдер жеке орналасса, аталық гүлдер кішкене гүл шоғырға жинақталған. Жемісі жалған жидек, пішіндері шар тәрізді, созылыңқы және жаншыңқы. Түстері әртүрлі, жұмсағы ақ, сары және жасыл [3] .

Бақша дақылдары төмен температураға сезімтал. Ауа температурасы 13 0 С төмендегенде өсімдіктердің өсіп-жетілуі баяулайды, ал 10 0 С төмен температурада тіпті тоқтап қалады. Олардың өсіп-жетілуіне оңтайлы температура 25-30 0 С аралығында болады.

Ауаның температурасы 25-30 0 С болғанда қауын мен асқабақ өскіні 4-8 күнде, ал қарбіздікі 6-10 күнде пайда болады. Қауын ауа райына бейімделгіш болғандықтан, төмен және жоғары температураларды жеңіл көтереді [3] .

Қауынның қарбызға қарағанда ылғалды көп қажет ететін себебі, оның тамыр жүйесінің жетілуі нашар және тамыр түктері жасушасының ылғалды сору күші төмен. Қауынның қант жинауының қарбызға қарағанда көп болуы, оның транспирация қарқынының күштілігіне байланысты. Қауынға жарық және жылу жеткілікті, механикалық құрамы жеңіл, қоректік заттары мол топырақ қажет. Жеңіл және жақсы жылынатын топырақтарда оның жемістері ерте піседі. Қауынға топырақтың құнарлы болғаны жөн. Ол қара немесе қара қоңыр құмдауыт топырақтарда жақсы өседі.

Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген қауын сорттары: Гуляби кара местная, Кокча 588, Колхозница 749/753, Илийская, Ичкзыл 1895, Ичкзыл круноплодная, Калай-сан местная, Олтын тепе, Алтыночка, Алена, Таисия және Майская [4] . Қауынның өсіру технологиясы қарбызға ұқсас. Қауынды өсіруге жақсы жылынатын, жарық және ылғалмен қамтамасыз етілген танап таңдалады. Ыза суларының орналасу деңгейі 1, 5-2, 0 м төмен болуы керек. Жоғары және сапалы өнім алу үшін барлық агротехникалық және карантиндік шаралар қолайлы мерзімінде жүргізілуі және егісті арамшөптерден, зиянкестерден таза күйінде ұстау қажет. Қауын қоңыр түсті құмдауыт жеңіл саздақты, саздақты қаратопырақты жерлерде жақсы өседі. Тығыз, әлсіз аэризацияланатын топырақтар өсімдіктің физиологиялық солуына (хлорлы тұздардың шектік концентрациясы 0, 015%, ал күкірт қышқылы тұздарына 0, 02%), тұздардың одан жоғарылығы өсімдік өсуіне, дамуына және жемісінің химиялық құрамына кері әсерін тигізеді [3] . Күшті тұзданған топырақтар алдымен шаюды қажет етеді.

Егер қауынды бір орында бірнеше жыл қайталап өсірсе, онда ол үшінші жылдан бастап, аурулардың көптеп таралуынан өнімділігі күрт төмендейді. Гуцалюк Т. Г. (2006) деректері бойынша, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстікшығысының орташа және жеңіл саздақты құмдауыт топырақты жерлерінде қауын егісіне органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру ұсынылады, оның ішінде көң -20-30 т/га, азот 30-60 кг/га, фосфор 30-90 және калий 60 кг/га әсерлі затпен сіңіріледі.

Аталған тыңайтқыштарды азоттан басқасын күзде топырақты негізгі өңдеумен бірге береді. Қауынның тұқымын топырақтың 10 см тереңдігі 12-15 0 С жылынған кезде себеді. Себілу тереңдігі топырақ түріне, оның ылғалдылығына және себу мерзіміне байланысты 4-6 см тереңдікте жүргізіледі. Қауын тұқымын себуге әзірлеу қарбыз тұқымына ұқсас. Әрбір шұңқырға 5-7 данадан тұқым себеді де, өз мерзімінде сиретеді.

Ерте пісетін қауын 1, 4х0, 7 м, орташа мерзімді 0, 7 м, орташа мерзімді 1, 4х1, 4 м, ал кеш пісетін 2, 1х0, 7-1, 4 үлгісімен себеді, әр шұңқырда бір өсімдіктен қалдырады. Егер қауынды екі жағынан суару арықшаларын қалдырып сепсе, онда қатар аралық ені 0, 7-1, 2 м болады, оны әрбір арықша жағында шахмат тәртібімен орналастырылады [38-40] . Қауынды міндетті түрде суару қажет, әсіресе өсімдіктің аталық және аналық гүлдері пайда болғанда, сонымен бірге қауынның қарқынды қалыптасуы мен жемісінің өсу кезеңдерінде. Суарудың ең жақсы тәсілі - аз ағынмен жүйектеп суғару. Қауын жемісінің пісуін сортына тән қабығында баяу және суреттің пайда болуымен анықтайды. Қауын жемісін дәл мезгілінде жинамау оның жемісінің жарылуына әкеліп соғады. Сондықтан қауынды үнемі жемісінің пісуіне байланысты жинап отырады. Өскен орнында пайдалану үшін жемісі толық піскенде жинайды, алысқа тасымалданатын қауынды сәл толық піспей, ал қыстық сорттарды көктей жинайды [4] .

Бақша дақылдары барлық Қазақстан облыстарында өсіріледі десе де болады, бірақ олардың тауарлық өндірісі өсіруге, жоғары сапалы өнім алуға және оны мемлекет сыртқа экспортқа шығаруға ең қолайлы оңтүстік аудандарда орналасқан. Ауыл шаруашылығының қарқынды даму барысында жыл өткен сайын бақша дақылдарын өсіріп, өзге мемлекеттерге тасымалдаумен шұғылданатын шаруашылықтар мен кәсіпкерлер де көбейе түсуде. Қазақстан Республикасында бақша дақылдарының жалпы егіс көлемі шамамен 60 мың. га, орташа өнімділігі 10-12 т/га құрайды. Қазақстанда негізгі бақша дақылдарының тауарлық-өндірісті аймақтары болып келесі облыстар жатады. Қауын өндіру негізінен Қызылорда облысында жақсы қолға алынып, қарқынды дамыған, ал қалған облыстарда қарбыз өсіру басым [4] . Қызылорда облысы жоғары сапалы, дәмі мен сапасы еш жерде кездесе бермейтін, тағамға арналған тауарлық қауын өсіруге болатын жалғыз қолайлы табиғи аймақ болып табылады. Қауын шаруашылығы бұл облыс аудандарында егіншіліктің алғашқы негізгі салаларының бірі.

Қызылорда облысында жылына 6-8 мың. га аумаққа қауын өсіріледі және орташа өнімділігі 13-15 т/га болғанда 100 мың т астам өнім өндіріледі. Бекітілген медициналық мөлшерге сәйкес адамдардың бір жылдық қауынды пайдалануы 26 кг, ал облыс халқының сұранысы жылына 17-18 мың т құрайды. Оларды мұндай көлемде өндіру комерциялық қызығушылықпен байланысты, өйткені Қызылордалық қауындар ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие. Қазіргі таңда Қызылорда облысында қауынның ерте пісетін Әңгелек, жаздық Әміре, күздік Торлама, күздік-қыстық Қара Күлабі, Қалайсан сорттарын өсіреді [4] . Солармен бірге коммерциялық мақсатта пайдаланылатын сорттар да өсіріледі (кесте 1) .

Кесте 1 - Қазақстан Республикасының бақша дақылдарының тауарлықөндірісті аймақтары

Бақша дақылдарының тауарлық өндірісті аймақтары
Көлемі (мың/га)
Бақша дақылдарының тауарлық өндірісті аймақтары: Оңтүстік Қазақстан
Көлемі (мың/га): 13-16
Бақша дақылдарының тауарлық өндірісті аймақтары: Қызылорда
Көлемі (мың/га): 7-8
Бақша дақылдарының тауарлық өндірісті аймақтары: Оңтүстік-Шығыс
Көлемі (мың/га): 4-5
Бақша дақылдарының тауарлық өндірісті аймақтары: Шығыс Қазақстан
Көлемі (мың/га): 4-5
Бақша дақылдарының тауарлық өндірісті аймақтары: Атырау облысы
Көлемі (мың/га): 9-11

Қауынның емдік қасиеттері. Қауынды адамдар тамаша дәмі мен пайдалы диеталық қасиеттері үшін бағалайды. Хош иісті, тәтті қауынға қарағанда жақсы десерт табу қиын. Хош иісті, тәтті жемісінің құрамында крахмал, ақуыздар, дәрумендер, пектин, органикалық қышқылдар және минералды тұздар болады. Әсіресе, құрамында темір және калий тұздары көп. Сондықтан, қауын анемия, жүрек-қан тамырлары ауруларында, бауыр мен бүйрек ауруларында, сондай-ақ, подагра және ревматизм кезінде қолданылады.

1. 2 Қауын дақылының тарихы және халық шаруашылығында маңызы

Growing қауын Ежелгі Египетте айналысады. Киелі кітапта бұл туралы алғашқы ескертпені. Солтүстік Үндістан - Ол қауын деп отаны саналады. Демек, бұл батысқа және шығысқа тарала бастады. Еуропадағы ғана XV ғасырда қауын кейбір түрлерін өсе бастады. Ресейде, алғаш рет олар кейінірек пайда болды және тек Төменгі Волга алдымен тартылды.

Қауын байланысты ол адам элементтер үшін маңызды жиыны бар, бұл шын мәнінде өте танымал болып табылады: темір, лимон, алма және янтарь қышқылдары, витаминдер А, P, С. Ол сондай-ақ инозин құрамында, ол холестерин бастап денені тазартады және шаш тамыры нығайтуға көмектеседі. Ең жиі хош иісті қауын, балғын тұтынылған, бірақ дәмді джемдер және тұзды рецептілері көп. Жиі, шынайы жеңсік құру ет қосылады.

Ұйқысыздық мәселесіне жеңе көмектеседі, иммундық жүйені және жүйке жүйесін нығайту жөніндегі қауын игілікті әсер Кез келген түрі. Осыған байланысты жалған-жидек төмен калориялы мазмұнына ол кез келген дерлік енгізілген диеталар болады. Ол slagging дененің тазартумен ынталандырады және ішектің үйлестірілген жұмысын көмектеседі.

1. 3 Қауын дақылдарының түрлері мен сорттары

Қауын тор және тегіс қабықтары - қолданыстағы сорттарын үлкен саны 3 топқа бөлінеді.

Бірінші топқа терең тар ойыққа қырлы қауын бетінде және жалпақтығының пішінін бар кіреді. Тәтті целлюлоза түрлі қанық қызғылт болып табылады. 20-25 см ұрықтың ұзындығы. Ұзақ мерзімді сақтау үшін қолайлы емес.

Тор қауын әдетте дұрыс сфералық пішіні болып табылады. Оребрением әлсіз. осы түрінің атауы сұр тор қамтылған жеміс бетіне байланысты болды. Целлюлоза түрлі қарай, апельсин немесе көктеу, ақ немесе түсті болуы мүмкін.

Алушта. Жемістер қауын жарты килограмм, сары-қызғылт сары түспен дейін, үлкен болып табылады. целлюлоза шырынды болып табылады. уақыт қатайтылған 70 күн болып табылады, және мол өте жоғары болып табылады.

Gerimus. Ерте өтеу мерзімі алуан жақсы шығымдылығы, шырынды апельсин, тәтті салдардың орта жеміс, тегіс, ақшыл сұр түсті, бар. Зауыт тамаша табиғи жағдайларына бейімделген болып табылады.

Армян қияр, немесе күміс. ерекше нысанда сипатталады. фунт салмағы жетіп, ерекше хош иісі бар дайын жас жеміс пайдаланыңыз. Қауын температура төмендеген алмауда және аурулардың үлкен санына төзімді.

Колхоз. Өте танымал эстрадалық оның айрықша дәмі арқасында. Салмағы жарқын апельсин жемісі артық емес 1 кг дөңгелектенеді. салдарды, хош иісті, тәтті, таңқаларлық нәзік болып табылады.

Қауын. қауын Бұл лилипутские әлемдік. жеміс раунды бар немесе аздап өткір жолақтар бар, пішінін тегістеледі. салдарды хош иісті және тәтті, апельсин немесе ақшыл сары көлеңке болып табылады.

Ерте пісетін қауындар.

Millenium. жеміс сәл теңестіріледі дөңгелек пішінді, бар. салдарды ақ, өте тәтті. жылыжай немесе жылыжай және ашық топырақта өсіру жатады.

Princess Anne. Ерте екі айдан хош жемісін қуантуға дайын буданы, өтеу мерзімі. күшті қуатты бұталар сипатталады. Жеміс тартымды келбеті, сопақ, орташа салмағы - шамамен 2 кг. қабықтары, ақ сүт бозғылт қызғылт тәні, бал дәмі бар, шырынды болып табылады. Зауыт өте қарапайым, қамқорлық үшін өте оңай, ашық далада жемісін болады.

Айкидо. Гибридті жақында пайда болды, бірақ қазірдің өзінде ауруларға иммунитеті салдарынан танымал ие. жолақ, ақ және жасыл тәннің, құрамында қанты бар сары-қоңыр жемісі.

Канария. Бұл гибридтік артық емес 70 күн өте ерте пісетін уақыты (- 60, әдетте) болып табылады. Буш жүзім еске, қияр ұзақ қашу арқасында шатастыруға өте оңай. 1. 5 3 кг, тегіс, жолақ жоқ, жеңіл қапталған Опушение, күн сары салмағы жемістер сопақ. ерекше бал дәмі бар дәмді, балғын көктеу ұлпаны Enjoy. жеуге қабаты жеткілікті үлкен және мәдениет :. Fusarium, антракноз, ұнтақты зең тән аурулар осы түрлі ең 7 см өте тұрақты. Едәуір салқындау, гүлзар фильм жабу ұсынылады кезде түнде, сондықтан Ол, жарық пен жылуды ұнатады. Жалпы, бұл жарық және жылу қауын өте сезімтал болып табылады.

Ресейде қауын түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жидек және бақша дақылдары
Бақша дақылдары
Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)
Жамбыл облысының бақша дақылдарын өсірудегі экологиялық жағдайы
Қауын өсіру технологиясы
Шет елдерде және Қазақстанда қарбыз өсірудің қазіргі жағдайы
Кондитерлік өнімдердің химиялық құрамы
Асқабақ - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көпжылдық шөптесін өсімдіктер
Асқабақ тұқымдас өсімдіктердің агротехникасы
Оңтустік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы жағдайында қауын егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен аурулардың дамуының болжамы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz