Биологиялық мембрананың құрылысы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

БОӨЖ

Тақырыбы : Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі

Орындаған: Қындыбай. А

Курс: 1

Топ: 108б

Факультет: Жалпы медицина

Қабылдаған: Өтеуова У.

Жоспар

I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Биологиялық мембрана туралы нақты ғылыми мәліметтер.

2. Биологиялық мембрананың құрылысы.

3. Биологиялық мембрананың қызметтері

4. Биологиялық мембрананың өткізгіштігі.

III. ҚОРЫТЫНД

Кіріспе

Латынша “ membrana ” - жарғақ, үлпек деген сөз. Ол қалыңдығы 6-11 нм жасушаның ішкі ортадан бөліп тұратын майысқақ құрылым. Мембрана кез келген жасуша құрамын қоршаған ортадан бөліп, оның бүтіндігін және жасуша мен қоршаған ортада арасындағы байланысын қамтамасыз етеді. Жасушаішілік мембрана клетканы арнайы тұйықталған бөліктерге компартамент немесе органеллалаоға бөледі.

Биологиялық мембрана - жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрия, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 - 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана фосфолипидтік құрылымына байланысты өткізгіштік қасиетіне ие, яғни жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т. б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Биологиялық мембрана туралы нақты ғылыми мәліметтер.

Мембрана туралы алғашқы болжамды Дж. Даниели мен Х. Давсон жасады. Ол болжам бойынша, мембрана екі жағынан белокпен қапталған (“сендвич”) қосқабат липидтен тұрады.

Кейін 1935 жылы Дж. Робертсон ішкі және сыртқы мембраналардың құрлысы бірдей екендігін көрсетті. Қазіргі кезде биологиялық мембрананың С. Дж. Сингер және Г. Л. Никелсон 1972 жылы ұсынған сұйықтау - өрнекті сүлбісі кеңінен тараған.

Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды.

  • 1902 ж. неміс ғалымы Э. Овертон мембрананың құрамында май тектес заттар болады деген пікір айтты.
  • 1926 ж. америкалық биологтар Э. Гортер мен Ф. Грендел адам эритроцитінің қабықшасынан сол затты бөліп шығарды.
  • Ал 1935 ж. ағылшын ғалымдары Л. Даниелли мен Г. Даусон және америкалық биолог Дж. Робертсон биологиялық мембрананың құрылымдық моделін ұсынды. Кейін электрондық микроскоп және рентгендік анықтау әдістерін қолдану нәтижесінде жасушаның барлық бөліктеріндегі биологиялық мембрана табиғатының ұқсас болатыны анықталды.

2. Биологиялық мембрананың құрылысы

Кішкентай кек жане ак шариктар липидтердін гидрофильді бастарына сай келеді, ал оган косылан сызыктар -гидрофобты куйрыктары. Суретте кызыл глобула мен сары спираль турінде интегральді мембрана акуыздары корсетілген. Мембрана ішіндегі сары овальді нуктелер -холестерол молекулалары. Мембрана сыртындағы сары жасыл түсті моншакты тізбек - гликокаликс кұрайтын олигосахарид тізбегі.

Шеткейлік акуыздар суйык куйде болгандыктан калғып жүреді. Олар көбіне энзимдік (ферментативтік) кызмет аткарады. Мембрананын кабылдағыштары мен антитектері бірлестіруші және шеткейлік белоктардан

турады.

Биологиялық мембрана - аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады.

Мембраналық белоктардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана жасушаны қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы жасушаның морфологиялық тұтастығын сақтайды.

3. Биологиялық мембрананың қызметтері

Биологиялық мембрана мынандай қызметтер атқарады:
- Механикалық, бұл арқылы жасуша өзін қоршаған ортадан оқшауланады, оның дербес болуына және тиісті қызмет етуіне мүмкіндік береді;
- Тосқауылдық, бұл арқылы жасуша өзін қоршаған ортамен талғампаздық (селективті) түрде пассивті және активті зат тасымалдауға қол жеткізеді;
- Матрицалық, бұл арқылы биологиялық мембранада ақуыздар мен ферменттердің болуы қамтамасыз етіледі,
- Энергетикалық, бұл арқылы биолгиялық мембранада АТФ синтезделуі, биопотенциалдардың пайда болуына мүмкіндік алады.
- Рецепторлық, мұндай қызмет арқылы мембрана басқа жасушаларды, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерін сезуге, заттарды танып білуге мүмкіндік алады.

1) Бөгеттік (барьерлік) кызметі мынада: қоршаған орта мен жасу-шаның арасында таңдамалы (селективті), кезекпен, белсенді және ен-жар зат алмасу процестері жүреді. Тандамалы дейтін себебі биологиялық мембрана аркылы заттың бір тобы тасымалданса, баска топқа жататын заттар тасымалданбайды; кезекпен дейтін себебі тасымалда-натын заттар жасушанын. жүмысына сәйкес мембранадан кезектесіп ретімен өтеді; белсенді дейтін себебі заттар таралымы (концентрациясы) аз жерден таралымы көп жерге қарай тасымалданады; енжар дейтін себебі тасымалдану заттаралымы көп жерден таралымы аз жерге карай жүреді.

2) Матрицалық - мембранадағы акуыздардың орналасуын, олардың бағытын және өзара ұтымды әсерлесуін қамтамасыз етеді.

3) Механикалық - жасушалар және жасуша ішіндегі құрылымдар берік болып өзін-өзі басқарады.

4. Биологиялық мембрананың өткізгіштігі.

Жасушанын бүкіл тіршілік әрекеті мембрана өткізгіштігіне байланысты. 1902 жылы неміс ғалымы 3. Овертон мембрана өткізгіштігін зерттей отыра, мембранага липидтерде еритін заттар бәрінен де жақсы өтетінін байқаған. Өткізгіштік - жасушанын әртүрлі заттарды өз қабықшасы арқылы екі жағына бірдей өткізу қабілеті.

Тасымал - қоректік жане қуаттык заттардын жасушана келуін, қалдық өнімдер мен биологиялык нәрселердін одан арылуын, иондардын алмасуын камтамасыз етеді.

Жасуша мембранасы тандамалы өткізгіштік қабілетіне ие. Олар аркылы акырындап глюкоза, аминокышкылдар, май қышкылдары, глицерол жане иондар өтеді. Негізгі сыртқа тасымалдын 4 түрі бар: диффузия, осмос, белсенді тасымал, экзо- жане эндоцитоз. Ағашқы екеуі пассивті характерлі, энергия қажет етпейді; соны екеуі - белсенді үрдістер, энергия шығыны болады.

Пассивті транспорт кезінде тасымал арнайы канал -интегральды ақуыздар аркылы жүзеге асады. Олар мембрананы жарып, жол шығарады. K, Na мен CI элементтері үшін де арнайы канал бар. Градиентке байланысты бұл молекула концентрациялары жасуша ішіне жане одан қарай қозғалыс жасайды. ҚозҒан кезде натрий ион каналдары ашылып, ішіне натрий иондары кіреді. Осы жадайда потенциалдар да ауысады. Біраздан сон мембраналык потенциал калпына келеді. Ал калиий каналдары ашық, оған калиий иондары асықпай түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мембрананың құрылысы
Биологиялық мембрана туралы
Биологиялық мембраналардың қызметтері.Мембраналардың иондық каналдары туралы
Мембрана құрылысын зерттеу әдістері. Мембраналардың өтімділігінің механизмі
Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі
Жасуша мембранасының құрылысы
Биологиялық мембрана
Биологиялық мембраналар
Молекулярлық биология және медициналық генетика
Мембраналық транспорт: активті, пассивті, везикулярлық транспорт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz